Инфоурок Дошкольное образование Другие методич. материалыКонкурс "Көңілді тапқыштар" (0 класс)

Конкурс "Көңілді тапқыштар" (0 класс)

Скачать материал

Мектепалды дайындық сыныбының  «Көңілді тапқыштар»  сайысына қош келдіңіздер.

Сайысымыздың мақсаты:  Балалардың үйреніп жатқан білімдерінің нәтижесін көрсету. Білімділігі: Балалардың білім қабілеттерін тексеру, алған білімдерін пысықтау.
Дамытушылығы: Ққызықты есептер арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелілігі: Пәнге қызығушылығын арттыру. Балалардың өз ойын еркін айта білуге қалыптастыру. Балалардың ауызбіршілікке , ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Туған жерінің табиғатын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Әдісі: Сұрақ-жауап, көрнекілік. ізденушілік, ойын, құрастыру
Көрнекілігі: суреттер, тақта,смайликтер .
                                                            Жүру барысы:
Ұйымдастыру бөлімі:

- Құрметті ұстаздар, ата-аналар, қонақтар  мектепалды даярлық сыныбында   өтетін «Көңілді тапқырлар» атты сайысына  қош келдіңіздер!
Сайысымыздың негізгі мақсаты әртүрлі тапсырмаларды орындау арқылы білімдерін, одан әрі  білімдерін тереңдету. Алған білімдерін пысықтау. Сайыс кезінде сіздерге әртүрлі тапсырмалар беріледі, сол тапсырмалардың жауаптарын  табасындар деп ойлаймыз. Балалар сіздерге сәтілік тілейміз. Сайысымызды бастауға рұқсат етіңіз.

Уа халайық,

Бәріңе жар салайық

Бүгінгі кеш төрінде

Есеп шешіп жарысып

Шабыт тасып шалқысын

Көңілді кеш жасайық

Жұмбақ шешу шашайық

Мұнда қызық табылар

Жұмбақ есеп бәрі бар

Ал сайыскер балалар

Білімдеріңді сынайық.

Сайыс  VI – бөлімнен тұрады.

1. «Мен кіммін» (топтар өз-өзін таныстырады)

2. «Бәйге» ауызша сұрақтарға жауап беру.

3. Суретшінің қателігін анықта.

4. Жұмбақтарды шешу

5. Суретті құрастыр.

6. «Көкпар» логикалық есептер шығарады.

 

Осы бөлімдер бойынша балаларға  әр дұрыс жауабына смайликтер беріледі. Көп смайлик жинаған команда жетіске жетеді.

Тәрбиеші: 

Ғылымның  сырын  ұғына

Шығыңдар білім шыңына

Ұқыптылық пен зеректік

Жеткізер сіздей өренді

Математика   сырына

Қадамдарың оң болсын

Сәт сапар енді тілеймін

Сайысымыздың   1- бөлімі  «Мен кіммін» топтар өздерін таныстырады.

Ортаға «Күншуақ» тобын шақырамыз.

Бәріміз-біріміз үшін,

Біріміз- бәріміз үшін.

Енді екінші топ «Көгершін» тобын ортаға шақырамыз.

Ақ көгершін, ұш биікте қалықта,

Қалықтауда еш уақытта жалықпа.

Енді үшінші топ «Күлкі» тобын ортаға шақырамыз.

Ойнаймыз да күлеміз,

Күні бойы жүреміз.

 Топтарымызға  қол соғып қошемет көрсетейік.

Сайысымыздың  II – бөлімі «Бәйге»

Ауызша сұрақтарға жауап беріледі.

«Күншуақ» топқа беріледі

1.      Үшбұрыштын неше қабырғасы бар?

2.      4 санының көршісін ата?

3.      Жыл мезгілдерін ата?

«Көгершін» тобына сұрақ

1.      Бесбұрышта неше қабырғасы бар?

2.      2 санының көршісін ата?

3.      Орман дәрігері деп қандай құсты атайды?

«Күлкі» тобына сұрақ

1.      Дөңгелекте неше қабырға бар?

2.      6 санының көршісін ата?

3.      1 аптада неше күн бар?

Тәрбиеші:

Ұшақтан да ұшқырмыз

Желден озған жүйрікпіз

Жарысуға сендермен

Келіп тұрған мықтымыз

Сайысымыздың  III бөлімі. Суретшінің қателігін анықта.

Сайысымыздың  IV бөлімі . Жұмбақ жасыру.

Тәрбиеші: Қандай жұмбақ болса да шешпей оны қоймайық деп жұмбақ жасырайын.

1. Қабат-қабат қаттама

    Ақылын болса аттама  (кітап)

2. Кезекті бір жануар,

    Үстінде екі тауы бар. (түйе)                           

3.  Қалқиып екі құлағы

    Елеңдеп қорқып тұрады.    (қоян)

4.Кішкене ғана бойы бар,

   Айналдырып киген тоны бар.  (қозы)

5.Өзі алып кемедей, даулдан қорықпайды.

   Су шашып телегей, мұхиттан шықпайды. (кит)

6.Қыста жерді басады,

    Жазда сайға басады.(қар)

7.Орақ құйрық, тарақ бас,

    Көп ұйқыны жараптас.

     Бұрап қойған сағаттай,

    Айғайлайды таң атпай. (әтеш)

8.Тікен-тікен тік пісте,

    Қысы,жазы бір түсте. (шырша)

9.Қолы жоқ, сурет салады.

    Тісі жоқ тістеп алады. (аяз)

Сайысымыздың  V бөлімі. Суретті құрастыр.

Дей - келе келесі сайысымыздың  VI бөлімі. Логикалық есептер шығару.

«Күншуақ» тобына:

1.      Мұз айдында 2 бала

            Асыр сап жүр сырғанап

   Сырғанамай 3 бала

   Жағалауда тұр қарап

   Енді осы бар баланың

   Саның айтсаң жарадың    «2+3=5»

2. Екі сиырдың мүйізі нешеу? «4»

3.  Ағаш басында 2 балық отыр еді. Оларға тағы 2 балық ұшып келді. Барлығы неше балық         болды?                  «Балық ұшпайды»

«Көгершін» тобына

1. Тал басында тізіліп

   6  жапырақ тұр еді

   Жел соқты да үзіліп

   Ұшып кетті үшеуі

   Тұр әлі  ілініп

    Жапырақтың нешеуі?                  «6-3=3»

2. Үш киттің құйрығы нешеу?         «3»

3. Үш күшіктін құлағы нешеу болады?  «6»

«Күлкі» тобына

1.Табақта 7 алма

   Ислам алды 1 алма

    Ерсін алды 2 алма

    Сонда қалды неше алма                  «7-1-2=4»

2. Екі мысықтың аяғы нешеу?             «4»

3. Бес тырнаның басы нешеу?            «5»

Тәрбиеші:  Құрметті ата-аналар, апайлар осымен  мектепалды даярлық сыныбының дайындаған  «Көңілді тапқыштар»  сайысы өз мәресіне жетті.

Әділ қазыларға  сөз кезегін берейік.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Өлеңті орта мектебі» КММ

 

 

 

 

 

 

 

 

"Көңілді тапқыштар"
сайысы

 

 

 

 

 

Мектепалды даярлық сыныбы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өткізген: Алиманова Ш.Б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2015-2016 оқу жылы

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Конкурс "Көңілді тапқыштар" (0 класс)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Клининговый менеджер

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 669 357 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.03.2016 585
    • DOCX 23.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Алиманова Шынар Бескибаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Алиманова Шынар Бескибаевна
    Алиманова Шынар Бескибаевна
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 661
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Внедрение технологии решения изобретательских задач в педагогический процесс дошкольной образовательной организации

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 475 человек

Курс повышения квалификации

Личностное развитие дошкольника в социальной среде в условиях реализации ФГОС ДО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 425 человек

Курс повышения квалификации

Особенности реализации Федеральной рабочей программы воспитания в условиях среднего профессионального образования

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 55 человек

Мини-курс

Методология физического воспитания

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Адаптация и расстройства: понимание, преодоление, развитие

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 18 регионов

Мини-курс

Фокусировка и лидерство: достижение успеха в условиях стресса и перемен

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 13 регионов