Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалыБала тәрбиесі – баршаның ісі (ата-анамен кеңесу)

Бала тәрбиесі – баршаның ісі (ата-анамен кеңесу)

Скачать материал

Бала тәрбиесі – баршаның ісі

(ата-анамен кеңесу)

 

Біздер, ата-аналар, өзімізді өзіміз сыйлауға, күтуге, құрметтеуге қанша күш жұмсасақ, балаларымызды сыйлауға, күтуге, құрметтеуге екі есе күш жұмсауымыз керек. Өйткені біздер, ата-аналар болғандықтан өз дәуіріміз үшін де, балаларымыздың заманы үшін де жауап береміз. Бұны – әсіресе қазіргі жағдайымыз талап етеді.

Егер бала әкесінің  не шешесінің ең сұлу, ең әділетті, ең ұқыпты, ең көңілді, аса байыпты өзін шын мәнінде сыйлайтын, күтетін, құрметтейтініне сенетін болса, сіз оның ең қадірлі адамысыз, сондықтан сіздің беделіңіз ең басты мәселе болып саналады. Балаңыз сізге ұқсауға тырысады. Демек, балалар алдында беделді ата-ана өз борышын, азаматтық міндетін орындадым деп есептей алады. Бала өзінің ата-анасын қалай сыйласа, қадірлесе, жақсы көрсе, жалпы үлкендер арасында өзін қалай ұстауды, үлкен кісілерді құрметтеуді білетін, қарттарға көмекке келуге әрқашан дайын тұратын, кішкентай бөбектерге қамқорлық көрсете алатын мәдениетті адам болып өседі. Мұндай балалар тәрбиелі, көргенді бала екен деген сенімге ие болады. Бұл – ата-анаға қандай қуаныш, қандай бақыт. Бұл – жақсы тәрбиенің нәтижесі.

«Баланың тәрбиесі жөнінді біреуден ақыл сұрауыңыз, өз балаңызды өзіңіз жақсы танымағаныңыз. Алдымен жақсы танысыңыз, содан кейін кеңес алыңыз», - дейді А.С.Макаренко. Дарынды педагогтың өмір окулығынан алған тәжірибесі – әрбір ата-ананың тәрбие жұмысындағы кемшіліктері жөнінде данышпандықпен айтылған кемеңгерлік пікір. «Баламыз, кейінгі кезде, айтқанды тыңдамайды. Өз бетінше жүреді. Ерте кетіп, кеш келеді. Мұның не десек, сендердің жұмыстарың емес, өзім білемін, қалай жүргім келсе, солай жүремін деп, тыңдамайды, не істесем екен, кімге барып ақыл сұраймын?» - дейтін ата-аналар да кездесіп қалады.

Бірде Ж.-ның анасы: «Қызым тілімді алмайды, баратын жеріне рұқсатсыз кетіп қалады. Кейде өте кеш қайтады, тіпті қонып қалатын кездері де болады. Тіл алмай қойған соң сіздерге келдім, жәрдем беріңіздер, болмаса қызымның бұзылып кететін түрі бар»,- деді. Дәл осы сияқты қыздарымыз бен ұлдарымыз бар екені рас. Ендеше мұндай балалардың  ата-аналары тәрбие мәселесінде ағаттық кетіргені, тәрбие мәселесіне немқұрайлы қарағаны белгілі. Бала тәрбиесіне кішкене кезінде көңіл аз бөлінеді, өскен соң түзелер, әлі кішкентай деп ойлайды. Баласы өскен соң, кімді тәрбиелегенін, қалай тәрбиелегенін түсінбей қалады, өйткені алдында өзі танымайтын, танығысы келмейтін адам тұрады. Ал ата-анасын түсінбеген, тыңдамаған бала, басқаны да тыңдап жарытпайды. Сондықтан, баланы ешкімнің ақылынсыз-ақ өзіңізді сыйлай білетіндей етіп тәрбиелеу керек. Бұл тәрбие бала дүниеге келген күннен басталмақ: уақытында тамақтандыру, ұйықтату, мезгілінде ойнатып, ойыншықтарымен дұрыс қарым-қатынас жасауға үйретуден негізі қаланады. Ата-ананың әрбір басқан қадамы дұрыс болып, дәл орнын тапса, баласы үшін біреуден ақыл-кеңес сұрамайтын болады. «Не ексең, соны орарсың» деген даналық сөз дұрыс алынған ғой. «Балаға көбінесе үш алуан адамнан мінез жұғады. Біріншісі – ата-ана, екіншісі – ұстазы, үшіншісі – құрбысынан. Солардың ішінде қайсысын жақсы көрсе, сонысынан көбірек жұғады. Қорықпақ пен сүймек – от пен су сияқты. Ол екі зат әсте бір жерге жуымайды. Адам сүйген адамының ғана ақылын ұғынады, содан тағылым алады. Қорқытып, ұрсып айтқан ақыл адамға дарымайды» - дейді Абай. Ұлы ақынның сөздері атақты педагогтардың пікірімен сәйкес келеді. Бала жаман я жақсы болып тумайды, оны жақсы ететін де, жаман ететін де тәрбиесі мен тәрбиелейтін ортасы, ал бала ең алдымен ата-анасын көріп, сезіп өседі. Егер балаңызды мектепке барғасын бәріне үйренеді десеңіз, кеш қаласыз. Баланың санасына өзін-өзі тоқтата білу,  кідірте білу, тежей білу  дағдыларын қалыптастыру керек.  Егер өзін-өзі  тежеуге  шамасы келмесе, ол баланың бойында намыс пен жігердің болуы екіталай.  Намыссыз, жігерсіз бала- «құр қуыс кеуде» болады.

Екіншіден балаңыз неғұрлым батыл болса, соғұрлым шыншыл болады. Мұндай бала өтірікке жол бермейді. Ендеше, өзі жасаған қателігіне сізге түсінік берсін, сіз түсінік бере көрмеңіз.

Үшінші баланы жасынан шынайы сезімге дағдыландырған жөн. Жалған сезім абырой әкелмейді. Кейбір адамдардың жалған сезімдері, мысалы бастықтарға деген жағымпаздық тағы басқа балаларға оңай ауысады.

Сүйсе екеншын көңілмен кімді сүйсе.

Тұрса екен бір мінезбен жанса-күйсе.

Қырмызы қызыл жібек кейбір жандар,

Былғайды оңғақ бұлдай бір дым тисе,

- деп ұлы Абай айтқандай, балалардың құбылмалы екі мінезді, көрсе қызар болуы осындайдан шығады.

Төртінші, балаңыз өзімшіл болмай көпшіл болса, қоғамшыл болса, бұл да жан ұяда қалыптасатын тәрбие. Мысалы балаңыз жаңа киім киюге, тәтті тамақ ішуге, жақсы орынға отыруға ұмтылмай: сіздерге  сендер киініңдер,  дем алыңыз, біздің өміріміз алда, біз сіздерге қызыға қарайтын болайық - десе, міне, Сіздің еңбегіңіздің ақталғаны.

Бесіншіден, баланың бойына жауапкершілік, ұқыптылық, күтімділік сияқты қасиеттерді қалыптастырған дұрыс. Институт инженерді дайындап шығармайды,  тек инженер атағын береді емес пе, сол сияқты жоғарыда аталған қадір-қасиеттерді қалыптастырсақ, бақытты болуды үйретпегенмен, бақытты болатындай етіп тәрбиелер едік. Себебі, баланың алғашқы көргені – сіз, алғашқы естігені – сіздің сөзіңіз, алғашқы сезгені – сіздің бойыңыздағы қасиет. Міне, бұлар қандай дәрежеде болса, бала да сол дәрежеде болады. Әрине, түзетуге болмайды, енді бітті деп күдер үзуге де болмайды, қайта тәрбиелеудің де үлкен мәні бар. Бірақ бұл тәрбие ата-ананы әбден шаршатып барып, жемісін беруі мүмкін, сондықтан тәрбиені басынан, баланы жасынан бастап қолға алуымыз керек.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Бала тәрбиесі – баршаның ісі (ата-анамен кеңесу)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Клининговый менеджер

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

 Біздер, ата-аналар, өзімізді өзіміз сыйлауға, күтуге, құрметтеуге қанша күш жұмсасақ, балаларымызды сыйлауға, күтуге, құрметтеуге екі есе күш жұмсауымыз керек. Өйткені біздер, ата-аналар болғандықтан өз дәуіріміз үшін де, балаларымыздың заманы үшін де жауап береміз. Бұны – әсіресе қазіргі жағдайымыз талап етеді. Бала өзінің ата-анасын қалай сыйласа, қадірлесе, жақсы көрсе, жалпы үлкендер арасында өзін қалай ұстауды, үлкен кісілерді құрметтеуді білетін, қарттарға көмекке келуге әрқашан дайын тұратын, кішкентай бөбектерге қамқорлық көрсете алатын мәдениетті адам болып өседі.  

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 176 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.06.2014 1869
    • DOCX 21 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Аяпова Жұмагүл Исағалиқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Аяпова Жұмагүл Исағалиқызы
    Аяпова Жұмагүл Исағалиқызы
    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 11988
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация профориентационной работы в школе

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 217 человек из 50 регионов
  • Этот курс уже прошли 555 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы взаимодействия образовательной организации с семьями обучающихся

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 41 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 88 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы профориентационной работы в деятельности педагога

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 98 человек из 36 регионов
  • Этот курс уже прошли 121 человек

Мини-курс

Эффективная корпоративная коммуникация

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Развитие детей: сенсорика, самостоятельность и моторика

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Сенсорная интеграция: типовые и инновационные методы

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 78 человек из 31 региона
  • Этот курс уже прошли 45 человек