Инфоурок / Директору, завучу / Другие методич. материалы / Көптілді білім беру - бүгінгі күн талабы

Көптілді білім беру - бүгінгі күн талабы

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов


hello_html_m6c9bbd09.jpg

Гимназия басшысының шет тілі пәні бойынша

оқу- тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Оразбаева Жанар Азатовна

ДБАГ №8 Талғар қаласы


Көптілді білім беру - бүгінгі күн талабы


Тіл - қашан да болмасын, мемлекеттің ең асыл қасиеті, табан тірейтін тұғырлы темірқазығы. Тіл- ұлттың тірегі. Ол қоғамдық құбылыс қана емес, қатынас құралы әрі ой мен сөздің одағын да көрсетеді. Тіл мәселесі- мәңгілік тақырып. Олай дейтін себебіміз, ықылым заманының өзінде ата- бабаларымыз көп тілді меңгерудің маңызын «Жеті жұрттың тілін біл, Жеті түрлі білім біл»,- деген екі ауыз сөзбен тұжырымдаған.

Қала берді Абай атамыздың қара сөзіне үңілсек : «Әрбір елдің тілін, өнерін білген кісі онымен бірдейлік дәрежеде болады, өзгеге арсыздана жалынбайды», - деп түйген ғой. Олай болса, көп тілді білу- тілді ғана үйреніп қою емес, ол -әлеммен тілдесу. Ал біздің мемлекетіміздің саясаты көп тілді меңгере отырып,мемлекеттік тіліміздің қолданылу құзіреттілігін арттыру.

Бүгінде қарыштап дамуға бет алған отанымыздың ізгі ниеттерін жемісті жүзеге асыруда үш тұғырлы тіл саясатының орны бөлек. «Үш тілдің бірлігі» мәдени жобасы- үш тілді: қазақ, орыс және ағылшын тілдерін Қазақстан азаматтарының бірдей меңгеруін меңзегенімен бұның түпкі негізі, көздеген мақсаты- мемлекеттік қазақ тілінің халықаралық қолданыстағы орыс, ағылшын тілдерімен терезесін теңестіріп, әлемдік деңгейге көтеріп, жаһан тілдерімен тең қолданатын биікке жеткізу жолындағы баспалдақ іспетті.

Елдің тәуелсіздігі дегеніміз — ол тілдің тәуелсіздігі, ұлттық рух пен білімнің тәуелсіздігі. Сондықтан білім беру жүйесін құрылымдық, мазмұндық жағынан қайта құра отырып, білім беру үрдісін заманымыздың ең озық инновациялық технологияларымен қамтамасыз ете отырып, әлемдік стандартқа сай білім сапасына ұмтылуымыз заңды құбылыс. Еліміздің Ата заңында әлемдік тілдердің кез келгенін оқып, тануға ерік берілген, еліміздің саяси, экономикалық, мәдени байланыстары бірнеше тілде білім алуды қажет етеді.

Үш тілде білім берудің арнайы бағдарламасы 7 сыныптан бастап оқытылады. Арнайы сыныптарда оқу жоспарын іске асыру үшін төмендегі кезеңдер ұсынылады:

1.Орыс тіліндегі мектеп оқушылары үшін қазақ тілі мен әдебиеті және Қазақстан тарихы қазақ тілінде білім беретін мектептердің бағдарламасы бойынша , ал қазақ тілінде білім беретін мектеп оқушылары үшін орыс тілі мен орыс әдебиеті орыс тілінде білім беретін мектептердің бағдарламасы бойынша өткізіледі.

2. 5-6 сыныптарда арнайы сыныптарға бейімдеу мақсатында информатика, математика пәндері , 7-11 мамандандырылған сыныптарда биология, математика пәндері ағылшын тілінде жүргізіледі.

3. Ағылшын тілі 1- сыныптардан бастап апталық жүктемесі 1 сағаттан оқытылады.

Бүгінгі «Дарын», ертеңгі «Ғалым». Күні ертең халқым дегенде қайратттанатын, жерім дегенде жігерленетін, атқан оқтай алымды, жанған оттай жалынды ұрпақтың өсіп жетілуіне бүгіннен тер төгу қажет екені баршаға мәлім. Бұл - бүгінгі жас дарындарға сапалы білім беруде жаңаша іс атқарудың стратегиясы мен тактикасын жүзеге асыруымыздың алғы шарттары. Осы орайда пәндерді үш тілде оқыту әдістемесінің инновациялық бағыттарына тоқталсақ, оның өзегі педагогикалық- психологиялық бағыттағы негізгі ой- тұжырымдарды пайдалана отырып, ақыл-ойды дамыту, орташа деңгейде білім беретін бағдарламадан жекелеп, саралап оқыту бағдарламасына өту болып табылады. Қазіргі білім беру саласында озық технологияларды меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің өзін-өзі дамытып, оқу тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.Гимназия мұғалімдері оқушыларға сапалы білім біреп, біліктіліктерін арттыру жолында интерактивті оқыту әдістерін, сын тұрғысынан ойлау технологиясын, модульдік оқыту технологияларын үздіксіз қолданады.

Мектептерде көптілді оқытуды енгізуде ұйымдастырушылық, әлеуметтік, психологиялық, лингвистикалық факторлар жан-жақты есепке алынуы қажет. Әлеуметтік жағдай көптілді оқытуға негіз болуға жарайтын бірнеше тілді меңгерудің қажеттігін, сондай-ақ көпмәдениетті жеке тұлғаға деген қоғамның сұранысын айқындайды.

Психологиялық фактор үш тілде сөйлейтін адамдарда болатын проблемаларды, бір тілден екінші бір тілге көшу қиындықтарын есепке алып, көптілді орта жасаудың шарттарын қарастырса, лингвистикалық фактор оқушылардың үш тілде білім алу деңгейін, тілдерді оқудағы алған білім көлемін, оқушының тіл үйренудегі тұлғалық жеке ерекшеліктерін анықтайды.

Педагогикалық аспект тілдерді оқытуға жаңаша ықпал етуді, жаңа оқу - әдістемелік кешенді, интерактивті әдістемелер мен технологиялар пайдалануды, бақылау түрлерін қайта қарауды, педагогтерді мамандығына сай даярлап алуды талап етеді.Өз тәжірибемізден айта кетер болсам, республикалық деңгейдегі семинарларға, оқылымдарға, білім жетілдіру курстарына ұстаздармен қатар мектеп басшысының оқу ісінің меңгерушісі ретінде өзім де бірнеше мәрте қатысып, іс- тәжірибемізбен бөлісудеміз.

Жыл сайын Республикалық ғылыми-тәжірибелік «Дарын» орталығымен, Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми- педагогикалық кадрлар біліктілігін арттыратын республикалық институтпен, Республикалық «Өрлеу» АҚ Алматы облыстық филиалымен отырып ғылыми –практикалық конференциялар, семинарлар, тренингтар өткізіледі.

Ұстаздар еңбегінің жемісі мен мектеп шәкірттерінің жақсы жетістіктері мектеп беделін әрқашан биіктетіп отырады. «Тілдердің үш тұғырлығы» мәдени жобасын іске асыру мақсатында Қазақстан халқы тілдерінің айлығы аясында өткізілетін «Тіл дарын» облыстық олимпиадасында білімділігімен ерекшеленіп, І орынға ие болған гимназиямыздың ағылшын тілі мұғалімі Ж.А.Оразбаева, ІІІ орынды иеленген ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері А.А. Киржибаева, жас маман Көпебаева Д.

Гимназия мұғалімдері әдістемелік тұрғыдан тек оқыту ісімен ғана айналысып қоймайды. Оқыта жүріп өз тәжірибелерін өзгелермен де бөлісуге дайын. Бастауыш сынып мұғалімі Е.В.Семенова Облыстық «Педагогикалық оқулары - 2014» I дәрежелі Дипломның иегері , электорондық оқулықтарының авторы, Математика пән мұғалімі Рафикова Э.Р.Математика ағылшын тілінде «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсының IІ дәрежелі Дипломның иегері болса, Химия пәні мұғалімі Кириченко Н.А.«Дарын балаларымен жұмыс» тақырыбы бойынша Облыстық «Педагогикалык оқулары - 2014» ІІІ дәрежелі Дипломның иегері , Облыстық педагогикалық оқуда «Формы и методы работы с одаренными детьми» ) тақырыбы бойынша Облыстық «Педагогикалық оқулары - 2013» 2 орын иегері География пәні мұғалімі Крупина Н.Е, Қазақстан тарихы пәнін орыс сыныптарда қазақ тілінде оқытытын тарих пәні мұғалімі Арынов Б.Т «Қазақ тілінде оқыту тәсілдері мен түрлері (технологиялары)» тақырыбында Облыстық Педагогикалық оқуларында жүлделі орынға ие болды.

Заман талабына сәйкес біздің мұғалімдер тілдің үш тұғырлығы бағдарламасының орындалуы аясында табысты жұмыстар атқарып келе жатыр соның мысалы ретінде тарих пәнінің мұғалімі Арынов Б.Т және ағылшын тілі пән мұғалімі Беленкова Е.М бірлесіп «Тарих пен тіл рухани бастау көзі» таңдау курсын шығарғанын атап кеткім келеді.Бағдарлама Отан тарихын қазақ және ағылшын, орыс тілдерінде меңгеруге бағытталған әрі әлемдік озық мәдениет үлгілеріне сүйене отырып құрастырылған сабақтар да бар.

«Қайсы қоғам , қай елде өзгермейтін саф алтын «Дарын» ғана» деп Қадір Мырзалиев айтқандай гимназияда оқушы дарындылығын дамыту мақсатында жаратылыстану - математика бағытындағы элективті курстар, үйірмелер, тіл, шығармашылық ойлауды дамыту курстары, көркемдік мәдениетті дамыту курстары жүргізіледі.

« Зерде » клубы, «MIRAGLE» драмалық үйірмесі ағылшын тілінде, «Жас қаламгер» ұйымы , «Абайтану», «Мұқағалитану», «Ілиястану» курстары қазақ тілінде жұмыс істейді.

Жаңа ғасыр баспалдағына аяқ басқан өскелең ұрпақтың білім дариясына қанып нәр алуы келешегіміздің кемелдене түсуі емес пе? Мемлекетіміз өркениетті елдер қатарына қосылып, оның белсенді мүшесі болып отырғаны ұстаздар еңбегінің арқасы. Сондықтан да бұл күнде дарынды, талантты балаларды тәрбиелеу, оларды өз қатарынан қалдырмау, жақсылыққа бейімдеп, көпмәдениеттті, көптілді азаматтар етуге өз үлесімізді қосайық деген тілек білдіремін.

Ойымды Н.Ә.Назарбаевтың «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек»-, деген салиқалы пікірімен тұжырымдағым келеді.




Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 22 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДВ-446414
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>