Инфоурок / Дошкольное образование / Статьи / Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу жүйесінде инновациялық құралдарды қолданудың тиімділігі
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Я люблю природу», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 15 ДЕКАБРЯ!

Конкурс "Я люблю природу"

Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу жүйесінде инновациялық құралдарды қолданудың тиімділігі




Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

ШҚО әкімдігі білім басқармасының

«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» ҚКМК



hello_html_me956a6e.jpg

Мухаметжанова А.Д.


Баяндама


Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу жүйесінде инновациялық құралдарды қолданудың тиімділігі





















2015 жыл


Құрастырған

Педагогика-психология пәндері бірлестігі оқытушысы

Мухаметжанова А.Д.


Педагогика-психология пәндері бірлестігі отырысында қаралып, талданды

« » 20

Хаттама № .

Бірлестік төрағасы Архыматаева Н. Ж.



«Бекітемін»

Директордың ИТІ жөніндегі орынбасары Түменбаева Н.С.

« » 20

































Баяндаманың мақсаты: Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу жүйесінде инновациялық құралдарды қолданудың тиімділігін көрсету.



Баяндаманың міндеттері:

  1. Балабақшадағы инновациялық құралдарды топтастыру

  2. Инновациялық құралдарды қолданудың тиімділігін ашып көрсету.

  3. Мектеп жасына дейінгі балаларды инновациялық құралдарды қолдана отырып оқыту, тәрбиелеу және дамыту.































Жоспары:

  1. Кіріспе

  2. Негізгі бөлім

    1. Балабақшадағы инновациялық құралдар

    2. Инновациялық құралдарды қолданудың тиімділігі

  3. Қорытынды


Пайдаланылған әдебиеттер


































Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу жүйесінде инновациялық құралдарды қолданудың тиімділігі

XXI ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технологиялық бағытты дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады.Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды деп дана халқымыз бекерден бекер айтпаса керек.

Қазіргі таңда еліміздің білім саласында жүргізіліп жатқан реформаның басты мақсаты-ой-өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын, дүниетанымы жоғары, жан-жақты қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу.

«Инновациялық технологиялар – бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің: оқу – тәрбие процесін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан жаңа міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында баланың дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды»

Қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен еліміздің білім беру саласының әлемдік білім кеңістігіне өтуі білім беру саласында, соның ішінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға уақыт талабына сай өзгерістер енгізуді талап етіп отыр.

Қазіргі кезеңде білім ғылым саласында инновациялық педагогикалық технологиялар қаншалықты маңызды болса, мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде де педагогикалық технологиялар ұғымы кеңінен қолданылатын ұғымдардың біріне айналды. Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып отыр. Сондықтан мектепке дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің негізгі мақсаты – баланың жеке басының қалыптасуы мен дамуы болып отыр.

Жаңа заман баласы ертеңгі еліміздің болашағы. Жаңа заман баласын қалыптастырып, дамыту үшін, тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр сырын анықтап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағдай туғызу қажет. Әрине, ол үшін мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде балалардың жеке басының қалыптасуы мен дамуында педагогтардың педагогикалық технологияларды қолдана білу сауаттылығына да байланысты. Яғни, инновациялық технологияны қолдану негізінде келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау қазіргі таңдағы әрбір педагогтың міндеті. Қоғамдағы қазіргі даму кезеңінде мектепке дейінгі мекемелердегі білім беру жүйесінде оқыту, тәрбие беру үрдісін технологияландыру - басты мәселенің бірі. Осыған орай мектепке дейінгі мекемелердің тәжірибесіне оқыту мен тәрбиелеудің әр түрлі технологиялары жасалып енгізілуде. Білім беру жүйесінде инновациялық технологияны қолдану келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау әрбір педагогтың міндеті болып табылады. Білім беру жүйесінде қолданылып жүрген инновациялық технологиялар: ынтымақтастық педагогикасы, білім беруді ізгілендіру, ойын арқылы оқыту, проблемалық оқыту, модульдік оқыту, тірек сигналдары арқылы оқыту, дамыта оқыту, оқытудың компьютерлік технологиясы, бағдарламалап оқыту, деңгейлеп оқыту т.б.

Білім берудің алғашқы деңгейлері балабақшадан басталмақ. Мақсаты - мектепке дейінгі білім балалардың білім алуына бірдей бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету. Кез келген оқыту технологиясы тәрбиешіден терең теориялық, психологиялық, педагогикалық әдістемелік білімді, педагогикалық шеберлікті, балалардың жан дүниесіне терең үңіліп оны ұғына білуді талап етеді. Қазіргі таңда мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде қолданылатын педагогикалық технологиялардың бірнеше түріне тоқталайық.

Ойын арқылы оқыту технологиясының мақсаты дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық, әлеуметтендірушілік мақсатқа жету. Ойын технологиясының ерекшелігі ойындық іс-әрекеттің психологиялық механизмі жеке бастың өзіндік талап-талғамдарына сүйенеді. Баланың бойындағы білімділік, танымдық, шығармашылық қасиеттерін аша түсуді көздейді. Ойын - балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын айналадағы дүниені танудың тәсілі. Сонымен қатар, ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана қоймайды, олардың ұйымдастырушылық қабілеттерін де қалыптастырады.

Ойын-әлеуметтік қызмет. Ол баланың жасына қарай өзін қоршаған ортаны танып білуге құштарлығын арттырады.

Дамыта оқыту технологиясы - баланы оқыта отырып, дамыту. Бала бойында еркіндік, мақстакерлік, ар-намыс, мақтаныш сезім, дербестік, адамгершілік, еңбексүйгіштік, белсенділік т.б. қасиеттер дамыту.

Сонымен қатар, мектепке дейінгі мекемелерде инновациялық білім беру құралдарын қолданудың да маңызы зор. Инновациялық білім беру құралдарына: аудио, видео, құралдар, компьютер, интерактивті тақта, интернет, мультимедиялық құрал, электрондық оқулықтар, мен оқу әдістемелік кешендер, инновациялық ақпараттық банк, инновациялық сайт және тағы басқалары жатады. Қазіргі таңда көптеген интерактивтік бағдарламалық бөлімдер, қозғалмалы объектілер құруға мүмкіндік беретін векторлық және графикалық жабдықтар көптеп шығып, қолданыс табуда. Осындай құралдардың бірі-мультимедиялық оқулықтарды балабақшаларда кеңінен пайдалану. Бұл жағдайда тәрбиеші әр оқу іс-әрекеттерін бастар алдында жиі көрнекіліктер ауыстырмаған болар еді. Ал, мультимедиялық оқулықтар арқылы тәрбиеші уақытты тиімді және ұтымды пайдаланар еді.

Бала бақша баласына мультимедиялық оқулықтар біріншіден, балалардың қызығушылығын арттырады, екіншіден, зейін қойып көрумен қатар түсінбеген жерлерін қайта көруге мүмкіндік алады. Мультимедиялық оқулықтар балабақшада балаларға арналған таптырмас құрал болып табылады. Өйткені, балалардың зейіні әр түрлі әдемі түстерге, ойыншықтарға, әдемі суреттерге, әсемдікке әуес болады.

Мультимедиялық электронды оқулықтар бала үшін де, тәрбиеші үшін де күнде дамытылып отыратын анық түрдегі әдістемелік жүйе болып табылады.

Мектепке дейінгі мекемелерде ақпараттық қатынастық технология құралдарын қолданудағы мақсаты - баланың танымдық қызығушылығын қалыптастыру. Балада танымдық қызығушылықтың болуы олардың оқу іс-әрекеттерге белсенді, білімінің сапалы болуына, жағымды мінез құлықтарын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Заман талаптарына сай мектепке дейінгі мекемелерде АКТ оқыту процесінде кенінен пайдаланады. Түрлі танымдық салаларына арнаулы компьютерлік бағдарламалар құрылуда. Баланың жас ерекшелігіне және пайдаланатын компьютерлік бағдарламаларға сай интерактивті тақта ойындағы баланың оппоненті, бағдарлаушы (әңгімелеуші), жаттықтырушы, емтихан қабылдаушы болуы мүмкін.

Оқытуда балалардың түрлі психикалық функцияларын дамытуға араналған пайдаланатын компьютерлік құралдар бар: олар қөру, есту арқылы қабылдау, зейін, есте сақтау, логикалық ойлау, т.б.

Интерактивті тақтаның жетістіктерінің кіші жастағы балаларда оқуға, жаңа білім алуға деген құштарлық туғызады. Интерактивті тақта ақпаратты кеңінен ұсыну құралы болып келеді және баланың мотивациясын күшейтеді. Мультимедиалық технологияларды пайдалану арқылы (түс, графика, дыбыс, замануи видеотехникалық құралдар) түрлі жағдайлар мен ортаны моделдеуге болады. Мультимедиалық бағдарламаларға еңгізілген ойын компоненттері үйренушінің таңымдық әрекетін белсендіреді және материалды ұғынуды күшейтеді.Оқытуда пайдаланатын интерактивті құралдар: тақта, компьютерлер балаларды диагностикалауда жақсы көмекші болып келеді:

Зейінің дамытуда

Есте сақтау қабілетін дамытуда

Ойлау қабілетін дамытуда

Тілін

Жеке тұлғасың дамытуда

Оқу әрекетінің дағдыларын қалыптастыруда

Ақпараттық мәдениетке бейімдеу – ол тек ғана компьютерлік суаттылық емес, соңымен қатар этикалық, эстетикалық және интеллектуальдық сезімін меңгеруі болып табылады. Балалардың оңай түрде түрлі электронды, компьютерлік жаңалықтармен жұмыстана білу тәсілдерін меңгеруі сөзсіз. Бала бір минутта 1 мыңға дейін шартты бірлік ақпаратты қабылдап өндей алады, ал көру органдары «қосылғанда» 100 мың шартты бірлік ақпаратты қабылды деген эксперимент арқылы дәлелденген. Мектепке дейінгі ересек жастағы балада ырықсыз зейіні жақсы дамығаны белгілі, бірақ балаға ақпарат қызықты, көрнекілік болғанда зейіні жинақталатыны, жағымды эмоциялар туғызатыны да белгілі. Компьютерді біріккен және өзбетімен әрекеттенуде қолдану баланың мотивациясын көтеру және оқуға деген жекелендіруінің бір тиімді тәсілі болып келеді, шығармашылық қабілеттерін дамытады және жағымды эмоциялық фон туғызады. Осыдан АКТ-ні оқытуда пайдаланудың тиімділігі көрінеді.Мектепке дейінгі мекемелерде АКТ пайдалану балаларда қоршаған ортаның ақпарат ағымын бағдарлай білу дағдыларын дамытуға, ақпаратпен жұмыстанудың практикалық тәсілдерін меңгеруге көмектеседі, заманауи техникалық құралдар арқылы ақпаратпен бөлісу дағдыларын дамытады.Оқу іс-әрекеттерінде АКТ пайдалану түсіндірмелі-иллюстративтік оқыту тәсілінен гөрі әрекет жасауға көшу мүмкіндігін береді, бала педагогикалық ықпалдын пассивті обьектісі емес, белсенді субьекті болады. Осы, мектепке дейінгі балаларды саналы білім алуға әкеледі. Интерактивті оқу іс-әрекеттерін өткізу бөлмесі келесі міндеттерді орындайды:

·балаларды жаңа технологиялары арқылы оқыту;

·сауық және ойын орталығы;

·мұнда көлемді білімдендіру және сауықтыру міндеттер орындалады;

·балаларға және тәрбиешілерге жұмыстануға өте жағымды жағдайлар туғызады;

·балаларды компьютерлік технологияның мүмкіндіктері мен дағдыларымен таныстырады.

Интерактивті тақтаны пайдалану оқытуда интерактивті кешендерді пайдалану сапалы, қызықты және оңтайлы болып келеді. Электрондық мультимедиялық бағдарламаларды дәстүрлі оқыту және педагогикалық инновациялармен қатар, оқыту үрдісінде үнемі қолдану дайындығы әртүрлі деңгейдегі балаларды оқыту тиімділігін көтереді. Бірнеше технологиялардың пайдаланудың әсері, оқыту нәтижесінін сапасын күшейтеді. Электрондық жүйеде оқытуда мультимедияны пайдалану, балаларға ақпаратты беру жылдамдығын, оны түсінуді көтеріп ғана қоймай, соңымен қатар мынандай маңызды сапаларды интуиция, образдық ойлауын дамытады.Мектепке дейінгі мекемеде интерактивті тақтаны пайдалану тәсілдері өте көп. Бұлар презентациялар, интерактивті оқыту бағдарламалары, графикалық, бағдарламалық орталықтарда жобалар құрастыру.

Қазіргі таңда мектепке дейінгі орындарда инновациялық технологияны ендіруге көптеп күш жұмсалады. Сол себепті мектепке дейінгі ұйымдарда педагогтардың негізгі міндеті: әдіс тәсілдерді дұрыс таңдау,жаңаша педагогикалық технологияларды дұрыс қолдана білу,жеке тұлғаның дұрыс дамып қалыптасуы үшін ыңғайлы жағдай жасау. Мектепке дейінгі білім беру орындарында, педагогикалық технологиялар мектепке дейінгі білім беру стандартын жүзеге асыруға бағытталған.

Педагогикалық технологияда ең маңызды жағы білім беру мен тәрбие жүйесінде ересектер мен балалардың қарым-қатынасы болып табылады. Қарым-қатынас жасауда үлкендер жағынан балаға мынадай жағдай туғызу қажет:

«Бала біздің болашағымыз, қоғамыздың азаматы».

Оның мақсаты: Баланы жеке тұлға етіп қалыптастыру.

Қазіргі таңдағы білім беру технологиясының қатарына мыналар кіреді:

-Денсаулық сақтау технологиясы.

-Жобалы-іс шығармашылығы.

-Ізденіс-шығармашылық технологиясы.

-Қатынастық-ақпараттық технология

-Жеке тұлғаға бағыттау технологиясы.

-Бала мен тәрбиеші портфолио технологиясы.

-Ойын технологиясы.

-Триз технологиясы және т.б.

Денсаулық сақтау технологиясы.

Денсаулық сақтау технологиясының мақсаты: Баланың денсаулығын нығайтуға,білім дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары,баланың денсаулығы мен оның дене бітімінің қалыптасыуна үлкен үлес қосады.

Қазіргі таңда адамдардың даму жағдайында оның денсаулығын қалыптастыруда реттік жүйесіз мүмкін емес.

Денсаулық сақтау педагогикалық технологиясын мына төмендегілермен тығыз байланыста болады:

-Мектепке дейінгі мекемелермен.

-Ондағы балалардың күнделікті қатынасуы.

-Тәрбиешілердің жұмыс бағдарламасы.

-Мектепке дейінгі ұйымдардағы іс-шаралар.

-Педагогтың кәсібі құзіреттілігі.

-Балалардың денсаулық көрсетілімі.

Денсаулық сақтау технологиясы мынадай топтарға жіктеледі:

Әдістемелік-профилактикалық: медбикенің жетекшілігі мен медициналық талаптардың нормасына байланысты. Медициналық құралдарды қолдану және балалардың тамақтануын қадағалау, алдын алу іс-шараларын жүргізу.

Сауықтыру-шынықтыру: бұл балалардың денсаулығын нығайтып, шынықтыруға бағыттау. Физикалық дамуының сапасын жақсардтуда шынықтыру, тыныс алу жаттығулары жатады.

Баланың әлеуметтік-психологиялық сәттілігін қамтамасыз ету.

Денсаулықты сақтау және денсаулық нығайту.

Педагогтардың денсаулық мәдениетін дамытуға бағыттау.Сонымен қатар мәдени кәсіби денсаулық.

Салауатты өмір салтына қажеттілікті дамыту: денсаулықты сақтау және оған жағдай жасау (спорттық және қимылды ойындар технологиясын қолдану ,көзге арналған және тыныс алу жаттығулары т.б.)

(динамикалық үзіліс, релаксация, ритмопластика)

Білім беру:

Мектепке дейінгі баланың мәдени денсаулықтарын тәрбиелеу.

Оқытуда және тәрбиелеуде жекешілдікке оқытуға тұспалдау.

Салауатты өмір салтын үйрету.

Денешынықтыру сабақтарының техникасын қолдану, қатынастық ойындар, кедергі ойындар (ойын тренингтер, теропиялық ойындар, өзін өзіне массаж жасау).

Денсаулық сақтау технологиясына сенсорлық дамыту ортасын ендіру.

Жобалау шығармашылық технологиясы.

Мақсаты: Әлеуметтік тұлғалық тәжірибені дамыту және байыту.

Тәрбиешілер өз іс әрекеттерінде жобалау технологиясын қолданады.

Жобалау классификациясы «Ойын түрінде» барлық топтың қатысуымен өткізілетін сабақтар

(ойындар, ұлттық билер, драматизациялау, әр түрлі көңіл көтерулер)

«Саяхаттау» қоғамдық өмірдегі айналамен танысудағы қиындық мәселесін шешуге бағытталады.

«Баяндау» Балалар өз сезімін көркемдеп,музыка арқылы,ауызша,жазбаша,жеке дауыста жеткізуді үйренеді.

«Құрастыру» анық пайдалы заттарды жасауға бағытталған;

(құс ұясы, гүлзарлар құрылымы.) «Жоба түрлері»

Басымдылық әдістемесі бойынша.

-Іздену.

-Ақпаратты.

-Шығармашылық.

-Ойындар.

-Болған жағдайлар.

-Практикалық бағыттаушы.

Мазмұны бойынша төмендегідей:

-Баланы және оның отбасын қатыстыру

-Бала және табиғат.

-Бала және қоршаған әлем.

-Бала,қоғам және мәдени құндылықтар.

.Жобаға қатысушы баланың сипаттамасы бойынша:

-Тапсырыс беруші.

-Іс-тәжірибе.

-Орындаушы.

-Қорытындыға дейін ой туғызатын қатысушылар.

Байланыс сипаты бойынша.

-Жас ерекшелігіне байланысты топта іске асады.

-Басқа топтармен байланыс.

-Мәдени мекемелер.

-Қоғамдық ұйымдар (ашық жобалау)

Қатысушылар саны бойынша:

-Жеке

-Жұппен

-Топпен

-Жаппай

.Ұзақтық мерзімі бойынша.

-Қысқа мерзімді

-Орташа ұзақтылық.

-Ұзақ мерзімді.

Ізденіс-шығармашылық технологиясы.

Ізденіс шығармашылық технологиясының мақсаты -балалардың ізденіс құзіреттілігін дамыту.

Триз технологиясы міндетті түрде қолданылады.

Экспериментті-ізденіс әдіс-тәсілдерін ұйымдастыру.

-Шығармашылық.

-Эверистикалық әңгімелер

-қиындық туғызатын сұрақтардың шешімі мен құрылымы.

-Бақылау.

-Модульдік (жансыз табиғаттың өзгерістерінің модульін құру)

-Тәжірибелер.

-Қорытындысына баға беру.

Бақылау,тәжірибе,эксперименттер,еңбек іс-шаралары.

«Жүктеу»бояуға,дыбыстауға, табиғаттың бейнесі және иістер.

-табиғаттың дыбыстарына, дауыстарына еліктеу.

-көркем сөздерді қолдану.

-дидактиқалық ойындар, үйретуші ойындар және шығармашылық даму жағдайлары.

-еңбек ету

Ақпараттық –қатынастық технологиясы

Ата аналарының өскен ортасынан заманауи бала түбегейлі бөлініп тұрады.

(қазіргі кездегі компьютерлерді қолдану технологиясы)

Қоғамдық ақпарат педагогтар мен балалар алдында мынандай міндеттер қояды:

Міндеттері:

-жаңа заманға қадам басу

-жаңа технология әлеміне балаға жол серік болу.

-компьютерлік бағдарламаға тәлімгерді таңдау.

-Ақпараттық мәдениетті жеке тұлға қалыптастыру.

-педагогтардың профессионалдық деңгейін және ата –аналардың құзыреттілігін көтеру.

Бағдарламаны жіктеу

-ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту

-шет тілінде сөйлейтін сөздік

-қарапайым графикалық редактор

-ойын-саяхаттар.

-оқуды, математиканы үйрету.

Триз жүйесі бойынша шығармашылық әңгіме барысында қалыпсыз тәсілдерді қолдану. Триз технологиясының мақсаты: баланың тілін дамыту, шығармашылық қиялын дамыту болып табылады. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда 3негізгі мақсат қарастырылған.

1.Ауызша сөйлеуге үйрету, сөздік қорын дамыту. Айналадағы дүниені табиғатты бақылау, таныту арқылы сөз қорын жаңа сөздермен байыту, баланың ауызша сөйлеген сөздерін тыңдап, өзіне қойылған сұраққа жауап беруге үйрету: Заттың атын (ойыншық, гүл, жапырақ т.б) заттың сынын, сапасын, түр түсін , пішінін білдіретін сөздерді меңгерту. Заттың іс -әрекетін білдіретін (жүрді,жүгірді,келді,келеді,епті т.б) сөздерді әрі қарай меңгерту. Үстеу сөздерді (қасында, үстінде, осында, жоғарыда, төменде) қосып айтуға үйрету. 2 Сөз дыбыстарын дұрыс айту. Сөйлеуде ауыз қуысы арқылы дұрыс дем шығара білуге үйрете отырып, дауыссыз қатаң, ұяң дыбыстарды естілуіне қарай дұрыс, анық айтуға үйрету, 3 4 сөзден тұратын сөйлем құрату. 3. Байланыстырып сөйлеуін дамыту. Күнделікті сабақта естіген, білгенін, ойын, серуен кезінде көрген түйгенін , сурет және оқылған ертегілер мазмұнын ұнатқан ойыншықтары жайында ауызша сұрақ қоя отырып, әңгімелей отырып, қысқа ертегілердің кейіптендіре білуге үйрету. Мысалы: «Түлкі мен ешкі» ертегісінде: Түлкінің терісі қандай?(үлпілдек) тағы нелер үлпілдек болады? (қар, шапан, тымақ, мысықтың жүні ,кілемнің беті) Ешкінің түсі сұр болған ,тағы нелер сұр түске жатады? (сұр бұлт, сұр бас киім , сұр ішік, сұр қоян)

-Құдықтың суы қандай болады? –Мұздай. Тағы нелер мұздай болады? (мұздай су, мұз, суық жел, қар, су, мұз жатады)

Балалардың шығармашылығын дамыту жолында:

-Сурет салу

-Мүсіндеу

-Жапсырма

-Музыка. ұйымдастырған оқу іс –әректтер өткізіледі.

Сурет салу оқу іс-әрекетінде қалыпсыз тәсілдер қолданылады.

Мәселен: Бала сурет салуда тек қана қыл қаламмен сурет салып қоймай неше түрлі түтікшелерді;жіптерді картоп қималарын:трафареттерді: тіс пастасы мен тіс щеткасын,қайнатылған ас бояғыштарын қолданады.

«Бақ-бақ гүлі» тақырыбы бойынша іс-әрекетті ұйымдастыру үшін ең бірінші қайнатылған азық –түлік бояғыш заты керек.Одан кейін түс қағаз желімі қажет.Бүкіл параққа түс қағаз желімін жағып тіс щеткасы мен бояуды алып

Бақ-бақ гүлін саламыз.Ал шөптерді салу үшін, тағыда тіс щеткасын жасыл бояуға батырып алып саусақ пен тіс щеткасының тістерін қағу арқылы шашыратамыз.Соңында керемет «Бақ-бақ» гүлі өскен алаңқайды бейнелей аламыз.Және де түтікшелерді қолданып, үрлеу арқылы бейнелеуге болады.

Қағазға алдын ала желім жағып жарма ұнтағын мсеуіп оның үстіне керемет

бейнелер жасауға болады.Алақанды бояуға батыру арқылыбастырмалап сурет салуға болады. Мәселен : кактус салуға болады.Мұндай қалыпсыз тәсілдерді қолдану баланың қиялын дамытады.Өзіне-өзі риза болып одан да керемет жұмыс жасауға талпынады.Оқу іс-әрекеттерін кіріктірудің тиімді жағы өте көп.Біріншіден бала жалығып кетпейді:Екіншіден бір саладан екінші салаға ауысу арқылы олардың қызығушылығы артады.

Берілген тапсырмаларды орындау,балаларды, еркін қиялдарға шығармашылық пен айналысуға кедергі келтіретін психологиялық селқостықты жоюға ықпал жасайды. Балада танымдық қызығушылықтың болуы-олардың оқу іс-әрекеттерге белсенді,білімінің сапалы болуына,басқа да іс-әрекеттерге жағымды әсерін қалыптастыруға мүмкіндік беретіндігі байқалып өз нәтижесін көрсетті.

Қорытындылай келетін болсақ аталған педагогикалық технологиялар мен инновациялық құралдар балабақшада балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп, әр сатыға балалардың қабылдау мүмкіндіктеріне сай пайдалануға болады. Мектепке дейінгі балалардың есте сақтау қабілеті әлсіз, қабылдау процестері тұрақсыз келеді. Сондықтан олар затты қолмен ұстап, көзімен көргенді ұнатады. Осыған сәйкес, мектепке дейінгі балалардың оқу іс-әрекеттеріне көрнекілік, ойын технологиясын кеңінен қолданған жөн. Тәрбиеші – бала бойына білім нәрін себетін басты тұлға. Жаңашыл тәрбиеші даярлауға қойылатын талаптар студенттерді оқытудың жаңа түрлерімен қаруландыра отырып, қазіргі уақыттағы кәсіптік дағдыларын игеруге бағытталған оқытудың жаңа жолдарын енгізуді көздейді. Сондықтан жаңашыл тәрбиеші даярлауға қойылатын талаптар студенттерді-ертеңгі мұғалімдердермен тәрбиешілерді оқытудың жаңа түрлерімен қаруландыра отырып, қазіргі уақыттағы кәсіптік дағдыларды игеруге бағытталған оқытудың жаңа жолдарын енгізуді көздейді.






















Пайдаланылған әдебиеттер:


1.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы


2.«» Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы,

2012 жыл


3.«Қазақстан - 2050» стратегмясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты.

Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2012 жыл


4.К.Ж.Бұзаубақова. Жаңа педагогикалық технология. Оқулық.Тараз.

Тар МУ.2003.


5.А.К.Ахметов. Принципы технологии и содержание образовательной

программы. Алматы.1995.


6.“Қазақстан мектебі” журналы №8, 2004 жыл


7.«Бала мен балабақша» журналы № 11,2011жыл

Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 13 декабря. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДБ-075460
Курсы профессиональной переподготовки
133 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 13 декабря
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>