Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалы»Ұшқыр ой мен шешентіл«Интеллектуалды сайыс

»Ұшқыр ой мен шешентіл«Интеллектуалды сайыс

Скачать материал

 

Өтес орта мектебі

 

 

 

 

Надпись: «Ұшқырой мен шешентіл»

 

 

 

 

Интеллектуалды  сайыс

 

 

 

 

 

Өткізген:     Байбоз Ж.

 

 

 

24.01.2014 оқу жылы

 

 

 

Ителлектуалды ойын " Ұшқыр ой мен шешен тіл"

Сабақтың тақырыбы: Ұшқыр ой мен шешен тіл
Мақсаты:
1. Оқушылардың білімдерін жинақтап, тереңдету.
2. Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа баулу, белсенділіктерін арттыру.
3. Топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа баулу.
Көрнекілік: жұмбақтар, өлең жолдары, үзінділер, презентация, интерактивті тақта, слайд,.
Түрі: интеллектуалды ойын-сайыс
Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
1) Алдын ала тағайындалған топтарды шақыру.
2) Әділқазылар алқасын сайлау.
3) Сайыстың мақсатымен таныстыру.
4) Топтардың аттарымен , ұранымен, таңбасымен танысу.
Ойынның тақырыбы мен мақсатымен (слайд) таныстыру.
Бәйгеге түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие, тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға, сол алда,-дегендей, бүгінгі интеллектуалды ойынымыз сайыс түрінде өтеді. Осы уақытқа дейін алған білімдеріңді көрсетіп, ортаға салыңдар.
Ойынға 3 топ қатысады. Ойын VІІ айналымнан тұрады.

Ойын ережесімен таныстыру.
Ойынды бастамас бұрын әр топ өзін ,ұранымен таныстырады.

І-топ. Топтың аты – «Сұңқар»
Ұранымыз: Білім алып бүгін алтын ұяда,
Ертең әлі шарықтаймыз қияда.

ІІ-топ. Топтың аты – «Тұлпар»
Ұранымыз: Асау тұлпар желдей ескен арынды,
Оқу менен еңбекке сал барыңды.

ІІІ-топ. Топтың аты – «Болашақ»
Ұранымыз: Болашақтың ұл-қызымыз
Көркейтеміз елді біз.

Енді ойынымыздың І- айналымын бастаймыз.
І -айналым «Ұшқыр ой»
Әр топқа қазақ тілі пәнінен сұрақтар қойылады. Тез, жылдам, нақты жауап беру керек. Әр топта 6 оқушы 1 сұраққа жауап береді.

«Сұңқар» тобына:
1. Сөздің әрі қарай бөлінбейтін, мағыналы бөлігі. (түбір)
2. Жалқы есімдер қалай жазылады? Неге? (бас әріппен)
3. Сын есімнің сұрақтары. (қандай? қай?)
4. «Бесінші» сөзі қандай сұраққа жауап береді? (нешінші?)
5. Әдемі сөзіне жуық мәндес сөзді ата. (сұлу, көркем)
6. Сұраулы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады? (сұрақ белгісі)
«Тұлпар» тобына:
1. Дауысты дыбыстар неше топқа бөлінеді? (2: жуан, жіңішке)
2. Заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөз табы қалай аталады? (етістік)
3. Сөздің мағынасын өзгертетін қосымша қалай аталады? (жұрнақ)
4. Батыр сөзіне жуық мәндес сөзді ата. (ер, қаһарман)
5. Жалпы есімдер қалай жазылады? (кіші әріппен)
6. Хабарлы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады? (нүкте)

«Болашақ» тобына:
1. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? (3: қатаң, ұяң, үнді)
2. Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша қалай аталады? (жалғау)
3. Кейде дауысты, кейде дауыссыз болатын дыбыс. ( у )
4. Зат есім дегеніміз не? (заттың атын білдіреді)
5. Сан есімнің сұрақтары. (қанша? неше? нешінші?)
6. Аласа сөзіне қарсы мәндес сөзді ата. (биік)

ІІ айналым «Құпия сандық»
Бұл айналымда жұмбақ жасырамын, сендер жұмбақтың шешуін 2 тілде (қазақша, орысша) айтуларың керек. Әр топ кезекпен 1 жұмбақты оқып, шешуін айтады.
(Слайдпен көрсету, оқушыларға оқыту)

1-топ: Қолы менен қаламы жоқ,
Бірақ сурет салады көп. (аяз – мороз)

2-топ: Қоймасын қыс ақтарып,
Жерді жапты ақ мамық. (қар – снег)

3-топ: Бірін-бірі қоштаған,
Бір үйден көрдім,
Қырық екі дос-жаран. (әріп – буква)

Әрі қарай кезектесіп оқи береді.

4. Жұқа тақтай бөлшегі,
Ұзындықтың өлшемі. (сызғыш – линейка)

5. Қалқиып екі құлағы,
Елеңдеп, қорқып тұрады. (қоян - заяц)

6. Жолбарыстан аумайды,
Тышқандарды аулайды.(мысық – кошка)

7. Жеп көріп ем өзім мен,
Жас шығарды көзімнен. (пияз – лук)

8. Бұлаңдаған құйрығы,
Бір алдарлық қулығы. (түлкі – лиса)

9. Әттең, даусым, тілім жоқ,
Құшағымда білім көп. (кітап – книга)

ІІІ айналым «Ойлан, тап»
Бұл кезеңде ұлы ақын-жазушыларымыздың шығармаларынан үзінділер беріледі. Әр топқа 2 шығармадан үзінді (өлең, ертегілерден) беріледі. Үзіндіні оқып, шығарманың атын және авторын табу. (Әр топқа тапсырманы беремін, дайындалуға уақыт беріледі)
1.         – Алдағана, көк шешек - ай! Өрмегімді үзіп кеттің – ау! Ертеден  қара кешке бүйтіп жар қуалап, торғай атқанша, тентіреп кеткен сегіз ағаңды тауып алсаң болмай ма? – деп қарғап сілейді.
( «Ер Төстік» ертегі.)

2. Боранын тәңір ашпады,

   Жол білінбей бастады,

   Көрінген бір жарық жоқ,

   Босаңсиды Қаракөк....
( «Қысқы жолда». М Жұмабаев)

1.Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
(«Қыс». А.Құнанбаев)

2.Алты айғы қыс тартқаны – аштықтың азабы.

Бар сенетіні – күйеуі Мақтым.

Ол ел қыдырып, тілек тілейді. Ерте кетіп, кеш келеді.

Бірақ оның да табатыны жоқ...
(«Күлпаш». Б.Майлин)

1. Өнер, білім бар жұрттар,
Тастан сарай салғызды.
Айшылық алыс жерлерден,
Көзіңді ашып-жұмғанша
Жылдам хабар алғызды.
(«Өнер, білім бар жұрттар». Ы.Алтынсарин)

2. – Уазірлерімнің күнәсін кешірдім. Неше рет екеуміздің арамызға от салып, сенің қоныс аударып, көшіп кетуіңе себеп болып еді. Сонысына ызаланып, өздері әбден жеңілсін, кінәларын мойнына алсын, - деп едім. Ендігі хандығымды мынау досыма беремін. Менің тілегім орындалды.
(«Аяз би». Ертегісінен)

Білген сайын келеді біле бергім,
Біле беру емес пе тілегі елдің.
Белден ассаң, алдыңда бел көрінсе,
Қызыққаннан келмей ме жүре бергің.
Сондықтан да келеді біле бергім
Білімдіні сүйерін білім елдің,- дей отырып,

IV айналымды бастаймыз
«Айшықты сөздер»
Бұл айналымда бірнеше тұрақты сөз тіркестері беріледі. Бұл сөздермен біз ана тілі пәнінен шығармаларды оқығанда танысқанбыз. Әр топқа 3 сөз тіркесі беріледі. Ойланып, мағынасын айтуларың керек. (Слайдпен көрсетіп, оқытып, жауабын тыңдау)

1.Төбесі көкке жетті (қуанды)
2. Ине шаншар жер жоқ (бос жер жоқ)
3. Қой аузынан шөп алмас (жуас)

1. Қабағынан қар жауды (ашуланды)
2. Бетінен оты шықты (ұялу)
3. Ит өлген жер (алыс)

1. Төбе шашы тік тұрды (қорықты)
2. Көзді ашып-жұмғанша (тез, лезде)
3. Таяқ сілтем жер (жақын)

V.   Ойынымыздың келесі айналымы «Талапкер» деп аталады. Сендерге өлең жолдары беріледі. Көп нүктенің орнына сөздер қойып, өлең құрастыруларың керек.

1. ... өріп тараған,
... қараған.
Құрт пен майын жинаған,
... сыйлаған.

2. ... қошақан ,
... қалмайды.
Сүп-сүйкімді момақан,
... аумайды.

3. ... бала әрқашан,
Қуантады ... .
Құлыным деп анасы,
... баласын.

Әр топтың құрастырған өлеңдерін оқытқызу.

VІ.  Ойынның шарты: Мен мақалдың бастапқы қатарын айтамын, келесі жолды топ жалғастырады.
1 – топ: «Сұңқар»
1. Өз үйім ... (өлең төсегім)
2. Батыр туса ел ырысы, ...
(Жаңбыр жауса жер ырысы)
3. Асыл тастан шығады, ...
Өнер жастан шығады.

2 – топ: «Тұлпар»
1. Отан ... (оттан да ыстық)
2. Ғылым теңіз, .... (білім кеме)
3. Оқу инемен .... (құдық қазғандай)

3-топ:  «Болашақ»
1. Өзге елде сұлтан болғанша,
Өз еліңде........................
VІІ.   «Кім шапшаң?» ойыны
Ойынның шарты, мен жаңылтпаш айтамын, сол жаңылтпашты қай топ жаңылмай, мүдірмей қайталайды және тез айтады сол топ жеңіске жетеді.
1 – топ: «Сұңқар»
Екеуінің жасы шамалас,
Бірінің шашы қара шаш
Екіншісінің шашы ақ шаш аралас.
2 – топ: «Тұлпар»
Жаңылтпаш жатта,
Жаңылмай жатта.
Жатқа жатта,
Жаттамай жатта.
3-топ: «Болашақ»
Шеше, шеше, неше кесе,
Сынды кеше.Қорытынды:
Оқушылардың тыңдау және есте сақтау қабілеттері арқылы сайыс тапсырмаларына нақты жауапты ойлылықпен айта білетіндіктері байқалды. Жан-жақты білім танымдылықтары арқылы ізденіс, талпыныс мүмкіндіктері көрінді. Сөйлеу дағдылысы,тіл мәдениетінде нақты жауап беру ұшқырлығы сыналды. Бірін - бірі тыңдай біліп, бағалай білетіндіктері де байқалды. Оқушылар қазақтың ұлттық салт-дәстүрін қадір тұтып, адамгершілік қасиеттерге ие болды. Жеңімпаз топ анықталып мектеп әкімшілігінен мақтау қағазы тапсырылды. Жеке оқушыларға да аты аталып, мақтау қағазы тапсырылды.Бүгінгі сайысқа өте жақсы қатысқандарың үшін сендерге, қонақтарға көп рахмет айтамыз. Осымен ойын аяқталды.

Әділқазылар алқасына береміз кезекті.

Марапаттау.
Жалпы барлық турдың қорытындысын тыңдау.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "»Ұшқыр ой мен шешентіл«Интеллектуалды сайыс"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Заведующий доп. образованием

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Сабақтың тақырыбы: Ұшқыр ой мен шешен тіл Мақсаты: 1. Оқушылардың білімдерін жинақтап, тереңдету. 2. Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа баулу, белсенділіктерін арттыру. 3. Топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа баулу. Көрнекілік: жұмбақтар, өлең жолдары, үзінділер, презентация, интерактивті тақта, слайд,. Түрі: интеллектуалды ойын-сайыс Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. 1) Алдын ала тағайындалған топтарды шақыру. 2) Әділқазылар алқасын сайлау. 3) Сайыстың мақсатымен таныстыру. 4) Топтардың аттарымен , ұранымен, таңбасымен танысу. Ойынның тақырыбы мен мақсатымен (слайд) таныстыру. Бәйгеге түсіп жарыспай Жүйріктің бағы жанар ма? Білім мен өнер жарысып, Тәрбие, тәлім табар мән. Бұл бәйге ойдың бәйгесі Кім жүйрік ойға, сол алда,-дегендей, бүгінгі интеллектуалды ойынымыз сайыс түрінде өтеді. Осы уақытқа дейін алған білімдеріңді көрсетіп, ортаға салыңдар. Ойынға 3 топ қатысады. Ойын VІІ айналымнан тұрады. Ойын ережесімен таныстыру. Ойынды бастамас бұрын әр топ өзін ,ұранымен таныстырады. І-топ. Топтың аты – «Сұңқар» Ұранымыз: Білім алып бүгін алтын ұяда, Ертең әлі шарықтаймыз қияда. ІІ-топ. Топтың аты – «Тұлпар» Ұранымыз: Асау тұлпар желдей ескен арынды, Оқу менен еңбекке сал барыңды. ІІІ-топ. Топтың аты – «Болашақ» Ұранымыз: Болашақтың ұл-қызымыз Көркейтеміз елді біз. Енді ойынымыздың І- айналымын бастаймыз. І -айналым «Ұшқыр ой» Әр топқа қазақ тілі пәнінен сұрақтар қойылады. Тез, жылдам, нақты жауап беру керек. Әр топта 6 оқушы 1 сұраққа жауап береді. «Сұңқар» тобына: 1. Сөздің әрі қарай бөлінбейтін, мағыналы бөлігі. (түбір) 2. Жалқы есімдер қалай жазылады? Неге? (бас әріппен) 3. Сын есімнің сұрақтары. (қандай? қай?) 4. «Бесінші» сөзі қандай сұраққа жауап береді? (нешінші?) 5. Әдемі сөзіне жуық мәндес сөзді ата. (сұлу, көркем) 6. Сұраулы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады? (сұрақ белгісі) «Тұлпар» тобына: 1. Дауысты дыбыстар неше топқа бөлінеді? (2: жуан, жіңішке) 2. Заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөз табы қалай аталады? (етістік) 3. Сөздің мағынасын өзгертетін қосымша қалай аталады? (жұрнақ) 4. Батыр сөзіне жуық мәндес сөзді ата. (ер, қаһарман) 5. Жалпы есімдер қалай жазылады? (кіші әріппен) 6. Хабарлы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады? (нүкте) «Болашақ» тобына: 1. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? (3: қатаң, ұяң, үнді) 2. Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша қалай аталады? (жалғау) 3. Кейде дауысты, кейде дауыссыз болатын дыбыс. ( у ) 4. Зат есім дегеніміз не? (заттың атын білдіреді) 5. Сан есімнің сұрақтары. (қанша? неше? нешінші?) 6. Аласа сөзіне қарсы мәндес сөзді ата. (биік) ІІ айналым «Құпия сандық» Бұл айналымда жұмбақ жасырамын, сендер жұмбақтың шешуін 2 тілде (қазақша, орысша) айтуларың керек. Әр топ кезекпен 1 жұмбақты оқып, шешуін айтады. (Слайдпен көрсету, оқушыларға оқыту)

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 622 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 01.04.2014 2460
    • DOCX 2.5 мбайт
    • 11 скачиваний
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Байбоз Шынар Жанжігітқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Байбоз Шынар Жанжігітқызы
    Байбоз Шынар Жанжігітқызы
    • На сайте: 8 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 6
    • Всего просмотров: 29645
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Деятельность классного руководителя в соответствии с ФГОС в условиях современной школы

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 738 человек из 72 регионов
  • Этот курс уже прошли 7 055 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы профориентационной работы в деятельности педагога

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 95 человек из 35 регионов
  • Этот курс уже прошли 125 человек

Курс повышения квалификации

Уверенность, уверенное поведение, воспитание волевых привычек, развитие учебной мотивации у детей и подростков

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 81 человек из 31 региона
  • Этот курс уже прошли 249 человек

Мини-курс

Мозг и психотерапия: влияние, методы и направления

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 66 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 30 человек

Мини-курс

Основы управления проектами

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Детско-родительские отношения: эмоциональный аспект

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 21 региона