Инфоурок Директору, завучу СтатьиМақала Басқару бағытындағы кездесетін конфликт жағдай

Мақала Басқару бағытындағы кездесетін конфликт жағдай

Скачать материал

 

Бірманова Қ.И.

№7 орта мектебінің  директоры

 

 

Бізді айнала қоршаған экологиялық таза ауа, таза су барына мән бермейміз. Су лайланып, ауа бұзылғанда ғана адамдар табиғаттың адам өміріне тікелей қатысы барына көз жеткізіп ойлана бастайды. Дәл осындай жағдай қарым-қатынаста орын алады: ұрыс-керіссіз өтіп жатқаны,сонымен қатар оны түзету жолдары туралы ойланбаймыз. Дау-жанжал(Конфликт) жағдайы әрқашан ойдағы кенеттен болатын өзгерістерді тудырады. Осы мағынада шығармашылық бастама негізі қаланған: конфликт процесінде, адам кездейсоқ жағдайға тап болады. Адам шығармашылық ізденісті жасауға міндетті және жаңашылдыққа бет бұру, қарым-қатынасқа қатысты түрлі тәсілдерді  пайдалана білу шарт.

Қатынас – маңызды рухани байлық. Қарым-қатынас арқасында адам айналадағы адамдармен түрлі қатынасқа түседі. Адамдардың бәрі бірдей емес, сонымен қатар олардың арасында да жанжал туындайды.

Дау-жанжал(Конфликт) – бұл қарама-қарсы жақты қақтығыстыру, айтылудың асқынған формасы

Осы жағдайда екі жақта бір-бірін  кінәлап, балағаттауда сараңдық танытпайды.

Елбасы Нұрсұлтан  Әбішұлы Қазақстан халқына жолдауында, елдің болашағын қоғам ретінде көреді.қай жерде адамның жоғары  қасиеті, рухани құндылықтары, ар-намысы болса ғана адам мәдениетті адам деп саналады. Сондықтанда адамзат , конфликтісіз адамзаттың гүлденуі  мен қоғамның  даму міндеттері бейбітшілік пен келісімде өмір сүргенде ғана  тұрақтылық болады.

Адам басқа адамдармен жақсылық тілеуші  ретінде  талпыну керек. Егер әр адам кез-келген  конфликтілік жағдаяттан  шығуды үйренсе болғаны. Бұл әр адамның қолынан келетін нәрсе.

Адамдар көп уақыттарын қарым-қатынаста өткізеді. Адам қарым-қатынас арқасында жеке, отбасылық, өндірістік, іскерлік және тағы да басқа айналасындағылармен қатынас жасайды. Өмірде адамдар арасындағы дау, тартыстың болатындығы ең бастысы адамдардың әртүрлі болуы. Жер бетінде біркелкі дәлме-дәл ұқсас адам баласы болмайды. Әлемде, айнала қоршаған ортада адамдар бір-бірін әр түрлі қабылдайды, көреді. Сонымен қатар олар түрлі ойлайды, тұжырым жасайды, талдайды.Олар өздерінің мінездерімен, мүмкіндіктерімен, қызығушылықтарымен ұқсас емес. Осының бәрі үнемі адамдар арасындағы қарама-қайшылыққа әкеліп соғады.  Қарама-қайшылықтар әр кезде болатынын түсінуіміз керек. Сол сияқты конфликті де өмірде орын алады, адамзаттың қарым-қатынас бөлігі іспетті, адамзат өз өмірін тоқтатқан жағдайда дау, тартыс та тоқтайды. Сондықтан да  «конфликт» сөзін білуге міндеттіміз.

«Конфликт» сөзі латын тілінен «conflictus»  шыққан және «қақтығысу» деген мағынаны білдіреді.

«Конфликт» сөзінің түрлі мағынасы бар, ол әрі ауқымды. Кейбіреулерін мысалға келтірсем:

Андреев В.И. «Конфликт – бұл қарама-қайшылықтың асқынған түрі, тартысқа қатысушы  екі адамның күресі, шиеленіскен даулы проблемаларды шешу жолы », деп санайды

 

Сонымен қатар  түсіндірме сөздікте : «Конфликт- дауласу, қарама-қарсы жақтың бір-бірімен қақтығысуы, талас, түрлі көзқарас, егес, тартыс деп анықтама береді.

 

«Конфликт» сөзінің   синонимдік қатары: күрес, соғыс, өшпенділік, істі анықтау, қырқысып таласу, жанжал, егес,тартыс,төбелес, қақтығыс, дау, ұрыс, соқтығысу, араздық, алауыздық, сөзге келіп қалу,келісеалмаушылық, араздық. Осы сөздердің мағыналарын ашып көрейік.

Күресу, тартысу – бір-бірімен алысу, тартысқа түсу.

Қастық – бір-біріне деген қайырымсыздық қатынастар,өзара жек көрушілік.

Төбелес – Ұрыссу, өзара беттерін көгертіп жанжалдасу.

Қақтығыс  – қарама-қарсы күштердің, талаптардың немесе мүдделердің қақтығысы.

Жанжал  – ұрыстың ұлғайған түрі, үлкен жанжалға айналуы.

Араздық – 1.Тәртіптің келісімнің жоқтығы;

2.Ұрыс-керіс,алауыздық.

Сөзге келіп қалу –   жеңіл ұрыс түрі.

Талас, егес – сөзбен тайталасу,тайталасушылар өз пікірлерін ғана ортаға салады.

Алауыздық – 1.көзқарастары, пікірлерінің сәйкессіздігінен, келісім

Ұрыс-керіс – 1. Өзара өштесу жағдайы, сөзге келіп қалу;

2.Айқай-шу.

Қақтығысу  - талас, ұрыс нәтижесінде келісе алмаушылық.

Жанжал – кішігірім ұрыс;

Конфликт әртүрлі болады:отбасылық, іскер,өндірістік, саяси және тағы басқа болады.

Тартыс әлеуметтік және бейәлеуметтік болып екіге бөлінеді. Әлеуметтік Тартыс субъектілері адамдар, ал бейәлеуметтік Тартысқа табиғат құбылыстары жатады. Аристотель қоғамды басқарушы және бағынушы адамдарға бөлді. Ол “әлсіздер әр уақытта теңдікке ұмтылса, басшылардың ойына бұл туралы кіріп те шықпайды” деп жазған. Орта ғасырларда Н.Макиавелли (1496 – 1527) өзінің “Мемлекет” еңбегінде, сондай-ақ Э.Роттердамский, Ф.Бэкон, Т.Гоббс сияқты атақты батыс зерттеушілері Тартысты кеңінен зерттеді. 18 ғасыр ойшылдары қарулы қақтығыстарға қарсы тұрып, оның себептерін Тартысты зерттеу арқылы тануға тырысты. Э.Кант “көршілестер арасында Тартыс әр уақытта болады, яғни бейбітшілік орнауға екі жақ та өз күштерін салуға тиісті

Кикілжің мәселелері мен кикілжіңді жағдайлар әрқашан да философтарды қоғамдық қызметкерлерді, оқымыстыларды қызықтырған. Қаншалықты қызықты әрі, ұзақ тарихи мәні болса да, қазіргі кезге дейін жалпыға бірдей анықтамасы «конфликтінің түсінігі әзірше құрылған жоқ, өйткені өте көп әртүрлі құбылыстар тым ұзақ категорияларға түсіп отырады . Ең алғашқы рет әлеуметтік кикілжіңнің табиғи рационалды мағынасын сынауға түсініктеме берген ежелгі грек философтары.

Психологияда конфликтің мынадай түрлері бар:

- Тұлғаішінде конфликт – қарама-қарсы бағыттағы жеке өзіне байланысты себептермен,қызығушылықтармен, мәселелермен тағы да басқа ұрыс-тартыс.

- Тұлғааралық  конфликтадамдар арасындағы қарым-қатынас,ситуация взаимодействия людей, при которой они либо преследуют несовместимые цели, либо придерживаются несовместимых ценностей и норм, пытаясь реализовать их во взаимоотношениях друг с другом, либо одновременно в острой конкурентной борьбе стремятся к достижению одной и той же цели, которая может быть достигнута лишь одной из конфликтующих сторон.

- топаралық  конфликт- конфликт жасайтындар әлеуметтік топ болып топтасады, өздерінің мақсаттар істерімен бір-біріне кедергілер келтіреді.

Конфликтінің  пайда болуы барлық салаларда кездеседі.  Конфликтінің  пайда болуы үшін  қажетті  факторлар қатарының болуы:

- себептің болуы, проблемалар, қарама-қайшылық;

- конфликті жағдай;

-  конфликтіге қатысушылар;

- қақтығыс.

Мысалы ,оқушылар арасындағы конфликтінің туу жағдайындағы негізгі себептерді қарастырайық.. Конфликт туындайды, негізінде

әлдекім рұқсатсыз  бөтен адамның  заттарын алғанда;

- әлдекім байқаусызда итеріп немесе соқтығып кеткенде;

- әлдекім біреуге саналы түрде жамандық жасаса;

- әлдекім біреуге өздігінен тиіссе;

- кімде кім біреуді мазақтаса;

- әлдекім басқаның пікіріне құлақ аспағанда;

- әлдекім басқаларды мұқалтқанда.

- адам аяншақ болғанда;

- әлдекім ойын, сайыстарда әділетсіз өзін көрсеткен жағдайда.

Конфликтіге қатысушылар –  екі не одан да көп адамдар немесе кей жағдайда қарама-қайшы  пікірдегі, идеядағы түрлі көзқарастағы  бір топ адам.  Біркелкі конфликтілік жағдайда әртүрлі адамдар өздерін түрлі жағынан көрсетеді.

Қазіргі психология кең таралған типтегі  конфликтіге қатысушы төрт  тұлғалы мінезді адамды көрсетеді:

1-і типтегі  – өшпенділік, конфликтінің дамуына  әрекет етуші;

2-й типтегі – тәртібі ымыралы шешімге келушілер;

3-і  Екі жақтың қабылдаған шешіміне бас ие отыра,  бағына бейімделушілер;

4-сі Конфликтіден кету бейімділігін анықтаушылар

Шынайы өмірде осы типтегілердің әрбірі таза күйінде кездеспейді, бірақ көпшілік адамдарды осы типтегі конфликтіге қатысушылар тобына  жатқызуға  болады.

«Эмоциональды сүрлеу жол» конфликтісі

Кез келген   конфликті жағдай кезеңдер ретімен жүреді.Біз   «Эмоциональды сүрлей жол» конфликтісін құрап көрелік.

1-і кезең. Біз оны «Бәрі, тамаша!» деп атадық,себебі бұл кезеңде бір—бірімізге, парталас көршімізбен, сыныптастарымызбен ортақ көзқараспен жақсы қарым-қатынас орнатамыз.

2-і кезең. «Қара жинақ сандықша». Уақыт өте келе адамдар арасындағы кикілжіңдер, реніш жинала келе туындайды. Ондай адамдар өмірде бар. Сондықтан да жағымсыз, қайшы сезімдер сандықшаға жинала береді.

3-і кезең «Төзім шегінде». Бұл кезеңде адамдар бір-біріне деген өкпе, реніштерін айта бастайды,  кикілжің барысында жек көретіндіктерін көрсетеді

 4-і кезең. Бұл кезеңді біз «Жарылу» деп атадық. Жүйкесінің тозғандығы, сәл нәрсені көтере алмау, адамдар арасындағы бір-біріне деген жек көрініштік.

5-і кезең. «Кім кінәлі?» Бұдан әрі қарай эмоциональды жағдайға душар болады. Бұл кезеңде адамдар конфликтіге қатысушыларды кешіре алмайды. Сонымен қатар өткен  жағдайға байланысты ойланады, іштей талқылайды, ненің дұрыс, бұрыс екенін таразыға салады, бұл жағдайда кімнің кінәлі екенін  шешеді.

6-ы кезең. «Мен сағынамын». Бұл кезеңде адам татуласуға әлі дайын емес, бірақ өз досын көруге сағынып жүр. Конфликт адамдар арасында өте ұзаққа созылуы мүмкін емес. Сондықтан да адам- бұл ақылмен  қонымды етіп ойлайтын, парасатты жан. Ол конфликтіден шығу жолдарын қарастырады. Ал, бұл дегеніміз, жаңа қарым-қатынас бастау кезеңі, адамдар бірін-бірі эмоциональды  сүрлеу жол» арқылы бірін-бірі жақындай түседі, іздейді..

7-і кезең. «Кел, татуласайық!» Конфликтінің бұл кезеңі ең маңызды болып табылады. Өйткені осы кезеңде адамдар арасындағы бір-бірімен сөйлесуі,бір-бірінен кешірім сұрау, татуласуға әкеліп соғады.

Бұдан шығарар қорытынды, әрқашанда конфликтіні шешу жолдарының әдістерін дұрыс  үйрену керек.

Конфликтіні шешу жолдары

 

Әр адам кез-келген өмірдегі қиыншылыққа қарамастан конфликтіні бейбіт жолмен , мәмлеге келе отыра , ақылмен  шешуге тырмысу керек екенін түсінуі керек. Сондықтан да адам алдымен конфликтілі жағдайда өзінің мінез-құлқын тани алуы  керек. Бұл үшін түрлі рөлдік ойындар, жаттығулар көмектеседі.

Конфликтіні шешудің көптеген әдістері бар. Кейбіреуінен мысал келтірсем:

«Рөлдік тренинг».

Адам қайғы, уайым, азап яғни,ешкімге зияны тимейтіндей,азап тартпайтындай  конфликтіні болдырмау жолдарын үйрену керек. Сөйлесу барысында  айтушы тұлғаның   бет- қимылы, кескін –келбеты, ым, ишара,  дауыс қарқынына әсер етуі тиіс. Адамдар арасында сөйлескен уаққытта ым, ишара, дауыс қарқыны, бет-қимыл  аралықтарының айырмашылығын түсіну керек. Басқа адамдармен сөйлескен кезде осы белгілерді қолдануға болады.

Әр келіспеушіліктердің өзінің себебі болады. Солардан аулақ қашудан нақты ұстанымдырды сақталу керек. мысалға айтқанда: Іскерлік кездесу де өзіне тән этикет, іс әрекет ұстанымы бар. Іскерліктің маңызды принциптеріне сенім жатады. Сенім адамдардың қарым қатыныстардың мүмкін екенін білдіру факторы. Сенім жоғалтқан жағдайда үміт үзіледі, үміт үзілсе бәрі бітеді. Үміт өте маңызды нәрсе. Қандай да ұжым қарым қатынас адамның көңілінен басталады. Ашық, жарқын көңіл күйде болу керек. айналаға нұрын себу керек. Ұрыс керіс , айқай, шу шығару қажет емес.

Қандай жағдай болса да сабыр сақтап кесдесулерде бәріне жағымды атмосфера орнату керек. Маңызды әдеп -ол амандасу. Адамдардың бір біріне деген ықыласын , мейрімін көрсету белгісі. Жақсы, сыпайы сөйлесу әдептіліктің маңызды шарты. Еркін және сенімді сөйлеу, елдердің тілдерін білу іскер адамға пайдалы және маңызды. Кездесулерде тыңдай білу -үлкен өнегелік.

 Жүздескенде жылы шырай таныту, басқалардың сенімін жоғалтпай, айтқан уәдеде тұра білу, өз бас пайдасын ойлай тұра басқалардың құқығын тәрк етпеу сияқты әрекеттер іскер адамға қажетті құлық, өмірлік ұстаным болуы тиіс. Басшы мен бағынушы арасындағы қарым-қатынас ерекшелігі олардың белгілі бір жағдайда  тең еместігінен туындайды. Ұлық болсаң, кішік бол! деп халық даналығы бекер айтпаған, бастық қарамағындағылармен неғұрлым сыпайы болса, соғұрлым шынайы ниетке ие болады. Басқаны тыңдай білу — үлкен өнегелік. Тіпті өзіңнің айтылғанмен келіспеушілігің бола тұра, қарсыласыңды соңына дейін тыңдап шығу тәрбиелілік нышандарының бірі. Бағынушыға ұжымдағы өз мәртебесіне, өз орнына сай міндеттерден тысқары талап қойылған сәтте басқарушы бұйрықты раймен емес, сұраныс, өтініш айтса жөн. Бұл—оның көрегендігі әрі ортақ іске пайдалы нәрсе жасағандығы болар еді. Басшының өз қарамағындағыларға көңіл аудара білуі де, яғни жұмыстағы жетістіктеріне, өмірлік қуаныштарына ортақтаса білуі де ұжымдағы жағымды, үйлесімді қарым-қатынастарды қалыптастыруға көп әсерін тигізеді.

Рөлдік тренингтер үшін жағдаяттар:

1.     Мұғалім оқушыларға  дауыс көтеріп айтады: «Не,болды ынжық! Үнемі дәптеріңді ұмытып жүресің!», сосын  баяу дауыспен: «Не, болды дәптеріңді қайда қойғаныңды  білмей тұрсың ба

2.     Оқушылар  өздерінің парталас достарына: «Ей,тағы да хан сияқты отырсың  ғой! Маған орын да қалмапты!», содан кейін  бәсең дауыспен, нақты: «Тыңдашы, сен әрірек жылжысаң қайтеді, әйтпесе маған орын болмайын деп тұр.».

3.     Оқушы қаталдықпен  дөңгелек үстел басында өзінің  орнына отырып қойған жолдасына айтады: «Ей! Қысқасы! Бұл менің орным! Кет бұл жерден» ал содан кейін бәсең дауыспен: «Бұл менің орным. Мен қағазды қоқысқа тастайын деп, бір минутқа кетіп қалғанмын. Басқа жерге отыршы, өтінемін!»

Тренинг қорытындысы:

- Сіздер бір-бірлеріңізбен жиі сөйлесесіз бе? Өшпенділікпен бе , әлде жақсы қарым-қатынаспен бе? Ал басқалардан сізге не қажет? Бұл кімге байланысты?

-  Қандай жағдайда  конфликтіден қашуға болады?

.            Қарым-қатынас ережесі.

1.     Ұстамды әрі байсалды болыңыз.

2.     Өзіңе және басқаларға құрметпен қара.

3.     Сөзді аяғына дейін тыңдауды үйрен.

4.     Сөзді бөлмеңіз.

5.     Қорлама, алдама, мазақтама, намысына тиме.

6.     Байсалды дауыспен сөйлеңіз.

7.     Егерде түсінбей қалсаңыз, сұрақ қойыңыз, нақтылап анықтаңыз.

8.     Даулы жағдайда  сіздерге төрелік айтатын адамды шақырыңыз.

9.     Келісеалмаушылықты жою үшін, бар күшіңізді салыңыз.

10. Өз қателігіңізді талдаңыз. Өз қатеңді мойындауды үйрен.

Осы кеңестерді ұсына отыра адамдар келеңсіз жағдайдардан бойын аулақ ұстауға, конфликті болуына жол бермеуіне септігін тигізеді. Өз өмірінде  қарым-қатынас ережесін сақтай отыра, сіздер айналаңыздағы адамдармен жақсылық орнатасыз, мейірімді, кеңпейіл, кешірімді, салмақты әрі  шын ниетпен үйлесімдік қалыптастыра аласыз. Бұл яғни адам өміріндегі   ең басты таптырмас рухани- құндылықтар  екенін білген жөн.

Конфликт – бұл да шынайы емес адамның жағдайы. Конфликт  психологиялық шиеленіске және күйзеліске әкеп соғады. Сондықтан да ең бастысы істі конфликтіге әкеп соқпау. Барлық сұрақтарды бейбітшілік жолмен, адамгершілікпен  шешу қажет.

Біздің өміріміз, адамдармен тіл табысу, қарым-қатынасқа түсу  арқылы әрі қызықты, әрі тартымды. Адам әрқашанда адамдармен, айналасындағы дос, жолдастарымен  жақсы тілекпен, жақсы ниетпен ұмтыла отыра,   қарым-қатынасқа  түсуді қалыптастыру керек. Өнердің бұл түрін  үйрену керек.

 

 

Рудный қаласы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Мақала Басқару бағытындағы кездесетін конфликт жағдай"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 6 месяцев

Менеджер по управлению сервисами ИТ

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 668 222 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 30.01.2017 2703
    • DOCX 28.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бирманова Кымбат Исланбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Бирманова Кымбат Исланбековна
    Бирманова Кымбат Исланбековна
    • На сайте: 7 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 20698
    • Всего материалов: 14

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Сторителлинг

72 ч. — 180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 147 человек из 44 регионов
  • Этот курс уже прошли 166 человек

Курс повышения квалификации

Геймификация как универсальная технология развития внутренней учебной мотивации школьников

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 83 человека из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 239 человек

Курс повышения квалификации

Цифровые технологии в сестринском деле и работе младшего медицинского персонала

36 ч.

1580 руб. 940 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Судебные процессы и их особенности

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 14 человек

Мини-курс

Понимание психологических феноменов

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Техническое обслуживание и диагностика сельскохозяйственной техники

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе