Инфоурок Начальные классы КонспектыӘліппемен қоштасу.1 сынып ашық тәрбие сағаты

Әліппемен қоштасу.1 сынып ашық тәрбие сағаты

Скачать материал

 

 

Тәрбиелік шара

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: «Әліппемен аштық білім есігін,

                            Тербетеміз Тәуелсіз ел бесігін»

 

 

 

 

 

 

 

 

Өткізген: Исаева А.

 

 

 

 

Тақырыбы: «Әліппемен аштық білім есігін,

                            Тербетеміз Тәуелсіз ел бесігін»

 

Мақсаты:

 1. Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау.

 2. Білімнің бастауы болған, Әліппеден үйренгендерін тиянақтау, өнерлерін тамашалау, білімдерінің артып, сөз байлығының молайғандығын , саналарының өскенін көрсету. Оқушыларды ана тілі оқулығымен таныстыру.

3. Отанын, мектебін, ұстаздарын, ата – аналарын құрметтеуге тәрбиелеу.

 

Көрнекілігі: ана тілі, әліппе суреті, слайд, шарлар.

 

Барысы: Ұйымдастыру

                Кіріспе бөлім

                Негізгі бөлім

                Қорытынды

Құрметті ұстаздар, ата – аналар, оқушылар! Осыдан 4 ай бұрын ата – аналары жетектеп 1 – сынып табалдырығынан аттатқан бүлдіршіндер бүгін сауат ашып, білім алып, мектеп сатысының бір кезеңін артқа қалдырды. Бұл кезең Әліппе кезеңі.Бүгінгі мереке іші сырға толы қасиетті көк сандығымызбен қоштасу, рахмет айту тойы.

Бүгінгі кеш әр үйдің той басы боп саналар

Балалардың есімі әулеттерге таралар.

Ырым етіп сондықтан ертеңгілік басында

Ақ тілекпен баршаға шашу шашпақ балалар!

Музыка ойнайды. Оқушылар екі – екіден қол ұстасып ортаға шығады.

Оқушыларды таныстыру.

1.Міне келді Нұрқадыр.

Ай мен күні анасының

Ақылдысы атасының.

2. Жұмсағанда баратын

Айтқан тілді алатын

Оның аты – Рамазан.

3. Сәулелі де сымбатты

Сөйлегені тым тәтті

Нұрай деген қыздарың

Сіздерге арнап тіл қатты.

4. Дос қадірін білерсің

Бірге жүрсең Айтжанмен.

5. Шуағын шашып айналаға,

Нұрғиса шықты ортаға.

6. Асығып келді ортаға,

Сыныптың ғана еркесі – Жанел бала.

7. Үміт күткен шапағаты.

Құстай сұлу Перизаты.

8. Әліппені көп оқитын,

Жаныңа сая болатын

Моншақ шықты ортаға.

9. Сабырлы да салмақты,

Үйреніп бәрін жүретін.

Ерасыл келді ортаға,

Алшаң басып аяғын.

10. Келе жатыр Жәнібек

Анасына қолғанат

11. Кең маңдайлы Нұрайым

Сыныптың әдемісі, еркесі

12. Дарасы болар ауылдың,

Иманғали деген балаңыз.

13. Жақсылықты жақтайтын,

Бәрін біліп жаттайтын.

Болады ол өткір тілді

Оның аты – Алдаберді.

14. Қылығы оның сүйсінтер,

Еркетотай Бейбіттей.

15. Есімі Салима болады,

Есепті де шағады.

16. Ерке Мадияр келді.

Ән айтып, би биледі.

17. Бір үйдің кішкентай қызығы,

Раушан гүлдің үзігі

Қылықтысы әкеснің

Рахима деген қызыңыз.

18. Дөңгеленіп билейтін,

Шырқап әнде салатын,

Анасы мен әкесін

Тыңдайтұғын баласы,

Іңкәр келді ортаға

19. Ән айтып, би билейтін

Үйреніп бәрін жүретін,

Абылай келді ортаға,

Күлімсіреп жүретін.

Мұғалім: Бала деген шіркін – ай балдай екен!

                 Тәттілігі жая мен жалдай екен!

                 Арып – ашып даладан келгеніңде,

                 Бал иісін таттырып алдайды екен – деп Кенен Әзірбаев атамыз айтқандай кішкентай бүлдіршіндеріміздің бал тіліне құлақ салайық.

Перизат: Жақсы білім көрімдік,

                Болсын сізге, халайық!

                Не үйреніп, не білдік,

                Кәне, ортаға салайық!

Жанел: Өтті оқу сан сабақ,

             Бүгін үлкен салтанат

             Басқа оқулық достаспақ,

             Әліппемен қоштассақ.

 

Нұрай: Әліппем менің әліппем

              Сені қолға алып мен

              Есігін аштым мектептің

              Ертеңгі сәуле жарықпен.

Мұғалім: Әуені бар шарлайтын кең даланы,

                 Шырқаса бәріңізде таң қаласыз.

                Жанелдей ұлымыз ортамызда,

               Қол соғып, қошеметтеп, қарсы алыңыз. Алдарыңызда Еркін Жанелдің орындауында «Әліппе» әнін қабыл алыңыздар.

Мұғалім: Балалар, мен сендерге бір сұрақ қояйын. Сендер соған жауап беріңдер:

Іші толы әріпке,

Болашыққа жарық не ?

Балалар хормен: Әліппе!

Мұғалім: олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.

Балалар: Әліппе, Әліппе, Әліппе!

Әліппе: Армысыңдар, жас достар

               Армысыздар ата – ана!

               Болашаққа жол бастар

Әліппе келді ортаға

Менің атым – Әліппе,

Мені анаңдай дәріпте,

Мені оқып ержеткен,

Ағаң менен әпкең де.

-          Сәлеметсіздерме, менің сүйікті достарым! Сендер мені оқып сауаттарыңды аштыңдар, жазуға, оқуға үйрендіңдер. Ал енді бүгін маған өз білімдеріңді көрсетіңдер.

Алдаберді: Әліппемен қош айтысып қаламыз,

                    Енді қолға ана тілін аламыз.

                    Ата – ана қуанышқа ортақ бол,

                    Сауатты боп шықты міне балаңыз.

Іңкәр: Әліппе алып қолыма,

           Білімнің аштым есігін.

           Ақ ниет жолыма

           Жазылды тұңғыш есімің.

Абылай: Алфавитті біліңдер

                Онда жүйе қалып бар

                Біздің қазақ тілінде

                Қырық екі әріп бар.

Мұғалім: Ал, кімнің өнері бар қаншалықты,

                 Би билеп, ал біреуі ән салыпты

                «Өнерлі өрге жүзер» деген сөз бар

                 Қол соғып, қарсы алайық Моншақты

Мұратбай Моншақтың орындауында «Алғашқы қоңырау» әні. Қабыл алыңыздар.

Ендігі кезекте оқушыларымыздың өлең шумақтарын тағы бір тыңдап көрейік.

Иманғали: Әліппе жарты жылдай дос болдым

                    Ана тілге әкеп жалғастырдың

                   Әр әріпті қостырып, сөйлем құрап,

                    Хат танытып, алғаш сен көзімді аштың.

Сәлима: Біз ғана емес қадір тұтқан бабалар

                Аналардан небір туған даналар.

                Ана деген тіршіліктің тірегі

                Армысыздар, қасиетті аналар!

 

 

 

Мадияр: Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,

                Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.

               Алдарыңда жауқазындай құлпырған,

               Біз алаңсыз балғын шақты балалар.

Мұғалім: Баланың да тірегі,

                 Дананың да тірегі

                 Шаншымасын ешқашан

                 Аналардың жүрегі – дей келе аналардың құрметіне «Анашым» әнін қабыл алыңыздар.

Жәнібек: Мен бүгін бұрынғыдан саналымын

                 Қоңырау боп күмбірлейді жаңа күнім

                 Дәптердің жазылмаған ақ парағы

                 Ақ көйлекті жеті жасар балалығым!

Айтжан: Күмбір күмбір қоңырау

                Сағынған ай қыркүйек

                Қалам ұстап қолыма

                Жазылған ай қыркүйек.

Нұрайым: Ең алғаш алғанымда әліппені

                    Қызығып қарай бердім әріптерді

                    Мен үшін сыры жұмбақ бұл кітаптың

                    Ұстазым маған кілтін алып берді.

Перизат пен Моншақтың орындауындағы заманауи биді қарсы алыңыздар.

Мұғалім: Ал, балалар Әліппеміз асығып тұр, басқа мектептерде де сендер сияқты 1 – сынып оқушылары Әліппемен қоштасып жатыр.

Әліппе: Сау болыздар, мен кетейін. Сендерді әрі қарай жетелейтін достарың Ана тілі болмақ. Ендігі кезекте Ана тілін ортаға шақырайық.

Балалар хормен: Ана тілі, Ана тілі

Мұғалім: О, біздің Ана тіліміз жаңа жылды сүйреп келеді. Шанасын сүйретіп, шыршаны тиеп алыпты.

Ана тілі: Сәлеметсіңдер ме, балалар?

                Туған елдің тілімін,

                Ақылымен танылам

                Түсіндірер бәріңе

                Ана тілі мен болам.

Әліппе: Ал, балалар ойын сауықтарыңды жүргізе беріңдер! Мен кетейін. Сабақтарыңды жақсы оқып, мұғалімдеріңді, ата – аналарыңды қуанышқа бөлеп жүре беріңдер!

(Әліппе кетіп қалады)

Ана тілі: Ана тілің арың бұл

                Ұятың боп тұр бетте

                Өзге тілдің бәрін біл

                Өз тіліңді құрметте – деп ақын атамыз айтқандай, мен ана тілі оқулығымын. Сендердің өнерлеріңді көріп, қуанып тұрмын. Тағы қандай өнерлерің бар?

Мұғалім: Бишілер бар біздерде қыздар тобы

                 Мерекеге өнерімен келген бүгін,

                 Таң қалдырып қанекей би билеші

                 Қол соғып, демеу болар көрермендер – демекші алдарыңызда сыныбымыздың биші қыздарының орындауында «Матрешка» биін тамашалаңыздар.

Мұғалім: Ермұрат Абылайдың орындауында «Құттықтаймын, апа» әнін қабыл алыңыздар.

Ана тілі: О, жарайсыңдар!

Менің сендерге арнап әкелген бір ойыным бар еді. Балалар, алдымызда қандай мереке келе жатыр? (Жаңа жыл). Дұрыс айтасыңдар, Жаңа жыл мерекесі. Жаңа жыл мерекесінің көркі, сәні шырша екенін бәріміз жақсы білеміз. Олай болса, «Шыршаны безендірейік» атты ойынды ойнап жіберейік.

(Сандықшаның ішінен оқушылар өздеріне ұнаған шырша ойыншықтарын таңдап алады да, ондағы жазылған сұраққа жауап беріп, шыршаға іледі)

1.      Біздің туған жеріміз, өсен жеріміз, Отанымыз қалай аталады? (Қазақстан)

2.      Отан туралы қандай мақал – мәтел білесіңдер?

3.      1 ден 10 – ға дейін тура және кері сана

4.      Балалар, ең алғаш Әліппені кім жазды? (Ахмет Байтұрсынұлы)

5.      Табиғат нешеге бөлінеді? Атын ата. (Екіге. Өлі және тірі)

6.      Математикалық жұмбақ

Табақта 8 алма

Қолымда 2 алма

Барлығын қосқанда

Болады неше алма? (10 алма)

7.      Қолымдағы тоғыз алманың

1 – еуі атам, 1 – еуі апама

Айтшы сонда қолымда нешеуі қалады? (7- еуі қалады)

8.      Дыбыстар нешеге бөлінеді? (Екіге. Дауысты, дауыссыз)

9.      10 санының құрамын айт

10.  9 санының құрамын айт

Көрініс: Әдепсіз бала рогаткамен торғай атып жүреді. Әдепті бала мектепке бара жатады.

1-ші бала: - Тоқта, қайда барасың?

2-ші бала: - Мектепке

1-ші бала: - Не бар онда? Жүр ойнайық.

2 – ші бала: Жоқ. Мен ойнамаймын. Сабақ оқимын. Міне, мынау – Әліппе. Оқып берейін бе?

1-ші бала: - Мынау не шимай?

2 – ші бала: Бұл жазу. Тыңда.

Мынау әйбат – Әліппе

Іші толы әріпке

Барлық ілім – білімнің

Әжесі осы – Әліппе!

Ал сен болсаң торғайларды өлтіріп жүрсің. Мен кеттім.

1-ші бала: - Әй, тоқташы, мені мектепке ала ма? Мен де оқуға барайыншы. (Үстін жөндеп, рогаткасын лақтырып, әдепті баланың артынан жүгіреді)

Мұғалім:Балалар, мына көріністен нені түсіндік? Әдепті, әдепсіз қылықтардың ара жігін ажырата алатын болдық. Әдепті болу үшін не істеуміз керек?

Балалар: Тәртіпті, үлкенді сыйлайтын, тыңдайтын болуымыз керек.

Ана тілі: Балалар, сендер жақсы білім алыпсыңдар! Сыныптарыңның шыршасын білімдеріңді көрсете отырып, безендірдіңдер. Құрметті ата – аналар, ұстаздар, оқушылар сіздерді жаңа жылдарыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Сіздерге жаңа табыс, үйлеріңізде ынтымақ, бірлік, береке, балаларыңыз сабақты «4» пен «5» ке оқуларына тілектеспін. Ал енді балалар, мен тойдың соңына дейін сендердің білімдеріңді тамашалаймын. Мен сендермен оқу жылының соңына дейін бірге боламын. Жақсы білім алуларыңа тілектеспін!

Мұғалім: Нұрай бізде өнерлі

                 Биді жақсы көреді

                 Қол соғыңдар, жамағат

                 Үндінің биін тамашалап – дей келе Темірхан Нұрайды үнді биімен қарсы алыңыздар.

Нұрғиса: Күннің нұры шуақты,

                  Сергітеді денемді

                 Құрдастарым сияқты

                 Оқушымен мен енді

Моншақ: Әліппе деген алтын жол

                Апарар сені алысқа

                Жеңіл емес ауыр жол

                Тырмысып бақ намысқа.

Ерасыл: Мынау сенің әліппең

              Балақай тұр жалықпа

              Үйреніпті әріптен

              Ұстаз, ғалым, алып та

 

             Барша – барша ғылымның

             Әліппеден басталар

             Жалғастырып білімін

             Жақсы бала дос болар.

Рахима: Таныстырған 42 әріппен

                Қош бол менің қасиетті Әліппем

                Сенің арқаң оқи жаза білгенім

                Сауатты адам қатарына кіргенім

Мұратбай Моншақ «Ұстазым» әні

Рамазан:Барлық әріп бағалы

                 Айттым әділ бағаны

                 Әріпсіз сөз болмайды

                  Буын онсыз толмайды.

Нұрқадыр: Менің атым – Әліппе

                    Мені атаңдай дәріпте

                    Мені оқып ержеткен

                    Бауыржан да, Мәлік те.

Бейбіт:

 

 

 

Хор: Рахмет, саған, Әліппе!

Мұғалім: Бүгінгі кеш әр үйдің той басы деп саналар,

                  Балалардың есімі әулеттерге таралар

                  Ырым етіп сондықтан ертеңгілік соңында

                  Ақ тілекпен баршаға тілек айтар қонақтар дей келе -

          

Мұғалім: Ана деген не деген

                 Ақ тілеулі жан еді

                Алғысын алып ананың

                Өсе бергім келеді – деп сөз кезегін ата – аналарымызға береміз.

Мұғалім:

Құрметті қонақтар!

Осымен 1 «А» сыныбының ««Әліппемен аштық білім есігін,

                                                      Тербетеміз Тәуелсіз ел бесігін» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Көніл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

 

 

 

         

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Әліппемен қоштасу.1 сынып ашық тәрбие сағаты"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Техник-конструктор

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 542 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.02.2018 235
    • DOCX 26.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Исаева Айнур Нуралиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Исаева Айнур Нуралиевна
    Исаева Айнур Нуралиевна
    • На сайте: 6 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 1402
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика обучения информатике в начальной школе

Учитель информатики в начальной школе

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 96 человек из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 222 человека

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках по русскому языку у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 484 человека

Курс повышения квалификации

Особенности развития критического мышления обучающихся в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 46 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 257 человек

Мини-курс

Психологические основы профессиональной деятельности педагога-психолога

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление стрессом и эмоциями

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 129 человек из 42 регионов
  • Этот курс уже прошли 74 человека

Мини-курс

Инновационные технологии для бизнеса

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе