Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыКластан тыс жұмыс "Қош бол, Бастауыш!"

Кластан тыс жұмыс "Қош бол, Бастауыш!"

Скачать материал

Қош бол, бастауыш!

Мақсаты:  Білімге ,өнерге деген қызығушылығын  арттыра отырып, білім ордасын ұстаздарды құрметтей  білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: шарлар, гүлдер, плакаттар.

Барысы:  Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Сіздер  «Қош бол, бастауыш» атты бастауышпен қоштасу ертеңгілігіне  жиналып отырсыздар. Қадамдарыңыз құтты болсын! Алдарыңызға шығатын балалар осыдан  төрт жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кіп-кішкентай балдырғандар еді. Енді, міне бойлары да, ойлары да өсіп, бастауыштан орта буынға өткелі тұр. «Талаптарына нұр жаусын!» деп ертеңгілікті ашуға рұқсат етіңіздер.

-Білімбек: Сәлеметсің бе, жалқаубек!

-Привет, Білімбек.

-Жалқаубек, біз бүгін класс оқушылары бастауышпен қоштасқалы жатырмыз. Сен қайда жүрсің? Сен де бір ақылыңды неге қоспайсың?

-Жалқаубек: А, қашан? Шынымен айтып тұрсың ба? Мен бастауышпен қоштасқым келмейді. Бірмұғалімнің айтқанына шақ шыдап жүрмін.Жоғарғы класта   6 сабақтан 6  мұғалім береді дейді. 

Ол кісілердің айтқанына көне алмай кетемін бе деп қорқамын.

-Білімбек: Бастауышкласта  бір мұғалімнің айтқанына шақ шыдап жүрсең, жоғарғы класта   6 сабақтан 6  мұғалім беріп тәртіпке шақырғанда әрең отырмақ түгіл еріксіз  қалай тәртіпті болып кеткеніңді білмей қаларсың.

  -Жалқаубек: Мұның жақсы  ақыл  екен,  тырысып көрейін .

-Білімбек: Әй Жалқаубек , қой  көп  сөзді онан да бастауышта өз баласындай аялаған  ұстазымызбен  жақсылап қоштасып, ренжітпей, жоғарғы класта  өз тәртібімізді, білімімізді көрсетелік.  Келістің ғой, Жалқаубек?!

-Жалқаубек: Келістім. Екеуміз оданда бірігіп ән  салсақ қайтеді?

-Білімбек:  Өте жақсы. Айтсақ, айтайық.

Ән: «Мұғалім ол біздің» .  Ернар, Ерасыл.

Жас жүректің өмірінің құштары гүл,

Бағбан-ұстаз баулыған құстары бұл.

Қоштасып бүгінгі күн бастауышпен,

Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр.

Толқимыз, толқып тұрмыз баршамызда,

Мұндай күй болған шығар қаншаңызда,

Қол соғып қошеметпен шақырайық,

Төртінші класс оқушыларын ортамызға.

   Қадірлі ұстаздар, ата-аналар! Міне бүгін көздеріңді ашып, көкіректеріңді оятқан, білім нәрімен сусындатқан, сондай-ақ сендердің ыстықтарыңа тоңа білген, оңыңмен солыңды танытқан, жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге баулыған алғашқы ұстаздарыңмен  қоштасқалы отырсыздар.

Қалқаман:

Ағайын жұрт ардақты, армысыздар!

Бәріңізде аман-есен бармысыздар?

Көрермен күә болсын бастауышқа,

Болашақ шәкірттердің жалғасы бар.

Ақтілек:

Мектебім алтын ұям,  нұрың  жарық,

Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.

Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,

Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.

Ернар:

Бастауышым – балбұлағым,

Лаулап жанған шам шырағым.

Өзің берген бііліміңнен,

Самғап ұшар тау қыраның.

Әділбек:

Бастауышым-бал бұлағым,

Алдым сеннен балдың дәмін,

Әріп танып, білім алып,

Рахметімді жаудырамын.

Дана:

Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма?

Бастауышта айтылмаған сыр бар ма?

Бастауышта алған білім, жырларын,

Азық болар мәңгі талай жылдарға.

Ілияс:

Енді міне сағымдай боп өте шықты,

Төрт жыл уақыт аз ба екен кім біліпті.

Ұстаз ана жасады мына бізден,

Ел таңғалар азамат бір-бір мықты.

Дания:

Жүрегімде ұстаз берген сабағы,

Өң бойымды тамырланып тарады.

Ұмытпаймын салаған жолын ақылын,

Мәңгі, мәңгі, мәңгі есімде қалады.

Ән: «Мектебім».

Ұрпағымыз қазақтың,

Бермейміз елдің намысын.

Күткен үміт біздерден,

Баба аруағы қолдасын.

Ер ұландар сахнада.

 

«Қазақ жігіттері» биімен ұлдар тобын қарсы алыңыздар.

 

Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға, жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз. «Болашақтың басшысын да, данасын да,ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстазөсіреді» - деген Бауыржан Момышұлы. Олай болса келесі жыр жолдарын  ұстаздарымызға арнаймыз.

 

Ерасыл: Мектеп диреторы Такеев.Е.

-Бірінші жыл бұл мектепті басқарады,

Мектеп үшін көп жұмыс атқарады.

Көп үлес қосты мектепті көркейтуге,

Ерлан Болатұлы, сізге мың алғыс.

 

Ілияс: Оқу ісінің меңгерушісі: Айсауыт Ж.

-Білімділік-тіршіліктің тірегі,

Жамбыл ағай тереңнен түсіндіреді.

Сөйлегенде мәдениетті тілменен,

Барлық жанның елжіреген жүрегі.

 

Дания: Тәрбие ісінің меңгерушісі:

-Науат апай тәрбиелілікке оқытқан,

Санамызға қырын-сырын тоқытқан.

Ізгілікпен ізеттілікке жетелеп,

Ақыл кеңін болаттай ғып қорытқан.

 

Беккнұр: Орыс тілі.

-Санамызда тұрсадағы сан ұғым,

Білмеуші едік көп нәрсенің анығын.

Сания апай, өзіңізден таныдым,

Тілі менен әдебиетін орыстың.

 

Ернар: Музыка пәні.

-Қай кезде де бағыт сілтеп көлемді,

Бізге үйреткен музыкадай өнерді.

Қайрат ағай, ісіңізден бақ тауып,

Шығардыңыз талай талант өнерді.

 

Дана: кл. жетекші.

-Гүлмира апай, сізді айтып мақтанамыз,

Бейнеңіз жүректерде сақталады.

Біз әлі биіктерден көрінеміз,

Үміт пен сеніміңіз ақталады.

Хормен:

Зор үмітпен күткен біздерден,

Келешек ұлан ұрпақпыз.

Ұстаздардан алған біліммен,

Шыңдарға биік шықпақпыз.

Ән: «Ұстазым».

 

   -Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген біздің ата-анамыз. Қатарымыздың теңі болып, тамағымыз тоқ, көйлегіміздің көк болып жүруі де сол кісілердің арқасы.

-Ыстық-ау кім-кімге де әке деген,

Суыққа шалындырмай мәпелеген.

Өмірдің соқпағымен өрге тартып,

Алдымен адам бол деп жетелеген, - деп ендігі өлең жолдарын асқар таудай әкелерге арнаймыз.

Бекнұр:

- Әкешім, тілеуімді тілеп жүрген,

Аумайсың жарығы мол ашық күннен.

Шаршайсың жұмыс істеп, біздер үшін,

Қалаймын ұзақ өмір сүргеніңді.

Дания:

-Ұмытпаймын еркелеткен күндеріңді,

Ұмытпаймын әрқашан күлгеніңді.

Әкешім аман-есен жүре берген,

Қалаймын ұзақ өмір сүргеніңді.

Ерасыл:

-Күн болып балаға,

Ой жіберген санаға.

Мың бір салем жолдаймыз,

Ардақты абзал анаға.

Ілияс:

-Дүниеге әкелген ол да сенің анашың,

Ақ сүт беріп өсірген, ол да сенің анашың.

Тіл алмасаң кешірген, ол да сенің анашың,

Мәпелеген баласын, аман болсын анашым.

Ойын: «Ата-анам» шар ішіне тапсырма жасырылады сол тапсырманы оқушылар оқып ата-аналарына ымдап түсіндіреді.

«Домбыра биі» қыздарды ортаға шақырамыз.

 

--Ұстаз жаққан шырақты,

Өшірмейік, балалар.

Бәрін-бәрін білесің

Оқи берсең кітапты-дей келе, балалар бәріңді зерделі, көңілдерің сәулелі болуға шақырамын.

1.Біз нені үйрендік?

-оқуды, жазуды, есеп шығаруды, ән айтып,би биледі.

-Үлкенді  сыйлауды, кішіге қамқор болуды, елімізге жақсылық  жасауды.

2.Біз нен сүйеміз?

-Отанды, ата-ананы, халқымызды, табиғатымызды, ұстазымызды,  мектебімізді.

3.Біз  нені   ажырата  білеміз?

-Жақсылық пен жамандықты,  ақ пен қараны, арамдық пен адалдықты.

4.Біз кім боламыз?

-Адал, азамат, ақылды ару, оқымысты,  ғалым, елін сүйген ер.

Ән. «Әке - ана» Қалқаман, Ерасыл.

Би: «Қыздар биі»

Вальс.

«Сыныптастар, құрдастар» хор.

 Ендігі кезекті «45 минут» қызықтарына берелік.

 

Қорытынды:

Құрметті ұстаздар! Біздің Бойымызға сіңірген ерен еңбектеріңізге оқушылар атынан мың алғысымызды білдіреміз.

Қалқаман:

Нұр құйған санасына зейіндінің,

Нұрлы шам сәулесіндей мейірімнің.

Дарыттың адамдықты шәкіртіңе,

Дамыттың дарын отын бейімдінің.

Бар ұстазға тілейміз,

Бақыт, табыс, амандық!

Хормен:

Мың алғыс сіздерге біздей түлектерден,

Мың алғыс мына отты жүректерден.

 

-Абзал жан бар биік тұлға байсалды,

Құшақ жая шәкірттерін қарсы алды.

Бүгінгідей салтанатты шақта,

Құттықтайды мектеп бассшысы баршаңды.

 

Құттықтау сөз мектеп басшысы мен оқу ісінің меңгерушісіне беріледі.

Тойымызға бүгінгі,

Ақ тілегін арқалап.

Келді ата-анамыз,

Кезек беріп соларға,

Сөзіне құлақ саламыз.

Ата-аналар сөз алып, тілектерін білдіреді.

 

Қызықты бір күн бір күннен,

Бастауышым –балғын ғұмырым.

Япыр-ау бұрын кім білген,

Қоштасудың қиынын?!

Бастауышпен қоштасу әні.

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Кластан тыс жұмыс "Қош бол, Бастауыш!""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Заведующий доп. образованием

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 052 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.06.2016 544
    • DOCX 20.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ибрагимова Майра Женисовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ибрагимова Майра Женисовна
    Ибрагимова Майра Женисовна
    • На сайте: 7 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 16511
    • Всего материалов: 12

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 17 регионов
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Особенности реализации ФГОС НОО для слепых и слабовидящих детей

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 27 человек
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Основы религиозных культур и светской этики: проблемы и перспективы преподавания в начальной школе

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 206 человек из 54 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 442 человека

Курс повышения квалификации

Возрастные особенности детей младшего школьного возраста

36 ч.

1700 руб. 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 128 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 2 092 человека

Мини-курс

Коррекция нарушений у детей: сна, питания и приучения к туалету

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

От романтизма к современности: шедевры и новаторство

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Hard-skills современного педагога

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 77 человек из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 20 человек