Инфоурок Дошкольное образование СтатьиМақала "Шағын жинақы мектептердің қазіргі жағдайы"

Мақала "Шағын жинақы мектептердің қазіргі жағдайы"

Скачать материал

«Шағын жинақты мектеп: қазіргі жағдайы және даму болашағы»

 

Нигметова Ардак Сериккалиевна

Новопавлов Жалпы Орта Білім Беретін Мектебі

 

Еліміздің жер көлемі ауқымды. және халқы сирек орналасқан. Қазір ауылдық жерлерде  бала саны, мұғалім, сынып саны аз шағын жинақталған мектептер (ШЖМ)  артуда.. «Аз комплектілі мектеп» ұғымына ҚР «Білім туралы» Заңында (1 бап 23 тармақ): «Шағын контингенті қосарланған сынып комплектісі және оқу сабақтарын ұйымдастыруға өзіндік ерекше үлгісі бар жалпы білім беретін мектеп» - ретінде қараған. Олай болса, аз комплектілі мектептің жұмысында да ерекшелік мол, проблемасы көп, бірақ бұл мектептерді жауып тастауға болмайды. Бір мезгілде әртүрлі жастағы оқушылардың бір бөлмеде отырып білім алуы мұғалімге, оқушыға да оңай тимесі анық. Кәсіби шебер ұстаз ғана бұл қиындықты жеңеді. Қазір мұндай мектептердің басым бөлігі аудан орталығынан шалғай орналасқан мекендерде. Ал  мектептер болса,қазіргі ауылдық жердегі оқушы ғана емес, ауыл тұрғындары үшін де мәдениет орталығы болып отыр. Сондықтан ШЖМ-ге мемлекет тарапынан мүмкіндігінше қомқорлық жасалуда, Ғылым және білім министрінің жаңа бұйрығы жарияланды. Мұнда шағын жинақталған мектептерді сақтау, оларды дамыту талаптары қойылған. Жаңа талап бойынша шағын жинақталған бастауыш, негізгі және орта мектердегі бала саны азайтылды және бірінші, тоғызыншы, он бірінші кластар бала санына қарамастан, қанша бала болса да бөлек сынып болып оқытылатын болды.

Шағын жинақталған мектептердің оқу тәрбие үрдісін жетілдіру, дамыту үшін мұғалімдердің педагогикалық іскерлігін шыңдап, шығармашылықпен жұмыс жасауға бағыттау керек. Олармен әдістемелік жұмыстарды әдіскер – мұғалім – әдістемелік бірлестік үш бірлігін сақтай отырып жүргізген тиімді. Сондықтан шағын жинақталған мектепке  институт қабырғасынан шыққан жас маман екі класты қатар оқыту практикасынан өтпеген, оның әдістемесін толық меңгермеген болып келеді. Сол себепті шағын жинақталған мектеп мұғалімдеріне мектеп  жұмысын терең де мазмұнды жоспарлауға нұсқау беріп, білім берудің жаңа технологияларымен жұмыс жасауға бағыттаған жөн. Әдістемелік көмектер беру үшін сабақтарына тікелей қатысып, әдістемелік талдау жасап,  жекеше және топтық, ауызша және жазбаша кеңестер берген дұрыс болады. Шағын жинақталған мектептерді тұрған орындарына қарай топтастырып, «Әдістемелік күндер» өткізу тиімді. Әдістемелік күнде ашық сабақтармен қатар теориялық баяндамалар да қойылып, тәжірибе алмасуды ұйымдастыруға болады. Шағын жинақталған мектеп мұғалімдерінің шеберлігін шыңдаудың тағы бір жолдары –  шағын жинақталған мектеп мұғалімдері үшін сайыстар, байқаулар, бір пәндік немесе бір тақырыптық панорамалық сабақтар сайысын, имитациялық ойындар өткізу. Мұғалімдерге пәрменді әдістемелік көмектер ұйымдастырып, білім берудің жаңа технологияларын шағын жинақталған мектептер практикасына ендіре отырып,  білім беру мен білімнің  сапасын көтеріп, оқушының белсенділігі мен  ізденісін арттыра аламыз. Мұғалімдердің жаңашылдық (инновациялық) белсенділігі қалыптасып, жоғары шығармашылыққа ұмтылады, интелектуалдық белсенділігі жоғарылайды

    Шағын жинақты мектептер – бұл алыс мекендерде орналасқан қазақ ауылдарының ұйтқысы, олардың әлеуметтік-мәдени дамуының өзегі. Елбасының «Ауыл – бұл халық өмірінің бейнесі, мәдениеті, дәстүрінің, салты мен рухани өмірінің қайнар көзі. Тек қана осы факторлар жиынтығы бізден ауыл мәселелеріне, соның ішінде оның мектебіне өте сергек қарауымызды талап етеді» дегені үлкен міндеттер жүктейді. 
Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының ерекшеліктері, ауыл тұрғындарының қалаға көшуі, жастардың ауылда тұрақтамауы шағын мектептер санының көп болуына тіреп отыр. 
Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында шағын жинақты мектептерді дамыту проблемасы басым бағыттардың бірі болып белгіленген.
Шағын жинақты мектептің оқу-тәрбие қызметіндегі қиындықтар осы мектептерге, біріктірілген сыныптарға арналған арнайы оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдардың болмауынан туындап отыр. Пән мұғалімдерінің жетіспеуі немесе жүктеменің аздығы салдарынан шағын мектептерде бір мұғалімнің бірнеше пән бойынша сабақ беруіне тура келеді. Біріктірілген сыныптарда мұғалім бір мезгілде екі сыныпқа қатар сабақ өткізеді. Осыған байланысты әр сыныпқа жаңа сабақты түсіндіру кезінде мұғалім сабақ уақытының белгілі бір бөлігін ғана жұмсай алады. Мұндай біріктірілген сыныптардағы сабақтарды ұйымдастыру кез келген мұғалімнен, әсіресе жас мамандардан шығармашылық ізденісті, кәсіби жоғары шеберлікті талап етеді. Мұның өзі шағын жинақты мектептің біріктірілген сыныптарында сабақ өткізуде мұғалімдерге әдістемелік көмекші болатын құралдардың қажеттілігін туындатады. Шағын жинақталған мектептердің проблемалары жетерлік Әсіресе, бастауыш және негізгі мектептердің жағдайы маз емес. Материалдық-техникалық базасы төмен деңгейде. Арнайы жабдықталған пәндік кабинеттер, зертханалармен жабдықталмаған  . Көрнекі құралдар жоқтың қасы. Интернет желісі қосылған ауылдар өте сирек десе де болады. Кітап қоры мүлдем жеткіліксіз. Арнайы дайындалған кадрлар тапшы. Бір пәннің мұғалімі бірнеше пәннен сабақ беруіне тура келеді. Мұның үстіне, бала саны аз болғандықтан сыныптар топтастырылып сабақ өтетіндігін ескерсек, оқушының бағдарламаны толық меңгеріп, жан-жақты, дұрыс білім алуына қиындық туғызып отыр. 
Статистикаға сүйенсек, елімізде әрбір төртінші мұғалім шағын жинақталған мектептерде жұмыс істесе, әрбір алтыншы оқушы осы мектептерде білім алатыны белгілі болды.
Біріктірілген сыныптардағы оқушылардың бағдарламалық материалды сапалы меңгеруі, негізінен, олардың өзіндік жұмыстарды орындауымен тығыз байланысты. Оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру шағын жинақты мектептегі сабақтың негізгі бөлігін құрайды. Осы себепті оқу үрдісінде өзіндік жұмыстың оңтайлы түрлері мен тәсілдерін таңдап, оқушылардың өзіндік белсенді қызметін ұйымдастыру сабақ мақсатына қол жеткізуге мүмкіндік береді. 
         Шағын жинақты мектептер ішінде ерекше көңіл бөлетін мәселе: аудан орталығынан шалғай, алыс жерлерде орналасқан шағын жинақты бастауыш мектеп проблемалары. Көптеген аз қонысты ауылдар болашағы осы ауылдағы бала саны 5-8 немесе 10-15-тен аспайтын шағын жинақты бастауыш мектептерді сақтап қалумен тікелей байланысты.
            Шағын жинақты бастауыш мектептерде төмендегідей мәселелер бар екендігі анықталған:
- материалдық-техникалық және оқу-әдістемелік қамтылудың төмендігі;
- ақпараттық технологияларды қолдану мүмкіндіктерінің болмауы;
- бастауыш мектеп ғимараттары кішкентай, ескі үйлерде орналасқандықтан, оқушылардың ыстық тамақпен толық қамтамасыз етілмеуі;
- тірек мектептерінен алыс орналасқандықтан, әдістемелік көмек ұйымдастыруда қиындықтардың туындауы;
- шағын жинақты бастауыш мектептерде асхананың, спорт залдарының жоқтығы.
       Шағын жинақты мектептерде оқушылардың білім деңгейін мемлекеттік 
стандарт дәрежесіне көтеру, оқу-тәрбие жұмысының мазмұнын жақсарту – қазіргі уақытта өзекті мәселелердің бірі. Шағын жинақталған мектептерде мұғалімнің негізгі мақсаты: бағдарлама мен мектеп белгілеген жоспарды орындап шығу екені белгілі. Бұл үшін шағын жинақты мектепте оқу-тәрбие үрдісін кіріктіре оқытудың әдістерін тиімді пайдалана отырып өткізу керек. Екі сынып қатар оқытылатындықтан сабақ кестесін, сабақ жоспарын дұрыс әзірлеу, оқушылардың өздері орындайтын жұмыстарын шебер ұйымдастыру, сабақ уақытын дұрыс пайдалану мәселесі туындайды.
Кіріктірілген сабақтарда оқушыға өзі өмір сүретін орта туралы, құбылыстар мен заттардың байланысы жайында ауқымды және айқын түсінік беріледі. Мұнда негізгі басымдылық қандай да бір білім көлемін игеруге емес, бейнелі ойлауды дамытуға беріледі. 
Шағын жинақталған мектепте кіріктіріп оқытудың бұл ерекшеліктері алдыңғы алған білімін қайта жаңғыртуға көмектеседі. Бұл байланыс оқыту барысында нақты жаттығулар мен тапсырмалар арқылы нығая түседі. Осы ерекшеліктерді ескере отырып шағын жинақты мектептердің мұғаліміне мынадай талаптар қойылып отыр:
- өздігінен білім көтерудің тиімді әдістерін таңдай білу;
- шағын жинақталған мектеп жағдайына қарай бейімдеу, оқу үрдісін сапаландыру;
- әртүрлі жастағы оқушылар ұжымын басқара білу;
- оқушылардың бірін-бірі өзара білім алуды сапаландыру бағытын дамыту;
- оқушылардың бір отбасы балалары сияқты болып, өзін-өзі басқара білуін ұйымдастыру;
- оқуышылар арасындағы бір-біріне деген сенімділігін және сыйластықтарын арттыру;
- оқушылардың ата-аналарын қоғамдық-педагогикалық жұмыстарға қатыстыру.
Шағын жинақты мектепте оқу үдерісін ұйымдастыруда тиімді педагогикалық технологиялар (деңгейлеп, саралап оқыту, ұжымдық оқыту, дидактикалық бірлікті ірілендіру, дамыта оқыту, модульдік оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технология және т.б.) қолданылады.
Деңгейлеп оқыту оқушылардың жас және білім деңгейі ерекшеліктерін ескере отырып, деңгейлік тапсырмалар беру арқылы олардың танымдық белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Ұжымдық оқыту әдісі динамикалық жұптар құра отырып, оқушылар арасында танымдық қарым-қатынасын, оқушылардың бірін-бірі оқытуын ұйымдастыру болып табылады. Ұжымдық оқыту әдісі балалардың қарым-қатынасы тапшылығын азайтуға, ауылдық жерлерде оқушылардың аздығы жағдайында оқушылардың монологтік және диалогтік сөйлеу қабілеттерін дамытуға жағдай жасап, мұғалімнің жалпы сыныппен жұмысын азайтып, жекелей оқыту уақытын көбейтуге мүмкіндік береді.
Дидактикалық бірлікті ірілендіру (ДБІ) - ақпараттардың біртұтас игерілуін қамтамасыз ететін, мағыналық қисынды байланыстар негізінде білімдік ұғымдарды біріктіру жүйесі. Бұл технология оқу пәндері және салалас пәндер блоктарының ішіндегі материалдардың дидактикалық құрылымын құру арқылы аралас сынып сабақтарын ұтымды өткізуге мүмкіндік жасайды

      ШЖМ – тәрбие жұмыстары мен формаларының әдістерін арттыру- бүгінгі заман талабы. Сөйтіп, мұның бәрі шағын жинақталған мектептердің жұмысына әдістемелік көмек  көрсетуде тұтас  парадигманың қалыптасуын  көрсетеді. Ұрпақ тәрбиесі – ел алдындағы маңызы зор міндет. Еліміздің экономикалық, саяси, мәдени дамуына үлкен үлес қосатын, әлемдік цивилизацияға көтерілетін білімді де мәдениетті, парасатты, денсаулығы мықты азамат тәрбиелеп шығару – мектептің, ұстаздар қауымының бүгінгі таңдағы баға жетпес міндетін шағын жинақталған мектептер де бірге атқаруы керек. Белгілі қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаев ағарту қызметкерлерімен бір кездесуінде жас ұрпақ тәрбиесі туралы «Қандай шәкіртке, қандай мұғалімге, қандай мектепке көңіліңіз бітер еді» деген сауалға: «Өзін өзі жете танығысы келген шәкіртке, оған жеткізе жәрдем бере алатын мұғалімге, сондай шәкіртпен, сондай мұғалімге жеткілікті жағдай жасай алған мектепке көңілім бітеді» деп толғаныспен жауап берген-ді.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

·                   11. Ғылыми-әдістемелік «Ұстаз» журналының қосымшасы №1, 2012 ж
2. «Қазақстан мектебі» журналы, №10, 2012 ж
3. «Қазақстан мектебі» журналы, №11, 2013 ж
4. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.

 



Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Мақала "Шағын жинақы мектептердің қазіргі жағдайы""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель ремонтной службы

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 668 222 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.06.2018 4060
    • DOCX 26.2 кбайт
    • 45 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Нигметова Ардак Сериккалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Нигметова Ардак Сериккалиевна
    Нигметова Ардак Сериккалиевна
    • На сайте: 5 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7631
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Организация и содержание работы логопеда-дефектолога в условиях реализации ФГОС ДО

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 48 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 387 человек

Курс профессиональной переподготовки

Младший воспитатель: участие в планировании и организации повседневной жизнедеятельности детей дошкольного возраста

Младший воспитатель

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 231 человек из 41 региона
  • Этот курс уже прошли 1 462 человека

Курс повышения квалификации

ФГОС ДОО. Развитие поисковой активности, инициативы и познавательной мотивации методом экспериментирования у детей дошкольного возраста

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 27 человек из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 542 человека

Мини-курс

Инновационные технологии в краеведческой и географической работе со школьниками: применение туристических приемов для эффективного обучения

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные направления в архитектуре

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Музыкальная культура: от истории до современности

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе