Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалы"Келісім түбі - жарастық" 2-сынып

"Келісім түбі - жарастық" 2-сынып

Скачать материал

Тақырыбы:    Келісім түбі – жарастық

Мақсаты:  «Достық», «сыйластық» адамгершілік құндылықтарытуралы 

                      түсініктерін  кеңейту.

Міндеттері:

-         Келісім, жарастық туралы түсінік беру;

-         Достыққа бейімділік сапаларын дамыту;

-         Өзара татулыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: оқулық, дәптер, күннің  сұлбасы, жүрекшелер, мазмұнды суреттер

  Ұйымдастыру:   

-         Бүгінгі сабаққа мұғалімдер қонаққа келіп, біздің өзін-өзі тану сабағымызды тамашаламақ. Сондықтан бар мейірімділік пен қонақжайлығымызды  көрсетейік.  

 Шаттық шеңбері:

-          Үнтаспадан жағымды әуен естіліп тұрады. Достықтың мәнін тереңірек түсіну мен оны сезіну мақсатында релаксациялық тәсіл ұйымдастырылады.

-         Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.  Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.  Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».  Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.  Жаймен көзіңізді ашуға болады.  Рахмет. 
 -  Ал енді, әдемілеп  Фарида Жолдасованың «Бала тілегі» әнін орындайық

 Әңгімелесу: 

- Осы сендер сыныптастарыңмен, достарыңмен ренжісіп қалған кездерің болды ма?

- Қалай татуластыңдар?

- Өзгелердің пікірімен келіспей қалсаң не істер едің?

- Келісімге келу не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

Оқушылардан еркін ойларын тыңдап, түйінін  жасау.

 

Мәтінмен жұмыс:                     Өсиет әңгіме.(Аңыз)

  Бұл оқиға өте ерте заманда болса керек. Адам аңдарды үйіне шақырып, аз-кем кеңес құрыпты.

-         Бәріміз бірлесіп, ынтымақты еңбек етсек, қиынымыз жеңілдер еді. Әрі біріміздің белмегенімізді екіншімізге айтар едік. Қалай десек те, «Кеңесіп пішкен тон келте болмас», - депті.

-Осындай ой-пікірді алғаш айтқан адам біздің иеміз болсын. Мен оның айнымас көлігі әрі серігі болайын,- депті шұбар ат құндыздай жалы жалт – жұлт етіп.

- Адам бізге басшы, біз қосшы болсақ,  мен келістім. Адам мен Ат ұзақ жолға шыққанда,  үй жайын қорып, күзетуге мен әзірмін,- депті төбет зор дауыспен арп –арп етіп.

                   Бадырайған көзін анда –санда ашып жұмған Жапалақ Адамның шақыруын құп алмай, ағаш басында жападан жалғыз отыра беріпті.

-Шақырған жерден қалма,- деген шұбар аттың сөзін естен шығарыпты.

-Төрт көзіміз түгел болғанға не жетсін! - деп ынтымаққа шақырған  Төбет сөзінмісе тұтпапты.

Бір кезде Адамның, Аттың Иттің  бұны іздеп келе жатқанын байқап қалып,  Жапалақ елден ұзағырақ ұшып кетіпті.

Жапалақтың өз достарынан жеке дара бөлектенуі,  оны оданәрі адастырыпты. Өмір сүру тәсілі де өзгеріпті.

 Содан бері Адамның, Аттың және Иттің  көзіне күндіз түсіп қалмайын деп Жапалақ  түнде ғана ұшатын болыпты.

Жетекші сұрақтар :

-          Адам, Ат, Ит қандай келісімге келді?

-         Жапалақ неліктен жалғыз қалды?

-         Келісімде, жарастықта өмір сүру үшін адамға қандай қасиеттер керек деп ойлайсыңдар?

-         Балалардың жауаптарын толық тыңдап, «Кеңесіп тішкен тон -  келте болмас» -деген мақалдың мағанасын аша отырып әңгімені түйіндеу.

-         -Міне балалар, достыққа, ынтымақтасып өмір сүруге  келісімін бермеген Жапалақтың өмірі жалғыздықпен өтіп жатыр. Ал достықтары жарасқан  Адамның, Ат, Иттің бірлігі келісіп, бірге тату тәтті өмір сүруге ұласты.

Шығармашылық жұмыс (коллаж-жоба)

-         Балалар, сендердің әрқайсың жақсы адам екендеріңе сенімдімін. Жақынырақ келіп, үстелдің үстінен жақсы баланың істері бейнеленген суретті таңдап алыңдар. Содан кейін сол суретті күнге  жабыстырып, неге сол суреттегі балаларды жақсы деп ойлайтындарыңды айтыңдар.

Сергіту сәті:  

Достығы жарасқан, (оң қолын оң жаққа созады)

Сыйлы біз баламыз. (Сол қолын сол жаққа созады)

Келісіп бәрімен, (бір-бірін көрсетеді)

Татулық табамыз. (өзін көрсетеді)

Бәріміз бір болсақ,  (бәрі қолын ұстасады)

Бәрін де жеңеміз.

Күндей боп күлімдеп, (қолдарын жоғары көтереді)

Таудай боп өсеміз. (қолдарын жоғары көтеріп тұрып қолдарын біріктіреді)

           

Дәптермен жұмыс:Берілген ойлардың қайсысымен келісесің? Өз ойыңды жеткізіп жаз.

-         Сыныпта тату болу.

-         Сабақты жақсы оқу.

-         Бірін –бірі тыңдамау

-         Мұғалімді сыйлау.

-         Сыныптағы заттарды күту.

-         Оқулықтарға күтіммен қарау.

-         Келіскен уақытта кешігу

Жүректен жүрекке

 - Шеңбер құрып тұрып, бір –біріне  тілек  айта  отырып жүрекшелер  сыйлау.

 - Бәрі хормен өлең жолдарын айтады:

Келісім мен жарастық

Ерегесіп, есептесіп тұрмадық,

Дау – дамайға мойнымызды бұрмадық.

Бірлік пенен татулыққа кеңелткен.

Келісім мен жарастықты жырладық.

 

Тексерілді__________

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Келісім түбі - жарастық" 2-сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Консультант по трудоустройству

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 139 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 07.12.2015 1333
    • DOCX 36.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Елекенова Молдир Мухитовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Елекенова Молдир Мухитовна
    Елекенова Молдир Мухитовна
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 36693
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 138 человек из 46 регионов

Курс повышения квалификации

Внедрение Федеральной образовательной программы начального общего образования

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 285 человек из 55 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 104 человека

Курс повышения квалификации

Инклюзивное и интегративное образование детей с ОВЗ в условиях введения и реализации ФГОС НОО ОВЗ

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 303 человека из 61 региона
  • Этот курс уже прошли 1 201 человек

Курс повышения квалификации

Возрастные особенности детей младшего школьного возраста

36 ч.

1700 руб. 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 128 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 2 092 человека

Мини-курс

Техническое обслуживание и диагностика сельскохозяйственной техники

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегия продаж и продуктовая линейка: успех в современном бизнесе

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Интеллектуальная собственность: медиа и фотографии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 24 регионов