Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Информатика / Конспекты / Microsoft Power Point туралы негізгі түсінік.
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Информатика

Microsoft Power Point туралы негізгі түсінік.

библиотека
материалов

Пән: Информатика

Сабақ тақырыбы: Microsoft Power Point туралы негізгі түсінік.

Сабақ түрі: Жаңа тақырыпты меңгеру

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, ағылшын, физика, сурет, сызу.

Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі- илюстративті әдіс

Сабақтың

мақсаты

Білімділік: Power Point программасы туралы оқушыларға жалпы ақпарат беру. Терезе элементтерімен таныстыру. Негізгі функциялары көрсету.Тақырып бойынша теорияда алған білімдерін, тәжірірибеде қолдана білуге үйрету

Дамытушылық: Power Point программасының мүмкіншіліктерін оқыта отырып, оқушылардың білімдерін дамыту, танымдық қабілетін жетілдіру.


Тәрбиелік: Компьютермен жұмыс істеуде ұқыптылыққа, техника қауіпсіздігін дұрыс сақтай білуге үйрету, адамгершілікке, тазалыққа, жауапкершілікке, жан-жақтылыққа, шыншылдыққа, тәрбиелеу


САБАҚТЫ ЖАБДЫҚТАУ

А. Көрнекті құралдар: Суреттер, проектор, компьютер, эл.оқулық т.б

Б. Негізгі әдебиет; Г.Ә. Жапарова Информатика негіздері, Экономика, трек-конспект, т.б

Сабақты жүргізу кезеңдері

І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, тізім бойынша түгендеу, техника қауіпсіздік ережелерін естеріне сала отырып, жаңа тақырыпен таныстыру, олардың зейіндерін сабаққа аудару

ІІ. Өткен тақырыпты қайталау (сұрақ-жауап әдісі)

1. Мәліметтер қоры дегеніміз не?

2. Microsoft Access мәліметтер қоры ?

3. Microsoft Access объектілері және қызметі?

4. Макростар дегеніміз не?

5. Сұраныс (таңдауға) дегеніміз не?

6. Гиперсілтеме дегеніміз не?

7. Кілт (ключ) немесе түйін дегеніміз не?

8. Форманың конструкторы не үшін қажет?

III. Жаңа тақырыпты баяндау (түсіндірмелі-илюстративті)

Рower Point графикалық редакторы

Іске қосу (Пуск) батырмасын шерткеннен кейін ашылатын бас менюдің Программалар-Microsoft PowerPoint қатарында тышқанды шерту арқылы іске қосылады.

PowerPoint программасы іске қосылған мезетте презентация құрудың тәсілдерін таңдау және бұрын құрылған презентацияны оқу мүмкіндігін беретін сұхбат терезе ашылады.

  • Автомазмұн шебері (Мастер автосодержания) ауыстырғышы таңдалса, жаңа презентация белгілі тақырыпқа сәйкес мәтін және безендіру элементтері сақталған презентациялар тізімінен қажеттісін таңдап, сатылы түрде сұрақтарға жауап бере отырып құрылады. Бұл кезде презентация мазмұны автоматты түрде жасалады.

  • Үлгімен өңдеу (Шаблон оформления) ауыстырғышы өз презентацияңызды бұрын безендіру элементтері сақталып қойылған шаблон түріне келтіріп дайындау мүмкіндігін береді.

  • Бос презентация (Пустую презентацию) ауыстырғышы ешқандай мәтін енгізілмеген және безендіру элементтері пайдаланылмаған таза, бос презентация құруға мүмкіндігін береді.

  • Презентация ашу (Открыть презентацию) ауыстырғышы бұрын құрылып, сақталып қойған презентацияны оқу мүмкіндігін береді. Бұл ауыстырғыш қосылғаннан кейін ашуға қажетті презентация сақталған орынды көрсетуді талап ететін сұхбат терезе пайда болады.

Автомазмұн шебері мынандай сұрақтарға жауап беруді талап етеді:

    • Презентацияның түрі, яғни жалпы тақырыптық бағытын таңдаймыз.

    • Презентацияның көрсету тәсілдері.

    • Презентацияның шығару материалының форматы,

    • Қосымша мәліметтер презентацияның тақырыбы және титулды слайдта жазылатын мәтіндерді теріп жазамыз.

PowerPoint програмасында презентация құру әрекетін авмазмұн шебері көмегінен басқа екі түрлі тәсіл арқылы орындауға болады. Оның бірі алдын-ала безендіру элементтерін пайдалана отырып құру болса, екіншісі ешқандай безендіру элементтері қарастырылмаған бос презентация құрып алып, одан кейін көркемдеу болып табылады. Алдын ала сақталып қойылған безендіру элементтері басқа шаблон түріне алмастыруға болады. PowerPoint программасында безендіріліп, дайындалған презентациялар шаблондар түрінде сақталып қойылады.

PowerPoint программасының басқа программалардан айырмашылығы, бір мезгілде бірнеше слайдтардан тұратын презентациялармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Слайдтарды қараудың бірнеше режимдері бар:

Слайдтар режимі- презентацияның әр слайдын жеке қарауға және өңдеуге өте ыңғайлы.

Құрылымдық режим- презентацияның тек мәтіндік мазмұнын көрсетеді.

Слайдтарды сұрыптау режимінде-презентацияның барлық слайдтары тізбектеліп,терезеде орналасады.

Слайдтарды көрсету режимінде-дайындалған презентация бірінен кейін бірі экранда көріне бастайды.

Бетке ескертпе жазу режимі-презентация кезінде баяндамашы қолдану үшін беттерге ескертпелер құруға арналған.

Microsoft Power Point программасын іске қосу.

Презентация, PowerPoint программасындағы слайдтар жиынтығы, олар компьютер экранында бір тәртіппен бейнеленеді. Power Point-MS Office- тің құрамындағы программа, сондықтан оның құралдары басқаларымен де байланысады: MS Word, MS Exel т.б.Слайдтарды әр түрлі жолмен қолдануға болады: қағазға басып шығаруға және проектор арқылы пленкаға шығарып немесе 35мм-лік мөлдір қабыршықтарға айналдыру.

Электрондық слайдтардың қолайлығы: олар әртүрлі визуалдық және дыбыс эффектілерін кіргізе алады, мысалы, анимация немесе дыбыстық эффектілер бейнесі. Фильм – слайдына арнайы форматты құжаттар ретінде қарау қажет. Word форматындағы текстер құрамында бейнеклиптер, дыбыстық жазбалар бар.

Слайд- фильм не екенін жақсы білу үшін, оның жаттығу нұсқасын бірнеше секунд ішінде мастер (шебер) көмегімен құруға болады.

Power Point іске қосқаннан кейін, оны жалғастырудың үш жолы берілген.

  1. Автомазмұн шебері

ü Шебердің бірінші қадамы жарнамалық болады және екіншісіне көшуге болады.

ü Презентация тақырыбын таңдаймыз. Қандай тақырып таңдау керек? Ең жақсы келетін тақырып- жарнамалық компания. Жарнамалық презентациямен семинарда, жиналыстарда шығуға болады. Мысалы «Деловые» батырмасын басып «Рекламный буклет» таңдаймыз.

ü Презентацияны көрсету амалын қараймыз.

ü Экранда бейнелеу тәсілін қарастырады.

ü Мәтіндік мәліметтерді енгізу қажет: презентация тақырыбын, қолданушы атын, мекеме атын.

ü Соңғы қадам дайын ( Готово).

Экранның төменгі сол жағында слайдтар режимі (режим слайдов) атты батырмалар тізімі бар. Осы батырмалар арқылы презентацияны бірнеше түрде көруге болады (жоғарыда айтылды).

2. Бос презентация.

Power Point жұмысының басында сұхбат терезесінде «бос презентация құру » нұсқасын таңдауға болады. Жаңа презентацияда бірде бір слайд болмайды. Слайд қосу үшін автоматты түрде терезе ашылады.

Слайдтарды белгілеу батырмасы ағымдағы слайдтың автобелгісін тез арада өзгертуге мүмкіндік береді. Жаңа слайдтардың барлық элементтерінде көмек енгізілген: оларды пайдалы мәтінмен ауыстыру қажет, сонда олар жоғалып кетеді. Бірақ оны өшіруге талпынба, ол мүмкін емес. Жаңа слайд құру үшін Вставка- Создать слайд команда немесе Стандартты саймандар тақтасындағы слайд құру (Создать слайд ) батырмасы қолданылады. Немесе: Вставка- Дублировать слайд таңдап белгіленген слайдтың көшірмесін алуға болады. Жаңа слайд ағымдағы слайдтан кейін орналасады. Слайд құру батырмасы- Power Point-тің басты құралы. Керек болған жағдайда слайдты өшіруге болады. Ол үшін Түзету (Правка) мәзіріндегі өшіру (Удалить слайд) команданы орындау қажет.

Слайд үлгісі. Фон таңдау.

Бірдей слайдтарға безендіруді анықтау үшін, слайд үлгісін қолдану керек. Мысалы: фондық сурет екі тіктөртбұрышты фрагмент берілген. Бұл фильмнің слайдтары осындай фонда берілген. Егер фонды өзгерту керек болса, онда слайдтың үлгісімен жұмыс істеу қажет.

Слайд үлгісіне кіру жолы: Түр(Вид) –Үлгі (Образец) –Слайд үлгісі (Образец слайда).

Фонды таңдау үшін мына команда орындалады: Формат –Фон ашылған терезеде Применить ко всем батырмасы бар. Бұл бірдей фон құрады.

3. Презентация шаблоны.

Слайд – фильмді құруда уақытты қысқартудың бір түрі –шаблон қолдану. Жұмыс процессінде арнайы батырманы қолданған жөн.

2 Бұл батырма бар презентацияның шаблонын таңдау немесе өзгерту үшін қолданылады.

Шаблон – бұл РОТ файлының типі. Егер MS Office комплекті С: дискісінде орнатылса, онда шаблон бумасына жол мынандай:

С:\ Program Files \ Microsoft Office\ Шаблоны\ Презентации

Шаблон таңдау кезінде алдымен слайдтың сыртқы түріне көңіл аудару керек. Шаблон – бұл дизайнерлік шешім, слайд- фильмнің дайын нұсқасы емес. Сондықтан шаблонды автомазмұн көмегімен құрылған презентациямен шатастырмау керек. Мастер бірнеше дайын слайдтарды құрады, ал шаблонды слайды жоқ жаңа файлдарда қолдануға болады.

Слайдтар мәтінімен операциялар.

Әрбір слайдтың мәтіндік элементі өз алдына объект болады, сондықтан қолданушы оның лайық қасиеттерін таңдау арқылы өзгертеді. Ең қарапайым операция – обьектіні жаңа орынға ауыстыру. Объектің өлшемін өзгерту маркер көмегімен жүргізіледі. Мәтіндік редакторда мұндай обьектілердің аналогы болып жазбалар табылады. Power Point слайдтарында жазбалар мәтіндерді орналастырудың негізгі контейнері болып табылады.

Жазбалар ішіндегі мәтін MS Office программаларындағы басқадай әдістермен форматталуы мүмкін.

Суреттер орнату

Слайдтарда MS Office пакетінің басқа да графикалық мәліметтерін қолдануға болады: Clip Gallery коллекциясының суреттері, автофигуралар, WordArt көмегінің мәліметтері.

Сондай-ақ стандарттық веб-парақ құруда қолданылатын графикалық файлдарды табуға болады. Бұл бума жолы мынандай: C:\ Program Files\ Microsoft Office\ ClipArt.

Диаграммалар және кестелер

Авторазметка слайдтарда диаграмма, кесте сияқты қиын обьектілерді құруға мүмкіндік береді. Диаграммаларды жетілдіру үшін стандарттық программа MS Graph пайдаланады. Слайдта таблицаларды да авторазметка арқылы құрады.

Демонстрация кезіндегі дыбыстық және визуалдық обьектілер.

Қалауымызша слайдқа дыбыстық және бейне ролик сілтеме қосу керек. Слайдта арнайы белгілер пайда болады. Дыбысты енгізу үшін, Енгізу-Кино және дыбыстар меню командасының қажетті ішкі командасының бірін орындаймыз, егер дыбыс слайдтар шықаннан кейін болсын десек, мына команданы орындау керек: Слайдтарды көрсету-Анимацияны қосу, ашылған терезенің Уақыт ішкі бетіне көшеміз де, Анимациясы жоқ обьектілер белгілейміз. Оны Моя презентация деп белгілеп Қосуды таңдаймыз. Керегімізше автоматты түрде көрсетуді таңдауға болады және уақытша интервалды көрсетуге болады. Осындай принцип бойынша бейне файлдардың демонстрациясы қосылады, бірақ слайд элементтеріне өздерінің анимациялық эффектері орнатылуы мүмкін. Осы үшін арнайы құралдар панелі бар. Соның көмегімен мәтінді “тірілтуге”, аттар , суреттері, диаграммаларын қояды. Анимациялық эффектті қосуға біріншіден-эффектті таңдаудан, екіншіден- жаңғырту режимін сұрыптаудан тұрады.

Егер слайд –фильмді демонстрациялауды оператор атқарса, онда ол эффекттердің тізбектеліп көрсетілуін және слайдтардың ауысу уақытын білу қажет, бұл өте ыңғайсыз. Бірақ слайд фильмді автоматты режимде де көрсетуге болады. Ол үшін уақытты көрсету керек. Хронометраждың екінші нұсқасы арнайы команда терезесі Слайдтарды көрсету-Уақытты қосу және слайдтарды қайта көру терезе ашылғанда болады. Бұл терезе өзіндік секундомер болып табылады. Бағыты бар батырманы басқан уақытта слайдтың керек демонстрациясы немес бір эффектісінің уақыты белгіленеді. Осы тәртіппен слайд-фильмнің аяғына дейін жету керек. Содан кейін жай слайд демонстрациясын жіберіп, қаншалықты дұрыс екендігін қарау керек.

IV. Жаңа тақырыпты бекіту (сұрақ-жауап әдісі)

  • Рower Point графикалық редакторы?

  • Корме дегеніміз не?

  • Microsoft Power Point программасын іске қосу жолдары?.

  • Бос презентация дегеніміз не?.

  • Слайд үлгісі. Фон таңдау жолдары?.

  • Презентация шаблоны?.

  • Слайдтар мәтінімен операциялар?.

  • Суреттер орнату?

  • Диаграммалар және кестелер?

  • Демонстрация кезіндегі дыбыстық және визуалдық обьектілер.

  • Жан бітірім дегеніміз не?

V. Үйтапсырмасы

Мотов В.В Word, Excel, Power Point, тақырыпты оқу, толықтыру

VІ. Сабақты қорытындылау

(Баға қою, оларға комментарий беру, сабақтың жағымды, жағымсыз жақтарын анықтау


Автор
Дата добавления 30.05.2016
Раздел Информатика
Подраздел Конспекты
Просмотров454
Номер материала ДБ-103772
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх