Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Конспекты / Маңғыстау - келісім мен бірліктің мекені! 5-сынып

Маңғыстау - келісім мен бірліктің мекені! 5-сынып



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:

D:\Фото\Новая папка (3)\IMG_1615.JPG

Маңғыстау облысы.

Ақтау қаласы

‹‹№21 жалпы білім беру орта мектебі›› коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Биология пәні мұғалімі: жас маман Тұрашева Кәмшат Селбайқызы

Біліктілігі: Жас маман.

5 "г" сынып жетекшісі.

Тақырыбы: Маңғыстау - келісім мен бірліктің мекені!

Мақсаты: Халқымыздың батыр ұл-қыздарының ерлік істерін насихаттау жастарды патриоттыққа тәрбиелеу. Қазақстанда тұратын көп ұлттың достығы мен тұтастығын, адал ниеті мен мақсат-мүдде ортақтығының символына айналған ынтымақтастық мерекені ұмытпауға баулу. «Құрмет», «Сүйіспеншілік», «Достық», «Ынтымақ» құндылықтарының маңызын түсіндіру.
Міндеттері:
- сыйластық, татулық, бақыт ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту.
- жағымды қарым-қатынасты дамыту.
- өзара достыққа, Отанын құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақстанның рәміздерінің суреттері, слайд.

Өмірде ешкім азамат болып тумайды. Басында бұлағы бар өзеннің ұзақ ағатыны секілді, өнегелі ата-ананың тәліміне сусындап- адалдық еңбек сүйгіштік, бауырмалдық рухта ер жеткен бала, мектеп, қоғам тәрбиесін де бойына жақсы сіңіреді. Бауырмалдықтың кең мағынасы - халықаралық достық. Азаматтықтың, батырлықтың бір негізі - осы бауырмалдықтан шығады. Ерлік аспаннан түспейді, ол Отанды сүюден басталады. Ал Отанды сүю үй ішіңнен, отбасынан өседі. Өз отбасын сыйлап, құрметтеген адам халқының да қадіріне жетеді. Халқын қадірлеген сын сағаттан сүрінбей өтеді. Елін сүйген - ер атанады. Өйткені, ерлік - білекте емес, жүректе.Елін сүйген ерлер батыл жүрегімен, намысшылдығымен жауына тойтарыс берді. Ақтық демі қалғанша соғысқан қазақ батырлары Б.Момышұлы, Ә.Молдағұлова, М.Мәметова, Р.Қошқарбаев, Ғ.Ахмедияров, Қ.Қайсенов сынды қазақ батырларының зор еңбегі сіңді. Солардың арқасында еліміз гүлденген әлемге айналды. Қазақ батырларының аты ұмытылмай, оларға "Халық қаhарманы " атты атақ берілді.

Ел мен үшін не істей алады деп сұрама, қайта ел үшін өзім не істей аламын деп сұра?! Бабаларымыз елін, тілін қорғап, болашақ, яғни қазіргі Қазақстан үшін жанын қиды. Бірліктің, достықтың, ерліктің арқасында Ұлы Отан соғысында жеңіске жеттік. Қазақ халқы өздерінің ұлтшыл, намысшыл болуының әсерінен 1991 жылы Қазақстан тәуелсіз мемлекетке айналды. Ата-бабаларымыз «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып», өскелең кейінгі ұрпаққа бірлікті, жұдырықтай жұмылуды өсиет еткен. Дана қазақ: «Ырыс, қайда барасың? Ынтымаққа барамын» деп қадап айтуы бекер емес. Ал, ұлт ұстазы, хакім Абайдың: «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» деген нақыл сөзі келешекке қалдырған аманаты іспеттес. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бұрынғы өткен даналардың сөзіне егемендік жылдар белесінде әрдайым жүгініп келе жатқанына куә болып отырмыз. Соның тағы бір нақты айғағы ретінде Елбасының «Нұр Отан» партиясы саяси кеңесінің отырысында «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты халыққа арнаған жаңа Жолдауын ерекше атап өтуге болады. Еліміз үшін маңызды болып табылатын жаңа экономикалық саясатта кемел келешегімізді айқындайтын басым бағыттармен бірге, тұрақтылықтың негізі – еліміздің әлеуметтік, рухани-мәдени мәселелерін де атап айтып, «Мәңгілік Ел» идеясының қазақстандықтар үшін маңызын толығымен түсіндіріп өтті. Бұл шешімдер Мемлекет басшысының алысты болжай білетін кемел көрегендігін тағы бір айқын танытқан елеулі қадамы болғанын айтқан ләзім. Күллі әлемдегі кез келген егемен мемлекеттің сан ғасырлар белесінде өз маңызы мен құнын жоғалтпай, бабадан балаға асыл мұра болып келе жатқан заңдар жинағы болады. Осындай Ата Заң, яғни еліміздің әлемдік өркениетке қарай қарышты қадам басуының алғышарттарын жасап берген жасампаз құжат егемендіктің елең-алаң шағында қабылданған болатын. Бұл қазақ жерін мекендеген байырғы жұрттың сан ғасырлық арманы болса, демократиялық даму жолын таңдаған жас республиканың басқа елдермен терезесі тең болып, қанатын кеңінен жаюына мүмкіндік береді. Әлемдік дағдарыс сынақтары кезеңінде ел экономикасын тұрақтандырып, алдын алудың барлық шараларын қабылдау қажеттілігі туындады. Ия, мемлекетіміздің қысқа уақыт аралығында өз Конституциясын жасап, қабылдағаны талайларды таңқалдырғаны рас. Десе де біз құптай қарағандарға да, сынай үңілгендерге де мән берместен өлшеулі уақыт, табанды талап, шығармашылық іс-әрекеттің арқасында алға қойған мақсатымызға жеттік. 
Ата Заң – ата-бабалар армандаған азаттығыңды айқындайтын, егемендігіңді паш ететін, Тәуелсіз ел екендігіңді танытатын, дербес мемлекеттігіңді көрсететін қастерлі құжат. Ата Заң – елдігіміздің тірегі, азаматтың арқа сүйер алтын арқауы. Біздің күллі тыныс-тіршілігімізді, өмір салтымыз, қоғамның тамыр бүлкілі – барлығы сол Заңнан бастау алатындығы рас.

Ата Заң – ұлтаралық татулықтың алтын діңгегі. Бүкіл халықтың игілігін көздейтін конституция қоғам мен биліктің тұрақтылығын қамтамасыз етіп қана қоймай, Қазақстанның әлем таныған мемлекетке айналуына оң ықпал етті. Еліміз – зайырлы мемлекет. Айқара ашылған құшағына, кең қолтығына сан тағдырлы сан мыңдаған ұлтты біріктіріп жатыр. «Береке бастау бірлік, ел іші тату тірлік» демекші, ел басына күн туып, ер етігімен су кешкен қиын-қыстау замандарда киіз туырлықты қазақ ұлтын ұлт ретінде сақтап қалған бірлігі мен ынтымағы десек, артық айтқанымыз емес. Достық пен ынтымақ бар жерде береке мен ырыс болары айдан анық. «Бірлік бар жерде — тірлік бар» дейді біздің халық. Дана жұрт мұны тегіннен-тегін айта салмаса керек. Ауызбірлік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерлерге қашанда нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі. Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді. Қазақстанның көпұлтты халқының татулығы, ынтымақтастығы, бейбітшілігі біздің еліміздің ең басты байлығы. Оны көздің қарашығындай сақтауға тырысуымыз керек.
Біздің мемлекетіміздің басты жетістігі еліміздің халықтарының ұлтаралық және конфессияаралық келісімі, өзара түсіністігі мен сыйластығы болып табылады. Статистикалық деректер бойынша, елде 140 этнос пен 46 діни қауымдастық бар екендігі белгілі. Осылардың арасында ешқандай да келіспеушілік, дүрдараздық жоқ. Олар Қазақстанды ортақ Отаны санайды. Елімізде ынтымақ пен бірліктің қаймағы бұзылмай сақталуында бірегей қоғамдық институт – Қазақстан халқы Ассамблеясының алатын орны ерекше. Қазақстан халқы Ассамблеясы халқымыздың адамгершілігі мен толеранттылығының таңғажайып үлгісі. Мұндай қасиет тұтас ұлттың басына бір күнде орнай салмайтыны бесенеден белгілі. Бұл – халықтың сана-сезімінің, салт-дәстүрінің, рухани байлығының кемелденгенінің айқын нышаны. Осы тұрғыдан алып қарасақ, Қазақстандағы қоғамдық қарым-қатынастардың белгілі бір дәрежеге көтерілегенін анық аңғарамыз. Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылғаннан бері республикадағы ұлтаралық қарым-қатынастар экономикалық және саяси реформалар өткізу барысында жаңаланды. Қоғамда еркін ойлау мен толеранттылық нығайып, этномәдени бірлестіктер табысты даму үстінде. Азаматтардың, әсіресе жастардың арасында мемлекеттік тілді үйренудің табиғи процесі жүріп жатыр. Қазақстанның тілдік байлығы жалпықазақстандық мәдениетті байытып, көпұлтты Қазақстанның бірлігін нығайтатын фактор болып табылады.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының ресми басталуына орай арнаған сөзінде: «Бұл жыл – ортақ тарих пен тағдыр мәңгілікке біріктірген халқымыздың бірлігін паш ететін жыл. Қазақстан – бұл біртұтас жер, біртұтас халық, ортақ болашақ! Сондықтан, Ассамблея жылының басты идеясы – «Менің Елім – Мәңгілік Ел!» деп бұл шешімінің мән-маңызына тоқталып өткен болатын. Шындығында да, «алтау ала болса ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі келеді» деп бабаларымыз ел бірлігі жөнінде өте орынды айтқан.  Біз қазіргі күні экономикалық жетістіктерді, әлеуметтік игіліктерді, саяси тұрақтылық пен мәдени өркендеуді бастан кешіріп отырмыз. Елдің қол жеткен табыстарына, біздегі орын алған татулық пен түсіністік жағдайларына әлемдік өркениет қызығушылық танытуда. Осының өзі көңілді марқайтып, туған елге, Отанға деген сүйіспеншілік сезіміңді арттыра түседі. Әрине, дос сүйсініп, дұшпан қызғана қарайтын жетістіктер оңайлықпен келіп жатқан жоқ. Бұл – ең алдымен қазақ халқының өз ішіндегі ауызбіршіліктің, жалпы, қазақстандықтардың ынтымақтастығы мен бірлігі арқасында жетіп отырған игілікті нәтижелер. Біздің мақсатымыз – қазақ жерін мекен еткен көп ұлтты халықтың ауызбірлігін бұзбай, мемлекеттің құдыреттілігін арттырып, әлемдік көштен кенже қалмай, дамыған 30 ел қатарының биігінен көріну.
Кезінде іргетасын білек пен тілек қабыстыра жүріп әр ұлттың өкілдері қалаған, әрі «достық теңізі» деп аталатын Каспийдің жағасын жайлаған Ақтау қаласы бүгінде достық пен пейіл жарастығын биік ұстаған сан ұлт перзенттеріне мекен болып келеді. Республикамызда басталған Ассамблея жылы мерекесінің шымылдығын Маңғыстау облысы да сән-салтанатпен ашты. «Қазақстан халқы Ассамблеясы-20 ізгі іс» эстафетасының символы Тайқазан Маңғыстау облысына де келген болатын. Өңірде қазіргі таңда 20 ұлттық-мәдени бірлестік жұмыс жасайды. Барлығы бір шаңырақ астынан орын берген Қазақ елін ортақ Отаным деп санайды. Ассамблеяны ұлт бірлігінің бастауы деп танитын Маңғыстау жұрты тайқазанның сол бірлікті одан әрі қарай нығайтатынына сенімді. Сондықтан да шара аясында көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсетіліп, ұлттың бірлігі ұлықталады.

«Достық пен татулықты, еларалық келісімді  шамшырақ етіп отырған Қазақ елінің мәртебесі өзге елдерден асқақ, халқының жүрегі шаттыққа толы. Украин, еврей, орыс, армян,татар, лезгин, грузин, ұйғыр, шешен, т.б. қаншама ұлт өкілдері тұрып жатыр бұл өлкеде, олар тату-тәтті өмір сүруде.  Осының бәрі   Президентіміздің, Ұлт Көшбасшысының арқасында, оның  сара саясаты осы бақытқа біздерді жеткізген.
Сонау жылдары ақ маржан Ақтау қаласының өркендеп, дамуына өздерінің жастық жалынымен аянбай  тер төккен, ұлы достықтың арқасында бір-бірімен туыстай болып жұмыла еңбек еткен сан ұлттың өкілдерінің ерен еңбегі мен, есімдері атап өтпеуге болмайды. Олардың қатарында: Социалистік Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Рубен Григорян, «Құрмет белгісі» орденінің иегері, мамандығы экономист Андрей Пак, Ақтау қаласының құрметті азаматы,  жоғары дәрежелі дәрігер Екатерина Джиоева, атақты мұнайшы Аллахберді Бекбердиев, дәрігер Отари Гиголашвили, ПУС жұмысшысы Файдзин Мамедгусейнов, ауылшаруашылығының білікті басшысы Михаил Шухмахер, т.б.бар. 
Қазақстанда қалыптасқан ұлтаралық қатынас моделі әлемде баламасы жоқ. Қазір қай елді қарасаңыз да, ұлтаралық қатынастар шиеленісіп отыр. Жаһандық деңгейде осындай үрдістер дамуда. Біздің елдегі қалыптасқан достастық үлгісі қазіргі таңда өзінің тиімділігі мен пайдалылығын бар әлемге паш етіп отыр. Ақын Қадыр Мырза Әлінің :

Қазақ осы: Дала дейтін, Күн дейтін.

Қазақ осы: «Өнер алды – тіл» дейтін.

Қазақ осы: Қарасың ба , Ақсың ба,

Қоңырсың ба,жатырқауды білмейтін, - деп жырлағандай, нағыз қазақ достық пейілді бауырмал халық . Соның айғағы әлем халықтарының бір ту астында бірлік пен татулықта жарасымды ғұмыр кешуі.






57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 13.11.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Конспекты
Просмотров220
Номер материала ДВ-153906
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх