Инфоурок Химия Конспекты"Көміртек негізгі қосылыстары. Көмірқышқылы және карбонаттар"

"Көміртек негізгі қосылыстары. Көмірқышқылы және карбонаттар"

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: Көміртек негізгі қосылыстары. Көмірқышқылы және             карбонаттар.

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Көміртектің атом құрылысы, периодтық жүйедегі орны, табиғатта таралуы, физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы туралы оқушыларда түсінік қалыптасу қажет.

2. Дамытушылық:  таным-білік дағдыларын дамыту, шығармашылық ізденістерін дамыту;

3.Тәрбиелік: ізденімпаздыққа, тиянақтылыққа, сабырлылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:  жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың әдісі: жобалау, топтық жұмыс, сұрақ-жауап.

Көрнекілік: инетрактивті тақта

Сабақтың барысы:      І. Ұйымдастыру кезеңі.

-шаттық шеңберін жасату;

-оқушыларды үш топқа бөлу;

-сабақта қалыпты жұмыс істеуге  мүмкіндік жасау;

-оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;

-оқушылардың көңілін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. (Ой жинақтап, өткен сабаққа шолу)

1. Ой қозғау сұрақтары

1-топқа:

1.     Фосфордың периодтық жүйедегі орны.

2.     Фосфордың физикалық, химиялық қасиеттері.

3.     Тыңайтқыштардың жіктелуі.

2-топқа:

1.     Фосфордың табиғатта кездесуі.

2.     Фосфордың  оттекті қосылыстары.

3.  Азот тыңайтқышы.

 

3-топқа:

1. Фосфордың  қолданылуы.

2. Фосфор  қышқылының  химиялық  қасиеттері.

3. Калий  тыңайтқышы.

ІІІ. Жан – жақты білімдерін  тексеру. (Әр оқушыға  деңгейлік тапсырма беру)

                        І – деңгей

Азоттың табиғатта таралуы және қандай заттардың құрамында кездесетіні туралы айтыңдар.

                                      

                       І – деңгей

Фосфордың табиғатта таралуы және қандай қосылыстар құрамында кездесетіні туралы айтыңдар.

І – деңгей

Ортофосфор қышқылының сатылап диссоциациялануын  теңдеу арқылы көрсетіңдер. Әр сатыда түзілген иондарды атаңдар.

                                    І – деңгей

Мына тұздардың формулаларын жазыңдар:

а) калий фосфаты                       ә) калий гидрофосфаты

б) калий дигидрофосфаты        в) кальций фосфаты

г) кальций гидрофосфаты         д) кальций дигидрофосфаты

е) алюминий фосфаты               ж) аммоний гидрофосфаты

 

                                      І – деңгей

Табиғатта фосфордың тұрақты бір изотобы 31Р кездеседі.Осы изотоп атомының  ядросында қанша протон және қанша нейтрон болатынын анықтаңдар.                                  

                                        І – деңгей

Мына тұздардың:       а) аммоний фосфаты;   ә) калий гидрофосфаты;

б) кальций дигидрофосфаты;     электролиттік диссоциациялану теңдеулерін жазып, түзілген иондарды атаңдар.

 

                                     ІІ – деңгей

Фосфор қандай тотығу дәрежелерін көрсететінін  атом құрылысы тұрғысынан түсіндіріңдер.Әр тотығу дәрежесіне сәйкес келетін қосылыстарға мысалдар келтіріп, формулалар жазыңдар.

                                     ІІ – деңгей

Мына тыңайтқыштардың: KNO3, NaNO3, NH4NO3  қайсысының құрамында азот ең көп мөлшерде екенін және оның массалық үлесі қандай болатынын табыңдар.

                                       ІІ – деңгей

Фосфорды азотпен салыстырып, атом құрылысы мен қасиеттеріндегі:

а) Ұқсастықтарды;

ә) Айырмашылықтарды анықтаңдар;

                                  ІІ – деңгей

Фосфордың:   а) кальциймен     ә) сутекпен     б) оттекпен

әрекеттесу реакцияларының теңдеулерін жазыңдар. Қай жағдайда фосфор тотықтырғыш,қай жағдайда тотықсыздандырғыш болып тұрғанын анықтаңдар.

                                 ІІ – деңгей

Төмендегі айналымдарды орындауға мүмкіндік беретін химиялық реакция теңдеулерін жазып, заттарды атаңдар.

P---P2O5---H 3PO 4 ---Na3PO4---Na2 HPO4

                                                ІІ – деңгей

Фосфор қышқылы калий гидроксидімен әрекеттескенде:

Н3РО4 + КОН ---

Қандай қышқылдық тұздар түзілуі мүмкін, реакция теңдеулерін жазып, тұздарды атаңдар.

                                 ІІ – деңгей  

Келтірілген  тыңайтқыштардың:

а) преципитаттың СаНРО4 * 2Н2О;

ә) жай суперфосфаттың Са ( Н2РО4)2 * 2СаSО4

кайсысында фосфордың массалық үлесі көп екенін есептеңдер.

                                   ІІ – деңгей

Фосфор қышқылы мен фосфаттардың сапалық реакцияларының молекулалық және иондық теңдеулерін құрастырыңдар.

                                     ІІ – деңгей

Фосфор қышқылы төмендегі заттардың қайсысымен әрекеттеседі:

а) кальций фосфаты;          ә) кальций гидроксиді;

б) магний,калий оксиді;       в) күкірт қышқылы;

г) кальций карбонаты;          ғ) аммоний гидроксиді;

                               

                                 ІІІ – деңгей

Массасы 5г фосформен әрекеттесу үшін  оттектің қандай көлемі (қ.ж.) қажет болатынын есептеңдер.

                                  ІІІ – деңгей

Берілген жазуға сәйкес:

0,5 моль

4Р + 5О 2 = 2Р 2О5         Есеп құрастырып, оны шығарыңдар.

                                    ІІІ – деңгей

Фосфор (V)  оксидінің формуласы бойынша құамындағы элементтердің:

а) атомдардың массалық қатынастарын;

ә) массалық үлестерін табыңдар;

                                     

                                  

                                

ІІІ. Жаңа сабақ

Көміртек тіршілікке тірек, өмірге өзек элемент

1784  жылы француз ғалымы А.Лавуазье  «Жай денелер таблицасы» деген еңбегінде «карбо» -латынша  көмір деген  ұғымды білдіреді. Орысша «углевод»  деп атауын орыс ғалымы М.В. Соловьев 1824-1828ж.,  «Көміртек»  деген атауды аудармашы Р.Бөкейханов ұсынды.  «С» -күйе түрінде өте ерте заманнан белгілі.

 

Атом құрылысы

 Көміртек ІІ кіші периодта ІV  топтың негізгі топшасында орналасқан.  

+6С  )2 е ) 4е  

1s2s2p2

 

 

 

 

 

 

 
1s                   2s                    2p   

 

  Көміртектің қосылыстағы  тотығу дәрежелері:  -4, +2, +4.

Табиғатта таралуы

   Көміртек жер қыртысындағы түрлі минералдар мен  тау жыныстарының құрамына кіреді. СаСО3   әктас немесе бор, МgCO3 магнезит,

     СаСО3 * МgCO3   доломит, сондай-ақ шалшықта болатын СНшалшық газы  және табиғи газдың негізгі құрам бөлігі ретінде белгілі. Көміртек бос күйінде алмаз, графит түрінде кездеседі. Алмаз бен графит және кейінірек алынған карбин, фуллерен-көміртектің аллотропиялық түрөзгерістері.

      Алмаз, оның мол қоры Ресейдегі Якутияда және Африкада бар. Алмаз – түссіз, электр тогын өткізбейтін табиғатта кездесетін  ең қатты зат, тығыздығы-3,5  г/см3 .  Оны қатты тау жыныстарын бұрғылауға және шойын мен болатты тесуге арналған құрал жасауға қолданады, одан басқа  алмаздан бағалы асыл тас - гауһар алынады. Алмаз кристалындағы көміртек атомдары бір-бірінен бірдей қашықтықта тетраэдр түзе орналасқан. Әрбір атомның арақашықтығы 1,54 0А.

      Графит сұр түсті, аздап жылтыры бар, қолға, денеге , қағазға оңай жұғады. Тығыздығы-2,17-2,3 г/см3. Графиттен электродтар, отқа төзімді ыдыстар даярланады. Графиттің маймен қоспасынан майлағыш заттар жасайды.  Көміртектің жаңа түр өзгерістері карбин және фуллерен.

     1985 жылы көміртектің молекула пішінді тағы бір түр өзгерісі - фуллерен табылды. Фуллереннің молекулалары өзара байланысқан сфера (шар) тәрізді эллипсоидтерден құралады. Алмазды ауа қатыстырмай жоғары температурада қыздырғанда, 10000С-та графитке айналады. Керісінше, графит 3000 0С-та, жоғары қысымда, өршіткі қатысында алмазға айналады.

    Тас көмірді, ағашты, сүйекті ауа қатыстырмай қыздыруға болады. Оны құрғақ айдау деп атайды. Одан таза көміртек алынады. Тас көмірді айдаған кезде ұшқыш заттар бөлініп шыққан соң қалатын құрғақ айдау өнімі –көміртекке бай кокс.  Егер ондай көмірді алдын ала қыздырылған су буынан өткізсе, оның сіңіргіштік қабілеті одан да жоғарылайды. Оны белсендірілген көмір деп атайды.

     Көмірдің және басқа заттардың  өз бетінде газдарды, буды және еріген заттардың бөліктерін сіңіру қабілеті адсорбция  деп аталады.

       Алмаз бен графиттің құрамындағы көміртек атомдары тізбек түзе байланысып, шынжыр іспетті қос байланысты

(=C=C=C=C=C=)

немесе 3 және 1 байланыстары кездескен түрде құрылымданады.

(- С Ξ С – С Ξ С - С Ξ С-)

 

Жан-жануарлар      Өсімдіктер    Табиғи талшық             Каучук

Овал: Кездесетін жері  жер қыртысында 0,1%
 


Мұнай                                                                                      Ыдырау өнімдерінде

Антрацит                                                                                         Тау жыныстары

           

                  Алмаз                      Пластмасса                    Дәрі-дәрмектерде

Көміртектің аллотропиясы

1.     Кәдімгі күйе    2. Графит   3. Алмаз.          4. Карбин.    

5. Поликумилен                           6. Антрацит

 Физикалық қасиеттері:  көміртек                  Ағаш көмір

                                                                        Ең қатты  

                                                                        Алмаз

                                                                      Жұмсақ жылтыр сұр түсті графит

 

Химиялық қасиеттері:   (Оқушылар схемамен жұмыс жасайды)

 Көмірді қатты қыздырғанда оттекте немесе ауада көміртек диоксидін, яғни көмірқышқыл газын түзе түтінсіз жанады, көп жылу бөледі. 

1.  С + О2  700  0С    СО+ 402  кДж

 

2. 2 С + О1000  0С   2 СО

 

3. С + 2Cl = СCl

                          ť         

4. С + = СН

 

Көміртек тотықсыздандырғыш ретінде көптеген металл оксидтерімен әрекеттеседі.

5. С + 2СuO = 2Cu + 2CO2

     Көміртектің  тотықтырғыш ретінде металдармен әрекеттесуінен  түзілетін зат карбид деп аталады. Карбидтер өте жоғары температурада  балқитын қатты кристалдық заттар. 

     Қолданылуы

    Белсендірілген көмірдің  сіңіргіштік қасиетін пайдаланып,  қантты, майды, балды бөгде қоспалардан тазартады.  Графит-электрод, жасанды алмаз алу, бояулар, дәрі-дәрмектер өндіруде және металлургияда кеңінен қолданылады.

          Көмірқышқылы және карбонаттар 

  Көміртек (ІІ)  оксиді.   Көміртек (ІІ)  оксиді   СО- жанғыш газ, кәдімгі жағдайда химиялық енжар,  ал қыздырғанда күшті тотықсыздандырғыш болады.

 Физикалық қасиеті:  Көміртек (ІІ)  оксиді-түссіз, иіссіз, дәмсіз ауадан сәл жеңіл, улы газ. Суда нашар ериді. Қайнау температурасы өте төмен-1920С.      

Көміртек (ІV)  оксиді.

Көміртек (ІV)  оксиді- СО2.   Молекуласы  сызықты құрылысты болып келеді:  О= C=O

Физикалық қасиеті: Көміртек (ІV)  оксиді-иіссіз, түссіз, ауадан 1,5 есе ауыр газ. Ол жанбайды және басқа заттардың жануын қолдамайды. Температурада 60 атмосфералық қысымда СО2   сұйық күйге айналадыОл  сұйық  буланғанда жылуды көп сіңіреді де, қар сияқты қатты ақ түсті затқа айналады. Оны «құрғақ мұз» деп атайды.

   Көміртек диоксиді барлық қышқылдық оксидтер тәрізді аздап сумен әрекеттесіп   СО2   * Н2О  гидрат түзеді, содан соң әлсіз көмірқышқылына айналады. Суда еріген СО2-нің   1%-ы  ғана қышқыл түзеді.  

СО2   + Н2О       Н2СО3  

Н2СО-екі негізді тұрақсыз қосылыс, бос күйінде алуға болмайды.

 

Құрылымдық формуласы:  Н – О

                                                                    С = О 

                                               Н – О

 

  Көмір қышқылының судағы ерітіндісі- әлсіз электролит, оның диссоциациялану  дәрежесі  0, 17 %.

 

Н2СО3            Н+ + Н СО-3

НСО-3             Н+ + СО2-3

 

Химиялық қасиеті: Көмір қышқылы  2 негізді қышқылдар тәрізді сілтілермен орта және қышқыл тұздар түзе әрекеттеседі:

 

Н2СО+2Na OH(конц)  = Na2СО+ 2Н2О

Н2СО+Na OH(сұйылт)  = NaНСО+ Н2О

 

Гидрокарбонаттарға  сілтінің артық мөлшерімен әсер етсе, карбонатқа айналады:

NaНСО+ Na OH = Na2СО+ Н2О

 

   Карбонаттар. Көмір қышқылының тұздары  карбонаттар деп аталады. Na2СО3,  К2СО3, ( NН4)2СОсуда жақсы ериді, қалған карбонаттар суда аз ериді немесе ерімейді.

   Көмір қышқылының тұздары  қыздырғанда ыдырайды: 

СaСО3     ť    СaО + СО2      

2 NaНСО3   ť    Na2СО+ СО+ Н2О

 

Натрий және калий карбонаттары суда ерігенде гидролизденіп, сілтілік орта көрсетеді: 

Na2СО+  НОН = NaОН + NaНСО3

СО 2-3   + НОН = НСО3 +ОН

 

Натрий карбонатына күшті қышқылдармен НСІ, Н24  әсер етсе «быжылдаған газ  СОбөліне бастайды:

Na2СО+ 2НСІ = 2NaСІ+ Н2О+ СО2      

Бөлінген көміртек (ІV) оксидін мөлдір әк суынан өткізгенде, ақ түсті тұнба- кальций карбонаты пайда болады:

 

СО+ Сa(ОН)2 = СaСО3     + Н2О 

 

Қолданылуы: Тұздарының  ішіндегі көп қолданылатыны – натрий гидрокарбонаты  NaНСО3 , ол ас содасы деп аталады.

      Ас содасы  және аммоний гидрокарбонаты нан пісіруге, кондитер ісінде көп қолданылады.

  Табиғи карбонаттар ішінде көп тарағаны –кальций карбонаты СaСО3.

Ол минерал ретінде бордың, мәрмәрдің, әктастың негізгі құрам бөлігін құрайды. Натрий карбонатының декагидраты  Na2СО3  *10 Н2О- химия өнеркәсібіне қажетті өнімнің бірі. Егер оны өте қатты қыздырса кристалданған  суы ұшып, сусыз сода түзіледі.

        Na2СО3  *10 Н2О  ť      Na2СО3+ 10 Н2О

Түзілген өнімнің техникалық атауы-кальциленген сода. Оны пайдаланып, өндірісте сабын, шыны өндіреді  және кір жуатын заттар алады.

 

Сабақты бекіту.

   №3 зертханалық жұмыс

Көмір қышқыл газын алу және танып білу.

     Na2 CO3 + 2HNO3 = 2NaNO3 + H2O + CO2

2Na++CO32-+2H++2NO3-=2Na++2NO3-+H2O+CO2

 CO32-+2H+=H2O+CO2

Қорытынды  дәптерге  жазу.

Қорытындылау.     Семантикалық  карта

Заттар

Массасы

СаСО3

MgCO3

CH4

CO2

H2CO3

NaHCO3

84

 

 

 

 

 

 

44

 

 

 

 

 

 

100

 

 

 

 

 

 

62

 

 

 

 

 

 

84

 

 

 

 

 

 

16

 

 

 

 

 

 

 

Сәйкестендіру   тест

        Аталуы

Формуласы

  Құрғақ  мұз

NaCO3

 Ас содасы

K2CO3

Натрий карбонаты

(NH4)2CO3

Аммоний карбонаты

NaHCO3

 Көмір қышқылы

CO2

 Калий  карбонаты

H2CO3

 Иіс  газы

CO

 Кальций  карбиді

CaC2

 

Тест

1. Көміртектің атом құрылысының сызбанұсқасы:

     а) 2е,5е       ә) 2е,4е                   б) 2е,3е                          с) 1е,5е

 

2.Көміртек атомындағы нейтрон саны тең:

    а) 6                  ә)4                      б)12

 

3.Төмендегі тотығу дәрежесі көміртекке тән емес:

   а)+4                   ә)+2                   б)+5

 

4. Көміртектің 3 аллотропиясын жаз:

      а) ....                ә) ....             б)......

 

5. Көміртек химиялық реакцияларында қандай қасиет көрсетеді:

    а) тотықтырғыш                 ә) тотықсыздандырғыш  

б) тотықтырғыш, тотықсыздандырғыш

 

Үйге тапсырма:              §22-23.

Білімдерін бағалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№20 Т.Рысқұлов  атындағы орта мектебі

 

 

 

 

 

 

 

 

Ашық  сабақ

 

 

Көміртек, негізгі  қосылыстары. Көмір қышқылы. Карбонаттар.

 

 

 

 

                                               9 «А» сынып

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                            Химия пәні мұғалімі: Джылдамбаева С.Ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

                                        2015 -2016 оқу жылы

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Көміртек негізгі қосылыстары. Көмірқышқылы және карбонаттар""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор школы

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 997 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.02.2016 2770
    • DOCX 128.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Джылдамбаева Сания Жуманазаровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 14281
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Химия")

Учитель химии

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 11 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы преподавания химии в школе в условиях реализации ФГОС

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 55 человек из 38 регионов
  • Этот курс уже прошли 262 человека

Курс повышения квалификации

Химия окружающей среды

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 52 человека из 31 региона
  • Этот курс уже прошли 440 человек

Мини-курс

Эффективные коммуникационные стратегии в образовательной среде: от управления до мотиваци

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Soft-skills современного педагога

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 45 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 26 человек

Мини-курс

Эффективное управление запасами

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе