Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Дошкольное образование / Конспекты / Мектеп алды даярлық тобында ашық сабақ "Пайдалы қазбалар" тақырыбына
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Дошкольное образование

Мектеп алды даярлық тобында ашық сабақ "Пайдалы қазбалар" тақырыбына

библиотека
материалов

Қазақстанның жер байлығы.

Тақырыбы: Қазақстанның жер байлығы
Мақсаты: Қазақстан Республикасының жер көлемі туралы түсінік беру, елімізде өндірілетін қазба байлықтардың қай жерден шығатыны туралы білім беру, сөздік қорларын, ой-өрісін дамытып, дұрыс сөйлеуге жаттықтыру. Отанға, туған жерге, елге деген сүйіспеншілігін арттыру.
Білім беру саласы: «Таным», «Қатынас», «Шығармашылық»
Бөлімі: «Қоршаған орта, Экология»
Әдіс –тәсілдер: түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ –жауап және ойын.
Көрнекі –құралдар: Қазақстанның картасы, ваттманға салынған ҚР картасы,
Көмір, күріш, бидай, мақта суреттері, пидалы қазбалар туралы слайд, қызыл қағаздан қиылған жүректер, желім.

Сөздік жұмыс: Кең байтақ, құнарлы, мұнара, көмір, қалалар аттарына тоқталу.

Ұйымдастыру кезені: Балалар музыка әуенімен залға кіріп, амандасады, шеңберге тұрады.



Эльвира: Ұ.о. іс-әрекетін «жақсы» деген ширату ойынымен бастайық.
- Күннің шыққаны жақсы ма? (күнді бейнелеу)
Жақсы (алақандарын соғады)
- Желдің соққаны жақсы ма? (желді бейнелеу)
Жақсы (алақандарын соғады)
- Достарыңмен жүрген жақсы ма? (бір адым адымдайды)
- Туған өлкеде жақсы ма? (құшақтарын жаяды)
Жақсы
- Қазақстандық болған жақсы ма? ( бас бармақтарын көрсетеді)
Жақсы

Балдар орындарына отырады.

Эльвира сайқымазақтың киімін киюге шығады.

Шолпан: Қазақстандық болған жақсы деп айттыңдар. Ал, Қазақстандық деп кімді айтуға болады?

-Бұл біз, мына отырған сендерсіңдер. Себебі біз Қазақстанда тұрамыз. Біздің Отанымыз Қазақстан. Қазақстан Тәуелсіз, егеменді ел.
- Еліміздің қандай рәміздерін білесіңдер? (елтаңба, гимн, туымыз)
- Кең байтақ Қазақстанның астанасы қай қала? (Астана)
- Балалар, сендердің біз қай қалада тұрамыз, барамыз? (Ақтөбе қаласында)
Қазақстан республкасының рәміздері,отан, тіл , туралы  кім тақпақ біледі?



Әділет: 

Көк туымыз бетінде,
Қыран бүркіт қанатты.
Сол қырандай еркіндеп,
Біз өсеміз талапты.


Н. Диас 
Айнымайды аспаннан,
Біздің тудың бояуы.
Оны  халық қашанда,
Биікке іліп қояды. 


Айдос
Елтаңбасы елімнің ,
Қандай әйбат әдемі 
Тұнығындай  көңілдің ,
Ортада аспан әлемі 


Наргиза 
Құт береке шаңырақ,
Орын алған ол төрден.
Қанатты қос арғымақ,
Екі жақтан көмкерген. 


Мадияр 
Азаматқа лайық ,
Отанымның ұлымын.
Отанымды қорғайтын,
Азаматтың бірімін.


Д Диас 
Отан деген –Атамекен,
Отан деген-туған жер.
Отан –ана,отан –үлкен,
Қазақстан - туған ел.


Фатима

Тілім барда мақтанам,
Тілім менің аппақ ән
Бірлігім бүгінгі,
Ана тілім сақтаған. 




Сайқымазақ: Балалар сәлеметсізбе! Мен сендерге қонаққа келдім, мен сендер сияқты білімді ақылды, ұқыпты бала болғым келеді.Меннен бәрі еліміздің басшысы кім? деп сұрайды бірақ мен білмеймін, ал сендер білесіндер ме?Қазақстан Республикасының ел басшысы кім?
Балалар: - Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы

Сайқымазақ:Елбасымыз туралы кім тақпақ біледі ?


Бақдәулет
Шықты тарап ой данадан,
Бер қарады жұлдыз беті,
Өзі қалап сайлап алған,
Елімнің бар президенті.



Ойын:«Қала аттары» деген ойын ойнаймыз. Мен допты бір балаға лақтырамын, ол бала Қазақстанның бір қаласын айтады.
Бүгін біз балалар Қазақстанның жерінен өндірілетін байлық түрлерімен танысамыз. Осы байлық қазыналарымыздың қай қаладан шығатынын білу үшін, мына «Қазақстан картасына» назар аударайық.

Картамен жұмыс: Мынау балалар, қазақстанның картасы деп аталады. Мұнда көптеген қалалар көрсетілген. Қазақстан жері әсем, әдемі, жер көлемі үлкен, халықтары өте тату тұрады. Орман, көлдері, таулары, пайдалы қазбалары бар. Енді, әр қалаға тоқталып қандай жер байлықтары бар екенін көрейік. – Біздің тұрып жатқан қала қалай аталады? (картадан көрсетіп тұру)
Слайд

- Қарағандыда не өндіреді? (көмір) (буклеттен Қарағандыны көрсету)
- Көмірді не үшін қолданады? (үйді жылыту үшін)
- Оның қандай қасиеті бар? Жанама, жанбай ма?(жанады)
- Көмірдің түсі қандай? (қара, жылтыр)

Қызылорда қаласы туралы айтылады. Күріш сулы жерде өседі. (Буклеттен суреті көрсетіледі) Нағыз күріш көрсетіледі. Күріштің пішіні қандай? (сопақша) Күріштен тамақ жасайды.


Қостанайда бидай өсіріледі. Бидайдан не жасайды?Бидай пішіні қандай? (дөңгелек) Буклеттен көрсету.







Атырауда мұнай өндіреді. Мұнай түрі қара болады. Одан парафин, свеча-шамшырақ, жарық сөнгенде пайдаланамыз, торт безендіру үшін қолданатын свечаларда қолданады.Осылардың бәрін мұнайдан алынады. Буклеттен мұнай өндіретін мұнара суреті көрсетіледі.


Шымкентте мақта өндіреді, картадан көрсетіледі. Нағыз мақтаны көрсетіп, түрі сұралады. Мақтадан не жасайды? (көрпе, жастық т.б)

- Осы Қазақстанның картасына қарап отырып, үлкен мемлекет екенін білдік. Көрдіңдер ме, балалар әр қаланың өз жерінен шығатын байлығы бар екен.

Шолпан: Балаларға сұрақ –жауап: Кім қане, қай қалаға, ата –әжесіне немесе туған –туыстарыңа бардыңдар? Онда не көрдіңдер, қайда бардыңдар, табиғаты қандай екен? Бір бала шығып, өзінің қай қалаға барғанын картадан көрсетеді, сол қала туралы әңгімелеп береді. Сол қалаға белгі қояды –жұлдызша немесе жалау. 2 -3 баладан сұралады.


Сайқымазақ:- Балалар, менің сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр. Соның жауабын тапсаңдар, Қарағандының байлығын табасыңдар.
Баласымын даланың
Туғаннан датсыз қарамын
Қыс келсе үйді жылытып
Пештен –пешке жанамын. Ол не? (көмір)
- Жұмбақтың шешуін тапқан бала, көмір суретін алып картаға қаланың тұсына қояды.

Алтын, сары тоны бар
Қауызында дәні бар (бидай) - Қостанайдың тұсына қояды.


Күнді сүйемін
Күллі жұртқа ырыспын
Алсын деп мол өнім
Ала жаздай су іштім (күріш) –Қызылорда тұсына қояды.


Шолпан:- Жұмбақты жақсы шештіңдер. Біз сабақтың басынан бастап Қазақстанның қалалары , қазба байлықтары, картасы туралы айтып жатырмыз. Балалар, естеріңде болсын Қазақстан Республикасының рәміздерін,  мемлекеттік тілін кұрметтеп, өз еліңді, жеріңді қорғап, халқына адал еңбек ету керек.  Сондағана  адал азамат, азаматша болып ер жетесіңдер.  Қазақстаның әрі қарай бұданда жақсы көркейуі үшін сайқымазақ қонағымыз сендерге алып келген жүрек жылуын сендерге сыйлап, сендер өзінің кішкетай таза жүректерінің жылуын туған жерімізге сыйлап, арнап,  өз тілектеріңді тілеп, картаға жапсырырасындар. (Балалар қағаздан жасалған жүректерді картаға жапсырып тілектерін білдіреді).

Қорытынды: Балалар, сендер көп нәрсе үйрендіңдер.Қазақстанның жер байлығымен таныс болдыңдар. Мұның бәрін біз қайдан аламыз? (жерден аламыз) Сондықтан жерді қорғап, аялай білуіміз керек.

- Міне , балалар , өміріміздің жалғасы ,еліміздің қорғаны, тірегі болыңдар.
Құрметті апайлар ! Абай атамыз айтқандай «Сенде бір кірпіш дүниеге,кетігін тапта ,бар қалан»деп ,бүгінгі бүлдіршін балаларымыз қоғамымызға кірпіш болып қалана берсін деген тілекпен тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. 




C:\Users\User\Desktop\открытый урок\DSCN1268.JPG

C:\Users\User\Desktop\открытый урок\DSCN1270.JPG



C:\Users\User\Desktop\открытый урок\DSCN1272.JPG

C:\Users\User\Desktop\открытый урок\DSCN1281.JPG


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 24.12.2015
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Конспекты
Просмотров465
Номер материала ДВ-282648
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх