Инфоурок Начальные классы Рабочие программы"Мамандықтың бәрі жақсы" 4 сынып

"Мамандықтың бәрі жақсы" 4 сынып

Скачать материал

                                                                                                 «Бкеітемін»

                                                                                         Мектеп  директоры

                                                                                    ---------------К.К.Карбузов

Өтетін орны:     бастауыш сынып

Өтетін сыныбы:  4

Күні: 18.01.17 жыл

уақыты :   12.00

 

Сабақтың  тақырыбы: Мамандықтың  бәрі  жақсы

Мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты ұғымдарын тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру.   Мамандық таңдауда оң шешім қабылдауға  тәрбиелеу 

Міндеттері:
1.Мамандықтарды талдай және таңдай білуге үйрету;
2.Оқушыны өзінің қабілетін, бейімін, қызығушылығын мамандықты  тани білуге  көз  қарастарын  қалыптастыру.

3.Оқушылардың құптап отырған мамандықтарына бағыт беру.

Әдіс - тәсілдері: «Ми шабуылы», дидактикалық ойындар, РАФТ

 

Көрнекілік: мамандық туралы суреттер, мамандық аттары жазылған карточка, плакат, слайд көрсету.
                       

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                  Барысы:

1 – оқушы: Мамандық дегеніміз – адамның еңбек қызметінің түрі.
Мамандық таңдау да мектеп қабырғасынан басталады. Сондықтан бүгін өзіміз қалаған мамандық туралы өз ойымызды айтамыз.
Әсмепаз болма әрнеге
Өнерпаз болсаң арқалан
Сен де бір кірпіш дүниеге
Кетігін тапта бар қалан,

деп өмірден өз орнын тауып, елімізге қажетті кәсіп иесі болу бәріміздің арманымыз.

Біздің таңдауымыз да әртүрлі. Біреуіміз ертең ақын, екіншіміз инженер, енді біріміз құрылысшы болуымыз мүмкін. Жаман мамандық жоқ. Мамандықтың бәрі жақсы.

Мамандық дегеніміз не?                                 
Оқушылардың пікірлері сұралады

• - Біздің болашағымыз – біздің мамандығымызда;

• - адамның болашаққа апаратын жолы;

• - адамның алдағы уақытқа қойған мақсатының бірі;

• - мамандық бойынша адам жұмыс істейді;

• - оқуды бітіргеннен кейін таңдайтын мамандық;

• - ол белгілі бір кәсіпке ие болу бейіндігі, ұнату, таңдау, арманыңды іске асыру;

• - мамандық сөзі ол жұмыспен сипатталады;

• - келешекке қойған жоспары, мамандығын ойдағыдай бітірсе, игерсе сол

• - адам жаны қалаған қабілеті бар кәсіпкерлік жұмыспен айналысады.
Мамандық дегеніміз не?

Кәсіп, Сүйікті іс, Шығармашылық, Қызығушылық, Еңбек көзі
«Мамандық» сөзіне анықтама беру.

       Профессия - латын сөзінен шыққан, “professio”- анықталған іс, мамандық дегенді білдіреді.
Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.

Мамандық таңдау - тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті

мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау..

Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек.

 

Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.

Мамандық таңдау жасөспірім шақтағы ең маңызды шешімдердің бірі. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан жас ұланның алдында мыңдаған мамандықтан өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады.

         Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез - келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың жолы ғана емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе. Кейбір жастар мамандық таңдау ережесін білмегендіктен өзі қызықпайтын мамандықты таңдайды.

Осыдан өз мамандығына қанағаттанбаушылық, реніш сезімдері болып, тіпті алдарына жоспар да құрғысы келмейді. Әрбір адам өзін - өзі дамыта алу үшін білім алып, сол біліміне сай мамандыққа машықтану керек

1 - ж. Алдымен оқушылар қандай мамандықты таңдап отыр екен, бірінші солардың пікірлерін тыңдайық.

1 - ж. «Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға шомылып қырдан аса алмайсың»- деп Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай еңбектеніп білім алып, оқу оқымасаңыздар тілек білдіріп отырған маман иесі бола білу де оңай емес

1 - ж. Елбасымыздың жобаларының бірінде орта және шағын кәсіпкерлікті дамыту жұмыстары қолға алынып, жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қолынан іс келетін адам шағын кәсіпкерлікті ашуға толық мүмкіншілігі бар. Тек еріншектікке жол бермеу керек.

2 - ж: Жастықта әр тараптың басын шалсаң,
Қармақты тәуекел деп суға салсаң.
Еңбегің еңбектенген кетпес зая,
Міндетке бір жетерсің ойыңа алсаң.

1 - ж. Түбінде баянды еңбек егін салған,
Жасынан оқу оқып, білім алған.
Би болған, болыс болған өнер емес,
Еңбектің бұдан өзге бәрі жалған.
Көк жүзіне алаулы,
Міндет емес ай болу.
Ең бастысы қалаулы,
Кәсібіңе сай болу!
Оқушылар  екі топқа  бөлінеді.

Бірінші топ “Ой еңбегі

Екінші  топ « Дене  еңбегі»

 

Ой еңбегі                                               Дене еңбегі

 

Ақын     ұстаз    дәрігер                      құрылысшы   шахтер    ұста

 

 

-         Балалар, сендер қандай көлік түрлерін білесіңдер?

-         Машина, ұшақ, кеме, мотоцикл, велосипед, т.б.

 

-         Ал қандай сусын түрлерін білесіңдер?

-         Шай, какао, сүт, айран, қымыз, кофе, шырын, т.б.

 

-         Қандай мамандық түрлерін білесіңдер?

    -    Мұғалім, кітапханашы, аспаз, есепші, сәулетші, зергер, дәрігер, шахтер, загңер, тігінші, т.б.

-      

   Балалар, сендер қандай мамандықтықтарды көбірек естисіңдер?

-         Мұғалім, кітапханашы, аспаз, есепші, сәулетші, зергер, дәрігер, шахтер, загңер, тігінші.

 

Ал енді, балалар, қазір «Мамандықтың бәрі жақсы» деген ойын ойнаймыз. Қазір мен сіздерге мамандықтар жазылған карточкаларды үлестіріп беремін. Ал сендер сол мамандық туралы  білетін өлең, тақпақты айтып беріңдер.

Дәрігер:

 

Ақ халатты киемін,

Аппақ болып жүремін.

Аппақ болып жүргенді,

Өзім жақсы сүйемін.

«Мал дәрігермін» мен деймін,

Малдарды мені емдеймін.

«Көп – көп ішіп дәріні,

Жақсылықты тілеймін.

 

Дәрігер: Мен дәрігер боламын

               Үлкеннің де баланың

                Қиналғанда қасына

                Бірінші боп барамын

 

 

Ұшқыш: Ар- намысын сақтаған

                 Жүректе сыр жаттаған

                 Жан тәнімен сақтаған

                 Ұшқыш болғым келеді

 

Инженер: Мен инженер боламын

                  Жерден алтын табамын

                  Жолын қуған әйгілі

                  Академик ағаның

 

 Ақын:      Ал мен ақын боламын

                 Сусылдаған қаламым

                 Адамдардың жүрегін

                 Жырмен жаулап аламын

 

 Аграном: Нан беремін баршаға

                 Жер маманы болам мен

                 Барып жүрмін бақшаға

                Аграном ағаммен

 

Мұғалім: Мен үлкейіп өсіп толамын

                Сонда өзіміздің осы ауылдың

                Бөбектерін оқытып үйретіп

                Мұғалима боламын

 

“Кім болам?”

Бірінші топ « Ой  еңбегі»

Ең жақсы мамандық:

Ең тәтті мамандық:

Нағыз ақшалы мамандық

Ең күлкілі мамандық

Екінші топ: “Дене  еңбегі

Ең ауыр мамандық:

Ең байсалды мамандық:

Нағыз адамдармен көп араласатын мамандық:

Ең салмақты мамандық:

Ең батыр мамандық

“Білімдарлыққа тапсырма” Топтарға әріптер беріледі. Оқушылар сол әріпке байланысты барынша көп мамандықтар жазуы керек.

А,Д,М,П,С,Э

А – агроном, аспаз, артист, т.б.

Д – дәрігер даяшы, дизайнер, діни қызметкерлер

П–пошташы, прокурор, психолог, психиатр т.б.

С –сатушы, спортшы, сауыншы, т.б.

Э– экономист, эколог, энергетик.

“Мамандықты тап” ойыны

Берілген мамандықтардың екеуін іс қимылмен, екеуін жүріспен көрсету.   

 « Ой еңбегі» тобына: жүк тасушы, биші, дәрігер, суретші.

 «Дене  еңбегі»  тобына: әскери адам, бағдарламашы,  жол сақшысы, ақын.

 

Ұстазға сұрақ: Ұстаз болу сіздің бала күнгі арманыңыз ба еді? 
Бүгінгі таңда жастардың көбі ұстаз болуды қаламайды, керісінше заңгер, банкир, экономист т. б мамандықтарды құрметпен бағалайды. Мұның себебі неде деп ойлайсыз? 

Қорытынды:

Мамандық таңдаудың 7 қадамы. 
Еңбек етсем, ертеңгі - бақытыма сенемін. 
Мақсатыма жеткізер - уақытыма сенемін. 
Достық іспен қасты да - жеңеріме сенемін. 
Ақыл, сана білім мен - өнеріме сенемін. 
Арым - таза, ақ көңіл - адалдыққа сенемін. 
Абыройлы, ақ ниет - адамдыққа сенемін!- дегендей қандай маман иесі болсақ та, ел болашағын ойлайтын халқына абыройлы қызмет ететін адам болайық!      
Мына көп салалы өмірде мамандық түрі көп. Әрине таңдау жасау оңай емес. “Адам өз өмірінде екі нәрседен қателеспеу керек.

Адам еңбегінен қуанышын таба білсе, бойына жаңа күш қосылып еңбекке деген шабыты арта түседі, зор ықылас, шабытпен істеген іс – табыс биігіне жеткізетін қанат деп сөзімді аяқтаймын.

Ән: «Ұстазым»

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Мамандықтың бәрі жақсы" 4 сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Техник-конструктор

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 670 643 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.01.2017 13379
    • DOCX 26.3 кбайт
    • 64 скачивания
    • Рейтинг: 2 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Саутбекова Баян Бакытжановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Саутбекова Баян Бакытжановна
    Саутбекова Баян Бакытжановна
    • На сайте: 7 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 13453
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках математики у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 76 человек

Курс повышения квалификации

Ресурсы библиотерапии в работе с детьми дошкольного и младшего школьного возраста

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 49 человек

Курс повышения квалификации

Продуктивность учебной деятельности младших школьников общеобразовательного учреждения в рамках реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 225 человек из 64 регионов
  • Этот курс уже прошли 6 060 человек

Мини-курс

Развитие и воспитание дошкольника: ключевые аспекты

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Программы лояльности и организационные аспекты

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Интегративный коучинг: от теории к практике

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 55 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 26 человек