Тақырыбы:Мәншүктің жұлдызды сәті.
Сабақтың мақсаттары:
а) Ұлы Отан соғысындағы М.Мәметованың тұлғасы,ерлігі туралы мағлұмат беріп,Мәншүктің бұйрықты орындау,алған қойған мақсатын,соғыстағы ерлік,батырлық тұлғаларын түсіндіру,Александра және Әкентай Халимулдиндердің айтайын деген ойын тыңдау;
ә) Қазақтың теңдесі жоқ дара тұлғаларының бірі Мәншүктің киелі есімін ,асыл қасиеттерін оқушы бойына сіңіру.Дәлелді пікір айтуға үйрету,ізденушілік,ойлау қабілеттерін дамыту;
б) Оқушыларды Қазақстандық потриотизмге тәрбиелеу,Отанын,елін,жерін сүюге тәрбиелеу. Сабақтың пәнаралық байланысы: музыка,тарих,дүниетану.
Сабақтың көрнекіліктері: интерактивті тақта, үнтаспа,слайд суреттері,кестелер.
Сабақтың әдісі: Ой шақыру,іздендіру,талдау,шығармашылық тапсырмалар,ойын тұжырымдау,Бес жол өлең.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.Психологиялық дайындық.
Қайырлы күн достым,
Қайырлы күн болсын.
Дүйсенбінің күні,
Сәттілікке толсын.
Біздің алар бағамыз,
Кіл бестіктер болсын.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
"Тау қыраны".М.Ғабдуллин.(Слайдтан Т.Тоқтаров пен М.Ғабдуллиннің портреті)
А)Бөлікке бөліп,мазмұнын баяндау.
ә)Үй тапсырмасын тест арқылы бекіту.тест
1.Батальон командирі кім болды?
А) Чистяков ә)Гундилович б)Тоқтаров
2.Дивизия командирі кім болды?
А) Гундилович ә) Полковник Капров б) Генерал Чистяков
3.Төлген анасына соңғы хатын қашан жазды?
А) 08.02.1942ж ә) 09.02.1943ж б) 09.02.1942ж
4.Т.Тоқтаров қай жерді жаудан қорғауда қаза болды?
А) Ленинградты ә) Бородиноны б) Москваны
5.Ұлы Отан соғысы қай жылы басталып,қай жылы аяқталды?
А)1941-1945жж ә)1941-1944жж б)1940-1993жж.
Жауабы:1-ә; 2-б; 3-а; 4-ә; 5-а.Ауызша тексеру,қатемен жұмыс.
III. Қызығушылықтарын ояту.
–Бұл оқыған мәтінде елдегі қай кезең суреттелген?
– Ұлы Отан соғысына қатынасып ерлігімен көзге түскен қандай қазақ батырларды танисыздар?
• Слайд арқылы Ұлы Отан соғысы болған жерлердің сұлбасын көрсету.
• Слайд арқылы Ұ.О.С-дағы батырлардың шендері мен Қ.Р.-ның батырларының шендерін таныстырып,погондарын көрсетіп,таныстырып кету.
• Майданға қатынасып ерлікпен қаза тапқандар саны мен ерлікпен елге оралғ
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.