"Н дыбысы мен әрпі" тақырыбындағы ашық сабақ

Предпросмотр материала:

МАД тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Мұғалім: Қоңырова

Тобы:  МАД «Б»                                                              

Білім беру саласы: Қатынас

 Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Сауат ашу

 Тақырыбы: Н дыбысы мен әрпі.

 Мақсаты: Н дыбысы  және  әрпімен  таныстыру. Сөздерге  дыбыстық  талдау       жасай  білуге үйрету. Буын  туралы  түсінігін  кеңейту.  Логикалық  ойындар  арқылы  балалардың  ақыл-ойын  дамыту.  Балаларды  имандылыққа  тәрбиелеу.

   Көрнекілігі:   

   Әдіс- тәсілдер:.көрнекілік, сөздік, ойын,  практикалық.                              

   Түрі:  Ойын                                 

Қызмет кезеңдері

           Мұғалімнің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

 

 

Дәлелдеу-

 

ояту

-Балалар,бүгін бізге көп қонақтар келген екен.

Қайырлы күн!

Күліп шықты күн бүгін

Күлімдейік бәріміз!

Жадырасын жанымыз,

 

Балалар амандасады.

 

Балалар көтеріңкі көңіл

күйде қимыл-қозғалыс жасап,бір-біріне сәлем береді.

 

 

Ұйымдастыру

 

іздену

 

- Балалар, біз  қандай  дыбыстарды  өттік, оны есімізге  түсіріп  қайталап  өтейік, өткен дыбыстарды  кім  айтады?

- Дыбыс  дегеніміз не?

- Ал, әріп  дегеніміз  не?

-Осы  дыбыстардың  қайсысы  дауысты, қайсысы  дауыссыз?

 

-Дұрыс  айтасыңдар .

 

 

Жаңа  сабақты  хабарлау .

Жұмбақ  шешу.

Үсті  тас,  асты  тас,

Ортасында  піскен  ас.

 

-«Нан» сөзінде  бірінші қандай  дыбыс естіліп тұр ?

-«Н» дыбысымен  таныстыру.

-Дауыссыз дыбыс ,көк текшемен белгілейміз.   

 –Н  дыбысын  хормен, жеке  айтқызу .

Сурет  бойынша  нанның   дастарқанға қалай келетіндігі  туралы  айту .

Сергіту сәті:

Нан  қиқымын  шашпаңдар,

Жерде  жатса  баспаңдар.

Теріп  алып  қастерлеп,

Торғайларға  тастандар.

 

Дәптермен  жұмыс.

Н  дыбысын  жаздыру.

 

Ойын:  «Тез  ойла»

«А» қандай  дыбыс ?

«Т»

«П»

«Н»

 

Ойын:  «Сөз  ойла,  тез  ойла»

Мысалы: А-болса:

                П-болса:

 

Ойын:  «Суретке  қарап  сөйлем  құрау

Мысалы: Тақия,  нан, айна .

 

 

Сергіту  сәті:

Сағаттың  тіліндей, иіліп  оңға  бір,

Сағаттың  тіліндей,  иіліп  солға  бір.

Оң  аяқ,  сол  аяқ,

Жаттығу  оңай-ақ.

 

Н  дыбысына  тақпақ  жаттау.

Нан  қиқымын  шашпаңдар,

Жерде  жатса  баспаңлар.

Теріп  алып  қастерлеп,

Торғайларға  тастаңдар.

Бауырсақ  ертегісін  рөлдерге  бөліп  ойнату

 

-« А» , «Т», «П»

 

-Дыбысты естейміз, айтамыз.

-Әріпті көреміз, жазамыз.

 - «А»дыбысы дауысты, қызыл текшемен белгілейміз .

«Т» «П»дауыссыз,көк текшемен белгілейміз.

 

Жұмбақты шешті.

Таба нан .

 

 

-«Н»дыбысы.

 

Н дыбысымен танысты.

 

 

Хормен, жеке айтты .

Өз ойларын айтты .

 

Сергіту сәтін қимылмен жасады.

 

 

 

 

Н дыбысын жазды.

 

 

Текшемен еөрсетеді.

Қызыл  дауысты.

Көк дауыссыз.

Көк дауыссыз.

Көк дауыссыз.

 

Алма, ай, асқабақ

Піл ,парта, т.б.

 

 

Сөйлем құрады .

Атам тақия киді.

Дүкеннен нан алдым.

Мен айнаға қарадым.

 

 

Қимылмен жасады.

 

 

 

 

 

Хормен ,қатар бойынша жаттады .

 

Ертегіні рөлдерге бөліп ойнады.

 

 

 

Рефлексивті

 

Түзету

 -Қандай  дыбыспен  таныстық ?

-Қандай  текшемен  белгілейміз ?

Мадақтау,  бағалау.

-Н дыбысы.

Көк текшемен белгілейміз.

     Күтетін нәтиже:

     Білу: Дыбыс пен әріпті ажырата білді .

     Игеру:Н әрпінің баспа түрін жазуды игерді .

     Меңгеру: Дыбыстық талдау жасауды меңгерді.

 

 

Краткое описание материала

"Н дыбысы мен әрпі" тақырыбындағы ашық сабақ

    DOCX

Файл будет скачан в формате:

    DOCX

Краткое описание материала

Автор материала

Қоңырова Нағира Аманқызы

мектепалды даярлық тобының мұғалімі

  • На сайте: 10 лет и 8 месяцев
  • Всего просмотров: 11245
  • Подписчики: 0
  • Всего материалов: 5
  • 11245
    просмотров
  • 5
    материалов
  • 0
    подписчиков

Настоящий материал опубликован пользователем Қоңырова Нағира Аманқызы.
Инфоурок является информационным посредником. Всю ответственность за опубликованные материалы несут пользователи, загрузившие материал на сайт. Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы: