Инфоурок Всеобщая история КонспектыКонспект по казахский на тему" Ә.Бөкейханов 150 жыл"

Конспект по казахский на тему" Ә.Бөкейханов 150 жыл"

Скачать материал

          

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                               Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың  «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты халыққа жолдауында «2015 жыл - ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы» деп, «Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ата Заңымыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын» ерекше атап өткен болатын.Ал табалдырықтан  аттаған биылғы жыл да айтулы оқиғаларға толы.                                                                                                                                 Солардың бірі-қазақтың ардақты перзенті ,қоғам  және мемлекет қайраткері ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі,Алашорда автономиялы үкіметтің төрағасы,көсемсөзші,ғалым, аудармашы Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхановтың туғанына 150 жыл толуы.Кеудемізді кернеген үлкен қуаныш –Алаш ардақтысының мерей тойы тек өз елімізде ғана емес,ЮНЕСКО аясында атап өтілетіндігі.Халықаралық ұйым кезекті 38-сессиясында осындай шешім қабылдады. Ендеше XX ғасырдың басында ұлтының теңдігі үшін қауымдасумен де, қаламмен де, қарумен де күреске түскен Алаш қайраткерлерінің еңбегі Алаш баласының есінен еш кетпек емес. Оның дәлелі - тәуелсіз Қазақстанның барлық түкпіріндегі қазақ зиялы қауымының ісіндегі, ойындағы алашшылдық сана. Бұл алашшылдық сана уақыт жылжыған сайын қазіргі қазақ қоғамында тереңдей түссе, халқымыздың ұлттық өресі де биіктей бермек.

         Алаш зиялыларының Қазақ даласында ұлттық идеяны негіздегені жөнінде Елбасы Н.Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» кітабының «Алаш мұрасы және осы заман» атты тарауында: «XX ғасырдың басында ұлттық бірлікті нығайту идеясын алға тартқан рухани-зерделі игі жақсылар қазақтың ұлттық идеясын жасау міндетін өз мойнына алды. Олар қоғамның түрлі тарабынан шыққандар, әрі ең алдымен дәстүрлі дала ақсүйектерінің өкілдері еді. XX ғасырдың басындағы қазақ қоғамында зиялы қауым қалыптасуының ұрпақтар эстафетасы сияқты сипаты болғанын атап айтқан абзал» - деп көрсеткен болатын. Қазақ халқының ұлттық-демократиялық қозғалысының жұрт кеңінен таныған көшбасшысы Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов болды. Ол 1866 жылы Семей облысындағы Қарқаралы уезінің Тоқырауын болысына қарасты жетінші  ауылында дүниеге келді. Әлихан білімді, бостандық пен әділдікті жоғары бағалаған ортада өсті. Оның дүниеге көзқарасын қалыптастырып, дамыта түсуінде қазақтың халық ауыз әдебиетінің орасан зор ықпалы болды. Ал саяси көзқарасын қалыптастыруына Ұлы француз революциясының биік мақсат-мұраттары зор ықпал етті. 1890 жылы ол Омбы

 

техникалық училищесін, 1894 жылы Санкт-Петербург Императорлық Орман шаруашылығы институтының экономикалық факультетін бітірді. Оқуды аяқтаған сон ол Омбы орман шаруашылығы училищесінде, Омбы қоныс аударушылар басқармасында біраз уақыт педагогтық, ғылыми және әкімшілік қызметтер атқарды.

         XIX ғасырдың соны мен XX ғасырдың бас кезінде Ә. Бөкейханов әуелі Тобыл губерниясын зерттейтін, кейін Ф. Щербинаның статистикалық экспедициясының жұмысына белсене қатысты. Осы кезеңде ол қазақ елінің экономикалық жай-күйін, шаруашылығын, этнографиясын, тұрмыс-салтын, материалдық және рухани мәдениетін зерттеді. 1903 жылы Петербургте «Ресей. Өлкеміздің толық географиялық сипаттамасы» деген ортақ атпен осы басылымның он сегізінші томы жарық көрді. Оның авторларының бірі Алаш қозғалысы көшбасшысы Ә. Бөкейханов еді.

         1905 жылы Әлихан Бөкейханов Ресейдің земство және қала кайраткерлерінің Мәскеуде өткен съезіне делегат болып қатысты. Сол съездің биік мінберінен сөз сөйлеген ол өз халқының мүддесін, соның ішінде қазақ тілінің мәртебесін қорғап, былай деп мәлімдеді: «Мен Оралдан Алтайға, Сібір темір жолы желісінен Омбыға дейін... созылып жатқан орасан зор аумақта тұратын қырғыз деген халықтың өкілімін... Бізде... қырғыз тілінде оқытатын мектептерге қысым жасалады... шаруалар бастықтары (олардың басым көпшілігі бұрынғы ротмистрлер) әкімшілік және құқықтық істі қарау кезінде қырғыз тілін қолдануға мүлде жол бермейді. Қырғыздар ана тілінің еркін қолданыста болуына өте мұқтаж...»      Ә. Бөкейханов халықтың біртуар перзенті, қазақ ұлт-азаттық қозғалысының шын мәніндегі көсеміне айналды. Омбы жандарм басқармасы бастығының мойындағанындай, ол «барлық митингілер мен петициялардың және үкіметке қарсы үгіттердің ұйытқысы, даладағы... қазақтардың барлық мәдени-саяси қозғалысының көшбасшысы және жетекшісі» болды. 1905 жылы Ә. Бөкейханов Ресей конституциялық демократтар (кадет) партиясына мүшелікке қабылданды. Осы жылы Қарқаралыда орыс отаршылдығына қарсы өткен қозғалысқа басшылық жасап, петиция ұйымдастырды. Ресейдің I Мемлекеттік Думасына Семей облысынан депутат болып сайланады. 1905—1907 жылдары кадеттердің «Степной пионер», «Степной край», «Иртыш», «Голос» атты газеттеріне белсенді түрде мақалалар жазып тұрды. 1913 жылы Ә. Бөкейханов ұлт-азаттық қозғалыс жетекшілері А. Байтұрсынов және М. Дулатовтармен

 

 

бірге тұңғыш жалпыұлттық баспасөз ұйымы — «Қазақ» газетін ұйымдастырды. Газет беттерінде халыққа білім беру, ұлттық сана-сезімді ояту хақында көптеген құнды дүниелер жарық көрді. Ә. Бөкейханов ғылыми жұмыспен де белсене айналысты. Мәселен, ол Орыс географиялық қоғамы Батыс Сібір бөлімінің жұмысына қатысты. Ол екі тілге бірдей жетік еді, қазақша да, орысша да еркін жазды. Оның қаламынан көптеген тарихи және этнографиялық туындылар, атап айтқанда, «Қырғыздар» , «Сұлтан Кенесары Қасымовтың тарихына қатысты материалдар», «Қарқаралы уезіндегі қырғыздардың рулық құрылымы», Абай қазасына арналған «Абай (Ибраһим) Құнанбаев» атты қазанамалық мақаласы, тағы басқа зерттеулері жарық көрді. Әлихан Бөкейханов 1917 жылдың 21—26 маусымында Орынборда I Бүкілқазақ съезін өткізіп, «Алаш» партиясы атқару комитетінің төрағалығына сайланады. Сол жылы Орынборда өткен «Алаш» партиясының II Бүкілқазақ съезінде «Алашорда» үкіметі құрылып, Ә. Бөкейханов оның төрағасы болып сайланды. Кеңес өкіметі кезінде ол бірыңғай ғылыми, әдеби, аудармашылық қызметпен айналысады. Жазықсыз қуғынға ұшырап, 1937 жылы ату жазасына кесіледі.1989 жылы ақталды.                                                                                                                                                  Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, публицист Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов бүкіл саналы ғұмырын өз халқын отаршылдық езгіден азат етуге, тәуелсіз мемлекет құруға, ел-жұртына білім беріп, оны гүлдендіруге арнады.«Тір болсам хан баласында қазақтың хақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын.»-деген өзінің айтқан сөзіне адал болып, туған халқына ақтық демі біткенше қызмет етіп өтті. Ұлы қайраткердің соңына ерген інілері, азаттықтың құрбаны болған Жүсіпбек Аймауытұлы оған арнау сөзінде: «Қараңғыда қан жылап, қаңғырған күнде басыңды қазақ жолына құрбан қылған ағамыз асқар беліміз! Өміріңде жүрген жолың біздей інілеріңізге жағып қойған шамшырақ»-дегенде, асыра айтып қателескен жоқ еді. Қошке Кемеңгерұлы өзінің «Қазақ тарихынан» атты тарихи очеркінде былай деп жазды: «Үкіметтің қара қуғын жасаған күндерінде, айдауына да, абақтысына да шыдап, ел үшін басын құрбан қылған ат төбеліндей ғана азамат тобы болды, бұл топты баулыған – Әлекең»-деп халқына қалтқысыз еткен қызметіне әділ бағасын берген.                        

 

 

 

 

Ешкімнің Әлиханға бар ма сөзі,                                                                                                                                                                                    Демейді қандай қазақ оны оң көзі.                                                                                                                                                      Семей тұрсын, жеті облыс – бар қазақтан,                                                                                                                                    Талассыз жеке-дара тұр ғой өзі,

С.Торайғыров айтқандай,  Әлихан әрқашан да қазақ жүрегінде жеке-дара тұлға болып қала бермек. Осындай жүрегі елім-жерім, халқым деп соққан, бүкіл саналы ғұмырын ұлтының бостандығы мен дербестігі үшін арнаған асыл азаматтарымыздың ұлтжанды пікірлері, әрекеттері жас ұрпаққа үлгі, өнеге. Ел еркіндігі мен ұлт бостандығы үшін құрбан болған ұлт зиялыларының артына қалдырған асыл мұрасы ұрпақтан ұрпаққа жалғасары анық. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясында: «Бабалар ерлігі мен бүгінгі ұрпақтың жасампаздық істері арасында байланыс болғанда ғана біз биік асулардан асамыз» деп атап көрсеткеніндей жас ұрпақты ата тарихы, бабалар ерлігі негізінде патриоттық рухқа тәрбиелеу ол – тәуелсіз еліміз үшін қосқан сүбелі үлесіміз екендігі анық.Ата-бабаларымыздың қазақ елінің тәуелсіздігі мен азаттығы жолындағы күрестері, істері, ұрандары - бүгінгі ұрпаққа  аманат. Қазіргі қол жеткен еркін шағымызды баянды ету үшін біз азаттық жолы арман болған ата ұрпақтың аманатына берік болуды борышқа айналдыруымыз қажет. Ал бүкіл қазақ даласын осыдан бір ғасырдай уақыт бұрын Алаш рухына бөлеген ұлы қазақтар аманатының жөні бөлек. Біздің ата рухы алдындағы адалдығымыз бен перзенттік парызымыз Алаштың аманатын санамызға сіңіру, соған лайық еңбек ету, өткенге құрмет көрсету. Алаш идеясы - ұлтты біріктіруші, тұтастырушы идея ретінде қашан да қазақпен бірге жасайды десек, онда сол орасан мақсатты орындау үшін қазақтың тілі мен мәдениеті, өнері мен әдебиеті, тарихы мен салт-дәстүрі, айналып келгенде, қазақты ел ететін, мемлекет ететін рухани олжасы Қазақстанда айрықша орынға ие болу керек. Сонда ғана ұлттығымызды әлемге әйгілейтін, жасампаздығымызды жаһанға жариялайтын тұрпатымыз бен тұлғамыз айқын көрінбек. Тағылымды істі аманат ретінде қабылдау - алаш баласының әуелгі қасиеті, дәстүрлі жоралғысы десек, Алаштың жолы, Алаш кайраткерлері қалыптастырған ұлттық санамызды жаңғырту сапары - бүгінгі тәуелсіздігімізді тұғырлы етер берік ұстанымдардың бірегейі болатынын естен шығармағанымыз абзал.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Конспект по казахский на тему" Ә.Бөкейханов 150 жыл""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Таргетолог

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 189 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.04.2016 810
    • DOCX 19.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Тугелбаева Рыскуль Турганбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7682
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Электронные образовательные ресурсы в работе учителя истории в контексте реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 129 человек
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания курса «Россия в мире» на основе синтеза историко-культурного и социально-экономического знания

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 85 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по истории в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 60 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 191 человек

Мини-курс

Продвинутые техники нарративного подхода в психологии

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 16 регионов

Мини-курс

Самосовершенствование: шаги к личному росту и эмоциональному благополучию

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 259 человек из 61 региона
  • Этот курс уже прошли 73 человека

Мини-курс

Стратегическое планирование и маркетинговые коммуникации

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 19 регионов