Инфоурок / Другое / Научные работы / Научные работа по казахскому языку на тему "Мақал-мәтелдің тәрбиелік мәні "

Научные работа по казахскому языку на тему "Мақал-мәтелдің тәрбиелік мәні "

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов

hello_html_mebe80bc.gifhello_html_35763da5.gifhello_html_m6198cda8.gifhello_html_m6b75b983.gifhello_html_30c88f5e.gifhello_html_567df6e2.gifhello_html_7f267c93.gifhello_html_444506bd.gifhello_html_6bc178a9.gifhello_html_18275ef5.gifhello_html_4358493a.gifhello_html_6f635d99.gifhello_html_m230f7153.gifhello_html_m230f7153.gifhello_html_432f10e.gifhello_html_18446fb8.gifҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

«ОПОРНЫЙ ОРТА МЕКТЕБІ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ







Авторы: Тілепі Інжу Орынбайқызы

5 «А» сынып оқушысы





Жоба атауы: Мақал – мәтелдердің – тәрбиелік мәні




Секциясы: Қазақ тілі мен әдебиет




Жетекшісі: Жұмалиева Гүлнар Тлегеновна

қазақ тілі мен әдебиет

пән мұғалімі












2016 жыл


Бейнеу ауданы

Опорный орта мектебінің

5 «А» сынып оқушысы Тілепі Інжудің

«Мақал – мәтелдердің – тәрбиелік мәні»

тақырыбында жазған ғылыми жұмысына


ПІКІР


Тілепі Інжудің «Мақал – мәтелдердің – тәрбиелік мәні» тақырыбына жазылған ғылыми зерттеу жұмысында қазақ халқының байырғы, ғасырлар бойы ұқыптап сақтап келген асыл мұрасы – мақал мен мәтелдерінің көркемдік ерекшеліктерііне, олардың тақырыптары мен тәрбиелік мәніне талдау жасалған.

Зерттеуші тақырыпқа байланысты әдебиеттермен танысқан. Жұмыста халқымыздың інжу – маржаны, ой – пікірінің түйіні, өмірінің айнасы болған мақал – мәтелдерінің тақырыптарына ой жүгіртіп, шолу жасайды. Мақал – мәтелдердің негізгі тақырыптарын топтап, саралап, өзінше түйін жасап, ойын қорытындылаған.

Інжу зерттеу жұмысының өзектілігін анықтап, мақал – мәтелдердің қолдану аясын көрсеткен. Інжу ата – әжесінің тәрбиесін көрген үлгілі бала.

Жұмысының тілі жатық, түсінікті. Жұмыстың алдына қойған мақсаты орындалып, жинаған материалдары дәлелденді. Өзінің жас ерекшелігіне сәйкес. Тілепі Інжудің «Мақал – мәтелдердің – тәрбиелік мәні» тақырыбындағы жұмысына жоғары баға беруге болады деп есептейміз.






Жетекшісі: Опорный орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиет

пән мұғалімі Жұмалиева

Гүлнар Тлегеновна





Аннотация



Зерттеу жұмысының мақсаты:

  1. Ұлттық мінез – құлықтың мақал – мәтелдерде айтылған өзіндік ерекшеліктерін зерделе.

  2. Оқушылардың, достарымның сөйлеу тілінде мақал – мәтелдерді пайдалануын және жеке өмірлік тәжірибемді кеңейтуге ықпал ететін қазақ мақал – мәтелдері тақырыптарының мәнін ашу.



Зерттеу нысаны:

Сонау ықылым заманнан келе жатқан қазақ әдебиетінің ажырамас бөлігі болып табылатын мақал – мәтелдері.



Зерттеу нәтижесі:

Жастарға тәлім – тәрбие беретін, ұнамды үлгі қалыптастыратын мақал – мәтелдерді насихаттау.



Шешім:

Мақал – мәтелдерді «мектеп өмірінің барлық бағыттарына, әсіресе, жастардың сөйлеу тілінде пайдалану керек» деген қорытындыға келдім.










Мазмұны


І. Кіріспе.......................................................................................................................7

1.1 Мақал – мәтелдер – ғасырлар шежіресі...............................................................7

ІІ. Негізгі бөлім

2.1 Мақал – мәтелдердің тақырыптарының ерекшеліктері......................................9

2.2 Мақал – мәтелдердің тәрбиелік мәні..................................................................12

2.3 Мақал – мәтелдердің көркемдік ерекшеліктері.................................................15

2.4 Сауалнама жүргізу...............................................................................................16

ІІІ. Қорытынды........................................................................................................17

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер.............................................................................18

Қосымшалар.............................................................................................................19





















І. Кіріспе


1.1. Мақал – мәтелдер – ғасырлар шежіресі


Мақал – мәтелдер – халық даналығының қазына байлығы. Олар ғасырлар бойы қалыптасып, сол халықпен мәңгі бақи бірге жасап, біте қайнасып кеткен дүние. Сондықтан да оны жұртшылық жадына сақтап, өзінің күнделікті өмірінде, өзара қарым – қатынасында пайдаланады.

Мен: «осы мақал – мәтелдерді адамзат өз өміріне пайдалана ма екен, олардан қандай тәлім – тәрбие алады, оның өзіндік ерекшеліктері қандай?» - деген сұрақ көкейімде тұрды. Сол себепті осы сұрақтың жауабын ғылыми жобаны зерттей отырып қол жеткізуге бел будым. Ғылыми жобаны зерттеу кезінде жетекшім Гүлнар апайдың да көмегі тиді. (Қосымша 1)

Мақал мен мәтелге бай халықтың бірі – қазақ халқы. Қазақ халқының мақал – мәтелдерінің шығу тегі жөнінде айтар болсақ, мақал – мәтелдер негізінен халық аузында ауызша сақталған. Ал, оларды нақты жинап, қағаз бетіне түсіру, баспасөз беттерінде жариялау - XVIII ғасырдың II жартысынан басталады. Қазақтың мақал – мәтелдерін алғаш қағаз бетіне түсірген ғалым – Шоқан Уәлиханов. Шоқан Уәлихановтың «Таңдамалы шығармалар» еңбегіндегі біршама мақал – мәтелдер әлі күнге дейін өз құндылығын жойған жоқ. Сол уақыттан бері қазақ мақал – мәтелдері түрлі жинақтарда, хрестоматияларда жазылып, жарияланып келеді.

Мақал – мәтелдер – әр халықтың өз даму тарихында басынан кешкен алуан түрлі оқиғалары, өзі аңғарған табиғат құбылыстары, қоғам мүшелерінің өзара қарым – қатысы, мінез – құлқы, жөніндегі үлкен ойдың ықшамдалып, дәл айтылған нұсқасы болғандықтан егіз қозыдай сыңарымен мақал – мәтел деп бірге

7

айтылады.

Мақал да, мәтел де – сөз асымы, сап алтыны. «Мақал – сөз атасы». Олар сөз дәлдігімен, тереңдегімен, ықшамдылығымен, өрнегімен ерекшеленеді. Мақал – мәтелдерде бейнелі ойға жетелейді. «Түсіне қарасаң күндей, ішіне қарасаң түндей» - деп жүзі күндей жарқырап күлімдеген адамнан да жаны жамандыққа құмар, зұлым адамның шығатынын дәл суретімен өрнектейді.

Сөз қолданысы айтуға жеңіл, өткір ойлы, ұшқыр мақал – мәтел халқымыздың ой шеберлігін, бай тілін дәлелдей түскендей өшпес мұра екені де сондықтан болар.
































8


ІІ Негізгі бөлім


    1. Мақал – мәтелдердің тақырыптық ерекшеліктері.


Мақалдар мен мәтелдерді, сара сөз бен нақылдарды халқымыз ежелден жақсы көред, сүттей ұйып, сүйсіне тыңдайды. «Сөздің көркі – мақал» деп қадірлейді. «Аталы сөзге арсыз жауап қайырады» деп, сөз қадірін білмейтіндерді сынайды, «Өнер алды – қызыл тіл» деп, сөз өнерін жете бағалайды ықшамдылығымен ерекшеленеді. Мақал – мәтелдер нақыл сөз есебінде қызмет атқарады. Олардың қайсысында болсын поэзияға тән ырғақ, үйлесім, сөз, интонация барлығы бар. (Қосымша 7)

Мақал – мәтелдердің тақырыптары әр түрлі және алуан, ол халықтың әлеуметтік шаруашылығы, рухани өмірін түгел қамтиды. Сол арқылы әр түрлі тақырыптар Отан, туған жер, атамекен, адамгершілік пен достың, еңбек туралы т.б. болып келеді. Елі мен жерін емірене сүйген халық Отанды шексіз сүюді ұрпағына өсиет етеді. «Ел – елдің бәрі жақсы, өз елің бәрінен жақсы», «Туған жердей жер болмас – туған елдей ел болмас», «Өз елің – алтын бесік», - деп халықтың туған жеріне, еліне деген шынайы сүйіспеншілігі терең түйінделген. Сол арқылы туған жерді алтын бесіктей аялап, бағалау керектігін ол үшін өміріңді берсең де артық еместігін бейнелейді. [1]

Мақал – мәтелдердің үлкен бір саласы еңбекке арналған. Халық еңбекті әр уақытта ардақтап, бүкіл игіліктің көзі деп таныған. Бұл «Еңбек түбі – береке», «Еңбек етсең, емерсің», «Ер дәулеті – еңбек», «Бейнет, бейнет түбі – зейнет» деген мақалдардан айқын аңғарылады. Халық еңбек пен бақытты егіз деп қараған. Адамды ер атандырып, құрмет, қуанышқа жеткізетін де еңбек деп білген.

«Еңбегіне қарай – құрмет, жасына қарай – ізет», «Еңбек еткен – мұратқа жеткен»

9

т.б. Сонымен қатар жалқаулықты, еріншекті мінеген. «Тауық құс емес, жалқау кісі емес», «Ақымақ күлкіге тоймас, жалқау ұйқыға тоймас», «Жұмысы жоқтық – ырысы жоқтық» деп, халқымыз жалқаулықты шеней отырып, еңбек адамның беделін биіктетіп отырған.

Мақал – мәтелдердің енді бір саласы ерлікке, батырлыққа байланысты туған. Халық ерлік пен елдікті бірдей көрген. «Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар», «Батыр туса – ел ырысы, жаңбыр жауса – жер ырысы», «Ер бір рет өледі, ез мың рет өледі», «Ер елімен жақсы» деп, халық ел қорғаған батырды мақтаған. Мақал – мәтелдерде ер мен ез, батыр мен қорқақ қатар сипатталады. Сөйтіп, елге ерді үлгі – өнеге етсе, қоян жүрек қорқақты жеріне жеткізе сынайды. Жастарды ерлікке баулуды мақсат етеді.

Ынтымақ – бірлік туралы да мақал – мәтелдер көп. «Бірлік болмай, тірлік болмас» деп, қазақ елді бірлікке үндеген. «Байлық – байлық емес, бірлік – балық», «Ынтымақ жүрген жерде ырыс бірге жүреді» деген дана халқымыз ырыс – береке де, елдік те бірлікте екендігін көрсеткен.

Мақал – мәтелдердің достыққа, жолдастыққа арналған. «Жолдасы көптің олжасы көп», «Дұшпан күлдіріп айтады, дос жылатып айтады», «Жаман жолдастан – жақсы дұшпан артық», «Досы көппен сыйлас, Досы азбен сырлас» т.б. мақалдарда достық пен дұшпандық, жаман жолдас пен жақсы жолдасты салыстыра отырып, адал дос, жақсы жолдастың үлгі етілгенін көреміз.

Қазақтың ата кәсібі, тіршілік көзі төрт түлік малға да арналған мақал – мәтелдер де бар. «Мал баққандікі, жер – жыртқандікі», «Ат – ер қанаты», «мал өсірсең қой өсір, пайдасы оның – көл көсір» деген осының айғағы.

Енді бір мақал – мәтелдерде өнер – білім, ғылым, оқу дәріптеледі. Адамзат

10

баласының тіршіліктегі қол жеткізген табыстарының бірі білім, ғылым. «Білімдіге дүние жарық, Білімсіздің күні кәріп», «Кітап – алтын қазына», «Оқу – білім азығы, білім – ырыс қазығы» деген сияқты мақалдар білімге шақырады.

Сонымен қатар адамгершілікке, денсаулыққа, туған – туысқандыққа, шешендікке, арманға, үй болуға т.б. тақырыптарға байланысты мақал – мәтелдер көп.

Мақал – мәтелдерді байытып, оның сарқылмас көліне үзілмей құйылып отыратын сала – сала бұлақтар бар. Олар – нақыл сөздер, толғаулар, шешендер сөзі, көп мағыналы өлең жолдары, ақын – жазушылардың кітабынан шығып, мақал – мәтелдер қатарына қосылып тұратын тұжырымды айтылған асыл сөздер, мағыналы көркем сөйлемдер. Ақын – жазушылар шығармаларында мақал – мәтел болып келген жолдар мол. Ы. Алтынсарин мен А. Құнанбайұлының көптеген өлең жолдары қанатты сөздерге айналып кеткені белгілі. Мысалы: Ыбырайдың «Шегірткем, бір секірдің құтылдың, екі секірдің – құтылдың, үшіншіде – тұтылдың», Абайдың «Көңілім қалды достан да, дұшпаннан да», «Күн жауғанда қойнында, күн ашықта мойнында», «Тұлпардан тұлпар озбас шабылса да, оған да үкі тұмар тағылса да» дегендері мақал – мәтелдер қатарынан өз орнын алған. [3]

Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері С. Сейфуллин, Б. Майлин, І. Жансүгіров, м. Әуезов, С. Мұқанов, ғ. Мүсірепов, Ғ. Мұстафин т.б. шығармаларында да мақал – мәтел болып кеткен жолдар аз емес.

Мақал – мәтелдер – сан ғасырлар бойы халықпен бірге өмір сүріп келе жатқан қастерлі қазына.





11

    1. Мақал – мәтелдердің тәрбиелік мәні


Мақал – мәтелдердің адамды игі қасиеттерге үндеу, уағыз – өсиет сипаты бар екені баршаға мәлім. Бұл қазына тәрбиелі қыз, ұлағатты ана, ардақты ұл, елін аялаған ер, жылы жүректі әке қандай болуы керек, осының бәрін тобықтай сөздің түйінінде түйіндейді. Бұлардың танымдық, тәрбиелік мәні зор.


Қазақ халқы мақал – мәтелге өте бай. Мақал – мәтелде халқымыздың өніп – өсуіне, мінез құлқын қалыптастыруға, тіршіліктің қыры мен сырын түсінуге терең баға беріледі. Мақал – мәтелді кез келген адам шығаруға құқылы. Оны өмірде орнына, орайына қарай қолдану қажет. Келсін, келмесін мақал – мәтелді қосып сөйлей берсе, асыл сөздің құны кетіп арзандайды. Егер орны тауып айтылса, мақал сөздің мәнін күшейтіп, айтылған ойға ажар беріп, адам өресінің тереңдігін көрсетеді. [6]


Қазақ халқының даңқын шығарып, абыройын асырған айтулы ұлдарының бірі – жазушы, батыр Б. Момышұлының «Ер серігі – серген ой», «Сын ерді шыңдайды, қорқақты қинайды», «Азаматқа өмірден де ар қымбат, өлімнен де ұят күшті», «Қорқақ – дөрекі, әрі ақымақ», «Ақылғөйлік кейде өнегесіздікке тірейді» деген ұлағатты сөздерін жас ұрпақ оқып – үйренсе, адам мінезінің қыр – сырын түсінуіне кең жол ашатыны сөзсіз.


Б. Момышұлының мақалдары ерлікке, адамгершілікке шақырады. Мысалы:

Ана үшін аянба – ант ұрады,

Бала үшін аянба – бетің күйеді.

Ел үшін аянба – ерлігіңе сын,

Жұрт үшін аянба – жігітіңе сын.

немесе:

12

«Жерге тер төгіп,

Халыққа қан төгіп қызмет ет,

Қайратыңа әдісіңді жолдас ет,

Әдісіңе ақылыңды жолдас ет», деген мақалдары әрбір елжанды ұрпақтың жүрегіне әсер етпей қоймайды.


Халық ақыны Қайып Айнабековтың мақалдарына көңіл аударсақ: «Алаңғасар адамнан ақау шықпай қалмайды», «Бос өткізі өмірді, ақымаққа көңілді», «Ерінбегеннің еңбегі жанады, іркілмегеннің ерлігі артады», - деген мақалдары тәлім – тәрбиесі мол даналық. Қазіргі бүкіл тіршілік техникаға жүгінген заманда жас ұрпақтың ойын мақал – мәтел даналығына қарай бұра берсек, нұр үстіне нұр болар еді. Әр мақалдың айтатын ойы әр түрлі, сондықтан мақалдың тәрбиелік мәнін ашумен бірге оны күнделікті өмірде қолдану қажеттілігін қазақ тілі мен қазақ әдебиеті сабақтарында күнделікті іске асырса.


«Тәрбие тілден басталады» дейтін халқымыз ана омырауынан ажырамаған кезден – ақ бөбегің ана тілінің ақ уызымен ауыздандыра бастау керектігін, ана тілі – адамның ғұмыр бойы серігі, рухани қуаты, күрестегі құралы екендігін меңзеп отыр. [2]


Халқымыз «Мақал – сөздің мұнарасы» деп, халық ауыз әдебиетінің асыл бір жанрына осындай бағаны өзі берген. Мұнара биіктікке, асқарлыққа, парасат асқарына меңзейді. Мақал – мәтелдің озық – артықшылығы ойды сығымдап, нақышты әрі әсерлі, санаулы сөзбен әрі өткір, әрі мәнді айтып, суреттеуінде жаңа дәуір талабына сай жаңаша туындайтын мақал – мәтелдердің иесі де, көнеден сақталып келе жатқан, сұрыптала, сұлулана түскен асылдарды сақтаушы да – қарапайым халық. Сонымен, өткен замандарда жасаған сал – серілер мен ақылмандарымыздың бізге қалдырған ой – парасат, мирасы даңғыл жол сияқты екен.

13

«Ананың алдында асқар тау да аласа», «Ана өмірдің қайнар бастауы», «Ана болған дана болады» деген мақалдар кімге де болсын ана алдындағы парызды ақтаудың биік маңызын ұқтырып тұр. Ержеткен ұл, бойжеткен қыздың алдында анаға деген парыз тұр.


«Көпке пайдаң тисе, төбең көкке тиер» деген мақалдың да тәрбиелік мәні бар. Кез келген адамның өзіне бұйырғаны тек өзінің ғана игілігі емес екені белгілі. Жеке адамзат тағдырының мәнділігі қалың қауымға тигізетін көмегімен өлшенетіні де даусыз. Ендеше көпке тигізген пайда арқасында кім болса да құрметке ие болатыны анық.


Халқымыздың кемеңгерлігін дәлелдейтін даналық сөздерді айтып тауысу мүмкін емес. Мен тек қысқаша ғана жеткізіп отырмын.

























14

2.3 Мақал – мәтелдің көркемдік ерекшеліктері


«Көп сөз көмір, аз сөз алтын» дегендей мақал – мәтелдің ой бойынан поэзияға тән жинақылық, үнділік ұйқас, ырғақты кездестіреміз. Онда басы артық сөз жоқ, бәрі орнында, екшеленген, сұрыпталған, біріккен ой жатыр. Мысалы: «Ер дәулеті – еңбек» мұндағы негізгі ой еңбектің құдіретін, бүкіл игіліктің көзі екенін білдіру түйінделген қазығы еңбек болған соң мақалда «е» дыбысы ерекше естіледі. Мақалға саздылық, үнділік беріп тұрған сол. Дәулет сөзінің мақал бітіміне кіруі де соған байланысты. Оның орнына ырыс, байлық молшылық сөздерін қоса алмайсың. Онда мақал поэтикалық қасиеттерінен айрылады. Мақал-мәтелдерде халық сөзді барынша үнемдеп қолданған. Кейде, тіпті, сөз тастап кетіп отырған. Бірақ одан мақал - мәтелдің, мәні өзгермеген. «Ақыл жастан – асыл тастан» - мәтелде «шығады» сөзі қалып қойған, бірақ одан ол ойсырап тұрған жоқ.


Мақал – мәтелдердің тура жане ауыспалы мағынасы болады. Мысалы:

«өнер алды қызыл тіл», «Елін сүйген ер болар» деген мақала ешқандай астар, тұспал жоқ болса, « Не ексең соны орасың» дегенде астарлы ой жатыр. Халық бұл арқылы істеген ісінің нәтижесі сол ісіңе орай дегенді, ишара етеді. Мақал – мәтел қосарлана айтылып, бір – біріне туыс болғанымен, екеуінің өзара айырмашылықтары бар. Ол айырмашылықтар мақал-мәтелдің ойды түйіндеу жағынан да байқалады. Мысалы: «Тоқпағы күшті болса, киіз қазық жерге кірер» деген мақалды алса екі жай сөйлемнен турады, ой тиянақты. Ал мәтел құрылысы жағынан мақалдан өзгерек. «Әлін білмеген әлек», «Көппен көрген ұлы той» деген тұспал мәтелде басым. Алайда екеуі де халықтың ғасырлар бойы жинақталған даналық ойының мәйегі. [4] (Қосымша 4)





15

    1. Сауалнама жүргізу

Ал, келесі кезекте біз назарларыңызға «Мақал – мәтелдердің – тәрбиелік мәніне байланысты сауалнама жүргізілген бейне материалдарды ұсынамыз.


Бұл жердегі мақсатымыз – халықтың мақал – мәтелге деген көз қарастарын білу.

(Қосымша 5-6)
























16

IV Қорытынды


Халық даналығының бір түрі мақал – мәтелдердегі мағына, мәні терең, аз сөзбен көп мағынаны, үлкен ойды жеткізетін шеберлік ұлттық мақтанышымыз десек те артық емес. Сондықтан ата – бабаларымыздың асыл қазынасы, даналық мәйегі көздің қарашығындай сақтап, бағалау басты парызымыз болу керек.

Халық ауыз әдебиетіндегі мақал – мәтелдердің көп болуы халықтың интеллектуалды өрісін, даналығын танытады. Сол үшін де мақал – мәтелдерді түсініп оқып, зерделерінде сақтап, қажеттісін өмірлік жағдаяттарда қолданыңдар. Ата – бабаларымыздан жеткен асыл сөз - қазынаны өмірлеріңе жаңартып, сол арқылы оның мәңгілік болуына үлесімізді қосайық.

Мен – оқушымын, менің әлі өмір тәжірибем аз. Өзім сияқты балалардың, достарымның бойында мәдениет, адами қасиеттер қалыптастыру мақсатында айтылатын әсерлі, әрі мәні мақал – мәтелдер, ақыл – насхат, өнеге – өсиет төл әдебиетімізде мол екеніне көзім жетті. Біз ата – бабаларымыздың осындай ақыл – нақыл, өсиет сөздерін оқып болашақта жазылмай, жаза баспай, арман – тілегімізге неғұрлым тезірек жетуімізге жол табылады. Халқымыздың сөз мәйегі мақал – мәтелдер бізді игілікке, имандылыққа, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке, ұлтжандылыққа, отаншылдыққа тәрбиелейді. «Мақал – сөздің атасы» дегендей өмірде мақал – мәтелдің қажеттілігін түсіне отырып санамыздың өсуіне ықпал ететін ұлттық мұраның сақталуы біздің қолымызда.

Осы зерттеу жұмысының қорытындысы ретінде халқымыздың мерейін көтеруге, қожыр – қайрат жұмсауға, қасиетті қызыл тіліміздің үстемділігін көтеруге үлес қоссам деген тұжырымға келдім.




17

V Пайдаланылған әдебиеттер


  1. Қазақ мақал – мәтелдері. Алматы «Қазақстан» 1990

  2. Интернет жүйесін пайдалану makal – matel.kz сайты

  3. «Қазақ әдебиетінің тәрбиесі» 1 том

  4. М. Әлімбаев «Өрнекті сөз – ортақ қазына»

  5. К. Аханов «Тіл біліміне кіріспе»

  6. «Қазақ тілі мен әдебиеті» кітабы 2004.










18

Қосымшалар

Қосымша 1


Қосымша 2
hello_html_m4ac364ea.jpg

hello_html_6675e2cb.jpg19

Қосымша 3

Білім, білім алу

Отан туралы

Ата – ана мен бала

Адам туралы


Тәрбие, үлгі, өнеге

Мақал -мәтел түрлері





Достық пен жолдастық





Ұрлық

Ар, намыс, ұят




Байлық, кедейлік

Батырлық, қайсарлық, қорқақтық



Еңбек, жалқаулық

Ағайын – туыс



20

Қосымша 4

Мақал

Мәтел





Үлкен ойдың ықшамда-лып, дәл айтылған нұсқасы



Айтылатын ойдың тұспалы ғана болады








Қосымша 5hello_html_48498bf5.png

21

Қосымша 6


Қосымша 7

hello_html_2064825b.png

22 Отан

hello_html_m7fd7f925.png


hello_html_m1ccc49ae.png

23 Ерлік, батырлық

Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 22 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДВ-564766
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>