Іс-әрекеттегі
зерттеу сабағының жоспары.
Информатика
пәні. 5- сынып.
Іс-әрекеттегі
зерттеу тақырыбым: «Оқушылардың құзыреттілігін, қызығушылығын
арттыруда ақпараттық технологияны қолдану
арқылы білім сапасын көтеру».
Зерттеу тақырыбының мақсаттары:
·
Білім беру
үрдісінде ақпараттық–коммуникациялық технологияларды және есептегіш техникалар
мен мультимедиалық құралдарды пайдаланып оқушылардың білім, икем-дағдыларын
қалыптастыру,
·
Байқау
қабілетін жетілдіру, оқуына талдау жасау,
·
Оқушының
ғылыми ізденісіне жол ашу, белгілі бір мақсатқа бағытталған жұмыс нысанын
анықтау.
Зерттеудің міндеттері:
·
Оқушының
қазіргі қоғамның сұранысына сай өзінің өмірлік іс-әрекетінде компьютерлік
құралдарды қажетті деңгейде пайдалана алатындай жан-жақты дамыған оқушы
қалыптастыру;
·
Компьютерлік
сауаттылық мәселелерін шешу, яғни, оқушыларға информатика мен коммуникациялық
техниканың құралдарын пайдаланудағы білім-біліктерін, дағыдыларын қалыптастыру;
·
Ақыл-ой
қабілетті ұшталған «Мен» жүйесі қалыптасқан, өзін-өзі басқара, бағалай алатын,
ақпараттық – коммуникациялық технологияны жетік меңгерген жеке тұлға
қалыптастыру;
·
Бала бойындағы
бейімділікті көре, болжай білу, әрі қарай дамытуға, олардың ерекше
қабілеттерінің дәрежесін анықтап, олардың толық ашылуына жағдай жасау;
·
Ақпараттық
коммуникациялық технологиялар бойынша практикалық шараларды анықтап, жүзеге
асыру;
Қолданылған ресустар:
орта мерзімді жоспар, қысқа мерзімді жоспар, сабақ презентациялары, бағалау
парақтары, БББ түртіп алу стратегиясы, Бақылау нысандары, ОүБ және оқуды
бағалау, сауалнамалар, постерлер, фото, бейнежазалар.
«Бекітемін»
«Келісілді»
№ 44
орта мектеп Оқу
- ісі меңгерушісі жөніндегі
директоры: С.
Каюпов орынбасары:
Г.Тілеубаева
_____________________
______________________
Орта
мерзімді жоспарлау. 5 – сынып.
Тақырыбы:
Графикалық
ақпараттарды өңдеу. Paint графиктік редакторы.
Мақсаты: Графиктік
редактордың міндеттері, қызметтері мен мүмкіндіктерін меңгерту және редакторда
графикалық ақпараттарды салу мен өңдеу, редакциялау біліктері мен дағдыларын
қалыптастырып, тәжірибелік жұмыстарда еркін пайдалануын дамыту.
(2.12.2014
ж.– 23.12.2014 ж.)
№
|
Сабақ
тақырыбы
|
Оқып-үйренудің негізгі
мақсаттары
|
Оқытуда
қолданылатын әдіс-тәсілдер
|
Оқып-үйренудің
нәтижесі
|
Үйрену
мақсатындағы бағаны қоса бағалау
|
Бәрін
қоса есептегенде (дарынды балалар)
|
Негізгі
дереккөздер
|
11
|
Графикалық
ақпараттарды өңдеу.
Paint
графикалық редакторына кіріспе.
|
Paint графиктік
редакторын іске қосу жолдарын, редактордың міндеті, құрылымы және
мүмкіндіктерін меңгереді.
|
Топтық жұмыс, СТО, диалог, АКТ, «Бес жол
өлең» әдісі, ББҮ әдісі
|
- Редакторды
іске қосу жолдарын біледі;
- Редактордың
терезе элементтерінің атауын біледі;
- Жұмыс
аймағының өлшемін реттей алады;
- Меню
командаларымен жұмыс істей алады;
- Графиктік
файлдардың типтерін біледі;
- Редактордың
мүмкіндіктерін біледі;
|
Критерийлер бойынша
формативті бағалау, ОүБ, рефлексия
|
Деңгейлік тапсырмалар беру
«Ақпараттық техно-логиялар және олар-дың
даму эволюция-сы» тақырыбына реферат жазу және қайталауға сәйкестендіру
тапсырмаларын әзірлеу.
|
Оқулық,
электрондық оқулық 5-сынып, компьютер, интерактивті тақта, плакаттар, интернет
материалдары, постерлер, слайдтар, стикерлер,таратпа материалдар, кесте.
|
2
|
Редактор
командалары: сақтау, ашу және жабу. Редакторда сурет салу кезеңдері.
|
Суретті сақтау,
ашу және жабу әрекеттерін игереді.
Редакторда сурет
салу кезеңдерін, құралдардың қызметі мен оларды таңдап, пайдалана алады
|
Топтық жұмыс, СТО, диалог, АКТ, «Екі
жұлдыз, бір тілек» әдісі, ББҮ әдісі
|
- Редактор
командаларымен жұмыс істей алады;
- Редактордың
құрал-саймандар жиынтығы батырмаларының қызметін біледі;
- Сурет
салу кезеңдерін біледі;
- Негізгі
түс пен фонның түсін таңдай алады;
- Құралдарды
баптай алады;
- Кез-келген
геометриялық фигураларды сала алады;
- Бояу
(палитра) типтерін анықтай алады;
- Бояу
құю құралын пайдалана алады;
- Қылқалам
мен бүріккішпен сурет сала алады;
- Өшіргішпен
суреттерді редакциялай алады;
- Өшіргіш
пен қылқалам өлшемдерін анықтай алады;
-
|
Критерийлер бойынша формативті бағалау, топ
басшысының бағалауы, рефлексия
|
Арнайы әзірленген деңгейлік тапсырмалар
тарату
|
Оқулық, электронды
оқулық 5-сынып, компьютер, плакаттар, интернет материалдары, постерлер,
слайдтар, стикерлер,таратпа материалдар,бейнефильм, кесте.
|
3
|
Редакторда
сурет үзінділерімен жүргізілетін әрекеттер.
|
Редакторда
үзінділермен жүргізілетін әрекеттерді: көшіру және жылжыту, көбейту, жою,
бұру, аудару, созу, еңкейту дағдыларын меңгереді.
|
Топтық жұмыс, СТО, диалог, алгоритмдік
әдіс, АКТ, Жигсо әдісі, ББҮ әдісі
|
- Сурет
үзінділерін көшіре және жылжыта алады;
- Сурет
үзінділеріне бейнелеу және бұру командаларын пайдалана алады;
- Сурет
үзінділеріне созу және еңкейті командаларын пайдалана алады;
- Симметриялы
фигураларды құра алады;
- Суреттің
бейнелену масштабын өзгерте алады;
- Суретке
мәтін енгізе алады;
- Түс
палитрасын өзгерте алады;
- Әр түрлі
әдіспен сурет сала біледі;
|
Критерийлер бойынша формативті бағалау, бірін-бірі
бағалауы, рефлексия
|
Оқулықтағы сурет үзінділерімен жұмыс
алгоритмін пайдалану арқылы арнайы тапсырмалар ұсыну
|
Оқулық, электронды
оқулық 5-сынып, компьютер, плакаттар, интернет материалдары, постерлер, слайдтар,
стикерлер,таратпа материалдар,бейнефильм, кесте.
|
4
|
Редакторда
шығармашылық жұмыстар. Қортынды сынақ.
|
Редактордың
барлық мүмкіндіктерін тәжірибелік жұмыстарда еркін пайдалана алады. Және
орындаған жұмыстарын баспаға басуды ұйымдастыра алады.
|
Топтық және жеке жұмыс, СТО, диалог, сынақ
әдіс, АКТ, Жигсо әдісі, ББҮ әдісі
|
- Редактордың
барлық мүмкіндіктерін тәжірибеде еркін пайдалана алады;
- Сурет
салудың тиімді әдістерін біледі;
- Дайын
сурет үзінділерінен мозайка құрастыра алады;
- Сурет
салуда бейнежазбаны пайдалана алады;
- Баспаға
басуды ұйымдастыра алады;
|
Жеке жұмыстары бойынша бағалау және тарау
бойынша жиынтық бағалау, рефлексия
|
Арнайы әзірленген бейнежазба бойынша
редакторде сурет салуға тапсырма
|
Оқулық, электронды оқулық 5-сынып, компьютер,
плакаттар, интернет материалдары, постерлер, слайдтар, стикерлер,таратпа
материалдар,бейнефильм, кесте.
|
Бекітемін: Келісемін:
Мектеп директоры: С. Каюпов Оқу
ісінің меңгерушісі Г. Тілеубаева
Сыныбы: 5
|
Күні: 2.12.2014
Пәні: Информатика Пән
мұғалімі Қ. Абдразахова
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Графикалық
ақпараттарды өңдеу. Paint графикалық редакторына кіріспе.
|
Сілтеме
|
Оқулық
Информатика 5-сынып Е.А. Вьюшкова, Н.В.Параскун, Б.Қ.Әбенов.
«Арман-ПВ»баспасы, 2013 жыл
Информатикадан
электронды оқулық 5-сынып ,
|
Мақсаты:
|
-
Paint графиктік редакторын іске қосу жолдарын,
редактордың міндеті, құрылымы және мүмкіндіктерін меңгерту;
-
Ойлау, есте сақтау, қызығушылық
қабілеттерін дамытады, топта жұмыс істеу дағдыларын мен өзара және өзін
бағалауға дағдыландыру;
-
Еңбекке, өзін – өзі басқаруға,
ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, дәлдікке тәрбиелеу;
|
Күтілетін нәтиже:
|
- Редакторды
іске қосу жолдарын біледі;
- Редактордың
терезе элементтерінің атауын біледі;
- Жұмыс
аймағының өлшемін реттей алады;
- Меню
командаларымен жұмыс істей алады (құралдар тақтасы мен палитраны өшіріп
қосуды);
- Графиктік
файлдардың типтерін біледі;
-
Редактордың мүмкіндіктерін біледі;
-
Критерий бойынша бағалауды біледі;
|
Сабақтың түрі:
|
Аралас сабақ
|
Негізгі дереккөздер:
|
Оқулық, интерактивті тақта,
компьютер, плакат, кесте, постерлер, электронды оқулық, интернет
материалдары, таратпа материалдар, көңіл күй дидары, топ ережесі, бағалау
дискрипторлары мен бағалау парағы
|
Әдіс –тәсілдер:
|
Диалог, топтық жұмыс, сын
тұрғысынан ойлау, Жигсо, сәйкестендіру, ББҮ тұртіп алу стратегиясы, талдау,
қорыту, формативті бағалау
|
Сабақтың
барысы:
|
І. Ұйымдастыру (1 мин)
|
- Оқушылармен
сәлемдесу;
- Оқушылардың сабаққа
қатысын тексеру;
- Жағымды психологиялық
ахуал туғызу; (тілек сөздер жазылған кәмпиттер тарату)
- Оқушыларды топқа бөлу
(кәмпит түрі бойынша), топ ережесін құру;
|
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
(3 мин)
(Диалог әдісі,
дарынды оқушылармен жұмыс, сәйкестендіру)
|
-
Әр топ екі сұрақтан бір-бірлеріне сұрақ
қояды;
-
Рефераттары бойынша сұрақтар қою.
-
Сәйкестендіру кестесін толтыру (дарынды
оқушылар әзірлеген тапсырмалар);
|
ІІІ. Ой қозғау. (1 мин) (СТО
стратегиясы, АКТ)
|
-
Оқушылардың көңілін жаңа сабаққа аудару
үшін сыни сұрақ қою: Компьютерде ақпарат қандай түрлерін ұсынуға болады?
(слайд арқылы көрсету)
-
Осы сыни сұраққа жауап ала отырып, жаңа
тақырыппен байланыстыру;
|
Кезеңдер.
Берілетін уақыт (40 мин)
|
Мұғалім әрекеті
|
Оқушы әрекеті
|
«Білу» теориясы. (10 мин)
|
-
Мұғалім жаңа сабақтың тақырыбын айтады.
-
Редакторды іске қосып, оны интерактивті
тақтада көрсетеді де топтарға тапсырмалар береді.
-
1-топқа: «Редактордың мүмкіндігі мен
іске қосу жолдары»,
-
2-топқа: «Редактордың құрылымы мен
міндеті» туралы оқулық пен интернет материалдарын пайдана отырып білу ұсынылады.
-
«ББҮ» түртіп алу стратегиясын қолдану
|
-
Оқушылар бүгінгі күнді және тақырыпты
дәптерлеріне жазып қояды.
-
Оқушылар берілген тапсырма бойыншатопта
Жигсо әдісі бойынша жұмыс жасайды.
-
Білген түсініктерін қорыта отырып,
біреуі оқып береді.
-
Оқушылар дәптерлерінде ББҮ бойынша
кестенің «Білдім» деген бағанын толтырады
|
«Түсіну» теориясы. (4 мин)
|
Қызығушылықты
ояту
-
Осы тақырыпты біліуіміз үшін нені
меңгеруіміз керек екен?
-
Қазір барлығымыз «Білгім келеді» бағанын
толтырайық.
|
-
Оқушылар дәптерлеріндегі кестенің
«Білгім келеді» бағанын толтырып, өз ойларын айтады.
|
«Қолдану» практикасы. (8мин)
(Қарапайым тапсырмалар)
|
Мағынаны тану
-
Енді оқулықты ашып, тақырыпты оқиық.
-
Оқулық және эл.оқулықпен жұмыс.
-
|
-
Оқушылар Жигсо әдісімен тақырыпты
жекелеп оқып, түсінгендері бойынша постер жасап, баяндамашы қорғайды.
-
|
«Талдау» теориясы. (5 мин)
(Салыстыр, айырмашылығы неде? Ұқсастығы
неде? Тақырыптың басты идеясы не?)
|
-
Интерактивті тақтада редактордың терезе
элементтерін, меню командаларын, мүмкіндіктерін көрсете білуін ұйымдастыру.
|
-
әр топтан бір оқушы интерактивті
тақтада түсінгендерін тізбектей көрсете отырып, бұрынғы білетін терезелермен
ұқсастығы, айырмашылығы жайлы баяндайды.
|
Сергіту сәті. (1мин)
|
Аннимация
арқылы жасалған қимылдарыды қайталау музыкамен..
|
«Жинақтау» теориясы (4мин)
(қорытынды шығару, анықтама беру,
мазмұнды жүйелі кесте т.б түрінде)
|
-
Бүгінгі сабақтан алған білімдерін
жинақтап, ой елегінен өткізуді ұсынады. «Бес жол өлең» стратегиясы бойынша.
|
-
Әр топ өз ойларын жинақтап, қысқа да
түсінікті қорытынды анықтама береді. «Бес жол өлең» стратегиясы бойынша.
|
«Бағалау» практикасы. (2мин)
Критерийлер
бойынша формативті бағалау
|
Мына
дискрипторлар арқылы бағалау ұсынады.
- Редакторды
іске қосу жолдарын білемін – 1 балл;
- Редактордың
терезе элементтерінің атауын білемін – 1 балл;
- Жұмыс
аймағының өлшемін реттей аламын – 1 балл;
- Меню
командаларымен жұмыс істей аламын – 1 балл;
-
Редактордың мүмкіндіктерін білемін – 1
балл;
-
Жиыны 5 балл.
Топ басшыларының
топ оқушыларын бағалау парағы негізінде оқушыларды бағалау
|
Топ басшысы дискрипторлар бойынша
баллдарын есептеп, оны
«5 баллдық» жүйеге ауыстырып топ
мүшелерін бағалайды.
1-2 балл – «2»
3 балл – «3»
4 балл – «4»
5 балл – «5»
|
Рефлексия (1мин)
|
Оқушыларға
кері байланыс жасау үшін түрлі-түсті стикерлер таратады.
|
Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша өз
ойларын көңіл күй дидарына іледі.
|
Үйге тапсырма.
|
§14:
Paint графикалық редакторы.
Сурет
салу, сақтау және ашу. 117-126 беттер оқуға.
|
Дарынды оқушыларға: «Графикалық
редакторлар» тақырыбына реферат және қайталауға тапсырмалар құрастырып келу.
|
|
|
|
|
Бекітемін: Келісемін:
Мектеп директоры: С.Каюпов
Оқу
ісінің меңгерушісі Г. Тілеубаева
Сыныбы: 5
|
Күні: 9.12.2014
Пәні: Информатика Пән
мұғалімі: Қ.Абдразахова
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Редактор
командалары: сақтау, ашу және жабу. Редакторда сурет салу кезеңдері.
|
Сілтеме
|
Оқулық
«Информатика – 5 сынып» Е.А. Вьюшкова, Н.В.Параскун, Б.Қ.Әбенов.
«Арман-ПВ»баспасы, 2013 жыл
Информатикадан
электронды оқулық 5-сынып ,
|
Мақсаты:
|
-
Суретті сақтау, ашу және жабу
әрекеттерін игереді.
-
Редакторда сурет салу кезеңдерін,
құралдардың қызметі мен оларды таңдап, пайдалана алады;
-
Оқушының ой-өрісін, өзіндік іс-әрекетіне
жауап беру дағдысын қалыптастыру. Өздігінен қорытынды шығаруға машықтандыру,
пәнге деген қызығушылығын және белсенділігін арттыру.
-
Сенімділікке, ұқыптылыққа, шапшаңдылыққа,
ұйымшылдыққа, дәлдікке тәрбиелеу;
|
Күтілетін нәтиже:
|
- Редактор
командаларымен жұмыс істей алады;
- Редактордың
құрал-саймандар жиынтығы батырмаларының қызметін біледі;
- Сурет
салу кезеңдерін біледі;
- Негізгі
түс пен фонның түсін таңдай алады;
- Құралдарды
баптай алады;
- Кез-келген
геометриялық фигураларды сала алады;
- Бояу
(палитра) типтерін анықтай алады;
- Бояу
құю құралын пайдалана алады;
- Қылқалам
мен бүріккішпен сурет сала алады;
- Өшіргішпен
суреттерді редакциялай алады;
- Өшіргіш
пен қылқалам өлшемдерін анықтай алады;
|
Сабақтың түрі:
|
Аралас сабақ
|
Негізгі дереккөздер:
|
Оқулық, интерактивті тақта,
компьютер, плакат, кесте, постерлер, электронды оқулық, интернет
материалдары, таратпа материалдар, Үміт ағашы
|
Әдіс –тәсілдер:
|
Диалог, топтық жұмыс, сын
тұрғысынан ойлау, Ойын, Жигсо, сәйкестендіру, ББҮ тұртіп алу стратегиясы,
талдау, қорыту, бағалау
|
Сабақтың
барысы:
|
І. Ұйымдастыру (1 мин)
|
- Оқушылармен
сәлемдесу;
- Оқушылардың сабаққа
қатысын тексеру;
- Жағымды психологиялық
ахуал туғызу; («Шаттық шеңбері» ойыны)
- Оқушыларды топқа бөлу
(туған күндері бойынша);
- Топта рөлдерге
бөлу(лидер, хатшы, баяндамашы, таймспикер және бақылаушы);
|
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
(3 мин)
(Ойын әдісі,
дарынды оқушылармен жұмыс)
|
-
«Берілгенді толықтыр» ойыны (дарынды
оқушылар әзірлеген тапсырмалар интербелсенді тақтада);
-
Жазған рефераттары бойынша сұрақтар қою:
Графикалық
редактордың тағы қандай мүмкіндіктері бар екен?
Қандай
танымал графиктік редакторларды білдіңдер?
|
ІІІ. Ой қозғау. (1 мин) (СТО
стратегиясы)
|
-
-
Оқушылардың көңілін жаңа сабаққа аудару
үшін бүгінгі сабақта нені біледі және нені білгілері келетіні туралы сұрап,
сол қалауларын стикерлерге жазып «Үміт ағашына» жапсыру ұсынылады?
-
«ББҮ» түртіп алу стратегиясын қолдану
|
Кезеңдер.
Берілетін уақыт (40 мин)
|
Мұғалім әрекеті
|
Оқушы әрекеті
|
«Білу» теориясы. (10 мин)
|
-
Мұғалім жаңа сабақтың тақырыбын айтады.
-
Редакторды іске қосып, редактордың
командаларын және құралдар пайдалануды қысқаша интерактивті тақтада көрсетеді
де топтарға тапсырмалар береді.
-
1-топқа: «Редактордың командалары мен
құралдарды пайдалану жолдары»,
-
2-топқа: «Редакторда сурет салу
кезеңдері» туралы оқулық пен интернет материалдарын пайдана отырып білу
ұсынылады.
|
-
Оқушылар бүгінгі күнді және тақырыпты
дәптерлеріне жазып қояды.
-
Оқушылар берілген тапсырма бойыншатопта
Жигсо әдісі бойынша жұмыс жасайды.
-
Білген түсініктерін қорыта отырып,
постерге түсіріп, баяндайды.
|
«Түсіну» теориясы. (4 мин)
|
Қызығушылықты
ояту. (АКТ)
-
Оқушыларға сурет салуда жіберуге
болмайтын әрекеттерді көрсету?
-
Әрбір құралдардың көмегімен салынған
суреттерді салудың бейнежазбаларын көрсету.
|
-
Оқушылар дәптерлеріне бейнежазбадан
көрген әрекеттерін түсініп, өз ойларымен жазады.
|
«Қолдану» практикасы. (8мин)
(Қарапайым тапсырмалар)
|
Мағынаны тану
-
Енді әр топ мүшелері компьютерлерге
отырып, оларға таратпа материалдағы суреттерді редакторде салу ұсынылады.
-
Оқулық және эл.оқулықпен жұмыс.
|
-
Оқушылар бейнежазбадан көргендерін
пайдалана отырып, берілгенсуреттерді компьютерде орындайды.
-
Жұмыстарын қалай орындағанын, қандай
құралдарды қолданғанын баяндап береді.
|
«Талдау» теориясы. (5 мин)
(Салыстыр, айырмашылығы неде? Ұқсастығы
неде? Тақырыптың басты идеясы не?)
|
-
Интерактивті тақтада редактордың
командаларын көрсетіп, оны салыстыруды ұсынады..
-
Үлгерімі төмен оқушыларға (Редактор
құралдары батырмаларының суреттері бар) жабық сұрақтар береді.
|
-
әр топтан бір оқушы интерактивті
тақтада түсінгендерін тізбектей көрсете отырып, бұрынғы білетіндерімен
ұқсастығы, айырмашылығы жайлы баяндайды.
-
Жабық сұрақтарды топ басшысы тексереді.
|
Сергіту сәті. (1мин)
|
Көзге
жаттығу жасау музыкамен..
|
«Жинақтау» теориясы (5мин)
(қорытынды шығару, анықтама беру,
мазмұнды жүйелі кесте т.б түрінде)
|
-
Бүгінгі сабақтан алған білімдерін
жинақтап, ой елегінен өткізуді ұсынады.
|
-
Әр топ өз ойларын жинақтап, постер
жасап, оны қорғайды.
|
«Бағалау» практикасы. (1мин)
Критерийлер
бойынша формативті бағалау
|
Мына
дискрипторлар арқылы бағалау ұсынады.
- Редактор
командаларымен жұмыс істей аламын - 1 балл;
- Редактордың
құрал-саймандар жиынтығы батырмаларының қызметін білемін – 1 балл ;
- Сурет
салу кезеңдерін білемін - 1 балл;
- Негізгі
түс пен фонның түсін таңдай аламын - 1 балл;
- Құралдарды
баптай аламын - 1 балл;
- Кез-келген
геометриялық фигураларды сала аламын - 1 балл;
- Бояу
(палитра) типтерін анықтай аламын - 1 балл;
- Бояу
құю құралын пайдалана аламын – 1 балл;
- Қылқалам
мен бүріккішпен сурет сала аламын - 1 балл;
- Өшіргішпен
суреттерді редакциялай аламын - 1 балл;
- Өшіргіш
пен қылқалам өлшемдерін анықтай аламын - 1 балл;
-
Жиыны 11 балл.
Топ басшыларының
топ оқушыларын бағалау парағы негізінде оқушыларды бағалау
|
Топ басшысы дискрипторлар бойынша
баллдарын есептеп, оны
«5 баллдық» жүйеге ауыстырып топ
мүшелерін бағалайды.
1-4 балл – «2»
5-6 балл –
«3»
7-8 балл – «4»
9-11 балл –
«5»
|
Рефлексия (1мин)
|
Оқушыларға
кері байланыс жасау үшін түрлі-түсті стикерлер таратады.
|
Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша алған
білімдері мен өз әсерлерін «Үміт ағашына» іледі.
|
Үйге тапсырма.
|
§
15 Paint графикалық редакторы командалары және сурет салу кезеңдері. 126-132 беттер
оқуға. Құралдар суреті мен қызметтерін және суретті сақтауғ ашу, жабу
командаларын орындау алгоритмін жазып келу.
|
Дарынды оқушыларға: «Графикалық редактор
мүмкіндіктерін пайдалана отырып симметриялы суреттер салып келу».
|
|
|
|
|
Келісемін:
Оқу
ісінің меңгерушісі Г. Тілеубаева
Сыныбы: 5
|
Күні: 16.12.2014
Пәні: Информатика Пән
мұғалімі: Қ.Абдразахова
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Редакторда
сурет үзінділерімен жүргізілетін әрекеттер
|
Сілтеме
|
Оқулық
«Информатика – 5 сынып» Е.А. Вьюшкова, Н.В.Параскун, Б.Қ.Әбенов.
«Арман-ПВ»баспасы, 2013 жыл
Информатикадан
электронды оқулық 5-сынып
|
Мақсаты:
|
-
Редакторда үзінділермен жүргізілетін
әрекеттерді: көшіру және жылжыту, көбейту, жою, бұру, аудару, созу, еңкейту
дағдыларын меңгерту.
-
Бұрынғы білімдерін пайдалана отырып,
жаңа білімдерін дамыту. Сабақ барысында бір-бірімен достық қарым-қатынасқа
үйрету, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
-
Алған білімдерін өмірде қолдана білуге,
сенімділікке, ұқыптылыққа, шапшаңдылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;
|
Күтілетін нәтиже:
|
- Сурет
үзінділерін көшіре және жылжыта алады;
- Сурет
үзінділеріне бейнелеу және бұру командаларын пайдалана алады;
- Сурет
үзінділеріне созу және еңкейті командаларын пайдалана алады;
- Симметриялы
фигураларды құра алады;
- Суретке
мәтін енгізе алады;
- Суреттің
бейнелену масштабын өзгерте алады;
- Түс
палитрасын өзгерте алады;
- Әр
түрлі әдіспен сурет сала біледі;
|
Сабақтың түрі:
|
Аралас сабақ
|
Негізгі дереккөздер:
|
Оқулық, интерактивті тақта, компьютер,
плакат, кесте, постерлер, электронды оқулық, интернет материалдары, таратпа
материалдар, Үміт ағашы, жұмыс үстеліндегі арнайы қапшықтар
|
Әдіс –тәсілдер:
|
Диалог, топтық жұмыс, сын
тұрғысынан ойлау, Ойын, Жигсо, алгоритмдік, сәйкестендіру, Ішінара іздену,
зерттеушілік әдістері, ББҮ тұртіп алу стратегиясы, талдау, қорыту, бағалау
|
Сабақтың
барысы:
|
І. Ұйымдастыру (1 мин)
|
- Оқушылармен
сәлемдесу;
- Оқушылардың сабаққа
қатысын тексеру;
- Жағымды психологиялық
ахуал туғызу; («Сағат тілі бойынша серіктес» ойыны)
- Оқушыларды топқа бөлу
(сурет қиындыларын құрастыру бойынша);
- Топта рөлдерге бөлу;
|
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
(3 мин)
(АКТ,
сұрақ-жауап әдісі, дарынды оқушылармен жұмыс)
|
-
Слайдтар арқылы редактор құралдарының
суреттерін көрсете отырып оқушылардан жауап алу.
-
Редактор командаларын көрсету арқылы оны
орындау алгоритмін сұрау.
-
Дарынды оқушыларға салған суреттері
бойынша сұрақтар қою;
Симметриялы
суреттерді салудың ерекшеліктері бар ма?
|
ІІІ. Ой қозғау. (1 мин) (СТО стратегиясы)
|
-
Оқушылардың көңілін жаңа сабаққа аудару
үшін дарынды оқушылардың үйден салып келген симметриялы суреттерін экран
арқылы көрсетіп, оны салуда қандай әдістерді пайдаланған тиімді болар еді?
деп ой қозғату.
-
Біз редактордың қандай құралдарын пайдаланған
жоқпыз? «ББҮ» түртіп алу стратегиясын қолдану
|
Кезеңдер.
Берілетін уақыт (40 мин)
|
Мұғалім әрекеті
|
Оқушы әрекеті
|
«Білу» теориясы. (10 мин)
|
-
Мұғалім жаңа сабақтың тақырыбын айтады.
-
Дарынды оқушылар редакторды бейнежазба
арқылы редактордың құралдар тақтасындағы белгілеу батырмалары мен мәтін
енгізу батырмасын қолдануды көрсетуді ұсынады.
-
1-топқа: «Сурет үзіндісін жылжыту,
көшіру. Үзіндіні көбейту және өшіру. Бейнелеу және бұру»,
-
2-топқа: «Сурет үзінділерін еңкейту және
созу, Қарап шығу, Түсқағаз ретінде пайдалану мен түстер палитрасын өзгерту»
туралы оқулық, эл.оқулық пен интернет материалдарын пайдана отырып білу
ұсынылады.
|
-
Оқушылар бүгінгі күнді және тақырыпты
дәптерлеріне жазып қояды.
-
Оқушылар берілген тапсырма бойынша топта
Жигсо әдісі пайдаланып тақырыпшаларды бөліп алып оқып, сосын топта
талқылайды.
-
Білген түсініктерін қорыта отырып, әр
топтың баяндамашысы интерактивті тақтада көрсете отырып баяндайды.
|
«Түсіну» теориясы. (4 мин)
|
Қызығушылықты
ояту. (АКТ)
-
Оқушыларға бірнеше симметриялы суретті
салудың бейнежазбасын интерактивті тақтадан көрсете отырып, белгілеу
батырмасын қолданудың тиімділігін түсіндіру.
-
Мәтін енгізу құралының көмегімен
суреттерге мәтін енгізу жазбаларын көрсету.
|
-
Оқушылар бейнежазбаны көре отырып,
түсініктері қалыптасып, өз ойларын қағазға түсіріп айтады.
|
«Қолдану» практикасы. (8мин)
(Қарапайым тапсырмалар)
|
Мағынаны тану
-
Енді әр топқа компьютерлерге отырып,
оларға таратпа материалдағы суреттерді редакторде салу және суретке мәтін
енгізу және сақтау ұсынылады.
-
Оқулық және эл.оқулықпен жұмыс.
|
-
Оқушылар бейнежазбадан көргендерін
пайдалана отырып, берілген суреттерді компьютерде салады да сақтайды.
-
Жұмыстарын қалай орындағанын, қандай
құралдарды қолданғанын баяндап береді.
|
«Талдау» теориясы. (5 мин)
(Салыстыр, айырмашылығы неде? Ұқсастығы
неде? Тақырыптың басты идеясы не?)
|
-
Интерактивті тақтадан редактордың сурет
үзінділерін белгілеудің екі батырмасының суреті көрсетіледі. Оқушыларға Венн
диаграммасы бойынша олардың айырмашылықтары мен ұқсастықтарын ажырату
ұсынылады.
-
Үлгерімі төмен оқушыларға (арнайы
бөлектеніп әзірленген жарты суреттерден толық сурет (симметрия) құрау)
ұсынылады.
|
-
әр топ берілген тапсырманы топпен
орындап, баяндап береді.
-
Суреттерді құрауды топ басшысы
тексереді.
|
Сергіту сәті. (1мин)
|
Көзге
жаттығу жасау музыкамен..
|
«Жинақтау» теориясы (5мин)
(қорытынды шығару, анықтама беру,
мазмұнды жүйелі кесте т.б түрінде)
|
-
Бүгінгі сабақтан алған білімдері мен
алдында алған білімдерін жинақтап, ой елегінен өткізуді ұсынады.
|
-
Әр топ өз ойларын жинақтап, өз ойларын
постерге сурет арқылы түсіріп, оны қорғайды.
|
«Бағалау» практикасы. (1мин)
Критерийлер
бойынша формативті бағалау
|
Мына
дискрипторлар арқылы бағалау ұсынады.
- Сурет
үзінділерін көшіре және жылжыта алады – 1 балл;
- Сурет
үзінділеріне бейнелеу және бұру командаларын пайдалана алады – 1 балл;
- Сурет
үзінділеріне созу және еңкейті командаларын пайдалана алады – 1 балл;
- Симметриялы
фигураларды құра алады – 1 балл;
- Суреттің
бейнелену масштабын өзгерте алады – 1 балл;
- Суретке
мәтін енгізе алады – 1 балл;
- Түс
палитрасын өзгерте алады – 1 балл;
- Әр
түрлі әдіспен сурет сала біледі – 1 балл;
-
Жиыны 8 балл.
Топ басшыларының
топ оқушыларын бағалау парағы негізінде оқушыларды бағалау
|
Топ басшысы дискрипторлар бойынша
баллдарын есептеп, оны
«5 баллдық» жүйеге ауыстырып топ
мүшелерін бағалайды.
1-2 балл –
«2»
3-4 балл –
«3»
5-6 балл –
«4»
7-8 балл –
«5»
|
Рефлексия (1мин)
|
Оқушыларға
кері байланыс жасау үшін түрлі-түсті стикерлер таратады.
|
Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша алған
білімдері мен өз әсерлерін «Үміт ағашына» іледі.
|
Үйге тапсырма.
|
§16.
Үзінділермен жүргізілетін әрекеттер.
§
17. Масштаб. Суреттің трансформациясы.132-147 беттер оқуға. Тестке дайындалу.
|
Дарынды оқушыларға: Редакторда сурет
салудың тиімді әдістері мен мүмкіндіктерін пайдалана отырып сурет салу
кезеңдерін Camtasia бағдарламасының көмегімен бейнежазбаға түсіріп келу.
|
|
|
|
|
Келісемін:
Оқу ісінің
меңгерушісі Г. Тілеубаев
Сыныбы: 5
|
Күні: 23.12.2014
Пәні: Информатика Пән
мұғалімі: Қ.Абдразахова
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Суретті
басуға даындау. Суретті басу.
|
Сілтеме
|
Оқулық
«Информатика – 5 сынып» Е.А. Вьюшкова, Н.В.Параскун, Б.Қ.Әбенов.
«Арман-ПВ»баспасы, 2013 жыл
Информатикадан
электронды оқулық 5-сынып
|
Мақсаты:
|
-
Редактордың барлық мүмкіндіктерін тәжірибелік
жұмыстарда еркін пайдалану. Және орындаған жұмыстарын баспаға басуды
ұйымдастыру.
-
Оқушылардың логикалық ойлау
қабілеттерін, тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру,
шығармашылыққа баулу, білім, білік дағдыларын дамыта отырып, интелектуалдығын
қалыптастырып дамыту. Графикалық бейнелеу жұмыстарын орындау арқылы бейнелік
ойлау қабілетін дамыту
-
Алған білім, білік, дағдыларын өмірде және
басқа пәндерде қолдана білуге, еңбекке, ұлттық салт-дәстүрге, Отанын сүюге, ұқыптылыққа,
ұйымшылдыққа тәрбиелеу;
|
Күтілетін нәтиже:
|
- Редактордың
барлық мүмкіндіктерін тәжірибеде еркін пайдалана алады;
- Сурет
салудың тиімді әдістерін біледі;
- Дайын
сурет үзінділерінен мозайка құрастыра алады;
- Сурет
салуда бейнежазбаны пайдалана алады;
- Баспаға
басуды ұйымдастыра алады;
|
Сабақтың түрі:
|
Шығармашылық сабақ
|
Негізгі дереккөздер:
|
Оқулық, интерактивті тақта,
компьютер, плакат, кесте, постерлер, электронды оқулық, интернет
материалдары, таратпа материалдар, Үміт ағашы
|
Әдіс –тәсілдер:
|
Диалог, топтық жұмыс, сын
тұрғысынан ойлау, Ойын, Жигсо, сәйкестендіру, ББҮ тұртіп алу стратегиясы,
талдау, қорыту, формативті және жиынтық бағалау
|
Сабақтың
барысы:
|
І. Ұйымдастыру (1 мин)
|
- Оқушылармен сәлемдесу;
- Оқушылардың сабаққа
қатысын тексеру;
- Жағымды психологиялық
ахуал туғызу; («Молекулалар» ойыны)
- Оқушыларды топқа бөлу
(жақсы тілектер жазылған конфеттерді таратып, олардың түрлері бойынша);
- Топтарға ат қою.
«Графика» және «Paint» тобы.
|
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
(3 мин)
(АКТ,
сұрақ-жауап әдісі, дарынды оқушылармен жұмыс)
|
-
Өткен тақырыптар бойынша тест сұрақтарын
беру. (АКТ)
-
Тест кілті бойынша өзін-өзі бағалау.
|
ІІІ. Ой қозғау. (1 мин) (СТО
стратегиясы)
|
-
Оқушылардың көңілін жаңа сабаққа аудару
үшін дарынды оқушылардың үйден орындап келген бейнежазбаларын экран арқылы
көрсетіп, осындай суреттер салғыларың келе ме?
Paint-та
сурет салу үшін суретші болу міндетті ме? деп ой қозғату.
-
Оқушылар өз ойларын стикерлерге жазып,
үміт ағашына жапсырады.
|
Кезеңдер.
Берілетін уақыт (40 мин)
|
Мұғалім әрекеті
|
Оқушы әрекеті
|
«Білу» теориясы. (10 мин)
|
-
Мұғалім шығармашылық тапсырмалар бермес
бұрын, дайын суретті баспаға басу әрекетін интерактивті тақтадан көрсетеді.
|
-
Оқушылар бүгінгі күнді және баспаға басу
әрекетін дәптерлеріне жазып қояды.
|
«Түсіну» теориясы. (4 мин)
«Қолдану» практикасы. (8мин)
(Қарапайым тапсырмалар)
|
Қызығушылықты
ояту. (АКТ)
-
Оқушыларға интерактивті тақтадан әр
топқа бейнежазбалар таңдау ұсынылады.
-
Таңдаған жазбаларын мұғалім олардың
компьютерлеріне қосып береді.
-
Дарынды оқушыларға өз білімдерін топпен
бөлісуі ұсынылады.
-
Үлгерімі төмен оқушыларға (арнайы
бөлектеніп әзірленген сурет бөліктерінен толық сурет (мозайка) құрау)
ұсынылады.
|
-
Оқушылар бейнежазбаны тақтадан және
компьютерде көре отырып, топ басшысының көмегімен сол суреттерді компьютерде
салып шығады.
-
Әр топ дайын суреттерін принтерге басып
шығарады.
-
Жұмыстарын қалай орындағанын, қандай
құралдарды қолданғанын баяндап береді.
|
Сергіту сәті. (1мин)
|
«Қара
жорға» биі қимылдары.
|
«Талдау» «Жинақтау» теориясы (5мин)
(қорытынды шығару, анықтама беру,
мазмұнды жүйелі кесте т.б түрінде)
|
-
Бүгінгі шығармашылық сабақта атқарған
жұмыстары бойынша «Оқушылар шығармашылығы» атты газет шығаруды ұсынады.
-
«Газет деген қандай болады?» сұраққа сыни
ойлануды ұсынады.
|
-
Әр топ өздері орындаған суреттерін
жинақтап, оларды постерге жапсырып, әсемдеп газет шығарады., оны критерий
бойынша мұғалім бағалайды.
|
«Бағалау» практикасы. (1мин)
Критерийлер
бойынша формативті бағалау және жиынтық бағалау
|
Мына
критерийлер арқылы топтардың газеттері бағаланады.
- Газеттің
көлемді болуы;
- Салған
суреттерінің әдемілігі;
- Суреттердің
авторларының берілуі;
- Әр түрлі
қағаздар мен маркерді тиімді қолдануы;
- Газетте
міндетті түрде № және шыққан күні, айы, жылы болуы;
- Мекен-жайдың
жазылуы;;
- Газет
атының ерекшеленіп берілуі;
Оқушыларға сабақ
басындағы тест бағалары мен топ газетінің бағалары (алдағы сабақтардағы
бағалары ескеріледі) біріктіріліп жиынтық бағалау, яғни тарау бойынша
қорытынды баға қойылады.
|
Топ басшысы топ мүшелерінің алдыңғы
сабақтар бойынша және бүгінгі тест сұрақтарының бағаларын мұғалімге айтып
отырады.
|
Рефлексия (1мин)
|
Оқушыларға
кері байланыс жасау үшін түрлі-түсті стикерлер мен кесте таратады.
|
Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша алған
білімдері мен өз әсерлерін стикерлер мен кестелерге жазып, газеттеріне
іледі.
|
Үйге тапсырма.
|
Жалпы
графиктік редактор тарауы бойынша қайталау.
|
|
|
|
|
|
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.