Инфоурок Химия Конспекты"Кальций" атты тақырыбында сабақ жоспары және презентация (8 сынып)

"Кальций" атты тақырыбында сабақ жоспары және презентация (8 сынып)

Скачать материал

Выберите документ из архива для просмотра:

Выбранный для просмотра документ Макаров жалпы орта білім беретін мектебі.docx

Сабақтың тақырыбы: Кальций және оның қосылыстары

Сабақтың мақсаты:

1.      Оқушылардың  тіл шеберлігін білімге құштарлығын, дүниетанымдық көзқарасын арттыру.

2.      Химиялық заттармен жұмыс істей білу дағдысын дамыту, өмірден көрген деректерді пайдалана білуіне және шығармашылығын шыңдау.

3.      Адамгершілікке тәрбиелеу

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, сөзжұмбақ, тест жұмысы, үлестірме қағаздар

 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі: Оқушылармен амандасып, жоқ оқушыларды журналға белгілеу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1. Металдар периодтық жүйеде қалай орналасқан?

а) периодтық жүйенің оң жағында             ә) периодтық жүйенің төменгі жағында

б) II-III периодтың соңғы жағында           в) тек қана I топта орналасқан

2. Электр өткізгіштігі ең жоғары металл

а) алтын                     ә) темір                      б) күміс                      в) сынап

3. Қанның құрамында кездесетін металлл:

а) литий                     ә) қорғасын               б) алтын                     в)темір

4. Темірдің қанша пайызы гемоглабиннің құрамында кездеседі:

а) 62                ә) 43                            б) 65                            в) 73

5. Кіші период және үлкен периодтың жұп қатарында металдардың қаттылығы, балқу температурасы,тығыздығы қалай өзгереді?

а) кемиді                    ә) алдымен кемиді, сосын артады             

б) артады                  в) артады сосын кемиді

6. Жасыл өсімдіктің хлорофильінде кездесетін металл:

а) магний                  ә) кальций                 б) сынап                     в) темір

7. Иондарының бактерицидтік қасиеттері бар металл:

а) Al                            ә) Ag                           б) Cu                           в) Sn

8. Аспаннан жерге құлап түскен метериориттердің құрамынан табылған металл:

а) Au                           ә) Ag                          б) Cu                           в) Sn

9.Ең қиын балқитын металл: а) Cr             ә) Mo              б) Fe                в) W

10. Ферромагниттік қасиеті бар металл: а) Sn     ә) Al    б) Pb   в) Ni

11.Ең қатты металл: а) W    ә) Cr   б) Fe    в) Os

12. Өңдеуге ыңғайлы созылғыш металл: а) Fe     ә) Pb    б) Cu в) Au

13. Алақанда балқитын металл: а) цезий  ә) галлий        б) натрий       в) кальций

14. Қай металдың лентасының жануын фотографияда жарқырауық зат ретінде қолданады:

а) алюминий             ә) магний                  б) мырыш                  в) хром

15. Массасы 234 грамм натрий хлориді балқымасын электролиздегенде неше грамм натрий түзіледі:

а) 58                ә) 45                б) 82               в) 92

 

 

ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту:

           

Тапсырмалары:

1.      Металдардың кернеу қатарын ұсынған орыс ғалымы (Бекетов)

2.      Күрделі заттың құрамындағы бір элемент атомының орнын басқа жай заттың атомы басатын күрделі зат пен жай зат арасындағы реакция (орынбасу)

 

Оқушылар сөзжұмбақтағы негізгі сөз кальцийге периодтық жүйе бойынша жалпы сипаттама береді

Жалпы сипаттама

4 периодта, ІІ топтың негізгі топшасында

Салыстырмалы атомдық массасы 40

Реттік саны 20, 20 e, 20 p, 20 n

Ядро заряды + 20

Электрондық формуласы: +20 Са )2 е ) 8 е )8 е )2е

1S2 2S2 2P6 3S2 3P6 4S2

 

Ресурс парағы

Табиғатта кездесуі. Кальцийдің қосылыстары табиғатта кең таралған. Ол жер қабатындағы мөлшері бойынша бесінші орын алады, ал массасы бойынша 3,6%. Табиғатта кальцийдің қосылыстарын кез келген жерде кездестіруге болады: өйткені тау мен сары топырақты қазбалар кальций тұздарынан құралған. Ол теңіз бен өзен суларында да кездеседі, өсімдік пен жануар организмінің құрамына кіреді. Адам организмінде 1 кг – ға дейін кальций бар, ол сүйектің, тіс эмальінің, қанның құрамында болады. Ең көп таралған қосылыстарының бірі – кальций карбонаты. Ол алуан түрлі минералдар түзеді: бор, мәрмәр, әктас, ұлутас, кальцит, маржан, коралдар, перламутр т. б. аралас минералдар. Бұлардың көбісі бағалы болып есептелінеді.

            Кальций гипстің CaSO4 * 2H2O, бор, әктас CaCO3, фосфорит Ca3(PO4)2, флюорит СаҒ2 минералдарының құрамында кездеседі. Қазақстан жерінің бәрінде дерлік кальций қосылыстары кең таралған. Фосфориттің ең ірі кен орындары Жамбыл облысындағы Қаратау тауларында, Ақтөбе облысындағы Шилісайда бар. Бағалы қызғылт түсті ұлутас Маңғыстауда, гипс Жамбыл облсында, цементке қажетті балшық №шымкент, Семей маңында өндірілсе, әктастың қоры және отқа төзімді балшық еліміздің көптеген облыстарында өндіріледі.  

Алынуы: Тұздарының балқымасын электролиздеу арқылы алады:

CaCl2  → Ca° + Cl°2

Физикалық қасиеттері:

 

 

Химиялық қасиеттері.

1. Жай заттармен (бейметалдармен):

                                    3Сa + 2Р = Сa3Р2

                                               Сa + H2 = CaH2

                                    Ca + 2C = CaC2

                                    3Са + N2 = Са3N2 

Ауада қыздырғанда тұтанады, ал таза оттекте ашық жалынмен жанып, кальций оксдінің бөлшектерінен тұратын ақ түсті түтін түзеді:

2Са + O2 = 2CaO

                                     

2. Күрделі заттармен: сумен қуатты әрекеттесіп, одан сутекті ығыстырып шығарады:                                  Ca + 2H2O = Ca(OH)2 + H2 

Кальций және оның қосылыстары жалынның түсін кірпіш қызыл түске бояйды.

                                    Сa + 2HCl = CaCl2 + H2

             

      Биологиялық ролі. Кальций жасуша құрамына еніп, сүйек құрауға, жүрек және бұлшық еттерінің жұмысына қатысады, қанның ұюын қамтамасыз етеді. Ересек адамдарға тәулігіне 0,5 грамм кальций жеткілікті. Ал сүйекті қатайтуға аса қажет кальций, сиыр мен қой сүті, сүтпен жасалатын түрлі тағамдар ірімшік, сүзбе, сырда мол. Қара бидай наны мен жұмыртқаның сары уызы да кальцийге бай. Ағзаға бір тәулікке қажет калций алу үшін 100 грамм сыр немесе 0,5 литр сүт жетеді. Ағзада кальций тұздарының жетіспеушілігі сүйек ұлпасының дұрыс емес дамуына, тістер (кариес) ауруына, кейбір ферменттердің белсенділігі төмендеуіне, орталық жүйке жүйесінің қызметінің бұзылуына әкеп соқтырады.

                                                                            

                                                

  

                                                               Са

 

                                                                                               

 

Маңызды қосылыстары. Кальций оксиді – ақ түсті қиын балқитын зат. Техникада оны «сөндірілмеген әк» деп атайды. Оны әетасты жоғары температурада қыздырып, ыдырау арқылы алады:

CaCO3 = CaO + CO2

            Кальций оксиді – нағыз негіздік оксид. Кальций сілтілікжер металл болғандықтан, оның оксиді сумен оңай әрекеттесіп кальций гидроксидін, яғни сілтісін түзеді:

CaO + H2O = Ca(OH)2

            Бұл реакция өте қуатты жүреді. Су «бұрқылдап» қайнап, буланады. Нәтижесінде сөндірілген әк деп аталатын ақ ұнтақ түзіледі. Ca(OH)2 суда аз ериді. Оның қанық ерітіндісі лабораторияда әк суы деген атпен қолданылады. Сілті ерітіндісінің түзілгенін фенолфталеиннің таңқурай түске боялуынан байқалады.

Кальций гидроксиді қышқылдармен және қышқылдық оксидтермен әрекеттесіп бейтараптанады. Бұл реакция көмірқышқыл газын анықтау үшін қолданады. Әк суына көмірқышқыл газын жібергенде, ол алдымен ерімейтін карбонат түзіп, лайлана бастайды.

Ca(OH)2  + CO2 = CaCO3 + Н2O

            Газды одан әрі жібере берсе, лай көрінбей кетеді, өйткені суда ерімейтін орта тұз ерімтал қышқыл тұға айналады:

Ca(OH)2  + CO2 + Н2O = Ca(НCO3)2

Бекіту тапсырмалары:

            1. Бекіту сұрағы бойынша «иә» және «жоқ» жауап беруіңіз керек.

1. Төртінші перидта орналасады (иә)

2. Валенттілігі тұрақты бір (жоқ)

3. Балқу температурасы – 851 0С (жоқ)

4. Сыртқы қабатындағы электрон саны екі (иә)

4. 1S2 2S2 2P6 3S2 3P6 4S2 электрондық конфигурациясы тән (иә)

5. Тығыздығы 15,4 г/см(жоқ)

6. Кальций сүйектің, тіс эмальінің, қанның құрамында болады (иә)

7. Сөндірілген әк формуласы СаО (жоқ)

8. Жалынының түсі күрпіш қызыл түске бояйды (иә)

9.Сілті ерітіндісінің түзілгенін фенолфталейннің таңқурай түске боялуынан байқайды (иә)

10. Әктас формуласы СаСО3 (иә)

 

2. Формуланы анықтап сәйкесін тап.

 

Гипс

Ca3(PO4)2,

фосфорит

СаҒ2

Кальций гидрокарбонаты

CaO

Әк суы

Ca(НCO3)2

флюорит

CaSO4 * 2H2O

Сөндірілмеген әк

Ca(OH)2

Жауабы:Гипс - CaSO4 * 2H2O

                        Фосфорит - Ca3(PO4)2,

                        Кальций гидрокарбонаты Ca(НCO3)2

                        Сөндірілген әк - Ca(OH)2

                        Әк суы- Ca(OH)2

                        Флюорит - Ca3(PO4)2

Сөндірілмеген әк – CaO

Үйге тапсырма: §35, 36, №5,7 121 бет.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Кальций" атты тақырыбында сабақ жоспары және презентация (8 сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Нутрициолог

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Выбранный для просмотра документ Презентация1.ppt

Скачать материал ""Кальций" атты тақырыбында сабақ жоспары және презентация (8 сынып)"

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • Сөзжұмбақ БЕКЕТОВОРЫНБАСУЛИТИЙВОЛЬФРАМЦЕЗИЙКОРРОЗИЯОСМИЙ

    1 слайд

    Сөзжұмбақ
    Б
    Е
    К
    Е
    Т
    О
    В
    О
    Р
    Ы
    Н
    Б
    А
    С
    У
    Л
    И
    Т
    И
    Й
    В
    О
    Л
    Ь
    Ф
    Р
    А
    М
    Ц
    Е
    З
    И
    Й
    К
    О
    Р
    Р
    О
    З
    И
    Я
    О
    С
    М
    И
    Й

  • Сөзжұмбақ

    2 слайд

    Сөзжұмбақ

  • 
7 ақпан 

“Кальций және оның қосылыстары”

    3 слайд


    7 ақпан

    “Кальций және оның қосылыстары”

  • Табиғатта ең көп таралған қосылыстары:Гипс CaSO4 * 2H2O
Бор, әктас CaCO3
Фосф...

    4 слайд

    Табиғатта ең көп таралған қосылыстары:
    Гипс CaSO4 * 2H2O
    Бор, әктас CaCO3
    Фосфорит Ca3(PO4)2
    Флюорит СаҒ2


  • Алынуы:CaCl2  → Ca° + Cl°2

    5 слайд

    Алынуы:
    CaCl2 → Ca° + Cl°2

  • Физикалық қасиеттері Күмісше жылтыраған ақ металл, ол сілтілік металдар тәріз...

    6 слайд

    Физикалық қасиеттері
    Күмісше жылтыраған ақ металл, ол сілтілік металдар тәрізді өте жеңіл (р = 1,55 г/см3 ), Оның балқу температурасы да өте жоғары, 851 0 С-ге тең. Иілгіштігі төмен, күшті тотықсыздандырғыш

  • Жай заттармен: 
		Ca + Р =
	Ca + O2 =
	Са + Н2 =
	Са + С =
	Ca + N2 = 

 Текс...

    7 слайд

    Жай заттармен:
    Ca + Р =
    Ca + O2 =
    Са + Н2 =
    Са + С =
    Ca + N2 =


    Тексеру
    Химиялық қасиеттері

  • 3Сa + 2Р = Сa3Р2
2Са + O2 = 2CaO
Сa + H2 = CaH2
Ca + 2C = CaC2
3Са + N2 = Са3...

    8 слайд

    3Сa + 2Р = Сa3Р2
    2Са + O2 = 2CaO
    Сa + H2 = CaH2
    Ca + 2C = CaC2
    3Са + N2 = Са3N2

  • Күрделі заттармен: 
Са + H2O =
Ca + HCl =  
Тексеру Ca + 2H2O = Ca(OH)2 + H2...

    9 слайд

    Күрделі заттармен:
    Са + H2O =
    Ca + HCl =

    Тексеру
    Ca + 2H2O = Ca(OH)2 + H2
    Сa + 2HCl = CaCl2 + H2

  • Биологиялық ролі		Ересек адамдарға тәулігіне 0,5 грамм кальций жеткілікті....

    10 слайд


    Биологиялық ролі

    Ересек адамдарға тәулігіне 0,5 грамм кальций жеткілікті. Ағзаға бір тәулікке қажет калций алу үшін 100 грамм сыр немесе 0,5 литр сүт жетеді. +Ал сүйекті қатайтуға аса қажет кальций, сиыр мен қой сүті, сүтпен жасалатын түрлі тағамдар ірімшік, сүзбе, сырда мол. Қара бидай наны мен жұмыртқаның сары уызы да кальцийге бай.
     

  • Биологиялық ролі

    11 слайд


    Биологиялық ролі

  • Кальций оксиді СаО – ақ түсті, қиын балқитын зат. Оны “сөндірілмеген әк” де...

    12 слайд

    Кальций оксиді СаО – ақ түсті, қиын балқитын зат. Оны “сөндірілмеген әк” деп атайды.
    CaCO3 = CaO + CO2

    Нағыз негіздік оксид. Сумен әрекеттесіп, сілті (сөндірілген әк) түзеді.
    CaO + H2O = Ca(OH)2
    Қосылыстары

  • Бекіту сұрақтары Төртінші перидта орналасады 
Валенттілігі тұрақты бір 
Балқу...

    13 слайд

    Бекіту сұрақтары
    Төртінші перидта орналасады
    Валенттілігі тұрақты бір
    Балқу температурасы – 851 0С
    Сыртқы қабатындағы электрон саны екі
    1S2 2S2 2P6 3S2 3P6 4S2 электрондық конфигурациясы тән
    Тығыздығы 15,4 г/см3
    Кальций сүйектің, тіс эмальінің, қанның құрамында болады
    Сөндірілген әк формуласы СаО
    Жалынының түсі күрпіш қызыл түске бояйды
    Сілті ерітіндісінің түзілгенін фенолфталейннің таңқурай түске боялуынан байқайды
    Әктас формуласы Са(НСО3)2

    (иә)
    (иә)
    (иә)
    (иә)
    (иә)
    (жоқ)
    (жоқ)
    (жоқ)
    (жоқ)
    (жоқ)
    (иә)

  • Сәйкестендір

    14 слайд

    Сәйкестендір

  • 
	Үйге тапсырма: 
			§35, 36, №5,7 121 бет

    15 слайд


    Үйге тапсырма:
    §35, 36, №5,7 121 бет

  • 
		Сабақ аяқталды

    16 слайд


    Сабақ аяқталды

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 117 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.01.2016 4998
    • RAR 6.9 мбайт
    • Рейтинг: 3 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сергазиева Айгерим Урынгалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 17673
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 17 регионов

Курс повышения квалификации

Методика реализации образовательного процесса и мониторинг эффективности обучения по дисциплине «Химия» в соответствии с требованиями ФГОС СПО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 89 человек из 35 регионов
  • Этот курс уже прошли 574 человека

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по химии в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 57 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 658 человек

Курс профессиональной переподготовки

Химия: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель химии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 472 человека из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 354 человека

Мини-курс

Современные подходы к духовно-нравственному воспитанию дошкольников

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Психология развития и воспитания детей: особенности и подходы

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 15 регионов

Мини-курс

История педагогических идей: основатели и теоретики

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе