Инфоурок Математика ПрезентацииМатематика пәнінен "Қазақ математиктері жайлы мәлімет" атты презентация

Математика пәнінен "Қазақ математиктері жайлы мәлімет" атты презентация

Скачать материал
Скачать материал "Математика пәнінен "Қазақ математиктері жайлы мәлімет" атты презентация"

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по сертификации продукции

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • Қазақ математиктері жайлы деректер

    1 слайд

    Қазақ математиктері жайлы деректер

  • Қазақ математиктері

    2 слайд

    Қазақ математиктері

  • Оразбаев Базарбай Мәметұлы 1912 - 1981

    3 слайд


    Оразбаев Базарбай Мәметұлы
    1912 - 1981

  • Мәметұлы Оразбаев Базарбай 				Мәметұлы 1912  жылы 					қарашаны...

    4 слайд


    Мәметұлы Оразбаев Базарбай Мәметұлы 1912 жылы қарашаның 11 - ші жұлдыз Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы Қараүңгір ауылында дуниеге келген. Физика-математика ғылымдарының докторы (1962), профессор (1965), Қазақстан Fылым Академиясының корреспондент мүшесі (1967). 1935 жылы Санкт - Пе­тербург (бұрынғы Ленинград) мемлекеттік университетін бітірген. 1937 - 1981 жылдарда ҚазПИ - де (қазіргі ҚазҰПУ), КСРО Ғылым Академиясының қазақ бөлімшесінің математика және механика секторында ғылыми, педагогикалық басшылық кызметтерін атқарған.
    Heгiзгi ғылыми еңбектері алгебра және сандар теориясы мәселелеріне арналған. Оразбаев Алгебра ғылымы үшін маңызы бар Абельдік өрістегі сандардың орналасу заңдылығын зерттеген. Зерттеулері әлемдік деңгейге көтерілген. 100 ден астам ғылыми еңбектері, жоғары оқу орындарына арналған қазақ тіліндегі бірнеше оқулықтардың авторы. 2 рет «Еңбек Қызыл Ту », «Құрмет белгісі» ордендерімен және бірнеше медальдармен марапатталған. 1981 жылы Алматыда кайтыс болған.

  • Тайманов Асан Дабысұлы 1917 - 1990

    5 слайд

    Тайманов Асан Дабысұлы
    1917 - 1990

  • Тайманов Асан Дабысұлы 1917 			жылы 7 қарашада Батыс Қазақстан...

    6 слайд


    Тайманов Асан Дабысұлы 1917 жылы 7 қарашада Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы Бейсен ауылында туылған. Көрнекті қазақ математигі, физика-математика ғылымдарының докторы (1961), профес­сор (1961), Қазақстан ғылым Академиясының академигі (1962). 1936 жылы Орал педагогикалық институтын тәмамдаған. Ұлы Отан соғысына қатынасқан. 1947 жылы кандидаттық диссертация қорғаған. 1947 - 1954 жыл­дарда Қызылорда педагогикалық институтында, 1954 - 1960 жылдары Иваново және Шуи педагогикалық инсти­тутында доцент болып қызмет атқарған. 1960 - 1967 жылдары және 1971 жылы СССР Ғылым Академиясының Ciбip бөлімшесінің математика институтында аға ғылыми қызметкер болып істеген. 1961 -1965 жылдары Ново­сибирск университетінің геометрия кафедрасының меңгерушісі болған. 1968 - 1970 жылдары Қазақ ССР ғылым Академиясының физика - математика бөлімінің академик - секретары болып жұмыс істеген. 1970 жылы Қазақ ССР ғылым Академиясының математика және механика институтының директоры болған.
    Heгізгi ғылыми еңбектері: Теориялық жиындық топологияға, үздіксіз бейнеленудің таралуына, Борель жиынын зерттеуге, модельдер теориясына, Евклид кеңістігіндегі элементар теориясын т.б. зерттеген. Ол 50 - ден астам ғылыми еңбектердің авторы. Қазақстан үшін математик кадрлар дайындауда үлкен үлес қосқан ғалым. Еңбек Қызыл Ту ордеі және медальдармен марапатталған ipi математик. 1990 жылы Новосибирск қаласында қайтыс болған.

  • Жәутіков Орынбек Ахметбекұлы (1911-1989)

    7 слайд

    Жәутіков Орынбек Ахметбекұлы
    (1911-1989)

  • Жәутіков Орынбек Ахметбекұлы 				(1911-1989) - ғалым, физика-				м...

    8 слайд


    Жәутіков Орынбек Ахметбекұлы (1911-1989) - ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылыми және техника қайраткері, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
    Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының Қызыларай ауылында дүниеге келген.
    1920-1930 жылдары ауылдық мектепте, кейіннен Қарқаралы қаласындағы мектепте оқыған. 1934 жылы Қазақ педагогикалық институтының (Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті) физика-математика факультетін үздік бітіріп, Ленинград мемлекеттік университетінің (Санкт-Петербор мемлекеттік университеті) аспирантурасын тамамдаған. 1934-1951 жылдар аралығында Қазақ педагогикалық институтында ассисент, аға оқытушы, доцент, декан, директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, кафедра меңгерушісі болған.
    Негізгі ғылыми еңбектері қозғалыстың орнықтылық теориясына, математика, физика теңдеулеріне, дифференциалдық теңдеулердің шексіз жүйелеріне, теориялық және қолданбалы механикаға, математика тарихы мен оның методологиясына арналған.
    Қазақстанның еңбек сіңірген ғылыми және техника қайраткері, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты академик-ғалым Орынбек Жәутіков 16 мамыр күні 1989 жылы қайтыс болды.

  • Жұмаділдаев Асқар Серқұлұлы1956 жылы туылған

    9 слайд

    Жұмаділдаев Асқар Серқұлұлы
    1956 жылы туылған

  • Жұмаділдаев Асқар Серқұлұлы 				(25.02.1956 жылы туған, 					Қызылорда об...

    10 слайд


    Жұмаділдаев Асқар Серқұлұлы (25.02.1956 жылы туған, Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кенті) – ғалым, физика-математика ғылым докторы (1988), профессор (1990), Қазақстан ҰҒА-ның корреспондент мүшесі (1995). 1980 – 90 жылдары Математика және механика институтында (қазіргі Математика институты) кіші, аға, жетекші ғылым қызметкер болды. 1990 жылдан сол институтта алгебра лабораториясының меңгерушісі. Жұмаділдаевтің негізгі ғылым-зерттеу еңбектері Ли алгебрасының когомология теориясына арналған. Ол оң сипаттамалы Ли алгебрасының когомологиялары мен деформацияларын және олардың қолдануын зерттеген. Векторлық өріс алгебрасының бөлшектенбейтін кеңеюін есептеген. Ассоциативті емес алгебраның тепе-теңдіктерін тапты. Жұмаділдаев Германиядағы Гамбург (1986), Мюнхен (1995 – 96), Билефельд (1996 – 99) университеттерінің профессоры болып, [[Кэмбридж университетінің жанындағы Ньютон институтында (1997), А.Салам атындағы Халықар теориялық физика орталығында (Италия, 1998, 2001), Швеция корольдік Ғылым Академиясының Миттаг-Леффлер атындағы Математика институтында (1998 – 99), Фильдс атындағы Математика институтында (Канада, 2001) қызмет атқарып, лекциялар оқыған. Германияның, АҚШ-тың мемлекеттік стипендияларын, Швеция корольдік Ғылым Академиясының грантын алған. Ол – 12-сайланған Қаз КСР Жоғарғы Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды.

  • Аманов Тілеубай Ыдырысұлы (1923 – 1978)

    11 слайд

    Аманов Тілеубай Ыдырысұлы
    (1923 – 1978)

  • АМАНОВ Төлеубай Ыдырысұлы 
     			Байырғы Семей облысындағы 				Новопокро...

    12 слайд

    АМАНОВ Төлеубай Ыдырысұлы
    Байырғы Семей облысындағы Новопокров ауданына қарасты Құрманғожа аулында 1923 ж. 23-тамызда туған. Сүйегі – Уақ руынан.
    1940 ж. Семей қаласындағы орта мектепті бітірген соң Алматыдағы ҚазМУ-нің физика-математика факультетіне оқуға түседі. 1941 жылдың тамыз айында армия қатарына шақырылып, 1943 ж. майданға жіберіледі. Онда ауыр жарақаттанып, 1944 ж. ақпан айында Семейге оралады.
    1944 жылдың көктемінде Семейдегі педагогикалық институтты тезбе-тез (экстренно) аяқтау үшін мемлекеттік емтихандар тапсырады. 1944-1949 жылдар арасында Семей пединститутында физика-математика факультетінің деканы болып қызмет атқарады, студенттерге дәріс оқиды.
    1950 ж. Мәскеудегі Ресей ҒА-ның қарамағына қарайтын В.А.Стеклов атындағы математика институтының аспирантурасына қабылданады. Онда академик С.М.Никольскийдің жетекшілігімен ғылым кандидаты дәрежесін алу үшін диссертация қорғайды.
    Амановтың ғылыми-зерттеу еңбектерінде функционалдық кластарды іштестіру теориясы және оның қолданылатын мәселелері қарастырылған. Докторлық диссертвциясында функциялардың 5В класының тұйық теориясын құрып, кейін сол класқа байланысты мәселелер туралы монография жазды. 50-ден астам ғыл. еңбектің авторы. Семей қаласының орталық көшелерінің бірі және ондағы №16 мектеп, туған ауылындағы орта мектеп және бір көше Аманов атымен аталады.

  • Боқаев Сәдуақас Хасенұлы (1907 - 1942)

    13 слайд

    Боқаев Сәдуақас Хасенұлы
    (1907 - 1942)

  • Боқаев Сәдуақас Хасенұлы 				(13.3.1907, Семей — 1942) — 				физика-м...

    14 слайд



    Боқаев Сәдуақас Хасенұлы (13.3.1907, Семей — 1942) — физика-матемематикалық ғылымдары бойынша қазақ халқы арасынан шыққан тұңғыш доцент. 1932 ж. Мәскеу университеттін бітіріп, сол жылы осы университеттің аспирантурасына түскен. Бірақ Қазақ АКСР Халық ағарту комиссариаты оны 1932 ж. Алматыға шақыртып алады. 1932 — 36 ж. Қазақ педагогикалық инcтитутында ассистент, кафедра меңгерушісі, декан, профессор болды, мұнымен қатар ол 1935 — 36 ж. ҚазМУ-де кафедра меңгерушісі қызметін атқарып, студенттерге математиканың арнаулы салаларынан лекция оқыды. Боқаев Сәдуақас Хасенұлы дифференциалдық теңдеулер, арнаулы функциялар, конформдық түрлендіру теориясының және олардың механикада қолданылу мәселелерін зерттеумен айналысты. Орта және жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар мен оқу құралдарын құрастырды. Ол Қазақ АКСР Халық ағарту комиссариаты жанындағы терминология комиссияның мүшесі болды. 1937 ж. саяси қуғын-сүргінге ұшырады.

  • Блиев Назарбай Қадырұлы 1935 жылы туылғын

    15 слайд

    Блиев Назарбай Қадырұлы
    1935 жылы туылғын

  • Блиев Назарбай Қадырұлы 			1935 жылы Ақтебе облысы 			Байганин аудан...

    16 слайд


    Блиев Назарбай Қадырұлы 1935 жылы Ақтебе облысы Байганин ауданында туған. Кернекті қазақ математигі, физика – математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттык Ғылым Академиясынын корреспондент мүшесі.
    Heгізгі айналысқан еңбегі функциялар теориясы, математикалық анализ, эллипстік тендеулер және олардьң жүйелерінің теориясы, жалпыланған аналитикалық функциялар теориясының өзi мен қолданылуы жұқа қабыршақтар теориясы, беттер теориясы Векуа теориясыньң жалғасы қатарлылар болып, осы салаларда 100-ден астам мақалалар жазған.

  • Ермеков Әлімхан Әбуұлы (1891 – 1970)

    17 слайд

    Ермеков Әлімхан Әбуұлы
    (1891 – 1970)

  • Ермеков Әлімхан Әбуұлы (1891-1970)
			 Әлімхан Әбуұлы Әлімхан Әбуұлы 1891...

    18 слайд


    Ермеков Әлімхан Әбуұлы (1891-1970)
    Әлімхан Әбуұлы Әлімхан Әбуұлы 1891 жылы Қарағанды обылысы Қарқаралы ауданында дуниегe келген. Математик, ұстаз, ғалым. Қоғам қайраткері, «Алаш» партиясы мен алашорда қозғалысы жетекшілерінің бipi. 1921 жылы Томск техологиялық институтын бітірген. 1919 - 1920 жылдары Қыргыз (қазақ) өлкесін басқару жөніндегі әскери - рев комитетінің мүшесі әpi коллегия төрағасы, Се­мей губревкомының мүшесі болған. Қазақ жерлерін Қазақ АКСР - i шеңберінде тұтас дерлік топта- стыруда ерекше рөл атқарған. 1926 жылдан бастап ғылыми, педагогтік қызметте болған, 1927 - 1935 жылдарда Ташкенттен қазақ педагогикалық институтының оқытушысы, ҚазПИ - де (Қазіргі Алматы мемлекеттік университеті) доцент, Алматы мал дәрігерлік институтының профессоры және математика кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарған.
    Әлімхан Әбуұлы қазақ зиялыларының қатарынан тұнғыш рет математика саласынан профессор атағына ие болған математик (1935). 1935 жылы қазақ тілінде «Ұлы математика курсы» атты кітапты жариялап 1936 жылы өзінің ұстаздық тәжірибесі негізінде «Қазақ тілінің математикалық терминдері» атты түсіндірме сөздігін шығарған.
    1935 - 1937 жылдарда Алматы кен металлургия институтының (қазіргі ҚазҰТУ) математика және теориялық механика кафедрасының меңгерушісі болған.
    1930 - 1947 жылдар аралығында ол «ұлтшыл», «контрреволюцияшыл», «Халық жауы» аталып, үш рет сотталған. 20 жылдан астам өмірін түрмелер мен саяси қуғын - сүргінде өткізіп, азап шегіп, ауыр моральдік соққыға ұшыраған. Кеңес өкіметінің жазалау органдарының қудалауында ұзақ жылдар болғанына қарамастан ол адамгершілік қасиеттерін, ұлтжандылық позициясын, ғалымдық, ұстаздық ic - әрекетіне кip шалдырмай сақтай білген. Жалған саяси жалалармен icті болған Ә.Ермеков 1930 жылы 22 қыркуйекте тұтқындалады да, бip жыл жеті ай үздіксіз тергеуде болады.
    1932 жылы 20 сәуірде ОГПУ – дің үштігінің үкімімен ол алдын ала түрмеде отыртан уақыты есепке алынып тұтқыннан босап шығады. Ә.Ермеков босанып шыққанына қарамастан ОГПУ тыңшыларының жасырын бақылауында болады, Сонымен оның бостандықта жүруі ұзаққа бармайды. 1937 жылы сталиндік озбырлық халық басына қара түнек орнатып, үлкен терор бастаған кезде Ә.Ермеков Ресейге барып бойтасалап аз уақыт Куйбышев жоспарлау институтында математика кафедрасының меңгерушісі болып қызмет істеген. Ішкі істер халық комиссариатының әскери трибуналының үкімімен 1939 жылы 28 ақпанда ол 10 жылға бас бостандығынан айырылып ГУЛАГ - тың алыстағы лагерінің біріне айдалады. Ә.Ермеков сонда да арыздар жазып, өзінің халық жауы емес екендігін дәлелдеу үшін күреседі. Соның нәтижесінде ол ақталып 1947 жылдың басында тұтқыннан мерзімінен бұрын босап шығады. Осы жылдың 15 тамызында ол Шымкент технологиялық институтының математика кафедрасын басқарып, қайтадан ұстаздық қызметін жалғастырады. Өкінішке орай Ә.Ермеков жалған жаламен тағыда тұтқындалады. Ішкі істер министрлігінің түрмесіне қайта жабылады.
    1955 жылы 7 наурызда КСРО бас прокурорының қаулысымен түрмеден мерзімінен бұрын босатылып 1957 жылы 26 қарашада толық ақталады. Өмірінің соңына дейін ол Қарағанды тау - кен институ­тында (казіргі
    Қар-ПТИ) ұстаздық етеді. 1970 жылы Қарағандыда қайтыс болған.
    Ғылыми зерттеу еңбектерінің бағыттары - ықтималдық теориясы, математикалық статистика, теориялық механика, математикалық терминология мәселелері болған.

  • Сабақты бағалауСабақ аяқталды

    19 слайд

    Сабақты бағалау
    Сабақ аяқталды

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 805 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 24.10.2015 14172
    • PPTX 12.3 мбайт
    • 298 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жұмағұл Азамат Абдураззақұлы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жұмағұл Азамат Абдураззақұлы
    Жұмағұл Азамат Абдураззақұлы
    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 71136
    • Всего материалов: 15

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Мастерство мышления: развитие SoftSkills и математической логики

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 10 регионов

Курс повышения квалификации

Аспекты преподавания самостоятельного учебного курса «Вероятность и статистика» в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 279 человек из 65 регионов
  • Этот курс уже прошли 989 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по математике в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 325 человек из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 546 человек

Мини-курс

Принципы эффективного использования аграрных ландшафтов

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Практические аспекты работы логопеда: методы и приемы в логоритмике

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 14 регионов
  • Этот курс уже прошли 20 человек

Мини-курс

Идеи эпохи Просвещения: педагогическое значение для современности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе