Инфоурок Начальные классы Научные работыНаучная работа «Оралхан Бөкей шығармаларындағы табиғат пен адам біртұтастығы».

Научная работа «Оралхан Бөкей шығармаларындағы табиғат пен адам біртұтастығы».

Скачать материал

 

 

Мазмұны

 

Кіріспе_______________________________________________2-бет

1.     Теориялық бөлім:

1.1.                     Оралхан Бөкей өмірі______________________________3-бет

1.2.                     Оралхан Бөкейдің шығармашылығы_________________4-бет

2.     Практикалық бөлім:

2.1.                     Оралхан Бөкей шығармаларындағы адам мен табиғат біртұтастығы________________________________________5-бет

2.2.                     «Қар қызы» повесіндегі кейіпкер мен табиғат бейнесі___7-бет

2.3.                     «Мұзтау» повесіндегі табиғат пен кейіпкердің үндесуі____8-бет

Қорытынды___________________________________________17-бет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                       Аннотация

 

Ғылыми жұмыстың тақырыбы: «Оралхан Бөкей шығармаларындағы табиғат пен адам  біртұтастығы».

Мақсаты: Жазушы  шығармаларын оқи отырып,,әр шығармасында кейіпкерлерінің  табиғатпен бірге ,өмір сүрудің мәнін жан-жақты ашатындығын дәлелдеу.

Міндеттері: Жазушының  өмірі мен шығармаларымен танысу;Оның шығармаларындағы кейіпкер мен табиғат арасындағы байланысты ашып көрсету.

          Зерттеу әдістері: талдау,дәлелдеу,салыстыру

          Зерттеу нысаны: Оралхан Бөкейдің шығармалары

          Ғылыми болжамы: Оралхан Бөкей шығармалары оқырмандарын өмірді жақсы көруге,талпынуға үйретеді.

           Өзектілігі: Өмір адам баласына бір -ақ рет берілетін қымбат сый екенін,оның мәнін түсіну-әр адамға маңызды. көркемдік әлемнің ерекшелігін айқындайтын сипаттың бірі – адам мен табиғат қарым-қатынасы мәселесін бейнелеудегі шеберлік тәсілдері дейді.

Табиғат суреті – пейзаж көркем шығармада маңызды рөл атқарады. Көркем әдебиет мысалдарына қарасақ, табиғатты суреттеуде ежелден келе жатқан, орнықты болған бір үлгілерді байқаймыз

Ғылыми жұмыс кіріспе,негізгі бөлімнен  және қорытындыдан тұрады.

Негізгі бөлімде теориялық және практикалық бөлімі бар.

Теориялық бөлімде .Оралхан Бөкейдің өмірі және шығармалары туралы жазылған. Практикалық бөлімде Оралхан Бөкей шығармаларындағы кеңістік пен кейіпкер концепциясы ,«Қар қызы» повесі және  кейіпкерлер бейнесі

«Мұзтау» повесіндегі табиғат пен адамның үндесуі және

Жазушы  шығармаларындағы Жақсылық пен Жамандық бейнесі туралы жазылған. Бұл жұмыстың жаңалығы Оралхан Бөкей шығармаларындағы экзистенциалдық ой ағымын ,яғни өмір сүрудің мәнін түсіне білу,оны сүю,уақытты дұрыс қолдану,айналаңдағы адамдарға жақсылық сыйлау керек екендігін ,сонымен қатар табиғатқа қиянат жасамау,сұлулығын сезіну керек екендігін дәлелдейді. Зерттеу жұмысы толық емес. Әлі де шығармаларын талдауды қажет етеді.Ақын шығармаларын қайта-қайта оқи берсең, адам жұмбақтың сырына терең үңілесің деген ойдамыз.

Оралхан Бөкей  шығармаларын  талдай отырып,жазушының әр шығармасы адамның сезім тұңғиығына, жан – дүние тереңіне ой – арманына үңіліп,оқырмандарға ой тастайтынын білдік.

 

 

 

 

 

 

 

                                                                     Кіріспе

Қоғам мен адам, я болмаса табиғат пен кейіпкер проблемасы қашан да қаламгердің дарын мен парасат-білігін салмақтайтын əдебиеттің рухани өзегі. Кейіпкерсіз көркем шығарманың, кеңістіксіз кейіпкердің көрінуі мүмкін болмағандықтан, осы екеуінің арасындағы жанды байланыстардың өзгермелі күйін суреткерлік құдіретпен бере білу — жазушы көркем туындысының шынайы сапалық өлшеуіші.70-жылдардағы қазақ прозасында авторлық «Меннің» берілу амалдары күрделене түсті. Қаламгерлердің шығармашылық ізденістеріндегі стильдік процестер түрлі бағыттарда жүріп жатты. Адам тұлғасын, адамзаттың бүгінгі рухани құндылықтарын безбендеуге келгенде бейнелеудің дəстүрлі принциптерімен қоса, балама сарындардың да орын тебе бастағанын аңғару қиын емес.

Оралхан Бөкей көркемдік әлемнің ерекшелігін айқындайтын сипаттың бірі – адам мен табиғат қарым-қатынасы мәселесін бейнелеудегі шеберлік тәсілдері дейді.

Табиғат суреті – пейзаж көркем шығармада маңызды рөл атқарады. Көркем әдебиет мысалдарына қарасақ, табиғатты суреттеуде ежелден келе жатқан, орнықты болған бір үлгілерді байқаймыз. Мәселен, бір үлгіде табиғат суреті оқиғалардың қандай жерде болғанын көрсету мақсатында ғана беріледі. Екінші бір үлгіде табиғат көріністері қаһарманның көңі-күйіне үндестіріліп суреттелген. Мысалы, қаһарман көңілді, қуанышты жағдайда болғанда табиғат әсем бейнеде көрсетіледі. Бұған керісінше, егер қаһарман ауыр немесе қайғылы жағдайға душар болса, табиғат суық кескінде бейнеленеді. Үшінші бір үлгіде табиғат құбылыстарының суреттері қаһарманды алдынан қуанышты ма, қатерлі ме – қандай да бір оқиға күтіп тұрғанын аңғарту үшін беріледі.

 

 

  1.Теориялық бөлім

 

1.1.Оралхан Бөкейдің  өмірі

Есімі өзімізге де,өзгеге де кеңінен танымал ерекше талант иесі Оралхан Бөкей әдебиетімізге өзіндік бетімен,өзіндік өрнегін сала келген жазушы еді. Оның алғашқы әңгіме повестерінен-ақ ешкімге ұқсамайтын өзінше сөз саптасы,асқақ мінезі, алғыр зерде-зейіні оқушысын бірден баураған болатын.Жазушының ой мен сезімді қатар  өрген шығармалары бірде тұңғиық ойға жетелесе,бірде асқақтыққа,өршілдіке тартып,толғау-толғаныстары кең тынысты,өзгеше үнді болып шығатын.Олардан бірде романтикалық құштарлықты,бірде публицистік от-жалынды, бірде реалистік өткірлікті,енді бірде сағыныш-мұңға бөлейтін лирикалық әуенді айқын аңғарар едік.

Оралхан өзінің-табиғат берген зерде,зейіні,сөзге,сөз өнеріне деген бейімділігі арқасында жастайынан өнерге,әдебиетке,сұлулықа құштар болып өседі.

Оралхан Бөкей 1943 жылы 28 қыркүйекте Шығыс Қазақстан Катонқарағай ауданы Шыңғыстай ауылында дүниеге келді.

Әкесі Бөкей көп сөйлемейтін, сөйлей қалса сөзі өткір, қанжардай қиып түсетін, сөзге шешен, астарлап сөйлеп өз ойын дәл жеткізетін, рухы мықты, жаны таза адам болған. Анасы Күлия көреген, ділмар, аузын ашса көмейі көрінетін ашық кісі болған. Үнемі топ бастап жүретін, қажет жерінде қиыннан қиыстырып өлең де шығарған. Керемет даусы бар әнші де болған. Отбасында бір ұл - Оралхан, бес қыз – Шолпан, Әймен, Ләззат, Мәншүк, Ғалия. Оралхан дүниеге келгенде сұрапыл соғыс жылдары болғандықтан, әкесі Оралға еңбек майданына аттанған кез болатын. Анасы Күлия әкесі еңбек майданынан аман-есен оралсын деп ырымдап, сәбидің атын Оралхан деп қойған екен.

Ол 1961 жылы Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Шыңғыстай орта мектебін бітірген  соң, аға пионер вожатый және Алтай совхозында тракторшы болып жұмыс істеген. 1963-1969 жылдары Оралхан Бөкей С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде сырттай оқыды.

1965-1968 жылдары ол Большенарым ауданының «Еңбек туы» газетінде корректор, аудармашы, редактордың орынбасары, Шығыс Қазақстан облысының «Коммунизм туы» («Дидар») газетінде әдеби қызметкер болды.

Оралхан Бөкей 1968 жылы республикалық «Лениншіл жас» («Жас Алаш») газетінің шақыруы бойынша Алматыға келеді. Оның журналист боп, жазушы болып қалыптасуына Шерхан Мұртазаның ағалык қамқорлығы ерекше әсер етті. Ешкімге белгісіз Шыңғыстайдағы тракторшы баланың бойынан жалындаған талант отын байқаған Шерхан Мұртаза оны Алматыға жетелеп әкеп, дуылдаған қаламгерлер қауымының қалың ортасына салды да жіберді. өмірінің соңына дейін ол журналистика мен жазушылықты қатар алып жүрді.

1974-1983 жылдары Оралхан Бөкей «Жұлдыз» журналының проза бөлімінің меңгерушісі, 1983-1991 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінде редактордың орынбасары, 1991-1993 жылдары бас редакторы болды.

Оралхан Бөкей 1993 жылы 17 мамырда Үндістан жерінде, Делиде қайтыс болды.

 

1.2.Оралхан Бөкейдің шығармашылығы

 

1970 жылы Алматы қаласындағы «Жазушы» баспасынан басылып шыққан «Қамшыгер» атты алғашқы жинағы жас жазушының атағын шығарды. Осы баспадан оның «Үркер» (1971), «Қайдасың, қасқа құлыным?» (1973), «Мұзтау» (1975) әңгімелер мен повестері шығарылды. Оралхан Бөкейдің «Ән салады шағылдар» (1978), «Үркер ауып барады» (1981), «Біздің жақта қыс ұзақ» (1984) әңгімелер мен повестері «Жалын» баспасынан жарық көрді. 1986 жылы оның «Құлыным менің» деп аталатын драмалық шығармалары «Өнер» баспасынан, 1987 жылы «Ұйқым келмейді» деп аталатын творчестволық әңгімелері «Жазушы» баспасынан шығарылды.

“Алданған ұрпақ” трилогиялық романы қолжазбалық ойлар күйінде аяқталмай қалған. “Құлыным менің” (1974), “Текетірес” (1976), “Қар қызы” (1982), “Зымырайды поездар” (1984), “Жау тылындағы бала” (1985), “Мен сізден қорқамын” ([[1987]]) пьесалары қазақ және орыс тілдерінде республикалық, облыстық, сондай-ақ, бұрынғы одақтас республикалар театрларында қойылған.

Оралхан Бөкей – есімі дүние жүзіне танымал жазушы. Оралхан Бөкейдің шығармалары дүние жүзінің көптеген тілдеріне орыс, ағылшын, француз, неміс, жапон, араб, қытай және басқа да ұлы халықтар тілдеріне аударылған. Оның өзге тілде жарық көрген шығармалары - «След молний», молодая гвардия, М, 1978; «Поющие барханы», Советский писатель, М, 1981; «Чағылған», Қырғыстан, Фр., 1981; «След молнии», Христо Данов, Болгария, 1981; «Кербұғы», Эстония, 1981; «Крик», Советский писатель, М, 1984; «Үркер ауып барады», Фольк Унд Вельт, Берлин, 1982 Оралхан Бөкейдің шығармаларынан «Кісікиік» (1985, режиссері М.Самағұлов), «Сайтан көпір» (1986, режисері Д.Манабаев) көркем фильмдері және «Кербұғы» (1986, балетмейстер Б.Аюханов) балеті қойылды.

1994 жылы оралхан Бөкейдің повестері «Таңдамалы» 1 том болып, 1996 жылы повестері мен романдары «Таңдамалы» 2 том «Жазушы» баспасында жарық көрді.

Марапаттары:

1976 жылы Оралхан Бөкей «Құлыным менің» пьесасы үшін Қазақстан Республикасы Жастар сыйлығының лауреаты,

1978 жылы «Найзағай ізі» повестері мен әңгімелері үшін Н.Островский атындағы Бүкілодақтық әдеби сыйлықтың лауреаты,

1986 жылы «Біздің жақта қыс ұзақ» повестері мен әңгімелері үшін Абай атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты наградаларына ие болды.

 

 

2. Практикалық бөлім

 

2.1.Оралхан Бөкей шығармаларындағы табиғат  пен кейіпкер біртұтастығы

 

Қоғам мен адам, я болмаса табиғат пен кейіпкер проблемасы қашан да қаламгердің дарын мен парасат-білігін салмақтайтын əдебиеттің рухани өзегі. Кейіпкерсіз көркем шығарманың, кеңістіксіз кейіпкердің көрінуі мүмкін болмағандықтан, осы екеуінің арасындағы жанды байланыстардың өзгермелі күйін суреткерлік құдіретпен бере білу — жазушы көркем туындысының шынайы сапалық өлшеуіші.70-жылдардағы қазақ прозасында авторлық «Меннің» берілу амалдары күрделене түсті. Қаламгерлердің шығармашылық ізденістеріндегі стильдік процестер түрлі бағыттарда жүріп жатты. Адам тұлғасын, адамзаттың бүгінгі рухани құндылықтарын безбендеуге келгенде бейнелеудің дəстүрлі принциптерімен қоса, балама сарындардың да орын тебе бастағанын аңғару қиын емес.

Соңғы жылдарда кеңістік пен кейіпкер қатынасын көркем зерделеу нəтижесінде өніп шығып, əдеби тенденциялардың бірі ретінде көрініс берген қазақ прозасындағы экзистенционалды ой ағымы бүгінгі күні айрықша назар аударуға сұранып тұрған мəселелердің ішіне енеді. ХХ ғасырда пайда болған, өз идеялық бастауын Гуссерль, Кьеркегор еңбектерінен алатын əлемдік ой ағымындағы бұл бағытты Марсель, Ясперс, Бердяев, Шестов, Бубер, Сартр, Камю, Бовуар, Хайдеггер сияқты философтардың қолдағаны мəлім. Кезінде «өмір сүру философиясы» деп аталған мұндай бағытты тек буржуазиялық идеологияның, буржуазиялық философияның толғамдарының нəтижесінде дүниеге келген теріс көзқарастар бағыты деген түсініктердің басым болғаны да шындық.

 

 

Бір сөзбен айтқанда, экзистенциалистер концепциясы əлем жəне жалғыздық ұғымынан өрбиді. Əлемдік философиядағы бұл бағыттың ірі өкілдерін ортақтастырып тұратын басты белгі — адам болмысына «Мен» жəне «Басқалар» ұғымы тұрғысынан келуі. Олар үшін қоғамдық қатынастар сияқты қозғалыс түрлері абстракция, негізгі шындық — субъективтілік. Осындай ой-тұжырымдардың негізгі құяр арналарының бірі — адам өзінің əлемдік жалғыздығын түйсіну арқылы қоғамнан, сондағы қалыптасқан қатынастар мен нормалардан жатсынуы. Экзистенциалистік таным мен олардың ұстанған концепцияларын, теориялық қырларын қарастырған еңбектердің түгелі дерлік келіскен тоқтам бар. Ол — экзистенциализмнің мəдени құлдырау, рухани дағдарыс кезінде күш алатыны. Яғни, экзистенциалистік ой ағымы қоғамдық құрылыстағы жəне əлемдік деңгейдегі қайшылықтар тереңдегенде, санадағы қақтығыстар кезеңінде адам өзінің фəнидегі жалғыздығын барынша түсінеді деген пікірді ұстанады.Өткен ғасырда Г.Марсельдің, Ж. П. Сартрдың қоршаған əлемді қатыгез, трагедия мен қарама- қайшылыққа толы екендігі жайлы пікірлері алдыңғы қатарға шықты. Мұндай ой тек қана француз ойшылдарында ғана емес, жалпы экзистенциализмнің теориялық базисі ретінде танылды. Хайдеггердің «Человек есть и он есть человек, поскольку он экзистирует. Он выступает в открытость бытия, какою яв ляется само бытие, которое в качестве броска бросила сущего человека в «заботу». Брошенный таким образом человек стоит «в» открытости бытия. «Мир» есть просвет бытия, в который человек вступает своим брошенным существом» деген ойы Ж.П. Сартрды «дүние – бос» идеясымен тамырласып жатыр [1; 212]. Экзистенциалистер осы тығырықтан шығудың жолын адамның жеке болмысы, оның «Мені» арқылы шешуге тырысты.

Жазушы О. Бөкейдің əуелгі «Қамшыгер», «Үркер», «Қайдасың, қасқа құлыным», «Мұзтау», «Əн салады шағылдар» кітаптарынан сыншылар мен зерттеушілердің аңғарғаны шығарма бойындағы терең философиялық түйін мен лирикалық желінің шебер үйлесе білуі жəне психологиялық талдау мен публицистикалық сарынның берік жымдасып келіп, авторлық «Меннің» баса көрсетілуі. Бүкіл шығармалары Өмір – Адам – Табиғат желісіне құрылып, айрықша концептуалдық мағына иеленеді.

О. Бөкейдің əлем мен жалғыздық арасындағы қарым-қатынасты көркем игеру барысындағы экзистенциалистік ой-пікірлері «Қар қызы» повесінен анығырақ көрінеді. Дүние тылсымын, адам- жұмбақтың сырын ашуға ұмтылатын қаламгер кеңістік ретінде Алтайдың қатал да, ешкімге сырын ашпас томырық табиғатын алады. Мұнда қазақ прозасына М.Əуезовпен келген, өзінің төл шығармасы «Қамшыгерде» танылған көркемдік амал — табиғатты адам трагедиясымен қабыстыра суреттеу жүзеге асады.

Повесте Алтайдың табиғаты тек географиялық ұғымды білдіре бермейді. Мұнда табиғат аясы — ғаламның кішірейтіліп алынған моделі. Қаламгер ойынша, олардың адамгершілік сапалары, ақыл-ой өрісі, рухани əлемі ішкі еркіндікті тұсаулаған, өзінің шектеулі заңдылықтары бар адамдар қауымының ортасында емес, алып кеңістікпен бетпе-бет, жеке келгенде ашылуы тиіс. Алып кеңістікте осы үшеуінің тағдыры сыналады, олар кеңістікке сол үшін, Хайдеггерше айтсақ, «тасталған». Нағыз өмір мен өлімнің шайқасы осы жерде басталады. Яғни адам өзінің тіршілігі үшін жан дəрмен. Э. Фромм айтқандай: «Человек — часть природы, он подчинен физическим законам и не способен изменить их; все же он выходит за пределы природы. Он отделен, будучи частью: он бездомен и все же прикован к дому, в котором живет вместе со всеми другими существами. Брошенный в этот мир в определенное место и

 

время, он таким же случайным образом изгоняется из него. Осознавая себя, он понимает свою беспомощность и ограниченность собственного существования. Он предвидит конец– смерть».

 

Повесте бір-бірінің сырын жетік білетін боп көрінген үшеуі мынау жалпақ əлемде, шет-шегі көрінбестей суық дүниемен жалғыз қалғанда беймағлұм болып келген сырларын ашады. Ең бастысы, олардың кеңістікке деген қатынастарындағы өміртанымдық тайталастары басталады. Демек, экзистенциализмнің шындық, ақиқат өмір мен өлімнің тым жақындап келген аралық ситуацияда ашылатыны жөніндегі идеясы шығарма өзегіне айналған. Жазушы осы бір тартысты ситуацияға кейіпкерлерін əдейі салады да, өлім категориясының мағынасын төрешілік ұғымында қабылдайды.

«Ер-азамат не майданда, не жорықта сыналады деген осы. Ол — Бақытжан осынау қар шағылдардың арасынан достарын ғана емес, өзін де іздеп тауып алғандай еді. Ол ұлы жаңалық ашты — өзін ашты». Ал Нұржан «өте сенімді де, мықты жігіт» деп осы қиын сапарға ертіп шыққан Аманжанға енді басқаша қарауға мəжбүр. «Тəңірім-ау, Нұржанның осы екі жігіттен басқа кімі бар еді? «Аманжан, сен осындай ма едің?.. Пышақ жұмсағаны несі? Жо-жоқ, ауылға енді қайтып бармау керек екен. Не болса да осында қарелінде, адамдары аз кеңістікте өлу лазым екен».

 

 

2.2 «Қар қызы» повесіндегі кейіпкер мен табиғат бейнесі

 

«Қар қызы» повесінде заман ағысынан қалтарыста күн кешкен Қоңқай мен сиыршы шал Оралхан суреттеген кеңістіктің тартылыс күшін реттеп тұрған екі полюс секілді. Тіпті жапан даладағы Қоңқайдың жалғыз үйі — бір адамнан тұратын «мемлекет». «Қоңқай мемлекетінің» өзіндік заңдары мен философиясы бар. Ал сиыршы шал болса, осы Қоңқай үшін ен түзді мекен етеді. Яғни, Қоңқай болмаса тыныштық пен жақсылықтың күзетшісі — сиыршының да болуы мүмкін емес. Бұл — қаламгердің жаратылыс диалектикасы туралы концепциясы. Жазушы повесте табиғатты негізгі фон ретінде ала отырып, оның құпия-сырларымен бірге адам жан сырының қалтарыстарын ашуға ұмтылады. Шығарма сюжетінде, қыс ортасында мал азығы таусылып қалады да, үш жігіт (Нұржан, Бақытжан, Аманжан) ауылдан алыс, ақ қар, көк мұзды тау арасынан трактормен шөп әкелуге шығады. Бір-бірінен айнымайтын тау шоқыларының арасында жолдан адасып, 40 градус суықта қардың тұтқынында қалады.             Шөптен бұрын өздерінің үсіп өлу қаупі туады. Сөйтіп, өмір мен өлімнің күресі басталады. Міне, осы кезде кімнің кім екені танылып, адамға тән жақсылы-жаманды әртүрлі қасиеттер ашыла бастайды. Автор мұны бірден жарқыратып жайып тастамай, біртіндеп жеткізіп отырады. Осылайшы сюжет кезегімен шым-шытырық жалғаса береді. Әдеби шығарманың композициясы – бейнеленген заттық бірліктердің және тілдік-көркемдік тәсілдердің ретпен орналасуы мен сабақтастығы, шығарма элементтерінің, белгілердің байланысу жүйесі. Теорияға иек артсақ, сюжет те, композиция да әдеби шығарманың  мазмұнын көркем жинақтайтын формаға жатады.  Бұлардың бірлігімен қатар өзгешеліктері де бар. Композиция барлық шығармада болады, өйткені композициясыз шығарма көркемдік қасиетінен айырылады.     Композиция сюжеттен тыс нәрселерді де қиюластырады, яғни ол - сюжеттен кең ұғым. Әр суреткер шығармасының сюжетін өз қалауынша құрады, белгілі бір қалыпқа бағынбайды. Сюжет кез келген көркем шығармада бола бермейді (көбіне лирикалық өлеңдерде). Оралхан Бөкейдің шығармаларында уақыт пен кеңістік композициясы үлкен орын алады. Жазушы шығармаларында жыл мезгілдері: қыс, көктем, жаз, күз өз кезеңдеріне сай айшықты бедерленіп отыруымен қатар уақыттың да өлшемі болып суреттеледі. Шығармаларда суреттелетін оқиғалардың уақыты, мезгілі нақтылы көрініс табады. Таңның қылаң беруі, күннің шығуы, сәуле шашуы, талма түс, бесін, өліара бітіп айдың жаңалануы, айдың толысуы, бәрі де мезгілдік қызмет атқарып тұр. Сонымен бірге жазушы шығармаларындағы оқиғалар, іс-әрекеттер нақты сюжеттік уақыт жағынан алғанда екі-үш тәуліктік мерзімді ғана қамтып көрсетеді. Қалғандары кейіпкерлердің жан-дүниесіне сыналай кіру, ой дүниесін ақтару арқылы лирикалық шегініс, кейіпкер монологтары арқылы беріліп отырады. Оралхан шығармаларындағы сюжет, оқиғаның дамуы тек сыртқы жамылғы сияқты, ал негізгі мәйек – идеалға құштарлық болып табылады. Идеал ұғымы, ең алдымен, суреткердің адам жөніндегі концепциясынан байқалады. Қаламгердің кейіпкерлері – жан дүниелері бай, рухани деңгейі биік, қажырлы, еркіндік сүйгіш, тағдыры қилы арманшыл адамдар.  Оралхан Бөкейдің «Қар қызы» повесінің шыншыл шығарма болып түзілуі – автордың көрген-түйгені, өз басынан кешкен оқиғалары әсер еткенінен. Олай дейтініміз – повестегі Нұржан болмысынан авторды айнытпай тануға болады. Егер танығанымыз шын деп сендірсек – осы оқиғаның өз басынан өткендігіне, бір кезде өзінің тракторшы болғанына тірелеміз. Міне, өмірде түйгендерін қорыту, жинақтау деген осы.


2.3.«Мұзтау» повесіндегі  табиғат пен адамның үндесуі

 

Оралхан Бөкей көркемдік әлемнің ерекшелігін айқындайтын сипаттың бірі – адам мен табиғат қарым-қатынасы мәселесін бейнелеудегі шеберлік тәсілдері дейді.

Табиғат суреті – пейзаж көркем шығармада маңызды рөл атқарады. Көркем әдебиет мысалдарына қарасақ, табиғатты суреттеуде ежелден келе жатқан, орнықты болған бір үлгілерді байқаймыз. Мәселен, бір үлгіде табиғат суреті оқиғалардың қандай жерде болғанын көрсету мақсатында ғана беріледі. Екінші бір үлгіде табиғат көріністері қаһарманның көңі-күйіне үндестіріліп суреттелген. Мысалы, қаһарман көңілді, қуанышты жағдайда болғанда табиғат әсем бейнеде көрсетіледі. Бұған керісінше, егер қаһарман ауыр немесе қайғылы жағдайға душар болса, табиғат суық кескінде бейнеленеді. Үшінші бір үлгіде табиғат құбылыстарының суреттері қаһарманды алдынан қуанышты ма, қатерлі ме – қандай да бір оқиға күтіп тұрғанын аңғарту үшін беріледі. Мысалы, С.Пушкиннің «Дувровский» повесінде қыстың күні кейіпкер жолға шығар алдында, үйде тамақ ішіп отырып, терезеден сыртқа көз салады. Тұтасқан қара қою түтін сияқтанып, аспанды бүркеп, жылжып келе жатқан бұлтты, ұшқындаған қарды байқайды. «Боран бола ма, жолда бейнет көрем бе?» деп, көңіліне күдік кіреді. Құдайға сыйынып жүріп кетеді. Бірақ жолы болмайды. Түтін сияқтанған қара бұлт, ұшқындаған қар жаманшылықтың белгісі болады. Жолда Дубровскийді қарақшылар тонап кетеді. Оралхан Бөкей табиғат әлемін кең көлемде бейнелейді. Оқиғаларды дамыту, шығарманың мәнін ашу, айтылатын ойды өткірлеу, қаһармандардың тағдырын таразылау, осылармен қатар көркем туындының эмоциялық әсер-қуатын арттыру мақсатында табиғат көріністерін жанды етіп суреттеуге, сүйтіп табиғаттың эстетикалық образын жасауға ұмтылып отырады.

Жазушының қай шығармасын алсақ та, табиғат көрінісі шығармада көтерілген мәселеге, тартыстың сипатына, кейіпкерлердің адамшылық қалыптарына қатысты бейнеленеді. Пейзаж шығарманың идеясын ашуға, образдардың сипатын толықтыруға қызмет етеді. Бұл суреттерден жазушының ой-толғанысының тереңдігі көрінеді.

“Мұзтау” повесінде табиғаттың адасқан адамға сүйеу болғаны бейнеленеді. Бір үңгірде тығылған қазына бар екен дегенді естіген дүниеқор Ахтан сол байлықты өзі иемденбек болып, түнде жасырынып барып үңгірге түседі. Үңгірдің қабырғалары мұздақ екен, Ахтан аяғы тайғанап құлайды, талықсып біраз жатады. Есі кіргенде мұздай терең шұңқырда жатқанын біледі. Тырмысып жоғары шықпақ болады. Бірақ аяғы тайғанап жығыла береді. Таң атып үңгірде азырақ жарық түскенде Ахтан шұңқырда құлай өліп жатқан адамның денесін көріп қатты шошиды. Өліктің киімінің сыртынан буылған жалпақ күміс белдігі, аяғында ұзын қонышты саптама етігі бар. Өліп жатқан адам – өзінің  әкесі екенін Ахтан осы заттардан таниды. Әкесінің де үңгірден тығылған қазынаны аламын деп жасырынып жалғыз келіп, құлап өлгенін түсінеді. Үңгірден шыға алмаса Ахтан да осылай өледі. Ахтан үрейленеді. Үңгірден шығуға қайтадан тырмысады. Жоғарыдан түсіп тұрған кішкентай сәуле сонда бұған әл береді. Ахтан ептеп жоғары көтеріледі. Повесте Ақтан Жесірді қарызынан құтқару үшін Тəңірқоймасына барады. Ал Тəңірқоймасының қойны тұнған байлық. Өмірдегі небір зұлымдықтар байлыққа деген ашкөздіктен туады. Ақтанның əкесі де оңай олжа тапсам деген дүниеқоңыздықтың құрбаны болған.

Ақтан шыңырауға түсіп өмір мен өлім арасындағы ауыр халді басынан кешіреді. Қапастан шығып өмір сүру үшін жанкештілікпен күреседі. Үңгірден суықтық сезілсе, аспаннан жылу білінеді. Ал Мұзтау айнадай жарқырап, сəуле таратады. Мұның барлығы Ақтанның өмірге деген сүйіспеншілігін арттырады. Тəубасына келген Ақтан əкесінің өлігін аттап шықса да, сол үңгірден аман шығар рухани күш-қуатты тек табиғаттан алады. Тəңірім-ау, қандай ыстық еді мынау қар, не деген түпсіз де мөлдір аспан! Айналайын күнім, сенің нұрың шығар мені мұз үңгірден алып шыққан! Тəңірім-ай, қарағай мен самырсынның иісінен артық не бар екен жалғанда! Бисмилла, оразамды тіршіліктің ақша қарымен ашайын. Осындай да тəтті қар барын қалай сезбегенмін... Құдай-ау, тіршіліктің осыншалық ғажайыптығын, осыншалық сұлулығын қалай ғана көрмей келгенмін! Аспан! Күн! Орман! Адам!, — деп Ақтан табиғат сұлулығымен қайта қауышқандай болады. Енді осы үзіндінің аудармасын қарастырайық.Оралхан Бөкей табиғат пен адамның қарым-қатынасында гармониялық үйлесім болуын тілейді. Бұл үйлесімнің бұзылуы табиғатты да, адамды да үлкен кесапатқа ұшырататынын ескертеді. Жазушы табиғатқа тіл бітіріп, оны адаммен сөйлеттіреді. Міне, екеуінің диалогы:

–       “Ей, қызыл құм, баяғыдай неге көшпейсің?

–       Көше бергеннен көрген пәтуам қане?

–       Адамдар үшін жалғыз жұтым суыңды неге қимай        , қазған сайын қаша бересің?

–       Қазір адамдардан су ғана емес, табиғаттың орман, тоғайы, аң-құсы – бәрі қашып барады”...

Табиғаттың тауы, суы, топырағы, өсімдігі, аң мен құсы, ауасы мен

желі, қары мен жаңбыры – бәрі бір-бірімен байланысқан. Егер біреуіне зиян келсе, оның зардабы бәріне тиеді. Бүгінгі адамдар табиғаттың осы заңдылықтарын ұмытқан. Табиғатқа зорлық жасаған. Сол себепті жазушының ұнамды қаһармандары табиғаттың бүгінгі тартып отырған қасіреті үшін өте күйзеледі. Табиғаттың сәні бұзылуына ең бірінші жазықты сендерсіңдер деп адамдарға ауыр кінә қояды.

Оралхан Бөкей адамдардан қиянат көрген табиғаттың адамдардан өш алғанын көрсетуді алдына міндет етіп қоймайды. Адамдар аяламаған, олардан зорлық көрген табиғаттың ерте тозып бүлінетінін, бүгінді орманды-тоғайлы, өзен-көлді, қалың құрақты, құнарлы жерлер ерте ағаштары қураған, сулары тартылған, аңдары мен құстары жойылған, шаңы бұрқыраған қу тақырға айналып қалатындығын, бұның ақыры әлемдік апатқа ұшыратып, жалпы адам баласын жер бетінде тіршілік етуіне қауіп қылатындығын, табиғатқа бүгінгі жасаған қиянат – адамзаттың ертеңгі болашағына жасалған қастандық екенін адамдардың көздеріне елестетіп ұғындыру – міне, жазушының көздеген негізгі мақсаты осы. Жазушыны адамдардың келешектегі тағдыры терең толғандырады.О. Бөкейдің «Қар қызындағы» кей тұжырымдар «Сайтан көпір» повесінде аңғарылмай қоймайды. Туындыдағы негізгі кейіпкерлердің бірі — Аспанның мына монологына назар аударайық:

«Адамнан өткен қаскөй не бар екен мына жалғанда: ендеше, табиғатқа біздерден өгей ешкім де жоқ, ештеңе де, тек екі аяқтылар ғана артық, сол керексіздігімізді жасқана жасырамыз, жанталаса қорғаймыз. Өгейлігімізді білдірмес үшін арпалысып, мұқым жер-жаһан, ұшқан құс, жүгірген аңға үстемдігімізді жүргіземіз. Əттең, Алтайдағы елік жабылып келіп сүзіп, тепкілеп өлтірсе де обал жоқ маған, обал жоқ. Бүкіл əлемдегі жан-жануарлар жабылып, адамзатқа шабуыл жасаса ғой. Мен сонда сол аң-құсқа қосылып, қарсы аттанар едім». Кейіпкердің осы толғанысы көркем туындының жүлгесіндегі философиялық ойдың тірегі ретінде алынады.

Шығармаларындағы «Сайтан көпірде» адам рухының мəңгіліктілігі мен табиғат рухының арасы сабақтас алынғанын аңғарар едік. Адам зауал шақ — өліммен бетпе-бет келіп барып қана өз шынайы болмысын танытатыны жөніндегі экзистенциялық пікір осы шығармада да бар. Өйткені Аспанға да, Аманға да «Сайтан көпірден» өту шаруашылық мақсаттардан гөрі, ішкі рухын сынау үшін керек. «Əркімнің алдында түптің түбінде өтпей қоймайтын «Сайтан көпірі» бар. Тек қорықпағандар ғана арғы жағалауға шығып мақсатына жетпек». Сайтан көпірден өту дегеніміз — өлімге тым-тым жақын келу немесе өмірмен қоштасу. Бұл тұста А. Камюдің айтқанымен келісеміз. Атақты жазушы: «Дело в том, что у нас нет опыта смерти. Испытанным, в полном смысле слова, является лишь то, что пережито, осознанно. У нас есть опыт смерти других, но это всего лишь суррогат, он поверхностен и не слишком нас убеждает», — деп жазғаны бар-тын.

Аспан да «өліп-тірілуді» басынан кешіргеннен кейін өзгеріп сала бергендей, айнала дүниеге, адамдарға деген, өзіне деген көзқарасының көкжиегі кеңігендей. «Бəрібір, Алатай мен ауылды жалғайтын жалғыз дəнекерші – «Сайтан көпірдің» амандығын тілейді. Енді сол қасіретке толы жалғыз көпірден ол айырылды. Əне, быт-шыт болып, қармен қоймалжыңдаған Қаба өзенінің əр тұсында ағып барады. Тек қана сорайып-сорайып ағаш бағандары ғана қалған. Енді кісі өлімі бол- майды. Бетоннан құйып жаңасын салып алар дейсіз ғой. Ол – «Сайтан көпір» емес, бірде-бір адам қорықпай, қарқ-қарқ күліп өте шығады да, Алатай жайлауынан қадір-қасиет кетеді. Адамның бойы- нан қатерден сескену сезімі жоғалып, мүлдем құрып бітіп, есінетер ессіздік үстемдік алады». Оның ойынша, адамдар бойындағы қорқыныш, үрей сезімдері өлген сайын сұлулыққа, мейірімділікке, биік рухқа деген құштарлығы тұншыға береді.Кеңістік пен уақыт, құбылыстар мен қозғалыстар сырын адамның субъективті болмысына сүйене отырып қарастыратын экзистенциалистік дүние қабылдау заңдылықтары О. Бөкейдің көркемдік-философиялық танымына əсер еткенін Аспан, Аман бейнелері дəлелдей түседі. Сонымен қатар, шығармадағы философиялық тұжырымдардың жасалуында, осы негізгі шарттарды айқындауда абстракциялы символ-бейнелердің де орны айрықша. Повестегі АНАУ, АЙҚАЙ, ЖАҢҒЫРЫҚ көркем образдық дəрежеге жеткен. Шығармадағы негізгі тартыс кейіпкерлердің жан əлемінде десек, осы тартыстардың катализаторы — символ бейнелер.

Символдың бірталай артықшылықтары да жоқ емес. Символды қолдана отырып, олар туралы тəптіштеп көрсету де керегі аз. Мəселен, Оралханның қолданған АНАУЫ ешқандай түсіндірмені тілемейді. Өйткені халық жадында АНАУларға қандай мінездер тəн екені айдан анық. Жазушы осы бейнелерді тəсілдік қолданысқа алып, өзінің орталық кейіпкерлерін ашу үшін, философиялық ойдың бет-бағдарын көрсету үшін пайдаланады.

О.Бөкей үлкен философиялық проблема – жатсынуды да айналып өтпегенін аңғарамыз. Мұндай ой бізге оның тырнақалды туындыларына үңілгенде келеді. Соның бірі — қаламгердің үздік шығармаларынан саналатын «Қамшыгер» əңгімесі. Əңгіме экспозициясы М.Əуезовтің «Қорғансыздың күніне» ұқсас. Арқалық тауының сұсты табиғаты мен Ғазизаның тұрағы бейнеленуі сұрқай тіршіліктің, суық əлемнің суретін берсе, Садақбайдың мекені де елеусіз қалғандай, жалғыздық пен жетімдіктің күйін шертеді. «Түйе тастың құбыласын иектей жұпыны ғана қараша киіз үй тігілген-ді. Үй жалқы ғана. Көз көрімде ел жоқ: тек ұзын сонар қож-қож тастар, сойдақ-сойдақ қарағайлар, алапат таулар ғана қаумалай қоршап, күргейлеп тұрады. Қараша үйдің маңынан ербең еткен баланы да, өріп жүрген жетім лақ та көрмейсіз. Өне бойы өгейсіп, мынау жер-жаһанда аласталып, алыста қалғандай: үн-түнсіз ағараңдайтын шалғайдан».

Шығарманың сюжеті өрбуге тиісті кеңістікте көңілге суықтық ұялататын экспрессивтік суретпен беру бұл тұста автордың көркемдік мақсатымен орайлас алынады, характер ашудағы маңызды компонент ретінде қолданылады. Түйетас пен оның ығын тасалаған жалғыз үй, аңырап соққан аңызақтың бəрі Садақбайдың мазасыз, шексіз жалғызсыраған тірлігінің белгісіндей.

«Бір төбенің шаңын бір төбеге қосқан нар кескен жылдарын есіне алғаны ма, екі ауылдың арасын қиқулатып, бұғалықсыз асауды құр-құрлатқан жиырма бесім қайдасың деді ме, тіршілікті мынау қолындағы қамшысының сабындай келте, сабындай жылпылдақтығын, əрі ермен шөптей ащылығын ойлады ма, құйрық-жалсыз жалғыздығын енді ғана сезді ме? Ол ішек-қарны ақтарыла, қатты, аса қысастықпен еңкілдеп жылап жіберді. Жылап тұр. Сыңар аяғына ғана сүйеніп еңіреп тұр». Бұл — Садақбайдың кешкен өмірінің ешкіммен жұғыса алмай жападан-жалғыз жортқан күйі өте барғанын ойлап күйзелгені-тұғын. Ол — өзінің адамдар ортасынан жатсынып кетуінің сырын ұға алмай дал болып, қамшыдан басқа сүйенері табылмай, тұңғиықтан келіп тұңғиыққа аттанған пенде. Əңгіме Садақбайдың қарысып қалған қолындағы қамшымен бірге жерленуі арқылы шешім табуы кейіпкер бойындағы шетін күйзелісті берудегі көркемдік амал.Жатсыну мəселесінде жазушының позициясын толықтай əйгілеген алғашқы шығармаларының бірі — «Мұзтау» повесі. О.Бөкей мұнда өзінің айнымас тақырыбы — кеңістік пен жалғыздық мəселесін негізгі нысана етіп алады да, көркемдік құралдарды осы екі ұғымның аясында топтастырады. Кеңістік пен индивид арасындағы қарым-қатынасқа үңілу барысында жазушының негізгі идеялық тұғыры — антропологиялық көзқарас, яғни адамның əуелгі табиғи болмысы, алғашқы негізі жайлы тұжырымы бой көтереді. Ақтан — адамдардың қауымдық тірлігінен, бірлескен өмір салтынан саналы түрде жатсынған кейіпкер. Оның пайымдауынша, нағыз ақиқат пен шексіз тазалық табиғатта ғана қалған «кей сəттерде Ақтан əлі табиғаттан толық бөлініп шықпаған əрекет иесі ретінде əсер қалдыратыны» сондықтан.Жеке адамды жеке құндылық деп қарайтын жазушы адам, қандай да болмасын қоғамдық ортада өзінің осы субъективті қасиетін жоғалтады деген экзистенциалистік бағыт ұстайды. Яғни, адам қоғамдық ортада шексіз еркіндігінен айрылып, ассимиляцияланып кетуі мүмкін. Ақтанның ауылдан іргесін аулақ салуының мəнісі — қоғамдық ортаның əу бастан рухани теңсіздікте болатыны. «Кісі аяғы басып, қолы тимеген дүниенің бəрі киелі» деп санайтын Ақтанды ойға қалдыратыны, есеңгірететіні адамдардың мына өмірді өткінші деп қабылдамайтындығы, яғни абсурдтығын сезіне алмайтындығы. Ақтан өз тағдырын қоршаудан қашып шыққан бұғымен ұқсастыратын эпизод та автор идеясының детальмен меңзелгені. Ақтанның осы бір мінезінің төркінінде не жатыр? Қаламгер бұл сауалға жауапты Ақтанға мүлде қарама-қарсы алынған образ — Қанның аузына салады: «Білем, саған өлім де қорқынышты емес; байлық, мансап, атақ-даңқ та қызықтырмайды. Өткеніңе өкінбейсің, ертеңіңнен үміттенбейсің. Адам боп қуанған да, пенде боп жылаған да емессің-ау деймін. Иə, сен қола дəуірінің бүткіл психологиясын жиғансың. Сондықтан да əлемдегі еш нəрсе таңдандырмай, еліктірмей, бойындағы барлық адамдық қасиеттің қаймағы шетінемей, бүлінбеген таза жəне табиғаттың өзіндей өміршең. Бірақ ондай тым сезімтал, ақжүрек адамның қазіргі ғасырға керегі жоқ».Автор образдың психологиялық құбылысын, ішкі тайталастарын беруде өзінше тəсіл таңдайды. Ол — осы тұлғаның жан əлемінде Ақтан мен Аңшы болып айтысады. О. Бөкей кейіпкеріндегі ішкіМеннің» дағдарысы оның «өзін-өзі» таңдау процесінің аяқталып, тоқтамға келмегенін айғақтайды. Ақтанның бойындағы Ақтан — тұлғаның детерменделген қыры да, Аңшы — тұлғаның жатсынған қыры. «Ішкі» Ақтан: «Сенің қателігің сол — халық ғасырлар бойы ойлап тапқан өмір сүру тəсілінен шығындап шығып, өз бетіңше лағып кеткің келеді. Бойыңда барлық күш-қуат бола тұра, өзің де байыбына бара алмаған жалғыз пəлсапаның шылауында тентіреп жүрсің. Баяғыда-ақ орталыққа көшіп барып, адамдарға бұдан əлдеқайда пайдалы іспен шұғылдансаң.Аңшы: Пайдалы іс деген не? Түсіндірші маған. Меніңше, дүниедегі ең пайдалы іс сол — дүниеге жалғыз-ақ рет келіп жан тапсыратын адамдарға қиянат жасамау. Егер орталыққа көшіп барсаң, сөз жоқ, өзімізге дұшпан табар едік».

Еріктің («Атау-кере») бойында Ақтандікінен («Мұзтау») бөлек Қоңқайлық («Қар қызы») жатсыну бар. Еріктің томырық мінезі, аса қатыгездігі мен будан аралар жағдайын салыстыра отырып, суреткер метафоралық параллельге барады. Жазушының қозғайтыны тағы да адамның табиғи тазалығы. Еріктің жанашырлықтан ада, селт етпес қаталдығына іштей мүжілетін Нүрке кемпір баласының африкалық аралармен əуестенуінен қатты тіксінеді. Демек, Нүрке кемпір Еріктің болмысындағы мейірімнің неден өшкенін сезеді. Өйткені будан арадан өсіп-өнген ұрпақ пен Еріктің əрекетінде дүбəра тіршілік түйсіктері бар. Ерік — адамдардың бір-біріне деген мейірімділігі болатынын мүлде жоққа шығаратын жан. Адами сезімдер оған жат, тіпті өзін Айнаға үйленуін өміріндегі шалыс басқан қадамы деп шешіп қойған. Жазушының Ерікке берген мінездемелерінің астарында Ара-символдың орны ұлғая түседі.

«Атау-кере» повесінің композициялық түзілісіндегі Таған мен адам көзінен таса тіршілік еткен Шал желісінің жазушы философиялық ойындағы өзекті айқындау үшін мəн-маңызы үлкен. Шалдың өгей тұрмысы бүгінгі заман тірлігімен мүлде қабыспайтын үңгірдегі мекені, тіпті тұрмыс заттарының саналы адамзаттың алғашқы қауымында дүниеге келгендей əсер қалдыратыны жазушының түпкі байламынан сыр тартады. Бұрынғы дəуірдің жəдігеріндей көрінетін Шалдың мекені — үңгірге орналасқан үй, ондағы Қазақстанның екі қиырынан арнайы əкеліп бауырына басқан екі жетім — Қозы мен Баянның жайын О. Бөкей ерекше мəн бере суреттейді.

«Адам — орманның ортасында жүріп күнəға батқанша, ағаш-орманның арасында таза өскенге не жетсін. Мен қазақтың атом апатынан да, бүлінген ауадан да, ішімдік пен аяқтан шалар ағайын алауыздығынан да ада, таза да тəкаппар ұрпағын тəрбиелеймін... Жоқ, шырағым, мен қара басымды сауғалап келгенім жоқ бұл қу мекен жерге; жалғанның үзірінен, анау екі қозымның амандығын ойлап, олардың дені сау, рухы таза өссін деп келдім бұл жерге; жарықтықтарымның жас жаны жараланбасыншы, ит тірліктің итаршысына айналып, аумалы-төкпелі заманның зəлімі болып кетпесінші деп келдім бұл жерге; бірін-бірі алқымынан алып шайнап тастар қаскөй бірлігінен не пайда, күндердің күні болғанда адамның өзін опық етер ілім-білімнен не пайда». Бұл — Шалдың адамдар ортасын жатсынған тіршілігі, одан табиғи жарастық таппауы — руханилық дағдарысты барынша сезініп, өз тарапынан жасаған таңдауы. Шал-Таған желісіндегі айтылар ой ауқымының шығарма тақырыбын ашудағы маңызды болатыны автордың көркемдік шешім қабылдауынан да көрінеді. Таған ақырында шалдың «мемлекетін» таңдауы да психологиялық дəйектемесі келіскен, шығарманың логикалық дамуына сай жасалған нанымды шешім болып қала береді.

«Атау-кере» повесіндегі Нүркенің өлім сəті алдындағы көрініске тоқталмай кетпеуге болмайды. Мұнда санаға бағына бермейтін, ақылға жеңдіре бермейтін фрейдизмге тəн психологиялық өзгеріске көңіл қояды. Бұл мəселе əсіресе батыс модернистерінің ерекше назарында болған еді. Сол сияқты қаламгер қазақ арасына сіңіп Нюра Фадеевнадан Нүрке атанып кеткен, мұсылмандық сенімге біржола иланып-сенген, намазға жығылған адамның өмірінің соңғы сəтінде бейтаныс күштің ықпалымен мына өмірге өз дінінің шарттары бойынша бақұлдасып, шоқынуы ақылынан тыс жасаған қарекеті ретінде суреттеледі. Ол — өзінің ғұмыр бойы ұстанған сенімінен, өмір салтынан жатсынған адам. Осы уақытына дейін санасының түпкірінде өз дініне деген сағыныш ұялап жатқан. Көркем шығармадағы Айна енесінің сандығынан тапқан икона — Нүркенің өзін-өзі алдаған, өзінен-өзі жатсынған қарама- қайшылықты өмір сүргенінің куəсі. Икона — Нүркенің ақиқат болмысын ашуға қолданылған деталь. Өйткені «Ананың сүтімен рухына сіңген сенім түптің-түбінде бəрібір жеңіп шыққан еді».

Қазіргі адам мəселесін қарама-қайшылықты дүниетанымдар қақтығысында бейнелеу кейінгі уақыттағы прозаның даму процесін айқын етер маңызды тенденциялардың бірі болатын. Яғни, жеке тұлғаны зерттеу, оның арманы мен аңсарын, сезімі мен түйсігін зерделеу əдебиеттің диалектикалық қозғалысындағы тағы бір маңызды белес еді. Экзистенциалистік философияның негізін қалаушылар жəне таратушылар — Хайдеггер, Ясперс, Сартр, Камю, Марсель, Бердяев сынды ойшылдар мен суреткерлердің ХХ ғасырдағы дүниежүзілік көркем дамуға қатты ықпал еткендіктен, қазақ əдебиеті де одан тыс тұра алған жоқ.

Автор творчествосындағы негізгі бір күрделі желіні айрықша атап өтуге болады. Ол осынау өмірдегі бір-бірімен өлердей өш Жақсылық пен Жамандық.Жазушы шығармасында осы екі дүниенің арсындағы бітіспес күресті әр қырынан алып,аша түсуге ұмтылған. Айталық, «Мұзтау» повесіндегі жаны таза,жүрегі адал Ақтан мен алаяқ,зұлым Қанның қақтығысынан да адалдық пен арамдықтың,жақсылық пен жамандықтың айқасына куә боламыз. Бірақ түптің түбінде Ақтанның жеңетініне сенесіз.Өйткені оның ісі адал таза, ақ-әділ. Бұл орайда  «Мен кейіпкердің  тым-тым майдалығына,не ол емес,не бұл емес-жағымды,жағымсыз болып бөлінбейтін дүбәралығына қарсымын.Қарсы болатын себебім,моданақтай жер бетінде ақ пен қара,жаман мен жақсы,махаббат пен зұлымдық,мансап пен атақ,аштқ пен тоқтық, күн мен түн,тіпті екі система,екі қоғам өмір сүріп тұрғанда ,әдебиетте ондай көзқарасы мен психологиясы ,мінезі мен әрекеті кереғар екі кейіпкер жасамаймыз деу диалектикаға қайшы» деген автор сөзі,тіпті оның бүкіл творчестволық бетін айқын танытса керек.

Сөйтіп ол өз кейіпкерелерінің неғұрлым болмысы ақтарыла ашылатын, мінез-құлқы,жан-қалтарыстары жарқырап көрінетін қиын ситуацияларға араластыруға ұмтылады. Содан барып, өмір материалдарын қорыту арқылы, оған философиялық-әлеуметтік салмақ қоса отырып, бірегей  образ жасайды. Бұл айтылғандарымыздың бірден-бір дәлел болатын шығарма - «Сайтан көпір» аталған повесть.

Шығармада жоғарыда аталған Жақсылық әлемнің көрінісі,үлгісі Аспан бейнесі арқылы берілсе Жамандық дүниесі-Жаңғырық,Айқай,Анау.Осы жерде мынадай бір ой келеді.Жақсылықтың қашан да беті ашық, жүзі жарқын еңсесі биік, оны ешкім де,ешнәрсе де көлегейлеп,өшіре алмайды. Сондықтан да осы повесте нақты адам Аспан бенесінде көрініп отыр. Ал Жамандықтың жүзіқара,алпыс айлалы. Ол көбінесе қылмысты жасырын айла-тәсілмен істейді. Үстіне ешкім танымастай қара шапан жамылып келіп, жақсылықты арттан шалуға тырысады.Оның нақты кім екенін кейде түстен  тани да алмайсың. Мына шығармада оның - Жаңғырық, Айқау, Анау болып көрінуі де сондықтан. Бұл жерде ол үшеуі кім,нақты адам бейнесі қайда деп тәптіштеп жазу мүлде артық. Ал осы Жақсылық пен Жамандықтың мәңгілік күресінде  Жақсылық Жамандықты  қаншама қара түнектің ішінде болса да аймандай қып әшкерелеп келеді. Жамандықтың Жақсылықтан өлердей қорқатыны да сондықтан. Жамандық өлермен айла-тәсілмен ол да күреске шығады. Бірақ Жамандық Жақсылықпен бетпе-бет келіп шайқасуға қашан да тайсақтай береді. Сол себептен де ол көбіне жүзін жасырып,,айла-амалға көшеді. Қылшылдаған жігіт шағында,анығырақ айтсақ,орда бұзар отызында қар көшкінінің астында қалып,екі аяғынан айрылған Аспан шырылдаған шындықтың символы.

Жаратылысынан адал еңбек иесі Аспан өмірінде ешкімге жамандық істеп,ешкімнің ала жібін аттап көрмеген. Ежелден діні берік,әділдіктен айнымай,турашыл болып өскен Аспан кейбіреулердің  буынсыз жерге пышақ ұрар азғырындысына көнбеді. Қара қылды қақ жарар әділдігімен талай-талай таяқ жесе де ,алған бетінен қайтпаған. Азды-көпті ғұмырында тымағын алшысынан киіп,шаттықтың шанасына шалқайып мініп, тұнығын шайқамай, желдей есіп, желе жортып көрген жоқ.Азабы мол еңбегінің жемісін көріп,қызығына масаймаса да ,әйтеуір бір айналып соқпай қоймайтын күннен күдерін үзген емес-ау. Оның есінен әкесінінң:»Жорғалаған қара тышқанға қастандық жасама,бірібір айналып өзіңді табады.Бұл дүниеде қаншалық жақсылық жасасаң-о дүниелік болған соң,жер бетіне соншалықты береке болып,өніп шығады.Ал зұлымдық та солай,балам» деген сөздері өмірі шыққан емес. Ол алғаш апатқа ұшырап,көшкіннің астында жатқанда ,бүкіл өмір жолына көз жіберіп,осы әке сөзі есіне түскен. Сонда осындай пәлеге ұшырайтындай қай жерде,кімге қиянат жасап алдым деп ойға батып қиналады.

Бір жылы жайлауда Аспан еліктің қозықасын ұстап алып,қолға үйретіп баққан. Бірде жылқышыларды  аралап,ауыл бастығы Анау келді деп итін ертіп,  қолға үйренген қозықаны сол Анаудың иті талап өлтіреді.Соған өзін кінәлі санап,бейкүнә жануардың обалына қалғанына өкініп: «Жақсылық жасаған түрім осы ма? Әттең Алтайдағы елік жабылып келіп сүзіп өлтірсе де обал жоқ маған ,обал жоқ.Бүкіл әлемдегі жан-жануарлар жабылып,адамзатқа шабуыл жасаса ғой...Мен сонда сол аң-құсқа қосылып, қарсы аттанар едім. Ең әуелі кімдердің жағасына жармасар едім сонда Анаулардың» деп зығырданы қайнаған.

Аспанның ендігі бір есінен кетпейтін. Оқиға соғыста жүргенде болған еді. Рас,Аспан сүттен ақ судан таза емес,бұлт басқан жауын-шашынды күндері де болды.Әсіресе Отан қорғау жолында талайлардың қанына ортақ болды. «Ел атып жатқан жаққа бұл да оқ атты.Оғының тигені де бар,тимегені де бар,соны кім санапты.Егер мұның оғынан қаза тапқандар болса,өздері кінәлі,тіпті өздері де емес «Хайн Гитлер!» деп жаһанды ұлар-шу қылған Жаңғырық кінәлі»   Соғыс аяқталар жылы Германияның бір шағын қаласын аларда үй-үйге кіріп соғысып жүріп,Аспан оқыста жазықсыз ананы атып қалған еді. «..Аппақ көйлек киген бейбіт ана ...әлеңені міңгірлеп айтты да, түбі өртенген бәйтеректей сұлап түсті Аспанның аяғына. Жүректен тиген оқ тіл тарттырмай  өлтерген екен. Бағжиып жатқан көзді Аспан алақанымен өзі жауып еді.. ». Енді міне,сол әйел дәл қасында отыр. Тірі. Алақанымен Аспанның көзін жабуға әзір. «кеш,-Мен емес едім кінәлі.Жазағымыз Жаңғырықта. Мінеки,өлім мен өмір арпалысында жатып Аспанның бұлай  ойға берілуі,біріншіден,оның өзін қаншалықты қайсар болғанымен жан-дүниесінің соншалықты нәзік,мейірімге толы екендігін білдірсе,екіншіден,адам баласын тура жолдан тайдырып кесапатұқа ұрындырар,арандатар Жаңғырық атаулыны әшкерелеуі деп білеміз. Аспан өз өмір жолында осы Айқаймене Анаулармен күресіп келеді. Байқап отырса, Жаңғырық, Айқай тіпті мұның қыр соңынан қалмайтын сияқты. Совхоз дирекциясында болған бір жиналыста Алатай қыстауындағы жемшөп қорының аз екендігін,ауданға жазған мәлімет берілгенін әшкерелеп сөйлеген. Сондау ауыл басшысы Анау Асапанға «Бәлем,көзіңнің еті өсейін деген екен.Басшымен алысқан әкең қай мұратқа жетіп еді.Алды-артыңды ойламайсың ау,бала!» деп  айқайлаған. «Енді ойлап жатса,сол сөздің төркіні тым әріде  екен.Бар бәле Жаңғырықтан шықты.»

 

 

 

Қорытынды

 

Жазушының  творчествосы туралы айта келіп, «Жер бетіндегі миллиондаған адамдар қаншалықты бір-біріне ұқсамайтын,әйтеуір бір ерекшелігімен дараланса,олардың мінез-құлқы,жан-қалтарыстары да соншалықты өзгеше,ешқандай ілім-білімнің қолынан келмейтін жұмбақты дер едім.

Ғылыми жұмыс жазу барысында әңгімелері мен повестерімен  танысып, кейіпкерлердің нағыз бет-бейнесі бастарына іс түскенде ашылғанын және повестің кейіпкерлерінің рухани деңгейі биік,арманшыл адамдар екенін білдік. Жазушы  әр шығармасында табиғат пен адам арасында гармониялық үйлесім болуын тілейді. Осы табиғаттың керемет сұлудығын адамдар көбіне көп түсіне бермейді.Табиғатты сүюді,оған қамқор болуды елей бермейміз.Міне осы шығармаларда кейіпкерлер қиналған сәтте ғана аспанға,айналасына қарап сүйсінеді екен. Сондай-ақ ақынның шығармалары адам бойындағы жаман әдеттерден арылуды көздейді.Жақсылық пен Жамандықты салысытырып ,әрқашан да Жақсылықтың жолының ашық болатынын дәлелдейді.

.. Оралхан Бөкей  шығармаларын  талдай отырып,жазушының әр шығармасы адамның сезім тұңғиығына, жан – дүние тереңіне ой – арманына үңіліп,оқырмандарға ой тастайтынын білдік.Оның  шығармалары туған халқымен бірге жасасып, оның рухани игілігіне қызмет ете береді.«Адамды ардақтау, оның ұлылығын жырлау, жалпы алғанда, Оралхан повестерінің негізгі тақырыбы десе де болады». Серік Қирабаев ағамыздың сөзін келтіретін болсақ,айналасындағы адамдарды құрметтеп,ардақтап,сыйлап өтуі керек.Өйткені өмір адамға бір-ақ рет беріледі.Өмір сүрудің ең жақсысы - айналаңа жарық тарату!

Түйіндей келгенде, өмірден ерте кеткенімен артына мол әдеби мұра қалдаырған Оралхан Бөкей- ұлттық көркемөнерімізде өзіндік орны бар ірі суреткер.Жазушының адамның сезім тұңғиығына,жан-дүние тереңіне ой-арманына үңілген шығармалары туған халқымен бірге жасасып, оның рухани игілігіне қызмет ете береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

1.Оралхан Бөкей  Таңдамалы  I  том    О.Кенжебеков, Т.Мәмесейітов «Жазушы» баспасы 1994 жыл

2.Оралхан Бөкей Алматы 2003 Ж.Әділбаев

3. https://massaget.kz/layfstayl/debiet/tmsil/34859/

4. https://kk.wikipedia.org/wiki/Басты_бет

5. https://articlekz.com/kk/article/16231

6. http://myunivercity.ru/

7.http://alashainasy.kz/proza/-oralhan-bokey-kar-kyizyi-52406/

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Научная работа «Оралхан Бөкей шығармаларындағы табиғат пен адам біртұтастығы»."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по учету энергопотребления

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 934 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.05.2021 3426
    • DOCX 337.7 кбайт
    • 67 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Дырымбаева Гульнар Кадылбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 2 года и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 12714
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика обучения информатике в начальной школе

Учитель информатики в начальной школе

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 96 человек из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 222 человека
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Основы религиозных культур и светской этики: проблемы и перспективы преподавания в начальной школе

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 206 человек из 54 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 442 человека

Курс повышения квалификации

Организация рабочего времени учителя начальных классов с учетом требований ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 335 человек

Мини-курс

Инновационные технологии в краеведческой и географической работе со школьниками: применение туристических приемов для эффективного обучения

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Библиотечная трансформация: от классики до современности с акцентом на эффективное общение и организацию событий

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 35 человек

Мини-курс

Создание и продвижение сайтов для достижения максимальных результатов

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 31 человек из 15 регионов