Іс-әрекеттегі
зерттеу сабағының жоспары.
Информатика
пәні. 5- сынып.
Іс-әрекеттегі
зерттеу тақырыбым: «Оқушылардың құзыреттілігін, қызығушылығын арттыруда
ақпараттық технологияны қолдану арқылы білім сапасын көтеру».
Зерттеу тақырыбының мақсаттары:
·
Білім беру
үрдісінде ақпараттық–коммуникациялық технологияларды және есептегіш техникалар
мен мультимедиалық құралдарды пайдаланып оқушылардың білім, икем-дағдыларын
қалыптастыру,
·
Байқау
қабілетін жетілдіру, оқуына талдау жасау,
·
Оқушының
ғылыми ізденісіне жол ашу, белгілі бір мақсатқа бағытталған жұмыс нысанын
анықтау.
Зерттеудің міндеттері:
·
Оқушының
қазіргі қоғамның сұранысына сай өзінің өмірлік іс-әрекетінде компьютерлік
құралдарды қажетті деңгейде пайдалана алатындай жан-жақты дамыған оқушы
қалыптастыру;
·
Компьютерлік
сауаттылық мәселелерін шешу, яғни, оқушыларға информатика мен коммуникациялық
техниканың құралдарын пайдаланудағы білім-біліктерін, дағыдыларын қалыптастыру;
·
Ақыл-ой
қабілетті ұшталған «Мен» жүйесі қалыптасқан, өзін-өзі басқара, бағалай алатын,
ақпараттық – коммуникациялық технологияны жетік меңгерген жеке тұлға
қалыптастыру;
·
Бала бойындағы
бейімділікті көре, болжай білу, әрі қарай дамытуға, олардың ерекше
қабілеттерінің дәрежесін анықтап, олардың толық ашылуына жағдай жасау;
·
Ақпараттық
коммуникациялық технологиялар бойынша практикалық шараларды анықтап, жүзеге
асыру;
Қолданылған ресустар:
орта мерзімді жоспар, қысқа мерзімді жоспар, сабақ презентациялары, бағалау
парақтары, БББ түртіп алу стратегиясы, Бақылау нысандары, ОүБ және оқуды
бағалау, сауалнамалар, постерлер, фото, бейнежазалар.
«Бекітемін»
«Келісілді»
№ 44 орта мектеп Оқу
- ісі меңгерушісі жөніндегі
директоры:
С. Каюпов орынбасары:
Г.Тілеубаева
_____________________
______________________
Орта
мерзімді жоспарлау. 5 – сынып.
Тақырыбы:
Графикалық
ақпараттарды өңдеу. Paint графиктік редакторы.
Мақсаты: Графиктік
редактордың міндеттері, қызметтері мен мүмкіндіктерін меңгерту және редакторда
графикалық ақпараттарды салу мен өңдеу, редакциялау біліктері мен дағдыларын
қалыптастырып, тәжірибелік жұмыстарда еркін пайдалануын дамыту.
№
|
Сабақ
тақырыбы
|
Оқып-үйренудің негізгі
мақсаттары
|
Оқытуда
қолданылатын әдіс-тәсілдер
|
Оқып-үйренудің
нәтижесі
|
Үйрену
мақсатындағы бағаны қоса бағалау
|
Бәрін
қоса есептегенде (дарынды балалар)
|
Негізгі
дереккөздер
|
11
|
Графикалық
ақпараттарды өңдеу.
Paint
графикалық редакторына кіріспе.
|
Paint графиктік
редакторын іске қосу жолдарын, редактордың міндеті, құрылымы және
мүмкіндіктерін меңгереді.
|
Топтық жұмыс, СТО, диалог, АКТ, «Бес жол
өлең» әдісі, ББҮ әдісі
|
- Редакторды
іске қосу жолдарын біледі;
- Редактордың
терезе элементтерінің атауын біледі;
- Жұмыс
аймағының өлшемін реттей алады;
- Меню
командаларымен жұмыс істей алады;
|
Критерийлер бойынша
формативті бағалау, ОүБ, рефлексия
|
Деңгейлік тапсырмалар беру
«Ақпараттық техно-логиялар және олар-дың
даму эволюция-сы» тақырыбына реферат жазу және қайталауға сәйкестендіру
тапсырмаларын әзірлеу.
|
Оқулық,
электрондық оқулық 5-сынып, компьютер, интерактивті тақта, плакаттар, кесте,
интернет материалдары, постерлер, слайд-тар, стикерлер, таратпа матер-дар,
|
2
|
Редактор
командалары: сақтау, ашу және жабу. Редакторда сурет салу кезеңдері.
|
Суретті сақтау,
ашу және жабу әрекеттерін игереді.
Редакторда сурет
салу кезеңдерін, құралдардың қызметі мен оларды таңдап, пайдалана алады
|
Топтық жұмыс, СТО, диалог, АКТ, «Екі
жұлдыз, бір тілек» әдісі, ББҮ әдісі
|
- Редактор
командаларымен жұмыс істей алады;
- Редактордың
құрал-саймандар жиынтығы батырмаларының қызметін біледі;
- Сурет
салу кезеңдерін біледі;
- Негізгі
түс пен фонның түсін таңдай алады;
- Құралдарды
баптай алады;
- Кез-келген
геометриялық фигураларды сала алады;
|
Критерийлер бойынша формативті бағалау, топ
басшысының бағалауы, рефлексия
|
Арнайы әзірленген деңгейлік тапсырмалар
тарату
|
Оқулық, электронды
оқулық 5-сынып, компьютер, плакаттар, интернет материалдары, постерлер,
слайдтар, стикерлер,таратпа материалдар,бейнефильм, кесте.
|
3
|
Редакторда
сурет үзінділерімен жүргізілетін әрекеттер.
|
Редакторда
үзінділермен жүргізілетін әрекеттерді: көшіру және жылжыту, көбейту, жою,
бұру, аудару, созу, еңкейту дағдыларын меңгереді.
|
Топтық жұмыс, СТО, диалог, алгоритмдік
әдіс, АКТ, Жигсо әдісі, ББҮ әдісі
|
- Сурет
үзінділерін көшіре және жылжыта алады;
- Сурет
үзінділеріне бейнелеу және бұру командаларын пайдалана алады;
- Әр
түрлі әдіспен сурет сала біледі;
|
Критерийлер бойынша формативті бағалау, бірін-бірі
бағалауы, рефлексия
|
Оқулықтағы сурет үзінділерімен жұмыс
алгоритмін пайдалану арқылы арнайы тапсырмалар ұсыну
|
Оқулық, электронды
оқулық 5-сынып, компьютер, плакаттар, интернет материалдары, постерлер,
слайдтар, стикерлер,таратпа материалдар,бейнефильм, кесте.
|
4
|
Редакторда
шығармашылық жұмыстар. Қортынды сынақ.
|
Редактордың
барлық мүмкіндіктерін тәжірибелік жұмыстарда еркін пайдалана алады. Және
орындаған жұмыстарын баспаға басуды ұйымдастыра алады.
|
Топтық және жеке жұмыс, СТО, диалог, сынақ
әдіс, АКТ, Жигсо әдісі, ББҮ әдісі
|
- Редактордың
барлық мүмкіндіктерін тәжірибеде еркін пайдалана алады;
- Сурет
салудың тиімді әдістерін біледі;
- Дайын
сурет үзінділерінен мозайка құрастыра алады;
- Сурет
салуда бейнежазбаны пайдалана алады;
- Баспаға
басуды ұйымдастыра алады;
|
Жеке жұмыстары бойынша бағалау және тарау
бойынша жиынтық бағалау, рефлексия
|
Арнайы әзірленген бейнежазба бойынша
редакторде сурет салуға тапсырма
|
Оқулық, электронды оқулық 5-сынып, компьютер,
плакаттар, интернет материалдары, постерлер, слайдтар, стикерлер,таратпа
материалдар,бейнефильм, кесте.
|
Сыныбы:
5
|
Пәні:
Информатика Пән
мұғалімі Қ. Абдразахова
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Графикалық
ақпараттарды өңдеу. Paint графикалық редакторына кіріспе.
|
Сілтеме
|
Оқулық
Информатика 5-сынып Е.А. Вьюшкова, Н.В.Параскун, Б.Қ.Әбенов.
«Арман-ПВ»баспасы, 2013 жыл
Информатикадан
электронды оқулық 5-сынып ,
|
Мақсаты:
|
-
Paint графиктік редакторын іске қосу
жолдарын, редактордың міндеті, құрылымы және мүмкіндіктерін меңгерту;
-
Ойлау, есте сақтау, қызығушылық
қабілеттерін дамытады, топта жұмыс істеу дағдыларын мен өзара және өзін
бағалауға дағдыландыру;
-
Еңбекке, өзін – өзі басқаруға,
ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, дәлдікке тәрбиелеу;
|
Күтілетін нәтиже:
|
- Редакторды
іске қосу жолдарын біледі;
- Редактордың
терезе элементтерінің атауын біледі;
- Жұмыс
аймағының өлшемін реттей алады;
- Меню
командаларымен жұмыс істей алады (құралдар тақтасы мен палитраны өшіріп
қосуды);
- Графиктік
файлдардың типтерін біледі;
-
Редактордың мүмкіндіктерін біледі;
-
Критерий бойынша бағалауды біледі;
|
Сабақтың түрі:
|
Аралас сабақ
|
Негізгі дереккөздер:
|
Оқулық, интерактивті тақта,
компьютер, плакат, кесте, постерлер, электронды оқулық, интернет
материалдары, таратпа материалдар, көңіл күй дидары, топ ережесі, бағалау
дискрипторлары мен бағалау парағы
|
Әдіс –тәсілдер:
|
Диалог, топтық жұмыс, сын
тұрғысынан ойлау, Жигсо, сәйкестендіру, ББҮ тұртіп алу стратегиясы, талдау,
қорыту, формативті бағалау
|
Сабақтың
барысы:
|
І. Ұйымдастыру (1 мин)
|
- Оқушылармен
сәлемдесу;
- Оқушылардың сабаққа
қатысын тексеру;
- Жағымды психологиялық
ахуал туғызу; (тілек сөздер жазылған кәмпиттер тарату)
- Оқушыларды топқа бөлу
(кәмпит түрі бойынша), топ ережесін құру;
|
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
(3 мин)
(Диалог әдісі,
дарынды оқушылармен жұмыс, сәйкестендіру)
|
-
Әр топ екі сұрақтан бір-бірлеріне сұрақ
қояды;
-
Рефераттары бойынша сұрақтар қою.
-
Сәйкестендіру кестесін толтыру (дарынды
оқушылар әзірлеген тапсырмалар);
|
ІІІ. Ой қозғау. (1 мин) (СТО
стратегиясы, АКТ)
|
-
Оқушылардың көңілін жаңа сабаққа аудару
үшін сыни сұрақ қою: Компьютерде ақпарат қандай түрлерін ұсынуға болады?
(слайд арқылы көрсету)
-
Осы сыни сұраққа жауап ала отырып, жаңа
тақырыппен байланыстыру;
|
Кезеңдер.
Берілетін уақыт (40 мин)
|
Мұғалім әрекеті
|
Оқушы әрекеті
|
«Білу» теориясы. (10 мин)
|
-
Мұғалім жаңа сабақтың тақырыбын айтады.
-
Редакторды іске қосып, оны интерактивті
тақтада көрсетеді де топтарға тапсырмалар береді.
-
1-топқа: «Редактордың мүмкіндігі мен
іске қосу жолдары»,
-
2-топқа: «Редактордың құрылымы мен
міндеті» туралы оқулық пен интернет материалдарын пайдана отырып білу
ұсынылады.
-
«ББҮ» түртіп алу стратегиясын қолдану
|
-
Оқушылар бүгінгі күнді және тақырыпты
дәптерлеріне жазып қояды.
-
Оқушылар берілген тапсырма бойыншатопта
Жигсо әдісі бойынша жұмыс жасайды.
-
Білген түсініктерін қорыта отырып,
біреуі оқып береді.
-
Оқушылар дәптерлерінде ББҮ бойынша
кестенің «Білдім» деген бағанын толтырады
|
«Түсіну» теориясы. (4 мин)
|
Қызығушылықты
ояту
-
Осы тақырыпты біліуіміз үшін нені
меңгеруіміз керек екен?
-
Қазір барлығымыз «Білгім келеді» бағанын
толтырайық.
|
-
Оқушылар дәптерлеріндегі кестенің
«Білгім келеді» бағанын толтырып, өз ойларын айтады.
|
«Қолдану» практикасы. (8мин)
(Қарапайым тапсырмалар)
|
Мағынаны тану
-
Енді оқулықты ашып, тақырыпты оқиық.
-
Оқулық және эл.оқулықпен жұмыс.
-
|
-
Оқушылар Жигсо әдісімен тақырыпты
жекелеп оқып, түсінгендері бойынша постер жасап, баяндамашы қорғайды.
-
|
«Талдау» теориясы. (5 мин)
(Салыстыр, айырмашылығы неде? Ұқсастығы
неде? Тақырыптың басты идеясы не?)
|
-
Интерактивті тақтада редактордың терезе
элементтерін, меню командаларын, мүмкіндіктерін көрсете білуін ұйымдастыру.
|
-
әр топтан бір оқушы интерактивті
тақтада түсінгендерін тізбектей көрсете отырып, бұрынғы білетін терезелермен
ұқсастығы, айырмашылығы жайлы баяндайды.
|
Сергіту сәті. (1мин)
|
Аннимация
арқылы жасалған қимылдарыды қайталау музыкамен..
|
«Жинақтау» теориясы (4мин)
(қорытынды шығару, анықтама беру,
мазмұнды жүйелі кесте т.б түрінде)
|
-
Бүгінгі сабақтан алған білімдерін
жинақтап, ой елегінен өткізуді ұсынады. «Бес жол өлең» стратегиясы бойынша.
|
-
Әр топ өз ойларын жинақтап, қысқа да
түсінікті қорытынды анықтама береді. «Бес жол өлең» стратегиясы бойынша.
|
«Бағалау» практикасы. (2мин)
Критерийлер
бойынша формативті бағалау
|
Мына
дискрипторлар арқылы бағалау ұсынады.
- Редакторды
іске қосу жолдарын білемін – 1 балл;
- Редактордың
терезе элементтерінің атауын білемін – 1 балл;
- Жұмыс
аймағының өлшемін реттей аламын – 1 балл;
- Меню
командаларымен жұмыс істей аламын – 1 балл;
-
Редактордың мүмкіндіктерін білемін – 1
балл;
-
Жиыны 5 балл.
Топ басшыларының
топ оқушыларын бағалау парағы негізінде оқушыларды бағалау
|
Топ басшысы дискрипторлар бойынша
баллдарын есептеп, оны
«5 баллдық» жүйеге ауыстырып топ
мүшелерін бағалайды.
1-2 балл – «2»
3 балл – «3»
4 балл – «4»
5 балл – «5»
|
Рефлексия (1мин)
|
Оқушыларға
кері байланыс жасау үшін түрлі-түсті стикерлер таратады.
|
Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша өз
ойларын көңіл күй дидарына іледі.
|
Үйге тапсырма.
|
§14:
Paint графикалық редакторы.
Сурет
салу, сақтау және ашу. 117-126 беттер оқуға.
|
Дарынды оқушыларға: «Графикалық
редакторлар» тақырыбына реферат және қайталауға кластер құрастырып келу.
|
|
|
|
|
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.