Инфоурок Классному руководителю КонспектыҚыз сыны 8 наурыз мерекесіне арналған сценарий

Қыз сыны 8 наурыз мерекесіне арналған сценарий

Скачать материал

«Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі»КММ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ару қыздар байқауы

       «Лицей аруы-2014»

8,9,10 сыныптар арасында

 

 

 

                                    Ұйымдастырушы : 10 Б сыныбы

                                    Сынып жетекшісі:   Макенова Н.Б.

 

 

 

 

 

 

 

Карауыл-2014

Тақырыбы: Ару қыздар байқауы
Мақсаты:
1. Қыздарды халқымыздың ізгі қасиеттері: имандылық, инабаттылық, ізеттілік, ісмерлік т.б. негізінде тәрбиелеу.
2. Әр қыз баланы парасатты, жан – жақты білімді болуға, әсемдік, сұлулық әлемін түсінуге тәрбиелеу. Табиғат сыйлаған қасиеттерінің ашылуына көмектесу.
Байқаудың шарттары төмендегідей:
1. «Мен қазақтың қызымын» таныстыру
(қатысушылар өздерін осы сөзбен, өлеңмен, әнмен таныстырады)
2. «Бармағынан бал тамған»
(сайыскер өз асханасында торт немесе тәтті бәліш әзірлеп әкелу, әзірлеу барысын 5 минуттық видеороликке түсіру қажет)
3. «Қызды тәрбиелеген – ұлтты тәрбиелейді» 
(Қыз бала тәрбиесіне байланысты даналық сөздердің мағынасын ашу)
4. «Зерделінің ойы озық»
(Лездік сұрақтарға жауап беру)
 5. «Өнер»
(Ән айту, би билеу, күй тарту)
6Әр сыныптан бір үміткерден қатысуы қажет.

Рауан:   -Құрметті аналар, ұстаз аналар, бойжеткен арулар, бүлдіршін қыздар! Сіздерді көктемнің ең алғашқы мерекесі 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймын!

Мақсат:  -Білесің бе, Рауан, 8- Наурыз  неге аналар мейрамы болып белгіленгенің?

Р.: - Әрине білемін 1908 жылы 8 наурызда өздерінің  ауыр жағдайына төзе алмаған Нью-Йорк еңбекші аналар демонстрацияға шыққан. Міне, осы оқиғаны есте қалдыру үшін 1910 жылы Копенгагенде өткен аналардың  Екінші Халықаралық Конференциясында 8 наурызды әйелдер күн» деп белгілеген, оны жыл сайын атап өту туралы шешім қабылданды.                                                                                                                                                                                                                                                                                   

М.: Ал ендеше сайысымызды бастайық!  Қазақ қызы десе ашық, бірақ жүзінде ұяңдық бар, әдепті, инабатты жан елестейді. Бүгінде сол әдепті де әдемі, инабатты да мейірімді ару қыздарымыз сынға түскелі тұр. «Лицей аруы - 2014» байқауына қош келдіңіздер!.

  (әуен ойналады)
Р.: Уа, халайық, халайық,
     Мұнда назар салайық.
     Рұқсат болса бастайық!

М.: Мың бұралған арулар аңдап басып,
     Келеді міне ортаға толқып тасып
     Аруларын сыйлаған, халқым менің,
     Көңілді қошеметпен қарсы алайық!
     (Арулар ортаға шығады)

Р.:  Ал, халайық, аруларға тамсанайық,
     Қыз қылықты дегенге ән салайық.
     Атына заты сай аруларға
     Тағы да бір қол соғып қарсы алайық.

М.:  Уа, арулар, арулар! Ешкімің жоқ алалар.
Ару болу үлкен сын, оны қазың бағалар. – деп әділ – қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
1. ____________________________________________________________________
2. ____________________________________________________________________
3. ____________________________________________________________________
4. ____________________________________________________________________
5. ____________________________________________________________________


Р.: Бойжеткен арулар келіп жетті танытуға,
     Бойындағы бар дарынды дарытуға.
    Қорықпастан сахнаға келіп жетті,
    Әдеппен, ізетпенен танысуға.

М.:  Бұл сайыста үзеңгі қағыстырып,
       Көрейік, ару қыздарды жарыстырып.
       Бұл залда білетін бар, білмейтін бар,
       Әрбір ару көрсін өзін таныстырып.

Р.: Байқаудың І кезеңі «Мен қазақтың қызымын».
Таныстыру бөлімі бойынша ару қыздарымыз өздерін осы сөзбен бастап, өлеңмен, әнмен таныстырады.
Әділ – қазылардан арулардың бағасын күтеміз
Өнері өрге жүзер, таңғалмаңыз!
Таланты талмай ұшар, таңғалмаңыз!
Таңғажайып әлемі - өнер аты,
Шарпып өтсін лебімен, таңғалмаңыз!
Аруларымыз көрермендерді аспаздық шеберлігімен таңғалдырмақшы.

М.:Байқаудың ІІ кезеңі «Бармағынан бал тамған»
сайыскер өз асханасында торт немесе тәтті бәліш әзірлеп әкелу, әзірлеу барысын 5 минуттық видеороликке түсіру қажет
Әділ – қазылардан арулардың бағасын күтеміз

Р.: Пір тұтқан адамдықты, адалдықты,
    Көркімен таң қалдырған тамам жұртты.
    Қыздардың қылығымен өмір қызық,
    Қыздардың ғұмырымен заман құтты – дегендей

 Байқаудың ІІІ кезеңі «Қызды тәрбиелеген – ұлтты тәрбиелейді» деп аталады.
Бұл кезеңде қыз бала тәрбиесіне байланысты даналық сөздердің мағынасын ашу бойынша аруларымыз сынға түседі

1. «Қыздың жиған жүгіндей»
Бұл теңеу қыз баланың ұқыптылығын, шеберлігін көрсетеді. Өздеріне тән нәзіктілігімен, сүйкімділігімен, сыртқы және ішкі сымбаттылығымен ерекше екендігін айтқан

2.«Қыз өссе – елдің көркі, гүл өссе – жердің көркі»
Біздің халқымызда «қыз» деген сөздің өзі әдеміліктің, жан-жақты сұлулықтың символы ретінде қолданылады. Қыз баланы гүлге теңеп, көрікті болатынын аңғартады. «Елдің көркі» деп қыз баланың айрықша әдептілігіне көңіл бөліп, олардың жүрегін жылылыққа бөлеп, жандарын жаманшылықтан аластап өсірген.
Қыз баланың сүйкімділігінен, жанының нәзіктілігінен шыққан сөздер.

3.«Қызға қырық үйден тыйым»
Қыз бала тәрбиесіне ата-ана ғана емес, көрші-қолаң, туған-туыс, ауыл-аймақ болып сергектікпен қарайтын болған.
4.«Біреудің ала жібін аттама».
Қыз бала үшін өтірік айту, ұрлық істеу және қатыгездік, қулық-сұмдық деген жат қасиет екенін айтып, өтірік өрге бастырмайды, ешкімге қиянат жасама деп адалдыққа тәрбиелеп отырған. Тәрбиенің бұл түрінің әсері сол қыз баланың өмір жолын дұрыс таңдауына зор ықпалы болған.

5.« Шеше көрген тон пішер»
Халқымыз қыз бала тәрбиесіне ерекше мән берген. Қыз балаға 5 – 6 жасынан-ақ апа-жеңгелері, шешесі мен әжесі үй шаруасын жүргізуді (үй сыпыру, төсек жинау, ыдыс-аяқ жуу, ас пісіру, мал сауу), ою ойып, өрнек, кесте тоқуды үйрете бастаған.
Қыз бала тәрбиесінде шешенің орнын ерекше бағалаған.
Қыз баланың әр іске талапты да алғырлығынан, өнер-білімге бейім тұратын сергектігінен шыққан сөздер.
6. «Қыз жат жұртқа жаратылған»
Қыздарды тұрмыстық мүліктерді даярлауға: жүн түту, жіп иіру, шекпен тоқу, кесте тігу, құрақ құрау, оюлап киіз басу, кілем тоқу, арқан есі, көрпе көктеу, т.б. өнерлерін қыз балалар бөгде босағаға бармай тұрып-ақ үйреткен. Осындай еңбекке баулу нәтижесінде жанұя алдындағы жауапкершілік сезімдеріне бойларын үйретіп, психологиялық жағынан отау тігуге даярлай бастаған.

7.«Қызым – үйде, қылығы – түзде»
Халқымыздың тәрбиесінде қыздардың ерсі қылықтары мен әрекеттеріне үлкендер тыйым жасап отырған, сыпайылыққа, жарасымды мінез-құлыққа тәрбиелеген. Дөрекілікке, менменшілдікке, әдепсіздікке барудан сақтап отырған.
Әділқазылардан арулардың бағасын күтеміз

Р.: «Зерделінің ойы озық» – деп, аталатын бұл кезеңде. Әр аруға 10 сұрақтан қойылады. 1 минут ішінде 10 сұраққа жауап беруі тиіс. 1 дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.
ІV«Зерделінің ойы озық»
(Лездік сұрақтарға жауап беру)

1-ші арудың сұрақтары.
1. Қозы Көрпештің серігі? (Баян Сұлу)
2. Ананың анасы сізге кім болады? (Нағашы әже)
3. Еттен жасалатын тағам? (Бесбармақ).
4. Қазақстанның Президенті кім? (Н.Назарбаев)
5. Қазақстанның бұлбұл әншісі атағына ие болған әнші анамыз? (Б. Төлегенова).
6.Абай Құнанбаевтың анасы? (Ұлжан)
7. Білім, оқу, жазуды үйретуші адам? (Ұстаз).
8. «Фариза, Фаризажан Фариза қыз» кімнің өлеңі (Мұқағали)
9.Қошақанның анасы? (қой).
10. Қыз бала туралы бір мақал айтыңыз.

2-ші арудың сұрақтары.
1. Төлегеннің серігі? (Жібек)
2. Ананың сіңлісі сізге кім болады? (Нағашы апа)
3. Сүттен жасалатын тағам? (Көже, айран, ірімшік,қаймақ,май).
4. Аллада не жоқ? (бауыр)
5. Қазақстанның әйгілі ақыны, әрі жерлес анамыз? (А.Бақтыгереева).
6.Әйгілі күйші – анамыз? (Дина Нүрпейісова).
7. Науқас адамдарға көмек беруші, емдеуші адам? (Дәрігер).
8. Әнші Мадина … (Ералиева)
9.Тай, құлынның анасы? (Бие).
10. Ана туралы бір мақал айтыңыз.

3-ші арудың сұрақтары.
1. Еңліктің серігі? (Кебек)
2. Ананың қызы сізге кім болады? (әпке)
3. Қамырдан жасалатын тағам? (Бауырсақ, нан).
4. «Ана тілі – арың бұл»кімнің өлеңі? (Қ. Мырза Әли)
5. Қазақстандық әйгілі биші анамыз? (Ш. Жиенқұлова).
6.Абай Құнанбаевтың әжесі? ( Зере).
7. Ас пісіруші маман адам? (Аспаз).
8. Әнші Нағима… (Есқалиева)
9.Ботаның анасы? (түйе).
10. Бала туралы бір мақал айтыңыз.

4-ші арудың сұрақтары.
1. Мойынға тағатын әшекей бұйым (алқа)
2. Апа сіңлінің балалары (бөле)
3.Қазақ әйелдерінің сәндік әшекей бұйымдары? (сырға,білезік, жүзік, сақина, шолпы, алқа, қапсырма, шашбау, бойтұмар, түйреуіш, белбеу).
4. Ою өрнектің бір түрін ата? (қошқар мүйіз, арқар, сыңар, өркеш, төртқұлақ, түйетабан, қос алқа, сыңар).
5. Аққуда не жоқ? (сүт)
6.Абай Құнанбаевтың анасы? (Ұлжан).
7. «Мен қазақпын» поэмасының авторы (Ж.Молдағалиев)
8. Әнші Тамара… (Асар)
9.Ешкінің төлі ? (лақ).
10. Қыз туралы бір мақал айтыңыз.

5-ші арудың сұрақтары.
1. Сүттен жасалатын тағамдар (қымыз, шұбат, айран, қаймақ, май, сүзбе, көже, қойыртпақ, шалап, боза, іркіт, ірімшік, құрт, жент, малта)
2. Киелі құс (аққу)
3.Тігінші құралы ( ине)
4. «Үш бақытым» өлеңінің авторы кім? (Мұқағали)
5. Қазақтың діни мейрамы ( құрбан айт, ораза айт)
6. Тіршілік иелерінің моторы (жүрек)
7. Көздің суы (жас)
8. Ақ сүт берген аналардың анасы (әже)
9. Қобыландының жары ( Құртқа)
10. Ең зор байлық (денсаулық)

6-шы арудың сұрақтары.
1. Ас атасы (нан)
2. Анаңның бауырлары (нағашы)
3. «Бөбек» қорының президенті кім? (С.Назарбаева)
4. Жиреншенің әйелі (Қарашаш)
5. «Төрт ана» өлеңінің авторы кім? (М.Шаханов)
6. Киіз үй жиһазын ата (кебеже, абдыра, кереует, жастағыш,жүк аяқ, тұс киіз, кілем)
7. Жарға тұтылатын зат (кілем)
8. Жылқыда не жоқ (өт).
9. Әнші Роза … ( Рымбаева)
10. Тар қонышты, өкшесіз жеңіл аяқ киім (мәсі)

М.: Кедеймін деп қысылма,
     Өнерің болса қолыңда
     Өнерлінің ырысы
     Жарқырап жатыр жолында.
     Сайыста ән салайық, би билейік,
     Өнермен өрге басып кідірмейік.

V кезең «Өнер» Бұл кезеңде арулардың өнері тамашаланады
(Ән айту, би билеу, күй тарту)
Әділ – қазылардан арулардың бағасын күтеміз

Р.: Адамның сыртқы түріне, киіміне қарап та қандай адам екендігін айыруға болады. Қазіргі талғамға, өзінің жас ерекшелігіне, эстетикалық талғамына сай жарасымды киінген, сыпайы да үлгілі қылығымен, мәдениеттілігімен ерекшеленген қыздарды көргенде көңілің толады. «Жастықтың өзі жастығымен әдемі» деген бар емес пе? Жас қыздардың өздері-ақ қырдың қызыл гүліндей әдемі ғой. Табиғат берген көркі – жастығынан артық не бар?
Қыздарға әсемдік жарасады,
Ай көркі биіктерге таласады.
Болмаса сұлу қыз, ару әйел
Табынып еркіндікпен санасады


«Ә» дегенше соңғы сайысымызға да келіп жеттік.
Енді әділқазы алқаларынан барлық ұпай сандарын санап, жеңімпаздарды анықтауларын сұраймыз. Ұпай сандары әзір болғанша кезекті әнге берелік.
«Қыздар - ай» әні. Орындайтын Жолдығулов Сырым
Қорытынды сөз әділқазы алқаларына беріледі, марапаттау рәсімі.

VII Қорытынды:
Қыз баланы ізетті, инабатты асыл жан етіп, ісіне көркі сай тәрбиелеу, қыз сыйлау халқымыздың қанына сіңген қасиет, олардың айналадағы адамдармен қарым – қатынас жасай білуіне көңіл бөле отырып, оларға нәзіктік пен сүйкімділік қасиеттерін бере білген.
«Қыз емес қыздың аты қызыл алтын,
Көрінер толған айдай жүзі жарқын,
Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес,
Халқының сақтай білген ізгі салтын» - дегендей, қыздарымыз апаларының өнегелі істерін өз бойларына дарытып өссе екен дейміз. Қыздарымыз ата-бабаларымыздың ықылым заманнан келе жатқан салт-дәстүрін, әдет-ғұрып сөндірмей жалғастыратын өнерлі де ибалы боп өссе дейміз.
Осымен байқауымыз өз мәресіне жетті. Ару қыздарымызға рахмет айтамыз. Мерекелеріңіз құтты болсын!

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қыз сыны 8 наурыз мерекесіне арналған сценарий"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель образовательного подразделения

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 990 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.01.2016 9690
    • DOCX 20 кбайт
    • 96 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мәкенова Нұргүл Біләлқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Мәкенова Нұргүл Біләлқызы
    Мәкенова Нұргүл Біләлқызы
    • На сайте: 9 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 79818
    • Всего материалов: 20

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы профориентационной работы в деятельности педагога

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 98 человек из 36 регионов
  • Этот курс уже прошли 121 человек

Курс повышения квалификации

Медиаграмотность как форма работы с современным родителем

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 127 человек

Курс повышения квалификации

Организация профориентационной работы в школе

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 219 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 553 человека

Мини-курс

Национальная система учительского роста: путь к эффективности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Индустриальный туризм

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективные коммуникационные стратегии в образовательной среде: от управления до мотиваци

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе