Тәуелсіздік
тұғыры биік болсын!
Мақсаты: 1. Еліміздің Тәуелсіздік алып жеткен
жетістігімен таныстыру, Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек
екенін түсіндіру.
2. Желтоқсан құрбандарын еске алу, тіл
байлықтарын, сана-сезімдерін дамыту.
3. Туған жеріне, еліне деген
сүйіспеншіліктерін арттыру, Отанды сүюге, байлығын қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Бейне фильм, слайдтар.
Түрі: Әдеби музыкалық кеш.
Барысы:
Мұғалім: Армысыздар, әріптестер,қонақтар,
және шәкірттер! « Тәуелсіздік тұғыры биік болсын!» атты әдеби музыкалық
кешімізге қош келдіңіздер! Бүгінгі Тәуелсіздікке халқымыз оңайлықпен жеткен
жоқ. Бұл күнге қаншама қандастарымыз өз өмірлерін қиды. Әсіресе желтоқсан
оқиғасының жаңғырығы жүздеген жылдарға кететініне енді ешқандай күмән жоқ. 1991
жылы иісі қазақ Тәуелсіздікке қолы жетіп шаттыққа бөленді. Шетсіз-
шексіз, қиырсыз, ұлы дала, Шуақ
болып шомылмай жылына ма? Сүй
Отанды, шынымен сүйіп өт те Гүл
боп қадал ойына , қырына да,- деп Мұқағали ақын жырлағандай біздің
оқушылардың осы дәстүрді тоздырмай, жоғалтпай бүгінде сіздерге дайындаған
әдеби кешімізді ұсынамыз.
Ән « Жаса, Қазақстан!» .
1 жүргізуші: Тәуелсіздік! Бұл неге
соншама қастерлі сөз! Неге сонша қастерлі ұғым! Әдетте әр халық, дәлірек
айтқанда әр ұлт өз елін өзгеге билетпеуге күш салады. Өзі мекендейтін жерді
жаудан жанын сала қорғайды. Бұл- атадан балаға мирас болып келе жатқан дәстүр.
1- оқушы.
Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген, Жөргегінде
таныстым мұң тілімен . Жылағанда
жүрегім күн тұтылып, Қуанғанда
күлкімнен түн түрілген.
Мен
қазақпын, биікпін, байтақ елмін, Қайта
тудым, өмірге қайта келдім. Мен
мың ғасыр тірілдім мәңгі өлмеске, Айта
бергім келеді, айта бергім.
2- Оқушы.
Біз қазақпыз ел үшін атқа мінген, Жанып
жатқан лапылдап отқа түскен. Бойтұмар
ғып ар-ождан қазынасын , Ерлеріміз
ел намысын сақтап жүрген. Біз
қазақпыз қастелер баба салтын, Аман
бол, айналайын дана халқым. Күн
туса атқа қонам бір сен үшін, Міне
жаным, міне қаным, міне антым!
2 жүргізуші: Халқым,
елім, жерім, Атамекенім! Бірлігіміз білектің күшіндей еді ғой! Қайран қазақ
елі! Жас ұрпаққа айта алмаған, жеткізе алмаған, сырға толы, мұңға толы тарихи
парақтары қаншама. Оған куә мына жатқан кең сары дала, заңғар таулар,
өзен-көлдер, құм-шөлдер, тарихи ескерткіштер, мазарлар мен қалалар. Ғасырлар
бойы ата-бабамыздың қаны тамған топырақ иісі мүңкіп тұр.
Көрініс: «Апасы мен
немересі» .
(Ақырын басып қарт ана сахнаға
шығады. Осы кезде немересі жүгіріп келеді.) Немересі:
Әже, өткен өмір деген не? Әжесі:
Ә, балам, өткен өмір сонау ежелгі ата-бабаларымыздың ерте кезден бергі өткен
өмір жолы, тарихы емес пе? Немересі: Ал
ол қандай болған? Әжесі:
Ендеше тыңда балам, әжең бір сөйлесін.
Болмаса да
оқыған тарихшы атым, Жинадым
ескілерден тарих хатын. Мақсаты,
кейінгі ұрпақ ұмытпаса, Айтылған
аталардың аманатын. Сондықтан балам, сен де өз тарихыңды білуің керек. Балам,
теледидарды қосшы. Тарихты тыңдайық.
(Интерактивті тақтада
«Желтоқсан оқиғасы» көрсетіледі.)
3-оқушы. Әке тұрып сөйлеп
кетті баламыз, Ағайыннан
алыс кетті арамыз. Үш
миллион аштан өлген бабамыз, Қалғанымыз
қайда кетіп барамыз. Шұбар
ала болып кеткен тілдерің, Айтатұғын
келді бүгін күндерің, Тілің
кетсе, күнің қоса кетерін, Қайран
елім, қалай ғана білмедің.
4-оқушы. Мәз болмайық
арқамыздан қаққанға, Мәз болмайық
жұлдыз әкеп таққанға. Кімге
керек жал мен жая жегенің, Бауырларың
қыл тамақ боп жатқанда. Бауырларым,
жанымыз бір кемеде, Уық
сынып, қирап жатты кереге. Өз
дауысын көтермесе өз елім, Өзгелерге
Абай, Семей немене!
5- оқушы. Оқымаған биікте
тұр бабамыз, Оқыдық қой
неге саяз санамыз. Асқынды
ғой, асқынды қой жарамыз, Ей,
бауырлар қайда кетіп барамыз? Айтатұғын
атты бүгін ақ таңдар, Бәрін
біреу береді деп жатпаңдар. Бір
қазақты үшке бөліп бөлінбей Қайран
елім, бірлігіңді сақтаңдар!
1-жүргізуші. Дүниені дүр
сілкіндірген 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының қанды ызғары бүкіл одақ көлемін
шарпып, Грузияда, Прибалтикада, Ресейдегі оқиғалардың тұтануына тарихи әсерін
тигізді. Қызыл империяның ошағы болған КСРО-ның ыдырауына әкеп соқты.
2-жүргізуші. 1986 жылдың
16 желтоқсанында Республика орталық комитетінің 5 пленумы болды. Небәрі 18
минутқа созылған осы пленумда республиканы ширек ғасыр бойы басқарып келген
Дінмұхамет Ахметұлы Қонаевтың орнына Г.В. Колбин сайланды.
1-жүргізуші. Жауыздықтың
қыры мен сыры да көп. Оның бір айғағы- 1986 жылдың желтоқсанында Алматыдағы
алаңға ақ пейілмен шығып, партия мен үкімет басшыларынан саяси сауаттылықты,
адамгершілікті талап еткен студент, жұмысшы жастарымыздың қарақшылықпен
жазалануы, қорлануы.
2-жүргізуші. Халқымыздың
Тәуелсіздігі, Егемендігі жолында өз өмірін қиған құрбандардың рухына құрмет
көрсету- қазақ азаматтарының игі борышы. Бұлақты көлге, әскерді елге қарсы
қоюға болмайды, өйткені әділет жеңбей қоймайды. Барлығы 99 адам сотталды. Оның
ішінде Қазақ КСР Жоғары соты- 11 адамды, Алматы қалалық соты- 59 адамды жазаға
тартты, 83 адам 1,5 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айрылады. 1992
жылдың қыркүйегіне дейін 46 адам ақталды.
(Көрініс. «Сол бір
күнде»).
Қауіпсіздік қызметкері:
Ұстаңдар, бұзақыны. Әкетіңдер , жауып тастаңдар.
Кезекші! Қылмыскер
Қайрат Рысқұлбековті алып келіңдер!
Тергеуші:
Халық жасақшысы Савицкийді өлтірген сен бе? Қайрат:
Жоқ. Мен емес.
Тергеуші:
сен өлтірген, мойында . мойныңа ал.
Қайрат:
Мен өлтірген жоқпын. Бұл жала . Өтірік жала.
Тергеуші:
Өлтірген сен. Бәрібір жазадан құтылмайсың. Бұзақы.
Прокурор:
Тұрыңыздар! Сот келе жатыр.
Тергеуші:
Қылмыскер Рысқұлбекав алаңға не мақсатпен бардың?
Қайрат:
ол жерге барған себебім, біріншіден, ел айтқан , естіген сөздерді өз көзіммен
көру үшін бардым. Екіншіден, алаңдағы қазақ қыздарын ұрып-соғып жатыр деген
соң , оларды арашалап, қорғауға бардым. Ол жердегі бауырларыма көмектескенім
де рас. Ол үшін өкінбеймін, керісінше мақтан тұтамын. Әр қазақ азаматының өз
бауырын қорғауы – парыз.
Сот:
Сен 9 автомашинаны өртепсің, Жасақшыны соққыға жығыпсың соны мойындайсың ба?
Қайрат:
Ондай жалғандықты мойындамаймын.
Тергеуші:
Сот кеңесуге кетті.
(Біраздан соң)
-Сот
келе жатыр! Тұрыңдар!
Сот:
ҚазССР Жоғарғы соты үкім етеді: Қылмыскер Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков
кінәлі деп табылып, халық жасақшысы Савицкийдің өліміне байланысты және 9
автомашинаны өртегені туралы Қазақ КСР Қылмыстық кодексінің 60 бабы бойынша 3
жылға бас бостандығынан, 173 бабы бойынша өлім жазасы кесілді.
Қайрат:
Бұл әділдік емес. Мені қылмыс жасады деп жала жауып , көзімді жойғанмен ертең
істің ақ –қарасын ажыратар күн туар!
Сот :
Соңғы сөз беріледі.
Қайрат:(Өлең
оқиды).Жалалы боп қатты батты жаныма, Жазалаушы
қағаз алдым қолыма. Жігіттер-ай,
айтып- айтпай не керек, Жазған
екен маңдайыма, сорыма. Әкетай-ау,
пайғамбардай жасың бар. Бола
бермес сіз секілді асылдар. Қартайғанда
жүрегіңді жаралап, Кесір
болды-ау біз секілді «масылдар». Айналайын,
қарындасым, қарағым, Қолда
кісен, мен айдауға барамын. Қайғы
шегіп азап тартқан ағаңды, Айтшы
жаным, қандай жанға баладың? Айналайын
інішегім, құлыным, Сені
ойласам үзіледі жұлыным. Сенің
ерке ақ жүзіңді көре алмай, Кетіп
барам мен айдауға, құлыным. Қайрат
деген атым бар, Қазақ
деген затым бар, Күнәдан
таза басым бар, Жиырма
бірде жасым бар, Қасқалдақтай
қаным бар, Бозторғайдай
жаным бар, «Еркек
тоқты- құрбандық» Атам
десең, атыңдар!
Тергеуші:
Әкетіңдер!
Анасының дауысы:
Балам, балапаным! Оның не жазығы бар еді?! Сенбеймін. Ұлым! Қайратым! (Алып
шығып кетеді. Ана зары естіледі.)
1жүргізуші:
Қанша жыл, қанша ғасыр өтсе де ұмытылмайтын оқиғалар болады. Ұмытылмайтын
себебі- ол оқиғалардың халық тағдырымен байланыстылығында. Қоғам құрсағында
жетілген қайшылықтың салдары ретінде көрінген мұндай құбылыстардың талайы
тарихтан белгілі.
2 жүргізуші:
Желтоқсанда жарқырап мезгілсіз аққан жұлдыздар ең биікте тұруы тиіс. Біздің
бүгінгі кешіміз де елінің Тәуелсіздігі үшін өмірін қиған жауқазындай ұл-қыздарымыздың
рухына арналып отыр.
1- Жүргізуші:
Бүгінгі біздің бақытты өміріміз үшін қан төгіп құрбан болған боздақтарымыз
мәңгі есімізде. Тәуелсіздік үшін жанын пида еткен ағалар мен апаларға
басымызды иеміз!
6-оқушы: Әр дәуірдің
еркіне сай нарқы өзгерген алтынның, Айналайын
алтын әнім, жас өркені халқымның. Желтоқсанда
шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың, Желтоқсанда егеменді ел
болсақ деп талпындың. Кеудеңде әлі сызы жатыр
сол кездегі салқынның, Айналайын, айналайын, жас
өркені халқымның. Ерте айтылды, сондықтан
да келте айтылды бұл әнің. Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік
болмақ қалауы, Лаула, лаула,
Желтоқсанның мұзға жаққан алауы Өздеріңдей өр
намысты жас өркені бар елдің, Ешқашанда
еңкеюге тиісті емес жалауы.
7- оқушы: Кінәлі ме,
ақын Қайрат, ер Қайрат?
Ауа
жетпей атып шыққан алаңға, Қылқындырған
қиянатқа көнбеді ол, Тапталғысы
келмеді ол табанға. Әсте
естен шығармайды жыр мұны, Айтады
ылғи домбыраның күмбірі. Аты
аталса күрсіндірер жылатып, Желтоқсандық
азамат пен құрбаны. Жатыр
бүгін мойынқұмның баурында Қара
өлеңнің ерте солған бір гүлі.
Көрініс.
Әжесі: Бұған да тәуба,
Егемендік алып әлем таныды ғой елімізді.
Немересі: Әже Егемендік
деген не?
Әжесі: Егемендік « иесі
мен» деген сөз, көптен бері естімеген сөз. «Егеменді» деген сөзден естілер
Атажұрттың арғысы мен бергісі. Желбіреген көк байрағымыз, айтылды әнұранымыз,
жарқыраған елтаңбамыз төрімізде ілулі тұр. Ұмытпаңдар, айналайын, ұрпақтарым!
(Әже немересімен гүл
шоғын қояды)
«Көк тудың желбірегені»
әні орындалады.
1- Жүргізуші:
Қара мына ғажапты, Теңдік
тиді қазаққа. Езгідегі
ұрпағың Енді
айналды азатқа.
2- Жүргізуші:
Тербетіп тұрса болды жер бесігін, Дәулеттің
біз тілейміз көл-көсірін, Көз
тимей, кірбің түспей қабағыңа, Қашанда
құтты болғай енді осы күн!
1- Жүргізуші:
Желдей еркін, түздей кең, таңдай азат, «Мен
қазақпын» деген де қандай ғажап! Мақтан
етсін халықтар халықтығын, Жетер сан жыл
шеккені талай азап.
2- Жүргізуші:
Байтақ дала- жерім менің, Арта
берсін кенің сенің. Көк
байрағың желбіресін Егеменді
елім менің.
Бүгінгі
Тәуелсіздік күніне арналған әдеби кешіміз осымен аяқталды. Еліміз аман,
жұртымыз тыныш болсын! Келесі кездескенше сау болыңыздар!
Соңы.
№25 орта мектебі, Красноярка ауылы.
Әдеби кеш.
«Тәуелсіздік тұғыры
биік болсын»
Өткізген:
Танырбергенова Р.Б.
2014-2015 оқу жылы.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.