Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Математика / Конспекты / Математика ашық сабақ "Қазақстанның 7 кереметі" саяхат сабақ
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Математика

Математика ашық сабақ "Қазақстанның 7 кереметі" саяхат сабақ

библиотека
материалов

Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Қарасу ауылы

С. Сейфуллин атындағы жалпы негізгі білім беретін мектеп

Дауылбаева Жайнагүл Қажымұратқызы – бастауыш сынып мұғалімі

Тақырыбы: Қазақстанның 7 кереметі

Мақсаты:

Бір таңбалы санға көбейту және бөлу әдіс – тәсілдерін нығайту, аудан, периметр табуды дамыту, көптаңбалы санды оқып, жаза білу, разрядтық қосылғышқа жіктеу;

Амалдарды орындап, тапсырманы шеше білу мүмкіндіктерін нығайту;

Қазақ елінің өткен тарихына деген қызығушылығын ояту, Отанға, оны қадірлей білу сезімдерін тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:

Қазақстан Республикасының рәміздері, әлемнің 7 кереметінің иллюстрациясы, киіз үй макеті, таблицалар, Назарбаевтың «Қазақстан» кітабы, И. Тасмағанбетовтың құлпытастар, тарихи ескерткіштер туралы кітабы, домбыра.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.

  • Бүгін бізде ерекше сабақ, ол кіріктірілген сабақ.

  • Біз өз білімімізді математика пәні бойынша ғана сынап қоймаймыз. Дүниетану, бейнелеу, музыка пәндері бойынша да білімдеріңді байқап көреміз.

  • Дүниетану сабағында біз әлемнің 7 кереметімен танысып едік қой, қане айтып беріңдерші.

  • Неге бізге өз еліміздің тарихына үңіліп, керемет ескерткіштер мен мәдениетімен таныспасқа?!

  • Әрине бізде ғажап ескерткіштер, кесенелер, монументтер көп, соның ішінде ерекше 7 кереметімен танысамыз.

  • Сонымен, саяхатымызды бастаймыз. Мен қазір бір мәтін оқимын. Сендер әңгіменің қандай керемет туралы екенін табыңдар.

  • Сендер тақауда орыс тілі сабағында қандай аңыз туралы өтіп едіңдер?

(Бейбітшілік ағашы, өмір ағашы)

Сол аңызды айтылған Бейбіт ағаш - өмір ағашы бірнеше ғасырдан кейін президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен Сарыарқаның қақ төсінде тәуелсіз, байтақ елдің қақ төрінде Бейбітшілік өзені ағып жатыр. Ол оның жағасында жерден нәр алып, аспанмен тілдескен Өмір ағашы өсіп тұр. Аңыз шындыққа айналды. Есіл өзенінің сол жақ жағалауында жапырағын жайып, Өмір ағашы жайқалып тұр.

  • Ал, осы Өмір ағашы қалай аталады?

(Монумент Астана – Бәйтерек)

  • Ол металдан, бетоннан және әйнектен құрастырылған архитектуралық құрылыс.

  • Биіктігінің қанша екенін білесіңдер ме?

  • Ал Бәйтеректің тапсырмасы:

32*5 72:6 108:9 45*3 136:8 94*7

  • Музыка мұғалімі – домбыра.

  • Келесі Қазақстан кереметі – Қожахмет Яссауи кесенесі.

  • Кесене 14 ғасырдың аяғы 15 ғасырдың басында Түркістанда салынған.

(картадан көрсету)

  • Қожахмет Яссауи орта ғасырдағы белді ғалым, ақын болған. Ал кесенеге 600 жыл болды. Кесененің үлкен залында тайқазан орналасқан. Бізге кесененің ауданы мен периметрін табу керек.

  • Кесененің ұзындығы 60м

  • Ені 45м

  • S= ?

  • S=2700м

  • P=?

  • P= 210м

Кесененің маңайында тұрған ескерткіштер тұрған жердің ауданы

650 000м

  • Тақтаға кім жазады?

  • Разрядтық қосылғышқа жікте.І кластың неше бірлігі ІІ кластың неше бірлігі бар?

  • Келесі кереметіміз «Алтын адам»

  • Ол туралы не білесіңдер?

  • Алматыдан 50 км Есік қорғанында табылған Сақ көсемі батыр алтын киім киген. Алтын салпыншақтар 4000 нан астам. Сондықтан археологтар оны «Алтын адам» деп атаған

  • Басында биік сәукеле. Бас киімнің маңдайшасында арқардың мүйіз қанаттты 2 тұлпар бейнеленген.

  • Осы қанатты тұлпар тағы қайда бейнеленген?

  • Елтаңбаның авторы?

  • Алтын адам тапсырмасы.

  • Оқулықпен жұмыс №2,3,4.

  • Келесі кереметті табу үшін «Күн мен түн» ойынын ойнаймыз. Ойын кезінде көбейту таблицасын пысықтаймыз.

  • «Түн» ұйықтаймыз

  • «Күн» оянып, жауап береміз.

  • Киіз үй өте ертеде біздің эрамызға дейінгі ІІІ-ші мыңжылдықта пайда болған. Ол туралы Қытай ақыны Баяр өз өлеңінде жырға қосқан

  • Құрамын кім айтады?

  • 8, 12, 18, 24, 30 қанатты үйлер болған. Хандардың үйіне 1000 адамға дейін сыйған.

  • Тапсырма: киіз үйдің 1 қанатын жабуға 6кв.м киіз керек болса, 12 қанатты үйге неше м.кв киіз керек?

1 қанат – 6м.кв. киіз

12 қанат - ?

Шешуі: 12*6=72

Жауабы: 72м.кв

Ал 1 м.кв киізге – 20кг жүн

72 м.кв киізге-?

Шешуі:

Жауабы:

  • Карточка

Шама 5т =…кг 120мин=…сағ 90дм= …см

100м= …дм 7т=...ц 8 ғасыр=... жыл

  • Келесі керемет (Тамғалы) таңбалы тасы

  • Оның қайда орналасқанын табу үшін амалдарды орындау.

  • А 830+170

  • Л 560/8

  • Т 2400-300

  • М 5000/50

  • А 14*6

  • Ғ 23*4

  • Ы 3200/400

  • Жауап: Тамғалы

  • Тамғалы таңбалы тасы Алматыдан 170 км жерде онда 5000дай суреттер бейнеленген: жануарлар, арқар, киік, бұқа, түйе, ат бейнеленген. Ең танымал сурет «Күн құдайы»

  • Келесі керемет – Маңғыстаудағы мешіт. Ол Бекет Ата деп аталатын жер асты мешіті.

  • Тапсырмасы: теңдеу шешу.

  • Қазір жаңа тақырыпты қалай меңгергендеріңді тексерейік.

Тест «Қазақстанның 7 кереметі»

1.Астананың символы

А)Бәйтерек

Б)Нұр – Астана

2. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі қай қалада?

А)Алматы

Б)Түркістан

В) Қарағанды

3. Алтын адам киімінде қанша алтын салпыншақ?

А)4000

Б) 4200

В)4600

4. Қазақ халқының жинамалы жеңіл баспанасы.

А)жер үй

Б) киіз үй

В) лашық

5. Тамғалы таңбалы тасындағы танымал бейне.

А) Арқар

Б) Күн құдайы

В) Көсем

6. Бекет Ата мешіті қай облыста?

А) Ақмола
Б) Маңғыстау

В) Қостанай

- Қорытайық:

1. Көбейтудің дербес жағдайы?

2. Көбейту амалының заңдылықтары?

3. Бөлу амалы компоненті

4. 1- ші разрядтың 5 бірлігі

2-ші разрядтың 5 бірлігі

3- ші разрядтың 5 бірлігі

6- ші разрядтың 7 бірлігі

5. І кластың 161 бірлігі

ІІкластың 24

6. 7 таңбалы ең кіші сан

- Рефлексия

Естеріңде не жақсы сақталып қалды?

Ең қызықты не болды?

Не білдіңдер?

- Бағалау:

  • Ал, жақсы жұмыс істедіңдер. Өздеріңді өздерің бағалаңдар.

  • Жақсы жұмыс істедім дегендер – қызыл

  • Талпындым дегендер – көк

  • Баяулау қатыстым дегендер – жасыл

-Үйге тапсырма:

  • 7,9







Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 01.02.2016
Раздел Математика
Подраздел Конспекты
Просмотров137
Номер материала ДВ-402286
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх