Инфоурок Школьному психологу Другие методич. материалыМектеп жағдайында жасөспірімдер арасында суицидті бодырмау

Мектеп жағдайында жасөспірімдер арасында суицидті бодырмау

Скачать материал

Қызылорда облысы,

Қазалы ауданы,

Әйтеке би кенті

№249 мектеп-лицей

 

 

 

 

 

 

 

Мектеп жағдайында жасөспірімдердің өзіне-өзі

қол жұмсауды болдырмауда,

алдын алуда педагогикалық-психологиялық қолдау

 

 

Педагог-психолог:  Кужахметова Айгерим Шынарбаевна

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2015-2016 оқу жылы

Мектеп жағдайында жасөспірімдердің өзіне-өзі қол жұмсауды болдырмауда, алдын алуда педагогикалық-психологиялық қолдау

Өмірді жақсы көру керек, ең ұсқынсыз формада болса да.

Жак-Ив-Кусто

Өмірге құштарлық пен өмірге деген реніш. Бұл екі ұғымды біз күнделікті өмірде қалай пайдаланып жүрміз? Біріміз күннің шапағатын көргенімізге шүкіршілік айтып, өмірді сүйсек, енді біріміз өмірге өкпемізді айтып, тағдырымызға кінәлілерді іздеп жүреміз. Бойында жалындаған оты бар жастардың жігері бүгінде құм болып, өмірге өкпелері арта түскендей ме, қалай?! Болмашы қиындықтан сүрініп, Алла берген өмірлеріне өздері балта шауып жатқандары елімізге батпандап кірген дерт болды. Жыл сайын Қазақстанда, әсіресе, мыңдаған балалар мен жасөспірімдер суицидтің құрбанына айналуда. Қоғамға Отанын сүйетін жас буынды тәрбиелеу міндет болса, жасөспірімдер арасын­да белең алып жатқан өз-өзіне қол жұмсау әрекеттеріне тосқауыл қою, алдын алу жауапкершілікті іс болып тұр. Жасөсіпірімдер арасында мұндай жағдайдың  бе­лең алуы сананы сан-саққа жүгіртіп, ойды мазалайды. Жү­рекке салмақ салатын сұрақ­тар­ға жауапты ата-ананың бала тәрбиесіне жауапкершіліксіз қарауынан, отбасындағы келең­сіз жағдайлардан, тұрмыс-тір­шіліктің нашарлығынан, жан­ашырының жоқтығынан, дұрыс тәрбие көрмеуінен, мектептен тыс бос уақыты әлі де болса тиімді ұйымдастырылмауынан, жұмыссыздық пен құқықтық тәрбиенің жеткіліксіздігінен із­деген жөн дегенімізбен, қоғам болып жұмыла атқаратын іс екендігі даусыз. Әлеуметтік-психикалық дезадаптацияның пайда болуынан көрінетін мазасыздық, фрустрациялық күй, қоршаған адамдардың негативті қатынастары, өмір сүруге құштарлықтың болмауы, әлеуметтік ортаның төмендеуі секілді келеңсіз жағдайлар жасөспірімдерді қылмысқа итермелейді десек, осы жағдайлардың туындамауына жұмыс жүргізу - бүгінгі күннің басты талабы.

«Адамды жан-жақты тәрбиелеу мен дамыту үшін оны жан-жақты біліп алу керек» деп таныған К.Д.Ушинскийдің мәнді сөзін ескерсек, «жасөспірім» сөзінің мағынасы ішкі дүниенің негізгі тенденциясының дамуын көрсетіп,  жасөспірім шаққа аяқ басқан баланың қалыптасуындағы түбегейлі өзгерістер сана – сезімінің дамуындағы сапалық өзгеріспен анықталатындығын ғылым дәлелдеген. 11-16 жас аралығында балалардың физиологиялық, дене құрылысының , күшінің , жыныстық бездерінің қатты дамуының сезілуі салдарынан олар өздерін ересектер қатарына қосады.  Осы жас аралығында оларды «Мен кіммін?», «Не үшін өмірге келдім?» деген сұрақтар жиі мазалап, өзіне , өзгеге сын көзбен қарап, көбіне көңілі толмайтын , ата-анасына, билікке, тәртіпке, жалпы қабылданған ережелерге қарсы шығып, мойындаудан бас тарту кезеңдері басталады. Біздер, педагог-психологтар осы мәселелерді егжей-тегжейлі зерттеп, жан-жақты талқылап, саралап нақты іс-шаралар жоспарын құрып, жүйелі жұмыс жүргізуді қолға алуымыз қажет деп білемін. Және бұл тек қана мамандардың емес, баланың ата-анасының, сынып жетекші мен пән мұғалімдерінің бірлесе отырып іске асыратын нәтижеге бағытталған жұмысы болуы тиіс. Жан-жақты бірлесіп атқарған жұмыс қана өз жемісін, оңтайлы нәтижесін беретініне кәміл сенімдімін. Ал енді осы балалар суицидке қалай барады?

  Суицид – саналы түрде жасалатын әрекет. Адамның жаны қиналған кезде немесе психикалық аурудың өрбуінен пайда болады. Сондай-ақ мұндай әрекетке еріксіз алып баратын белгілерді басында проблемасы бар адамның стресстік күй кезінде шешім таба алмауынан, артық қиналғысы келмеген жағдайдан, жанының әлсіздігінен, өкінуінен, уайымдауынан  көруге болады. Бұндай кезде психолог мамандар әлеуметтік-психологиялық процестерді  (суицидтік мінез-құлықтың басымдылығын) психологиялық тест, сауалнама т.б. тәсілдер арқылы зерттеу, суицидтік мінез-құлықтың пайда болу себебін анықтау және осы проблемаға қатысты арнайы кештер ұйымдастыру, қолайлы ұжымдық атмосфераны орнату  жұмыстарын жүргізу арқылы суицидтік әрекеттің алдын алады десек, қателеспеген болар едік.

            Суицидтік әрекетті болдырмау:

·                     психологиялық қозу күшін бәсеңдету;

·                     суицидтік әрекетке итермелеген себепке психологиялық байлану дәрежесін азайту;

·                     әрекетті алмастыру механизмдерін қалыптастыру;

·                     өмір мен өлім туралы нақты, шынайы қатынас қалыптастыру

            Стресті бағындыра білудің әлеуметтік білік және дағдыларына үйрету. Жасөспірімдерге отбасы, мектеп, достары және т.с.с. қатыстыра отырып, әлеуметтік қолдау көрсету. Мәселелерді шешуге көмектесетін әлеуметтік-психологиялық тренингтер, өзін бағалауын көтеретін, өз тұлғасына шынайы қатынас, эмпатияны дамытатын топтық психокоррекциялық сабақтар ұйымдастыруға болады. Сонымен қатар өзін ұстай білу дағдыларын дамытуға арналған тренингтерге негізделген табысқа жету мотивациясын жетілдіретін психологиялық коррекция шаралары да нәтиже беруге тиіс.

             Суицидтен құтқару тек достарының қамқоры мен қатысуынан ғана тұрмайды, сонымен бірге төнген қауіптің белгілерін тез арада аңғара білуге де байланысты. Сіздің сол қауіп туралы біліміңіз, ақпаратты меңгеруге деген ұмтылысыңыз біреудің өмірін құтқарып қалуы мүмкін.

 Болатын қауіптің белгілерін іздеңіз: өзіне-өзі қол салуға әрекеттенген суицидтік қорқытулар, депрессиялар, жүріс-тұрысындағы немесе мінез-құлқындағы айырықша өзгерістер, сонымен қатар ақырғы тілек-талаптарын білдіруге әзірлену. Шарасыздық пен үміті үзілгендіктің көрініс беруін бірден байқап, жалғыздыққа ұшырап, оқшауланып қалған адам емес пе екенін анықтау керек.

            Өзіне-өзі қол жұмсау сияқты маңызды мәселені жан-жақты қарастырып, шеше алатын жауап табу қиын. Бірақ егер сіз өмірден түңілген адамды түсіне біліп, оның жанын ұғына білуге тырыссаңыз, үлкен қадам жасағаныңыз. Әрі қарайғы жағдай сіздің өзара қарым-қатынасыңыздың сапасына байланысты болады. Оны тек сөзбен ғана емес, сонымен бірге вербальді емес эмпатиямен де білдіруге болады; мұндай жағдайда ақыл үйрету емес, қолдау көрсете білу тиімдірек болады.  

             Суицидке баратын адамдар әсіресе қатты оқшаулану сезіміне берілгіш болады. Соған байланысты олар сіздің ақыл-кеңестеріңізді қабылдауға құлықтары болмайды. Олар көбінесе өздерінің жан жарасын, уайымдарын талқылауды қажет етеді, яғни «Менде өмір сүруге тұрарлықтай ештеңе жоқ» деген сияқты сөздерімен жеткізеді. Егер адам депрессияға ұшыраған болса, онда онымен әңгімелескеннен гөрі оған өзі туралы көбірек айтқызған дұрыс болады. Сіз ол адамның жан жарасын білдіретін сөздерін, мейлі ол уайым, қайғы, кінә, қорқыныш немесе ашу-ыза болсын, тыңдай білсеңіз, оған баға жетпес көмек бергеніңіз. Тіпті кейде жай ғана үндемей онымен бірге отырсаңыз да, бұл сіздің оған деген қамқорлық қатынасыңыздың, оның тағдырына немқұрайлы қарамайтыныңыздың дәлелі бола алады.

             Суицидке бет алған адамға: «Ойлан, сенің өлімің жақындарыңа қандай қайғы әкеледі», - деп айтқанша, оның ойына мүмкін әлі келе қоймаған басқа шешім туралы  ойлануды сұраңыз.

Суицидтің алдын алудың маңызды міндеттерінің бірі көмек беру үшін психикалық дискомфорттың бастауын анықтау болып табылады. Бұл қиын болуы мүмкін, өйткені суицидтің «азық алатын ортасы» құпиялылық екені белгілі. Өзін-өзі өлтіруге оқталған адамды өзінің проблемасын өзі електен өткізіп және оны қиындатып тұрған не екенін нақтырақ анықтауына итермелеу керек.

Өзін-өзі құртуға бейім депрессивті адамдармен жұмыс ауқымды және жауапты болып табылады. Психотерапевтер олар не айтатынына және не сезетініне назарды жұмылдыру өте құнды болып келетіні туралы тұжырымға баяғыда келген. Мазалайтын жасырын ойлар сыртқа шыққанда басқа түскен бәле сондай қорқынышты емес, тіпті шешуге тұрарлықтай болып көрінуі әбден мүмкін. Қандай да бір үміттену де пайда болады.

Есіңізде болсын, қолдау көрсету сізге белгілі бір жауапкершілік артады.

Суицидке баратын адамдардың көру аймағы тарылған, түнек басқан санада болады. Олардың санасы көтеруі қиын проблемаларды шешу жолдарын толық игеруге мүмкіндік бермейді. Олар алдымен қолдау табуды өтінеді. Достары, әрине, жақсы ниетпен көмекке ұмтылуы мүмкін, бірақ олардың білік пен тәжірибесі жетіңкіремейді, одан басқа олар тым әсерлі эмоционалдылыққа бейім болып келеді.

   Суицидтік қауіп кезінде психиатрлар немесе клиникалық психологтардың көмегіне жүгінбей кетуге болмайды. Бұл мамандар өздерінің білімі, білігі және психотерапиялық ықпалы арқасында адамның құпиялы сезімдерін, қажеттіліктерін және күтілетін тілектерін түсіне білетін керемет қабілеттерге ие.

Егер қауіп-қатер айналып өтіп кеткен жағдайдың өзінде мамандар болсын немесе отбасы болсын босаңсуға болмайды. Одан да қауіптісі алда болуы мүмкін. Ауру адамның психикалық белсенділігінің жоғарлауын жағдайының жақсарғаны деп ойлап қалуға да болады. Бірақ кейде депрессивті адамдар өзіне-өзі қол салу қарсаңында іс-әрекетке басымен кіріп кетеді. Олар ренжіткен адамдарының барлығынан кешірім сұрайды. Осыны көріп, сіз арқаңызды кеңге саласыз және қырағылықты бәсеңдетіп алуыңыз мүмкін. Бірақ бұл қылықтар барлығының алдындағы қарыздары мен міндеттерінен құтылып, содан кейін өзіне қол жұмсау керек деген шешімге келуінің хабаршысы болуы мүмкін. Шындығында, суицидке барушылардың тең жартысы психологиялық кризистің басталғанынан үш айдан кем емес уақыттан кейін өзіне-өзі қол салады.

         Өз ойымды  қорытындылай келе, мен зерттеушілердің суицидпен күресте идеологиялық жағынан жұмысты күшейту керек деген шешімін қуаттаймын. Бірақ, идеологиялық жұмыста кей үкіметтік емес ұйымдар қолданып жүргендей, өзге елдің әдіс-тәсілін емес, өз ұлтымыздың рухани құндылықтарын пайдалану нәтижелі болар еді. Жастардың санасын улап отырған субмәдениеттерге қарсы ұлттық құндылықтарымызды, мәдени мұраларымызды осы мәселеге басты «қару» етер кез жетті деп білемін.
         «Елді сөктік сайтанға ересің деп,
           Неге оларға тізгінің бересің деп?
           Елірткенге ерігіп ере берсең, 
           Ескерттім, азып-тозып өлесің деп!», -деп Абай атамыз айтқандай, бұл мәселеде бізге қазір бабалар сөзі ауадай қажет болып отыр. Өйткені, бұл Қазақстанда қатардағы "кезекші" тақырып емес, күн тәртібіндегі ең ауыр сұрақ! Қазір оның тек себебін анықтау ғана емес, алдын алу үшін жүйелі жұмыс қажет-ақ.
Сүрініп кетіп, тағдырын бүл­діріп алған жасөспірімдерді тәрбиелеуге мемлекет тарапы­нан барлық жағдай жасалуда. Дегенмен, бола­шақ ұрпақ алдындағы жауап­кершілікті барлығы сезінуі тиіс.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Мектеп жағдайында жасөспірімдер арасында суицидті бодырмау"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель страховой организации

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 023 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.01.2017 715
    • DOCX 28.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кужахметова Айгерим Шынарбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 48416
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Преодоление тревожности, застенчивости и страхов у детей в условиях образовательного процесса

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 235 человек

Курс повышения квалификации

Инструктор по трудовой терапии для детей с девиантным поведением

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 72 человека

Курс повышения квалификации

Развитие психологической устойчивости обучающихся к воздействиям СМИ

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Стратегии и инструменты для эффективного продвижения бизнеса в интернете

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 15 регионов

Мини-курс

Инновационные технологии для бизнеса

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стартап: от идеи к успеху

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 18 регионов