Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығы
Предпросмотр материала:
Выберите файл для просмотра:
Всего файлов: 2
Сабақтың тақырыбы: Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығы
Сабақтың мақсаты:
1) Білімділік- оқушыларға Қасымның хан болу қарсаңындағы және хандық құрған кезіндегі ішкі-сыртқы жағдайы, « Қасым ханның қасқа жолы » атты зандары, оның құрылымы туралы түсінік беру.
2) Дамытушылық- Оқушылардың жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру, жүйелі ойлау қабілетін дамыту, өз бетінше қорытынды жасау, құбылыстарды салыстыра, айырмашылығын білуге үйрету. Оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып, өз бетінше жұмыс жасауына, шығармашылықпен айналысуына ықпал жасау, бағыт- бағдар беру.
3) Тәрбиелік- Оқушылардың ұлттық намысын ояту, адамгершілік сана-сезімін қалыптастыру, туған елі мен жерін сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, ХV-ХVІІ ғ Қазақ хандығы картасы, қосымша материалдар.
Пән-аралық байланыс: Қазақ әдебиеті, математика
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс –тәсілдері: Сұрақ-жауап, түсіндіру, пікіралысу, сайыс
І. Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
- Оқушыларды түгендеу
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Қазақ хандығының ішкі – сыртқы жағдайы
1. Хандықты басқару ісі
2. Хандықтың ішкі жағдайы
3. Сыртқы саяси жағдай
Оқушылар 2 топқа бөлінеді
Топдар 2 тарихи тұлғаны таныстырады
1-топ Керей хан
Керей хан – алғашқы қазақ ханы . Ак Орда ханы Өрістің ұрпағы.
(Өріс хан Тоқтақия
Болат
Керей). Туған жылы белгісіз, шамамен 1470 жылы
қайтыс болады. Керей хан туралы М.Х.Дулатидің «Тарихи – Рашиди» атты еңбегінде
кездеседі. Керей хан Жәнібек хан мен бірге Қазақ хандығының негізін калаған. Аңыз
бойынша Шу бойындағы Хан тауы етегінде жерленген.
2-топ Жәнібек хан
Жәнібек
хан – екінші қазақ ханы, Өріс хан шөбересі, Барақ ханның ұлы (Өріс хан
Құйыршақ хан
Барақ хан
Жәнібек).
Туған жылы мен қайтыс болған жылы белгісіз. XV ғ үшінші атадан қосылатын
Керей мен тұспа – тұс өмір сүрген. Жазушы М.Мағауин «Қазақ тарихының әліппесі»
атты еңбегінде «Жәнібектің қазақ тарихында айрықша тұлға екендігінің белгісі –
ол халык санасында ақылды әрі әділетті әмірші ретінде танылады. Ұлттық
тарихымызда жай ғана Жәнібек хан емес, сол халықтың бар игілігіне ұйытқы болған
асыл ұрық , ұлы әулеттің де негізін салушы» деген екен.
Көш сұрак жауап 1 топ 1,3,5,7 2 топ 2,4,6,8
Суреттер сөйлейді 1 топ Той 2 топ Хан сайлау
Хан деген кім. Қандай қызмет атқарады.
1-топ Құқығы 2 топ Міндеті
1-топ Аты аңызға айналған Қазак хандары
2-топ Заңдар жинағын жазған хандар
1-топ Ең алғашқы және ең соңғы хандар
2-топ Хандық билік қашан жойылды
1- топ Хан сайлау 2-топ
Қатысушылар, салты Ханталапай, тәбәрік
Хандықтың ішкі жағдайы
1 топ
1.Дешті Қыпшақ даласында бұрыннан қалыптасқан тәртібін қалпына келтіру
2.Сығанақ, Отырар, Түркістан қалаларын қазақ хандығына қарату
3.Қазақ тайпаларының басын қосып, қазақтың этникалық аумағын біріктіру
Хандықтың сыртқы жағдайы
2 топ
1.Әбілқайыр билігі жойылды
2.Алтын орда ыдырады
3.Қазақ хандары Сыр бойындағы Қаратау өңірін басып алды
4.Қазақ хандығының жер көлемі ұлғайды
5.Қазақ хандары Әмір Темір ұрпақтары мен бірлесе отырып Шайбани ханға қарсы шабуылға шықты
6. Сыр бойындағы қалалар Қазақ хандығының күш қуатын, саяси беделін нығайтып, әлемге танытты.
Қазақ ұлттық мемлекеті құрылуының тарихи маңызы қандай?
1- Топ 1)Ру тайпалардың қазақ ұлты болып қалыптасуы аяқталды
2)Қазақ мемлекетінің біртұтас ұлттық саясы-әкімшілік жүйесі құрылды, өзінің шаңырак көтерген жерінде отырып қалмай,бүгінгі таңдағы шекарамызға дейін жер аумағын қеңейітті.
2-топ 1)Үлкен кіші мемлекеттер мен тең дәрежеде қарым-қатынас орнатты
2)Салт дәстүрі мен әдет ғұрпы, ділі, діні бар ел санатында даму жолына түскен азат еркін елге айналды.
ІV. Жаңа сабақ барысы
Жоспары:
1. Қасым ханның тұсында Қазақ мемлекетінің өрлеуі.
2. Қасым ханның ішкі саясаты.
3. Қасым ханның сыртқы саясаты.
Қасым хан
- 1445 жылы дүниеге келген
- Жәнібек ханның үшініші ұлы
- Анасы – Жаған Бегім
- 1475 жылы Бұрындық ханның тұсында әскер қолбасшысы болады
- 1511 жылы ежелгі дәстүр бойынша ақ киізге отырғызып, хан етіп көтереді.
Қасым ханның тұсындағы Қазақ
хандығының өрлеуін төмендегі ортағасырлық авторлар атап өткен:
Атақты Бабыр Жұрттың айтуына қарағанда,қазақ сұлтандары мен хандарының біреуі бұл халықты Қасым хан сияқты бағындыра алмаған.
Ғұлама ғалым Қадырғали Жалайыри Жәнібек
ханның ұлдарының арасында аса белгілі болғаны Қасым хан еді .Аймағындағы ұлыстарды
өзіне қаратты. Ол туралы аңыздар әр жерде көп тараған, көпке мәлім болған
Тарихшы М.Х. Дулати Жошыдан кейін
бұл жұртта одан ұлы хан болған емес дейді
Қасым хандық құрған кезде елде қайшылықтарды болдырмау үшін заң шығарды. Ол заң « Қасым ханның Қасқа жолы» деп аталады. Заң 5 бөлімнен тұрады.
![]()
![]()
« Заң елдегі саяси жағдайдың шиеленіскен кезінде туған.»
Қасым ханның қасқа жолы.
1. Мүлік заңы ( жер дауы, мал- мүлік дауы);
2. Қылмыс заңы ( кісі өлтіру, талау, шапқыншылық жасау, ұрлық істеу);
3. Әскери заң ( қосын жасақтау, қара қазан, ердің құны, тұлпар ат, қара қазан мәселелері);
4. Елшілік жоралары ( майталман шешендік, халықаралық қатынастағы сыпайылық, әдептілік, ибалылық);
5. Жұртшылық заңы ( ас, той, мереке, думан үстіндегі ережелер, ат жарыс, бәйге ережелері жасауыл және т.б.)
![]()
- Хан өзінің қасқа жолымен елдегі жағдайды түзеп, мемлекетті күшейтіп алды;
- Қазақтардың негізгі этникалық аудандарын Қазақ хандығына біріктіріп, бір орталықтан басқару жүйесін жетілдірді.
- Ұлыс басшылығына ел басқаруға қабілетті адамдарды сайлады;
- ХVІ ғасырда Қасым хан ұлан байтақ қазақ жерінің айтарлықтай бөлігін өз қол астына қаратты.
Қасым хандығының орталығы
бастапқы кезде
Сығанақ қаласы болды.
![]()
- Орта Азия хандарымен, Еділ бойындағы елдермен, батыс Сібір хандығымен, Ресеймен сада-саттық және дипломатиялық байланыс жасады.
- Моғол ханы Саид ханның Шығыс Түркістанға көшіп кетуі қасымның Жетісудағы билігінің нығаюына себеп болды.
- ХVІ ғасыр басында қасым ханның сыртқы саясатының басты бағыты Сырдария бойындағы қалаларды қаратып алу жөніндегі күрес.
Қасым хан тұсында:
1. Қазақ хандығы саяси және әлеуметтік жағынан дамыды.
2. Көрші елдерге Қасымның аты әйгілі болып,Қазақ хандығы қуатты, іргелі елге айналды.
3. Қазақтар өз алдына тәуелсіз дербес мемлекет болып, Орта Азия мен Шығыс Еуропаға белгілі болды.
4. ХVІ ғасыр қазақ хандығының дәуірлеу кезеңі болды. Жер көлемі ұлғайды, халқының саны артты, халықаралық беделі өсті, хандықтағы талас-тартыс біршама азайды.
Қасым ханның қайтыс болуы туралы екі дерек бар:
1. М.Х. Дулатидің деректері бойынша Қасым хан 1518 жылы қайтыс болды.
2. Орыс деректері бойынша Қасым хан 1521 жылы Сарайшықта қаза тапқан.
V. Жаңа сабақты бекіту:
Тез ойла, сөз ойла
1Қазақ хандығының.............. мен ............алыс елдерғе танылды.
2 Қасым хан ....................... ханына айналды
3 Қазақ хандығының .................... артып.................таныды.
4 Қазақ хандығының жері .................................дейінгі аралыққа иелік етті.
5 Астанасы бастапқы кезде ................. соңғы кезде ................. болды.
Қасым хан кім?
Сәйкестендір
1 Бұрындык кашан таққа отырды 1511-1518
2Ұлы көш кашан басталды 300
3 Қазақ хандығы кашан қурылды 1 млн
4 Қасым кашан таққа отырды 1465-1466
5 Қасым кезінде халык саны қаншаға жетті 1474-1511
6 Қасым ханның атты әскерінің саны 1459
Қасым хан қай елдермен байланыс орнатты?
“Ойлан, тап”
« Қасым ханның қасқа жолы»
1. Мүлік заңы ( жер дауы, мал- мүлік дауы);
2. Қылмыс заңы ( кісі өлтіру, талау, ұрлық істеу);
3. Әскери заң
4. Елшілік жоралары
5. Жұртшылық заңы ( ас, той, мереке, думан үстіндегі ережелер т.б.)
Тәукенің “Жеті жарғысы”
1. Жер дауы.
2. Үй іші мен бала тәрбиелеу.
3. Ұрлық –қарлық, барымта.
4. Бір халық пен басқа ру арасындағы дау.
5. Ұлтын жаудан қорғау.
6. Құн дауы.
7. Жесір дауы.
Тапсырма:
Тәуке хан, Қасым ханның «Қасқа жолына» толықтырулар, өзгерістер енгізіп , жаңадан екі бөлім қосты. Сол екі бөлімді тап.
1. Жесір дауы 2. Құн дауы
Кім жылдам
Қайсы хандардың тұсында төменгі заңдар жинағы жазылды?
А) «Қасқа жолы» Қасым хан
В) «Ескі жолы» Есім хан
А) «Жеті жарғы» Тәуке хан
Қортындылау
Бүгінде Керей мен Жәнібек бабаларымыздан қалған
Қазақ мемлекетін іргесін бекітіп, туын биікте ұстап ,Қазақстанды әлемге паш
етіп отырған Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың еңбегін ерекше атап өтуіміз керек.
VІ. Бағалау
VІІ. Үйге тапсырма
.
Профессия: Учитель истории и обществознания
Профессия: Учитель истории
Профессия: Преподаватель философии науки
В каталоге 7 738 курсов по разным направлениям