Инфоурок Дошкольное образование Другие методич. материалыМектепалды даярлық сыныбы "Қоян хикаясы"

Мектепалды даярлық сыныбы "Қоян хикаясы"

Скачать материал

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Жаңа Жылдағы Қоянның хикаясы»

 

 

 

 

 

 

 

Қатысушылар:

Аяз Ата - үлкен

Ақшақар - үлкен

Күлдіргіш - үлкен

Қоян –бала

Түлкі -  бала

Қораз -бала

Қыс - бала

Аю - бала

 

Музыка ойнап балалар залға кіреді полька биін билейді.

 

Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, балабақша қызметкерлер, балалар сіздерді келе жатқан жаңа жыл мерекелеріңмен құттықтаймыз! Отбасыларыңызға келе жатқан Қоян жылы тек қана құт береке, қуаныш, бірлік, бақыт әкелсін.

                            Тілейміз бар әлемге,

                            Дос көп болсын жан ашыр.

                            Жаңа бақыт, жаңа жыр,

                             Құтты болсын жаңа жыл!

 

Би «ПОЛЬКА»

(Биден соң балалар орындарына отырады.

Ортаға 2- күлдіргіш шығады).

1 күлдіргіш: Қайырлы күн халайық,

                   Жаңа жылға жиналдық.

                   Аяз күні сіздерге,

                   Ыстық болады бұл жерде.

2 күлдіргіш: Кел халайық келіңдер,

                   Тамашаны көріңдер.

                   Сіздерді бүгін күтеді,

                   Әшекейлі қапшықта.

                   Балаларға сыйлықтар.

1 күлдіргіш: Жаңа жыл мен жаңа күнмен,

                   Құттықтаймын достарды.

                   Бүгінгі мерекеміз көңілді болады.

(бір кезде жылаған дыбыс естіледі)

1 күлдіргіш: Бұл кімнің дауысы, қайда екен жылауық?

(балалар шыршаны бір айналып қараса, артында кішкентай қоян жылап отыр)

2 күлдіргіш: Не болды қоян, сен неге сонша жылап отырсың?

                    Бұндай күнде жылай ма екен.

Қоян: Қалай мен жыламаймын?

         Менің үйім ағаштан болды

         Ал түлкінің үйі мұздан

         Түлкінің үйі суық болған соң

         Ол мені үйімнен қуып шықты.

1 күлдіргіш: Қой қоян жылама (барлығы аяйды)

                   Қал қоян біздің мерекеде

Балалар қалсын ба қоян?

Балалар: Иә, қалсын.

2 күлдіргіш : Қал қоян көңіліңді көтер, жылынып ал, ал біздің балалар саған арнап би билеп береді.

 

Би «ҚОЯНДАР»

(биден соң балалар өз орындарына отырады)

Қоян: Рахмет, балалар сендер менің көңілімді көтердіңдер бірақ менің үйіме түлкі тұрып жатыр енді не істедім?

1 күлдіргіш: Жылама қоян бізге Аяз Ата мен Ақшақар көмектеседі,оларды шақырайық.

(музыка ойнап залға аю келеді)

Аю: Амансыңдар ма достар!

Балалар: Амансың ба Аю!

Аю: Достар мен сондай ғажайыпты көрдім.

Қоян: Қандай ғажайып?

Аю:  Жолда келе жатсам талдар аппақ, үйлердің төбелері аппақ, айналада ұлпақарлар билеп жүр.

2 күлдіргіш: Ұлпақарлардың билегенің қайдан көрдің?

Қоян: Қараңдар қандай керемет, бұл қыстың өзі ғой! (ұлпақарлар қыспен билейді)

Би «ҰЛПАҚАРЛАР»

(Балалар орындарына отырады)

Музыка ойнап, ортаға қыс шығады.

Қыс:                      Амансыңдар ма достар!

                     Жаңа жылдарың құтты болсын!

                     Қоян жан сен неге көңілсізсің?

Аю: Түлкі оның үйін тартып алды мүмкін сен қыс бізге көмектесе аласың?

Қыс:Жоқ қоян жан мында тек қана Аяз Ата көмектесе алады.

Қоян: Аяз Ата мен Ақшақар кешігіп жатыр енді кім көмектеседі? (деп жылайды) Музыка ойнап қораз келд)

Қораз: Ку-ка-ре-ку, кім мында жылап жатқан?

Балалар: Ол қоян, түлкі оның үйін тартып алды.

Қораз: Ку-ка-ре-ку, ку-ка-ре-ку қане балалар бәріміз бірге Аяз Ата Ақшақар кел, Аяз Ата Ақшақар кел.

Музыка ойнап залға Аяз Ата мен Ақшақар келеді.

Аяз Ата: Амансыңдар ма балаларым, ұлдарым мен қыздарым!

Қандай бәрің әдемісіңдер, қандай бәрің көңілдісіңдер, Жаңа жылдарың құтты болсын!

Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме кішкентай достарым.

(қораз бен аю ортаға қоянды шығарады)

Аяз Ата: Бәрекелді қоян саған не болған осындай күнде ренжуге болама екен?

Қоян: Мені түлкі үйімнен қуып шықты енді мен қайда тұрамын (деп жылайды)

Аяз Ата: Әй қу түлкі қарашы өзің қазір мен оны көрейін.

Оң түстіктің желдері, сол түстіктің желдері

Ұйытқып, ұйытқып ортамызға түлкіні

Жеткізіңдер болыңдар!

(музыка ойнап ортаға айналып, айқайлап түлкі келеді)

Түлкі: Ай-ай-ай құтқарыңдар мені құтқарыңдар. Бұл не деген жел?

Аяз Ата:  А-а-а қу түлкі ұсталдың ба сен неге қоянды ренжітіп жүрсің?

Түлкі : О-о, Атажан мен қоянды, қашан ренжітіппін?

Аяз Ата: Қане тез арада босат қоянның үйін! Осындай күнде алай ғана біреуді ренжітуге болады?

Қоян-Түлкі: Қандай күн еді?

Балалар: Жаңа жыл!

Түлкі: Жаңа жыл? Не ол келіп қалған ба? Жаңа жылда балаларға Аяз Ата сыйлықтар береді деп естідім, маған да сыйлық керек, ал қоянмен мен жай ойнадым бар қоян кір үйіңе менің өзімнің үйім де жақсы.

Қоян: Рахмет сізге Ата, рахмет достар (деп қуанады алақай 2-рет).

Аяз Ата : Жарайды түлкі келістік тәртібің жақсы болса мен сағанда сыйлық беремін.

Түлкі: Мен енді ешкімді ренжітпеймін ант етемін.

Ақшақар: Ондай болса мерекемізді бастайық шыршамызға ән айтайық.

 

(Балалар жартылай шеңберге тұрып, ән айтады)

Ән «СҰЛУ ШЫРША»

(Әннен соң балалар өз орындарына отырады)

 

Ақшақар: Достар шыршаларың әдемі бірақ көңілсіз болып тұр қане шыршамыздың әсем шамдарын жағайық.

Бәрі: Қуан бізді таңырқат, шамдарыңды жарқырат 3-рет (музыка ойнап шыршаның шамдары жанады)

Балалар: Алақай-алақай.

«Тауда туып тауда өскен»

1 күлдіргіш: Ал балалар тұрмайық көңілді ойын ойнайық.

 

Ойын «ҮСІРТЕМІН»

 

2 күлдіргіш: Жарайсыңдар балалар, ал жұмбақ шешесіңдер ме?

Балалар: Ия, шешеміз.

2 күлдіргіш: Ондай болса тыңдаңдар, Қызыл мұрын қызыл бет, Аязды бізге әкеледі ақ сақалды атамыз.

Балалар: Бұл біздің Аяз Атамыз.

1 күлдіргіш:

 

(Балалар зал бойынша тұрып, ән айтады)

Ән «АЯЗ АТА»

(Әннен соң балалар өз орындарына отырады)

 

2 күлдіргіш: Аяз Ата балалар сізге арнап тақпақ та жаттады.

Аяз Ата: Бәрекелді қане тыңдайық.

 

«ТАҚПАҚТАР»

 

Аяз Ата: Рахмет балаларым жүрегімді, елжіретіп жібердіңдер ғой.

Аю-Қораз: Ата сыйлықтарыңыз қайда?

Аяз Ата: Айналайындар бар сендерге сыйлықтар. Қане қоян жан ануа шыршаның жанынан алып келші сыйлығымды.

(Музыка ойнап, қоян барып сыйлықтарды алып келеді)

 

Аяз Ата: Айналайын балалар, Айналайын қонақтар жыл ауысты, жыл келді, кезек қоянға келді, биылғы жыл иесі қоян болады.

Балалар: Алақай 2-рет.

Аяз Ата:

Басқар қоян жылыңды, тарат бәріне сыйлықты.

Қадамыңа гүл бітсін,

Заманыңа бол қарағым

Кел маңдайынан искейін.

Ақшақар: Міне сыйлықтар да табылды қоянның үйінде, өзіне қалды бәріде жақсы болды Ата қоңыраулардың дыбысы естіледі бізді жолға шақырады.

Аяз Ата: Балаларым жол жүретін уақыт келді, алыс, алыс ауылдар өздеріңдей балалар күтіп отыр біздерді Ақшақар екеуімізді.

Ақшақар: Сау болыңдар достар кездескенше.

1 күлдіргіш: Қандай жақсы біздің Аяз Атамыз, ол кеткенде қалың ойға батамыз Ақшақар боп қалықтаймыз аспанда, құс жолымен ән сап бара жатамыз.

2 күлдіргіш: Біз тілейміз жаңа жылдың шаттығын,

                                Біз тілеміз Ақшақардың пәктігін.

                                Жарқылдасын жаңа жылдың оттары,

                                Таусылмасын жаңа жылдың дүрмегі.

Осымен жаңа мерекесіне арналған ойын сауығымыз аяқталды қош сау болыңдар.

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Мектепалды даярлық сыныбы "Қоян хикаясы""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Юрист

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 268 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.12.2016 612
    • DOCX 61 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Баянова Бибигуль Болатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Баянова Бибигуль Болатовна
    Баянова Бибигуль Болатовна
    • На сайте: 7 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 15941
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Педагогические основы деятельности воспитателя в условиях ФГОС ДО

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 73 человека из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 391 человек

Курс повышения квалификации

Современные подходы к деятельности социального педагога в условиях реализации ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 260 человек

Курс повышения квалификации

Разговоры о важном: организация и обеспечение внеурочной деятельности

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 763 человека из 72 регионов
  • Этот курс уже прошли 4 021 человек

Мини-курс

After Effects: продвинутые техники

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы инженерной подготовки

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление проектами: концепции, практика и финансы

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе