Инфоурок Начальные классы КонспектыКонспект по познанию мира "Өсімдіктер әлемі"

Конспект по познанию мира "Өсімдіктер әлемі"

Скачать материал

Сабақтың  тақырыбы :          Сөйлем

Сабақтың мақсаты :   а)Сөйлем оның түрлері туралы түсінік бере отырып,оқушыларды сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру;

                                              ә)оқушының тіл байлығын дамыту арқылы тілдік құрлымдарды өз бетінше талдап меңгере білу,іс-әрекет,ізденімпаздық дағдыларын қалыптастыру.

                                                б) ой мен тілді дамыту,сөздік қорын молайту.

Сабақтың түрі :                                аралас  сабақ

Сабақтың әдісі :                               сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі :                   кеспе қағаздар,суреттер

Пәнаралық байланыс :                   әдебиет,тарих

Сабақтың барысы :

                                       а)  Ұйымдастыру кезеңі :

                         Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

                                      ә)  Үй тапсырмасын пысықтау :

               Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын.

                                      б)  Жаңа сабақты түсіндіру.

                     Сөйлем туралы түсінік. Сөйлем дегеніміз - сөздердің әр алуан тұлғада өзара тіркесіп, біршама тиянақталған ойды білдіруі. Сөйлем адамдардың бір-бірімен түсінісіп, пікір алысуы үшін, қарым-қатынас жасауы үшін қажет.

-Оқып   жүргеніңді  Кенжетай айтып еді.   Оқуларың бүгін басталды ма?

-Бүгін төрт сағат оқыдық.    (С.М.)

             Мұнда екі адам сөйлесіп, қарым-катынасқа түскен, пікір алысқан. Бұл сөйлесуде біршама тиянақты ойды білдірген үш сөйлем бар. Алғашқы сөйлемде— Кенжетай-дың айтқаны туралы ой, екіншісінде - оқуларының басталған-басталмағанын білуді мақсат еткен ой, соңғысында тыңдаушының оған қайтарған жауабы түріндегі ой берілген.                              Сөйлем өзімен сырттай ұқсас тілдік құбылыстардан, ең алдымен, коммуникативтік қызметі (қарым-қатынас жасау құралы болу), яғни бірдеме жайында хабарлау қызметі жағынан ажыратылады. Мысалы, сүт пісірілді деген мен сүт пісіру деген мысалдарды салыстырудан мынаны аңғаруға болады: біріншісінде (сүт пісірілді) бастауыш пен баяндауыштың құрылымдық үлгісі бар, ол бірдеме жайында хабар беру үшін кұрастырылған. Ал екінші мысалдағы синтаксистік құрылым бірдемені атау үшін құрастырылған. Сондықтан біріншісі – сөйлем, екіншісі - сөз тіркесі. Сөз тіркесінде номинативті қызмет болса, сөйлемде хабарлау қызметі бар. Сөз тіркесі сөйлем құраудың материалы болады: сөздер өзара тіркесіп, белгілі синтаксистік қарым-қатынасқа түсіп, сөйлем құрамында жұмсалады.

                Тілімізде әр түрлі мағыналарды білдіретін, мысалы, сәлем беру, рақмет айту, тілек білдіру, кешірім сұрау (Кеш жарық! Кешіріңіз! Жаңа жылыңызбен! мақұлдау мен теріске шығару (Иә, солай, жарар), әр түрлі эмоцияны білдіру (Бәрекелді! Ойпырмай!), жалпы сұрақты білдіру және оған жауап айту (Бұл қалай? Ештеңе емес, т.б.) сияқты айтылыстар бар. Бірақ бұлар өздігінен мәлімет бере алмайды, сөйлем бола алмайды, өйткені оларға бастауыш-баяндауыштық құрылым тән емес.     Сөйлем болу үшін, оның грамматикалық негізі, яғни тұрлаулы мүшелері болу керек.

Жаттығумен жұмыс:  10 - жаттығуды орындап,сөйлемдерге синтаксистік талдау жүргізеді.

Білімді бекіту :      Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау :  Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма :   11-  жаттығу.

Күні:                                          Пәні: қазақ тілі                                         Сыныбы: 8

Сабақтың  тақырыбы :          Сөйлемнің түрлері

Сабақтың мақсаты :   а)Сөйлем оның түрлері туралы түсінік бере отырып,оқушыларды сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру;

                                              ә)оқушының тіл байлығын дамыту арқылы тілдік құрлымдарды өз бетінше талдап меңгере білу,іс-әрекет,ізденімпаздық дағдыларын қалыптастыру.

                                                б) ой мен тілді дамыту,сөздік қорын молайту.

Сабақтың түрі :                                аралас  сабақ

Сабақтың әдісі :                               сұрақ-жауап,шығармашылық іздену, талдау

Сабақтың көрнекілігі :                   кеспе қағаздар, таблицалар

Пәнаралық байланыс :                   әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы :

                                       а)  Ұйымдастыру кезеңі :

                         Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

                                      ә)  Үй тапсырмасын пысықтау :

               Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын.

                                      б)  Жаңа сабақты түсіндіру.

 .      Адам сөйлегенде, біреумен сөйлескенде тыңдаушыға белгілі ойды білдіру үшін я одан бір нәрсе туралы білу үшін сөйлейді. Сондьқтан сөйлеу айналасындағы заттар, құбылыстар, адам өміріндегі әрекет, тіршілік, өндіріс туралы болады. Мысалы: Бұйрат. Адыр. Қайсыбірінің басында ала тұлымшақтай болып өскен шоқ шоқ ағаш. Осы бұйрат, адырлардың арасы — қолдан ойып алғандай кең алқап. Алқапты  қақ жарып өзен ағады. (Ғ.Мүст.)

           Мұнда жазушы өзі көріп тұрған бұйрат, адыр, адырда өскен ағаш туралы, бұйрат, адырлардың арасындағы алқап, ондағы өзен туралы оқырманға білдіргісі келген.

              Заттарды, жаратылыстағы, қоғам өміріндегі құбылыстарды, оқиғаларды, адам өміріндегі әрекет, тіршілікті білу, білдіру туралы айтылған сөйлемдер тобы сөйлеу болады. Сөйлеу бірнеше сөйлемдерден құралады: Әрі-беріден соң жел бәсеңдеп, жаңбыр шелектеп құя  бастағанды. Тоқтай суланып қалатын болды-ау, қап! Япырмай, бір сәтте ақ  қақ қылып кетты ау  жер бетін! Көресің бе, Бұршақбай? Па, шіркін, неткен күш! Шіркін, жазғы жаңбыр соңынан бұлттан шыққан күн қандай! (Г.С.)

         Бұл сөйлеуде бірнеше сөйлем бар. Олардың әрқайсысы айрықша дауыс ырғағымен (интонация) бөлініп айтылып, тиянақты жеке-жеке ойды білдіріп тұр. Жазушының әуелі хабарламасы, сосын екініші, таңданысы, сұрағы, соңында ризашылығы жеке-жеке сөйлемдер арқылы берілген.

 

                                    Хабарлы                                                  бұйрықты

 

 

 


                                  Лепті                                                               сұраулы

 

 

Жаттығумен жұмыс:  15 – жаттығу. Мәтіндегі әрбір сөйлемнің  айтылу мақсатына көңіл бөліңдер.

Тақтамен жұмыс:   Тақтаға бірнеше сөздер жазып, синтаксистік, морфологиялық талдау жүргізеді.

Білімді бекіту :      Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

1. Сөйлем айтылу  мақсатына қарай нешеге бөлінеді?

Бағалау :  Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма :   11-  жаттығу.

 

Күні:                                        Пәні: қазақ тілі                                   Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы:      Хабарлы сөйлем

Сабақтың мақсаты:   а)    Оқушыларға ұлттық тіліміздің өркендеп оянуына ана тілімізді сүюге, ана тілін аяққа баспай мәртебесін биік ұстау жөнінде түсіндіру, соған дәріптеу..

                                         ә)    Оқушылардың бойына әдептілік, инабаттылық ,қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру. 

                                         б)    Сабақ барысында оқушыларды сауатты, ұқыпты  жазуға дағдыландыру

Сабақтың түрі:       Аралас сабақ

Сабақтың әдісі:      сұрақ-жауап, іздену

Сабақтың көрнекілігі: плакат,кеспе қағаздар

Пәнаралық байланыс:   әдебиет

Сабақтың барысы:               

                                           а) Ұйымдастыру кезеңі:

                     Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

                                                  ә) Үй тапсырмасын пысықтау.

               Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын.

                                                   б) Жаңа сабақты түсіндіру.

 

              Хабарлау, баяндау, суреттеу мақсатында айтылған сөйлемді хабарлы сөйлем дейміз.

          Хабарлы сөйлем іс-әрекеттің болғандығын, белгілі бір шақта (өткен шақ, осы шақ, келер шак) жүзеге асқандығын немесе жүзеге асатындығын білдіреді. Мысалы:

           Ойпаттар дегдіп, қыраттар кебе бастады. Күзде жыл құстары жылы жаққа қайтады, сөйтіп, олар да қыстан аман шығуға әрекет жасайды. (С.М.) Хабарлы сөйлем оқиғаның, іс-әрекеттің болымсыздығын да білдіреді. Мысалы: Жер жыртуға гпоймайды, от отынеа тоймайды, кісі ойва тоймайды, бөрі цойеа тоймайды.

            Хабарлы сөйлем бір нәрсе жайында хабарлап қана қоймайды, айтушының іс-әрекетке көзқарасын, ой-пікір-лерін білдіреді. Мысалы: Ақ сутін беріп, аялап әсірген ананы қалай суйсец, еліцді де солай сую - цасиетпгі борышыц. (С.А.)

          Хабарлы сөйлемде дауыс ырғағы бірте-бірте көтеріліп, сөйлемнің соңына қарай бәсеңдейді.

             Хабарлы сөйлемнен кейін нүкте қойылады.

 Сызбасы:

 

 

 

 

 


Кітаппен жұмыс:     17-жаттығу,  Сөйлемдердің аяқталған  тұсына  нүкте қойып, келесі сөйлемді бас әріппен жазыңдар.

 

 Шығармашылық  жұмыс: «Қазақ жері-ежелгі адамдар мекені» деген тақырыпта эссе жазыңдар..

 

Білімді бекіту:   Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.                      

 

Бағалау: Үй тапсырмасын орындап,сабаққа белсенді қатысып отырып оқушыларды бағалаймын.

 

Үйге тапсырма:    18- жаттығу.

Күні:                                        Пәні: қазақ тілі                                   Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы:                  Сұраулы сөйлем

Сабақтың мақсаты:

                                а)  Сөйлем оның түрлері туралы түсінік бере отырып,оқушыларды сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру;

                               ә) Сөйлеу тілін, сөз мағынасын түсініп,шапшаң ой қорыта алуға, көркем ұқыпты жаза білуге дағдыландыру

                              б) Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету, щған құрметпен қарай алатын көзқарасқа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:                                  Аралас сабақ

Сабақтың әдісі:                                 сұрақ-жауап, түсіндіру, топтастыру

Сабақтың көрнекілігі:                      плакат , кеспе қағаздар

Пәнаралық байланыс:                        әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы:

                                              а) Ұйымдастыру кезеңі:

                   Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

                                                  ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

                      Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын.

                                               б)  Жаңа сабақты түсіндіру:

                    Бір нәрсе жайында сұрап білу мақсатында айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейді. Сұраулы сөйлемдер негізгі сұрақты, жетек сұрақты, анықтауыш сұрақты білдіреді.

               Бір нәрсе, оқиға, іс туралы мәлімет алу үшін қойылған бастапқы сұрақты негізгі сұрақ дейміз.

Мысалы:   Сен тамақ іштің   бе?   Үйде   кім бар?

Негізгі сұрақ сұрау есімдіктерінен (Қашан? Кім? Қанша? Қайда? Неге? Кімде? т.б.) және ма, ме, ба, бе, па, пе шылауларының қатысуымен жасалады.

Негізгі сұраққа жауап алу үстінде қосымша туған ойға байланысты сұрақты жетек сұрақ дейміз.

Мысалы:

-Кеште кімдер өлең айттъі?

лдар өлең айтты.

-Қыздар  ше?

Жетек сұрақтар толымсыз болып қүралады, көбіне тек сүрақ мағыналы сөзден ғана тұрады. Жетек сұрақ ше шылауының қатысуымен жасалады.

 

 Жаттығумен жұмыс:  19-жаттығу.  Мәтіннен сұраулы сөйлемдерді тауып,қандай сұрақ екенін анықтаңдар.

 

Топпен жұмыс:    21-жаттығу. 1-топ: Мәтін бойынша бірнеше сұрақ дайындаңдар. Ішінде негізгі сұрақ, , жетекші сұрақ , анықтауыш сұрақтар болсын.

                                                    2-топ:  Алдыңғы топтың сұрақтарына жауап береді.   

 

Білімді бекіту:        Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.                     

Бағалау:  Оқушылардың ынтасына  қарай білімдері бағаланады.

 

Үйге тапсырма:  22-жаттығу.                    

 

                Күні:                                        Пәні: қазақ тілі                                   Сыныбы: 8

Cабақтың тақырыбы:                Лепті сөйлем                                                   

Сабақтың мақсаты:  

                                а) Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету.Ойлау шеберлігін  сөйлеу мәденеиетін арттыру.

                                ә) Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық,жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін арттыру.Сөйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу.

                                б) Тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін Отанын сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:   жаңа сабақты игерту

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,іздену,талдау

Сабақтың көрнекілігі: плакат, деңгейлік тапсырмалар т.б

Пәнаралық байланыс:  әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы:

                                                    а) Ұйымдастыру кезеңі:

                                   . Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

                                                  ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

                      Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын

                                                 б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Лепті сөйлемнің жасалу жолдары

Сөйлемнің етістік формалары арқылы жасалады

Сөйлемде ақ,ау, ғой,ай шылауларының қатысымен

Көңіл күйді білдіретін одағай сөздердің қатысуымен жасалады.

Көтеріңкі дауыс ырғағы арқылы жасалады

 

Мысалы: Ол жетіп келмесі бар ма !

Аты ат-ақ екен!

Па,шіркіннің сөзі!

Жау жойылды!

 

                     Айтушының түрлі көңіл-күйін білдіру мақсатымен айтылған сөйлемді лепті сөйлем дейміз. Лепті сөйлемдер-бір нәрсеге таңданғанда,өкінгенде,сұқтанғанда, күйінгенде, сүйсінгенде,қорыққанда,қуанғанда айтылатын  сөйлемдер

 

 Жаттығумен жұмыс: 24-жаттығу.  Мәтіндегі сұраулы лепті сөйлемді ажыратып, жасалу жолын түсіндіріңдер.

 Шығармашылық жұмыс: Өз-өзіңе сұрақ қойып,өзіңмен іштей жан тоғанысымен сөйлесетін кезің болды ма?  Ойланып көріңдер де, қағазға  түсіріңдер. Ішінде лепті сөйлем  болатын болсын.

Білімді бекіту:  Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.     

  1. Сөйлемдер айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді?
  2. Хабарлы сөйлем дегеніміз не?
  3. Сұраулы сөйлем дегеніміз не?
  4. Лепті сөйлем дегеніміз не?        

 Бағалау:Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

 

Үйге тапсырма:         25-жаттығу.  Хабарлы,сұраулы, лепті сөйлемдердің тыныс белгілерін қойып көшіріңдер.

 

 

Күні:                                        Пәні: қазақ тілі                                   Сыныбы: 8

 

Сабақтың тақырыбы :             Бұйрықты сөйлем

Сабақтың мақсаты:

                                 а) Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық,жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін арттыру.Сөйлеу тілін жетілдіре отырып,шешендік өнерге баулу.

                                 ә) Оқушылардың ойын кеңейтіп, тілді байытатын мазмұнды да көркем сөз үлгілері мен мақал-мәтелдер,нақыл сөздер үйрену.

                                б) Оқушылардың бойына әдептілік, инабаттылық,қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру.

Сабақтың түрі:            Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі:            сұрақ-жауап, тіл дамыту

Сабақтың көрнекілігі: плакат, деңгейлік тапсырмалар т.б

Пәнаралық байланыс:                   Әдебиет,орыс тілі

Сабақтың барысы:

                                                    а)   Ұйымдастыру кезеңі:

            Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

                                                  ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

                      Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын

1.      Сөйлемдер айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді?

2.      Хабарлы сөйлем дегеніміз не?

3.      Сұраулы сөйлем дегеніміз не?

4.      Лепті сөйлем дегеніміз не?    

                                                     б)   Жаңа сабақты түсіндіру.

                       Біреуге бұйыру не бірдеңені талап ету мақсатымен айтылатын сөйлемдерді бұйрықты сөйлем дейміз.  Бұйрықты сөйлемдер бұйыруды, іске қосуды,кеңес беруді,жалынуды,тілек-өтінішті білдіреді. Бұйрық мәнін беретін-дауыс ырғағы  және  баяндауыш  тұлғалары. Мысалы: Үйден шықпаңдар! Отты байқап отырсын.

 

Кітаппен жұмыс: 28- жаттығу. Мәтіннен бұйрықты сөйлемдерді тауып,жасалу жолдарына талдау жасаңдар

 

Тақтамен жұмыс: Тақтаға бірнеше сөйлемдерге синтаксистік,морфологиялық таладу жүргізеді.

 

Білімді бекіту:  Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.     

 

Бағалау:  Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

 

Үйге тапсырма:          Үйге «Менің борышым» атты тақырыпта шағын шығарма жазып келуге беремін.

 

 

 

Күні:                                        Пәні: қазақ тілі                                   Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы:              Сөйлем мүшелері                                

Сабақтың мақсаты:

                                  а)Сөйлем мүшелері туралы түсінік бере отырып,оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;.

                                  ә) Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық,жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін арттыру,сөйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу;

                                 б) Сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа баулу;

Сабақтың түрі:                                   Жаңа сабақты игерту.

Сабақтың әдісі:                                сұрақ-жауап,тіл дамыту, топтастыру

Сабақтың көрнекілігі:                     плакат,кеспе қағаздар, қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс:                 әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы:

                                               а)    Ұйымдастыру кезеңі:  

               Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

                                                  ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

                      Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын

1.      Сөйлемдер айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді?

2.      Хабарлы сөйлем дегеніміз не?

3.      Сұраулы сөйлем дегеніміз не?

  1. Лепті сөйлем дегеніміз не?  

                                       б)     Жаңа сабақты түсіндіру.

                    Сөйлем мүшелері дегеніміз –сөйлем құрауға қатысқан толық мағыналы сөздер.

 

 

 

 

 

 

 


  

 

Сөйлем мүшелері құрамына қарай үшке бөлінеді.

Толық мағыналы бір сөзден болған мүшені дара мүше

Күрделі сөзден, тұрақты тіркестен,шылаулы тіркестен болған мүшені күрделі мүше

Кемінде екі  не одан көп сөзден құралып,бастауыштық-баяндауыштық қатынастан тұратын,бір сөйлем мүшесінің қызметін атқаратын сөздер тобы үйірлі мүше болады.

 

Жаттығумен жұмыс: 34-жаттығу.Әр сөзді сөйлем мүшесіеің белгілерінен қарастырып,сөйлем мүшесі болып тұрғанын немесе сөйлем  мүшесі болмай тұрғанын анықтаңдар.

Білімді бекіту:  Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін. 

  1. Сөйлем мүшелерін тіл білімінің қай саласы қарастырады?
  2. Сөйлем мүшелерін нешеге бөлеміз?
  3. Сөйлем мүшелері құрамына қарай нешеге бөлінеді?
  4. Сөйлем мүшесінің белгілері қандай?   

Бағалау:  Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

 

Үйге тапсырма:  35-жаттығу.. 

Күні:                                           Пәні: қазақ тілі                                   Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы:               Тұрлаулы мүшелер                               

Сабақтың мақсаты:

                                  а)Тұрлаулы мүшелер туралы түсінік бере отырып,оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;.

                                  ә) Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық, жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін арттыру,сөйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу;

                                 б) Сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа баулу;

Сабақтың түрі:                                   Жаңа сабақты игерту.

Сабақтың әдісі:                                сұрақ-жауап,тіл дамыту, топтастыру

Сабақтың көрнекілігі:                     плакат,кеспе қағаздар, қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс:                 әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы:

                                               а)    Ұйымдастыру кезеңі

               Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

                                                  ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

                      Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын

                                       б)     Жаңа сабақты түсіндіру.

                    Сөйлем мүшелері  атқаратын қызметі жағынан тұрлаулымүшелер және тұрлаусыз мүшелер болып екі үлкен топқа жіктеледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 


  

 

 

Жаттығумен жұмыс:   Бірнеше мақал –мәтел айтып  синтаксистік талдау жүргізеді.

   Тақтамен жұмыс: Берілген сөздерді бастауыш етіп,баяндауышын әр түрлі сөз табынан жасап, жақты сөйлем құрастырыңдар.

             Өзім, олар, бұл, сіз, жер, ел, оралмандар,үшеуміз.

Білімді бекіту:  Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін. 

1.      Сөйлем мүшелерін тіл білімінің қай саласы қарастырады?

2.      Сөйлем мүшелерін нешеге бөлеміз?

3.      Сөйлем мүшелері құрамына қарай нешеге бөлінеді?

4.      Сөйлем мүшесінің белгілері қандай?   

Бағалау:  Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

 

Үйге тапсырма:   Бес сөйлем жазып, синтаксистік талдау жасап келеді. 

Күні:                                        Пәні: қазақ тілі                                   Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы:              Бастауыш                              

Сабақтың мақсаты:

                                  а) Бастауыш  туралы түсінік бере отырып,оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;.

                                  ә) Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық,жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін арттыру,сөйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу;

                                 б) Сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа баулу;

Сабақтың түрі:                                    аралас сабақ

Сабақтың әдісі:                                сұрақ-жауап,тіл дамыту,  іздендіру

Сабақтың көрнекілігі:                     плакат,кеспе қағаздар, қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс:                 әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы:

                                а)    Ұйымдастыру кезеңі

               Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

                                                  ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

                      Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын

                          б)     Жаңа сабақты түсіндіру.

            Бастауыш сөйлемде атау септігінде тұрып,іс-оқиғаның несін білдіреді.Кім? Не? деген сұрақтарға жауап береді.- Сен оқыдың да,білім аддың,ұстаз көрдің.Біз надан өстік. Құнанбай да тысқа шықты. Бұл сөйлемдерде бастауыштар – сен,біз,Құнанбай.Бірінші сөйлемде бастауыш (сен) баяндауыштармен (оқыдың,білім алдың,көрдің) 2-жақта жекеше түрде қиыса байланысқан.Екінші сөйлемде бастауыш (біз) баяндауышпен (өстік) 1-жақта көпше түрде қиыса байланысқан.Үшінші сөйлемде бастауыш (Құнанбай) баяндауышпен (шықты) 3-жақта жекеше қиыса байланысқан.

  Бастауыштар құрылысына қарай былайша бөлінеді:

Құрылысына  қарай

Сұрақтары: Кім? Не? Кімдер?Нелер? Кімім? Нем? Кімің? Нең?

Дара

Омар қырман басында жүр.

Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін.

Күрделі

Туған жерім - әйгілі Шалқар өңірі.

Күле беру ыңғайсыз.

Үйірлі

Жұмысы жоқтық аздырар адам баласын.

Билеті барлар орындарына жайғасты

 

Бастауыш болатын сөз таптары

Сөйлемдер

Зат есім

Абайлар Қарашоқыға түс ауа жетті

Есімдік

Өзіміз де жүргелі отырмыз.

Сын есім

Көп қорқытады,терең батырады.

Сан есім

Берерменге бесеу көп.

Есімше

Әке көрген – оқ жонар,

Ана көрген – тон пішер.

Тұйық етістік

Тыңдау – мәдениеттіліктің белгісі.

Одағай

«Ә,құдай!» - күйзелгеннің белгісі.

Үстеу

Шапшаң асықтырады,соңыра кешіктіреді.

 

Жаттығумен жұмыс:    36-жаттығу. Мына сөздерді бастауыш етіп сөйлемдерді аяқтаңдар.

Ауылдың маңы-....                                          жығылған-.....

Балалар шуы-....                                                оның айтып отырғаны--......

Асық ойнаған-....                                             ол өзі-...

Білімді бекіту:  Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін. 

 

Бағалау:  Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

 

Үйге тапсырма:    37-жаттығу.

Күні:                                        Пәні: қазақ тілі                                   Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы:              Баяндауыш                              

Сабақтың мақсаты:

                                  а)    Оқушылардың ойын кеңейтіп,тілді байытатын мазмұнды да  көркем сөз үлгілері мол мақал-мәтелдер,нақыл сөздер үйрету.

                                  ә)  Оқушылардың оқулықпен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіре отырып, логикалық ойын дамыту,оқу материалына сын көзбен қарап жолдасының көмекке қашанда әзір болу қасиетіне, ұллтық дәстүрді қастерлеуге үйрету.

                                 б)  Оқушыларды сауаттылыққа баулу

Сабақтың түрі:                                   Жаңа сабақты игерту.

Сабақтың әдісі:                                сұрақ-жауап,тіл дамыту,  анализ-синтез т.б

Сабақтың көрнекілігі:                     плакат,кеспе қағаздар, қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс:                 әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы:

                                а)    Ұйымдастыру кезеңі

               Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

                                                  ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

                      Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын

                          б)     Жаңа сабақты түсіндіру.

  Баяндауыш – сөйлемдегі тұрлаулы мүшенің бірі.

  Баяндауыш сөйлемдегі бастауыштың іс-әрекетін,қимылын,жай-күйін,оқиғаның қай шақта болғанын білдіреді.Баяндауыш сөйлемді аяқтап,ойды тиянақтайды.Кейде сөйлемде бастауыш айтылмаса да,баяндауыш бар жерде бастауыш жоғалмайды.

   Баяндауыш құрылысына қарай былайша жіктеледі:

Құрылысына қарай

Сұрақтары: Не істеген? Не қылған? Қайтті? Не болмақ? Немене? Қалай? Кімдікі? Ненікі?

Дара

Заман өзгерген,білім күшейген.

Қазына – халықтікі.

Күрделі

Абай күрсініп қояды.

Олжабек шалқасынан түсе жаздады.

Үйірлі

Қиыны бұл дүниенің – қолы тарлық.

Есті адамдарда бар қасиет – уайым жеу.

Баяндауыш болатын сөздер көбінесе жіктік жалғауларында,кейде атау тұлғада,тәуелдік,септік тұлғада тұрады.

  Баяндауыш болатын сөз таптары мыналар:

Баяндауыш болатын сөз таптары

Сөйлемдер

Етістіктер

Мен өте қуандым

Сен қайда жүрсің?

Сын есімдер

Бәріміз бір кісінің баласындай татумыз.

Ел тоқ.

Зат есімдер

Сендер бақытты адамсыңдар.

Ат – көлік, қамшы – қару.

Сан есімдер

Ер кезегі – үш.

Үш жердегі үш – тоғыз.

Есімдіктер

Медеуі – мен.

Өтегені - өзі.

Көмекші етістік пен еліктеуіш сөз

От жылт еті.

Мылтық тарс етті.

 

Жаттығумен жұмыс:    38-жаттығу. Мына сөздерді баяндауыш етіп сөйлемдерді аяқтаңдар.

 ....-ынтымақ.                     ....-сәлем   берді                        ....-төрт

....-байлық                          ....-бөлінбейді.                          .....-жетім.

....-оқу.                               .....-білерсің                               ....-жаман

Білімді бекіту:  Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін. 

 

Бағалау:  Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

Үйге тапсырма:    39-жаттығу.

Күні:                                        Пәні: қазақ тілі                                   Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы: Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша                             

Сабақтың мақсаты:

                                  а) Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаның жасалу жолдарын түсіндіремін;

                                  ә) Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық,жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін арттыру,сөйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу;

                                 б) Сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа баулу;

Сабақтың түрі:                                    дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдісі:                                сұрақ-жауап,тіл дамыту,  түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі:                     плакат,кеспе қағаздар, қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс:                 әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы:

                                а)    Ұйымдастыру кезеңі

               Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

                                                  ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

                      Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын

                          б)     Жаңа сабақты түсіндіру.

  Бастауыш пен баяндауыштың қай сөз табынан болғанына қарай және интонация арқылы байланысуына қарай мына жағдайларда бастауыштан кейін сызықша қойылады:

1.      Бастауыш та,баяндауыш та атау тұлғалы зат есім болса,араларына сызықша қойылады.астық – біздің байлығымыз.(«Тербеледі тың дала».) Күдіренов Айтым – аға шопан. Ерлік – бүгінгі өмір талабы. («Дала дауылпаздары»)

2.      Бастауыш сілтеу есімдігінен немесе жіктеу есімдігінің ІІІ жағынан болып,баяндауыш зат есімнен болса,бастауыштан кейін сызықша қойылады.Бұл – үлкен қуаныш Ол – қазір звено бастығы.

3.      Бастауыш заттанған сын есімнен,сан есімнен және есімшеден болып,баяндауыш зат есімнен болса,бастауыштан кейін сызықша қойылады.Қыздардың үлкені – Майра,кішісі – сайра. Үш – тақ сан. Ұзын белдің бойында биік таудай мұнартқан – Қарағанды.

4.      Бастауыш тұйық етістіктен (дара я күрделі) болып,баяндауыш зат есімнен болса немесе керісінше,бастауыш зат есім,баяндауыш тұйық етістіктен болса,араларына сызықша қойылады.Менің ұмтылған тілегім – қалайда пайдалы адам блып шығу. Қой бағу – қиын кәсіп.

5.      Бастауыш та, баяндауыш та сан есім болса,араларына сызықша қойылады: Бес жерде бес – жиырма бес.

6.      Сілтеу есімдігі мен жіктеу есімдігінің ІІІ жағынан болған бастауышты ,сондай-ақ зат есім,сын есім,есімшеден болған бастауыштарды көршілес тұрған зат есімнен болған сөйлем мүшесінің анықтауышы деп шатастырмас үшін,бастауыштан кейін сызықша қойылады: Бұл – жазушының байқағыштығын көрсетеді.жақсы – ісімен жақсы.Көрмес – түйені де көрмес.

7.      Сан есімнен болған бастауышты күрделі сан есімнен болған мүшеден ажырату үшін,соңынан сызықша қойылады. Жүз – жиырма беске бөлінеді.Жүз жиырма – беске бөлінеді

Жаттығумен жұмыс:     41-жаттығу.  Көшіріп жазыңдар да, бастауыштан кейін тиісті жеріне сызықша  қойыңдар.

Тақтамен жұмыс: Тақтаға бірнеше сөйлемдерге синтаксистік,морфологиялық таладу жүргізеді.

Білімді бекіту:  Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін. 

Бағалау:  Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

 

Үйге тапсырма:    42-жаттығу.

 

Күні:                                        Пәні: қазақ тілі                                   Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы: Толықтауыш                             

Сабақтың мақсаты: а) білімдік —  толықтауыш  туралы білім деңгейін көтеру, тереңдету;

                                        ә) дамытушылық — түрлі : әдістермен оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, өзіндік шығармашылыққа баулу;

                                       б) тәрбиелік - ұжымшылдыққа, нақтылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:                                   Жаңа сабақты игерту.

Сабақтың әдісі:                                топпен жұмыс, сұрақ-жауап,тіл дамыту,

Сабақтың көрнекілігі:                     плакат,кеспе қағаздар, қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс:                 әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы:

                                а)    Ұйымдастыру кезеңі

               Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

                                                  ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

                      Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын

                          б)     Жаңа сабақты түсіндіру.

   Сөйлемде бастауыш пен баяндауыштың төңірегіне топтасып, бірі – ойды анықтау үшін,екіншісі – ойды толықтыру үшін,үшіншісі – ойды пысықтау үшін алынған сөздерді сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері дейміз.

   Толықтауыш тұрлаусыз мүшелердің бірі.

  Толықтауыш пен баяндауыш білдіретін амал-әрекеті,іс-оқиғаны заттық мағына жағынан толықтыру үшін жұмсалатын сөйлем мүшесін атаймыз.

  Толықтауыш көбінесе  баяндауышпен байланысқа түседі.

Толықтауыш тұратын септіктер және толықтауыштың түрлері

Толықтауыштың сұрақтары

Мысалдар

Тура толықтауыш  табыс септігінде

Кімді? Нені?

Жаман – сыйлағанды білмес. Оқушылар емтихан тапсырды

Жанама толықтауыштар

Барыс септігінде

Жатыс септігінде

Шығыс септігінде

Көмектес сптігінде

 

Кімге? Неге?

Кімде? Неде?

Кімнен? Неден?

Кіммен? Немен?

 

Күресуге дәрмен жоқ.

Халықта жер бар.

Күштіден істі озды.

Бала тоқсанды беспен бітірді.

 

1.Күрделі зат есімнен,сын есімнен,сан есімнен,етістіктен: Көрсетпе кө жасыңды (нені) Жүз – жиырма беске (неге?) бөлінеді.

2.Негізгі сөз бен көмекші есім не көмекші етістік арқылы: Бұл соншалық сенімді айтылған байлау үй ішіне (кімдерге?) мақұл көрінеді.

3.Туралы,жөнінде,жайында шылауларының қатысуы арқылы: Сіз жөнінде (кім жөнінде?) көп естігенмін.

   Үйірлі мүшеден болған толықтауышты үйірлі толықтауыш дейміз.Мысалы: Көкірегі сезімді,көңілі ойлыға (кімге?),Бәрі де анық тұрмай ма ойлағанда? Жасау дегеннен (неден?) көз тұнады.

 

Жаттығумен жұмыс:      45-жаттығу.   Әке,ақылды, төрт, ол, оқыған, оқу сөздерін атау және ілік септіктерден басқа септіктерге қойып, толықтауыш етіп сөйлемдер құраңдар.

 

Тақтамен жұмыс: Тақтаға бірнеше сөйлемдерге синтаксистік,морфологиялық таладау жүргізеді.

Білімді бекіту:  Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін. 

Бағалау:  Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

 

Үйге тапсырма:    46-жаттығу

 

Күні:                                        Пәні: қазақ тілі                                   Сыныбы: 8

 

Сабақтың тақырыбы: Анықтауыш                           

Сабақтың мақсаты: а) білімдік —  анықтауыш  туралы білім деңгейін көтеру, тереңдету;

                                        ә) дамытушылық — түрлі : әдістермен оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, өзіндік шығармашылыққа баулу;

                                       б) тәрбиелік - ұжымшылдыққа, нақтылыққа тәрбиелеу. 

Сабақтың түрі:                                    аралас сабақ

Сабақтың әдісі:                                сұрақ-жауап,тіл дамыту,  шығармашылық жұмыс

Сабақтың көрнекілігі:                     плакат,кеспе қағаздар, қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс:                 әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы:

                                а)    Ұйымдастыру кезеңі

               Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

                                                  ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

                      Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын

                          б)     Жаңа сабақты түсіндіру.

  Сөйлемде зат есімнен немесе заттық ұғымда жұмсалған басқа да сөз таптарынан болған мүшелерді сындық,сапалық,сандық,иелік жағынан сипаттайтын тұрлаусыз мүшені анықтауыш дейміз.Соған сәйкес сұраулары: Қандай? Қай? Қанша? Неше?Кімнің? Ненің? Керімбаланың осы әніне орай қып,Оралбай да бір кербез әнге шырқай жөнелді.Оның әні – «Гауһар тас». Бірінші сөйлемде әніне деген толықтауышты екі анықтауыш сипаттап тұр.

  Анықтауыш өзі анықтайтын мүшесімен қабыса,матаса байланысады.Мысалы, Керімбаланың әніне дегенде матаса байланысқан, осы әніне дегенде қабыса байланысқан.

  Анықтауыш бірнеше сөз таптарынан болады.Анықтауыштар құрылысына қарай дара,күрделі және үйірлі болады (кестеге қараңдар)

Анықтауыштар құрылысына қарай

Мысалдар

Дара

Құстар шыршалы орманды жақсы көреді

Күрделі

Қылқан жапырақты ағаштың ең үлкені – алып қарағай.

Үйірлі

Ыстық шаңға құмыққан Байжан купенің терезесін қайта түсіріп жіберді.

Талабы бар жігіт жерде қалмайды.

 

Анықтауыш болатын сөз таптары

Мысалдар

Сын есімдер

Қысқа жіп – күрмеуге келмес.

Зат есімдер

Сәндікке күміс жүзік тағатын болды.

Сан есімдер

Адамның үш жұрты болады: ағайын жұрты,нағашы жұрты,қайын жұрты.

Есімдіктер

Есімше

Осы жылқы – жүйрік.

Жалбыраған бұтақтары жерге тиіп тұрады.

Ілік септікте тұрған есім сөздер

Шыршаның қабығы жырым-жырым,ал май қарағайдың діңі жып-жылтыр.

 

Жаттығумен жұмыс:      49-жаттығу.    Мәтіндегі қарамен жазылған анықтауыштардың сұрақтарын қойыңдар.

 Шығармашылық  жұмыс:  «Адамның жақсы,жаман болмағы-өзінен» деген тақырыпта ойтолғау жазыңдар.

Білімді бекіту:  Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін. 

Бағалау:  Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

 

Үйге тапсырма:    50-жаттығу

Күні:                                        Пәні: қазақ тілі                                   Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы: Пысықтауыш                          

Сабақтың мақсаты: білімдік —   пысықтауыш  туралы білім деңгейін көтеру, тереңдету;

                                        ә) дамытушылық — түрлі   әдістермен оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, өзіндік шығармашылыққа баулу;

                                       б) тәрбиелік - ұжымшылдыққа, нақтылыққа тәрбиелеу. 

Сабақтың түрі:                                    аралас сабақ .

Сабақтың әдісі:                                сұрақ-жауап,тіл дамыту, топтастыру

Сабақтың көрнекілігі:                     плакат,кеспе қағаздар, қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс:                 әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы:

                                а)    Ұйымдастыру кезеңі

               Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

                                                  ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

                      Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын

                          б)     Жаңа сабақты түсіндіру.

   Пысықтауыш – етістіктен болған баяндауышты мекен,мезгіл,қимыл-сын мен себеп,мақсат жағынан айқындайтын сөйлемнің тұрлаусыз мүшесі.Мысалы: «Ол үйге жүгіріп кірді» деген сөйлемде жүгіріп деген сөз Қайтіп? Деген сұраққа жауап беріп,қимылдың сынын білдіріп тұр.

   Пысықтауыштың негізгі белгілері: 1.Іс-қимылды мезгіл,мекен,мақсат,сын-қимыл,себеп,мөлшер ждағынан пысықтап тұрады. 2.Қашан? Қайда? Қалай? Неге? Не үшін? Неліктен? т.б. сұрақтарға жауап береді.  3.Байланысу түрлері – меңгеру,жанасу және қабысу.

  Пысықтауыштың мағыналық түрлері және олардың жасалу жолдары:

Пысықтауыштың мағыналық түрлері

Сұраулары

Мысалдар

1

2

3

Мезгіл пысықтауыш

-          мезгіл үстеуінен

-          жатыс септігіндегі

мезгіл мәнді зат       

      есімнен

     -      септік шылаулы сөзден

Қашан?

Қай кезде?

Қай уақытта?

Ол бүгін келеді.

22 наурызда күн мен түн теңеледі.

Таңертеңгі шайдан соң Абай әке қасынан шығып,Майбасарға келе жатты (М.Ә.)

Мекен пысықтауыш

-          мекен үстеуінен

-          атау,ілік,табыстан басқа септіктерде тұрған зат есімдерден

Қайда?

Қай жерде?

Қай жақта?

Қайдан?

 

Әжесі үйде қалды.

Қайсар биыл мектепке барады.

 

Біз қала маңынан келдік.

Мақсат пысықтауыш

-          мақсат үстеуінен

-          -ғалы,-гелі,-п тұлғалы көсемшелерден

-          Үшін шылауымен келген есім сөзден

Кім үшін?

Не үшін?

Неге?

Қандай мақсатпен?

 

Сәуле зат алғалы келді.

Ол әдейі кірді.

Мен осыны айту үшін сөйлестім.

Амал пысықтауыш

-          қимыл-сын үстеулерінен

-          еліктеуіштен

-          көсемше тұлғалы етістіктен

Қалай?

Қайтіп?

Қалайша?

 

Жиналыста шапшаң сөйледі.

Бала жүгіре-жүгіре шаршады. Бұл сөзді естігенде,ол сылқ-сылқ күлді.

Себеп пысықтауыш

-өткен шақтық есімшеден

Неліктен?                                                    Не себептен?

Сен түсінбегендіктен айта алмадық. Ол қуанғаннан қозғалмай қалды.

Мөлшер пысықтауыш

- мөлшер үстеулерінен

- мөлшер мәнді сын есімдерден

Қанша?

Қалай?

Сабақта ұзақ сөйледі

Емтиханға жаппай кірді.

Тақтайды ұзын кес.

 

Жаттығумен жұмыс:       52-жаттығу.     Мына сөйлемдердегі біртектес сөздердің екі түрлі сөйлем мүшесінің қызметін атқарып тұрғанын түсіндіріңдер.

 Шығармашылық  жұмыс:   Мына үстеулерді қатыстырып сөйлем құраңдар да,  пысықтауыштың қай түрін жасағандарыңды табыңдар.

Күзде, қуаныш үстінде, тұс-тұстан, артта, арнайы, үйрену үшін, жатпай-тұрмай, күмілжіп

Білімді бекіту:  Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін. 

Бағалау:  Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

 

Үйге тапсырма:    53-жаттығу

Күні:                                        Пәні: қазақ тілі                                   Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы:          Сөйлемнің айқындауыш мүшелері                         

Сабақтың мақсаты:    а)Сөйлемнің айқындауыш  мүшелері туралы түсінік бере отырып,оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;.

                                  ә) Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық,жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін арттыру,сөйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу;

                                 б) Сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа баулу;

Сабақтың түрі:                                   Жаңа сабақты игерту.

Сабақтың әдісі:                                сұрақ-жауап,тіл дамыту, топтастыру

Сабақтың көрнекілігі:                     плакат,кеспе қағаздар, қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс:                 әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы:

                                а)    Ұйымдастыру кезеңі

               Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

                                                  ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

                      Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын

                          б)     Жаңа сабақты түсіндіру.

Сөйлемде кейде бір заттық жағынан айқындап,түсіндіріп тұратын сөз я сөздер тобы болады.Осыны айқындауыш дейміз. Мысалы: Біздерге,қарттарға,жастар сияқты өмір сүруге тура келеді. Осы сөйлемдегі айқындауыш – қарттарға,ол біздерге деген толықтауышты айқындап тұр.Есіктен қарт шахтер Бейсен кірді. Бұл сөйлемде айқындуыш – қарт шахтер; ол Бейсен деген сөзді нақтылап тұр    

 

 

 

 


   Оңашаланған айқындауыштың анықтауыштан айырмашылығы бар: анықтауыш өзі анықтайтын сөзінен бұрын тұрса,оңашаланған айқындауыш онан кейін тұрады да,өзі айқындайтын сөздің мағынасын нақтылайды. Оңашаланған айқындауыш өзі айқындайтын мүшесімен қызметтес әрі тұлғалас болады.Сондықтан оңашаланған айқындауыш сөйлемде бастауышты,баяндауышты,пысықтауышты,толықтауышты,кейде анықтауышты айқындайды.

   Отарбай,жас мұғалім,сабақты жақсы өткізуге тырысты.Бұл сөйлемде жас мұғалім деген айқындауыш бастауышты айқындап тұр.Оңашаланған айқындауыш та,айқындалатын сөз де атау септігінде тұр.

   Айқындауыш, әдетте,сөйлемде екі жағынан да үтірмен,кейде айқындауыштар тізбегінде үтір болса,онда екі жағынан сызықшамен ажыратылады.

   Мысалы: Олардың бірі – сары сақал,арық,боз - өз ойының жүйріктігін көрсетуге тырысады.Осында айқындауыш – сары сақал,арық,боз.Айқындауыш өз ішінде үтірмен белгіленгендіктен,екі жағынан сызықшамен ажыратылған.

    Қосарлы айқындауыш өзі айқындайтын мүшесіне қосалқы атау болады.Амангелді батыр,Ер Тарғын,Ақан сері, Біржан сал,әнші Күләш,т.б.

   Кейбір қосарлы айқындауыштар өздерінің айқындайтын сөзінен,қос сөздер сияқты,дефис арқылы бөлінеді: жер-ана,әйел-ана,панфиловшы-ұландар,инженер-техник,пәтер-мұражай, т.б.

Жаттығумен жұмыс:       5 8-жаттығу.      Төмендегі сөйлемдерде оңашаланған айқындауыштың қандай сөйлем мүшесін айқындап тұрғанын тап.

 Шығармашылық  жұмыс:   Мына  қосарлы айқындауышты қатыстырып сөйлем құраңдар.

 Абылай хан, жәнібек батыр, Қаз дауысты Қазыбек би, әйел-ана, күйші Құрманғазы, би-шешендер, ғалым-ұстаз, әнші Күләш,

Білімді бекіту:  Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін. 

Бағалау:  Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

Үйге тапсырма:    59-жаттығу

Күні:                                        Пәні: қазақ тілі                                   Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы: Сөйлемнің бірыңғай мүшелері                         

Сабақтың мақсаты:  білімділік -  Сөйлемнің бірыңғай мүшелері туралы түсінік бере  отырып, білім деңгейлерін тиянақтау,жинақтау,тереңдету,сөздік қорын дамыту;

                                      дамытушылық – есте сақтау қабілетін,салыстыра  отырып ажырату дағдыларын дамыту,жинақылыққа, тез,ұтымды жауап беруге үйрету;

                                      тәрбиелік – салт-дәстүрін білетін азамат тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:                                    аралас  сабақ

Сабақтың әдісі:                                сұрақ-жауап, шығармашылық жұмыс

Сабақтың көрнекілігі:                     плакат, деңгейлік тапсырмалар, қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс:                 әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы:

                                а)    Ұйымдастыру кезеңі

               Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

                                                  ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

                      Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын

                          б)     Жаңа сабақты түсіндіру.

 Сөйлемдегі қызметі,тұлғасы,сұрақтары бірдей және бір ғана ортақ мүшемен байланысатын сөздер бірыңғай мүшелер болады.

   Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері де,тұрлаусыз мүшелері де бірыңғай мүше түрінде келе алады.

Мысалы: Түйе,жылқы,өгіз көлік ретінде пайдаланылады,оны шанаға,арбаға жегеді,мінеді. («Жеті қазына»)

Бірыңғай бастауыштар

Не?

түйе,жылқы,өгіз

Бірыңғай толықтауыштар

Неге?

шанаға,арбаға

Бірыңғай баяндауыштар

Қайтеді?

жегеді,мінеді

 

Жылқы – қазақтың кәделі,бағалы,қымбат қазынасы дегендегі кәделі,бағалы,қымбат – бірыңғай анықтауыштар, сұрағы – Қандай?

  Сиыр терісінен илеп,барлық ат әбзелдерін оюлап,өрнектеп,өріп жасайды.Мұнда оюлап,,өрнектеп,өріп – бірыңғай пысықтауыштар,сұрағы – Қалай?

  Бірығай мүшелер жалғаусыз да,жалғаулықтар арқылы да (мен,да,және,әрі,я,не,немесе) байланысады.мысалы: Арба да,дөңгелектер де,адамдар да қызғылт шаңның ішінде. Жалғаулық шылаулар қайталанбай бір –ақ рет келсе,арасына үтір қойылмайды. Жақып пен Ербол жолға шықты.

  Кейде бірыңғай мүшелердің алдында немесе соңында жалпылауыш сөздер болады.жалпылауыш сөздер ретінде жалпылау,сілтеу есімдіктері және сан есімдер жұмасалады.Үйге Әсия,шешем,мен – үшеуміз ғана кірдік. Мінезі де,түрі де – бәрі өзім.

  Егер жалпылауыш сөз бірыңғай мүшелердің алдынан келсе,ондажалпылауыш сөзден кейін қос нүкте,сөйлемнің бірыңғай мүшелерінің арасына үтір қойылады.мысалы: Өнеркәсіпке керекті заттар мыналар: тас көмір,мұнай,мыс,жез,қорғасын – барлығы қазақстан жерінен табылады.

Жаттығумен жұмыс:        63-жаттығу.      Төмендегі  өлеңде бірыңғай сөйлем мүшелерінің тыныс белгілері қойылмаған,қойып шығып, ондағы сөйлем мүшелерін анықтаңдар.

Білімді бекіту:  Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін. 

  1. Сөйлегенде не жазғанда сөйлемнің бірыңғай мүшелері не үшін қолданылады?
  2. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері барлық сөз таптарынан бола бере ме?
  3. Жалпылауыш сөздер не үшін керек?

Бағалау:  Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

Үйге тапсырма:     64-жаттығу

Күні:                                        Пәні: қазақ тілі                                   Сыныбы: 8

Cабақтың тақырыбы: Сөйлемнің бірыңғай мүшелері

Сабақтың мақсаты: білімділік – Сөйлемнің бірыңғай мүшелері жайында жан-жақты толық мағлұмат беру; тәрбиелік – сөйлеу мәдениетін қалыптастыру,эстетикалық тәрбие беру; дамытушылық- өз пікірін айтуға төселдіру,танымын кеңейту,ойлау қабілетін арттыру.

Сабақ әдісі: түсіндірмелі-мысалды әдіс.

Сабақтың түрі: жаңа білімді хабарлау сабағы

Көрнекілік: таблица,перфокарта,кеспе қағаздар,сурет.

Сабақтың барысы.

І.Ұйымдастыру кезеңі.

    Сынып оқушыларын түгелдеу,сабаққа келмеген  оқушылардың себебін білу, дайындықтарын тексеру.

ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

  Ұлжан үйінің түстігіне Күңке,Құдайберді,Айғыздар да жиылып отыр еді.  (М.Әуеззов.Абай жолы).

     Бірыңғай бастауыштар жалқы есімдерден (кісі аттары) болғанда,көптік жалғауы олардың ең соңғысына ғана жалғанады да,сол көптік жалғаулы сөз жинақтаушы қызмет атқарады.

   Олар Абаймен біресе жарысады,біресе қалжыңдайды,ойнайды. (М.Әуезов.Абай жолы).

1.      Етістікті бірыңғай бастауыштар.

2.      Есімді бірыңғай бастауыштар.

  Өлең – сөздің патшасы,сөз сарасы.(Абай).

 Қазақ әндерінде сол дала тауларының,өзендерінің,кең алқаптарының өрнектері бар. (С.Мұқанов).

   Ащы мен тұщыны татқан білер,алыс пен жақынды жортқан білер (мақал).

-мен,-бен,-пен жалғаулығы арқылы байланысқан бірыңғай толықтауыштарда септік жалғауы үнемі олардың соңғысына ғана жалғанады.

1. Бірыңғай тура толықтауыш.

2. Бірыңғай жанама толықтауыш.

 Өнерге салды бұлбұл аңыратып,

 Шыңғыртып,шымырлатып,сорғалатып.

(Абайдың Крыловтан аудармасы: «Есек пен бұлбұл»).

 Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат,нұрлы ақыл,жылы жүрек.

 Адамның қасиеті үш-ақ нәрсе: ыстық қайрат,нұрлы ақыл,жылы жүрек.

                                               Сызбасы

Несі?

Қасиеті

Кімнің?

Адамның

Не?  үш-ақ нәрсе:

ыстық қайрат, нұрлы жол,  жылы жүрек

 

  Жалпылауыш сөз сөйлемнің бірыңғай мүшелерінің алдында келгендіктен одан кейін қос нүкте қойылып тұр.

  Өнеркәсіпке керекті таскөмір,мұнай,мыс,жез,қорғасын – барлығы Қазақстан жерінен табылады.

                                                  Сызбасы

                                              таскөмір,

Қандай?                                мұнай                    Не?                         Қайтеді?

өнеркәсіпке керекті             мыс                      барлығы                табылады

                                              жез

                                              қорғасын

Қайдан?

Қазақстан жерінен

   Бірыңғай бастауыштар жалпылауыш сөздің (барлығы) алдында келгендіктен жалпылауыш сөздің алдынан сызықша қойылады да,бірыңғай мүшелер өзара үтір арқылы бөлінеді.

Оқулықпен жұмыс.

62-ші 63-ші жаттығу.

ІІІ.Жаңа материалды меңгергенін анықтау мақсатында деңгейлік тапсырмалар беремін.

  1-деңгейлік тапсырма:

  Берілген сөйлемнен бірыңғай мүшелерді тауып,тыныс белгісін қой.

1)     Туған жеріңді еліңді мектебіңді сүй.

2)     Мынау тастар Жезқазған Алтай,Алатау қаратау кендерінен табылған.

3)     Бұғыбай – көрікті ашық-жарқын ақ көңіл жігіт.

4)     Көл бетінде су құстары үйрек қаз аққу бірқазандар жүр.

5)     Халық болған соң өзіндік тарихы тілі мәдениеті дәтүрі болуы шарт.

6)     Абай қажымай жалықпай ылғи ғана ынтыға тыңдайтын.

2-деңгейлік тапсырма:

1) Сөйлемнің бірыңғай мүшелері бастауыш болып келген бірнеше сөйлем жазып,олардың қай сөзбен байланысқанын,қай сөз табынан екенін айт.

2) Сөйлемнің бірыңғай мүшелері пысықтауыш болып келген бірнеше сөйлем тауып жаз.

3-деңгейлік тапсырма:

  1) Абайдың «Қыс» өлеңін жатқа айтып,бірыңғай мүшелерді табыңдар,қай сөйлем мүшесі екенін анықтаңдар.

  2) Қырдағы ел ойдағы елмен араласып,

       Күлімдесіп,көрісіп құшақтасып.

Өлеңнің аты қалай аталады?

Кімнің өлеңі?

Бірыңғай мүшелері қандай қызмет атқарып тұр?

Қалай байланысқан?

4-деңгейлік тапсырма:

  1) Сурет бойынша әңгіме құрау.Ішінде бірыңғай мүшелері болуы шарт.

  2) «сабақ үстінде» деген тақырыпқа шығарма жазу.Бірыңғай мүшелері болуы керек.

IV.Бекіту кезеңі. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері мен сөйлем.

   Ойды жинақтау мақсатында оқушыларға сөйлемнің бірыңғай мүшелерінің негізгі белгілерін анықтау тапсырылады.

  «Топтастыру әдісі» бойынша жаңа сабақты бекітеміз.

   Өзара салаласа,басқа                           Әрқайсысы синтаксистік

   мүшелерімен сабақтаса                       қызмет атқарады.

  байланысады.

                                            Сөйлемнің бірыңғай мүшелері

   Бір сөзге қатысты болады.                                  Бір сөз табынан жасалады,

                                                                                    тұлғалас болып келеді.

V. Үйге тапсырма беру:  65-жаттығу.

  «16-шы желтоқсан – Тәуелсіздік күні» (ойтолғау жазып келу).

VI.бағалау.

  

 

 

 

Күні:                                        Пәні: қазақ тілі                                   Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы:                           Оқшау сөздер                        

Сабақтың мақсаты:     а)  Оқшау сөздер оның түрлерін түсіндіру;

                                  ә) Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық, жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін арттыру,сөйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу;

                                 б) Сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа баулу;

Сабақтың түрі:                                   Жаңа сабақты игерту.

Сабақтың әдісі:                                сұрақ-жауап,тіл дамыту, топтастыру

Сабақтың көрнекілігі:                     плакат,кеспе қағаздар, қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс:                 әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы:

                                а)    Ұйымдастыру кезеңі

               Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

                                                  ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

                      Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын

                          б)     Жаңа сабақты түсіндіру.

  Сөйлемнің құрамына өзге сөздермен байланысқа түспейтін,сондықтан сөйлем мүшесі қызмеиін атқара алмайтын сөздер мен сөз тіркесі болады.Бұларды оқшау сөздер дейді.

  Мысалы:           Өлеңім,шарла,ауылды.

                             Тыңда,дала,Жамбылды!

  Осындағы өлеңім,дала деген сөздер – сөйлем мүшесі емес,ақынның өз сөзіне елдің көңілін аудару үшін келтірген сөздері.Бұлар сөйлемдегі басқа мүшелерден оқшауланып тұрады.

  Оқшау сөздер қызметіне қарай үш түрге бөлінеді.

 

 

 

 

 

 


 

Жаттығумен жұмыс:        66-жаттығу.       Мына қыстырмалардың қайсысы ойдың ретін білдіреді,қайсысы кімдікі  екенін білдіреді?  Меніңше, біріншіден, сеніңше, екіншіден, қорыта айтқанда, оның айтуынша, біздің байқауымызша, қысқасы, сіздерше..

 

Білімді бекіту:  Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін. 

1.      Оқшау сөздер дегеніміз не?

2.      Оқшау сөздер нешеге бөлінеді?

3.      Оқшау сөздерге қандай тыныс белгілері қойылады?

 

Бағалау:  Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

Үйге тапсырма:     67-жаттығу

 

 

Күні:                                        Пәні: қазақ тілі                                   Сыныбы: 8

 

Сабақтың тақырыбы:                 Қаратпа  сөздер                        

Сабақтың мақсаты:     а)  Оқшау сөздер оның түрлерін түсіндіру;

                                          ә) Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық, жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін арттыру,сөйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу;

                                           б) Сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа баулу;

Сабақтың түрі:                      аралас сабақ .

Сабақтың әдісі:                      сұрақ-жауап,тіл дамыту,  іздендіру

Сабақтың көрнекілігі:       плакат,кеспе қағаздар, қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс:         әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы:

                                              а)    Ұйымдастыру кезеңі

               Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

 

                                                  ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

                      Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын

 

                                             б)     Жаңа сабақты түсіндіру.

                 Қаратпа сөздер. Сөйлеуші тыңдаушының назарын өзіне аудару үшін қаратпа сөздерді қолданады. Менің ойлаған ойымның үстінен түстің,Ботагөз.Осындағы қаратпа сөз – Ботагөз. Сөздің Ботагөзге арналғанын білдіреді.

   Кейде қаратпа сөз жансыз заттар да болып келеді,бұл,көбінесе көркем әдебиетте кездеседі.Мысалы,Жамбылдың өлеңге,далаға қаратып айтқаны.

   Қаратпа сөз сөйлемнің басында,ортасында,соңында келе береді.Қаратпа сөз сөйлем мүшелерінен үтір арқылы ажыратылады.

 

Жаттығумен жұмыс:       Қаратпалардың жануарларға құстарға немесе басқа да жансыз заттарға айналғанына  өздерің білетін ақын,жазушы шығармаларынан үзінді келтіріңдер.

 

Тақтамен жұмыс: Тақтаға бірнеше сөйлемдерге синтаксистік,морфологиялық таладау жүргізеді.

 

Білімді бекіту:  Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін. 

1.      Оқшау сөздер дегеніміз не?

2.      Оқшау сөздер нешеге бөлінеді?

3.      Оқшау сөздерге қандай тыныс белгілері қойылады?

4.       Қаратпа сөз дегеніміз не?

 

 

Бағалау:  Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

 

Үйге тапсырма:      Қаратпа сөздерді қатыстырып бірнеше сөйлемдер жазып келу.

 

 

Күні:                                        Пәні: қазақ тілі                                   Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы:                            Қыстырма  сөздер                        

Сабақтың мақсаты:  Білімділігі:  қыстырма сөздерден  алған білімдерін кеңейтіп,сөз қолданыста пайдалана білуге үйрету,мәтін ішінен тауып,талдауға баулу.

                              Тәрбиелігі: оқушылардың бойына ұлттық өнеге,шешендік нақыл сөздердің мән-мағынасын ұғындыра отырып,адамгершілікке,имандылыққа тәрбиелеу,эстетикалық, өнегелік ортасын қалыптастыру.

                                Дамытушылық: өтілген материалды тиянақты меңгеруге,жүйелі ойлау,ойын әсерлі жеткізуге,шығармашылық ізденістерін арттыруға ықпал жасау;сатылай кешенді талдау арқылы   теориялық білімдерін іс жүзіне асыру,грамматикалық тұлғада жүйелі сөйлеуге төселдіру.

Сабақтың түрі:                                    дәстүрлі сабақ .

Сабақтың әдісі:                                сұрақ-жауап,тіл дамыту, шығармашылық жұмыс

Сабақтың көрнекілігі:                     плакат,кеспе қағаздар, қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс:                 әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы:

                                               а)    Ұйымдастыру кезеңі

               Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

                                                  ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

                      Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын

                                         б)     Жаңа сабақты түсіндіру.

               Қыстырма сөздер. Өзі қатысқан сөздерге қытырмалар сөйлеушінің көзқарасын – күмәндылықты,сенетіндікті, өкінішті,ренішті,сондай-ақ,ойдың кімнің тарапынан екендігін – білдіру үшін қолданылады.

  Мысалы: Бәсе,солай болады деп айтып едім ғой.Ол,меніңше,тапсырманы орындамай келмейді.Бірінші сөйлемде бәсе сөзі сөйлеушінің ризалығын,екінші сөйлемде меніңше болжамды мағынаны білдіреді.

 Қыстырма ретінде жұмсалатын сөздер: әрине,сөз жоқ,шынында,мүмкін,сірә,сонымен,сөйтіп,біріншіден,т.б.

   Сөз тіркестері де,кейде жеке сөйлем де қыстырма болады.Мысалы: Аяз қарығандықтан болу керек,барлығының бет терілері қатпарланып,қопсып түсіп жүреді.

  Қыстырма сөздер де сөйлемнің басында,ортасында,аяғында келе береді.Олар басқа сөйлем мүшелерінен үтірмен ажыратылады.

Жаттығумен жұмыс  Мына қыстырмалардың қайсысы ойдың ретін білдіреді,қайсысы кімдікі  екенін білдіреді?  Меніңше, біріншіден, сеніңше, екіншіден, қорыта айтқанда, оның айтуынша, біздің байқауымызша, қысқасы, сіздерше.

Шығармашылық жұмыс: Сөйлемнің басында, ортасында ,соңында келетін қыстырма сөздерге мысалдар жазыңдар.

Мысалы.  1. Меніңше, сенің айтқаның дұрыс.

                   2. Бұларды, әрине, осы жерде жасауға болмайды.

                   3. Өзі осында келген шығар,сірә?

 

Білімді бекіту:  Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау:  Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

Үйге тапсырма:      Көркем шығармалардан қыстырма сөз бар сөйлемдер жазып келу.

Күні:                                        Пәні: қазақ тілі                                   Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы:                           Одағай сөздер                         

Сабақтың мақсаты:    Білімділігі:   одағай сөздерден  алған білімдерін кеңейтіп,сөз қолданыста пайдалана білуге үйрету,мәтін ішінен тауып,талдауға баулу.

                              Тәрбиелігі: оқушылардың бойына ұлттық өнеге,шешендік нақыл сөздердің мән-мағынасын ұғындыра отырып,адамгершілікке,имандылыққа тәрбиелеу,эстетикалық,өнегелік ортасын қалыптастыру.

                                Дамытушылық: өтілген материалды тиянақты меңгеруге,жүйелі ойлау,ойын әсерлі жеткізуге,шығармашылық ізденістерін арттыруға ықпал жасау;сатылай кешенді талдау арқылы   теориялық білімдерін іс жүзіне асыру,грамматикалық тұлғада жүйелі сөйлеуге төселдіру.   

Сабақтың түрі:                                    аралас сабақ

Сабақтың әдісі:                                сұрақ-жауап,тіл дамыту, топтастыру

Сабақтың көрнекілігі:                     плакат,кеспе қағаздар, қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс:                 әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы:

                                              а)    Ұйымдастыру кезеңі

               Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

                                                  ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

                      Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын

                                          б)     Жаңа сабақты түсіндіру.

                 Одағай  сөздер. Қаратпа,қыстырма сөздер сияқты одағай да сөйлемде сөйлем мүшесі бола алмайды.Одағайлар сөйлеушінің сезімін,көңіл-күйін – қуанышын,ренішін,таңдануын,ризалығын – білдіру қажет болғанда қолданылады. Мысалы: Па,шіркін! Даусы дауыс-ақ екен.Жұмысты істеген соң осылай істеу керек,бәрекелді!

   Одағайлар көбінесе ауызекі сөйлесуде қолданылады және көркем әдебиетте жұмсалады.Сөйлемнің басында келеді,кейде сөйлемнің соңында келеді.Одағайдан соң леп белгісі,кейде үтір қойылады.

1Көңіл-күй одағайы

Жекіру, бұйыру одағайы

Шақыру одағайы

Адамның түрлі көңіл-күйін білдіретін сөз

Жекіру,тыйым салу мәнін білдіретін сөз

Мал, ит-құсты шақыру неқууға байланысты айтылатын сөз.

Алақай,әттең,шіркін

Тәйт,жә, тек

Шөре-шөре

Құрау-құрау

 

Жаттығумен жұмыс:         Айналаңдағы адамдардың сөздеріне зер салып, одағайларды қандай көңіл-күйде жұмсалғандарына мысалдар келтіріңдер.

 

Білімді бекіту:  Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін. 

 

Бағалау:  Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

Үйге тапсырма:      Бірнеше  одағайларды қатыстырып сөйлем құрап келу.

 

 

 

Күні:                                        Пәні: қазақ тілі                                   Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы:     Жай сөйлемнің түрлері                        

Сабақтың мақсаты:    а) Жай сөйлемнің түрлері  туралы түсінік бере отырып,оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;.

                                  ә) Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық, жылдамдық, есте сақтау қабілеттерін арттыру,сөйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу;

                                 б) Сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа баулу;

Сабақтың түрі:                                   Жаңа сабақты игерту.

Сабақтың әдісі:                                сұрақ-жауап,тіл дамыту,  сын тұрғысынан ойлау

Сабақтың көрнекілігі:                     плакат,кеспе қағаздар, қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс:                 әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы:

                                а)    Ұйымдастыру кезеңі

               Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

                                                  ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

                      Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын

                          б)     Жаңа сабақты түсіндіру.

             Жай сөйлемнің құрылысы және көлемі әрқашан бір сипатта бола бермейді.

   Далба тауында атақты Бұқар жырау күмбезі бой көтерді.(Ә.Кекіл.) деген сөйлемде тұрлаулы мүшелері (күмбезі бой көтерді) түгел қатысып тұр. Мейрамның Мұздыбайға соға кеткісі келді (Ғ.Мұст.) деген сөйлемде бастауышы жоқ,тек баяндауыш қана (соға кеткісі келді) қатысып тұр.Үскірік.Аяз.Тұлданған күн деген сөйлемдер іс-оқиғаны баяндамайды,тек атап қана қояды.

  Жай сөйлемдердің осындай ерекшеліктеріне қарай мынадай түрлері болады: 1) жақты сөйлем және жақсыз сөйлем; 2) жалаң және жайылма сөйлем; 3) толымды сөйлем және толымсыз сөйлем; 4) атаулы сөйлем.

 

                                           Жақты                  жақсыз                      толымды

 


Овал: Жай сөйлемнің түрлері                 толымсыз                                                                                    жалаң

 

 


                            жайылма                                                               атаулы

 

 

Жаттығумен жұмыс:          69-жаттығу. Сөйлесуде сөйлем басында жоқ пен ия қолданғанда,өздерінен кейінгі сөздерден олар үтірмен бөлінеді. Диалогті оқып шығыңдар да,әрбір сөйлемнің жақты сөйлем екенін дәлелдеңдер.

 

Білімді бекіту:  Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін. 

 

Бағалау:  Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

Үйге тапсырма:       Бірнеше сөйлемге синтаксистік талдау жасап келу.

 

Күні:                                        Пәні: қазақ тілі                                   Сыныбы: 8

 

Сабақтың тақырыбы:     Жақты сөйлем                      

Сабақтың мақсаты:        а) оқушыларға  жақты сөйлем туралы  түсінікті тілмен оқушыларды қатыстыра отырып жан-жақты мәлімет беру;

                                                      ә)  сөйлемнің түрлерін түсіндіре отырып ұжымдық,деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушылардың адамдық қасиеттерін дамыту;  

                                                       б) оқушылардың белсенді ойлау қабілеттерін жандандырып, ОҮӨӘЖПТ арқылы сауатты жазу,оқу дағдыларын жетілдіру.

Сабақтың түрі:                                    аралас сабақ

Сабақтың әдісі:                              ой қозғау,  сұрақ-жауап,тіл дамыту, топтастыру

Сабақтың көрнекілігі:                     плакат,кеспе қағаздар, қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс:                 әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы:

                                             а)    Ұйымдастыру кезеңі

               Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

                                                  ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

                      Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын

                                     б)     Жаңа сабақты түсіндіру.

          Жақты сөйлем дегеніміз – бастауышы бар,жасырын тұрғанда да баяндауышы арқылы табуға болатын сөйлем.Мысалы: Арада сүт пісірімдей уақыт өтеді.Кенет отқа көзі түсіп кеткен Апақ таң қалып отыра кетеді: қара тастар жалын шашып жанып жатыр! Бұл сөйлемдердің бәрінде де бастауыш қатысқан: уақыт,Апақ,тастар.

  Кейде бастауыш айтылмай,түсіп те қалады.Бірақ оны баяндауыш арқылы оңай табуға болады.Дос жүрегіне сенеді ... Басқаны ауызға да алдырмаймын.  Бұл сөйлемдерде бастауыш айтылмағанмен,баяндауышына қарап,бірінші сөйлемде бастауыш – ол, екінші сөйлемде – мен деген жіктеу есімдігі екенін табуға болады.Ол дос жүрегіне сенеді.мен басқаны ауызға да алдырмаймын.

   Сонымен,құрамында бастауышы қатысқан жай сөйлемнің түрін жақты сөйлем дейміз.

 

Жаттығумен жұмыс:           70-жаттығу.  Көшіріп жазып,тұрлаулы мүшелердің астын сызыңдар да,олардың қай жақта байланысып тұрғанын айтыңдар.

                                                  71-жаттығу. Бастауышы айтылмай тұрған сөйлемдердің  бастауышын баяндауыш арқылы тауып,жақша ішіне қойып көшіріп жазыңдар.

 

Білімді бекіту:  Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін. 

1.      Сөйлемдер құрылысына қарай нешеге бөлінеді?

2.      жай сөйлем дегеніміз не?

3.      жақты сөйлем қалай жасалады?

4.      Бастауыш жасырын тұрса қалай табуға болады?

Бағалау:  Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

 

Үйге тапсырма:        72-жаттығу.

 

Күні:                                        Пәні: қазақ тілі                                   Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы:     Жақсыз сөйлем                      

Сабақтың мақсаты:              а) оқушыларға  жақ сыз сөйлем туралы  түсінікті тілмен оқушыларды қатыстыра отырып жан-жақты мәлімет беру;

                                                      ә)  сөйлемнің түрлерін түсіндіре отырып ұжымдық,деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушылардың адамдық қасиеттерін дамыту;  

                                                       б) оқушылардың белсенді ойлау қабілеттерін жандандырып, ОҮӨӘЖПТ арқылы сауатты жазу,оқу дағдыларын жетілдіру.

Сабақтың түрі:                                    дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі:                                сұрақ-жауап,тіл дамыту,  шығармашылық жұмыс

Сабақтың көрнекілігі:                     плакат,кеспе қағаздар, қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс:                 әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы:

                                а)    Ұйымдастыру кезеңі

               Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

                                                  ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

                      Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын

                          б)     Жаңа сабақты түсіндіру.

   Кейбір жай сөйлемдерде бастауыш мүлдем болмайды.Ондай жағдайда баяндауыштың өзі сөйлемге негіз болып тұрады. Менің айтқаным келді.бір жерде көргенім бар.

  Баяндауыштың бір өзі сөйлемге негіз болатын жай сөйлемнің түрін жақсыз сөйлем дейміз.

Жақсыз сөйлемнің жасалу жолдары

-қы,-ғы,-кі,-гі жұрнақтары қалау райлы етістіктен болады

Барыс септік жалғауы тұйық етістіктен соң бол,жара,тура,кел

деген көмекші етістіктердің келуі арқылы жасалады  

Атау немесе барыс септік тұлғалы тұйық етістіктен соң керек,жөн,мүмкін деген бейтарап сөздердің тіркесіп келуі арқылы жасалады

-ып,-іп,-п жұрнақтары көсемшеден кейін бол деген көмекші етістіктің болымсыз тұлғада келуі арқылы жасалады

Құрамында бастауыш тұлғалы сөзі бар идиомдар жақсыз сөйлем болады

Абайдың ұғына түскісі келді

Енді сізге айтуға тура келді.

Біздің ашық сөйлесуіміз керек.

Нені айтып отырғанын түсініп болмайды

Енді біраздан кейін көз байлануға айналады.

Жаттығумен жұмыс:           73-жаттығу.  Көшіріп жазып, жақсыз сөйлемдердің қандай жолдармен жасалып тұрғанына талдау жасаңдар.              

Шығармашылық жұмыс: Төменде берілген күрделі сөздерді баяндауыш етіп,жақсыз сөйлем құраңдар.

           Барғым келмеді, түсуге болмайды, кездесуі мүмкін, түсініп болмайды,  сөйлесуің керек, айтуға тура келді.

Білімді бекіту:  Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін. 

  1. Сөйлемдер құрылысына қарай нешеге бөлінеді?
  2. жай сөйлем дегеніміз не?
  3. жақты сөйлем қалай жасалады?
  4.  жақсыз сөйлем қандай жолдармен жасалады?

Бағалау:  Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

Үйге тапсырма:        75-жаттығу.

Күні:                                        Пәні: қазақ тілі                                   Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы:     Жалаң және жайылма  сөйлемдер                      

Сабақтың мақсаты:    а) Жалаң және жайылма сөйлем  туралы түсінік бере отырып, оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;.

                                  ә) Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық,жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін арттыру,сөйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу;

                                 б) Сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа баулу;

Сабақтың түрі:                                   Жаңа сабақты игерту.

Сабақтың әдісі:                                сұрақ-жауап, іздендіру,  дамыта оқыту

Сабақтың көрнекілігі:                     плакат,кеспе қағаздар, қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс:                 әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы:

                                а)    Ұйымдастыру кезеңі

               Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

                                                  ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

                      Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын

                          б)     Жаңа сабақты түсіндіру:

              Жай сөйлемнің жалаң және жайылма болуы тұрлаусыз мүшелердің қатысу-қатыспауына байланысты.

   Кейбір жай сөйлемдердің құрамында тұрлаусыз мүшелер болмайды.Мысалы: Жаңбыр сіркіреп тұр.жер су. – Жаңбыр ашылды ма?

  Тұрлаусыз мүше қатыспаған жай сөйлемді жалаң сөйлем дейміз.

  Жалаң сөйлем құрылысына қарай жақты да,жақсыз да сөйлем болуы мүмкін.Ойын қызық.Үй жлы.Қарағың келеді.айтуға бола ма?

 Ж айылма сөйлем тұрлаусыз мүшелердің қатысуы арқылы жасалады.Едіге ұзақ жол жүрді.Алыстан мұнар тау көрінеді.Алғашқы сөйлемді ұзақ деген мөлшер пысықтауыш жайылма сөйлемге айналдырса,соңғы сөйлемді анықтауыш (мұнар) пен мекен пысықтауыш (алыстан) қатысып,жайылма сөйлемге айналдырып тұр.

   Тұрлаусыз мүше қатысқан жай сөйлемді жайылма сөйлем дейміз.

   Жайылма сөйлемдер де құрылысына қарай жақты не жақсыз бола береді. Таспен ұрғанды аспен ұр. – жақты сөйлем. – Сонда менің ауданға баруым керек пе? – жақсыз сөйлем.

 

Жаттығумен жұмыс:           77-жаттығу.  Көшіріп жазып, сызықшаның қойылу себебін анықтаңдар. Жай сөйлемдердің қайсысы жалаң,қайсысы жайылма екенін көрсетіңдер

.         

Шығармашылық жұмыс: Төменде берілген сөйлемдерді жайылма сөйлемдерге айналдырыңдар.

            Нұрмағамбет тілін алды. Ол киіне бастады. Нұрмағамбет көзге түсті. Ойын-той болмайды. Сәні болмайды. Андрей шақырылады. Саусақтары жетпейді.  Саусақтары ырқына көнбейді. Ол біледі.

Білімді бекіту:  Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін. 

  1. Сөйлемдер құрылысына қарай нешеге бөлінеді?
  2. жай сөйлем дегеніміз не?
  3. жақты сөйлем қалай жасалады?
  4.  жақсыз сөйлем қандай жолдармен жасалады?
  5. Жалаң және жайылма сөйлемдер қалай жасалады?

Бағалау:  Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

Үйге тапсырма:        78-жаттығу.

 

Күні:                                                               Пәні: қазақ тілі                                                      Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы:     Толымды және толымсыз  сөйлемдер                      

Сабақтың мақсаты:   а) Білімділік:  Толымды және толымсыз сөйлемдерден  алған теориялық білімдерін практикада қолдану; ауызша,жазбаша талдау жұмыстарын жүргізе отырып,білімдерін бекіту.

                                         ә) дамытушылқ:  ойлау қабілеттерін,қиялдарын дамыту; ой қорытып, нақты шешім жасауға үйретіп,өздеріне сенімдерін арттыру.

                                        б) тәрбиелік: сауатты жазуға,ұқыптылыққа баулу;топпен жұмыс жасап, бір-бірін тыңдай білуге үйрету;сөйлеу мәдениеттерін қалыптастыру.  

Сабақтың түрі:              Жаңа сабақты игерту.

Сабақтың әдісі:           жинақтау,талдау,сын тұрғысынан ойлау,сатылай кешенді талдау,т.б.  

Сабақтың көрнекілігі:                     плакат,кеспе қағаздар, қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс:                 әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы:       а)    Ұйымдастыру кезеңі

               Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

                                                  ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

                      Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын

                                        б)     Жаңа сабақты түсіндіру:

   Ойға қатысты сөйлем мүшелерінің барлығы қатынасқан сөйлемдерді толымды сөйлем дейміз. Мысалы: Шашубай мерген еді.Ол шиті мылтықпен кешке киік атып әкелді.

 Бұл екі сөйлемде де айтушыға керекті сөйлем мүшелері түгел қатысқан.Бірінші сөйлем тек бастауыш пен баяндауыштан тұрса да,ой толық жеткізілген.Екінші сөйлемде ойға қажетті толықтауыш,анықтауыш,пысықтауыш,бастауыш,баяндауыш – түгел бар.Сондықтан бұлар – толымды сөйлемдер.

   Толымсыз сөйлем деп ойға қатысты сөйлем мұшесінің бірі түсіп қалған сөйлемнің түрін айтамыз.Толымсыз сөйлемнің басты ерекшелігі түсіп қалған немесе қажет болған сөзді орнына қойғанда,толымды сөйлемге айналады.

Мысалы:

-    Төбе би кім болады?

-    Кім сайлайды бұны?

-    Ояздар ел кеңесіне беріп отыр дейді.

-    Жақсылар ынтымағы кімді ұйғарар екен?

-    Тобықты ола ма? Сыбан,Керей,Уақ бола ма?

  Жауап сөзде тура толықтауыш (сайлауды),келесі сұраулы сөйлемде жанама толықтауыш (төбе биге),соңғы сұрақта бастауыштар (төбе би) түсіп қалған.

   Толымсыз сөйлемнің жасалу жолдары екі түрлі:

1) Өзара желілес сөйлем тобында.

    Қарлығаштар тағы (қайда?)келді. (нелер?),(қайда?) Тағы кетті. (нелер?) Қайта-қайта (қайда) келе берді.(нелер?) Келген сайын,ұяның аузы бүріліп,тарыла берді.

2) Сөйлемнің қажетті мүшелерінің айтылмай қалуы,әсіресе диалог «екі не бірнеше адамның сөйлесуі) жағдайында жиі кездеседі.қажетті мүшенің айтылмауы көбінесе оның алдыңғы сөйлемде айтылғандығына,жалпы,оның не екені белгілі болып тұруына байланысты.

Жаттығумен жұмыс:           80-жаттығу.   Берілген сөйлемдердің  толымды-толымсыз кекендігін анықтап, толымды сөйлем құрауға қатысқан сөйлем мүшелерін және толымсыз сөйлемдердің жетпейтін мүшелерін табыңдар.

 Тақтамен жұмыс: Тақтаға бірнеше сөйлемдерге синтаксистік,морфологиялық талдау жүргізеді.

Білімді бекіту:  Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін. 

  1.  Жақсыз сөйлем қандай жолдармен жасалады?
  2. Жалаң және жайылма сөйлемдер қалай жасалады?
  3. Толымды және толымсыз сөйлем қалай жасалады?

Бағалау:  Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

Үйге тапсырма:        81-жаттығу.

 

Күні:                                        Пәні: қазақ тілі                                   Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы:     Атаулы сөйлем                     

Сабақтың мақсаты:  а) Білімділік:  Толымды және толымсыз сөйлемдерден  алған теориялық білімдерін практикада қолдану; ауызша,жазбаша талдау жұмыстарын жүргізе отырып,білімдерін бекіту.

                                         ә) дамытушылқ:  ойлау қабілеттерін,қиялдарын дамыту; ой қорытып,нақты шешім жасауға үйретіп,өздеріне сенімдерін арттыру.

                                        б) тәрбиелік: сауатты жазуға,ұқыптылыққа баулу;топпен жұмыс жасап,бір-бірін тыңдай білуге үйрету;сөйлеу мәдениеттерін қалыптастыру.     

Сабақтың түрі:           аралас сабақ

Сабақтың әдісі:        жинақтау,талдау,сын тұрғысынан ойлау,сатылай кешенді талдау,т.б. 

Сабақтың көрнекілігі:         плакат,кеспе қағаздар, қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс:     әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы:

                                               а)    Ұйымдастыру кезеңі

               Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

                                                  ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

                      Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын

                                        б)     Жаңа сабақты түсіндіру:

         Кейбір жай сөйлемдер іс-оқиғаны баяндамайды,тек заттың,құбылыстың,мезгілдің,мекеннің атауын ғана білдіреді.

   Дала.Егін даласы.Егін даласы рақат құшағында. (Ә.Ә.)

  Атаулы сөйлемдер арқылы беріліп тұрған ойды басқа сөйлемнен былайша білдіруге болады:

Міне,дала көрінеді.Бұл – егін даласы.Бұл сөйлемдерде құбылыс аталмайды,баяндалады.

  Іс-оқиғаның жайында баяндамай,тек соған байланысты жағдайы (мезгіл,мекен,т.б.) атап көрсететін жай сөйлемнің түрін атаулы сөйлем дейміз.

  Атаулы сөйлем,негізінен,зат есімнен болады.Тоғай.Егін.Шалғын.Жабағыдай ұйысқан қалың көктен машинаның кейде жаны ғана көрінеді. (Ғ.Мұст.)

   Құрамы жағынан атаулы сөйлем жеке бір сөзден де,екі немесе одан да көп сөздердің тіркесінен де бола береді.Бала күнім.Жер сіреу қар.Ызбарланып аспанның ажары бір кірмейді. (Ж.Айм.) Мағынасы жағынан атаулы сөйлем мезгілді,мекенді,жағдайы және басқа да әр түрлі заттың атын білдіреді.Қазан айы.Түнерген кеш.Баяу ескен қоңыр жел.Өлке бойындағы қалың тал мен әредік қамыс ақырын қозғалып сыбырлайды. (С.Сейф.)

Жаттығумен жұмыс:           85-жаттығу.   Берілген сөйлемдерден атаулы сөйлемдерді табыңдар.

                                                   86-жаттығу.Мәтіннен ыңғайы келген сөйлемдерді атаулы сөйлем етіп жазыңдар. Атаулы сөйлемдерді бір сөзден, сөз тіркесінен, күрделі сөздерден жасаңдар.

 Тақтамен жұмыс: Тақтаға бірнеше сөйлемдерге сатылай кешенді  талдау жүргізеді.

Білімді бекіту:  Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін. 

1.       Жақсыз сөйлем қандай жолдармен жасалады?

2.      Жалаң және жайылма сөйлемдер қалай жасалады?

3.      Толымды және толымсыз сөйлем қалай жасалады?

4.      Атаулы сөйлем дегеніміз не?

Бағалау:  Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

Үйге тапсырма:        87-жаттығу.

Күні:                                                    Пәні: қазақ тілі                                                 Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы:  Жай сөйлемнің түрлеріне арналған жаттығу жұмыстары.

Сабақтың мақсаты: білімділік – оқушылардың өткен тарау  жай сөйлемнің түрлері  тақырыбынан алған теориялық білімін пысықтау;

                                       дамытушылық – оқушылардың іскерлігі мен біліктілік дағдыларын жетілдіре отырып,ойлау қабілетін,сөздік қорын дамыту;

                                       тәрбиелігі – оқушыларға туыстық атаулар туралы ұғым бере отырып,алыс-жақынын тани білуге шақыру.

Сабақтың түрі:           аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,слайдтар,кестелер.

Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау стратегиялары элементтерін пайдалану,сұрақ-жауап,жаттығу  

Пәнаралық байланыс:     әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы:

                                               а)    Ұйымдастыру кезеңі

               Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

                                                  ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

                      Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын

                                        б)     Жаңа сабақты түсіндіру:

Жаттығумен жұмыс:           87-жаттығу.   Мәтіндегі сөйлемдерді мағынасына және құрылымына қарай талдаңдар. Нені арман ететінімізді мәтінге сүйене отырып , кеңейтіп айтып көріңдер.

Топпен жұмыс:      88-жаттығу.  1-топ:    Әңгімедегі жай сөйлемнің түрлерін талдаңдар.

                                                           2-топ: Бейнелі сөздерді, фразелогизмдерді табыңдар.

Тақтамен жұмыс: Тақтаға бірнеше сөйлемдерге сатылай кешенді  таладау жүргізеді.

1. Қайсысы жақсыз сөйлемнің жасалу жолына жатпайды?

А) –ғы,-гі,-қы,-кі тұлғалы қалау райлы етістік

В) Құрамында бастауыш тұлғалы сөзі бар идиомалар

С) Атау немесе барыс септігіндегі тұйық етістіктен соң    «керек», «мүмкін» сөздерінің тіркесуі     

Д) Баяндауышы зат есімнен басталады.

Е) Барыс септігіндегі тұйық етістіктен соң «бол», «жара», «тура», «кел»  көмекші етістіктерінің тіркесіп келуі.

2Жақсыз сөйлемді тап.

А) Бүгін емтиханға дайындалу керек.           В) Жартастың басынан қарауытқан бір нәрселер көрінеді.

С) Ойнап сөйлесең де,ойлап сөйле.       Д) Ауыл маңы тып-тыныш          Е) Оқу—білім бұлағы

3. Жақты сөйлемді тап.

А) Сенің балмұздақ жегің келе ме?            В) Оның айтқандарын түсініп болмайды

С) Бұл оқиғаны енді айтпасқа болмайды    Д) Оның үрейден төбе шашы тік тұрды.Е) Ертең сабаққа келесің бе?

4. Жалаң сөйлем дегеніміз не?

А) Бастауыш пен баяндауыштан ғана құралған сөйлем. 

В) Тұрлаулы мүшелерімен қатар,тұрлаусыз мүшелері де бар сөйлем

С) Мазмұны толық берілген сөйлем.  Д) Бастауышы жоқ сөйлем  Е) Бастауышы әрдайым жасырын тұратын сөйлем

5. Жайылма сөйлемді тап.

А) Мен барамын.      В) Айдала         С) Ол—сері жігіт        Д) Үй жап-жарық                 Е) Сендер қараңдар

6. Қай сөйлем түрі екеуара сөйлескенде жиі қолданылады?

А) Толымсыз сөйлем      В) жақсыз сөйлем       С) жалаң сөйлем   Д) атаулы сөйлем     Е) жайылма сөйлем

7. «Кең зал.Құжынаған халық.» -қандай сөйлем?

А) Жақты сөйлем    В) жақсыз сөйлем    С) жайылма сөйлем      Д) атаулы сөйлем   Е) Толымды сөйлем

8. Бастауышы жасырын тұрған сөйлем қалай аталады?

А) жалаң         В) жайылма           С) жақты          Д) жақсыз          Е) толымды

9. Тұрлаусыз мүшелердің болу-болмауына қарай жай сөйлемдер қалай бөлінеді?

А) жақты,жақсыз         В) атаулы       С) толымды,толымсыз         Д) жалаң,жайылма          Е) жай,құрмалас

10.Жалаң сөйлемге жетпей тұрған сөзді көп нүктенің орнына қойыңыз.  «........оқып шықсын».

А) тез         В) ол             С) оған            Д) сенімен           Е) қайратпен

Білімді бекіту:  Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін. 

Бағалау:  Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.                    Үйге тапсырма:         қайталау.

Күні:                                        Пәні: қазақ тілі                                   Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы:     Құрмалас сөйлем                     

Сабақтың мақсаты:    а) Білімділік: Құрмалас  сөйлемдерден  алған теориялық білімдерін практикада қолдану; ауызша,жазбаша талдау жұмыстарын жүргізе отырып,білімдерін бекіту.

                                         ә) дамытушылқ:  ойлау қабілеттерін,қиялдарын дамыту; ой қорытып,нақты шешім жасауға үйретіп,өздеріне сенімдерін арттыру.

                                        б) тәрбиелік: сауатты жазуға,ұқыптылыққа баулу;топпен жұмыс жасап,бір-бірін тыңдай білуге үйрету;сөйлеу мәдениеттерін қалыптастыру. 

Сабақтың түрі:                                   Жаңа сабақты игерту.

Сабақтың әдісі:    сын тұрғысынан ойлау стратегиялары элементтерін пайдалану,сұрақ-жауап,жаттығу     

Сабақтың көрнекілігі:                интерактивті тақта,слайдтар,кестелер      

Пәнаралық байланыс:                 әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы:

                                               а)    Ұйымдастыру кезеңі

               Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

                                                  ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

                      Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын

                                        б)     Жаңа сабақты түсіндіру:

               Құрмалас сөйлем екі я одан да көп жай сөйлемдерден құралады.Атқаратын қоғамдық қызмет жағынан  жай сөйлем мен құрмалас сөйлем бір:екеуі де ойды (бірі – жалаң ойды,екіншісі – күрделі ойды) білдіреді,ойды жарыққа шығарады,оны басқаларға білдіреді,сол арқылы қоғам мүшелерінің өзара түсінісу қызметін атқарады.Сөйлемнің бір-бірінен өзгешеліктері олардың сыртқы құрылыстары мен ішкі мазмұндарында болады.

  Құрамы жағынан алғанда,жай сөйлем жеке сөздерден құралады.Бұл – жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің бір-бірінен мағыналық өзгешелігі – жай сөйлемнің жеке бір ойды білдіріп,құрмаластың күрделі ойды білдіруінде.

 Жай сөйлемдер: Зұлқия келген жұмысын баяндап отыр.Оның алдында бірнеше хаттар жатыр.

 Құрмалас сөйлем: Басқарма мәжілісінен шығып,мамыт пәтеріне қарай беттеп келе жатты.

Екі немесе одан да көп жай сөйлемдерден құралып,күрделі ойды білдіретін сөйлемдерді құрмалас сөйлем дейміз.

   Құрмалас сөйлемнің құрылысына қарай 3 түрі бар: салалас құрмалас сөйлем,сабақтас құрмалас сөйлем және аралас құрмалас сөйлем.Олардың ерекшеліктері төмендегідей:

түрі

ереже

Салалас құрмалас сөйлем

Құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты болып,өзара тең дәрежеде (салаласа) байланысады.

Сабақтас құрмалас сөйлем

Жай сөйлемдердің алғашқысының баяндауышы тиянақсыз болып,екінші сөйлемге бағына (сабақтаса) байланысады.

Аралас құрмалас сөйлем

Кемінде үш сөйлемнен құралып,бір-бірімен салаласа да,сабақтаса да байланысады.

Жаттығумен жұмыс:           93-жаттығу.   Берілген сөйлемдерден  қайсысы жай сөйлем, қайсысы құрмалас сөйлем екенін ажыратыңдар.                               

Тақтамен жұмыс: Тақтаға бірнеше сөйлемдерге сатылай кешенді  таладау жүргізеді.

Білімді бекіту:  Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін. 

Бағалау:  Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

Үйге тапсырма:        94-жаттығу.

 

Күні:                                        Пәні: қазақ тілі                                   Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы:     Салалас құрмалас сөйлем                     

Сабақтың мақсаты:    а) салалас құрмалас  туралы түсінік бере отырып,оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;.

                                  ә) Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық, жылдамдық, есте сақтау қабілеттерін арттыру,сөйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу;

                                 б) Сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа баулу;

Сабақтың түрі:                                    аралас сабақ

Сабақтың әдісі:                  сұрақ-жауап,тіл дамыту, топтастыру, шығармашылық жұмыс

Сабақтың көрнекілігі:                     плакат,кеспе қағаздар, қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс:                 әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы:

                                               а)    Ұйымдастыру кезеңі

               Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

                                                  ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

                      Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын

                                        б)     Жаңа сабақты түсіндіру:

               Құрамындағы жай сөйлемдерінің баяндауыштары тиянақты болып,өзара тең дәрежеде байланысқан құрмалас сөйлемнің түрін салалас құрамалас дейміз.

  Мысалы: Айгүл аттан түсіп еді,су қайта таязданып қалғандай екен.

Жер қара,күн жылы кезінде бұл қалада болған адам өзен ортасындағы арал орманды жақсы біледі,өйткені қаланың тұрғындары жазғы демалыс күндерінде бұл араға қауырт келеді.Салаластың құрамындағы бірінші жай сөйлемдерінің баяндауыштары (түсіп еді,біледі) екінші жай сөйлемдерінің баяндауыштары сияқты (таязданып қалғандай екен,келеді) тиянақты,сондықтан олар тең дәрежеде (салаласа) байланысып тұр.

Құрамындағы жай сөйлемдер екі түрлі жолмен байланысады:

1.Құрамындағы жай сөйлемдері көбіне жалғаулық шылаулар арқылы байланысады.

2.мағыналарының жақындығына қарай іргелес тұрып,,интонация арқылы байланысады.

Жаттығумен жұмыс:           96-жаттығу.   Берілген мақал-мәтелдердің екінші сыңарын өздерің  ойлап тауып,салалас құрмаласқа айналдырып жазыңдар.

Еңбек ерлікке жеткізер,.............                     Көз қорқақ,...........           Еңбек түбі-береке,.........

Қоянды қамыс өлтіреді,.......                    Көп қорқытады, .........           Жалғыздың үні шықпас,....

Атаның баласы болма,......             Ат аяғынан семірер,..........             Ұста пышаққа жарымас,....                             

 Тақтамен жұмыс: Тақтаға бірнеше сөйлемдерге синтаксистік және морфологиялық  таладау жүргізеді.

Білімді бекіту:  Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін. 

Бағалау:  Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

Үйге тапсырма:      Салалас құрмалас сөйлемге мысалдар жазып келу.

Күні:                                        Пәні: қазақ тілі                                   Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы:           Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері                     

Сабақтың мақсаты:    а) Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері  туралы түсінік бере отырып,оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;.

                                  ә) Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық,жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін арттыру,сөйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу;

                                 б) Сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа баулу;

Сабақтың түрі:                                    дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі:                                сұрақ-жауап,  топтастыру, дамыта оқыту

Сабақтың көрнекілігі:                     плакат,кеспе қағаздар, қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс:                 әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы:

                                               а)    Ұйымдастыру кезеңі

               Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

                                                  ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

                      Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын

                                        б)     Жаңа сабақты түсіндіру:

        Салаластың құрамындағы жай сөйлемдердің бір-бірімен мағыналық қарым-қатынасы әр түрлі болады.

Мысалы: Бұл уақыттың ішінде ел де өзгеріп кетті,адамдар да өзгерді.Мен өзімді көпті көрген көнемін деп шамалайтын едім, - баланың батыл жауабынан қысылып қалдым.Оның бұл халіне өзгеден гөрі Гүлнәрдің тынышы кетті,сондықтан ол Қызылордадан Алмалыққа біржолата көшіп келді.

   Құрамындағы жай сөйлемдерінің бір-бірімен мағыналық қарым-қатынасына қарай,салалас құрмалас сөйлем алты түрге бөлінеді:

түрі

мысал

Ыңғайластық

Биыл жайлауда болдым және ауылдағы ағаларымның үйіне бардым.Далада жел соғып тұр,әрі сіркіреп жаңбыр жауып тұр.Ол бөлмесіне кірді де,тарс бүркеніп жатып қалды.

Қарсылықты

Оның даусы жақсы,бірақ ән айтуды жақтырмайды.менің театрға барғым келмеді,әйткенмен оның көңілін қалдырғым келмеді.Есікті жауып қойған,сонда ол ішке кіруден үмітін үзген жоқ.

Себеп-салдар

Биыл шөп қалың шықты,өйткені жаңбыр көп жауды.Қорадан мал ұрланыпты,сол үшін Базарбайды қатты соққыға жықты.

Кезектес

Олар біресе тоқтап демалады,біресе күн ұзақ жүріп алады.Балалар бірде футбол ойнайды,бірде өзенге барып шомылады.

Талғаулы

Ертерек үйге дәрігер шақыру керек немесе ауруханаға бару керек.Я болар жеріңді айт,я бізге килікпей тыныш жүр.Тезірек шөп ору керек,әйтпесе уақыт өтіп кетеді.

Түсіндірмелі

Қорыққаны сонша – орнынан тұра алмай қалды.Оның келмеген себебі мынау: кеше жұмыстан кеш қайтты.

   Жаттығумен жұмыс:           98-жаттығу.   Сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талдаңдар да, қайсысы жай сөйлем, қайсысы құрмалас сөйлем екенін анықтаңдар.

 Тақтамен жұмыс: Тақтаға бірнеше сөйлемдерге синтаксистік және морфологиялық  талдау жүргізеді.

Білімді бекіту:  Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін. 

Бағалау:  Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

Үйге тапсырма:      Салалас құрмалас сөйлемге мысалдар жазып келу.

Күні:                                        Пәні: қазақ тілі                                   Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы :                  Диктант

Сабақтың мақсаты :

                                 а) Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту,өз ойын еркін жеткізе білуге,сауатты жазуға дағдыландыру.

                                  ә) Мұқият тыңдап, ұқыпты жаза білуге үйрету.

                                б) Өз ісіне ұқыпты,мейірімді,кешірімшіл болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі :                    қайталау

Сабақтың әдісі:                      баяндау

Сабақтың көрнекілігі :          диктанттар жинағы            

 Сабақтың барысы :

                                       а)   Ұйымдастыру кезеңі :

 Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқушылардың зейінін аудару.

     Тақтаға  бүгінгі күн мен диктанттың тақырыбын жазып қоямын.

                                                   ә)   Жаңа сабақты түсіндіру;

               Мәтінді мәнерлеп оқып беремін.

 

Қазақтың ұлттық тағамдары

      Сөк. Қуырған тарыны қазақ сөк деп атайды. Ол үшін тары жел өтіне суырылып, екшеленеді, тазаланады.  Бірнеше рет таза суға жуылады. Дегдігенше оны аздап кептіреді де, қазанға су құйып, тарыны соған салып, қайнатады. Қазандағы тары қауызы ашыла бастағанда,сүзіп алады. Содан соң таза сумен бірнеше қайтара жуып, дегдуі үшін, жайып қояды.

    Дегдіген соң, қызған қазанға салып,қуырады. Қуырған кезде бұлғауышпен үздіксіз бұлғап отыру керек. Әйтпесе, тарының астыңғы беті қуырылып, үсті қуырылмай қалады.  Ал ала-құла қуырылған тарынын ақтаған кезде,қауызынанажырату қиын. Әрі мұндай тарының сөгі де ала болады.

         Қуырған тары тым суып кетсе,жасып қалады.  Сондықтан оны көп суытпай,келіге түйіп алу керек. Тары түйетін келінің де , келсаптың да қатты ағаштан жасалғаны дұрыс.

          Түйілген тарыны табаққа салып алып, суырады. Сөйтіп, қауызынан айырады. Бір түйгеннен тары қауызынан түгел айырылмайтындықтан,оны екінші рет түйеді. Мұны ақтау деп атайды. Ақталған тарыны тағы да желпіп суырады. Сонымен сөк дайын болады. Сөктің түсі сарғыш,хош иісті аса дәмді келеді.

          Сөк көбінесе шай дастарханына қойылады. Сондай-ақ тағы да басқа неше түрлі тағамдар дайындауға болады.        

                               («Қазақ күнтізбесі», 1991.)  (154 сөз)

 

 

  Мәтінді тағы да бір рет оқып беремін, оқушылар тыныс белгілерін қояды.

 

 

 Үйге тапсырма :        қайталап келу.

 

 

Күні:                                        Пәні: қазақ тілі                                   Сыныбы: 8

 

Сабақтың тақырыбы :                  Диктант

Сабақтың мақсаты :

                                 а) Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту,өз ойын еркін жеткізе білуге,сауатты жазуға дағдыландыру.

                                  ә) Мұқият тыңдап, ұқыпты жаза білуге үйрету.

                                б) Өз ісіне ұқыпты,мейірімді,кешірімшіл болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі :                    қайталау

Сабақтың әдісі:                      баяндау

Сабақтың көрнекілігі :          диктанттар жинағы            

 Сабақтың барысы :

                                       а)   Ұйымдастыру кезеңі :

 Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқушылардың зейінін аудару.

     Тақтаға  бүгінгі күн мен диктанттың тақырыбын жазып қоямын.

 

                                                   ә)   Жаңа сабақты түсіндіру;

               Мәтінді мәнерлеп оқып беремін.

 

                           Шұғаның аулында

 

              Күн бата ауылдан шықтық. Біздің де жеккеніміз пар ат.  Делбені өзім ұстадым.Қатты шыққан қарқынымызбен келіп қалдық. Әбдірахманның екі көзі алдында. Алдымызда жүз метрдей жерде Есімбектің үйі тұр,бірақ Шұға көрінбейді. Енді кішкене жүрсек,өтіп те кетеміз,бірақ өткіміз келмейді. Аттың басын тежей беремін. Бұдан кетсе, Әбдірахман Шұғаны мәңгі көре алмас деген ой елестейді. Бір-бірімізбен сөйлеспей келеміз, сонда да біріміздің ойлағанымызды екіншіміз біліп келеміз. Есімбектің қабаған төбеттері алдымыздан шықты. Есіктің алдында бірталай адам жағалай отыр, бірақ бәрінің көзі бізде.  Басында кимешек киген Шұғаның үлкен жеңгесі түйе сауып тұр. Үлкен үй мен отаудың арасында бәйбіше теңселіп жүр. Осының бәрі маған қуаныш секілді көрінді, сонда да біздің кетіп бара жатқанымызға ешкім таңырқаған жоқ. Ат тоқтауға айналған екен,сөйтсе де, делбені жиыңқырап ұстай бергенімде,ширыға жөнелді. Осы кезде ауылдың сырт жағындағы құдықтан келе жатқан екі әйел көрінді. Біреуі-Шұға. Әбдірахман арбадан қарғып түсті.

                                                  (Б.Майлин.)          (142 сөз)

 

 

  Мәтінді тағы да бір рет оқып беремін, оқушылар тыныс белгілерін қояды.

 

 

 Үйге тапсырма :        қайталап келу.

 

 

 

 

 

Күні:                                        Пәні: қазақ тілі                                   Сыныбы: 8

 

Сабақтың тақырыбы:     Ыңғайлас салалас                    

Сабақтың мақсаты:    а)  ыңғайлас салалас     туралы түсінік бере отырып,оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;.

                                          ә) Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық,жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін арттыру,сөйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу;

                                           б) Сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа баулу;

Сабақтың түрі:                                    дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі:                                сұрақ-жауап,  топтастыру, дамыта оқыту

Сабақтың көрнекілігі:                     плакат,кеспе қағаздар, қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс:                 әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы:

                                               а)    Ұйымдастыру кезеңі

               Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

                                                  ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

                      Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын

                                        б)     Жаңа сабақты түсіндіру:

                Құрамындағы жай сөйлемдерінің бірінде айтылған ойға екіншісінде айтылған ойдың мезгілдес,бағыттас,ыңғайлас мәнде қарым-қатынаста болуын ыңғайлас салалас дейміз.Мысалы:

  Қостың ар жағынан қара кер аттың басындағы жүген сылдырлары,шөп суылдады. Көмірден май да шығады,темір қорытатын кокс те шығады.Мен бұл арада үнемдедім және үндеуді қажет те көрмедім.

   Бастапқы ыңғайлас саласта жүгеннің сылдырлауы мен шөптің суылдауы бір мезгілде болғандығы туралы айтылған.Екінші ыңғайлас салаласта бірінші жай сөйлемде айтылған ойдың екінші жай сөйлемге де ортақ екендігі байқалады және екі сөйлемнің баяндауышы да шығады деген сөз болып тұр.Соңғы ыңғайлас салаластағы жай сөйлемдер істің,оқиғаның жүзеге аспауы жағынан бірыңғай біркелкі айтылған.Мұндағы жай сөйлемдердің баяндауыштары (үндемедім,қажет те көрмедім) етістіктің болымсыз түрімен берілген.

   Ыңғайлас салаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір-бірімен жалғаулық шылаулар арқылы да,жалғаулық шылаусыз,іргелес тұрып байланыса береді.жалғаулық шылаулардың қатысу-қатыспауына қарап,ыңғайлас салаластарды жалғаулықсыз ыңғайлас салалас деп екіге бөлеміз.

   Жалғаулықсыз ыңғайлас салаластағы кейбір жай сөйлемдер бір мезгілде қатар болған я болатын істерді білдіреді.Мұндайда олардың баяндауыштары көбінесе бір шақта тұрады.

   Тысқа Төрекеңмен ере шықтым.Ол кісі ойға қарай шұбатылған жолмен төмен кетті,мен жарға асылған жолмен жоғары кеттім.жастардың қолы қырықтықта,аузы әнде.

  Ыңғайласа байланысқан кейбір жай сөйлемдер бірінен соң бірі болатын я болған істерді білдіреді.

   Күн батты,тауды қара көлеңке басты.Екі құшақ жүнді Молдақым мен Әндіжан таразыға апарып өлшеп еді,жеті кило он төрт грамм болды.

   Жалғаулықты ыңғайлас салалас және, да/де, әрі деген ыңғайлас мәнді жалғаулықтардың қатысуы арқылы жасалады.Мұның өзінде да,әрі жалғаулықтары ыңғайлас салаластың құрамындағы жай сөйлемдердің әрқайсысымен қайталанып немесе қайталанбай,олардың арасында бір-ақ рет келіп те тұра береді.

   Ал және жалғаулығы ешқашан да қайталанбай,құрмаласқан жай сөйлемдердің арасында бір-ақ рет келіп тұрады.

   Мысалы: 1.Олардың негізгі табысы сүттен екен.Сиырдың тұқымы да жақсы,бабы да келіскен екен.  2. Қадырдың киімі жұқа әрі денсаулығы да мықты емес. 3. Келгендер арасында Абай бұрынан білетін Дәндібай,Еренай сияқты қарттар бар және екі-үш орта жастағы адам бар. Меңдіқыз Хакімге қарады да,Әлібек Меңдіқыздың бетіне қарады.

  Және жалғаулықты шылаумен келгенде,әрі шылауы қайталанбай бір-ақ рет келгенде,жай сөйлемдердің арасына үтір қойылмайды.Қалған жағдайларда жай сөйлемдер арасына үтір қойылады.

 

Жаттығумен жұмыс:           99-жаттығу.    Көшіріп жазып тиісті тыныс белгілерін қойыңдар.

 Тақтамен жұмыс: Тақтаға бірнеше сөйлемдерге синтаксистік және морфологиялық  талдау жүргізеді.

Білімді бекіту:  Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін. 

Бағалау:  Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

Үйге тапсырма:       100-жаттығу.

 

 

Күні:                                        Пәні: қазақ тілі                                   Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы:     Себеп-салдар салалас                    

Сабақтың мақсаты:    а)  себеп-салдар салалас  туралы түсінік бере отырып,оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;.

                                  ә) Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық,жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін арттыру,сөйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу;

                                 б) Сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа баулу;

Сабақтың түрі:                                     аралас сабақ

Сабақтың әдісі:                                сұрақ-жауап,  топтастыру, дамыта оқыту

Сабақтың көрнекілігі:                     плакат,кеспе қағаздар, қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс:                 әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы:

                                               а)    Ұйымдастыру кезеңі

               Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

                                                  ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

                      Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын

                                        б)     Жаңа сабақты түсіндіру:

         Құрамындағы жай сөйлемдердің алдыңғысы соңғысының немесе соңғысы алдыңғысының себебін білдіретін салалас құрмаластың түрін себеп-салдар салалас дейміз.Жайлаудың көлдеріне сене беруге болмайды,құрғақшылық жылы олардың көбі тартылып қалды.Қайыр сөзді әрі қарай тереңдеткісі  келмеді,сондықтан әңгіме желісін бұрып жіберді.

   Бірінші құрмаласта соңғы сөйлем алдыңғы сөйлемнің себебін білдіріп тұрса,екінші құрмаласта алғашқы сөйлем соңғы сөйлемнің себебін білдіріп тұр.

   Себеп-салдар салаластағы жай сөйлемдер жалғаулықсыз іргелес те,жалғаулық шылаулар арқылы да байланысады.Ол жалғаулықтар мыналар: өйткені,себебі,сондықтан,неге десеңіз.

Себеп мәнді жай сөйлем

Сондықтан

Сол себепті

Салдар мәнді жай сөйлем

Салдар мәнді жай сөйлем

Өйткені

Себебі

Неге десеңіз

Себеп мәнді жай сөйлем

 

  Қазір ол сақалын да қырған,киімін де өзгерткен,сондықтан кескін-кейпі де өзгерген.Сен танкіге үйренген адам едің,тракторға кетіп барасың.Жойқын алыптарды үңгірде,көрде тұрғызу – салт-сананың ең ескі түрінің бірі: үңгір – адам баласының ежелгі тұрағы.Кешен,кешене,кесене – қазақ ортасында қолданған сәулет өнерінің бір түрі,өйткені ерте заманда биік жерге салған күмбездердің барлығы «кесене» деп аталған.

   Себеп-салдар салаластағы жай сөйлемдердің орындарын ауыстырып айта беруге болады. Жалғаулықсыз себеп-салдар салаласта жай сөйлемдердің қайсысы бұрын тұрғанын тыныс белгілері арқылы айырамыз.Егер себеп мәнді сөйлем салдар мәндіден бұрын тұрса,арасына үтір қойылады. Керісінше,салдар мәнді сөйлем себеп мәндіден бұрын айтылса,арасына қос нүкте қойылады.

   Бұл егіннің дәнін қолымнан мен септім ғой,өзгеңнен гөрі менің жаным қаттырақ ауырар еді.Өзгеңнен гөрі менің жаным қаттырақ ауырар еді:бұл егін дәнін қолымнан менсептім ғой.

   Жалғаулықты себеп-салдар салаласта жай сөйлемдердің қайсысы бұрын тұрғанын шылауларына қарай білеміз.Егер сондықтан,сол себепті деген жалғаулықтар тұрса,себеп мәнді жай сөйлем бұрын орналасып, салдар мәндісі соң орналасқан болады.

   Себебі,өйткені,неге десеңіз деген шылаулар тұрса,салдар мәнді жай сөйлемі бұрын орналасып,себеп мәндісі соң орналасқан болады.Мысалы: Жаз айларында ондай шұбарлы жердің масасы мен сонасы қалың болады,сол себепті мұндай шыбыны көп шөл даланы ешбір ауыл жайламайды.Күріш тұқымы суға қолмен себіледі,өйткені тұқым сепкіш суға жүре алмайды.

   Жаттығумен жұмыс:            101-жаттығу Сөйлемдердің баяндауыштарын тауып, тиянақты,тиянақсыз екнін анықтаңдар.

 Тақтамен жұмыс: Тақтаға бірнеше сөйлемдерге синтаксистік және морфологиялық  талдау жүргізеді.

Білімді бекіту:  Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін. 

Бағалау:  Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

Үйге тапсырма:       102-жаттығу.

Күні:                                        Пәні: қазақ тілі                                   Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы:                 Қарсылықты салалас                    

Сабақтың мақсаты:   а) Білімділік:  Қарсылықты салаластан   алған теориялық білімдерін практикада қолдану; ауызша,жазбаша талдау жұмыстарын жүргізе отырып,білімдерін бекіту.

                                         ә) дамытушылқ:  ойлау қабілеттерін,қиялдарын дамыту; ой қорытып,нақты шешім жасауға үйретіп,өздеріне сенімдерін арттыру.

                                        б) тәрбиелік: сауатты жазуға,ұқыптылыққа баулу;топпен жұмыс жасап,бір-бірін тыңдай білуге үйрету;сөйлеу мәдениеттерін қалыптастыру.    

Сабақтың түрі:                                     жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдісі:                                сұрақ-жауап,   шығармашылық жұмыс, дамыта оқыту

Сабақтың көрнекілігі:                     слайдтар ,кеспе қағаздар, қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс:                 әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы:

                                               а)    Ұйымдастыру кезеңі

               Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

                                                  ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

                      Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын

                                        б)     Жаңа сабақты түсіндіру:

   Құрамындағы жай сөйлемдердің біріндегі іс,оқиға екіншісіндегі іс,оқиғаға қарама-қарсы болатын салаластың түрін қарсылықты салалас дейміз.

   Ән басылып қалды,бірақ гитара сазы тоқталған жоқты.Ағаңның да сенің алдыңнан шықпақ ойы бар еді, - жұмыстан қолы тимеді.

   Алғашқы салаластың бірінші сөйлемінде әннің басылып қалғаны туралы ой айтылса,екінші жай сөйлемінде гитара сазның тоқталмағандығы жайында ой айтылып,бір-біріне қарама-қарсы қатынаста тұр.Екінші салаластың құрамындағы жай сөйлемдер қарама-қарсы мәнде айтылған:бірінші жай сөйлемде істің жүзеге асуы туралы ой айтылса,екінші жай сөйлемде оның орындалмай қалғандығы баяндалады.

    Салаласа байланысқан жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты болып келіп,өзара іргелес тұру арқылы да,бірақ,алайда,дегенмен,сонда да, әйтсе де деген жалғаулық шылаулар арқылы да байланысады.Мысалы:Жүзінде қайғы да жоқ,қасірет те жоқ, - қорқыныш қана бар.Бас болмақ оңай,бірақ бастамақ қиын.Біріншісінде жай сөйлемдер жалғаулықсыз байланысқан,ондай жағдайда үтір мен сызықша қойылады; екінші мысалда жай сөйлемдер бірақ деген жалғаулық шылаумен байланысқан,мұндайда араларына үтір ғана қойылады.

   Қарсылықты салаластың құрамындағы жай сөйлемдердің іргелес тұрып не жалғаулық шылаулар арқылы байланысына қарай ол жалғаулықсызы қарсылықты салалас және жалғаулықты қарсылықты салалас деп екіге бөлінеді.

   Жалғаулықты қарсылықты салалас сөйлемінің баяндауыштары көбінесе антоним сөздерден және болымды-болымсыз формадағы сөздерден жасалады.жалғаулықсыз қарсылықты салаластың аражігі үтір мен сызықша арқылы ажыратылады. Сөз бергенге ерме, - бөз бергенге ер.Баршагүл сәлем беріп еді, - ол қырын қарап кетті.

    Жалғаулықты қарсылық салалас бірақ,сонда да,дегенмен,алайда,әйтсе де,сөйтсе де деген қарсылық мәнді жалғаулық шылаулардың қатысуы арқылы жасалады.Бұл жалғаулықтар құрмаласқан жай сөйлемдердің арасында қайталанбай,бір-ақ рет келеді.Мұндай жай сөйлемдердің арасы үтірмен бөлінеді.Мысалы: Кітабымен жүрегіңді жылытқан жазушының бәрін де жақсы көресің,бірақ солардың ішінде өз көңіліңе өте ұнап,өзгелерден ыстық боп танылғандары болады.

   Жаттығумен жұмыс:            105-жаттығу.  Жетіспей тұрған  тыныс белгілері болса,дәлелдеп қойып шығыңдар.

  Шығармашылық  жұмыс:    106-жаттығу. Берілген жай сөйлемдерге ойларыңнан қарама –қарсы  мәнді жай сөйлем ойлап жазып,қарсылықты салалас құраңдар.

Білімді бекіту:  Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін. 

Бағалау:  Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

Үйге тапсырма:       107-жаттығу.

 

 

 

Күні:                                        Пәні: қазақ тілі                                   Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы:     Түсіндірмелі салалас                    

Сабақтың мақсаты:    а) Білімділік:   Түсіндірмелі  салаластан   алған теориялық білімдерін практикада қолдану; ауызша,жазбаша талдау жұмыстарын жүргізе отырып,білімдерін бекіту.

                                                ә) дамытушылқ:  ойлау қабілеттерін,қиялдарын дамыту; ой қорытып,нақты шешім жасауға үйретіп,өздеріне сенімдерін арттыру.

                                                б) тәрбиелік: сауатты жазуға,ұқыптылыққа баулу;топпен жұмыс жасап,бір-бірін тыңдай білуге үйрету;сөйлеу мәдениеттерін қалыптастыру.   

Сабақтың түрі:                     аралас сабақ 

Сабақтың әдісі:                сұрақ-жауап,   іздендіру,шығамашылықпен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі:              плакат, деңгейлік тапсырмалар, қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс:                 әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы:

                                               а)    Ұйымдастыру кезеңі

               Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

                                                  ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

                      Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын

                                        б)     Жаңа сабақты түсіндіру:

    Құрамындағы жай сөйлемдердің алдыңғысы соңғысына нұсқап,ал соңғысы алдыңғы сөйлемнің мазмұнын ашатындай,талдап түсіндіріп тұратын құрмаласты түсіндірмелі салалас дейміз.

   Түсіндірмелі салаластың жай сөйлемдері жалғаулықты шылаусыз,іргелес байланысады.Бірінші жай сөйлемде көбінесе сілтеу есімдіктері мен сілтеу мәнді сөздер (мынаны,мынау,сол,соншалық,сондай) болады.

   Түсіндірмелі салаластың аражігіне қос нүкте не сызықша қойылады.Сызықша сонша,соншалық,сондай деген баяндауышы бар сөйлемде жиі кездеседі.Мысалы: Әйел де ай сәулесі сияқты:есікті жапсаң,түндіктен түседі .Жамандық жалын секілді:өзін де,өзгені де жалмай береді.Тұманның қалыңдығы сонша – түк те көрінбейді.Сіздерге де айтарым сол:сағат төртте осында келіңіздер.

  

Жаттығумен жұмыс:            110-жаттығу.  Түсіндірмелі салаластың жасалу жолдарын түсіндіріңдер. Тыныс белгісінің қойылу себебін анықтаңдар.

 

   Тақтамен   жұмыс:    111-жаттығу.  Қос нүкте қойылған сөйлемдердің қайсысы түсіндірмелі,қайсысы себеп-салдар салалас екенін анықтаңдар.

Шығармашылық  жұмыс:      Түсіндірмелі салаласқа байланысты айтылған нақыл сөздерден мысалдар жазады.  

Мысалы: Үш нәрсемен қоңсы қонба: күйдірер отпен, ағызар сумен, атақты әкіммен.

                                                                                                       (Ж. Баласағұни)

 

Білімді бекіту:  Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін. 

 

Бағалау:  Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

 

Үйге тапсырма:       112-жаттығу.

Күні:                                        Пәні: қазақ тілі                                   Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы:     Талғаулы салалас                  

Сабақтың мақсаты:             а) оқушыларға   талғаулы салалас  сөйлем туралы  түсінікті тілмен оқушыларды қатыстыра отырып жан-жақты мәлімет беру;

                                                      ә)  сөйлемнің түрлерін түсіндіре отырып ұжымдық,деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушылардың адамдық қасиеттерін дамыту;  

                                                       б) оқушылардың белсенді ойлау қабілеттерін жандандырып, ОҮӨӘЖПТ арқылы сауатты жазу,оқу дағдыларын жетілдіру

Сабақтың түрі:                                    дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі:                                сұрақ-жауап,  топтастыру, дамыта оқыту

Сабақтың көрнекілігі:                     плакат, семантикалық карта, қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс:                 әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы:

                                               а)    Ұйымдастыру кезеңі:

               Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

                                                  ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

                      Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын

                                        б)     Жаңа сабақты түсіндіру:

   Талғаулы салаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір-біріне тәуелсіз,дербес әрекеттерді баяндайды да,солардың тек біреуі ғана жүзеге асатынын білдіреді. Жай сөйлемдер салаласа ғана және тек жалғаулықты шылаулар арқылы байланысады,араларына үтір қойылады.

   Сөйлемге талғаулық мағына беретін және жай сөйлемдерді бір-бірімен құрмаластыратын жалғаулықтар:не, немесе,я,яки,болмаса,я болмаса,әйтпесе,әлде.

    Мысалдар: Мен не бұл адамдардың ортасынан кетуім керек,не болмаса барша жанға тынышсыз болатын зұлымдықты қоюым керек екен ғой.Өзі кетіп құтылды,әйтпесе өзіміз-ақ тастатқлы жүр едік.Сөз бен қылық суық көңілді жылытады немесе жылы көңілді суытады.

  

Жаттығумен жұмыс:            114-жаттығу.  Мәтіннен талғаулы салаласты теріп жазыңдар да, қалай құрмаласып тұрғандарын түсіндіріңдер.

 

   Тақтамен   жұмыс:   Тақтаға бірнеше сөйлемдерге синтаксистік және морфологиялық  талдау жүргізеді.  

Шығармашылық  жұмыс:    115-жаттығу.   Екі топтағы жай сөйлемдерді  талғаулы салалас етіп құрап, тыныс белгілерін қойыңдар.

 

Білімді бекіту:  Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін. 

 

Бағалау:  Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

 

Үйге тапсырма:        Ережелерді жаттау.

 

 

 

 

Күні:                                        Пәні: қазақ тілі                                   Сыныбы: 8

 

Сабақтың тақырыбы:     Кезектес салалас                    

Сабақтың мақсаты:    а) оқушыларға    кезектес  салалас  сөйлем туралы  түсінікті тілмен оқушыларды қатыстыра отырып жан-жақты мәлімет беру;

                                                      ә)  сөйлемнің түрлерін түсіндіре отырып ұжымдық,деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушылардың адамдық қасиеттерін дамыту;  

                                                       б) оқушылардың белсенді ойлау қабілеттерін жандандырып, ОҮӨӘЖПТ арқылы сауатты жазу,оқу дағдыларын жетілдіру  

Сабақтың түрі:                                    аралас  сабақ

Сабақтың әдісі:                                сұрақ-жауап,  топтастыру,  деңгейлеп оқыту

Сабақтың көрнекілігі:                     плакат, тірек сызбалар , қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс:                 әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы:

                                               а)    Ұйымдастыру кезеңі

               Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

                                                  ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

                      Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын

                                        б)     Жаңа сабақты түсіндіру:

   Құрамындағы жай сөйлемдері арқылы берілген істің,оқиғаның кезектесіп білдіретін құрмаластың түрін кезектес салалас дейіз.

   Кезектес салаластың құрамындағы жай сөйлемдер тек салаласа байланысады.Құрамындағы жай сөйлемдер бірде,біресе,кейде деген кезектес мәнді жалғаулық шылаулар арқылы байланысады,араларына үтір қойылады.

  - Хорезмшах,екінің бірі.Не әкемді босатыңыз,не мені дарға асыңыз.Қазан тұрып біресе атын мақтады,бірақ айналып келгенде,бәрі де Бегілдің өнерін сөз етісті. Қазан аспаның аузында от кейде жылтылдайды,кейде қызып жанып лапылдайды.

Жаттығумен жұмыс:            117-жаттығу.   Баяндауыштарды тиянақты етіп,сөйлемдерді салаластыра байланыстырыңдар.

Топтастыру стратегиясы:

 

                                             Ыңғайлас                               себеп-салдар             

 

Овал: Салалас құрмалас сөйлем                

               қарсылықты                                                                                          талғаулы

 

 

 


                                         түсіндірмелі                                            кезектес 

 

Білімді бекіту:  Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін. 

 

Бағалау:  Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

 

Үйге тапсырма:         119-жаттығу.

 

Күні:                                        Пәні: қазақ тілі                                   Сыныбы: 8

 

Сабақтың тақырыбы:     Сабақтас құрмалас сөйлем                   

Сабақтың мақсаты:    а) Са бақтас  құрмалас сөйлемнің түрлері  туралы түсінік бере отырып,оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;.

                                        ә) Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық,жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін арттыру,сөйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу;

                                       б) Сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа баулу;

Сабақтың түрі:                                    жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың әдісі:                                  сұрақ-жауап,   талдау, дамыта оқыту

Сабақтың көрнекілігі:                     слайдтар, тірек сызбалар,, қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс:                     әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы:

                                               а)    Ұйымдастыру кезеңі

                                 Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

                                                  ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

                                Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын

                                     б)     Жаңа сабақты түсіндіру:

  Құрамындағы жай сөйлемдерінің алғашқысы тиянақсыз болып,соңғысына бағына байланысқан құрмалас сөйлемнің түрін сабақтас құрмалас сөйлем дейміз.

   Сабақтас құрмалас сөйлемдегі баяндауышы тиянақсыз болып келген бірінші сөйлемді бағыныңқы сөйлем дейді.Ал баяндауышы тиянақты болып келген екінші сөйлемді басыңқы сөйлем дейді.

     Сабақтас құрмаласты былай көрсетуге болады.

Бағыныңқы

 

Басыңқы

 
 


                                         ,

   Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдарының сызбасы

Бағыныңқының баяндауышы

Тұлғалық белгісі

Сызбасы

1.Шартты рай

-са, -се

бағыныңқы                            басыңқы

/.................../     барса,          /................./.

2.Көсемше

-а, -е, -й, -ып, -іп –п, -қалы, -келі,

-ғалы, -гелі

/.................../  келе,        /.................../.

/.................../  ойлап,     /.................../

/................../  естігелі,   /..................../.

3.Есімше

-ған              -ша, -ше          

(ген)            -дай (-дей)

 

-ған              -да,-де

(-ген)          -мен

                    -дықтан

ған               (-діктен)

(-ген)           сайын

                     Соң

кезде                                  (шақта,уақытта)

      -ған -ға

                                шейін

      (-ген+ге)

                          бері

-ған + нан         кейін

(-ген + нен        бұрын

/..................../  көргенше,  /- - - - - - - - /.

 

/...................../ оқығандай,  /- - - - - - - - /.

/....................../ жазғанда,   /- - - - - - - - -/.

/...................../  білгенмен,  /- - - - - - -  - - /.

/......../ танығандықтан,  /- - - - - /.

/........./  оқыған сайын,  / - - - - - /.

/........../  барған соң,  / - - - - - - /.

 

/........../  естіген кезде,  / - - - - /.

/................/   келгенге шейін,     /- - - - /

/.............../  айтқаннан бері,       / - - - - - /

4. Етістік негізді

-ысымен (ісімен)

/.........................   келісемін,   / - - - - - - - /.

 

Жаттығумен жұмыс:            120-жаттығу.  Мәтінді оқып шығып, құрмалас сөйлемдердің қайсысы салалас,қайсысы сабақтас екенін анықтаңдар.Сабақтас құрмалас сөйлемдерді теріп жазыңдар.

   Тақтамен   жұмыс:   Тақтаға бірнеше сөйлемдерге  сатылай кешенді талдау жүргізеді.

Білімді бекіту:  Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін. 

Бағалау:  Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

 

Үйге тапсырма:         121-жаттығу.

Күні:                                        Пәні: қазақ тілі                                   Сыныбы: 8

 

Сабақтың тақырыбы:     Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері                   

Сабақтың мақсаты:    а) Са бақтас  құрмалас сөйлемнің түрлері  туралы түсінік бере отырып,оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;.

                                        ә) Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық,жылдамдық, есте сақтау қабілеттерін арттыру,сөйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу;

                                       б) Сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа баулу;

Сабақтың түрі:                                    аралас  сабақ

Сабақтың әдісі:                                  сұрақ-жауап,  топтастыру, дамыта оқыту

Сабақтың көрнекілігі:                     плакат, тірек сызбалар ,  деңгейлік тапсырмалар

Пәнаралық байланыс:                     әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы:

                                               а)    Ұйымдастыру кезеңі

                                 Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

                                                  ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

                                Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын

                                     б)     Жаңа сабақты түсіндіру:

    Сабақтастың жасалу жолы алуан түрлі болатыны сияқты,оның құрамындағы жай сөйлемдердің бір-бірімен мағыналық қарым-қатынасы да әр түрлі болып келеді;

    Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлерінің ережесі мен сұрағын төмендегі кестеден көруге болады:

түрі

ереже

сұрағы

Шартты

бағыныңқы

Бағыныңқы сөйлемі басыңқы сөйлемінің шарты болып келеді

қайтсе? не етсе? қайткенде?            не еткенде?  қайтпейінше?

Қарсылықты

бағыныңқы

Бағыныңқысы басыңқы сөйлеміне қарама-қарсы болып келеді.

қайтсе де? қайткенмен?                       не етпестен? не ете тұра? қайткенше?  не еткені болмаса?

Себеп

бағыныңқы

Бағыныңқысы басыңқы сөйлемнің себебін білдіреді.

неліктен?не үшін, не себепті?          не деп?

Мезгіл                  бағыныңқы

Бағыныңқысы басыңқы сөйлемнің мезгілін білдіреді.

қашан? қай кезде?                        қашаннан бері?

Қимыл-сын

бағыныңқы

Бағыныңқысы басыңқы сөйлемде айтылған іс-қимылдың қалай орындалғанын білдіреді.

қайтіп, не етіп?  қалай?

 

Мақсат

бағыныңқы

Бағыныңқысы басыңқы сөйлемдегі ойдың мақсатын білдіреді.

не мақсатпен? не үшін?

не етпек болып?

 

Жаттығумен жұмыс:            122-жаттығу.  Мәтінді оқып шығып, көп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемдерді  табыңдар.

   Тақтамен   жұмыс:   Тақтаға бірнеше сөйлемдерге  сатылай кешенді талдау жүргізеді.

Білімді бекіту:  Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін. 

Бағалау:  Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

 

Үйге тапсырма:           Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлеріне сөйлем құрап келу.

 

 

Күні:                                        Пәні: қазақ тілі                                   Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы:     Шартты бағыныңқы сабақтас                     

Сабақтың мақсаты:     а) Білімділік:   Шартты бағыныңқы сабақтас сөйлемдерден  алған теориялық білімдерін практикада қолдану; ауызша,жазбаша талдау жұмыстарын жүргізе отырып,білімдерін бекіту.

                                         ә) дамытушылқ:  ойлау қабілеттерін,қиялдарын дамыту; ой қорытып,нақты шешім жасауға үйретіп,өздеріне сенімдерін арттыру.

                                        б) тәрбиелік: сауатты жазуға,ұқыптылыққа баулу;топпен жұмыс жасап,бір-бірін тыңдай білуге үйрету;сөйлеу мәдениеттерін қалыптастыру.

Сабақтың түрі:                                   дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі:                                  сұрақ-жауап,  топтастыру, дамыта оқыту

Сабақтың көрнекілігі:                     плакат,кеспе қағаздар, қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс:                     әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы:

                                               а)    Ұйымдастыру кезеңі

                                 Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

                                                  ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

                                Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын

                                     б)     Жаңа сабақты түсіндіру:

    Шартты бағыныңқы сабақтас деп құрамындағы жай сөйлемдердің біріншісі екіншісіндегі істің жүзеге асу я аспау шартын білдіретін құрмаласты айтамыз.Мысалы: Екпей,егін бітпес;үйренбей,білім бітпес.Бір елді бір ел жақсы білсе,жақсы өнегесін де алар еді. Келтірілген мысалдың екеуінде де бірінші сыңардағы іс-әрекеттердің жүзеге асуына шарт ретінде алынған.Жасалу жолдарын,сұрақтарын былай көрсетуге болады:

Бағыныңқының баяндауышы

Тұлғалық белгісі

сұрауы

Сөйлемдердің сызбасы

1.Шартты рай

-са,  -се

Қайтсе?  (Не етсе?)

/........./ тыңдаса,  /- - - - - - - /.

2. Көсемше

-ма + й  (-ма + й)

-майынша (-мейінше).

Қайтпей? (Не етпей?)

Қайтпейінше?

(Не етпейінше?)

/.........../  таппай   / - - - - -  /.

/............./ үйренбейінше         / - - - - - - - /.

3.Есімше

-ған + да  (-ген, + де)

Қайткенде?

(Не еткенде?)

/.................../   болмағанда      

                      /- - - - - - - - - /.

 

    Шартты бағыныңқы сабақтас құрамындағы жай сөйлемдер сабақтаса байланысады.Бағыныңқы сыңардың баяндауышы тиянақсыз болып келеді.Тағы да екі-үш күн бөгейтін амалын тапсаң өзің,қозыдай көгендеп қолыңа берейік.

   Сабақтаса байланысқан жай сөйлемдер баяндауыштары шартты бағыныңқы сабақтаса жоғарыдағы кестеде көрсетілгендей формаларда тұрады.

1. Ол заманда ұл балаға бас кеспесе,қан төкпесе,ат қойылмайтын еді.2. Сын тезі құрылмай,әдебиет сөзі сыңар болып (мінсіз болып) шыға алмайды.3. Дәл осы минутта мұғалім кіріп келмегенде,мұның аяғы жақсылықпен тына қоюы екіталай еді.4.Оның өскен ортасын білмейінше,жұмбақ қаиетін де түсінуге болмайды.

  Шартты бағыныңқы сабақтас сөйлем сыңарларының арасына үтір қойылады.

1

-са,-се + жіктік жалғауы

-май, -мей, -пай, -пей, -бай, -бей

-майынша, -иейінше, -пайынша, -пейінше, -байынша, -бейінше

-ғанда,-генде, -қанда, -кенде

Сабақ оқысаң,бес аласың.

2

Сабақ оқымай,бес алмайсың.

 

3.

Сабақ оқымайынша,бес алмайсың

4

Сабақ оқығанда,бес алар едің.

 

Жаттығумен жұмыс:            124-жаттығу.  Төменде берілген шартты мәнді құрмалас сөйлемдердің сыңарының баяндауыштарын кестеде көрсетілген жолдармен жасап көріңдер.

1.      Алдыңа бір қарасаң, артыңа бес қара

2.       Егер жау берілмесе оны құртар болар.

3.      Ат өнері білінбес,бәйгеге түсіп жарыспай.

Білімді бекіту:  Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

  1. Сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз не?
  2. Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем  қалай жасалады?
  3.  Салалас құрмалас сөйлемнен қандай айырмашылығы бар?

Бағалау:  Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

Үйге тапсырма:            125-жаттығу.

Күні:                                                         Пәні: қазақ тілі                                   Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы:     Қарсылықты бағыныңқы сабақтас                     

Сабақтың мақсаты:   а) Білімділік:    қарсылықты  бағыныңқы сабақтас сөйлемдерден  алған теориялық білімдерін практикада қолдану; ауызша,жазбаша талдау жұмыстарын жүргізе отырып,білімдерін бекіту.

                                         ә) дамытушылқ:  ойлау қабілеттерін,қиялдарын дамыту; ой қорытып,нақты шешім жасауға үйретіп,өздеріне сенімдерін арттыру.

                                        б) тәрбиелік: сауатты жазуға,ұқыптылыққа баулу;топпен жұмыс жасап,бір-бірін тыңдай білуге үйрету;сөйлеу мәдениеттерін қалыптастыру.   

Сабақтың түрі:                                    аралас  сабақ

Сабақтың әдісі:                                  сұрақ-жауап,   іздендіру,  шығармашылықпен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі:                      тірек сызбалар,кеспе қағаздар, қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс:                     әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы:

                                               а)    Ұйымдастыру кезеңі

                                 Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

                                                  ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

                                Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын

                                     б)     Жаңа сабақты түсіндіру:

  Басыңқыдағы іске бағыныңқыда айтылған іс немесе бағыныңқыдағы іске басыңқыдағы іс қарсы қойыла айтылған сабақтасты қарсылықты бағыныңқы сабақтас дейміз.

   Қарсылықты бағыныңқылар  Қайтсе де? Не етсе де? Қайткенмен? Не еткенмен? деген сұрақтарға жауап береді.

1

-са да, -се де

-ғанмен,-генмен, -қанмен,-кенмен

(-а,-е,-й)+ тұра

(-ғанына,-геніне,-қанына,-кеніне) + қарамай (қарамастан)

(-ғаны,-гені,-қаны,-кені) + болмаса

-ғанша,-генше,-қанша,-кенше

Қыс келсе де,қар жаумады.

2

Қыс келгенмен,қар жаумады.

3

Қыс келе тұра,қар жаумады.

4

Қыс келгеніне қарамастан,қар жаумады.

 

5

Қыстың келгені болмаса,қар жаумады.

6

Далаға шығып жаурағанша,үйде отыр.

  Қарсылықты бағыныңқының баяндауыштары мынадай жолдармен жасалады:

а) шартты райлы етістікке да (де) шылауы жалғас келу арқылы: Абай Дәндібай сөзінен жақсы пейілді аңғарса да,ол кезде көмектерін алмаған-ды.

ә) шартты райдың болымсыз түрінен: Таң алдында бір сағат мызғығаны болмаса,Абай бұл түнді ұйқысыз өткізді.

б) есімшеге көмектес септік (-мен) жалғауы қосылуы арқылы: Ұлберген кедей болғанмен,киім-кешектерін таза ұстайтын еді. ; есімшенің бұл түріне кейде да,де шылауы қосылып та қарсылқты бағыныңқы сабақтас жасалады: Қасен байбаламдағанмен де,ойын тоқтала қоймады;

в) есімшеге -ша,-ше жұрнағы жалғану арқылы: Бір сөзді қайталай бергенше,менің комбайнды жүргізгенімді айтсаңшы.

г) –а,-е,-й жұрнақтары көсемше түрінен болады: Жастар білім жағынан артық бола тұра,тәжірибелі жұмысшылардың жәрдеміне мұқтаж болады екен.

ғ) келер шақ есімшенің болымсыз түріне шығыс септік жалғауының (-тан,-тен) жалғануы арқылы жасалады: Отыз екі жасқа келгеніне қарамстан,осы жазда капитан Енакиевтің самайына ақ кірді.

Қарсылықты бағыныңқы сабақтастың жасалу жолдары

Бағыныңқының баяндауышы

Тұлғалық белгісі

Сұрауы

Сызбасы

1

2

3

4

1. Шартты рай

-са да (-се де)

Қайтсе де? Не істесе де?

/.........../ шаршаса да,

/- - - - - - /

2. Көсемше

ған                мен

(-ген)             ша

                      ше

-ғаны             бол-

(-гені)            ма-

                       са-

-ғаны + ы + на                    (-гені +і+не) қарамастан,қарамай-

 

Қайткенмен?

Не еткенмен?

Қайткенше?

Не еткенше?

қайткені(не еткені) болмаса?

қайткеніне (не еткеніне)

қарамастан?              (қарамай) 

/...../ естігенмен, /- - - - /

/..../ ұрысқанша, /- - - - - /

/............/ шаршағаны         болмаса,     / - - - - - - - - -/

/................./ шаршағанына қарамастан 

(қарамай)  /- - - - -  - -/

3. Есімше

-а (-е,-й) тұра

Қайте (не ете) тұра?

/.........../ көре тұра,                /- - - -- - - - /

Жаттығумен жұмыс:            129-жаттығу.   

Білімді бекіту:  Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау:  Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

Үйге тапсырма:            125-жаттығу.

Күні:                                        Пәні: қазақ тілі                                   Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы:                 Мезгіл бағыныңқы сабақтас                     

Сабақтың мақсаты:    а)  мезгіл бағыныңқы сабақтас   туралы түсінік бере отырып,оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;.

                                        ә) Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық,жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін арттыру,сөйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу;

                                       б) Сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа баулу;

Сабақтың түрі:                              білім,іскерлік дағдыны жетілдіру сабағы.      

Сабақтың әдісі:                                  сұрақ-жауап,  топтастыру,  сатылай дамыта оқыту

Сабақтың көрнекілігі:                     плакат, деңгейлік тапсырмалар, қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс:                     әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы:

                                               а)    Ұйымдастыру кезеңі

                                 Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

                                                  ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

                                Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын

                                     б)     Жаңа сабақты түсіндіру:

   Құрамындағы жай сөйлемдердің біріншісінде айтылған іс екіншісінде айтылған істің мезгілін білдіретін құрмаластың түрін мезгіл бағыныңқы сабақтас дейміз.Мезгіл бағыныңқы сабақтастың құрамындағы жай сөйлемдер бір мезгілде болған әрекеттерді не болмаса бір мезгіл ішіндегі көріністі,жай-күйді баяндайды.Абай үйге кіргенде,Әбіш конверттегі бар қағазды оқып шыққан еді.Еселі далаға шықса,таң құланиектеніп атып келеді екен.Бірінші сөйлемде бір мезгіл ішінде болған әрекеттер баяндалса,екінші сөйлемде бір уақыт ішінде байқалған,көрініп тұрған жайттардан мәлімет беріледі.

   Құрамындағы жай сөйлемдерді сабақтаса байланысқан мезгіл бағыныңқы сабақтастың бағыныңқы сыңарының баяндауыштары –ша,-ше жұрнақтары есімшеден (-ған+ша,-ген+ше), жатыс жалғауы есімшеден (-ған+да,-ген+де), есімшеге септеулік шылауларының (-ған,-ген+соң,кейін,сайын,бері,шейін), мезгіл мәнді көмекші сөздердің (-ған,-ген+кезде,шақта,уақытта) тіркесуі арқылы,көсемшеден (-ғалы,-гелі,-а,-е,-й) және етістіктің түбіріне –са,-се,  -ысымен –ісімен деген қосымшаның жалғануы арқылы жасалады.

   Мезгіл мәнді құрмаластың сұраулары: Қашан? Қашанға шейін?Қашаннан бері? Мысалы: Аттылар жалт-жалт қарасқанда,жақын жерде отырған көп адамның жиыны көрінді.Қарағанды көмірін тапқалы,жүзге жуық  жылдар өтіп барады.Ауыл осы қонысқа келіп орналасқаннан бері,бір күн дамыл алып тыныққан емес.Үйдегілер тысқа шықса,таң аппақ болып атқан екен.Тимур үйге қайтып келісімен,оны нағашысы жанына шақырып алады.Біраз отырған соң,күндіз көп жүріп шаршаған Асан ұйықтап қалды.

1

 

 

 

 

 

Мен айт

-ғанда,-генде,-қанда, -кенде

ол жазды.

2

(-ғанға,-генге, -қанға, -кенге) + дейін,шейін

ол жазды.

3

(-ғаннан,-геннен, қаннан, -кеннен) + кейін,соң

ол жазды.

4

(-ған,-ген,-қан,-кен) + сайын

ол жазды.

5

(-ған,-ген, -қан, -кен) + кезде,сәтте,уақытта.

ол жазды.

6

(-ған,-ген,-қан,-кен) + -ша,-ше

ол жазды.

7

(-ма,-ме,-па,-пе,-ба,-бе) + с + бұрын

ол жазды.

8

-ысымен,-ісімен,-сымен,-сімен

ол жазды.

9

-арда,-ерде,-рда

ол жазды

10

-ғалы,гелі,-қалы, -келі

ол жазып жүр.

11

(-ғаннан,-геннен,-қаннан,-кеннен) + бері

ол жазып жүр.

12

-са,се + жіктік жалғауы

Ол келсе,сабақ аяқталыпты

 

Жаттығумен жұмыс:            132-жаттығу.   Мезгіл бағыныңқы сабақтастардың бағыныңқы, басыңқы сыңарларын сызып ,бағыныңқы болып тұрған баяндауыштардың  жасалу жолдарын түсіндіріңдер.

Кітаппен жұмыс: 133-жаттығу. Төмендегі берілген сөйлемдердің басыңқы сыңарларын өздерің тауып  , мезгіл бағыныңқы сабақтас жасаңдар.

Білімді бекіту:  Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау:  Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

Үйге тапсырма:             Мезгіл бағыныңқы сабақтас сөйлемдерге мысалдар жазып келу.

Күні:                                        Пәні: қазақ тілі                                   Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы:     Себеп бағыныңқы сабақтас                     

Сабақтың мақсаты:        1) себеп бағыныңқы сабақтас туралы түсінік беру,жасалу жолдарын ұғындыру,сздердің өзге байланысу түрлерінен ажырата білуді үйрету;

                                              2) өзіндік практикалық әрекет ортасын қалыптастыру,сауатты,әдемі жазуға бейімдеу,ойлау,есте сақтау қабілеттерін ажырату;            

                                          3) оқушылардыпатриоттыққа,жігерлікке,жаңашылдыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:               білім,іскерлік дағдыны жетілдіру сабағы                     

Сабақтың әдісі:                                  сұрақ-жауап,  іздендіру, дамыта оқыту

Сабақтың көрнекілігі:                     плакат, семантикалық карта, қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс:                     әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы:

                                               а)    Ұйымдастыру кезеңі

                                 Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

                                                  ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

                                Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын

                                     б)     Жаңа сабақты түсіндіру:

   Бағыныңқысы басыңқыда айтылған ойдың себебін білдіретін сабақтастың түрін себеп бағыныңқы сабақтас дейміз. Мысалы: Жұмыстың ең ауыры осында болғандықтан,Ермек мұнда әдейі тіленіп келді.  Осында алғашқы сөйлем соңғы сөйлемнің себебін білдіріп тұр.Себеп бағыныңқы сабақтас Неліктен? Не себепті? Неге? Не деп? Деген сұрауларға жауап береді.

    Себеп бағыныңқының баяндауыштары мынадай жолдармен жасалады.

а) есімшенің өткен шақ формасына –дықтан (-дық+тан) деген жұрнақ пен жалғаудың қосылуы арқылы жасалады.Бұл түн менің ең соңғы көрген дүнием болғандықтан,көп нәрселер әлі көз алдымда тұрады.

ә) есімшенің өткен шақ формасына соң шылауы тіркесуі арқылы жасалады.Жіберген жоқшылары осындай хабар әкелген соң,Жарасбай түні бойы күйіп,қорланудан тыныштық ала алмады.

б) көсемшенің –й жұрнағына біткен болымсыз түрінен жасалады.Сол жылы Асқардың стипендиядан басқа қаражаты болмай,бір мезгіл пристаньда қара жұмыс істейтін еді.

в) ашық райлы етістікке деп көмекші етістігінің тіркесуі арқылы жасалады.Ер төстік жалмауыздың қолында қалды деп,елі мүлде күдер үзіп қояды.

    Себеп бағыныңқы сабақтас құрмаласта жай сөйлемдердің арасына үтір қойылады.

1

-ғандықтан,-гендіктен,-қандықтан,-кендіктен

Күн жылы болғандықтан,біз серуенге шықтық.

2

(-ғаны,-гені,-қаны,-кені) + үшін

Күн жылы болғаны үшін,біз серуенге шықтық.

3

(-ма,-ме,-па,-пе,-ба,-бе) + й

Күн жылы болмай,біз серуенге шықпадық.

4

-ып,-іп,-п

Күн жылы болып,біз серуенге шықтық.

5

үш шақтағы етістік + деп

Күн жылы болады деп,біз серуенге шықтық.

6

(-ған,-ген,-қан,-кен) + соң

Күн жылы болған соң,біз серуенге шықтық.

 

Жаттығумен жұмыс:            134-жаттығу.   Төмендегі себеп бағыныңқы сабақтастардың бағыныңқы сыңарларының баяндауыштарын тауып,қалай жасалғанын анықтаңдар.

Кітаппен жұмыс: 135-жаттығу. Төмендегі берілген сөйлемдердің басыңқы сыңарларын өздерің тауып  ,  себеп  бағыныңқы сабақтас жасаңдар.

Тақтамен   жұмыс:   Тақтаға бірнеше сөйлемдерге  сатылай кешенді талдау жүргізеді.

Білімді бекіту:  Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау:  Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

Үйге тапсырма:              136-жаттығу.

 

Күні:                                        Пәні: қазақ тілі                                   Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы:     Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас                     

Сабақтың мақсаты:       1) себеп бағыныңқы сабақтас туралы түсінік беру,жасалу жолдарын ұғындыру,сөздердің өзге байланысу түрлерінен ажырата білуді үйрету;

                                              2) өзіндік практикалық әрекет ортасын қалыптастыру,сауатты,әдемі жазуға бейімдеу,ойлау,есте сақтау қабілеттерін ажырату;            

                                          3) оқушыларды патриоттыққа,жігерлілікке,жаңашылдыққа,ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:                                    аралас  сабақ

Сабақтың әдісі:                                  сұрақ-жауап,  топтастыру,  шығармашылықпен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі:                    слайдтар ,кеспе қағаздар, қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс:                     әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы:

                                               а)    Ұйымдастыру кезеңі

                                 Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

                                                  ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

                                Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын

                                     б)     Жаңа сабақты түсіндіру:

  Құрамындағы жай сөйлемдердің бағыныңқысы басыңқыдағы істің,қимылдың қалай орындалғандығын  білдіретін құрмаластың түрін қимыл-сын бағыныңқы сабақтас  дейміз.

   Қимыл-сын бағыныңқы сабақтастың сыңарлары тек сабақтаса,яғги бірінші жай сөйлемнің баяндауышы тиянақсыз болып,екіншісіне бағына байланысады.

   Қимыл-сын бағыныңқы сабақтастың бағыныңқы сыңарының баяндауыштары мынадай жолдармен жасалады:

Бағыныңқысының баяндауышы

Тұлғалық белгісі

Сұрауы

Сөйлемдердің сызбасы

Көсемше

-ып,-іп,-п,-а,-е,-й

Қайтіп? Қалай?

/.............../ қосылып,                     / - - - - - -  - - -/

/..........   жарыспай/,

/ - -- - - -- - - -/

Есімше

-ған + дай (-ген + дей) болып –ған (ген) күйі (қалпында) –ма,+с+тан

-па+с+тан

-бе+с+тен

Қалай?

 

Қалай?

 

Қалай?

/........../ танығандай           болып,    / - - - - - - - /

/............/ ұстаған күйі,          /- -  - - - - - - - /

/....../ талмастан /- - - - - - - /

 

Мысалдар: Адамдары,малдары,күркелері де қосылып,бір ауылдан бір ауылды айырып та болмайды.Ат өнері білінбес,бәйгеге түсіп жарыспай.Тұла бойы шымырлап,төбе шашы жиырылып бара жатқандай болып,Қалиша да үйіне жөнелді.Хакім кітапты ұстаған күйі,Әбдірахманның сөздерін қыбыр етпестен тыңдады.Жаңа ғана талып қалғандай,Әбіш ешбір белгі бермей сұлық жатты.

1

-а,-е,-й,-ып,-іп,-п

Екі қолы дірілдеп,Оспан ішке кірді.

2

(-ма,-ме,-па,-пе-ба-бе)+с+(-тан,-тен)

Екі қолы дірілдеместен,Оспан ішке кірді.

3

(-ған,-ген,-қан,-кен)+күйі,қалпы,бойы

Екі қолы дірілдеген күйі,Оспан ішке кірді.

4

(-ған,-ген,-қан,-кен)+(-дай,-дей)+болып

Екі қолы дірілдегендей болып,Оспан ішке кірді.

 

Жаттығумен жұмыс:            141-жаттығу.   Құрмалас сөйлемнің айтылмай қалған баяндауыштың орныныа қажетті баяндауыш болатын сөздерді жазып, сөйлемді аяқтаңдар.  

Тақтамен   жұмыс:   Тақтаға бірнеше сөйлемдерге   синтаксистік және морфологиялық талдау жүргізеді.

Білімді бекіту:  Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау:  Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

Үйге тапсырма:              1 42-жаттығу.

Күні:                                        Пәні: қазақ тілі                                   Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы:     Мақсат бағыныңқы сабақтас                     

Сабақтың мақсаты:    а)  Мақсат бағыныңқы сабақтас   туралы түсінік бере отырып,оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;.

                                        ә) Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық,жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін арттыру,сөйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу;

                                       б) Сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа баулу;

Сабақтың түрі:                                   дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі:                                  сұрақ-жауап,  топтастыру, дамыта оқыту

Сабақтың көрнекілігі:                     плакат,кеспе қағаздар, қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс:                     әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы:

                                               а)    Ұйымдастыру кезеңі

                                 Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

                                                  ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

                                Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын

                                     б)     Жаңа сабақты түсіндіру:

    мақсат бағыныңқы сабақтастың құрамындағы сөйлемдердің алғашқысы соңғыдағы істің мақсатын білдіреді.

    Мақсат бағыныңқы сабақтасты құрайтын жай сөйлемдер бір-біріне бағына,тек сабақтаса байланысдаы.

   Бағыныңқының баяндауыштары тұйық етістікке,кейде болжалды келер шақ есімшенің болымсыз түріне үшін шылауының тіркесуі арқылы (көру үшін,көрмес үшін,), -мақ,-мек жұрнақты етістіктен кейін болып деген көмекші етістіктің (-мақ болып), етістіктің шартты,қалау және бұйрық райының 3-жағынан кейін деп  көмекші етістіктігінің (айтсам деп,айтайын деп,айтсын деп) тіркесуі арқылы жасалады.

   Мақсат бағыныңқы сабақтастың сұраулары: Не үшін? Не мақсатпен? Не деп? Неге? Мақсат бағыныңқы сабақтастың жай сөйлемдері үтір арқылы бөлінеді.

   Мысалдар: Дәуіт ұшып кетпеу үшін,қарлығаш оның қанатын қырқып қояды.Адам жазым,ат жазым болып жүрмес үшін,көкпар шығармай,айналма бәйгемен тынбаққа келісті.Ат тұяғының дүбірі естілмесін деп,бұлар ауылдың ық жағына қарай бұрыла жүрді.

   Абай бүгін әдейі бір үй іші кеңесті оңаша сөйлесейін деп,Мағаш,Әбіштерді осында шақыртқан.Абайлар Ойқұдықтағы ауылға жете қонбақ болып,аттарын шоқыта,сар желіске сала жөнелді.Білмегенін білсем деп,оқушылар ынтығар.

1

(-мақ,-мек,-пақ-пек,-бақ,-бек) + -шы,-ші + болып

Ол оқымақшы болып қалаға келді.

2

-у + үшін

Ол оқу үшін,қалаға келді.

3

(шартты,қалау,бұйрық райлар) + деп

Ол оқысам деп,қалаға келді.

4

(-қы,-кі) + тәуелдік жалғау + келіп

Оның оқығысы келіп,қалаға келді.

 

Жаттығумен жұмыс:            145-жаттығу.    Сөйлемдерді ыңғайына қарай құрмаластырып,мақсат бағыныңқы сабақтас жасаңдар.  

Тақтамен   жұмыс:   Тақтаға бірнеше сөйлемдерге   синтаксистік және морфологиялық талдау жүргізеді.

Білімді бекіту:  Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау:  Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

Үйге тапсырма:              1 46-жаттығу.

 

 

Күні:                                        Пәні: қазақ тілі                                   Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы:     Аралас құрмалас сөйлем                      

Сабақтың мақсаты:      а) оқушыларға    кезектес  салалас  сөйлем туралы  түсінікті тілмен оқушыларды қатыстыра отырып жан-жақты мәлімет беру;

                                           ә)  сөйлемнің түрлерін түсіндіре отырып ұжымдық,деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушылардың адамдық қасиеттерін дамыту;  

                                          б) оқушылардың белсенді ойлау қабілеттерін жандандырып,ОҮӨӘЖПТ арқылы сауатты жазу,оқу дағдыларын жетілдіру 

Сабақтың түрі:               білім,іскерлік дағдыны жетілдіру сабағы                    

Сабақтың әдісі:                                  сұрақ-жауап,  іздендіру, дамыта оқыту

Сабақтың көрнекілігі:                     плакат, семантикалық карта, қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс:                     әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы:

                                               а)    Ұйымдастыру кезеңі

                                 Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

                                                  ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

                                Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын

                                     б)     Жаңа сабақты түсіндіру:

  Құрамындағы жай сөйлемдері бір-бірімен салаласып та,сабақтасып та байланысқан құрмаластың түрін аралас құрмалас сөйлем дейміз.

   Амантай Серғазыларға ақылдасып еді,Жамантайдың науқасының түрі жаман болғандықтан,олар ырық бере қоймады.

  Аралас құрмалас сөйлемнің құрамында кемінде үш жай сөйлем болады.Олардың екеуінің баяндауышы тиянақты да,біреуінің баяндауышы тиянақсыз болып келеді.Баяндауышы тиянақсыз сөйлем бірде аралас құрмаластың бас жағына орналаса,бірде тиянақты жай сөйлемдердің арасына орналасады.

Мысалдары:

1. Күн шығып,ел тұра бастады, - Нұрлан әлі жоқ.

Сызбасы: бағыныңқы,басыңқы,басыңқы.

2.Қорған кезінде топырақ араластыра тастан қаланған екен де,бұл кезде қорғанның үстіне жыңғыл мен шеңгел араласа шығып,өзінше ол да бір сән беріп тұр.

Сызбасы: басыңқы,бағыныңқы,басыңқы.

   Аралас құрмалас кейде төртжай сөйлемнің құрмаласуы арқылы да жасалады.Мұндайда екі жай сөйлемнің баяндауышы тиянақсыз болып келеді.Тиянақсыз сөйлемдер бірде аралас құрмаластың бас жағына бірыңғай орналасса,бірде тиянақты сөйлемдердің арасына орналасады немесе тиянақсыз сөйлем мен тиянақты сөйлемі кезектесе орналасады.

1.Ақбоз алдыңғы екі аяғын ербитіп,көзі шатынап тұра бергенде,Шолақ құлағын төмен қарай тұқырта басып қалып еді – ат етпетінен түсті.

Сызбасы: бағыныңқы,бағыныңқы,басыңқы,басыңқы.

2. Дастархандай қағаздағы шимайда не сиқыр жатқанын Шәрипа мен Нұрбай біле алған жоқ,бірақ дән шығындалу тыйылған соң,екеуі де инженерге ден қойып,оның аузынан шыққан сөз атаулыны бас шұлғи мақұлдады.

Сызбасы: басыңқы,бағыныңқы,бағыныңқы,басыңқы.

3. Кеген ауданына келгенінше,мен де аңшы емес едім,мұнда келген соң,еріксіз үйрендім.

Сызбасы: бағыныңқы,басыңқы,бағыныңқы,басыңқы.

Аралас құрмалас сөйлем –кемінде үш сөйлемнен құралып,бір-бірімен салаласа да,сабақтаса да байланысатын құрмалас түрі.

  Аралас құрмалас сөйлемнің сызбасы төмендегідей:

Басыңқы,бағыныңқы,басыңқы

Қарағандының қары биыл бұрқан-тарқан қауырт еріп еді,сай салалар суға толып,қырдың тентек өзендері сақылдап тасығалы кемерлеп тұр.

Бағыныңқы,басыңқы,басыңқы.

Көзін сәулеге үйреткен Асқар терезеден қараса,аспан айдай ашық екен де,шуақты күн түске тармасып қалған екен.

Бағыныңқы,басыңқы,бағыныңқы, басыңқы.

Лиза ойнап есік алдына шығып кетсе,әке-шешесінің дауыстары үздіксіз шығады да,Лиза үйге қайтса,сөздерінің аяқталмай тоқталғаны аңдалады.

Басыңқы,бағыныңқы,бағыныңқы, басыңқы.

Ол бастықтың бөлмесіне келген еді,бірақ басқа келгендер болып,көпке дейін кезек келмей,есік алдында күтіп қалды.

Жаттығумен жұмыс:            152-жаттығу.     .  

Тақтамен   жұмыс:   Тақтаға бірнеше сөйлемдерге   синтаксистік және морфологиялық талдау жүргізеді.

Білімді бекіту:  Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау:  Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

Үйге тапсырма:               қайталау

Күні:                                                             Пәні: қазақ тілі                                   Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы:      Құрмалас сөйлемнің тыныс белгілері                      

Сабақтың мақсаты:     1)  құрмалас сөйлемнің тыныс белгілері  туралы түсінік беру,жасалу жолдарын ұғындыру,сөздердің өзге байланысу түрлерінен ажырата білуді үйрету;

                                              2) өзіндік практикалық әрекет ортасын қалыптастыру,сауатты,әдемі жазуға бейімдеу,ойлау,есте сақтау қабілеттерін ажырату;            

                                          3) оқушылардыпатриоттыққа,жігерлікке,жаңашлдыққа,ізденімпаздыққа тәрбиелеу.  

Сабақтың түрі:                                   аралас  сабақ

Сабақтың әдісі:                                  сұрақ-жауап,   іздендіру

Сабақтың көрнекілігі:                     плакат, деңгейлік тапсырма, қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс:                     әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы:

                                               а)    Ұйымдастыру кезеңі

                                 Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

                                                  ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

                                Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларғабірнеше сұрақтар қоямын

                                     б)     Жаңа сабақты түсіндіру:

І. Салалас құрмаластардың тыныс белгілері.

   Салаластың құрамындағы жай сөйлемдердің арасына ретіне қарай үтір,қос нүкте,сызықша және үтір мен сызықша қойылады.Бұл сияқты әр түрлі тыныс белгілерінің қойылуы,біріншіден,салаластың жалғаулық шылау арқылы немесе жалғаулықсыз құрмаласқан салаластың,әр түрлі мағыналық қатынасты білдіруіне байланысты.

1.Жалғаулық шылаулар арқылы құрмаласқан салаластың барлық түріне,мағыналарының әр түрлі болғанына қарамасытан үтір қойылады.Ешбір өзгеріссіз су да ақырын тербеледі,қалтқы да жыбыр-жыбыр қозғалады.

  Егер салаластағы жай сөйлемдер және шылауымен байланысса,олардың арасына ешбір тыныс белгісі қойылмайды Күріш жапырағының өзегі оның өз түсіндей болады және сол өзекшеден бірнеше талшықтар тарап жатады.

2. Жалғаулықсыз ыңғайлас салалас үтірмен бөлінеді.Олжабек бұл жолы бөгелген жоқ,жауапты қолма-қол қайырды.Ай таяқ бойы көтеріліпті,маңдай алда дөп-дөңгелек болып толықсып тұр.

3.Жалғаулықсыз себеп-салдар салаластың себеп мәнді жай сөйлемі бұрын орналасса,соңынан үтір қойылады.

Бимендінің әкесінің аты – Сыздық еді,ауылды Сыздық ауылы дейтін.

4.Жалғаулықсыз қарсылықты салаластың арасына үтір мен сызқша қойылады.Сен дайын ереже ұсынасың, - менің оған көнгім келмейді.

5. Түсіндірмелі салаластың бірінші жай сөйлемінің баяндауышы сонша, соншалық, сондай деген сөздерден болса,олардан кейін сызықша қойылады.райханның зәресі ұшқаны сондай – үні шықпай қалды.

6. Жалғаулықсыз ыңғайлас салалас істің,оқиғаның мезгіл жағынан өте тез,қас қаққандай уақыт ішінде болғандығын білдірсе не ол іс-оқиғаның өзара шарттас мәнде айтылғанын көрсетсе,құрамындағы жай сөйлемдерінің арасына сызықша қойылады.Шатырлап тұрған қурай лап етті – қара түтін бұрқ етті.

7. Түсіндірмелі салаластың құрамындағы жай сөйлемдерінің арасына қос нүкте не сызқша қойылады.

Екеуі де жастықты жаңа заманнан бастаған: дала жаңаша гүлдейді,дала адамы жаңаша өмір сүреді.

8. Жалғаулықсыз себеп-салдар салаластың салдар мәнді жай сөйлемі себеп мәндісінен бұрын тұрса,араларына қос нүкте қойылады.Малшы сырын білем мен: қолында өскем жасымнан.

ІІ.Сабақтас құрмаластардың тыныс белгілері.

1.       Сабақтастың құрамындағы жай сөйлемдердің арасына ,негізінде,үтір қойылады: Ол отқа жақындап келгенде,қараңғыда кісінеген жылқының дауысы естілді.

2.       Бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемнің ортасында айтылса,оның екі жағынан үтір қойылады. жанпейіс үйге кіріп кеткенде,Асқар мен Ержан тыста қалды, - Асқар мен Ержан,Жанпейіс үйге кіріп кеткенде, тыста қалды.

ІІІ.Аралас құрмаластың тыныс белгілері.

  Аралас құрмаластағы жай сөйлемдердің арасына қойылатын тыныс белгі,негізінен,салаласа және сабақтаса құрмаласқан сөйлемдерге қойылатын тыныс белгілерден құралады.

1.Егер араластың құрамында қарсылық мәнді жай сөйлемдер болса,ол басқаларынан үтір мен сызықша арқылы ажыратылады.

2.Араластың құрамында түсіндірмелі мәнді не себеп мәнді сөйлемдер болса,олар басқаларынан не қос нүкте,не сызықша арқылы ажыратылады.

3.Қалған жағдайлардың бәрінде араларына үтір қойылады.

IV. Көп бағыныңқылы құрмаластың тыныс белгісі.

   Бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемнің ортасында айтылса,бағыныңқы сөйлемнің екі жағынан үтір қойылады.

Жаттығумен жұмыс:            155-жаттығу.     Оқып шығып, тыныс белгісінің қойылу себебін түсіндіріңдер.  

 

Білімді бекіту:  Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

 

Бағалау:  Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

Үйге тапсырма:                «Әр қилы тағдырлар» деген тақырыпта құрмалас сөйлемдерді қатыстыра отырып шығарма жазыңдар.

Күні:                                        Пәні: қазақ тілі                                   Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы:      Орхон – Енисей жазбаларындағы құрмалас сөйлемнің түрлері.

Сабақтың мақсаты:    а)  Орхон-Енисей жазбалары   туралы түсінік бере отырып,оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;.

                                        ә) Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық,жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін арттыру,сөйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу;

                                       б) Сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа баулу;

Сабақтың түрі:                                   дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі:                                  сұрақ-жауап,  топтастыру, дамыта оқыту

Сабақтың көрнекілігі:                     плакат , қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс:                     әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы:

                                               а)    Ұйымдастыру кезеңі

                                 Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

                                                  ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

                                Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын.

                                         б)     Жаңа сабақты түсіндіру:

    Орхон – Енисей жазбалаында құрмалас сөйлем салалас құрмалас,сабақтас құрмалас және аралас құрмалас болып бөлінеді.Көне түркі тілінде де салалас құрмаластың баяндауыштары тиянақты болып,тең дәрежеде байланысдаы.Мысалы: Қағаы алп ертті,айғучысы білге ертті. – Қағаны батыр еді,кеңесшісі (айтушысы) білгір еді.Екі үлүгі атлығ ерті,бір үлүгі йадағ ерті. – Екі бөлігі аттылы еді,бір бөлігі жаяу еді.

   Сабақтас құрмалас сөйлемнің баяндауыштары тиянақсыз болып,бір-біріне бағына байланысады.Мысалы: Ол қан йоқ болтуқда кесре,ел йітміш,ычғынмыш, качышмыш. – Ол хан жоқ болғаннан кейін,ел шетінеген,ышқынған,қашқан (босқан). Тәңрі йарлықадуқын үчүн,өзүм қутум бар үчүн,қаған өлуртым. – Тәңірі жарылқаған үшін,өзім құтым болғандықтан,қаған (ұлы хан) болып отырдым.

 Аралас құрмалас сөйлемде жай сөйлемдер әрі салаласа,әрі сабақтаса байланысады. Мысалы: Теңрі күн бертүк үчүн,қаңым қаған сүсі бөрі тег ерміш, йағысы қай тег ерміш. – Тәңірім күш бергендіктен,әкем қаған әскері бөрідей еді, жауы қойдай еді.

 

Билеттік тапсырма:  1. Құрмалас сөйлем дегеніміз не?

                              2.Салалас құрмалас пен сабақтас құрмалас сөйлемнің айырмашылығы қандай?

3. Сабақтас құрмалас сөйлемдер қандай жолмен жасалады?

4. Аралас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

5.Аралас құрмалас сөйлемдердің тыныс белгілері қандай?

6. Көп бағыныңқы сабақтас құрмалас дегеніміз не?

 

Білімді бекіту:  Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

 

Бағалау:  Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

 

Үйге тапсырма:                Құрмаластың үш түріне сөйлемдер жазып, талдап келу.

 

 

Күні:                                        Пәні: қазақ тілі                                   Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы:     Төл сөз. Төлеу сөз                    

Сабақтың мақсаты:  білімділік –Төл сөз және төлеу сөз туралы түсінік беру;

                                   тәрбиелік – тілді құрметтеуге,сүюге,белсенділік пен қызығушылыққа  тәрбиелеу;                дамытушылық – оқушыларға қазақ тілін  оқыту арқылы ой-өрісін,таным,қабілетін, төл сөз туралы түсініктерін дамыту.   

Сабақтың түрі:                                    жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың әдісі:                                  сұрақ-жауап,  топтастыру, дамыта оқыту

Сабақтың көрнекілігі:                      көркем әдебиеттер , қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс:                     әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы:

                                               а)    Ұйымдастыру кезеңі

                                 Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

                                                  ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

                                Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын

                                     б)     Жаңа сабақты түсіндіру:

Адам сөйлегенде не жазғанда сол өзі бяндап отырған мәселеге байланысты немесе соған қатысы бар басқа біреулердің сөзін,пікірін келтіретіні болады.Мысалы:

  Абай:

                                                    Бес нәрседен қашық бол,

                                                    Бес нәрсеге асық бол, -  деп адамдық,адамгершілік жайын қозғайды.(З.Ахм.) Осы мысалда сөйлеуші өз сөзінің ішінде Абайдың айтқан ақыл сөзін келтірген.

  Біреудің сөзі екі түрлі жолмен беріледі: а) ешбір өзгеріссіз,дәл сол айтылған күйінде жеткізу.Біреудің сөзінің мұндай жолмен берілуін төл сөз дейді.Жоғарыда келтірілген мысалда біреудің сөзі төл сөз түрінде беріліп тұр; ә) сөйлеуші тарапынан өзгеріске ұшырап,біредуң сөзінің тек мазмұнын ғана сақтап жеткізу.Мысалы,жоғарыда Абай айтқан сөзді мына түрде де айтуға болады: Абай бес нәрседен қашық болып,бес нәрсеге асық болуды айтады.Біреудің сөзінің мұндай жолмен берілуін төлеу сөз дейді.

   Төл сөзді болсын,төлеу сөзді болсын жеткізуде оларға жанама түсінік беретін сөйлеушінің өз сөзін автор сөзі дейді.Жоғарыда келтірілген мысалдағы Абай ... деп адамдық,адамгершілік жайын қозғайды дегендер – автор сөздері.

   Ауызекі сөйлегенде төл сөз автор сөзінен дауыс ырғағы арқылы бөлініп тұрса,жазуда олардың арасы тыныс белгісі арқылы ажыратылады.Ал төлеу сөз ауызекі сөйлегенде болсын,жазуда болсын автор сөзінен ажыратылмай,біртұтас сөйлем құрамына енеді.                                                                                                                            Мысалы: Біржан құп тыңдап,өзі де сүйсіне көтеріліп:

- Шіркін,айтушы мен болғанда,үнемі ұқтырушым сен болсайшы,Абай! – деді.

  Біржан құп тыңдап,өзі де сүйсіне көтеріліп,айтушы өзі болғанда,үнемі ұқтырушысы Абай болуын өтінді.

 Осы мысалдағы төл сөз: Шіркін,айтушы мен болғанда,үнемі ұқтырушым сен болсайшы,Абай; төлеу сөз: айтуш өзі болғанда үнемі ұқтырушы Абай болуын.Төл сөздегі автор сөзі: Біржан құп тыңдап,өзі де сүйсіне көтеріліп,деді; төлеу сөздегі автор сөзі: Біржан құп тыңдап,өзі де сүйсіне көтеріліп,өтінді.Төл сөз бен автор сөзі қос нүкте,леп белгілі мен сызықша арқылы бөлініп тұрса,төлеу сөз бен автор сөзінің арасында ешқандай тыныс белгілері жоқ.

Жаттығумен жұмыс:            156-жаттығу.  Берілген мысалдардан төл сөзді бірбөлек, төлеу сөзді бір бөлек топтап жазыңдар.  

   Кітаппен жұмыс: Көркем шығармалардан төл сөзді тауып тыныс белгілерінің қойылу себебін түсіндіреді.

Білімді бекіту:  Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау:  Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

Үйге тапсырма:               157-жаттығу.

Күні:                                        Пәні: қазақ тілі                                   Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы:     Төл сөз бен автор сөзі                    

Сабақтың мақсаты:    білімділік –Төл сөз  бен автор  сөзі туралы түсінік беру;

                                           тәрбиелік – тілді құрметтеуге,сүюге,белсенділік пен қызығушылыққа тәрбиелеу;              

                                           дамытушылық – оқушыларға қазақ тілін  оқыту арқылы ой-өрісін, таным,қабілетін, төл сөз туралы түсініктерін дамыту.  

Сабақтың түрі:                                   аралас  сабақ

Сабақтың әдісі:                                  сұрақ-жауап,   деңгейлеп оқыту

Сабақтың көрнекілігі:                     плакат,кеспе қағаздар, қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс:                     әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы:

                                               а)    Ұйымдастыру кезеңі

                                 Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

                                                  ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

                                Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын

                                     б)     Жаңа сабақты түсіндіру:

Сөйлеуші өз сөзінің ішінде біредің айтқан сөзін өзгертпей,сол айтылған күйінде беруін төл сөз дейміз.

   Мысалы: Майқы би баласы – Үйсінге: «Хан ақылды,әділ болса,қарашы батыл,ынтымақты болса,қара жерден су ағызып,кеме жүргізеді!, - деп батасын береді.Осы мысалда сөйлеуші Майқы айтқан сөзді төл сөз етіп отыр.

   Төл сөзбен байланысты айтылған сөйлеушінің өз сөзін автор сөзі дейміз.

   Жоғарыдағы алынған мысалдағы Майқы би баласы – Үйсінге ... деп батасын береді деген  - автор сөзі:  мұнда сөйлеуші төл сөзді кімге қаратып айтқаны жайында түсінік береді.

   Төл сөзбен автор сөзі де көмекші етістігі арқылы байланысады,ол үнемі автор сөзінің құрамында болады және деді,дейді,деп,деген,деген екен (болатын),дей жаздады,дегендей, т.б. тұлғада тұрып қолданылады.

  Мысалы: Майқы ақсақ - өмір бойы арбамен жүретін және арбасын жаяу адамға жетектетіп жүретін кісі екен.

-          Оған мені апарыңдар,мен көрейін, - дейді Майқы би.Бала Майқыны кргеннен-ақ орнынан атып тұрып:

-          Ассалаумағалейкум,хан біткеннің қызығы,бұқара жұрттың қазығы,азығы, - деп сәлем береді.

   Төл сөздің мазмұны автор сөзінің ыңғайына қарай біреудің айтқан сөзі ғана еес,оның ойлаған ойы,айтуға оқталған сөзі де болып келеді.мсалы: Ішінен: «Қандай жақсы ырым еді,жүрегімді жүрегің қан жайлаудың қалың елінің арасынан қараңғы кеште адаспай танып,шақырып алғаны қалай еді» - деп,Керімбалаға алғыс пейілін бағыштап келеді.Бұл мысалда Керімбаланың айтқан сзі емес,ойлаған ойы төл сөз ретінде берілген. «Қошқардан туатын баланың аты Жәнібек болсын,ол дүниенің төрт бұрышын билейтін адам болады,бақ-дәрежесі жеті атаға жетеді», - деп аян береді.Мұнда Шақшақ батырдың түсі төл сөз ретінде берілген.

 

Жаттығумен жұмыс:            158-жаттығу.   Көшіріп жазып төл сөз бен автор сөзін ажыратыңдар

    Шығармашылық  жұмыс:  Мақал-мәтелдерді қатыстыра отырып төл сөз бен автор сөзіне әңгіме құрастырыңдар.

Білімді бекіту:  Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау:  Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

Үйге тапсырма:                Сөйлемдерді талдап келу.

 

Күні:                                        Пәні: қазақ тілі                                   Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы:     Төл сөздің тыныс белгілері                  

Сабақтың мақсаты:     Білімділігі: оқушыларға   төл сөздің тыныс белгілері туралы түсінік беру,теориялық білімдерін практикамен ұштастыру,оқушы білімін есепке алу.

                                      2.Дамытушылық: әдеби жанрлардың түрлерінен мысалдар келтіру арқылы пәнге  деген қызығушылығын дамыту,ізденімпаздық қасиетін қалыптастыру,шығармашылыққа баулу,тіл байлығын жетілдру.

                                      3.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке,ізеттілікке,әдептіліке,шапшаңдыққа тәрбиелеу,ұлттық салт-дәстүрді қадірлеуге баулу,өз елін,тілін сүюді үйрету.                                                     

Сабақтың түрі:                                   дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі:                                  сұрақ-жауап,   іздендіру,талдау

Сабақтың көрнекілігі:                     плакат,кеспе қағаздар, қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс:                     әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы:

                                               а)    Ұйымдастыру кезеңі

                                 Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

                                                  ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

                                Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын

                                     б)     Жаңа сабақты түсіндіру:

  Жазуда төл сөз автор сөзінен арнаулы белгілер арқылы бөлінеді.Төл сөздің тыныс белгілері автор сөзі мен төл сөздің орын тәртібіне және төл сөзді сөйлемнің хабарлы,сұраулы және лепті болуына қарай әр түрлі қойылады.

   Төл сөз автор сөзінен бұрын орналасса, төл сөз тырнақшаға алынады не оның алдынан сызықша қойылады да,төл сөз бас әріптен бастап жазылады,төл сөздің соына,егер ол хабарлы сөйлем болса,леп белгісі қойылады да,одан кейін автор сөзінің алдынан сызықша қойылады.Мысалы:

1)                  «Сонан қалмақ Сарыарқаға басқан жоқ», - дейді жыр.

2)                   – Көктемде неге желікті? – деп сұрадым мен.

3)                   – Алма,сен жақсы салдың еске! – деді Жанат,есіне жаңа түскендей.

Төл сөз автор сөзінен кейін тұрса,автор сөзінен соң қос нүкте қойылады,одан кейінгі төл сөз тырнақшаға алынады не алдынан сызықша қойылады.Мысалы:

   Абай былай деді: «Баланың жақсысы – қызық,жаманы – күйік».

  Аздан соң тағыда өзі  сөйледі:

 - Менің аңғаруымша,сіз тарихқа ат салыспаған сияқтысыз. Ол – ғылымдардың анасы ғой.

   Төл сөз автор сөзінің арасына орналасса,бірінші және екінші тармақтарда көрсетілген тыныс белгілері түгел қатысады.Мысалы:

  Абай Ақылбайдан:

 - Қалада не хабар бар? – деп сұрады.

   Автор сөзі төл сөздің арасына орналасса,автор сөзінің алды-артынан тыныс белгілері былай қойылады: а) автор сөзінің алдынан да,соңынан да үтір және сызықша қойылады,мұндайда төл сөздің екінші бөлігі кіші әріппен басталып жазылады.

   Бір төл сөздің ішінде екінші төл сөз айтылса,алғашқысының алдынан сызықша қойылады да,соңғысы тырнақшаға алынады.

  Жаттығумен жұмыс:            159-жаттығу.   Көшіріп жазып төл сөзге қатысты тыныс белгілері қойылмаған. Төл сөз бен автор сөзін ажыратып ,төл сөзге қатысты тыныс белгілерін қойып жазыңдар.  .

Білімді бекіту:  Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау:  Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

Үйге тапсырма:                Көркем шығармадан мысалдар тауып, тыныс белгілерінің қойылу себебін түсіндіреді.

 Күні:                                        Пәні: қазақ тілі                                   Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы:     Төлеу сөз                  

Сабақтың мақсаты:   Білімділігі: оқушыларға   төлеу сөз   туралы түсінік беру,теориялық білімдерін практикамен ұштастыру,оқушы білімін есепке алу.

                                      2.Дамытушылық: әдеби жанрлардың түрлерінен мысалдар келтіру арқылы пәнге  деген қызығушылығын дамыту,ізденімпаздық қасиетін қалыптастыру,шығармашылыққа баулу,тіл байлығын жетілдру.

                                      3.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке,ізеттілікке,әдептіліке,шапшаңдыққа тәрбиелеу,ұлттық салт-дәстүрді қадірлеуге баулу,өз елін,тілін сүюді үйрету.                                                     

Сабақтың түрі:                                   дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі:                                  сұрақ-жауап,   түсіндіру 

Сабақтың көрнекілігі:                     плакат,кеспе қағаздар, қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс:                     әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы:

                                               а)    Ұйымдастыру кезеңі

                                 Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

                                                  ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

                                Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын

                                     б)     Жаңа сабақты түсіндіру:

              Біреудің сөзінің автор тарапынан өзгеріске ұшырап берілуін төлеу сөз дейміз.

   Біреудің сөзі төлеу сөз ретінде берілгенде,бастапқы сөйлемдік қасиеті жойылып,автор сөзімен тұтасып айтылады.Мысалы: Бұл күнге шейін Абай шығарған өлең мен әннің барлығын білем деп жүрген Мұхамбетжан мына сөзді бұрын естімегенін айтты.Бұл сөйлемдегі төлеу сөз – мына сөзді бұрын естімегенін;автор сөзі – Бұл күнге шейін әннің барлығын білем деп жүрген Мұхамбетжан . . . айтты.

   Төл сөзді төлеу сөзге айналдырғанда,негізгі өзгеріс төл сөздің тұрлаулы мүшелерінде болады; екіншіден,бір жақтың орнына екінші жақ айтылады;үшіншіден,автор сөзіндегі де етістігінің орнна айт,сөйле,сұра,бұйыр деген сияқты етістіктердің бірі айтылады.

1. Төл сөздің баяндауышы етістіктің ашық райынан болса,төлеу сөзде ол сәйкес шақтағы есімшеге айналып,оған –дық,/ -дік жұрнағы,тәуелдік жалғауы және табыс септігі жалғанады да,толықтауыш болады.

Төл сөз.Төлеу сөз.

-                                  Одан арғы тағдырын мен білмеймін, - деді Медников.

    Медников одан арғы тағдырын өзінің білмейтіндігін айтты.

2.Төл сөздің баяндауышы етістіктің бұйрық райынан болса,төлеу сөзде ол тұйық етістікке айналып,оған табыс не барыс септік жалғауы,болмаса туралы,жөнінде,жайында шылауларының бірі қосылып айтылады.

3. Төл сөздің баяндауышы есім сөздерден не тұйық етістіктен болса,төлеу сөзде ол сөзге тіркес екенін деген көмекші етістік айтылады.Төл сөздің бастауышы төлеу сөзде ілік септік жалғаулы анықтауышқа айналады.

4. Төл сөзде белгілі бір жақта тұрған сөз (І не ІІ жақ) төлеу сөзде автор тарапынан басқа бір жақта тұрып айтылады.

5. Төл сөз сұраулы сөйлем болып,оның құрамында сұрау есімдігі болса,төлеу сөзде сұрау есімдігі сол күйінде сақталады; егер сұраулы сөйлем –ма,/-ме сұрау шылауы арқылы жасалса,төлеу сөзде шылаумен айтылған сөз болымд-болымсыз түрде не антоним түрінде қосарланып айтылады.

6. Төл сөзді төлеу сөзге айналдырғанда автор сөзіндегі де етістігінің орнына айт,сұра,ойла,бұйыр,талап ет,ескертдеген сияқты айту,ойлау мәнді етістіктердің бірі айтылады.

 

  Жаттығумен жұмыс:            160-жаттығу.    Төл сөзді төлеу сөзге айналдырыңдар.

 

Білімді бекіту:  Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

 

Бағалау:  Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

Үйге тапсырма:           161-жаттығу.

 

Күні:                                                         Пәні: қазақ тілі                                   Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы:     Дұрыс сөйлей,дұрыс жаза білудің шарттары                 

Сабақтың мақсаты:    а)    Оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;.

                                        ә) Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық,жылдамдық, есте сақтау қабілеттерін арттыру,сөйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу;

                                       б) Сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа баулу;

Сабақтың түрі:                                    лекция  сабақ

Сабақтың әдісі:                                  сұрақ-жауап,   түсіндіру

Сабақтың көрнекілігі:                      кітаптар , қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс:                     әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы:

                                               а)    Ұйымдастыру кезеңі

                                 Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

                                                  ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

                                Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын

                                     б)     Жаңа сабақты түсіндіру:

   Сөйлей білу – ойлай білу.Олай болса,дұрыс ойлау,дұрыс жазуға мүмкіндік тудыру керек. Меніңше,әрбір адам дұрыс ойлап,дұрыс сөйлеп,әсіресе дұрыс жазуға да мүмкіндік іздеуі керек. Өйткені бұл күнде көп адам дұрыс ойлауын ойласа да,дұрыс сөйлей,әсіресе дұрыс жаза білмейді. Қазақтың «Сөйлей,сөйлей шешен боласың» деген мақалы дұрыс: ойлауың дұрыс болғанмен,сөйлеп үйренбейінше,пікіріңді айта алмайсың.Сол сияқты,ойлағаныңды жазып үйренбесең,тағы болмайды. Сөйлеуді адам ұжым ішінде жүріп,біреуге еліктеп,біреуден үлгі алып,халықтың бай тілін пайдалана жүріп үйренгенін өзі сезбей қалатын болса,жазуды олай үйрене алмайды.Мен бұл жерже жазу дегеннің өзін екіге бөлемін: 1) қалай болса солай естіген-естігенінше,айтқанын-айтқанынша жазу бар да, 2) мәдени үлгілі жолмен жазу,әдеби тілдің нормасын,ережесін,жобасын сақтай жазу бар.

  Нормаға бағынбай,бетімен жазылған сөздерді біз тізгінсіз,үлгісіз жазу дейміз.Ал,бас-аяғы жинақты,түсінуге ұғымды,жеңіл,белгілі өлшеммен,белгілі ережемен жазылған сөзді,қысқасы,белгілі бір нормаға сай жазылған сөздерді әдеби тілдің қалыбымен жазылған я айтылған дейміз.

  Сөйлемді әрі түсінікті,әрі тұжырымды құрайтын тіл ғана әдеби тіл саналуы керек.Әдеби тіл грамматикаға сүйенеді,соның үлгісі бойынша жазады; қазақ тілінде: 1) өлеңді я төл сөзді сөйлемнен басқа жерде бастауыш сөйлем аяғында келмейді,2) баяндауыш қара сөзде ылғи сөйлем аяғына келеді, 3) анықтауыштар мен пысықтауыштар сөйлем аяғына тұра алмайды,4) толықтауыштардың ішінен сөйлем аяғында тек шығыс пен жатыс жалғаулы сөз келеді,бірақ бұл диалогте кездеседі.

   Соның үшін де біздің ақын,жазушыларымыз,газет-журнал қызметкерлері,редактор жолдастар алдымен қазақ тілінің синтаксисін жақсы білулері керек.Сонда ғана әдеби тілдің нормасынан ауа жайылып,өз білгенімен жаза беруден,сөйтіп,тілді бүлдіруден қорғаған боламыз.Тілді бұзу жалғыз жеке сөздерге ғана байланысты емес,сөйлемге,сөйлеу құрылысына да байланысты екенін ұмытпау керек.

   Көркем сөз несімен көркем? Алдымен,сөзді орнымен қолданып,сөйлемді ықшамды құрғандықтан, екіншіден,сөзді кестелі,бейнелі етіп құрғандықтан,көркем. «Өнер алды – қызыл тіл» (мақал) деген бекер айтылып қалған жоқ. «Сөз сүйектен өтеді,таяқ еттен өтеді», «Ердің құны екі ауыз сөзбен шешіледі», «Сөз тапқанға қолқа жоқ» ... дегендер де бар,Мұның бәрі,әрине,тәжірибенің арқасында мың-мың тексеріліп барып айтылған нақыл сөздер.

Жаттығумен жұмыс:            163-жаттығу.    

Білімді бекіту:  Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау:  Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.              

Үйге тапсырма:            қайталау.

 

Күні:                                        Пәні: қазақ тілі                                   Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы:     Сөз қолданудың негізгі принциптері                

Сабақтың мақсаты:    а)  Оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;.

                                        ә) Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық,жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін арттыру,сөйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу;

                                       б) Сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа баулу;

Сабақтың түрі:                                    аралас  сабақ

Сабақтың әдісі:                                  сұрақ-жауап,   талдау

Сабақтың көрнекілігі:                      кітаптар  , қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс:                     әдебиет

Сабақтың барысы:

                                               а)    Ұйымдастыру кезеңі

                                 Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

                                                  ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

                                Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын

                                     б)     Жаңа сабақты түсіндіру:

   Сөз – ойды білдірудің,сөйлем құраудың басты материалы.Құрылыс материалынсыз үй салуға болмайтыны сияқты,сөзсіз сөйлем құрауға болмайды.Сөйлем – адам ойын айтудың негізгі формасы.

   Сөйлемдер,жеке сөздер тыңдаушыға, оқушыға бірдей түсінікті болу керек.Ойды айтуға керекті сөзді,грамматикалық тұлғаларды,сөйлем құрылысын талғағанда ойың түсінікті,дәл,айқын болсын деген талап тұрғысынан талғау керек.

   Сөйлеген сөзді әсерлі етейін деп көпірме тіркеске,айтыла-айтыла ығыр болған «қоңыраулы» сөздерге әуес болмау керек.Сөйлемде бір сөздің орнына басқа сөзді қоя салған кісі тіл жұмсаудағы ұқыпсыздықтан болған сәтсіздікке душар болады.Мысалы,»Сіз де бірге жүріңіз», - дегенді кейбіреулер: «Сіз де қоса жүріңіз», - деп жазады.Осындағы «қоса» сөзі бұл сөйлемде емес, «Сені де қоса алып кетпекші» дегендей орайда айтылуға тиіс.Алпысқа келген аса қадірмен кісінің қуанышты тойын құттықтап бір азамат:

-          Тойың торқа болсын! – деген тілек білдірді.

-          Осы да сөз болып па? Қазақ «Топырағың торқа болсын!» деп өлген кісіге айтар болар еді.Мынау не деген сұмдық?! – деп шошына,қынжыла сөйлеген қартты білемін.

  Жазуда,сөйлеуде кісі ойына керекті сөз таңдағанда олардың стильдік ерекшеліктерін ескеру керек.Мысалы,публицистикалық стиль мен ғылыми әдебиет стилінің сөздік құралы бірдей емес:публицистикалық стильде жазылған газет-журнал тілі жалпы халыққа арналатындықтан,оның сөздері де жалпыға бірдей түсінікті болуға тиіс,ал ғылыми  әдеби тілде жалпыға ортақ сөздермен қатар,жеке мамандыққа тиісті,жұрттың бәрі бірдей түсіне бермейтін сөздер де қолданылады; солардың ішінде жеке ұғымды білдірген атаулар,термин сөздер көп болады...

   Сонымен қатар сөздің бәрі,олардың жұмсалу аясы бірдей емес.Сөздің де асылы бар,жасығы бар.Тіпті «жасық» деп отырған дөрекі,ыбырсық, қоқырсық сөздер мен диалектизмдерді жазушы жағымсыз кейіпкердің аузына салса,ол жарасымды,орынды болуы мүмкін.Ондайды авторлар өз сөздерінде қолданса,сөз шеберлігін аяққа басқан болады.

 ...Сөз мәдениетіне жетік болу үшін,қазақ тілінің сөз байлығын жақсы білу керек.Сөзді көп білген кісінің айтқаны да тартымды болмақ.Қазіргі қазақ тілінің сөз байлығы ұшан-теңіз,әдетте,білімді,мәдениетті,тіл өнеріне әуестігі күшті кісілердің сөз байлығы  да мол болады.Адамның білімі,мәдениеті артқан сайын,оның сөзді игеру мүмкіншілігі арта түседі.Әдетте, ел арасында көп болған,саяси,ғылыми әдебиетті,көркем әдебиетті зейін қойып көп оқыған кісілер оқыған кісілер сөзді көп біледі.

   Тіл мәдениетіне жетік болу үшін,сөзді көп білу жеткіліксіз,ол сөздерді жұмсай білу де керек.Сөзді жұмсай білу үшін олардың мағыналарын,мәндестік ерекшеліктерін,әдеби,әдеби еместік қасиеттерін,еркін және тұрақты тіркестер құрамына ену мүмкіншіліктерін жақсы білу керек.

Жаттығумен жұмыс:            164-жаттығу.    

Білімді бекіту:  Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау:  Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.          

Үйге тапсырма:             165-жаттығу.

 

Күні:                                        Пәні: қазақ тілі                                   Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы :                  Диктант

Сабақтың мақсаты :

                                 а) Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту,өз ойын еркін жеткізе білуге,сауатты жазуға дағдыландыру.

                                  ә) Мұқият тыңдап, ұқыпты жаза білуге үйрету.

                                б) Өз ісіне ұқыпты,мейірімді,кешірімшіл болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі :                    қайталау

Сабақтың әдісі:                      баяндау

Сабақтың көрнекілігі :          диктанттар жинағы            

 Сабақтың барысы :

                                       а)   Ұйымдастыру кезеңі :

 Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқушылардың зейінін аудару.

     Тақтаға  бүгінгі күн мен диктанттың тақырыбын жазып қоямын.

 

                                                   ә)   Жаңа сабақты түсіндіру;

               Мәтінді мәнерлеп оқып беремін.

 

                                            Сырымбет

          Күн шыға Сырымбетке жеткен жолаушылар Шыңғыс аулында бұрылуға дәті бармай, тау бауырында аттарын шалдырған. Күймелі арбадан қарғып түскен Ақжігіт алды-артына қарамай,Сырымбеттің биігіне өрмелей жүгіріп еді. Жолындағы қалың қарағайды сырғандай екі қолмен алма-кезек жасқап, жалғыз аяқ жолмен еңкеңдей басып жан ұшырған талдырмаш бала жалаңаш шоқыға шыға келгенде көзі жайнап сала берген.

         Сырымбет--андағайлап алыстан көз тартар аса биік болмағанмен, етегінде жарқыраған көл,бауырында сылдырап аққан кәусар бұлақ, сыңсыған қалың жынысты әсем шоқы. Ең биігінен қарағанда Көкше даласының көп тұсы алақанға салғандай анық көрінеді. Екі өкпесін қысқандай еңсесін басқан қала қапырығынан,аядай жерде аят оқып, күні-түні сарнап,күңіренген мешіт тірлігінен Ақжігіт жалаңаш төскейге шыға келгенде ,бар азаптан құтылған қамаудағы адамдай тынысы кеңіп сала берді. Ентігін басқан бала айна

 көлдерге ,қалың орманға, алыстан мұнартқан көгілдір тауларға дейін тойымсыздана қарап, арқан бойы көтерілген жазғы күндей жүзі жайнап:

           -Аһа-һей, а-һей! –деп қалай айғайлап жібергенін аңғармай қалды. Бар алап саңқылдаған  бала даусымен жаңғырып,орман ішінде, көл бетінде, сыңсыған бүкіл құс атаулы дүрліге ұшқандай болды.

                                                                                Сәкен Жүнісов            (158 сөз)

 

 

  Мәтінді тағы да бір рет оқып беремін, оқушылар тыныс белгілерін қояды.

 

 

 Үйге тапсырма :        қайталап келу.

 

 

Күні:                                        Пәні: қазақ тілі                                   Сыныбы: 8

 

Сабақтың тақырыбы :                  Диктант

Сабақтың мақсаты :

                                 а) Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту,өз ойын еркін жеткізе білуге,сауатты жазуға дағдыландыру.

                                  ә) Мұқият тыңдап, ұқыпты жаза білуге үйрету.

                                б) Өз ісіне ұқыпты,мейірімді,кешірімшіл болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі :                    қайталау

Сабақтың әдісі:                      баяндау

Сабақтың көрнекілігі :          диктанттар жинағы            

Сабақтың барысы :

                                       а)   Ұйымдастыру кезеңі :

 Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқушылардың зейінін аудару.

     Тақтаға  бүгінгі күн мен диктанттың тақырыбын жазып қоямын.

 

                                                   ә)   Жаңа сабақты түсіндіру;

               Мәтінді мәнерлеп оқып беремін.

Есеней

         Екі жақ та қолға түскендердің қолдарын байлап,өз жағына қарай айдап әкетіп барады,әсіресе ,иесіз қалған аттарды қуып жүргендер көп-ақ. Есеней қашуға бет алған бір топ жауынгерді қуа жөнеліп еді, мойнынан оқ тиіп,Есенейдің аты омақаса құлап, Есеней жерді сүзе құлады. Қосалқы атты жетелеп жүрген Бекентай ауыздығымен алысып, ,қызып алған тың атты тоса берді. Есеней сол аяғын үзеңгіге салып,көтеріле бергенде, садақ оғы келіп қадалды. Батыр адам белінен қадалған  оқты өз қолымен жұлып алып,лақтырып жіберді де, ол ет қызуымен шаба берді, жақын қалған жүздікке ұшырасқанша, жараланғанын білдірген жоқ...   Есеней мен Ұлпан,Несібелі—үшеуі,қастарында төрт кісі жолдастары бар, Артықбай аулынан  салт шығып,  мөлшерлі жерге жеткенде, үш ат жеккен пәуескемен Тілеміс тосып жүр екен. Үйге іле-шала кірген  Тілеміске Ұлпан мақтау айтты:

       --Артығы болса, өзің білесің, жетпей жатқаны байқалмайды, Тілеміс аға. Атыңды атағаныма өкпелеме,мен Есенейден бастап жұрттың бәрінің де атын атаймын.

                                      (Ғ.Мүсірепов)      (142 сөз)

 

 

 

 

  Мәтінді тағы да бір рет оқып беремін, оқушылар тыныс белгілерін қояды.

 

 

 Үйге тапсырма :        қайталап келу.

 

 

 

 

Күні:                                        Пәні: қазақ тілі                                   Сыныбы: 8

 

Сабақтың тақырыбы:      Қазақ тілі-ұлттық мәдени,рухани асыл мұра                

Сабақтың мақсаты:     білімділік – қазақ тілі  туралы түсінік беру;

                                           тәрбиелік – тілді құрметтеуге,сүюге,белсенділік пен қызығушылыққа тәрбиелеу;              

                                           дамытушылық – оқушыларға қазақ тілін  оқыту арқылы ой-өрісін, таным,қабілетін, төл сөз туралы түсініктерін дамыту.  

 

Сабақтың түрі:                                    лекция   сабақ

Сабақтың әдісі:                                  сұрақ-жауап,    түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі:                      кітаптар  , қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс:                     әдебиет , тарих

Сабақтың барысы:

                                               а)    Ұйымдастыру кезеңі

                                 Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

                                                  ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

                                 Өткен сабақтар бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.

                                     б)     Жаңа сабақты түсіндіру:

                Тілді  жасаушы – халықтың өзі.Сондықтан тіл халыққа қызмет етеді.Ана тілін қадірлемеген халықтың болашағы жоқ.себебі ана тілінсіз ұлт мәдениеті,ұлт әдебиеті жоқ.Ал әдебиетті мәдениет қаймағы деп қана қою жеткіліксіз.Ол халықтың,ұлттың кескін-келбеті деуге болады.Өйткені шынайы көркем шығарма халықтың тұтас тарихын,өткен-кеткен не қилы тағдырын суреттеп береді.

   Қазақ тілі – дамыған,жетілген,бай,икемді тілдің бірі.Бұл пікіріміздің растығын кезінде кемеңгер Абай дәлелдеген болатын.Ол Пушкин,Лермонтов,Крыловтардың шығармаларын аударып бір дәлелдесе,солардай етіп,сөздің майын тамыза жазу арқылы екінші рет дәлелдеді.

    Қазір қазақ тілі мейлінше дамып,байып,жетілді.Нақты әдеби тіл жасалды.Орта мекетептер үшін барлық пән қазақ тілінде жазылып жүр.

    Демек,саяси экономия сияқты өте қиын ғылымдардың өздері де қазақ тілінде зерттеледі,жазылады.Міне,мұның бәрі қазақ тілінің бай тіл екенін,ол тілде не алуан ғылымға байланысты жаңа сөздер,терминдер,фразалар пайда болғанын білдіреді.

     Қазақ тілінің байлығы – қазақ халқының,қазақ ұлтының байлығы.Осы байлықты бағалай білуіміз керек.Сонда ғана біздің Қазақстан кез келген жұртпен иық теңестіре алатын іргелі ел бола алады.

 

Жаттығумен жұмыс:             2-жаттығу. 

  

   Білімді бекіту :   Өткен тапсырма бойынша  Тілдің қазіргі кезде шешілмей жүрген  проблемалары жөнінде ойтолғау айтады.

 

Бағалау :  Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

 

Үйге тапсырма :     «Тілім,тірегім,соғып тұрған жүрегім!» тақырыбына шығарма жазып келу.

 

 

 

Күні:                                        Пәні: қазақ тілі                                   Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы:      Қазақтың әдеби тілі.               

Сабақтың мақсаты:     білімділік – қазақтың әдеби тілі  туралы түсінік беру;

                                      тәрбиелік – тілді құрметтеуге,сүюге,белсенділік пен қызығушылыққа тәрбиелеу;              

                                     дамытушылық – оқушыларға қазақ тілін  оқыту арқылы ой-өрісін, таным, қабілетін, төл сөз туралы түсініктерін дамыту.  

 

Сабақтың түрі:                                    аралас    сабақ

Сабақтың әдісі:                                  сұрақ-жауап,    түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі:                      кітаптар  , қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс:                     әдебиет , тарих

Сабақтың барысы:

                                               а)    Ұйымдастыру кезеңі

                                 Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

                                                  ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

                                Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын                                   

                                     б)     Жаңа сабақты түсіндіру:

  І. Қазақтың әдеби тілі жасалуы жағынан да,қалыптасуы жағынан да тарихи көп кезеңдерді басынан өткізді.Қазақ әдеби тілі – бүкіл қазақ халқының мәдени мұрасы.Әдеби тілді жасауға бүкіл қазақ халқы,оның алдыңғы қатарлы мәдениет қайраткерлері бұрыннан ат салысып келеді.Өйткені әдеби тіл – күллі қазақты біріктіруші,ұйымдастырушы,іске,еңбекке,ерлікке жұмылдырушы әрі ілгері бастаушы ең өткір,ең жанды құралдың бірі саналады.Олай дейтін себебіміз - әдеби тіл қазақ мәдениетінің өсіп-жетілуіне,өркендеуіне жетекші болып келеді.

   Әдеби тіл дегеніміз көркем әдебиеттің тілі ғана емес,ол – ғылымның барлық саласын қамтитын,халыққа өнер-білім беретін,тәлім-тәрбие үйрететін баспасөздің тілі.Көркем әдебиеттің тілі – сол кең мағынадағы әдеби тілдің бір саласы ғана.Ал әдеби тілдің негізі болатын нәрсе – халық тілі – фольклор тілі екенінде дау жоқ.Халық тілі дегеніміз – диалектілерден (жергілікті ру-тайпа одақтарының тілдерінен) құрылған,бірақ әдеби тіл сатысына жетпеген тіл.

  Біз қазақтың әдеби тілінің негізін Ыбырай,Абай салды дегенде,әрине,лар өз қолдарымен,өз бастарынан шығарып,әдеби тілді халық тілінен мүлде бөлек бір нәрсе етіп жасады деп қарамаймыз.біздің әдеби тіл деп отырғанымыз – халық тілінің жаңа сатыға,жаңа сапаға көшуі.Солай болса,Абай мен ыбырай халық тілін пайдалана отырып,қазақ тілін жаңа сапаға,жаңа сатыға жеткізуге істеді деп қараймыз.

                                                                                                                (С.Аманжолов)

ІІ. ...Қандай да тіл болмасын,оның даму деңгейін қанша адамның ол тілде сөйлейтіндігі белгілемейді.Оны тілдің өмірдің қанша саласында қолданыла алу қабілеті анықтайды.Расына келсек,қазақ тілін білмейтін,тіпті білгісі келмейтін адамдар бар болса,бар да шығар,ал бірақ өмірдің қазақ тілін пайдалану мүмкін емес бірде-бір саласы жоқ.Бір кезде қазақ тілінің қолданылу аясы тілдің қабілетсіздігінен тарылған жоқ,тездетіп бір тілділікке,бір ұлттылыққа көшу жолындағы көптеген көз таса әрекеттердің салдарынан қасақана қолдан тарылтылған.

                                                                                                              (Ә.Кекілбаев)

ІІІ. Бұл (қазақ тілі – ред) – бай тіл.Оралымды,ырғақты,теңеу-бейнелеулері ерте туған тіл.

   Поэзияда Абай,Ілияс сияқты,прозада Мұхтар сияқты алыптар туғызған тіл.Мен осындай тілімізді таза ұстайық деймі.

                                                                                                   (Ғ.Мүсірепов)

IV. Халық тілінің мол байлығын жазба әдебиетімізде бірінші рет мазмұнын байыта отырып,молынан пайдаланған адам – Абай Құнанбаев.Аай қазақ тілін мәдениеттің биік сатысына шығарып кеткен.

                                                                                                         (С.Мұқанов.)

Жаттығумен жұмыс:             6-жаттығу.

Білімді бекіту:  Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау:  Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

Үйге тапсырма:            7 -жаттығу.

Күні:                                        Пәні: қазақ тілі                                   Сыныбы: 8

 

Сабақтың тақырыбы:     Әдеби тілдің грамматикалық нормалары              

Сабақтың мақсаты:     білімділік –  әдеби тілдің грамматикалық нормалары   туралы түсінік беру;

                тәрбиелік – тілді құрметтеуге,сүюге,белсенділік пен қызығушылыққа тәрбиелеу;              

                дамытушылық – оқушыларға қазақ тілін  оқыту арқылы ой-өрісін, таным, қабілетін, төл сөз туралы түсініктерін дамыту. 

Сабақтың түрі:                                     аралас    сабақ

Сабақтың әдісі:                                  сұрақ-жауап,    түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі:                      кітаптар  , қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс:                     әдебиет , тарих

Сабақтың барысы:

                                               а)    Ұйымдастыру кезеңі

                                 Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

                                                  ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

                                 Өткен сабақтар бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.

                                     б)     Жаңа сабақты түсіндіру:

    Грамматикалық норма дегеніміз – тіліміздегі грамматикалық тұлғалардың бір ізге,бір қалыпқа түсіп,дағдыға айналып жұмсалуы.

    Айталық,сөзге алдымен жұрнақ,содан кейін жалғаудың жалғануы,жалғаулардың өзінің бірізділігі: әуелі көптік,сосын тәуелдік,содан кейін септік жалғауларының жалғануы грамматикалық норма болып табылады.Осы ережеге бағынбайтын мынадай сөздер бар: апаларым – апамдар,әкелерің - әкеңдер.Тек туысқандық қатынасты білдіретін ата,әже,көке,аға,апа сияқты зат есімдерге ғана жалғауларды осылай норманы бұзып жалғауға болады.Сонда олардың мағыналары екі түрлі болады:апаларым,аталарым,дегенде,олардың көптігін білдірсе,апамдар,атамдардегенде ол кісілердің қасындағыларды да қоса қамтып,солардың көптігін білдіреді.

   Тілдік тұлғаларды белгілі бір стильдік мақсатта пайдалануды нормадан жөнімен ауытқу дейміз.Бұл көбінесе көркем әдебиетте кездеседі.Мысалы,болымсыз етістіктің келер шақтың тұлғасының І жақта ма-й-мын болуы – грамматикалық норма.Ол ауытқып,ман түрінде жұмсалады:

                               Ескі бише отырман бос мақалдап,

                               Ескі ақынша мал үшін тұрман зарлап.

                                                                                                 (Абай)

  Мұнда –ман қосымшасы ерекше стильдік қызмет атқарып,істі істеуден қайсарлықпен үзілді-кесілді бас тартқандықты білдіреді.

   Тілдегі сөздер бір-бірімен қалай болса солай тіркесе салмайды,олардың арасында міндетті түрде мағынлық байланыс болуы шарт.Сөздердің бір-бірімен тіркесу мүмкіндігі бірдей емес.Мысалы, биік және жоғары сөздері бір-бірімен мәндес,мағыналас болғанымен,үнемі бірінің рнына бірі жүре бермейді. Сол себептен биік жартас,биік мұрат,биік тау дегенде,биік сөзінің орнына жоғары сөзін қойып айтуға болмайды(жоғары жартас емес,жоғары мұрат емес,жоғары тау емес).Сөздерді жалғаусыз тіркестіру қатеге жатады.

   Әдеби тілдің грамматикалық нормаларына сөйлем мүшелерінің дұрыс орналасуы да жатады.Сөз өз орнында тұрмаса,сөйлем мағынасы өзгеріп кетеді және құлаққа тосаң естіледі,көзге оғаш көрінеді.

   Сөйлем құрағанда тілдің ішкі ережелерін ескеріп,әр сөзді орнына қойып айтудың үлкен мәні бар,Қазақ тілінде сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі тұрақты:баяндауыш сөйлемнің ең соңында,бастауыш сөйлемнің басында не ортасында,анықтауыш,пысықтауыш,толықтауыш өздері қатысты сөздерден бұрын тұрады.

Жаттығумен жұмыс:             8-жаттығу.

Білімді бекіту:  Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

 

Бағалау:  Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

 

Үйге тапсырма:            9 -жаттығу.

 

 

Күні:                                        Пәні: қазақ тілі                                   Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы:            Тест тапсырмалары

Сабақтың мақсаты:

                                   а) оқушылардың  қазақ тілі    пәнінен алған білімдерін тиянақтау;

                               ә)  тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;

                                   б) оқушылардың білімін бақылау арқылы сауатты жазуға    дағдыландыру;

Сабақтың түрі:       қайталау

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, т.б

Сабақтың көрнекілігі:  тест парақшалары   т.б

Пәнаралық байланыс:          әдебиет

Сабақтың барысы:                              а) Ұйымдастыру кезеңі:

                         Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.  Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

                                         б) Жаңа сабақты түсіндіру:

1. Хабарлы сөйлемді тап.

А) Ал сосын          В) Ойсыздарға қосылма          С) Неге бұғасың

Д) Қайдағы жау             Е) Жел де жоқ

2. Сұрау есімдігі арқылы жаслған сұраулы сөйлемді тап.

А) Қар жауса   ше?      В) Балам,аманбысың?          С) Бұл сен бе?

Д) Жағдай қалай?                 Е) Мынау сен шығарсың?

3. Бұйрықты сөйлемді тап.

А) Егіс көлемін ұлғайт.           В) Тіл қандай           С) Сен енді бала емессің

Д) Ал Жамал ше                 Е) Бұл—тарихи жер

4. Адамның түрлі көңіл-күйін білдіретін сөйлем қалай аталады?

А) лепті           В) сұраулы            С) хабарлы             Д) бұйрықты       Е) атаулы

5. Сұраулы сөйлемді тап.

А) Қарағым,тоқтай тұршы                  В) Пай-пай,шабысының қаттысын-ай

С) Сен жазып келген шығарсың.        Д) Дала айдай жарық

Е) Мектептің кең залы.

6. Одағай сөйлем қатысқан лепті сөйлемді тап.

А) Ойпырым-ай,балаңның мінезі қандай жаман еді.

В) Көрсетпе көз жасыңды.            С) Жүр,жарысайық

Д) Балам,жөніңді айтшы          Е) Амал нешік,пешенеме жазғаны осы болды.

7. Сұраулық шылау арқылы жасалған сұраулы сөйлемді тап.

А) Ол кісі қайда тұрады.              В) Неге үндемейсіз,әже,барамыз ба?

С) Ол жерге неге отырасың.               Д) Ойбай,сен былай тұр        Е) Мен күні бойы жұмыста болдым ғой.

8. Бұйрықты сөйлемді тап.

А) Сен менен аулақ жүр           В) Біреу көп үшін,көп біреу үшін.

С) Жеріміз біздің неткен бай.           Д) Сүйіндік жігіттері он шақты күнде Омбыға келіп қалды.          

Е) Қазір қай жерде тұрасыз.

9. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді тап.

А) Жарайсың,қалқам?!           В) Енді мені ұрайын деп пе едің?!

С) –Ешкімге сенуші болма,--деп айқайлады.

Д) –Рас па! –деп бажырая қарады.         Е) Тәйт. Тыныш отыр

10. Дауыс ырғағы арқылы жасалған лепті сөйлемді тап.

А) –Жасасын,Қазақстан!             В) –Жолдастар,тынышталыңыздар!

С) –Мынау дегенің әдемі ғой!              Д) –Шіркін,орманның таза ауасын-ай!

Е) –Бәрекелді! Бәрекелді! Жарадың,қалқам!

 

 

Білімді бекіту:   Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.      

   Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына  қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма:         Қайталау  

Күні:                                        Пәні: қазақ тілі                                   Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы:            Тест тапсырмалары

Сабақтың мақсаты:

                                   а) оқушылардың  қазақ тілі    пәнінен алған білімдерін тиянақтау;

                               ә)  тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;

                                   б) оқушылардың білімін бақылау арқылы сауатты жазуға    дағдыландыру;

Сабақтың түрі:       қайталау

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, т.б

Сабақтың көрнекілігі:  тест парақшалары   т.б

Пәнаралық байланыс:          әдебиет

Сабақтың барысы:                              а) Ұйымдастыру кезеңі:

                         Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.  Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

                                         б) Жаңа сабақты түсіндіру:

 1. Қайсысы  жақсыз сөйлемнің жасалу жолына жатпайды?

А) –ғы,-гі,-қы,-кі тұлғалы қалау райлы етістік

В) Құрамында бастауыш тұлғалы сөзі бар идиомалар

С) Атау немесе барыс септігіндегі тұйық етістіктен соң    «керек», «мүмкін» сөздерінің тіркесуі   

     Д) Баяндауышы зат есімнен басталады.

Е) Барыс септігіндегі тұйық етістіктен соң «бол», «жара», «тура», «кел»  көмекші  етістіктерінің тіркесіп келуі.

2Жақсыз сөйлемді тап.

А) Бүгін емтиханға дайындалу керек.

В) Жартастың басынан қарауытқан бір нәрселер көрінеді.

С) Ойнап сөйлесең де,ойлап сөйле.       Д) Ауыл маңы тып-тыныш 

Е) Оқу—білім бұлағы

3. Жақты сөйлемді тап.

А) Сенің балмұздақ жегің келе ме?            В) Оның айтқандарын түсініп болмайды

С) Бұл оқиғаны енді айтпасқа болмайды    Д) Оның үрейден төбе шашы тік тұрды.

Е) Ертең сабаққа келесің бе?

4. Жалаң сөйлем дегеніміз не?

А) Бастауыш пен баяндауыштан ғана құралған сөйлем.

В) Тұрлаулы мүшелерімен қатар,тұрлаусыз мүшелері де бар сөйлем

С) Мазмұны толық берілген сөйлем.         Д) Бастауышы жоқ сөйлем

Е) Бастауышы әрдайым жасырын тұратын сөйлем

5. Жайылма сөйлемді тап.

А) Мен барамын.         В) Айдала             С) Ол—сері жігіт

Д) Үй жап-жарық                 Е) Сендер қараңдар

6. Қай сөйлем түрі екеуара сөйлескенде жиі қолданылады?

А) Толымсыз сөйлем           В) жақсыз сөйлем            С) жалаң сөйлем

Д) атаулы сөйлем               Е) жайылма сөйлем

7. «Кең зал.Құжынаған халық.» -қандай сөйлем?

А) Жақты сөйлем           В) жақсыз сөйлем           С) жайылма сөйлем   Д) атаулы сөйлем     Е) Толымды сөйлем

8. Бастауышы жасырын тұрған сөйлем қалай аталады?

А) жалаң         В) жайылма           С) жақты          Д) жақсыз          Е) толымды

9. Тұрлаусыз мүшелердің болу-болмауына қарай жай сөйлемдер қалай бөлінеді?

А) жақты,жақсыз         В) атаулы                С) толымды,толымсыз

Д) жалаң,жайылма              Е) жай,құрмалас

10.Жалаң сөйлемге жетпей тұрған сөзді көп нүктенің орнына қойыңыз.  «........оқып шықсын».

А) тез         В) ол             С) оған            Д) сенімен           Е) қайратпен

Білімді бекіту:   Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.      

   Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына  қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма:         Қайталау  

 

Пәні:           қазақ тілі

Сыныбы:            8-сынып

Сабақтың тақырыбы:            Тест тапсырмалары

Сабақтың мақсаты:

                                   а) оқушылардың  қазақ тілі    пәнінен алған білімдерін тиянақтау;

                               ә)  тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;

                                   б) оқушылардың білімін бақылау арқылы сауатты жазуға    дағдыландыру;

Сабақтың түрі:       қайталау

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, т.б

Сабақтың көрнекілігі:  тест парақшалары   т.б

Пәнаралық байланыс:          әдебиет

Сабақтың барысы:                              а) Ұйымдастыру кезеңі:

                         Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.  Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

                                         б) Жаңа сабақты түсіндіру:

 1.Сілтеу есімдігінен жасалған баяндауышты тап.

А) Біз үшеуміз мәселені дұрыс шештік деп ойлаймыз

В) Ақ бесті қара қасқадан сытылып шықты.           С) Мен өзім де сізден осыны сұрағалы отыр едім.

Д) Ауылдың маңы—терең сай             Е) Сұрап отырғаны—осы

 2. Бірыңғай толықтауыш қатысқан сөйлемді тап.

 А) Оның бос сөзді сүймейтін,жақтырмайтын мінезі бар.

 В) Шәкенді,Баймағамбетті,Ерболды бұл сөз күлдірді   

 С) Жиренше Абаймен көп сөйлесті,ұзақ ақылдасты.

 Д) Көп сөз—көмір, аз сөз—алтын.            Е) Еріншектің ертеңі бітпес.

       3. Күрделі сан есімнен жасалған баяндауышты тап.

        А) Осы араға жиналғанымыз жетеу        В)Жиналысқа келгендері—он-ақ адам

С) Жеті жердегі жеті—қырық тоғыз           Д) Оның жасы жиырмада        Е) Оның қасиетті саны –бес 

4. Себеп пысықтауышты тап.

А) Батпаған ай батыстан қарап тұрды.

В) Кешеден бері сақтаған нанды жеп отырмын.        С) Бала кітап алғалы келіпті

Д) Сен мұнда ойнауға келген жоқсың,білім алуға келдің.      Е) Ол табанда ақшасын өндіріп алды.

5. Қашанғы?қайдағы?-қай сөйлем мүшесінің сұрақтары?

А) пысықтауыш          В) анықтауыш      С) бастауыш     Д) толықтауыш                Е) баяндауыш

6. Сөйлем құрауға негіз болатын сөйлем мүшесін тап.

А) баяндауыш         В) анықтауыш                 С) пысықтауыш     Д) толықтауыш           Е) айқындауыш

7. Бірыңғай анықтауышты тап.

А) Далада қызыл-сары гүлдер жайқалып тұр.

В) Шаршаған кішкентай боталар артта қалып қойды.

С) Біз таудың ең биік шыңына шықтық.

Д) Оның әкесі—кең жауырынды,ұзын бойлы кісі.

Е) Мария Бәкенді де,оның ағасын да үйіне алып жүрді

8. Мезгіл пысықтауышты тап.

А) Ер жолдасы—тәуекел.  В) Олар Абаймен біресе жарысады,біресе қалжыңдасады

С) Олар екі күннен кейін келіп қалар.

Д) Жұрт Дәметкеннің қылығына әрі сүйсінді,әрі аяды.

Е) Ауыл жастары бұндай нәрселерге қызықпайды.

9. Асты сызылған сөздердің қайсысы өзгелерінен басқа қызметте жұмсалып тұр?

А) Жақсы  сөз-жарым ырыс          В) Ол қазақша жақсы  сөйлейді.   С) Оның жақсы іске жаны жолдас

Д) Ол көршілерімен жақсы қарым-қатынас орнатқан.         Е)  Ол жақсыкиімдерді таңдап алды.

10. Қай сөйлемде іс-қимылдың мезгілін білдіретін сөз бар.?

А) Марат бұл жерге екі рет келді.          В) Ат баспаймын деген жерін екі басады

С) Олар бұл жерге екіде келді.          Д) Олар сыныпқа екі-екіден кірді.       Е) Ол алманың екеуін алды.

Білімді бекіту:   Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.      

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына  қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма:         Қайталау  

 

Күні:                                                     Пәні: қазақ тілі                                   Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы:            Тест тапсырмалары

Сабақтың мақсаты:

                                   а) оқушылардың  қазақ тілі    пәнінен алған білімдерін тиянақтау;

                               ә)  тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу;

                                   б) оқушылардың білімін бақылау арқылы сауатты жазуға    дағдыландыру;

Сабақтың түрі:       қайталау

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, т.б

Сабақтың көрнекілігі:  тест парақшалары   т.б

Пәнаралық байланыс:          әдебиет

Сабақтың барысы:                              а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.  Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

                                         б) Жаңа сабақты түсіндіру:

 1. Төл сөзді сөйлемді тап.

А) Сен дегенде сөз барма?         В) Әй дер әже,қой дер қожа жоқ.

С) Балалардың соңғы ермегі—«Ақсүйек», «Соқыртеке».

Д) «Осы күні сол ара жайнаған қызыл гүл»,-дейді.    Е) Саутты болу дегеніміз-дұрыс жазып,дұрыс сөйлеу.

2. Төл сөзді сөйлемді тап.

А) Туған жер—алтын бесік.           В) –Білмеске сөзің қор боп кетер,-деген М.Дулатұлы.

С) Бала жігіт бұйрықты  екі етпейді  Д) Бұл-ойланатын нерсе.  Е) Әркім-әуелі өз аулының баласы.

3. Төлеу сөзді тап.

А) Бүгін жылқышыларға да бірдеме болған сияқты.   В) Жұман отыратын жерге бір әулие келіпті.

С) Үйге кіре бере қара саба жарылып кетті.                Д) «Білмегенді біле бер»,-дейді Шәкәрім.

Е) Әжем үйге кіріп,малдың өрістен қайтқанын айтты.

4.Айжан: «Менің үйім алыс еді,ертерек қайтайын»,-деді.Қай жауап толымды және дұрыс?

А) Айжан өзінің үйінің алыс екенін айтты.

В) Айжан өзінің үйінің алыс екенін және ертерек қайту керекекенін айтты.

С) Айжан ертерек қайту керектігін айтты.       Д) Үйіне қайту керектігін Айжан айтты.

Е) Айжан айтты үйге қайтамын деп.

5.Тыныс белгілері дұрыс қойылған төл сөзді тап.

А) Ол: «Арман қалыңыз қалай»?-деді.      В) Ол, «Арман, қалыңыз қалай?-деді.      

С) Ол: «Арман, қалыңыз қалай?»-деді.       Д) Ол: «Арман қалыңыз қалай?»-деді.      

Е) Ол: «Арман, қалыңыз, қалай?»-деді. 

6. Сұрау есімдігі қатысқан төл сөз төлеу сөзде қандай өзгіріске түседі? 

А) Төлеу сөзде сұрау есімдігі түсіп қалады.     В) Сөйлем мазмұнына қарай басқа сөз табына ауысады.

С) –ма,-ме шылауға айналады.   Д) сұраулық шылауға айналады.Е) Сұрау есімдігі сол күйінде сақталады.

7. Төл сөздің тыныс белгілері қай қатарда дұрыс қойылмаған?

А) –Неге қорқады?—дейсіз ғой.         В) –Көкпардан қалайша болады?—дейсіз ғой.

С) –Жұрт қалай таратады екен,--деді.                   Д) –Соғымның сирағы кесіле ме?-деді,анау екеуі.

Е) –Қап,әттеген-ай!-деді анау екеуінің біреуі.

8.Төлеу сөздің баяндауышы етістің бұйрық райынанболса,төлеу сөзде қандай  өзгеріске ұшырайды?

А) тұйық етістікке айналып,оған барыс,табыс септік жалғауы,немесе туралы жөнінде,жайында шылыулары мен «керек» сөзінің бірі қосылып айтылады.

В) Өзгеріске түспейді.         С) Есім сөздерге айналады.           Д) Есімше жұрнағы жалғанады.

Е) жедел өткен шақ жұрнағы жалғанады.

9.Төл сөздің баяндауышы етістіктің ашық райынан болған жағдайда төлеу сөзде бұл сөз қалай өзгереді?

А) Тұйық етістікке айналады    В) сол қалпында қала береді.

С) сол қалпында қалып,одан кейін туралы шылауы жазылады.

Д) Есімшеге айналып,оған –дық,-дік жұрнағы тәуелдік жалғауы және табыс септігі жалғанады да,толықтауыш болады.                   Е) «екенін» деген көмекші етістік жалғасады.

10. Төл сөзде «мен» деп берілген сөз төлеу сөзде қандай өзгеріске түседі?

А) маған          В) мені        С) өзінің             Д) оның               Е) оған.

Білімді бекіту:   Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.  

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына  қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма:         Қайталау  

 

                                      Тест тапсырмалары

1.Қай сөйлемде анықтауыш бар?

а) Түлік төлден өседі        ә)  Үндеместе бәле көп       б) Жаман бала – күйік.

2.Мақсат пысықтауыш

а) Ұялмаған ұялтады.        ә)  Әдейі жіберіп отыр       б) Ерді намыс өлтіреді

3.Тура толықтауыш

а) Өтірікші өзін алдайды   ә) Оқусыз білім жоқ          б)  Тек жүрсең тоқ жүресің

4. Сөйлем мүшесі бола алмайтындар.  а) сөз тіркесі  ә) күрделі сөз      б) шылау

5.Сөйлем құрауға ұйытқы болатын сөздер

а) сөз тіркестері          ә) тұрлаулы мүшелер     б) күрделі мүшелер

6. Күрделі бастауыш. а) наурыз мейрамы     ә) ағаш қасық                 б) кітап оқу

7.Қимыл-сын пысықтауыш

а) Төмен қарады          ә) Сәл ойланып қалды.  б)Ұялғаннан төмен қарады.

8.Жанама толықтауыш.    а) Хатты берді.         ә) Кітап оқыды.         б) Балаға қарады.

9. Мекен пысықтауыш

а) Қонақтар бүгін келеді.    ә) Ыстық мейіріммен қарады.   б) Төрге қарай барды.

10. Күрделі пысықтауыш

а) сарғылт шашы                 ә) кеншілер сарайы                     б) жыл сайын

11.Пысықтауыш сұрағы

а) қандай,қай                        ә) кімде, неде                               б) қашан, қалай

12. Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді?    а) 2    ә) 4        б) 5

13.Жақсыз сөйлем дегеніміз не?

а) Бастауышы бар,жасырын тұрғанда да баяндауышы арқылы табуға болатын сөйлем

ә) Тұрлаусыз мүше қатыспаған сөйлем

б) Баяндауыштың бір өзі сөйлемге негіз болатын сөйлем.

14.Жақты сөйлемді тап.

а) Әлдене есіне түскендей жалма-жан қоржынға қол созды.

ә) Ертең қалаға жүруіміз керек.       б) Қонақтардың кейін қайтуына тура келді.

15. Қарсылықты салалас сөйлемді тап.

а) Бақтығұлдың үйден шыққанына екі күн болғандықтан,местегі малта да таусыла бастаған.

ә) Осы әңгімеден екеуінің де көңілі жүдеп,үнсіз келе жатты.

б) Бас болмақ оңай,бастамақ қиын

16.Аралас құрмалас сөйлемді тап.

а) Бір қолмен белін ұстап,шық басқан көк шөптерді таяғымен анда-санда қағып қойып, шабылған бидайықтың жиегімен келе жатты.

ә) Біресе кемпірінің баяу қорылына,біресе шымылдықтың ар жағында сыбырласып жатқан баласы мен келінінің орысша сөздеріне құлақ түріп үнсіз жатыр.

б) Ол әлі құрығандай ақырын ғана сәлем берді де, келіп,босаға жақтан орын алды.

17. Сөйлемнен қаратпа сөзді тап.

а) Қап,келе жатқанымызды Бекберген күндік жерден естіп отыратын болды ау!

ә) Ай,шырағым-ай,мені қинайтын да осы ғой.                                                                           

б) Меніңше,ол тапсырманы ойдағыдай орындайды.

18. Айқындауыш мүшенің неше түрі болады?      а) 3                 ә) 2        б) 4

19. Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша қай сөйлемде қойылады?

а) Аспан да,жер де сұп-сұрғылт. ә) Жолға аттанар сол бір түн.

б) Бұл – Жарасбайдың жаздай тісін басып жүрген араз ауылы.

20. Атаулы сөйлем дегеніміз не?

а) Ойға қатысты сөйлем мүшелерінің барлығы қатысқан сөйлем.

ә) Тұрлаусыз мүше қатыспаған сөйлем.

б) Іс-оқиға жайында баяндамай,тек соған байланысты жағдайды атап көрсететін сөйлем.

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Конспект по познанию мира "Өсімдіктер әлемі""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инструктор по тяжелой атлетике

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 992 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.05.2016 1508
    • DOCX 917 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Молдатай Айгуль Нурлановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Молдатай Айгуль Нурлановна
    Молдатай Айгуль Нурлановна
    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 15526
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Внедрение Федеральной образовательной программы начального общего образования

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 285 человек из 55 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 104 человека
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Особенности реализации ФГОС НОО для слепых и слабовидящих детей

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 27 человек

Курс профессиональной переподготовки

Инклюзивное образование в начальной школе

Тьютор

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 51 человек из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 159 человек

Мини-курс

Искусство переговоров: стратегии и тактики в различных сферах жизни

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Путь к осознанным решениям и здоровым отношениям

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 102 человека из 39 регионов
  • Этот курс уже прошли 15 человек

Мини-курс

Проектное управление

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе