Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз Тәрбие сағаты
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз Тәрбие сағаты

библиотека
материалов

Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышым

Тақырыбы: «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз»

Тәрбие сағатының мақсаты:

Білімділігі: Елімізді дүниежүзіне таныта білген мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін жан-жақты дамыту, әрбір бөлшегіндегі ұлтты символиканы ұғындыру, оларға мемлекеттік белгілердің аса маңыздылығын, оны ерекше құрметтеп, мақтан тұту керектігін түсіндіру;
Тәрбиелілігі: Оқушыларды ұлтжандылыққа, өз елін, жерін, атамекенін сүюге тәрбиелеу, елі үшін мақтаныш сезімін бойларына ұялату;

Дамытушылығы : Ой-өрісін, танымдық қабілетін, жеке дара тұлға ретінде дамыту. Оқушыларға тәуелсіздік жайлы жан-жақты түсінік бере отырып, олардың ой-өрісін, ақыл-ойын арттыру.

 

Тәрбие сағатының көрнекілігі:

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н.Ә. Назарбаевтың портреті.

2. Нақыл сөздер жазылған плакаттар.

3. Шарлар, гүлдер, музыкамен жабдықталған.

Тәрбие сағатының барысы:

Мұғалім сөзі: Қазақстан Республикасы – біздің туып өскен жеріміз, біздің Отанымыз. Қазақтар мал өсіріп, жер игеріп, өз Отанын жаудан қорғаған, жерін болашақ ұрпағына мұра етіп қалдырған.

Бәрі болған қазақ сынды көне елде,

Ел белгі де, ерлік, өрлік, өнер де.

Жаһандағы ең жауынгер халықта,

Кім сенеді ту болмады дегенге ?!

Батырлыққа уызынан жарыған,

Ер түркіні байрағынан таныған.

Өзі ақын, өзі әнші халықта,

Кім айта алар болмаған деп Әнұран ?!

Бас білгізіп жер тарпыған тарпанға,

Жасы тұрмақ шығады екен қарты аңға.

Қалай оның елтаңбасы болмайды,

Түлігіне дейін салса ең — таңба ?! – деп ақындарымыз жырлаған екен.

Бүгінгі Білім күніне арналған алғашы сабағымызды Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың мына сөздерімен бастауды жөн көрдік: : «Мемлекеттік рәміздер –еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлектіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі.Мемлекеттік рәміздер- халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Желбіреген аспан түстес байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатып, қыран бүркіттей елімізді аспан әлемінде қалықтатып тұр» деп атап көрсетті.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.

1-оқушы: Әрбір азат елдің өзіңнің тәуелсіздігін білдіретін басты белгілері болады.Солардың бірі мемлекеттік рәміздер.1992 жылы 4 маусымда егемен еліміз Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері қабылданды.Олар Қазақстан Республикасының гимні, Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы,Қазақстан Республикасының туы.

2-оқушы: ҚР-ның Ата заңының 9-бабында « Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері- Туы, Елтаңбасы және Гимні бар,»- делінген.Сондай-ақ осы заңның 34- бап, 2-тармағында « Әркім Республиканың мемлекеттік нышандарын құрметтеуге міндетті,»- делінген. Олай болса өз еліміздің мемлекеттік рәміздеріне тоқталып өтейік.

3-оқушы:Рәмізім-елдігімнің белгісі,
Білу керек бала дағы ең кіші.
Рәміздерім-әнұран, ту, елтаңба,
Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.
 

4-оқушы: Мемлекеттік туымыз бірыңғай көгілдір түсті.Бұл түс төбедегі бұлтсыз ашық аспанды елестетеді.Бұлтсыз ашық аспан әрқашан да бейбітшіліктің, тыныштық пен жақсылықтың нышаны.Көк түс –Қазақстан халқының бірлік,ынтымақ жолына адалдығын білдіреді.Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейді.Күн –қозғалыс , даму,өсіп- өркендеудің ,өмірдің бейнесі.Қанатың жайған қыран құс –бар нәрсенің бастауындай,билік,айбындылық бейнесі.Күннің астындағы қалықтаған қыран елдің еркіндік сүйгіш асқақ рухын,қазақ халқының жан дүниесінің кеңдігін жария етеді.Ағаш сабына бекітілген тұстағы тік жолақ ұлттық оюлармен өрнектелген.Күн, қыран,ою -өрнек — алтын түсті. Қазақстан Республикасы мемлекеттік туының авторы- суретші Шәкен Ниязбеков.

5-оқушы:Қазақстан Туы
Көк аспандай көкпеңбек
Қазақстан жалауы.
Көк емес ол тектен-тек
Елдің ашық қабығы.
Ақ ниеті – алтын күн,
Асқақ арман-қыраны.
Жалауы бұл-халқымның

6-оқушы:Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков — ҚР Мемлекеттік Туының авторы, Қазақстанға еңбегі сіңген өнер қайраткері, Қазақстан дизайн өнерінің негізін қалаушылардың бірі.1938 жылы 12-қарашада Тараз қаласында дүниеге келген. Ленинград жоғарғы көркем өнер училищесін бітірген. Алматы қаласының бас суретшісі.

 

7-оқушы: Елтаңба негізі –Шаңырақ . Ол елтаңбаның жүрегі.Шаңырақ мемлекеттің түп негізі — отбасының бейнесі.Шаңырақ- күн шеңбері .Айналған күн шеңберінің қозғалыстағы суреті іспетті.Шаңырақ- киіз үйдің күмбезі.Көшпелі түркілер үшін үйдің ,ошақтың, отбасының бейнесі.Тұлпар –дала дүлдүлі,ер-азаматтың сәйгүлігі,жеңіске деген жасымас жігердің ,қажымас қайраттың ,мұқалмас қажырдың тәуелсіздікке ұмтылған құлшыныс бейнесі.Шаңырақ айналасындағы уықтарды тұлпардың қанаты қоршап тұр.Қанатты тұлпар қазақ поэзиясында кең тараған бейне.Қанатты тұлпар уақыт пен кеңістікті біріктіреді.Ол -өлмес өмірдің бейнесі.Бесбұрышты жұлдыз «бағыңыз ашылып,жұлдызыңыз жарқырай берсін»деген асыл тілекті айқындап тұр.«Қазақстан» жазуы қазақ елінің айғағы.Елтаңбаның авторлары- Ж.Мәлібеков,Ш.Уәлиханов.

8-оқушы:Мәртебесі, мақтаны.
Елтаңбасы елімнің
Елтаңбасы елімнің
Неткен әйбәт, әдемі!
Тұнығындай көңілдің
Ортада-аспан әлемі.
Құт, береке, шаңырақ,
Орын алған ол төрден.
Қанатты қос арғымақ.
Екі жақтан көмкеркен.
Тәуелсіздік жолында
Талай-талай тер тамған…
Билігім өз қолымда,
Еркіндігім-Елтаңбам.
 

9-оқушы: Жандарбек Мәлібекұлы — ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторы. Өзбекстанға еңбегі сіңген сәулетші. 1942 жылы Қызылорда обылысы Жаңақорған ауданының Екпінді ауылында дүниеге келген. Ташкент политехникалық институтының сәулет өнері факультетін бітірген. Ташкент қаласындағы ғылыми зерттеу жобалау институтының қала құрылысы шеберханасының жетекшісі, жобалар жөніндегі бас сәулетшісі, қазір Астанада тұрады.

10-оқушы: : Шот-Аман Ыдырысұлы Уәлихан -ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторы. Қазақстанға еңбегі сіңген сәулетші, мемлекет сыйлығының иегері, белгілі қоғам қайраткері. 1932 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданындағы Сырымбет ауылында туған. Мәскеу архитектуралық институтын бітірген. «Қазақ қала құрылысын жобалау» институтының қызметкері.

11-оқушы: Әнұран мәтінінде ғасырлар бойы тәуелсіздік үшін күрескен бабалар ерлігі көрініс табады.Сонымен қатар асыл мұрамыз- еліміздің кең байтақтығы,жер мен ел байлығы ,біздің ұрпақтарымыздың болашағына айқын жол ашатыны көрініс тапқан.Ең бастысы-тәуелсіздігіміздің алтын діңгегі-ел бірлігі баса айтылған.Әнұран 2006 жылы 7 қаңтарда Қазақстан Республикасының жаңа Әнұраны қабылданды.Шәмші Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» әні Қазақстан Республикасының Әнұраны деп жарияланды.Кезінде Жұмекен Нәжімеденов жазған ән сөзіне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен кейбір түзетулер енгізілді.Әнұран авторлары: Шәмші Қалдаяқов,Жұмекен Нәжімеденов ,Нұрсұлтан Назарбаев .

12-оқушы: Әнұран салтанатты жиналыстарда, мәжілістерде, жаңа ғимараттар, ескерткіштер ашылғанда орындалады. Әнұранды орындағанда міндетті түрде тұрып,қолыңды жүрек тұсына қойып айту елге құрмет болып саналады.

13-оқушы: Әнұраным –жан ұраным

Айтар әнім, сөйлер сөзім

Туған жерім сағынарым

Бақыт-бірлік күн талабы.

Тоқтамайды дабыр әні

Мәңгі бақи шырқалады

Республикам Әнұраны!

14-оқушы: Кеше ғана Лондон жерінде өткен дүбірлі ойындарда Қазақстан мәртебесін биіктеткен отандас спортшыларымыз халқымыздың көпшілігін рухтандырып жібергені айқын. Жат елде жалауы желбіреп, әнұраны  шарықтаған қазақ жерлестеріміздің әкелген жеңісіне дән риза болған әр Қазақстан азаматының өз елінің рәміздеріне деген сүйіспеншілігі, құрметі одан әрі асқақтай түсті. Қазақстан қоржынына алтын медаль салып, көк байрағын желбіреткен, гимнін асақтата орындап, өз жеңісін халқына арнаған батырларымызды атап өтейік. Олар: И.Ильин, В.Винокуров, З.Чиншалло, М.Манеза, О.Рыпакова, С.Подобедова С.Сәпиев, Ә.Ниязымбетов, Д.Гаджиев, М.Вольнова,А.Таңатаров, Г.Манюрова, И.Дычко.

15-оқушы:Илья Ильинге

Әнұранын әуелетіп Алаштың,

Абыройың ақша бұлттан әрі ассын.

Бас игіздің бес құрлық, төрт мұхитқа,

Менменсіген енді өзіңмен санассын.

Бос кетпеді төккен терің Ел үшін,

Ертегіден болмады кем ер ісің.

Тау көтерген Толағайға төр ұсын,

Құтты болсын, Қазақстан, жеңісің!!! (Т.Абылаев)

16-оқушы: Олимпиада жүлдегерлеріне:

Жимағы көп болғанмен жиғанынан,

Барлығы адамзаттың иманынан.

Сырда туған сымбатты сырбаз ұлдың

Сырдың суы келмеді сирағынан».

Әлемді бағындырса бағыланым,

Мен қалай әуенімнен жаңыламын.

Көк туым көтеріліп көк жүзіне

Әуелеп бара жатты Әнұраны.

17-оқушы:В.Винокуровке

Желдей жүйткі!

Саған қарап таңдай қақсын әлемде,

Ізің қалсын алтын болып әр елде.

Қозғалтқышың тоқтамасын бас алға,

Көк туыңның рухы жатыр мәреңде.

Көрсет қане!

Қайтпас қайсар бойда жігер көптігін,

Алтын түсті күн сәулеңді төк бүгін.

Алтын қолда, күміс белде, қола бар,

Ал желбіре көкте биік көк туым!!!( Ақан Марғұлан)

Тарих тағлымы (білімдерін тексеру)

1991 жылғы 29 тамыз. Ядролық полигонның ресми жабылуы. 16 желтоқсанда ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев «ҚР Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» конституциялық Заңға қол қойды.

1992 жылғы 2 наурыз. Қазақстан БҰҰ-ның мүшелігіне қабылданды.

1993жылы 28 қаңтарда Тәуелсіз Қазақстанның бірінші Конституциясы қабылданды.

1993 жылғы 15 қараша. ҚР ұлттық ақша теңге айналымға енгізілді.

1994 жылғы ақпан. Қазақстан ядролық қаруды таратпау жөніндегі шартқа қол қойды.

1995 жылғы 1 наурыз. Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды.30 тамыз ҚР-ның қазіргі Конституциясы қабылданды.

1996 жыл. Алматы қаласында Тәуелсіздік монументі ашылды.

1997 жылғы 10 желтоқсанда мемлекеттік өкіметтің жоғарғы органдары жаңа астанаға көшіріле бастады.

1998 жылғы 10 маусымда Қазақстанның жаңа астанасы- Астана қаласының тұсау кесер рәсімі өткізілді.

1999 жылғы 24 ақпан. Тәуелсіз Қазақстанда алғашқы санақ өткізілді.

2000 жылғы 10 қазан. Жаңа халықаралық ұйым-Евразиялық экономикалық одақ құрылды.

2001 жыл. Тәуелсіздіктің 10 жылдығы.

2002 жыл. Денсаулық жылы.

2003-2005 жылдар. Ауылды көтеру жылы

2005 жыл- 4-желтоқсан. ҚР Президентінің Бүкілхалықтық сайлауы болды.

2006 жыл. Ресейдегі «Абай жылы» және Қазақстандағы «Пушкин жылы». Тәуелсіздіктің 15 жылдығы, «Желтоқсан оқиғасының» 20 жылдығы.

2007-2009 жылдар. «Мәдени мұра» бағдарламасының екі жылдық жоспары қабылданды.

2008 жыл 6-шілде. Астана қаласында «Қазақ елі» момументі ашылды.

2009 жыл 25 ақпан-6 наурыз аралығы. ҚР Ұлттық санағы өткізілді.

2010 жыл. ҚР Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастығы ұйымына төрағалық етті.

2011 жыл. ҚР Ислам Конференциясына Төрағалық етті.

2011 жыл. Астана мен Алматыда 7-Қысқы Азия ойындары өтті.

2011 жыл. Тәуелсіздіктің 20 жылдығы. «Желтоқсан оқиғасының» 25 жылдығы.

2012 жыл. Лондон олимпиадасында 13 медальға ол жеткізді.

Туған жер,Отан туралы мақал-мәтелдер айту

Отанды сүю — отбасынан басталады.

Туған жер – тұғырың.

Отан — оттан да ыстық

Татулық табылмас бақыт.

Ырыс алды –ынтымақ.

Бірлігі жоқ – ел тозады,

Бірлігі күшті- ел озады. т.б.

Тәрбие сағатын қорытындылау.

18-оқушы: Тәуелсіз Қазақстан – ұлы Отаным,

Көк туымды қалайша құлатармын.

Тып-тыныш тұрып жатқан жайымыз бар,

Бәріміз баласындай бір атаның.

19-оқушы: Шарықта, шарла көкті көк Байрағым,

Арманым, Азаттығым, көпке айғағым.

Мен сенің салтанатты сағатыңа,

Өлеңмен алтын шашақ шоқ байладым.

20-оқушы: Ал самға әлем кезіп, Әнұраным,

Қалықта Елтаңбасы – шаңырағым.

Көк Байрақ, көгерт менің көсегемді,

Аспандат Атам қазақ Аруағын!

Еліміз әрқашанда тыныш болсын! Еліміздің Егемендігі жасасын!

Қазақстан Республикасы Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен елеулі, Әнұранымен айбатты бола берсін ,– деп сынып сағатымызды аяқтаймыз.



Автор
Дата добавления 25.11.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров1892
Номер материала ДВ-189198
Получить свидетельство о публикации

Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх