Инфоурок Начальные классы КонспектыКонспекты "Жануарларпдың қызыл кітабы" (2 класс)

Конспекты "Жануарларпдың қызыл кітабы" (2 класс)

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: Жануарлардың «Қызыл кітабы»

Мақсаты:

Білімдік  - Қазақстанның жануарлары мен табиғатын қорғау қажеттігі туралы түсінік беру. «Қызыл кітап» және оның міндетімен  таныстыру.

Дамытушылық –Жануарларды   қорғаудың ерекшеліктеріне  мән беруге үйрету, шығармашылықпен  жұмыс істеуге , тапсырмалар орындау арқылы  оқушылардың  сын тұрғысынан  ойлауын дамыту;

Тәрбиелік – Оқушыларды ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу, жануарлар мен өсімдіктерді  қорғауға, өз туған жерін сүюге тәрбиелеу.

Міндеттері:

Жұптық, топтық жұмыстарда  өзгенің пікірін құрметтейді.Ұйымшылдыққа , уақытты тиімді пайдалануды үйретеді.

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, СТО технологиясының  стратегияларын  қолдану.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар,буклет, «Қазақстанның жануарлар әлемі», «Қазақстандағы қорықтар мен бақтар» кітабы, «Қызыл кітап».

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

-  Жақсы сөз жарым ырыс демекші, көршілеріңе бұрылып алақандарыңды біріктіріп, бір-біріңе жүректеріңнің жан жылуын беріңдер.

Бүгінгі күн терезеден,

Бізге, міне, тұр қарап.

Сондай жақсы көңіл күймен,

Басталады бұл сабақ.

 Балалар, бүгінгі сабақта өздеріңе қажетті  көптеген ақпарат алады деген  ойдамын.  Олай болса, үйге қандай тапсырма берілді?

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру

-         «Адам  және өсімдіктер мен жануарлар» мәтінін оқып келу.

-         Онда, балалар,тақтаға қарайық. Өсімдіктер адамға не сыйлайды?

3- слайд Топтастыру                 Өсімдік

 

 

баспана      тамақ      дәрі      ауа

Адамға   жануарлардың  пайдасы

4- слайд                                    Жануарлар

 

 


тағам     киім     сүт     май     ет    төсеніш

5-слайд Венн диаграммасы

Қой мен сиырдың ұқсастығы мен айырмашылығын жазу

тері                       айран 
сүт, ет                  ірімшік
құрт                     

Жүн
Киіз жасалады

    Қой                                                                                        Сиыр

 

 

 

 

Сергіту сәті

Құстардың сайраған дауысын тыңдатамын.

ІІІ.Жаңа сабақ

-         Балалар, көз алдарыңа не елестеді?

(Балалар көз алдарына құстарды, ағынды суды, кең даланы елестеткенін айтады)

-         Ия, балалар, сендер жаңа өз еліміздің  әсем  табиғатын көз алдарыңа елестетіңдер. Біздің Қазақстан жері кең байтақ. Басын қар басқан асқар тауларымыз, ағынды өзендеріміз бен шалқыған көлдеріміз, қалың ну ормандарымыз,маңыраған малға толған даламыз,көктемде қызғалдақ өсетін шөл және шөлейт жерлеріміз бар. Қазақстан жерінің жер бедері әр түрлі болғанымен әсем де әдемі. Әр жердің өз сұлулығы бар. Жерімізді осыншама сұлу қылып тұрған не деп ойлайсыңдар?(7-16 слайдтарды көрсету)

-         Өсімдіктер мен жануарлар.

-         Дұрыс айтасыңдар. Осы даламызға сән беріп тұрған өсімдіктер мен жануарларды қорғау біздің міндетіміз. Ол туралы ҚР Конституциясының 38-бабында былай деп  жазылған: (17-слайд)

 «Қазақстан Республикасының азаматтары  табиғатты сақтауға және табиғат  байлықтарына ұқыпты қарауға  міндетті.»

Сондықтан  табиғатты қорғау  мақсатында адамдар «Қызыл кітапты» ойлап тапты.

-         Балалар, кітаптың түсі неге қызыл? Қызыл түс нені білдіреді? Ненің түсі?

-         Оттың.

-         От адам өміріне қауіпті. Яғни, қызыл түс қауіп бар екенін айтады. . Ал кітаптың қызыл болуы онда жазылған жануарлар мен өсімдіктерге қауіп төніп тұр дегенді білдіреді. (18-19- слайд)

«Қызыл кітаптың» міндетімен таныстырамын. (20- слайд)

«Қызыл кітаптың» міндеті:

-         Өсімдіктер мен жануарлардың түрлерінің жойылып кетуінің алдын алу.

-         Жойылып бара жатқан түрлеріне қамқор болу.

-         Қазақстандағы жануарлар мен өсімдіктер дүниесін  сақтау.

21-слайд

                               І-том               Қызыл кітап              ІІ том

           Жануарлар   туралы                                       Өсімдіктер туралы

 

1978 жылы жарық көрді

            «Қызыл кітап» сирек кездесетін, жойылып кету қаупі бар өсімдіктер мен жануарлар түрлерін қорғау мақсатымен жазылған. Қазақстанда «Қызыл кітап» тұңғыш рет 1978 жылы шықты. Екінші басылымы 1991 жылы , үшінші басылымы 1996 жылы шығарылды.

22-слайд

Жануарлардың «Қызыл кітабына» енген жануарлар  төмендегідей сатыға бөлінеді:

1.     Жойылып бара жатқан

2.     Азайып бара жатқан

3.     Сиреп бара жатқан

4.     Белгісіз

5.     Қалпына келген , бірақ әлі де қорғауды қажет ететін

23-слайд

«Қызыл кітапқа»  жануарлардың 125  түрі енген. Олар төмендегідей:

балықтардың  16 түрі, қосмекенділердің 3 түрі, бауырымен жорғалаушылардың  10 түрі, құстардың 56 түрі, сүтқоректілердің 40 түрі.

24-27-слайд

«Қызыл кітапқа» енген жануарлар қорықтар мен хайуанаттар бағында қорғалады. Қазақстанда осындай 9 қорық бар.Олар: Қорғалжын, Наурызым,Батыс Алтай, Марқакөл, Алакөл,Алматы, Ақсу-Жабағылы, Барсакелмес, Үстірт қорықтары. Үстірт қорығы  біздің Маңғыстау облысында орналасқан. Онда Үстірт арқары, құлан, қарақұйрық сияқты жойылып кету қаупі бар жануарлар қорғауға алынған.

28-слайд

Оқулықпен жұмыс

«Бағытталған  оқу» стратегиясы

Оқулықтағы мәтінді топқа  бөліп оқыту. Әр топ өздері оқыған жерінен бір сұрақ дайындайды.

1-топ- Құлан туралы оқиды. Сұрақ:Құланның саны не себеп азаюда?

2-топ- Қарақұйрық  туралы оқиды. Сұрақ: Қарақұйрық қандай жануар?

3-топ- Дуадақ туралы оқиды. Сұрақ: Дуадақтың басты жауы не?

4-топ-Табиғат туралы заң.Сұрақ: Балалар қандай ережені сақтау керек?(29-слайд)

Дәптермен жұмыс  (30-слайд)                     

ІV. Қорытынды (31-слайд)

-         Бүгінгі сабағымыз не туралы болды?

-         «Қызыл кітап» не үшін жазылады?

-         «Қызыл кітапқа»  енген жануарларды ата.

-         Жануарларды қорғау неге қажет?

-         Сен жануарларды жақсы көресің бе? Неге?

V.Үйге тапсырма (32-слайд)

-         «Жануарлардың «Қызыл кітабы»» мәтінін оқу.

-         Өз жеріңде жануарларды қорғау жөнінде қандай жұмыстар жүргізілетінін үлкендерден сұрап білу.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Конспекты "Жануарларпдың қызыл кітабы" (2 класс)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Экономист по планированию

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 123 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.02.2016 784
    • DOCX 47.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Чокибаева Орал Жубанышовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Чокибаева Орал Жубанышовна
    Чокибаева Орал Жубанышовна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 11140
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Гигиенические требования к условиям реализации основной образовательной программы начального общего образования

Учитель начальных классов

600 ч.

9500 руб. 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 71 человек из 35 регионов
  • Этот курс уже прошли 162 человека

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы теории и методики преподавания в начальной школе в соответствии с ФГОС НОО

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 388 человек из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 221 человек

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках математики у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 75 человек

Мини-курс

Жизненный цикл продукта и методология управления проектами

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология и педагогика в работе с подростками

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 57 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 29 человек

Мини-курс

Детская нейропсихология: особенности, диагностика, исследования

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 119 человек из 43 регионов
  • Этот курс уже прошли 56 человек