III. Жаңа сабақ
Жоспар:
1.Ноғай Ордасының құрылуы
2. Ноғай Ордасының саяси тарихы
3.Сібір хандығы
1.Алтын Орданың құлауы мен Ақ Орданың әлсіреуі
нәтижесінде Ноғай ордасы құрылды.Орданың атауы Алтын Орданың әскер қолбасшысы
болған Жошы ханның немересі Ноғай есімімен байланысты.Ноғай Ордасының
аумағы:Еділ мен Жайық өзендерінің аралығы. Астанасы Сарайшық қаласы.Ноғай
ордасының тәуелсіз болып оқшаулана бастауы Алтын Орданы басқарған Едігеден
басталды. Ноғай ордасының негізін қалаған Едіге болды.Едіге 15 жылдай Алтын
Ордада билік еткен. Тарихи деректерде Ноғай ордасы «маңғыт жұрты » деп
аталады.Себебі халқының көбі түркіленген маңғыт жұртынан құралған.15 ғ Ңоғай
Ордасы болып бекітілген.Едіге ақсүйектердің рөлін нығайтып,хандық билікті
әлсіретуге бағытталды.Ол Ноғай ордасында көптеген хандарды ауыстырған.Кейін
Ноғай Ордасы Алтын ордадан бөлшектеніп,дербес феодалдық мемлекетке айналды.Едіге
1398 жылы Орыс княздықтарымен одақтасып Алтын ордадағы билікке үстемдік үшін
Тоқтамыспен шайқаста қаза табады.
2.15 ғ орт Едігенің ұлы Нұраддиннің тұсында
Ноғай Ордасы күшейе түседі.15 ғ 2 жарт Ноғайлықтар өзбектердің аумағын басып
алады.Бірақ Әбілхайыр Ноғайлықтарға қарсылық көрсетпейді.Әбілхайыр оларды
бодандық қылуға үміттенеді.Ноғай ордасын басқарудың ұлыстық жүйесі
қалыптасты. Ол бірнеше ұлыстардан тұрды Оларды мырзалар басқарды.Олар
сот,әкімшілік,әскери шексіз билікке ие болды.Үлкен кеңес құрылды.Оған Едіге
ұрпақтары мен шенеуніктер енді.Үлкен кеңесті би басқарды Ол сот билігіне ие
болды.Олар билікке жакын туыстарынан шенеуніктерге сайлады.Халықтан салық
жинайтын басқару органдары құрылды.16 ғНоғай ордасы орыстармен сауда
экономикалық және саяси байланыстар күшейе түседі. Сібірмен,Орта Азиямен
Қазақстанмен экономикалық байланыс орнатады.16 ғ бас Ноғай Ордасы құлдыруа
басталды.50 ж Казан мен Астрахан Ресейге қосылып кетіп,құрамында тек Жайық
аймақтары ғана қалады.Ноғай ордасы бірнеше иеліктерге бөлініп кетеді.Кейбір
рулар қазақ хандығына өтіп кетеді. Ш.Уәлиханов: қазақтар мен ноғайлықтарды
«екі туысқан ордалар» деп атады.Ноғай ордасындағы
қоңырат,қаңлы,арғын,тама,қыпшақ сияқты рулар қазақ хандығына өтіп,қалғандары
Орыс княздықтары мен Кырым хандығына қарады.Маңғыт мемлекеті құлап халқы
Солтүстік Кавказ бен қазақ хандығының құрамына енеді. «Ноғай» этнонимі
Солтүстік кавказда ғана осы күнге дейін сақатлып келеді. Дағыстанда Ноғай
районы бар,ал қазақ жеріне енгендер қазақтар деп аталып кеткен.
3.Сібір хандығының этникалық құрамы түркі
тілдес тайпалар.Сібір хандығы Шайбани әулетінің үлесінде болды.Астанасы
қазіргі Тюмен қаласы.Әбілхайыр хандығы құлағаннан кейін Сібір хандығы
құрылды.Негізін қалаушы Тайбұға. Хандықтың билеушісі III Иван
Керей мен Жәнібекпен достық және сауда қатынастарын орнату жөнінде келісім
жасайды.1581 ж Ермак бастаған орыс казактары Астанасы Ісмер қаласын басып
алады.1598 ж орыстар Сібір хандығын Мәскеуге қосып алады.16 ғ соң Шайбани
үрпақтарының тарихы аяқталады.
Топтық жұмыс
І тапсырма.Ашық түрдегі тест тапсырмалары.15-минут.
Ноғай Ордасының негізгі Еділ мен Жайық
арасындағы далада орналасты,орталығы Сарайшық қаласы болды.
Сарайшық қаласының негізін 13 ғас 2 жарт
Жошы ұрпақтары қалады,Ноғай Ордасының астанасына айналып, әкімшілік және
сауда орталығы ретінде өзінің гүлдену деңгейіне жетті,алайда 16 ғ
соңында Дон және Еділ казактары қаланы басып алып,мүлдем жойып жіберді.
Ноғай Ордасындағы биліктің жоғарғы органы Үлкен
кеңес болды.
16 ғ 50 ж Қазан және Астрахан хандықтары
Ресейге қосылғаннан кейін Ноғай Ордасы бірнеше дербес иеліктерге бөлінді.
1598 жылы тамызда орыстар Шайбани ұрпағы
Көшімге шешуші соққы беріп,Ноғай хандығын Мәскеу мемлекетінің
құрамына қосып алды.
Маңғыт мемлекеті құлағаннан кейін «ноғай» этнонимі
Солтүстік Қавказда тұратын ноғайлар тобында сақталды,Қазақ хандығының
құрамына енгендері қазақтар деп атала бастады.
2 тапсырма. Бір немесе бірнеше дұрыс жауаптары бар жабық тест жұмысы.
1. Алтын Орда құлап,Ақ Орданың әлсіреуі
барысында Қазақстанның солтүстік батысында құрылған мемлекет:
А.Ақ Орда
В.Ноғай Ордасы
С.Көшпелі өзбектер
Д.Моғолстан
Е.Темір
2. Ноғай Ордасы Алтын Ордадан
бөлектеніп,тәуелсіз феодалдық иелікке айналған кездегі басқарған билеушісі
А.Поладшы
В.Батый
С.Ноғай
Д.Едіге
Е.Темір
3.Едіге әскерінде қыпшақ жасақтарынан басқа
орыс княздерінен жасақтары одақтасып, қарсы күрескен ел:
А.Литва
В.Польша
С.Алтын Орда
Д.Венгрия
Е.Хазар елі
4.Ноғай Ордасындағы көшпелі ақсүйектердің рөлін
нығайтып,хандық билікті әлсіретуге бағытталған саясатты жүргізген басшы
А.Ноғай
В.Батый
С.Едіге
Д.Поладшы
Е.Темір
5.15 ғ соң Ноғай ордасының астанасы Сарайшықты
басып алып
Жойып жіберді
А.Алтын орда хандары
В.Жоңғарлар
С.Әмір Темір
Д.Әбілхайыр хан
Е.Дон және Еділ казактары
Оқулықпен,
дәптермен жұмыс, сөйлемді толықтыру, тақырып мәнін ашу.
|
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.