Инфоурок Алгебра Другие методич. материалыМатематикалық сайыс 6-7 кластар

Математикалық сайыс 6-7 кластар

Скачать материал

Выберите документ из архива для просмотра:

Выбранный для просмотра документ 1 карточка.docx

№1 карточка

 

9 қабатты ғимараттың  9-шы қабатында бір бала тұрады екен. Бұл балаға досы қонаққа келе жатып, лифтке мініп 6-қабатты басып, 6-шы қабаттан түсіпті, қалған 3 қабатқа баспалдақпен жаяу көтеріліпті, не үшін?

 

№2  карточка

 

Атасы баласына: 12 түйе, 10 жылқы, 9 сиыр, 1 ешкі, 1 мысық, 3 түлкі. Таба алмасаң бұл күлкі – деп жұмбақ айтады. Бәрі  144 екен дейді, - баласы. Сонда  шал күліп жіберген екен. Шал баласынан нені сұраған екен?

 

№1 карточка

 

3 адам ортадан ақша шығарып 30 теңгеге нан алдырмақшы болыпты. Әрқайсысы 10 теңгеден шығарып, кішкентай баланы нанға жұмсап жібереді. Бала нанды 25 теңгеге сатып алады. Наннан артылған 5 теңгенің 2 теңгесін өзіне алып, қалған 3 теңгені үш адамға бір-бір теңгеден бөліп береді. Бұл кісілер басында 10 теңгеден берген еді. 1 теңгені қайтарып алғанда 9 теңге берген болады. 3 адам 9 теңгеден бергенде үшеуінің қосындысы 27 теңге болады. Баладағы 2 теңгені де қосқанда 29 теңге болады. Сонда бір теңге қайда кетті?

 

№2 карточка

 

Патша өте дәмді және мінсіз етіп сорпа пісіртеді. Бірақ патша бұл сорпада бір кемшілік бар дейді. Зындандағы тұтқынға бір кесе сорпа құйдырып бір ұрттатады да «Егер осы сорпаның несі кем екенін тапсаң сені босатамын» дейді. Тұтқын патшаға сорпаның несі кем екенін айтып бостандыққа шығады. Сұрақ: сорпаның несі кем еді?

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Математикалық сайыс 6-7 кластар"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Микробиолог

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Выбранный для просмотра документ ІІкез.docx

ІІ – топ

 

 

1)                      3,2+0,8+5,7 =

2)                      27+53−94    =

3)                      4,82,6−1,2 =

І – топ

1)                      3,8+1,5+2,5 =

2)                      50+11−84    =

3)                      6,9−2,6−2,3 =

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Математикалық сайыс 6-7 кластар"

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Выбранный для просмотра документ Білімді ұрпақ-ел тірегі математикалык сайыс.doc

«Білімді ұрпақ – ел тірегі» атты математикалық сайыс

Божбанова Алмагуль Балапановна

№68 МИББ кешені, Қарағанды қаласы

Математика пәні мұғалімі

 

Мақсаты:  Оқушылардың математикадан алған білімдерін тереңдету,  ой – өрісін кеңейту, шығармашылықпен, өз бетімен жұмыс істеу қабілетін арттыру.

Дамытушылығы:  Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыра отырып, есте сақтау қабілетін дамыту арқылы өз ойын жеткізе білу дағдысын қалыптастыру.

Тәрбиелігі: Оқушыларды  ұйымшылдыққа, тапқырлыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Өту түрі:  Топтық сайыс.

Көрнекілігі: слайд, теледидар

Өткізілетін орны: Конференция залы

(музыка ойнап тұрады, ойыншылар өз орындарына отырғызылады)

Жүргізуші: Қош келдіңіздер, қадірлі ұстаздар, әділқазылар және оқушылар!

  Асыл тастан, өнер жастан

  Шығады деп дарынды.

  Халық айтса қалт айтпайды,

  Әрқашанда нанымды, - деп Абай атамыз айтқандай 6 –7 сынып оқушылары арасында өткелі отырған «Білімді ұрпақ – ел тірегі» атты математикалық сайысымызды бастаймыз.

  «Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет» - деп Ш.Уәлиханов, «Ғылым майданының қатардағы жауынгері тек үнемі оқу, іздену, талпыну, тану, өмір мектебінен өту арқылы ғана оны ірі қайраткер дәрежесіне дейін көтереді» - деп Қ.Сәтбаев айтып кеткендей болашақтың тірегі тек білімді жастар екені даусыз.

(Ақпараттық тақтада слайдпен ұлағатты сөздер жазылып, көрсетіледі)

 Жүргізуші:Бүгінгі сайысымызға 6- кластан 8 оқушыдан құралған «Замандас», 7- кластан 8 оқушыдан құрылған  «Құрыш»  тобының  балалары  қатысады.

(Ақпараттық тақтада  слайдпен топтарға анықтама беріледі)

Жүргізуші:Математикалық сайыс - бұл еңбек. Сондықтан сайыс кезінде  өте ұқыпты, ойларың жинақталған болу керек және тәртіп сақтағандарың жөн.

Шеберлікті, білімді

Сараптап сіздер көріңіздер

Әділқазы алқасы

Әділ баға беріңіздер! - дей отырып сайыскерлеріміздің біліміне баға беретін әділ қазылар алқасымен таныстырайық:

-         Кешен математика пәні мұғалімі

-         Инфарматика пәні мұғалімі

-         8 класс оқушысы

-         8 класс оқушысы

Ойынға қатысушы команда мүшелеріне сәттілік тілейміз.

(музыка ойнайды)

Енді бүгінгі сайысымыздың жоспарымен танысыңыздар.

Сонымен:  (Кезеңдер теледидардан слайдпен көрсетіледі)

І кезең – Бой сергіту  (Командаға 1 минут уақыт беріледі, сұрақтар бойынша  әр оқушы ұпай жинайды.  10 сұраққа -10 ұпай)

ІІ кезең – Пингвиндер сайысы (Әр тақтаға үш-үштен есептер жазылады. Әр сайыскер аяғына допты қыстырып алып, түсірмей есептерді шығарады да допты келесі ойыншыға береді. Әр топтан 3 адам, қай топ жылдам аяқтайды, сол жеңеді. 10 ұпай)

ІІІ кезең – Анықталмаған математикалық объект «Сыр сандық құпиясы».
 (Құпиялы жәшікте математикамен байланысты кез келген зат жатады. Анықталмаған математикалық объектілердің сипаттамасы бойынша оны тауып, атын айту керек. Әр командаға 2 тапсырмадан, әр сұрақ 2 ұпайдан.)

ІҮ кезең   - Ойымды жалғастыр. (Әр топ мақал-мәтелдерді жалғастыру керек. 1 сұрақ -1 ұпай. Қай команда бірінші бағалау жетонын көрсетсе, сол бірінші жауап береді. )

Ү кезең   - Тапқырлар сайысы  (Бұл турда  логикалық сұрақтар қойылады. Жауап нақты, дұрыс болу керек. Дайын болған команда жауабын айтады. Әр дұрыс жауап - 5 ұпай)

Жүргізуші:Әділқазы алқасынан әр кезең бойынша жеке-жеке бағалау сұралады.

Дайын болсаңыздар сайысымызды бастаймыз:

І кезең – Бой сергіту

І топ: «Замандас» командасына сұрақтар

1.     Алымы бөлімінен үлкен бөлшек (бұрыс бөлшек)

2.     Ең үлкен үш таңбалы сан (999)

3.     Кесіндіні өлшейтін құрал (сызғыш)

4.     Сәуленің ұшы бола ма  (иә)

5.     Шеңбердің нүктесін центрімен қосатын кесінді (радиус)

6.     Барлық қабырғалары тең төртбұрыш (шаршы)

7.     Тік бұрыштан кіші бұрыш (сүйір)

8.     Ең кіші үш таңбалы сан (100)

9.     Санның жүзден бір бөлігі  (процент)

10.  Бұрышты өлшейтін құрал (транспортир)

ІІ топ: «Құрыш» командасына сұрақтар

1.     Бір жылда неше тәулік бар (365)

2.      Берілген фигуралардың қабырғаларының қосындысы (периметр)

3.      Дөңгелектің ең үлкен хордасы (диаметр)

4.      5 ке қарама-қарсы сан   (-5)

5.      Екі қатынастың теңдігі        (пропорция)

6.      Бір нүктеден шығып екі сәуледен құралатын фигура (бұрыш)

7.     Ең үлкен уақыт өлшемі (ғасыр)

8.     Ең кіші натурал сан (1)

9.     Қосудың нәтижесі (қосынды)

10. Бірлік кесіндісі берілген сәуле (координаталық сәуле)

 

Жүргізуші:Әділқазы алқасынан ұпай саны сұралады

ІІ кезең – Пингвиндер сайысы

І – топ

1)    3,8+1,5+2,5         =7,8

2)    50+11−84            =−23

3)    6,9−2,6−2,3         =2

ІІ – топ

1)    3,2+0,8+5,7   =9,7

2)    27+53−94      =14

3)    4,82,6−1,2    =1

 

ІІІ кезең – Анықталмаған математикалық объект  «Сыр сандық құпиясы».
«Замандас» командасына . Мен оқимын, тыңдаңыздар:

       Анықталмаған математикалық объектінің 1-ші сипаттамасы – Ежелгі Грецияда бұл затты қолдана білу дамудың жоғарғы сатысы болып есептелді, ал оның көмегімен есептерді шығара білу оның қоғамдағы орнының және ақылының жоғары екенін көрсетті. Осы зат туралы жұмбақ та шығарылған «Шекер жейтін аққұтан,

  Бір қазыққа байланды.

  Аузына тістеп шекерін,

    Оң қазықты айналды»                                                 (циркуль) 

 

«Құрыш» командасына Анықталмаған математикалық объектінің 1-ші сипаттамасы  Бұл зат заман талабы. Оны кішірек сыныптың оқушылары қызық көріп аналарына сатып алғызады. Ал жоғарғы сынып оқушыларына ол өте қажет. Оны олар уақытты үнемдеу үшін, ал кейде білмейтін бірдеңені тауып алу үшін қолданыланы. Бұл не?

                                                                                                       (компьютер)

 

   «Замандас» командасына Анықталмаған математикалық объектінің 2-ші сипаттамасы:   Бүлдіршіндер сұрағы: «Бұл – басы да, ұшы да жоқ, бір қызық, әдемі фигура. Бұл фигура барлық жерлерде қолданылады: тұрмыста, техникада, т.б. салаларда. Егер оның бойымен жүрсең, қанша жүрсең де бәрібір шыққан жеріңе қайтып ораласың. Оны тағы да катерлерде, үлкен кемелерде кездестіруге болады. Онда ол «құтқарушы» деп аталады. Бұл не?»
                                                                                                   (дөңгелек)


«Құрыш» командасына Анықталмаған математикалық объектінің 2-ші сипаттамасы Бұл зат әр оқушыға қажет. Тіпте, мектепке әлі бармайтын бүлдіршіндер оның болғанын ұнатады. Жоғарғы сыныптың оқушыларында ол көп болады. Мұғалімдер оларды үйлеріне әрлі – берлі тасып әлек.
«Тілі бар, үні жоқ,

Өзін адам түсінген.

Жүрегі бар да, қаны жоқ

Сөйлеп тұрған ішінен.»   Бұл не?                                                              (кітап)

-         Әділқазы алқасынан ұпай саны сұралады

 

ІҮ кезең   - Ойымды жалғастыр (житон көтереді)

1.   Жеті жұрттың тілін біл,           (жеті түрлі білім іл)
2. Білекті бірді жығар,                 (білімді мыңды жығар)
3. Екі жақсы қас болмас,             (екі жаман дос болмас)
4. Досыңды үш күн сынама,       (үш жыл сына)
5. Бір елі ауызға –                        (екі елі қақпақ)
6. Жүз сомың болғанша,             (жүз досың болсын)
7. Отыз тістен шыққан сөз,         (отыз елге тарайды)
8. Білгенің бір тоғыз,                   (білмегенің тоқсан тоғыз)
9. Бір кісі қазған құдықтан,         (мың кісі су ішеді)

10. 1 тал кессең,                            (10 тал ек)
11.  30 күн оразаның                     (1 күн айты бар)

- Әділқазы алқасынан ұпай саны сұралады

 

Ү кезең.- Тапқырлар  сайысы  (логикалық есептер)

1.     9 қабатты ғимараттың  9-шы қабатында бір бала тұрады екен. Бұл балаға досы қонаққа келе жатып, лифтке мініп 6-қабатты басып, 6-шы қабаттан түсіпті, қалған 3 қабатқа баспалдақпен жаяу көтеріліпті, не үшін?

 

  Жауабы: Бойы қысқа болғаны үшін. (одан жоғарыны басуға қолы жетпегені үшін)

 

2.     Атасы баласына: 12 түйе, 10 жылқы, 9 сиыр, 1 ешкі, 1 мысық, 3 түлкі. Таба алмасаң бұл күлкі – деп жұмбақ айтады. Бәрі  144 екен дейді, - баласы. Сонда  шал күліп жіберген екен. Шал баласынан нені сұраған екен?

Жауабы:  (аяқтарының саны)

 

3.     3 адам ортадан ақша шығарып 30 теңгеге нан алдырмақшы болыпты. Әрқайсысы 10 теңгеден шығарып, кішкентай баланы нанға жұмсап жібереді. Бала нанды 25 теңгеге сатып алады. Наннан артылған 5 теңгенің 2 теңгесін өзіне алып, қалған 3 теңгені үш адамға бір-бір теңгеден бөліп береді. Бұл кісілер басында 10 теңгеден берген еді. 1 теңгені қайтарып алғанда 9 теңге берген болады. 3 адам 9 теңгеден бергенде үшеуінің қосындысы 27 теңге болады. Баладағы 2 теңгені де қосқанда 29 теңге болады. Сонда бір теңге қайда кетті?

Жауабы: Баладағы 2 теңге 27-нің ішіндегі ақша, 27-ге адамдардағы 3 теңгені қосқанда 30 болады

 

4.   Патша өте дәмді және мінсіз етіп сорпа пісіртеді. Бірақ патша бұл сорпада бір кемшілік бар дейді. Зындандағы тұтқынға бір кесе сорпа құйдырып бір ұрттатады да «Егер осы сорпаның несі кем екенін тапсаң сені босатамын» дейді. Тұтқын патшаға сорпаның несі кем екенін айтып бостандыққа шығады. Сұрақ: сорпаның несі кем еді?

Жауабы: Тұтқын сорпаны ұрттағанда бір ұрттамы кеміген еді. Соны айтып бостандыққа шығады.

-          Әділқазы алқасынан ұпай саны сұралады

(Ү кезеңдегі тапсырма орындалғанша көрермендермен ойын өткізіледі)

Көрермендермен ойын: «Жұмбақ шешу»

1)    Дүниеде тұмсықсыз-ақ келеді,

дегенменен тұмсығынан өледі.   (қарындаш)

 

2)      Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да. 

     Ұзындығы жазылып тұр бойында.  (сызғыш )

 

3)      Нәрселерді санағанда,
Керек ол бізге ауадай,
Айтыңдаршы бұл қандай сан,
Жан жағаңа қарамай.  (натурал сан)

 

4)      Алды – артымыз шексіз де,
Жете алмайсың біздерге.
Сәуле менен кесінді,
Шыққан тегін білсе де.  (түзу)

 

5)      Жүз төрт түйме,
 Он бір ине.        (есепшот)

 

6)      Нүктеден, екі сәуледен құралған
    Айтшы бұл не екенін?  (бұрыш)

 

7)      Ағаш үстінде 100 торғай отырады. Аңшы 10 торғайды атып алады. Торғайдың қаншасы қалады?  (10 торғай).

 

8)      Бір жанұяның бес ер баласы және олардың әрқайсысының қарындастары бар. Жанұяның қанша баласы бар?   (6 бала)

    Жүргізуші:  Сайысымыз өз мәресіне жетті. Ендеше әділқазыларға сөз кезегін береміз.

(Әділқазы алқасы қорытындылайды. Сайысқа қатысқан оқушылар мен топтар марапатталады.)

Жүргізуші:  «Ақыл дастан, өнер жастан» шығады деп халқымыз бекер айтпаған. Өз білімдерін көрсетіп, білім додасына  түскен балаларға алғыс білдіреміз.

ЖАРҚЫ Н күнде жүздескенше. Сау болыңыздар!

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Математикалық сайыс 6-7 кластар"

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Выбранный для просмотра документ Білімді ұрпақ-ел тірегі Математикалық сайыс.pptx

Скачать материал "Математикалық сайыс 6-7 кластар"

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • Божбанова  Алмагуль Балапановна 
Математика пәні мұғалімі, 
№68 МИББ кешені
Қ...

    1 слайд

    Божбанова Алмагуль Балапановна
    Математика пәні мұғалімі,
    №68 МИББ кешені
    Қарағанды қаласы

    Тақырыбы: «Білімді ұрпақ – ел тірегі»
    Математикалық сайыс

  • Математикалық сайысБілімді ұрпақ – ел тірегі

    2 слайд

    Математикалық сайыс
    Білімді ұрпақ – ел тірегі

  • «Арифметика – математиканың, ал математика – ғылымдардың патшасы.»...

    3 слайд

    «Арифметика – математиканың, ал математика – ғылымдардың патшасы.» К.Гаусс
    «Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет» Ш.Уәлиханов

  • «Замандас»  тобы – ол өз заманына сай білімді терең меңгерген, озық ойлы, бол...

    4 слайд

    «Замандас» тобы – ол өз заманына сай білімді терең меңгерген, озық ойлы, болашақтың қалаушысы болатын балалар.


    «Құрыш» тобы – ол болашақ ел тірегі, білім әлемінде табанды, болаттай берік болатын балалар

  • Сайыс кезеңдері
І кезең  – Бой сергіту  (Командаға 1 минут уақыт беріледі, сұ...

    5 слайд

    Сайыс кезеңдері
    І кезең – Бой сергіту (Командаға 1 минут уақыт беріледі, сұрақтар бойынша әр оқушы ұпай жинайды. 10 сұраққа -10 ұпай)
    ІІ кезең – Пингвиндер сайысы (Әр тақтаға үш-үштен есептер жазылады. Әр сайыскер аяғына допты қыстырып алып, түсірмей есептерді шығарады да допты келесі ойыншыға береді. Әр топтан 3 адам, қай топ жылдам аяқтайды, сол жеңеді. 10 ұпай)
    ІІІ кезең – Анықталмаған математикалық объект «Сыр сандық құпиясы» (Сандықта математикамен байланысты кез келген зат жатады. Анықталмаған математикалық объектілердің сипаттамасы бойынша оны тауып, атын айту керек. Әр командаға 2 тапсырмадан, әр сұрақ 2 ұпайдан.)
    ІҮ кезең - Ойымды жалғастыр. (Әр топ мақал-мәтелдерді жалғастыру керек. 1 сұрақ-1 ұпай. Қай команда бірінші бағалау жетонын көрсетсе, сол бірінші жауап береді. )
    Ү кезең - Тапқырлық кезеңі (Бұл турда логикалық сұрақтар қойылады. Жауап нақты, дұрыс болу керек. Дайын болған команда жауабын айтады. Әр дұрыс жауап - 5 ұпай.)

  • Өз білімдерін көрсетіп, білім додасына  түскен балаларға алғыс білдіреміз. 
«...

    6 слайд

    Өз білімдерін көрсетіп, білім додасына түскен балаларға алғыс білдіреміз.

    «Ақыл дастан, өнер жастан»
    ЖАРҚЫН күнде жүздескенше...

  • Сайысқа белсене қатысқандарыңыз үшін алғыс айтамыз!

    7 слайд

    Сайысқа белсене
    қатысқандарыңыз үшін
    алғыс айтамыз!

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Выбранный для просмотра документ жюриге.docx

І кезең – Бой сергіту  (Командаға 1 минут уақыт беріледі, сұрақтар бойынша  әр оқушы ұпай жинайды.  10 сұраққа -10 ұпай)

ІІ кезең – Пингвиндер сайысы (Әр тақтаға үш-үштен есептер жазылады. Әр сайыскер аяғына допты қыстырып алып, түсірмей есептерді шығарады да допты келесі ойыншыға береді. Әр топтан 3 адам, қай топ жылдам аяқтайды, сол жеңеді. 10 ұпай)

ІІІ кезең – Анықталмаған математикалық объект «Сыр сандық құпиясы».
 (Құпиялы жәшікте математикамен байланысты кез келген зат жатады. Анықталмаған математикалық объектілердің сипаттамасы бойынша оны тауып, атын айту керек. Әр командаға 2 тапсырмадан, әр сұрақ 2 ұпайдан.)

ІҮ кезең   - Ойымды жалғастыр. (Әр топ мақал-мәтелдерді жалғастыру керек. 1 сұрақ -1 ұпай. Қай команда бірінші бағалау жетонын көрсетсе, сол бірінші жауап береді. )

Ү кезең   - Тапқырлар сайысы  (Бұл турда  логикалық сұрақтар қойылады. Жауап нақты, дұрыс болу керек. Дайын болған команда жауабын айтады. Әр дұрыс жауап - 5 ұпай)

-          Әділқазы алқасынан әр кезең бойынша жеке-жеке бағалау сұралады.

 

Кезеңдер

«Замандас» командасы

«Құрыш» командасы

І. Бой сергіту

 

 

 

ІІ. Пингвиндер сайысы

 

 

 

ІІІ. Сыр сандық құпиясы

 

 

 

ІҮ. Ойымды жалғастыр

 

 

 

Ү. Тапқырлар сайысы 

 

 

 

 

Қорытынды

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Математикалық сайыс 6-7 кластар"

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Выбранный для просмотра документ мат сайыс.docx

Озык ойлы тапқырлар сайысы"

«Озық ойлы тапқырлар сайысы» математикадан сабақтан тыс жұмыс

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың интеллектуальдық қабілетін дамытуда, математикалық білімдерін қолдана білуге үйрету.
Дамытушылық: Ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, шапшаң ойлау, тез шешім қабылдау, өз бетімен іздену , топпен , ұжыммен жұмыс түрлерін ұйымдастыру қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа, жауапкершілікке, өзін-өзі басқаруға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Безендірілген зал, cлаидтар, карточкалық тапсырмалар, логикалық есептер, әр топқа даярланған үстел.
Түрі: сайыс
Жоспары:
Жүргізушінің сөзі
I. Таныстыру, амандасу
II. Үй тапсырмасы
(«Математиканың өмірдегі орны» видео ролик)
III. «Білекті бірді жығар , білімді мыңды жығар» сайысы
IV. .Тапқырлық сайысы (логикалық есептер)
V. . Мода көрсету (математикалық мода)
VI . Көрермендер сайысы ( «иә» не «жоқ»)
VII. Құпия жәшік
( құпия жәшік ішінде математикаға байланысты зат жасырынған)
VIII. «Қас қағым сәт» сайысы

Қолданылған нақыл сөздер:
1. Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы.
(К.Гаусс)
2. Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика.
(М.В.Ломоносов)
3. Математика – барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те. (Р.Бэкон)

1-жүргізуші: Қайырлы күн қадірменді көрермендер! Қош келдіңіздер, қадірлі ұстаздар, әділқазылар және оқушылар!
«Озық ойлы тапқырлар!» сайысын бастауға рұқсат етіңіздер!
Ортаға математика пәні мұғалімі- Марзия Молдабаевнаны шақырамыз.
1-жүргізуші: Қымбатты білім сүйгіш жас достар!
Орыс ғалымы М.Ломоносов :
« Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін –математика, сондықтан да оны
оқу керек, »- деген. Олай болса, бүгін сіздер қызықты,
математиканың жұмбақты да, тартымды әлемімен танысасыздар.
Сіздер бұл әлемнің қаншалықты қызықты, әрі сан түрлі
екендігіне көз жеткізесіздер.
2-жүргізуші: Сайыста сіздерге әр түрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмалар
ұсынылады. Сайыста жеңу үшін сіздер белсенділік танытып,
берілген сұрақтарға өзгелерден тезірек ойланып, жауап берулеріңіз
керек және тапсырмаларды дұрыс орындау қажет.
Сіздерге сәттілік тілейміз!
1-жүргізуші: Білім қуған оқушылар!
Нақты ғылымдарға қызығушылар.
Естігенін есте тұтып,
Оқығанын миға тоқушылар.

2- жүргізуші: Қадірлі ұстаздар!
Айтар ойын тұспалдар.
Сіз оқытқан окушылардың,
Сәті келді сыналар.

1-жүргізуші: Есепті түрлі-түрлі шығарамыз,
Арасында ойын ойнап жарысамыз.
Ойға оралымды, қиын сұрақ бәрі де бар.
Әзіл есепті де жүзеге асырамыз..

2- жүргізуші: Шын жүйрік шабысынан табылады.
Нақты білім, терең ой сыналады.
Баға берер әділқазы ортамызда
Сіздерге құрметпен қол соғылады.
Шындықты жарып айтып, қара қылды қақ жаратын әділ-қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

1-жүргізуші:
Біреуінің жүрегінің түгі бар,
Біреуінің арқалап жүрген , қоғамдық жүгі бар,
Ал енді біреуінің қатты істейтін миы бар ойыншыларымызды ортаға шақырамыз. Қарсы алыңыздар!

1-жүргізуші: Математика сырлары,
Қызықтырды біздерді.
Ойынға бірге қатысуға,
Шақырамыз сіздерді!- дей отырып , таныстыру сайысына
бірінші кезекте «Пи » тобын шақырамыз.
Ұраны: Білікті бірді жығар.
Білімді мыңды жығар.
Сәлемдесуі: Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,
Көрсетеміз бізде қандай күш барын.
Алға қойған мақсатымыз бір екен.
Сәтті болсын сапарымыз әрдайым.

2-жүргізуші:
Санаңды сенің толтырар,
Есептану пәні бар.
Сабағынды егер оқысаң,
Өмірде саған жол болар.
I.
Таныстыру сайысына « Достар» тобын шақырамыз:
Ұраны: Жарыс десе жанамыз,
Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз.
Сәлемдесуі: Қиындықтан сірә да біз қашпаймыз,
Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз.
Қияларға самғап ұшқан құстаймыз,
Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз.
1-жүргізуші:
Қадірін білсең егер сен,
Қол ұшын берер ол саған.
Есептеп жүрсең бәрін де
Сүріңбейсің өмірде.
Таныстыру сайысына «Логика» тобын шақырамыз!

Ұраны: Қандай сынақ болса дағы беріспе,
Әрқашанда үміткерміз жеңіске.
Сәлемдесуі: Армандарға қол созумен келеміз,
Өмір теңіз жүзіп келеді кемеміз.
Білімменен қаруланған тобымыз,
Қарсыласты қалай да біз жеңеміз.
II.
Үй тапсырмасы (математикалық көрініс, видео ролик)
Әділқазы алқасынан І - ІІ -сайыстың қорытындысын сұраймыз.
III.
2 жүргізуші: «Ел болашағы -жастардың қолында» Олай болса осындай ел болашағын ойлайтын «Озық ойлы тапқырларымызды»
«Білекті бірді жығар , білімді мыңды жығар» сайысына шақырамыз.
Топ мүшелері слаидтағы ұяшықтарды таңдап, ондағы 3 сұраққа жауап беруі керек.
Бір таңдалған ұяшық екінші таңдалмайды.
IV.
2 жүргізуші: Математиканы білген адам өмірдің барлық заңдылықтарын
дұрыс түсініп, шеше алатын болады .
Тапқырлық сайысы (әр топқа логикалық есептер беріледі).
Ойыншыларымыздың ойлануларына уақыт беру үшін келесі бөлімге көшейік.
V.
1 жүргізуші: Математиканың өмірде кең қолданылатынын дәлелдеу үшін сайысқа қатысушыларымыз математикалық мода көрсетеді.
Бірінші кезекте «Пи» тобының сән үлгісін тамашалайсыздар.
Келесі «Достар» және «Логика» топтары дайын болсын
Математикалық мода көрсету

Әділқазы алқасынан III – IV бөлім сайыстың қорытындысын сұраймыз.
1 жүргізуші:
Төрт пен үшті қосуға
Үшбұрышты сызуға
Үйретеді, үйретеді математика!
2 жүргізуші:
Туындыны анықтап
Интегралды табуға
Үйретеді, үйретеді математика!
1 жүргізуші:
Теореманы дәлелдеп
Аксиоманы айтуға
Үйретеді математика!
VI.
2 жүргізуші: Енді көрермендерге сұрақтар беріледі бұл
сұрақтарға залдағы көрермендер «иә» не «жоқ» жауап беруі керек.
Әділқазы алқасынан V –VI бөлім сайыстың қорытындысын сұраймыз.
VII.
Құпия жәшік
VIII. «Қас қағым сәт» сайысы (әр командаға 1 минутта есте сақтау үшін фигуралар көрсетіледі)
1-жүргізуші: Санаңды сенің толтырар,
Математика пәні бар.
Сабағынды егер оқысаң,
Өмірде саған жол болар.
2-жүргізуші: Сайысымыздың соңғы сәті таяп қалды.
Ал, қазір әділ қазылар алқасы сөз алады.

Қорытындылау, жеңімпаздарды марапаттау.
Логикалық есептер
• Бір топ қаз ұшып келіп қонады, сол жерде бір қаздың бастаушысы Ассалаумағалейкум жалғыз қаз дейді. Сонда жалғыз қаз: салаумалейкум, сіздер нешеусіздер?-дейді. Бастаушы қаз: біз бір топ, тағы бір топ, оған жарты топты, жартысының жартысын қоссақ, оған өзіңді қоссақ, 100 боламыз. Өзің есептеп шығар депті. Қаз нешеу?

• Бір меймандос адамның үйіне достары келіпті. Оларға шай беріпті. Шайдан кейін қазанға ет салынады. Тамақ пісіп, табақ тартыларда үй иесі меймандарды көзбен шолып шықты да, ойланып қалды. Ошақ басында жүрген жұбайына келіп: екеу ара бір табақ тартсақ, бір табақ жетпей қалады. Үшеу ара бір табақ тартсақ, бір табақ артылып қалады енді не істесек екен?- дейді. Бұл үйдің меймандары қанша? Табақ саны қанша?

ЕРТЕГI ЕСЕП
Қаздың түлкіге айтқан есебі. Аң біткеннің патшасы арыстан ағзам ауырып апанында жатқанда мүләйімсіп түлкі келіп тамырын ұстайды.
— Тақсыр, ауруыңыз астан екен, тамақты талғап ішіңіз.
Көжек пен кұс балапанының жұмсақ еті мың да бір дауа, — деп бұлаңдайды.
Арыстанның көжек пен құс балапаның маған жеткіз деген бұйрығын орындауға келген түлкіге қаздиған қалпын бұзбаған қаз былай дейді.
— Арыстанға азық етіп беретің артық төліміз жоқ. Егер оған барып шағынып, жағынам десең:
Түлкісің аярлыққа бермейтін дес. Көрейік қанша сенде ақыл мен ес. Балапан, көмек санын өзің тапқын,
Аяқтары тоқсан төрт, басы отыз бес —
дейді де, үңгірге еніп, есігін таспен бекітіп алады. Түлкі қаз осылай есеп айтып еді, мен шеше алмадым деп арыстан алдына баруға дәті шыдамалы

Логикалық есептер
• Бір топ қаз ұшып келіп қонады, сол жерде бір қаздың бастаушысы Ассалаумағалейкум жалғыз қаз дейді. Сонда жалғыз қаз: салаумалейкум, сіздер нешеусіздер?-дейді. Бастаушы қаз: біз бір топ, тағы бір топ, оған жарты топты, жартысының, оған өзіңді қоссақ, 100 боламыз. Өзің есептеп шығар депті. Қаз нешеу?
36 қаз
• Бір меймандос адамның үйіне достары келіпті. Оларға шай беріпті. Шайдан кейін қазанға ет салынады. Тамақ пісіп, табақ тартыларда үй иесі меймандарды көзбен шолып шықты да, ойланып қалды. Ошақ басында жүрген жұбайына келіп: екеу ара бір табақ тартсақ, бір табақ жетпей қалады. Үшеу ара бір табақ тартсақ, бір табақ артылып қалады енді не істесек екен?- дейді. Бұл үйдің меймандары қанша? Табақ саны қанша?
12 мейман 5 табақ

ЕРТЕГI ЕСЕП
Қаздың түлкіге айтқан есебі. Аң біткеннің патшасы арыстан ағзам ауырып апанында жатқанда мүләйімсіп түлкі келіп тамырын ұстайды.
— Тақсыр, ауруыңыз астан екен, тамақты талғап ішіңіз.
Көжек пен кұс балапанының жұмсақ еті мың да бір дауа, — деп бұлаңдайды.
Арыстанның көжек пен құс балапаның маған жеткіз деген бұйрығын орындауға келген түлкіге қаздиған қалпын бұзбаған қаз былай дейді.
— Арыстанға азық етіп беретің артық төліміз жоқ. Егер оған барып шағынып, жағынам десең:
Түлкісің аярлыққа бермейтін дес. Көрейік қанша сенде ақыл мен ес. Балапан, көмек санын өзің тапқын,
Аяқтары тоқсан төрт, басы отыз бес —
дейді де, үңгірге еніп, есігін таспен бекітіп алады. Түлкі қаз осылай есеп айтып еді, мен шеше алмадым деп арыстан алдына баруға дәті шыдамалы.
Көжек 12
Балапан 23
Жазылмай қалған санды тап

27; ...; 43
16; 24; 32

27;35;43
16; 24; 32

24; ...; 48
120; 143; 168

24;35;48
120; 143; 168

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Тапқырлар сайысы»

5-8 сыныптар


Математика пәні мұғалімі:Омарова Қ.Т.


Павлодар қаласы, 2009 ж


Тақырып: Тапқырлар сайысы


Мақсаты: Оқушылардың математикаға қызығушылығын арттыру;математикалық ойлауын тереңдету.

Жоспар:1. Командалардың өздерін таныстыру.

2. «Бәйге»

3. «Мен – саған, сен – маған»

4. «Көкпар»

5. «Шырпылар шытырманы»

6. «Санап көр»

7. Үй жұмысын тексеру

8. Капитандар сайысы

9. Қорытынды.

Сайыстың барысы:

Әр команда 7-9 оқушыдан құрастырылған. 1-ші команда Әл-Фараби, 2-ші команда Әл-Хорезми, 3 бастаушы, қазылар алқасы.

1-бастаушы: Көңілді тапқыштар,білгіштер

Бар өнерін алдарына салады.

Кім білімді,көп оқыған болса егер

Бүгінгі күн жеңімпазы болады.

2-бастаушы: Өмірде ойлап тұрсаң бәрі де есеп

Ауырсаң ішетұғын дәрі де есеп

Есепсіз сүрген өмір мазмұнсыз-ау

Дүниенің бар тұлғасы есеп десек.

3-бастаушы: Есептен сайысады қос команда

Алға озар ең мықтысы осы жолда

Көпшілік өнерлерін қызықтамақ

Сұрайық шығуларын жұрт алдына.


  1. Командалардың танысуы.


А) Танысу

Әл-Хорезми.

Өнер қуған математик жастармыз

Есебіңді лезде шешіп тастармыз.

Командамыз өңшең тапқыр қырандар

Ерен туған «Вундер кинд» бастармыз.


Келешектің үмітіміз талапты

Атақ даңққа бөленеміз қарап тұр,

Сегіз қырлы,өнер асып туғандар

Оза шауып бәйге атындай жарап тұр.


Әл-Фараби.

Егеменді қазақтың біз ұланы

Өз туы бар,елтаңба,әнұраны,

Үмітін ақтайтын біз аға ұрпақтың

Самғайтын биіктерге тау қыраны.


Бабамыз Әл-Фараби өзің қолда

Жеңіс тек біздер болар осы жолда

Достар-ау,сендер де бір қолпаштаңдар

Отырған дәл алдыда,он мен солда.


Б)Амандасу


Әл-Фараби: Бастары компьютердей

Бойлары бәрі бірдей

Жастықты бірге өткізген

Құрбыларға өрімдей – сәлем!


Әл-Хорезми: Құны бір құрдас

Жаны бір жандос

Тілегі бір, жүрегі бір

Бірге өскен жолдас

Сендерге де бір сәлем!


В) Ұраны


Әл-Фараби: Бір аллаға сыйынып

Кел, балалар,оқылық.


Әл-Хорезми: Тартысайық сайыста күш жігермен

Айырлысайық қимас бір дос көңілмен.


Г) Қазылар алқасы тілек

Әл-Фараби: Төр ағасы төбе билер-жюрилер

Әділетпен кеңес құра біліңдер.


Әл-Хорезми: Әділеттен аспаңыздар

Қиянатқа баспаңыздар.

2. «Бәйге»

Екі командаға сұрақ қойылады.Әрқайсысының жауабы тыңдалады.Дұрыс жауап бағаланады.


  1. Ұшып барады бір топ қаз оңтүстікке


Мықты болсаң,қанша екен тез есепте

Алдында екеу,екеу келеді артында

Екі-екіден келеді қос бүйірде.

(4)

2.Табақтағы жемісті

Былай ғана бөлісті

Екі анасы,қос баласы

Әжесі мен немере

Бір-бірден тиді алмасы

Айтшы қанша жан басы?

(Әжесі,шешесі,немересі)

3.Суретші мектеп бөлмелерін нөмірлеуге тиіс еді.Бөлме саны 100 болса, қанша рет «9» санын жазу керек? (19 рет)

4.Біздің үйдегі қабырға сағаты қоңыраулы,ол әрбір жарты сағатта 1 рет, толық сағат санын сол уақытта көрсету санына тең қоңырау соғады.Сонда тәулігіне неше рет соғады? (204 рет)

5.Тәулікті тең 24 сағатқа бөлген кім еді?

(грек астрономы Птоломей)

6.Юлиан календары бойынша бір жылдың ұзақтығы қандай?

(365 күн 6 сағат)

7.12 жылдың мүшел аттарын ата? (тышқан,сиыр,барыс,қоян,ұлу,жылан,жылқы,қой,мешін,тауық,ит,доңыз)

8.Математикаға алгебра атауын кім енгізді және алгебра қандай сөзден шыққан? (Омар hайям; Әл Жебр)

9.Қазақта қолданатын ұзындық өлшеуіштерін ата.(шынтақ,елі,бір елі,сынық сүйем,құлаш,табан,қадам,көз көрім жер,таяқ тастам жер,түстік жер,күндік жер)

10.Аудан өлшеуіштері? (түймедей,теңгедей,ат төбеліндей,алақандай,туырлықтай,ауыл аумағындай)

11.Көлем өлшеуіштері? (жұдырықтай,ат басындай,тай тұяқ,үйдей,таудай)

12.Салмақ өлшеуіштері? (зілдей,қаңбақтай)

13. «3» цифрын 3 рет пайдаланып ең үлкен санды жаз. (333)

14. «1» цифрын 4 рет пайдаланып ше? (1111)

15. «1» цифрын 5 рет амалдар таңбасын пайдаланып 100-ді қалай жазуға болады? (111-11=100)

16. «2» цифрын 3 рет қолданып 1-ді ше? (2-2:2=1)

17. Қайсысы үлкен 1020 немесе 2010 ? (1020=1010-1010; 2010=(2*10)10=210*1010; 1020>2010)


3. «Мен –саған, сен – маған»

Әр команда математикаға қатысты үш ребустан дайындап әкелуі тиіс.Осы ребустарды бір-біріне шешкізеді.

4. «Көкпар»

Тапқырлар математикалық сөздерді құрастыруы керек.Бірінші әріптері белгілі.


П




























П


















П








П


















П














П


























П
















П


















А












А












А
















А














А










А




















А














А









5. «Шыршалар шытырманы»


1.3 бірдей квдрат шығатындай етіп 4 шырпыны жылжыту керек.


Жауабы:

2.Үй 10 шырпыдан жасалған. 2 шырпыны қозғатып үйді басқа жаққа бұру керек.

Жауабы:


6. «Санап көр»

Суретте көрсетілген үшбұрыш,бұрыш,дөңгелек,кесінділерді санап алу керек.Санау ережесі келесіде: бір үшбұрыш, бір бұрыш,бір дөңгелек,екі бұрыш,бір кесінді,екі дөңгелек,екі кесінді,екі үшбұрыш, үш кесінді,... Кезекпен санайды, кім қателессе ойыннан шығады.

изображение 001


7. Үй жұмысы

Әр команда математикаға қатысты музыкалық номер немесе өлең,тақпақ дайындап келуі керек.


8.Капитандар сайысы

Әр команданың капитаны қарамы-қарсы команданың ғалымы туралы білуі керек.Бір-бірінің сұрағына жауап береді.


9.Қорытынды

Қазылар алқасы екі команданы бағалап,қорытынды жасайды.

 

изображение 001

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Математикалық сайыс 6-7 кластар"

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 176 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 24.10.2015 3607
    • RAR 3.9 мбайт
    • 28 скачиваний
    • Рейтинг: 1 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Божбанова Алмагуль Балапановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 23764
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Ментальная арифметика: отрицательные числа, дроби, возведение в квадрат, извлечение квадратного корня

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 114 человек из 43 регионов
  • Этот курс уже прошли 121 человек

Курс повышения квалификации

Применение математических знаний в повседневной жизни

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 27 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 16 человек

Курс профессиональной переподготовки

Математика: теория и методика преподавания в сфере начального общего образования

Учитель математики в начальной школе

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 128 человек из 43 регионов
  • Этот курс уже прошли 180 человек

Мини-курс

Управление рисками и финансовое моделирование

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление проектами: от планирования до реализации

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 22 регионов

Мини-курс

Влияние внешних факторов на психологическое развитие личности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе