Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Математика / Конспекты / Конспект по математики на тему "Ондық бөлшектерді көбейтуге есептер шығару" (5 класс)

Конспект по математики на тему "Ондық бөлшектерді көбейтуге есептер шығару" (5 класс)


  • Математика

Поделитесь материалом с коллегами:

Қостанай облысы, Арқалық қаласы

8 негізгі мектебі

Байкенова Лаззат Егинбаевна


5 «А» сынып. Математика

Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектерді көбейтуге есептер шығару


Сабақтың мақсаты: Білімділік. Ондық бөлшектерді натурал санға көбейту және ондық бөлшектерді көбейтуге есептер шығаруға уйрету.

Тәрбиелік: Оқушылардың ұлттық сана сезімін, саяси сауаттылықтарын арттыру. Өз елінің даму тарихы туралы танымдарын жетілдіру.

Дамытушылық: Озық және бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін ғылыми негізде құруға өз үлестерін қосу, білім, білік дағдыларын қалыптастыру.

Көрнекілігі: слайдтар

Қосымша әдебиеттер:

  1. Математика.5 кл. Дидактикалық материалдар

  2. Математика. 5-6 сынып. Тест тапсырмалары


Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

II. Жаңа сабақ. (Білімді игеру).

I. Ондық бөлшектерді натурал санға көбейту үшін:

1) Үтірге назар аудармай, натурал сандарды көбейткендей көбейту керек;

2) Ондық бөлшекте неше ондық таңба болса, көбейтінді де оң жақтан сонша цифрды үтірмен ажырату керек.

Мысалы:

1) 4,23* 5=21,15

2) 13,05*17=221,85

II. Ондық бөлшекті 10,100,1000 және т.с.с. разряд бірліктеріне көбейту үшін, ондық бөлшектің үтірін разряд бірлігінде неше нөл болса, сонша цифрға оңға қарай жылжыту керек.

Мысалы: 1) 7,465*10=74,65.

2) 7,465*100= 746,5.

III. Ондық бөлшекті көбейту үшін:

  1. Үтірге назар аудармай, натурал сандарды көбейтуді орындау керек;

  2. Көбейткіштердің екеуінде неше ондық таңба болса, көбейтінді де оң жақтан сонша цифрды үтірмен ажырату керек.

Мысалы: 1) 8,56*7,4= 63,344

2) 9,31*1,14=10,6134

IY. Ондық бөлшекті 0,1; 0,01; 0,001... разряд бірліктеріне көбейту үшін, осы бөлшектегі үтірді разряд бірліктерінде неше нөл болса, сонша цифрға солға қарай жылжыту керек.

Мысалы: 1) 56,1*0,1=5,61

2) 12,32*0,01=0,1232

III. Өткен сабақтарға шолу.

(Мағынаны ашу)

Сұрақтар:

  1. Ондық бөлшектерге қандай амалдар қолданылады?

  2. Ондық бөлшектерді қалай қосуға болады?

  3. Ондық бөлшектерді азайту үшін нені білу қажет?

  4. Ондық бөлшектерді натурал санға көбейту үшін не орындау қажет?

  5. Ондық бөлшекті 10,100,1000 т.с.с. разрядтар бірліктеріне қалай көбейтеді?

  6. Ондық бөлшектерді көбейту ережесін айтып бер?

  7. Ондық бөлшекті 0,1;0,01; 0,001 разряд бірліктеріне көбейту үшін не істеу қажет?

IY. Есептер шығару. («Білім алаңында»)

(Деңгейлік тапсырмалар).

  1. 5,2*4=20,8 1)17,14*12=205,68 1) (3,5+5,63)*0,1=3,5*5,63*0,1=0,913

  2. 3,5*7=7 2)20,04*7=140,28 2) 5,81*1,5=8,715

  3. 8,1+1,9-3,8=6,2 3) (48,316-19,83)*12=579,792

  4. (48,316-19,83)*12=579,792 4) 2,3 *1,1=2,53

Y. Логикалық есептер шешу.

Тақтамен жұмыс.

  1. 1048

3) 2,81х+1,8у, мұндағы х=20,у=6

2,81х+1,8у =2,81*20+1,8*6=67

2) № 1088

1) 18,3*0,5-5,81*0,5=(18,3-5,81)*0,5=12,49*0,5=6,245

2) 2,07*0,7+2,07*7,2=(0,7+7,2)*2,07=7,9*2,07=16,35

YI. Сабақты қорытындылау.

(Ой қорыту)

I топ.

1.Көбейтуді орындаңдар: 7,42*6,4=47,488

2. Қосуды орында: 8,36+0,64=9

3. Азайтуды орында: 14,9-3,89=11,01

4. Көбейтуді орында: 637,1*0,001=0,6371

5. Есептеңдер: 3,52*0,1=0,352

II топ.

1.Көбейтуді орындаңдар: 2,63*8,7=22,881

2. Қосуды орында: 9,07+3,23=12,3

3. Азайтуды орында: 5,75-3,8=1,95

4. Көбейтуді орында: 4,79*0,01=0,0479

5. Есептеңдер: 9,53*0,1=0,953

YI. Оқушылар еңбегін бағалау.

YII. Үйге тапсырма

«Оқы,ізден, үйрен, жас өрен!» (ізденіс жұмыстары)


Автор
Дата добавления 02.03.2016
Раздел Математика
Подраздел Конспекты
Просмотров121
Номер материала ДВ-500490
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх