ІІІ.
Жаңа материалды меңгертуге дайындық.
|
Тақтамен жұмыс
1-тапсырма
2-тапсырма
Жарайсыңдар!
3-тапсырма
Жылдамдық,
уақыт, қашықтықты табу формулаларын қажетті ұяшыққа орналастырып, оларды
орыс, ағылшын тілінде атауымыз қажет.
Жылдамдық-скорость-speed.
Уақыт-время-time.
Қашықтық-расстояние-distance.
4-тапсырма
Тақырыпты ашу
мақсатында балаларға сұрақ қойылады:
-Жарайсыңдар,
тапсырмаларды өте дұрыс орындап шықтық!
-Балалар, қазір
қыс мезгілі. Қыс мезгілінде сіздер достарыңызбен бос уақыттарыңызды қалай
өткізесіздер?
-Жақсы, ал
сіздер шаңғының шығу тарихы туралы білесіздер ме?
-Жақсы, онда
бұдан әрі біліп жүру үшін шаңғының шығу тарихы туралы ақпарат алайық. Мүмкін
бүгінгі ақпараттан соң болашақта сіздердің араларыңыздан шаңғы спортынан атақты
спортшы шығып қалар.
- Шаңғы орыс
тілінде - лыжи, ағылшын тілінде – ski деп айтылады.
- Ақпарат алып болсақ, тақтаға назар аударайық. Не байқадыңыздар?
- Олардың қозғалысы туралы не айта аласыңдар?
- Дұрыс айтасыздар, мұндай қозғалысты біз кездесу қозғалысы
деп айтамыз. Бүгінгі сабағымызда біз осы кездесу қозғалысына берілген есептермен
жұмыс жасаймыз.
|
Балалар интерактивтік тақтамен жұмыс
жасайды, тапсырмалар орындайды.
- Берілген өлшем бірліктерді 3 топқа біріктіруге болады: 1-топ: жылдамдықты
өлшеу бірліктері - км/сағ, м/мин, км/сек; 2-топ: уақытты өлшеу бірліктері - сағ.,
жыл, мин; 3-топ: қашықтықты өлшеу бірліктері - км, м, см.
- Берілген
суреттер мен жылдамдықтарды сәйкестендіреді.
- Ұяшықтарға қатысты формулаларды орналастырады. Білетін сөздерінің
аудармасын айтады, білмегендерінің аудармасын мұғалім айтуы бойынша қайталап,
меңгереді.
- Жылдамдық, уақыт, қашықтық өлшеу бірліктеріне берілген тапсырманы
орындап, нәтижесін есіктен өткізу арқылы тексереді.
-
Мұз айдынына барып коньки тебеміз, аққала жасап,
шанамен, шаңғымен сырғанаймыз.
- Жоқ.
Мұғаліммен бірге қайталайды.
Шаңғының шығу тарихы туралы ақпарат алады.
-
Шаңғымен сырғанап ойнап жүрген қыз бала мен ұл
бала.
-
Олар бір-біріне қарама-қарсы жүріп келіп, кездесті.
|
Білетін білімдеріне сүйене отырып
жылдамдықты уақыт, қашықтықты өлшеу бірліктерін табады, оларды топтайды.
Тапсырманы берілген нұсқаулыққа сәйкес
орындайды. Денелердің қозғалыстарына тән қасиеттерін салыстырады.
Мұғалім алға қойған проблеманы бұрыннан
білетін білімдерін қолдана отырып шешеді. Ақпаратты белгілі мен белгісізге
бөледі. Белгісіз ақпаратты мұғалім басшылығымен меңгереді.
Жылдамдық, уақыт, қашықтық өлшеу
бірліктеріне берілген тапсырманы орындап, өз білімдерін тексереді.
Дұрыстығына көз жеткізеді.
Мұқият тыңдайды.
Сұрақтарға жауап бере отырып шаңғының шығу
тарихы туралы ақпарат алады.
Ұсынылған ақпараттан қойылған міндеттерді
шешуге қажетін бөліп алады.
|
ІІІ.
Жаңа материалды меңгерту.
|
Электрондық оқулықпен жұмыс.
Балалар, тақтаға назар аударайық.
Сергіту сәті:
Stand up!
Hands up!
Forward!
To the side!
Down!
Sit down!
Тақтамен жұмыс.
-Келесі суретке назар аударайық, мұқият
қарап отырамыз, кейін сіздерге осы сурет бойынша сұрақтар беріледі, соған
жауап беруге әзір отырамыз.
1. Поездардың қозғалыс
бағыты туралы не айтуға болады?
2. Екі поезд бір мезгілде бір-біріне қарама-қарсы
шықса және қозғалыстарын тоқтатпаса, олардың ара қашықтығы қалай өзгереді?
3.Олардың жылдамдықтары бірдей болса, бірдей
уақыт аралығында жүрген жолдары туралы не айтуға болады? Жылдамдықтары әр
түрлі болса ше?
4.Екі поезд бір мезгілде бір-біріне қарама-қарсы
қозғала бастаса, олардың кездескенге дейін жолда болған уақыты туралы не
айтуға болады?
5.Кездескеннен кейін қозғалыстарын әрі қарай
жалғастырса, олардың қозғалыс бағыты жайында не айтуға болады? Ара
қашықтықтары жайында ше?
|
Электрондық оқулықтан қарама-қарсы
қозғалыс туралы ақпарат алады (электрондық оқулықтағы тапсырманы орындайды).
Мұғалім айтқанын қайталауды, сергіту
сәтін орындайды:
Stand up!
Hands up!
Forward!
To the side!
Down!
Sit down!
Мұғалім ұсынған суретке назар аударады, сұрақтарға
жауап беруге әзірленеді.
- Бір-біріне қарама-қарсы қозғалып келеді.
- Олар бір-біріне жақындай түседі, ара қашықтығы кемиді.
- Жылдамдықтары бірдей, уақыттары да бірдей болса, жүрген жолдары да
бірдей болады. Жылдамдығы артық поездың жүрген жолы да артық болады.
- Екі поезд бір мезгілде бір-біріне қарама-қарсы қозғалcа,
жылдамдықтары бірдей болса, олардың кездескенге дейін жолда болған уақыттары
тең болады?
- Кездескеннен кейін қозғалыстарын әрі қарай жалғастырса, олардың
қозғалыс бағыты екі бағытта болады. Ара қашықтықтары арта береді.
|
Жаңа материалды электрондық оқулықтың
көмегімен меңгереді, тапсырманы орындай отырып тақырыпқа байланысты түсініксіз
мәліметтерге жауап алады.
Сергіту сәтін орындайды, бойлары сергиді,
сабаққа белсенділіктері артады.
Суретпен жұмыстанады, сұрақтарға жауап бере
отырып кездесу қозғалысы туралы білімдерін жүйеледі.
|
|
біреуі кездескенге дейін 19
км жол жүрсе, екінші жүргінші неше км жол жүрген.
ә) Бір мезгілде бір-біріне қарама-қарсы
жолға шыққан салт аттының бірі 55 км, ал екіншісі 40
км жол жүрсе, екі ауылдың ара қашықтығы неше км тең?
Мазмұнымен таныстыру:
-
Есепте не туралы айтылған?
-
Есепте не белгілі?
-
Есеп не сұрайды?
Есепті талдау:
-
Екі ауылдан бір мезгілде бір-біріне қарама-қарсы
жолға шыққан машинаның біреуі кездескенге дейін 310
км, ал екіншісі 275км жол жүргендігін білсек, екі ауылдың ара қашықтығын
табуға бола ма?
-
Қандай амал қолданамыз?
-
Қысқаша белгілеуін сызба арқылы жазамыз.
-
Балалар, кері есеп құрастыру үшін нестейміз?
-
Енді кері есеп құрастырайық.
3-есеп.
Дайындық жұмысы:
а) Бір мезгілде бір-біріне қарама-қарсы
жолға шыққан салт аттының бірі 45 км, ал екіншісі одан 10
км артық жүрді. Екінші салт атты неше км жол жүрген.
ә) Бір мезгілде бір-біріне қарама-қарсы
жолға шыққан жеңіл машинаның бірі 90
км, ал екіншісі одан 13 км кем жүрді. Екінші салт атты неше км жол жүрген.
Мазмұнымен таныстыру:
-
Есепте не туралы айтылған?
-
Есепте не белгілі?
-
Есепте не белгісіз?
-
Есеп не сұрайды?
Есепті талдау:
-
Есептің сұрағына бірден жауап беруге бола ма?
-
Оны табуға бола ма? Қандай амал қолданамыз.
-
Енді есеп сұрағына жауап беруге бола ма?
-
Қандай амал қолданамыз?
-
Нешеге нешені қосамыз?
-
Қысқаша белгілеуін сызба арқылы жазамыз.
-
Енді кері есеп құрастырайық.
4-тапсырма.
-Ал енді келесі тапсырмаға назар аударайық.
Кестеде берілгендер бойынша қашықтықты өрнек түрінде жазуымыз қажет.
5-тапсырма.
-
Кестенің бағандарын салыстыр. Не өзгерді? Не
тұрақты болды?
-
Уақыттың өзгерісі туралы не айтуға болады?
Қашықтықтың өзгерісі жайында ше?
-
Жылдамдық тұрақты болғанда уақыт артса, қашықтық
қалай өзгереді? Ал уақыт кемісе ше?
6-мысал.
Бөлуді орындап,
оны тексеруіміз қажет.
7-мысал.
2 м 6 дм * 43
5 км 608
м * 58
7 м 7 дм * 98
5 м2 7 дм2
* 98
45 м 72
см : 36
74 ц 25
кг : 99
8-тапсырма.
Шығармашылық тапсырма.
|
40 км - 19
км = 21 км
Екінші жүргінші 21
км жол жүрген.
55 км + 40
км = 95 км
Екі ауылдың ара
қашықтығы 95 км-ге тең.
- Екі машинаның
бір-біріне қарама-қарсы жолға шыққаны және кездескені туралы.
- Олардың біреуі
кездескенге дейін 310 км, ал екіншісі 275км жол жүргендігі.
- Екі ауылдың
ара қашықтығын.
-
Ия.
-
Қосу.
Шешуі: 310
км + 275 км = 585 км - екі ауылдың ара қашықтығы.
Жауабы: Екі ауылдың ара қашықтығы 585
км.
-
Белгіліні белгісіз, белгісізді белгілі етіп
аламыз.
-
Екі ауылдан бір мезгілде екі машина бір-біріне
қарама-қарсы жолға шықты. Олардың біреуі кездескенге дейін 310
км жол жүрді. Екі ауылдың ара қашықтығы 585
км. Екінші машина неше км жол жүрген?
Шешуі: 585
км - 310 км = 275 км – екінші машинаның жүрген жолы. Жауабы: Екінші машина 275
км жол жүрген.
Есепті
оқиды.
Екі ауылдан бір мезгілде екі салт атты
бір-біріне қарама-қарсы жолға шықты. Олардың біреуі кездескенге дейін 27км,
ал екіншісі одан 7км артық жүрді. Екі ауылдың ара қашықтығы неше километр?
Кері есеп құрастыр, оны шығар.
45 км + 10
км = 55 км
Екінші салт атты 55
км жол жүрген.
90 км - 13
км = 77 км
Екінші салт атты 77
км жол жүрген.
-
Екі салт аттының бір-біріне қарама-қарсы жолға шығып
кездескені туралы.
-
Біреуі кездескенге дейін 27км, ал екіншісі одан
7км артық жүргендігі.
-
Екінші салт аттының жүрген жолы.
-
Екі ауылдың ара қашықтығын.
-
Жоқ. Өйткені біз екінші салт аттының жүрген жолын
білмейміз.
-
Ия. 7км-ге артық болса қосу амалын қолданамыз. 27
км+7 км=34 км
-
Ия.
-
Қосу.
-
27 км+ 34
км
Шешуі: 27 км+ (27
км +7 км) = 61 км - екі ауылдың ара қашықтығы.
Жауабы: Екі ауылдың ара қашықтығы 61
км.
Екі ауылдан бір мезгілде екі салт атты
бір-біріне қарама-қарсы жолға шықты. Олардың біреуі кездескенге дейін 34
км, ал екіншісі одан 7км кем жүрді. Екі ауылдың ара қашықтығы неше километр?
Шешуі: 34 км+ (34
км – 7 км) = 61 км - екі ауылдың ара қашықтығы.
Жауабы: Екі ауылдың ара қашықтығы 61
км.
Берілгендер бойынша қашықтықты өрнек түрінде
жазады:
60 км/сағ * 3 сағ
х км/сағ * 5 сағ
80 км/сағ * х сағ
-
Уақыт артып, жылдамдық тұрақты болып тұр.
-
Уақыт 2 сағ-қа артып тұр, ал қашықтық 20 км-ге артып
тұр.
-
Жылдамдық тұрақты болғанда уақыт артса, қашықтық
та артады. Ал уақыт кемісе, қашықтық та кемиді.
5576
|
68
|
-544
|
82
|
136
|
|
-136
|
|
0
|
|
Тексеру:
1254
|
38
|
-114
|
33
|
114
|
|
-114
|
|
0
|
|
23872
|
32
|
-224
|
746
|
147
|
|
-128
|
|
192
|
|
-192
|
|
0
|
|
Тексеру:
32
|
*746
|
192
|
+128
|
+224
|
23872
|
11745
|
27
|
-108
|
435
|
94
|
|
-81
|
|
135
|
|
-135
|
|
0
|
|
Тексеру:
27
|
*435
|
135
|
+81
|
+108
|
11745
|
2 м 6 дм * 43 = 26 дм
* 43 = 1118 дм = 111 м 8 дм
5 км 608
м * 58 = 325264 м = 325 км 264м
7 м 7 дм * 98 = 7546
дм = 754 м 6 дм
5 м2 7 дм2
* 98 = 49686 дм2 = 496 м2 86дм2
45 м 72
см : 36 = 4572 см : 36 = 127 см= 1 м 27
см
74 ц 25
кг : 99 7425 кг : 99 = 75 кг
- Суретте барлығы 5 үшбұрыш бар. Төртбұрыштар 7.
Үшбұрыш – ABC, CDE, EKO, BCD, DEK. Төртбұрыштар
– ABKO, ABCD, CDKE, OKDE, DECB, ABKE, OKBC.
123
123123
123123:7=17589
17589:123=143
143:11=13
13*2=26
2+6=8
445
445445
445445:7=63635
63635: 445=143
143:11=13
13*2=26
2+6=8
|
Мазмұнымен қойылған сұрақтарға жауап бере
отырып танысады.
Есепті талдайды, шығару жолын жоспарлайды.
Қысқаша берілгенін сызба түрінде береді.
Кері есеп құрастырады, оны шешеді.
Есепті түсініп оқиды, мұғалім қойған
сұрақтарға түсініп жауап береді.
Мазмұнымен қойылған сұрақтарға жауап бере
отырып танысады.
Есепті талдайды, шығару жолын жоспарлайды.
Қысқаша берілгенін сызба түрінде береді.
Кері есеп құрастырады, оны шешеді.
Берілгендер бойынша өрнек құрастырады.
Тапсырмада берілген өлшем бірліктерді
салыстырады, талдайды, қорытынды жасайды.
Жазбаша көбейту мен бөлудің алгоритмдерін
дұрыс орындайды. Өз қызметінің нәтижесін тексереді.
Берілген шама бірліктерін ірілендіру,
ұсақтау арқылы берілген тапсырманы орындайды.
Берілген суреттен үшбұрыштар мен
төртбұрыштарды табады. Өз жауабын өзге оқушылармен салыстырады.
Тапсырманы берілген алгоритм бойынша
орындайды. Бірнеше жауаптарды салыстырады. Ұқсастықтарын байқайды.
|
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.