Инфоурок Школьному психологу Другие методич. материалыКездесу "Сен де бір кірпіш дүниеге" (11 сынып)

Кездесу "Сен де бір кірпіш дүниеге" (11 сынып)

Скачать материал

КЕЗДЕСУ «Сен де бір - кірпіш дүниеге…»

(кездесу кеші)

Мақсаты: Мектеп бітірушілерді болашақ мамандық таңдауға бейімдеу, кәсіби бағыт – бағдар беру.
Жоспар:
1. Концерттік бағдарлама
2. Студенттер мен оқушылар арасындағы ойын
3. Студенттерге оқушылардың қоятын сұрақтары
1 - жүргізуші:
Армысыздар, қадірменді халайық!
Сәлем сөздің сыр айнасын ашайық.
Қуанышты шаттықпенен жүздесіп,
Баршаңызға мол қуаныш сыйлайық.
Саламатсыздар ма, құрметті ұстаздар!
2 - жүргізуші:
І - ші курста аузын ашып, семинарда пардан қашып, лекцияда секіріп, сессиядан жүгіріп, емтиханда жылап, навыктен құлап, каникулда қыдырып, апайларға өтірік күліп, универдің ауасын жұтып, степендиядан лоторея ұтып, жүрген студенттерге жалынды сәлем!
1 - жүргізуші:
Қайда менің студенттік күндерім,
Жалындаған жастық шағым, күн керім.
Дауылдатып, думандатып жүретін,
Бақытты сәт, шалқып шығар күндерім.
Қайда сол бір асыл жанды достарым?
Аңқылдаған жарқылдаған от жалын.
Сұңқар жігіт, аққу қыздар қайдасың?
Еске аламыз жүрегімде от жанып,- деп ақын ағамыз жырлап кеткен студенттік өмірдің қан майданында жүрген жастарымызбен оқушылар арасындағы кешті ашық деп жариялаймыз!
2 - жүргізуші:
Қош келдің тәуелсіз ел қырандары,
Жақсы атың шартарапқа шығар әлі.
Өнеге үлгі болған кішілерге,
Ұстаздар шын пейілмен жыр арнады,- деп кешіміздің алғашқы сөз кезегін мектебіміздің директоры Байбосынова Айгүл Есжанқызына береміз!
1 - жүргізуші: Ия, уақыт деген зымыран! “Кеше ғана бала ең, келдің ғой талай жасқа”, - деп ұлы Абай атамыз айтып кеткендей, алдарыңызда кеше ғана мектеп партасында отырып сусындаған шәкірттеріңіз таудай болып, жайқалған жасыл баудай болып үлкен білім ордаларының студенттері болып отыр. Көк байрағын желбіретіп, Әнұранын асқақтаған егемен еліміздің ертеңі мен келешегі.
2 - жүргізуші:
Бұл жастар - ел бірлігін ойлайтын, өз Отанын қорғайтын, өркениет өсіретін, аға - апаларымыздың ісін ары қарай жалғастыратын болашақ азаматтар. Ертеңгі күннің құрығын қолға ұстап, жолға шыққан студент жастар қадамдарыңа нұр жаусын. Бүгінгі кешті өткізудегі басты мақсат студенттік өмірдің қызықты сәттері туралы сұрақтарға жауап алу еді.
Алдымен өздеріңіз оқитын оқу орны туралы мәлімет беріп, өз мамандықтарыңыз туралы айта кетсеңіздер
- Алматы қаласындағы Әл - Фараби атындағы ұлттық мемлекеттік университеттің 1 - курс студенті ____
(Аты-жөні студенттің) сізді степендияның иегері деп естідік, сіздің қолыңыз оған қалай жетті? – Егер жасырын болмаса, ай сайын степендияға қанша аласыз?
- Келесі кезекте Астана қаласындағы Гумилев атындағы ұлттық университеттің 1 - курс студенттері барша студенттердің арманы болған айбынды да, көрікті қала, Қазақстанның жүрегі – Астанада оқисыздар, Астанада оқуды бала күннен мақсат қылдыңыздар ма? Сіздер оқитын оқу орының ерекшеліктері туралы кеңінен баяндап берсеңіздер.
- Қ. И. Сатпаев атындағы КазНТУ студенттері Алматы қаласының ауа - райы қандай екенін, оқу орындары туралы кейінгі іні - сіңлілеріңізге қандай ақыл - кеңес бере аласыздар? Айта кетсеңіздер.
- М. Өтемісұлы атындағы университеттің студенттері шындарыңызды айтыңыздаршы, қаланы сағындыңыздар ма? Соның ішінде, атап айтқанда, нені сағындыңыздар?
- Ақтөбе қаласындағы М. Оспанов атындағы медициналық университет студенттері сіздер оқитын оқу - орны несімен ерекшеленеді?
- Ақтөбе қаласындағы Қ. Жұбанов атындағы университет студенттері оқып жатқан оқу орнын қалай жарнамалаған болар едіңіздер?
- Ақтөбе қаласындағы С. Бәйішев атындағы университет студенттері мектепті сағындыңыздар ма? Мектеп ішіндегі өзгерістер ұнады ма?
1 - жүргізуші:
Қанатты асау тұлпардай,
Қанаттарың талмасын.
Қалықтаған сұңқардай,
Талаптарың самғасын.
Ендігі кезекті студенттер кешінің символы болған « Естеліктер» кітабына тілектеріңізді жазыңыздар
2 - жүргізуші:
Асау жүрек жанығып алқынбасын,
Бойына біткен шынардай биіктерде,
Халқымыздың ән өнері жарқылдасын,- дей отырып, сіздерге арналған шағын концертімізді бастаймыз
1 - жүргізуші:
Өнерпаздар жарысып сансаналы,
Жиын десе, той десе жан салады.
Кешіміздің ашылу құрметіне,
Әуелеген әсем ән жолданады.
10 сынып оқушылары орындауында «Достар» әнін тамашалаңыздар!

2 - жүргізуші:
Кешіміз өтіп жатыр салтанатты,
Төгілген күн нұрының шапағаты.
Мың бұралып бишілер би билейді,
Халайық, қол соғып қуанышпен.
1 - жүргізуші:
Мерекеміз бүгінгі құтты болсын!
Әрқашан мерекелік көңіл болсын!
Кеудеміз күмбірлеген жырға толып,
Қане, достар, күлкімен орта толсын.
2 - жүргізуші: Ендігі кезекте ойынға береміз. Ортаға 2 студент, 2 - оқушы шақырамыз, яғни 2 топқа бөлінеді. Ойынның шарттары: Терминдерді әр топ өздерінше түсіндіруі керек, мүмкіндігінше әзілмен.
Студенттерге қойылатын терминдер:
1. Лекция, сессия
2. Стипендия, жатақхана
3. Аудитория, декан
1 - жүргізуші:
Оқушыларға арналған терминдер:
1. 1 қыркүйек, 25 мамыр, каникул
2. Директор, сынып жетекшісі, парталас
3. Бақылау, емтихан, тест
Әр адамның басында қызықты да шытырман оқиғалар өтпей ме? Әсіресе студенттік және оқушылық кезеңде шешуін таппас уақиғаларға тап келесің. Ал, сол кезде сендер не істер едіңдер?
2 - жүргізуші:
Келесі кезекте мен бір жағдай туралы оқимын, соған жауап берулерің керек. Сондай кезеңде тығырықтан қалай шығар едіңдер? Ал іске сәт. Оқушыларға берілетін жағдай.
Сабақ өтіп жатыр. Сынып іші тып - тыныш. Мұғалім сабақ түсіндіріп жатыр. Тек бір баладан басқа балалар сабақты мұқият тыңдап отыр. Жаңағы бала оқыс қылықтар жасап, оқушыларға кедергі келтіріп отыр. Тыныш отыр деген сөзге құлақ аспады. Бірақ бұл бала осы сабақты түсініп шығуы керек, шығарып жіберуге болмайды. Егер мұғалім болсаң не істер едің?
1 - жүргізуші:
Студенттерге берілетін уақиға. Сессия уақыты. Емтихан жүріп жатыр. Мұғалім тым қатал. Сенін ең жақын досың қолындағы билетінің жауабын білмейтінін ыммен түсіндірді. Сен бұл сұрақты білесің. Бұл жағдайда сен досыңа қалай көмек берер едің?
2 - жүргізуші:
Студенттерге оқушылардың қоятын сұрақтары болса рұқсат.
- Куратор мен сынып жетекшінің айырмашылығы бар ма?
- Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек деп ойлайсыз?
- Адам болашақ өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу қажет?
- Бұл мамандықты таңдауыңызға не себеп болды?
- Жақсы маман болуы үшін адам нені біліп, нені үйренуі қажет?
- Осы мамандығыңызға жүрек қалауыңызбен бардыңыз ба?
- Әттеген - ай деген шақтарыңыз болды ма?
- Мектепте жүрген кездеріңіз ұнай ма? Әлде студенттік кезең ұнай ма?
1 - жүргізуші:
Студенттердің оқушыларға айтар тілектері бар ма екен? Тыңдайық
1 - жүргізуші:
- Я шынымен де студентік өмір қызықты да көңілді өтетіні анық! Қиын да сәттері болады. Алайда осының бәріне тойтарыс беретін жас студенттер аз емес. Студенттің басты мақсаты білім алу, болашақ маман иесі болу! Әрине, әр студент өз мамандығына мұқият, тыңғылықты болуы қажет!
2 - жүргізуші:
Ия студент, ол - Студент!
Студенттік өмір – Махаббат қызық мол жылдар!
Сессия – Тар жол тайғақ кешу.
Сессиядан кейін – Дауылдан кейін.
Степендия – Ұзаққа бармайтын қуаныш.
Далаға шыққан студент – Жаяу Мұса.
Свидание – Кешікпей келем деп ең.
Лекция – Қалғып - мүлгу.
Семинар – Сен тимесең, мен тимеймін.
Диплом қорғау – Қыл көпір.
1 - жүргізуші:
Уақыт шіркін зымырайды шақтары.
Алдымызда ақ үмітпен атқалы.
Жастық жігер, білімі бар, сөзге бай,
Бозбала мен Бойжеткен ол күн мен ай,
1 - 2 ай сауық құрып күнде жай,
Сессияда ұйықтамаған күндер - ай.
Ауыл, ақша, сабақ, сосын вечер - той,
Өмір мәні махаббатқа жетер ме ой…
Үлгеретін ал осының бәріне, студенттер мықты халық екен ғой.
1
1 класс оқушысы _____ студенттерге арнап әсем ән шырқайды.
2 - жүргізуші:
Басталмаған қаланың дастаны әлі,
Бірінші жыл
Дала деп жас тамады.
Бірінші жыл ауылы естен кетпей,
Үшінші жыл қимайды бұл орданы.
Үш жыл бойы қызартып, имендіріп,
Біреуі үшін қуанып, күйген болып.
Бірін - бірі ұзатып өз қолынан,
Бірін - бірі қолынан үйлендіріп.
О, жастық - ай, алмайтын өлмей тыным,
Ойын - тойсыз өмірге көнбейтұғын.
Бірге барса баратын бір топ болып,
Жалғыз жүру дегенді білмейтұғын.
1 - жүргізуші:
О, жастық - ай, мойымас тау - тасыңа,
Омыртқаңды үзеді ол,
Дау тасыма.
Ортақ оның қайғысы, қуанышы,
Ортақ оның малтасы, қалтасы да…
Керемет қой,
Қызық қой сезім деген,
Көктемде кім үйден безінбеген!
Он ай бойы масайрап ойнағандар
Емтиханда отыз күн көз ілмеген.
Лайланып кетсе де тұнық ойы,
Қыдыруға болмайды мұны қойып.
Баррикада жасап ап
Қалың томнан,
Бас алмайды енді олар күні бойы.
1 - жүргізуші:
Ұрпағы ұландары текті жердің,
Қашанда болмысыңа сүйінемін
Кешегі ғалымдар да, мамандар да,
Шығады
өздеріңнен деп білемін
2 - жүргізуші:
Студент ертеңіне жол ашады,
Асқақта нұрлы болар болашағы.
Дәл осы мектебімде білім алып,
Арманға аласармас қыр асады.
1 - жүргізуші:
Рахмет! Бұл кешке келгеніңе достар,
Қатарыңның алды бол көшті бастар.
Биіктерден әрдайым көріне бер.
Иесі болашақтың - сендер жастар!
- Құрметті студенттер! Егер келесідей ситуациялық жағдайлар бола қалған жағ
дайдағы сіздердің әрекетіңіз қандай?
№1 тапсырма.
Сіз группаластарыңызбен автобуста келесіз. Қалталарыңызда билетке ақша жоқ. Бірақ қалайда сабақтан қалмау керек. Түсетін аялдамаға жеткенде достарыңыз шапшаң түсіп кетті, ал сіз кондукторға ұсталып қалдыңыз. Сіз осы жағдайдан қалай шығасыз?
№2 тапсырма.
Жатақхана. Сіздің туған күніңіз тойланып жатыр. Асханада ауылдан келген жылқының сүр еті асылып жатыр. Шай ішіп болып «Ламбада»
билеп жүрсіздер. Еттің нанын салайын деп асханаға барсаңыз қазан ЖОҚ! Не істейсіз? Сол кездегі көңіл күйіңізді көрсетіңіз? Қонақтарға қалай жеткізесіз?
№3 тапсырма.
Жатақхана. Ақшаның, тамақтың таусылып барлығыңыздың тарығып жүрген кездеріңіз. Үзілістің кезінде досыңызбен жүрек жалғау үшін бөлмеге келдіңіз.
3 тілім нан мен 2 жұмыртқа ғана бар. Осы кезде аш жүрген көрші 2 жігіт есікті қағады. Сіздердің бөлмеде екендерізді біледі, бірақ сіздер де аз тамақты бөліскілеріңіз келмейді. Не істейсіз?
№4 тапсырма.
Жатақхана. Өздеріңіз білетіндей асхана әр этажда екеу. Барлығы бос емес. Ал сіздің құрбыңыз жылдам тамақ дайындауы қажет. Бөлмеде плитка қосып тамақ әзірлеуге қатаң тиым салынғанын білсе де солай етуге мәжбүр болды. Осы кезде комендант тексеріп келе жатыр. Сіз құрбыңызға шұғыл хабар беруіңіз керек. Қасыңызда комендант Бағила апай. Сіздің тактикаңыз?
Жағдайды қалай реттейсіз?
2 - жүргізуші:
Ащыны да, тәттіні де көріп тұрар,
Сонда да жанарыңда бақыт тұрар.
Бірде аш, бірде тоқ боп жүретұғын,
Біз сияқты "студенттер" бақыттылар!
1 - жүргізуші:
Самғаңдар бейбіт елдің аспанында,
Зулайды жастық дәурен қас - қағамда.
Мектебің ұстаздарың алтын қазық,
Тілейді сәтті қадам жастарына.
- Бүгінгі салтанатты жиынымызды қорытындылау үшін сөз кезегін мектебіміздің тәрбие ісінің меңгерушісі
Бегалиева Гүлжан Тілеулесқызына береміз.
2 - жүргізуші:
Өмірлерің студенттік мәнді болсын,
Қызыққа әнге толсын, сәнді болсын.
Қайда барсаң жолдарың ашық болып,
Біліміңе бар әлем тәнті болсын! – дей келе бүгінгі студенттермен кездесу кешіміз осымен аяқталды. Уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рахмет. Кешіміз әрі қарай би кешімен жалғасады. Қош сау болыңыздар!

11 сынып оқушыларының орындауында флешмоб.









Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Кездесу "Сен де бір кірпіш дүниеге" (11 сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Директор риск-менеджмента

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 164 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.02.2016 1141
    • DOCX 29.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жузбаева Айша Сайпидиновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жузбаева Айша Сайпидиновна
    Жузбаева Айша Сайпидиновна
    • На сайте: 8 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 10149
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Основы кризисной психологии: кризисные состояния у детей и подростков

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 103 человека из 35 регионов
  • Этот курс уже прошли 217 человек

Курс повышения квалификации

Разработка коррекционно-развивающей программы по формированию психологической готовности ребенка к школе

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 52 человека из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 226 человек

Курс повышения квалификации

Уверенность, уверенное поведение, воспитание волевых привычек, развитие учебной мотивации у детей и подростков

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 81 человек из 31 региона
  • Этот курс уже прошли 249 человек

Мини-курс

Основы психологии личности: от нарциссизма к творчеству

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 41 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Занятия спортом при заболеваниях опорно-двигательного аппарата

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 40 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 48 человек

Мини-курс

Театральная педагогика: творческое развитие и воспитание

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 24 человека