Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Урок «Абай. Жазғытұры»
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Урок «Абай. Жазғытұры»

библиотека
материалов



Әдебиеттік оқу

Сынып: 3 «Ә»

Мерзімі: 27.02.2014
Сабақтың тақырыбы:
Абай. Жазғытұры.
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың Абай Құнанбаевтың өмірі, оның шығармалары туралы білімдерін кеңейту. «Жазғытұры» өлеңінің мазмұнымен идеясын ашу
2. Оқушылардың сөздік қорын молайту, есте сақтау қабілетін дамыту, шығармашылық қабілетін жетілдіру.
3. Қоршаған ортаның тылсым сырларына қызықтыру арқылы туған елінің табиғатын сүйе білуге баулу, оған қамқоршы болуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: әңгіме, сұрақ-жауап, СТО технология элементтері
Сабақтың түрі: Дамытушылық білім беру
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, Абай суреті, сюжетті суреттер

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Психологиялық дайындық
Айналаға алақанмен,
Жылулықты шашайық.
Сәттілік тілеп, күлімсіреп,
Біз сабақты бастайық!

Сабақтың ұраны:

Пайда ойлама, ар ойла.

Талап қыл артық білуге.

2. Оқушыларды топқа бөлу.

Оқушыларға өлең жолдары жазылған қима-қағаздар таратылады. Өлеңді дұрыс ретімен оқу арқылы оқушылар топқа бөлінеді.

3. Топқа ат қою. Әр топ математикалық есептеулер жүргізіп, өздерінің топ аттарын табады.

І – топ: Алғырлар

ІІ-топ: Тапқырлар

І-топ



Л

5х6


А

45 : 9


Ы

7 х 6



Р

48 : 6


Ғ

9 х 9



5

30

81

42

8

30

5

8









ІІ - топ

Л

5х6


А

45 : 9


Ы

7 х 6



Р

48 : 6


Ғ

9 х 9



5

30

81

42

8

30

5

8









ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

«Бәйге» ойыны

10 – «Ақ қыс» өлеңінің авторы кім?

10 - Бөлімдегі Мұқағали Мақатаевтың өлеңі?

20- Бозторғай туралы әңгіме қалай аталады?

30-« Көшер кезде» романынан үзіндінің авторы?

10- Төлеген Айбергенов қай жерде дүниеге келді?

20- Қанша қалың жауғанмен,

Қар көктемде қалмайды. –деген сөздерді кім айтқан?

30- “Дуадақ” әңгімесінің авторы кім?

ІІІ. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:

1. Кім тапқыр? Ребустар шешіледі. Шешулері: Абай, Жазғытұры

2. «Сиқырлы сұрақ» әдісі:
Күлім қағып күн шығып,
Күн нұрымен бүр шығып,


Ел еңбекке құлшынып,
Қыза түскен тіршілік.
Айтыңдаршы,
балалар,
Бұл қай кезде болады?
3. Ой шақыру: Көктем дегеніміз не? Көктемде қандай өзгерістер болады?

Бырлық бала өз ойын айтады.
Күн мен түн теңеледі.
Мал төлдейді.
Бүршік жарады.
Жылғалардан су ақты.
Күн жылынады.
Жер жыртады.
Сендер көктем мезгілін осылайша суреттейді екенсіңдер. Ал енді Абай атамыз қалай суреттеген екенін бүгін оқып, білеміз.
ІҮ. Жаңа сабақ: Абай. Жазғытұры
1. Абай атаның өмірбаянына қысқаша шолу жасау.

Абай Құнанбаев 1845жылы 10 тамызда Семей өңірі, Шыңғыстау баурайы, Қасқабұлақ бойында дүниеге келген. Әжесі Зере немересін Абай, яғни «сүйкімді» деп еркелеткен. Осыдан кейін ел арасында шын аты аталмай, Абай атанып кетеді.
Абайдың азан шақырып қойған аты - Ибраһим.
2. Оқулықпен жұмыс:

«Жазғытұры» өлеңін мәнерлеп оқу.
Жазғытұры

Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,

Масатыдай құлпырар жердің жүзі.

Жан-жануар, адамзат анталаса,

Ата-анадай елжірер күннің көзі.

Түйе боздап, қой қоздап, қорада шу,

Көбелекпен, құспенен сайда ду-ду.

Гүл мен ағаш майысып қарағанда,

Сыбдыр қағып, бұраңдап ағады су.

Кемпір-шал шуақ іздеп, бала шулар,

Мал мазатсып, қуанып, аунап-қунар.



Жыршы құстар әуеде өлең айтып,

Қиқу салар көлдегі қаз бен қулар.


Сөздік жұмыс:

Масатыдай - жұмсақ кілемдей
Анталаса - қимыл қозғалыс
Елжірер - мейірленер, жылылықпен қарайды

Мазатсып – рақаттану, масайрау


Сергіту сәті:

Қазақстан – туған жерім, мекенім,

Туған жерді мен мақтаныш етемін.

Еліміздің биік болса байрағы,

Қуаныштан кетер толқып жүрегім.

3. Мәнерлеп оқу жарысы: Оқушыларға өлеңді мәнерлеп оқыту. Талдау. Сұрақтарға жауап беру.

Өлең қандай жыл мезгілі туралы екен?

Өлеңде көктемдегі адамдардың тіршілігі туралы не делінген?

Жан – жануарлар туралы не делінген?

Өлеңді оқығанда көз алдарыңда қандай табиғат бейнесі келеді?
4. Шығармашылық жұмыс:

І-топ: Көктем туралы шығарма жазады.

ІІ-топ: Көктем туралы өлең шығарады.

5. Сурет салу жарысы: Көктем мезгілін суреттеу.

6.Тынығу минуты. Абай атамыз тек қана өлең жазып қана қоймай, оған ән де шығарған. Оның «Айттым сәлем, Қаламқас», «Көзімнің қарасы», «Қараңғы түнде тау қалғып» атты өлеңдері бар. Ақынның ең бір нәзік шеберлікпен тудырған өлеңі табиғат, махаббат сырына арналған - «Желсіз түнде жарық ай» әні. Бұл әнді Абай Ақшоқыға қарап тұрып айтқан. Ақшоқы – Абай жырының бесігі. Ақындық қуаты толысқан, Өскенбай күзегі.

Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» өлеңін тыңдау.

7. Топ басшыларының жарысы: Топ басшылары өздері білетін Абай атаның өлеңін оқиды.

8. «Жұлдызды сағат» ойыны.

1. Абай қай жылы туды?

1855, 1963, 1845;

2. Қай жерде туды?

Семей, Алматы, Торғай

3. Әкесінің аты кім?

Ырғызбай, Өскенбай, Құнанбай;

4. Абай қай рудан?

Жігітек, Бөкенші, Тобықты;

5. Анасының, әжесінің аттары кім?

Әйгерім, Зере, Ұлжан;

6. Көктем туралы қандай өлеңі бар?

Жазғытұры, Көктем, Бәйшешек

Ү. Қорытынды: Семантикалық картамен жұмыс.

Сhello_html_m1742f707.gifұрақтар:







Мезгіл аттары

Қар жауады

Бәйшешек ашады

Қар ериді


Жапырақтар сарғаяды


Күн аяз болады


Ағаштар бүршік жарады




Күн ыстық болады




Құстар ұшып келеді


Жемістер піседі




Жаз










Күз










Қыс










Көктем














ҮІ. Бекіту. Абай ата туралы не білдік? Топтастыру.

hello_html_3b5471ca.gif



Сабақты С. Торайғыровтың өлеңімен аяқтау:

Асыл сөзді іздесең,

Абайды оқы, ерінбе.

Адамдықты көздесең,

Жаттап тоқы көңілге.
ҮІІ. Бағалау. Мадақтау. Жеңіске жеткен топты анықтау.
ҮІІІ. Үй жұмысы: Өлеңді жаттап келу, көктем мезгіліне қатысты қазақ халқының ырымдарын біліп келу.















Ашық сабақтан көрініс:





hello_html_m4cf27be3.jpg













hello_html_4d266cb9.jpg













hello_html_74d64c7.jpg





















Краткое описание документа:

Әдебиеттік оқу Сынып: 3 «Ә» Мерзімі: 27.02.2014 Сабақтың тақырыбы: Абай. Жазғытұры. Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың Абай Құнанбаевтың өмірі, оның шығармалары туралы білімдерін кеңейту. «Жазғытұры» өлеңінің мазмұнымен идеясын ашу 2. Оқушылардың сөздік қорын молайту, есте сақтау қабілетін дамыту, шығармашылық қабілетін жетілдіру. 3. Қоршаған ортаның тылсым сырларына қызықтыру арқылы туған елінің табиғатын сүйе білуге баулу, оған қамқоршы болуға тәрбиелеу. Сабақтың әдісі: әңгіме, сұрақ-жауап, СТО технология элементтері Сабақтың түрі: Дамытушылық білім беру Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, Абай суреті, сюжетті суреттер Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Психологиялық дайындық Айналаға алақанмен, Жылулықты шашайық. Сәттілік тілеп, күлімсіреп, Біз сабақты бастайық! Сабақтың ұраны: Пайда ойлама, ар ойла. Талап қыл артық білуге. 2. Оқушыларды топқа бөлу. Оқушыларға өлең жолдары жазылған қима-қағаздар таратылады. Өлеңді дұрыс ретімен оқу арқылы оқушылар топқа бөлінеді. 3. Топқа ат қою. Әр топ математикалық есептеулер жүргізіп, өздерінің топ аттарын табады. І – топ: Алғырлар ІІ-топ: Тапқырлар І-топ Л 5х6   А 45 : 9   Ы 7 х 6   Р  48 : 6   Ғ  9 х 9   5 30 81 42 8 30 5 8                 ІІ - топ Л 5х6   А 45 : 9   Ы 7 х 6   Р  48 : 6   Ғ  9 х 9   5 30 81 42 8 30 5 8                 ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: «Бәйге» ойыны 10 – «Ақ қыс» өлеңінің авторы кім?            10 - Бөлімдегі Мұқағали Мақатаевтың өлеңі? 20- Бозторғай туралы әңгіме қалай аталады? 30-« Көшер кезде» романынан үзіндінің авторы? 10- Төлеген Айбергенов қай жерде дүниеге келді?  20- Қанша қалың жауғанмен,       Қар көктемде қалмайды. –деген сөздерді кім айтқан?  30- “Дуадақ” әңгімесінің авторы кім?
Автор
Дата добавления 11.05.2014
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров652
Номер материала 101185051132
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх