Инфоурок Начальные классы КонспектыМатематика пәнінен "Қайталау" сабағы

Математика пәнінен "Қайталау" сабағы

Скачать материал

Сынып: 3

Пәні: математика.

Сабақтың тақырыбы:  Пысықтау.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Көбейту және бөлуге берілген есептерді шығару дағдыларын жетілдіру.

Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау, танымдық қабілеттерін  арттыру, шығармашылықпен жұмыс істей білу дағдысын  қалыптастыру

Тәрбиелік: Оқушыларды  ұйымшылдыққа, жылдамдыққа, өзбеттерімен жұмыстана білуге, шапшаң әрі қатесіз есептей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:  Саяхат сабақ.

Сабақ типі:  Білімді бекіту.

Пәнаралық байланыс:  дүниетану, музыка, денешынықтыру.

Көрнекі - құралдар:  АҚТ, слайд, геометриялық материал, қима суреттер, жеке карточкалар.

Сабақ барысы  :

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық.

Шырылдады қоңырау,

Біз сабақты бастаймыз

Партамазға отырып, табыс тілеп бәріміз.

Жаңа білім алуға, алға қадам басамыз.

-  Бүгін бізде ерекше сабақ. Біз Білім теңізіне саяхатқа шығамыз.Бүгінгі тақырыбымыз Қайталау болғандықтан, бүгін алған білімдерімізді жүйелеп, пысықтаймыз..

-  Саяхатқа немен баратынымызды, жұмбақтың жауабын  табу арқылы білесіңдер.

 Жазда айдында жүзедi,

Қыста үмiтiн үзедi.  ( кеме)

-Міне, біздің кемеміз.. ( 5-слайд ,теңіздің дыбысы естіледі, кеме суреті шығады).

-  Саяхатымыз сәтті өту үшін, келесі ережелерді сақтау керек:

- Тапсырмаларды дұрыс орындау керек;

- Сабаққа бар зейінді салу керек;

- Бірігіп жұмыс істеу қажет;

-  Сендердің алдарында біздің саяхат картамыз.

Біз сендермен  бүгінгі сабақта:

ü Санап көр аралында;

ü Есептер жағалауында;

ü  Сәттілік жағасында;

ü  Геометрия мекенінде;

ü Көбейту бұғазы деген жағалауды аралаймыз.  (6-слайд)

II.  Көркем жазу минуты.

-  Алдымен саяхат жасайтын дәптерімізді ашып, саяхат жасайтын күнімізді жазып алайық.  (7- слайд).

-Балалар, ең үлкен бір таңбалы сан қандай?  (9)

-  Осы тоғыз санын қолданып, ең үлкен үш таңбалы санды жазып көріңдер. (999)

-  Балалар, осы 999 санын сипаттап беріндерші.

(Бұл сан үштаңбалы, тақ сан, 9 жүздіктен, 9 ондықтан, 9 бірліктен тұрады.Оның көршілері 1000 саны және 998 саны)

III. Ауызша есептеу.

1. “Күннің көзі” дидактикалық ойын. (көбейту кестесіндегі жағдайларды бекіту).

- Бірақ, не көріп тұрмыз? Бұлттар аспанға түсіп, теңіз тулай  бастады.Біз осындай ауа- райында  саяхатқа шыға алмаймыз.  Бұл өте қауіпті.  Күннің көзінен бұлттарды  кетіруге көмектесейік. (8-слайд).

-  Өрнектерді келесі сөздерді қолданып оқыңыз.

·         көбейту;

·         1-көбейткіш, 2-көбейткіш, көбейтіндінің мәні.

·         ... есе арттыру;

·         Көбейтіндінің мәні;

-Мәнін табыңдар. Қалған балалар амал  дұрыс болса жасыл белгіні көтереді, дұрыс болмаса қызыл белгіні көтереді.

7 * 8 (Мысалы, 7 көбейту 8 тең болады 56)

5 * 4 (бірінші  көбейткіш - 5, екінші  көбейткіш  - 4, көбейтіндінің мәні  – 20)

6 * 8 (6-ны 8 есе арттырса  48 саны шығады.)

7 * 3 (7-ні 3 –ке көбейтсек 21 шығады)

9 * 7 (9 –ды 7-ге көбейтсек,  63 шығады.)

-  Жарайсындар!  Тапсырманы жеңіл орындадындар!  Күн жарқырап шықты, теңіз тынышталды. Әрі қарай жүре беруге болады. Біз санап көр аралына келіп жеттік. 

2.Қызықты есептер. (10-слайд).

а) Семсер балық  6 жыл, ал дельфин – 26 жыл өмір сүреді. Дельфин семсер балыққа қарағанда қанша жылға ұзақ өмір сүреді? 26 – 6 = 20 (ж.)

 Балалар үйге осы семсер балық пен дельфин туралы қосымша мәлімет дайындауға тапсырма берілген болатын. (Тапсырманы дайындаған оқушылар тақтаға шығады, 11-слайд).

Семсер балық  - ең үлкен  және жылдам балықтың бірі. Оның салмағы 100-200 килограмм, ал денесінің ұзындығы 4-5 метрдге дейін жетеді. Семсер балық сағатына 130 шақырым жылдамдықпен жүзе алады. Оның тұмсығы семсерге ұқсас, алға шығып тұрады, аты да содан шыққан.

Дельфин -  сүтқоректілер класының кит тәрізділер отрядына жатады. Олардың денелері – жұмыр, ұзындығы – 10 мертдей. Дельфиндер еске аяқтарымен суда өте жеңіл және жылдам жүзеді. Қолға тез үйренеді, адам үйреткен жаттығуларды  шебер қайталайды.

б) Атланттық бекіре балығының массасы 320 кг, ал шортанның массасы одан 8 есе кем. Шортанның салмағы қанша? 320 : 8 = 40 (кг)

(Қосымша мәлімет дайындаған  оқушылар тақтаға шығады, 12 -слайд).

Атланттық бекіренің ұзындығы 3-метрге, ал салмағы 300 килограммға дейін жете алады. Бұл балықтың түрі  Қызыл кітапқа енгізілген. Өйткені саны азайып, сиреп бара жатыр.

Шортан балығының салмағы  47 килограмм, ал ұзындығы 180 сантиметрге дейін жетеді. Шортан – жыртқыш балық.  Олардың өмір сүру ұзақтығы 30-35 жылдай. Дене пішіні жебе тәрізді, ұсақ қабыршақтар жапқан, басы жалпақ,  Аузы үлкен, оның  өткір тістері , сондықтан оның аузына түскен жемтігі аузынан кері шыға алмайды. 

5.  Жазуды анықтандар. Сол арқылы ары қарай қайда жүзетінімізді білеміз. (17-слайд).

10

750

90

0

50

80

35

 

60 : 6 —> К

700 + 50 —> Ө

20 * 4 —> Т

0 * 28 —> Е

5 * 7 —> У

30 * 3 —> Б

400: 8 —> Й

 

 

-  Сөзді оқыңыз. КӨБЕЙТУ. Көбейту жағасына бағыт аламыз.  

V.Оқулықпен жұмыс.

-  Саяхатымызды жалғастырамыз.  Біздің кемеміз көбейту жағасына келді. 

-  Оқулығымыздың  47 бетін ашамыз №.4.... есебіне назар аударамыз.

-  Өрнектің мәнін тап: (19-слайд).

(400+60): 2= 400: 2 + 60: 2 = 230

(600+90): 3 =600:3+90:3 =230

20* (60+2) = 60 * 20 + 20*2 = 1240

(5+3) * 40 = 5 * 40 + 3 * 40 =320

(800 + 40) :  4 = 800: 4 + 40 : 4 = 220

(500+50) : 5 =  500:  5 + 50: 5 = 110

-         Бұл көбейтудің қандай қасиеті?

-Келесі тапсырма  № 7, 48 бет

18 * 5 = 50 + 40 = 90                        90 : 5 = 10+ 8 = 18

28 * 5 = 100 + 40 = 140                    140 : 5 = 20 + 8 = 28

38 * 5 = 150 + 40 = 190                    190 : 5 = 30 + 8 = 38

VI. Сергіту сәті. 

-  Судың ағысы кемемізді  Өзгерістер  жағалауына алып келді. Осында біз біраз демаламыз.  (21-слайд).

 – Мен мысалдарды слайдта көрсетемін,  ал сендер жауабын қимылмен көрсетесіндер

- 12 : 3, неше рет аяқпенен басамыз. 
- 20
 : 4 неше рет қолмен шапалақтаймыз. 
- 21
 : 7 неше рет отырып тұрамыз.

- 12 : 6 сонша рет айналамыз.

-Демалдық, қайта жолға шығамыз!

VII. Есептер аралына келіп қалдық.

1. Есепті шығар.  Сөз есеп. (24-слайд).

-   Есептер жағасына  жақындадық.

-Есепті оқыңыз. 

Аралда  150 жануар болды. Олардың 45-піл, 65 тотықұс, қалғаны маймылдар.  Қанша маймылдар болды?

-Есепте не туралы айтылған?

-  Қысқаша жазуға қандай сөздеді аламыз.(Слайд 25)

Піл - 45 
Тотықұс - 65 
Маймыл - ?

http://festival.1september.ru/articles/636856/img3.gif

150 жануар.

-  Есепте не берілген?

- Нені табу керек?

-  Есептің сұрағына бірден жауап беруге бола ма?

- Тексеру..

- Дәптерге өздерін шешуін екі тәсілмен жазып аламыз.

Тексеру:

I тәсіл. 150 – (45 + 65)=40 (маймыл.)

II тәсіл. 150 – 45 – 65= 40 (м.)

Жауабы: Аралда 40 маймыл болды.

2. Геометриялық материал.

-  Біз Геометрия жағалауына  келдік. Бұл жағалауда түрлі геометриялық фигуралар тұрады. Ал қандай фигура туралы айтылғанын жұмбақты шешу арқылы табасыңдар. (27-слайд).

Ол  бұрыннан бізге таныс,

Әр бұрышы оның тік,

Барлық 4 қабырғасының

Ұзындықтары бірдей. Қандай фигура? (Шаршы)

Жұппен орындайтын практикалық тапсырма.

-  Геометриялық фигуралардан шаршы құрастырамыз. Оның ұзындығын, енін өлшеп, периметрі мен ауданын табыңыз. ( 1-парта  ұзындығы 5 см қызыл түсті  шаршы құрастырады.2 -парта  ұзындығы 6 см болатын көк шаршы құрастырады, 3-парта – ұзындығы жасыл болатын 7 см шаршы құрастырады.

Тексеру.: 

- Шаршының периметрін қалай таптыңдар?  (Р = а * 4, а – шаршының ұзындығы)

-  Шаршының периметрі  нешеге тең?   Санды көрсетіңіз. (I парта- 20 см, II парта -24 см, III парта - 28 см)

-  Шаршының ауданын қалай таптыңдар?  (S = a * a)

-  Құрастырылған шаршының ауданы нешеге тең ? Санды көрсетіңіз.

(I қатар - 25 см2, II қатар -36 см2, III қатар - 28 см2)

IX.Қорытынды. Рефлексия.

-  Біздің саяхатымыз өз мәресіне жетті.Бізге үйге оралу керек. Біздің бірлесіп топпен  жақсы жұмыс жасағынымыздың арқасында  біз қайтып туған жеріміздеміз. (31- слайд)

-  Бүгінгі Білім теңізіне жасаған  саяхатымызда  жаңа не білдіңдер?

-  Сендерге не ұнады?

- Бүгінгі сабақта өздерінді бағалап көрейік.

·         Бүгінгі сабақ сендерге ұнаса, сабақта  бәрін түсініп, ұғындық десеңдер,сары  балықты   көтеріңіздер.

·          Егер  сабақта жақсы жұмыс істедім, бірақ одан да  жылдам жұмыс істей аламын десендер, көк түсті балықты көтереміз.

·         Егер ешнәрсе түсінген жоқпын,  мұғалімнің көмегі керек десендер  жасыл түсті балықты көрсетіңдер.

-Жақсы балалар, барлығын түсінген екенсіңдер. Ендеше үй тапрсымасын жазып алайық.

X. Үйге тапсырма:. #5. 48 бет.

Бағалау. Бүгінгі сабағымызға белсенді қатысақан барлық баланы бағалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қостанай облысы, Таран ауданы, Тобыл орта мектебі.

Бастауыш сынып мұғалімі: Каскадамова Қарлығаш Шарапиқызы

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Математика пәнінен "Қайталау" сабағы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Руководитель организации

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 525 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 07.04.2016 786
    • DOCX 27.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем K Aсель Омаровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    K Aсель Омаровна
    K Aсель Омаровна
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 594
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Финансовая грамотность для обучающихся начальной школы в соответствии с ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 560 человек из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 488 человек

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках математики у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 75 человек

Курс повышения квалификации

Особенности введения и реализации обновленного ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1106 человек из 80 регионов
  • Этот курс уже прошли 19 292 человека

Мини-курс

Индустриальный туризм

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Прощение и трансформация: освобождение от родовых программ и травм

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 180 человек из 56 регионов
  • Этот курс уже прошли 48 человек

Мини-курс

Созависимые отношения и способы их преодоления

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 32 человека