Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Конспекты / Научный преокт по теме отечественный войны

Научный преокт по теме отечественный войны



Осталось всего 2 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • История

Поделитесь материалом с коллегами:

Үш соғыстың жауынгері.

Кезінде бүкіл дүние жүзілік сипат алып, Европа мен Азия құрлығының бір қатар мемлекеттерін шарпыған Кеңестер одағының 20 млн – нан астам адамының өмірін қиған Ұлы отан соғысының жеңісіне 70 жыл толды. Жеңісті жақындатуға атсалысқан әр кеңес әскерін қалай мақтаса да тұрарлық.

Олардың қатарында отан соғысында от кешіп, жанын берген қазақ жауынгер ұстаз Әбдіраш Құдайбергенов.

Құдайбергенов Әбдіраш 1915 жылы 15 маусымда Қазалы уезіндегі бесінші ауылда дүниеге келді. 1926 жылы 8 жасында Арал қаласындағы жетім балалар мектеп- интернатының 1 класына қабылданды. Алғашқы 3-ші сыныпқа дейін төте жазумен сауаттанды. Ал 1929 жылдан бастап латын әрпімен сауат аша бастады. 1934 жылы мектеп – интернат Алматы қаласына көшіп , 1936 жылы осы мектеп №12 орта мектепке айналғанда оныншы сыныбын Қазалыдан барған Тәжібай Дәрібаев екеуі бітіріп шықты. Бұл сол уақытта институт бітіргенмен бірдей еді, аттестаттары латын әріпімен жазылған.

1936 жылы қыркүйек айында Арал ауданының №63 орталау мектебіне «бастауыш класс» мұғалімі болып орналасты.

1937 жылы маусым айында азаматтық борышын өтеу мақсатында кеңес армиясы қатарына шақырылды. Солтүстіктің шыңылтыр аязында шынығып, Финляндия шекарасында қызметін 1939 жылы қазан айында аяқтап, елге қайтты.

1939 жылдың желтоқсанынан бастап Арал ауданының сол баяғы №63 мектебіне мұғалім болды.

Сол жылдың желтоқсан айында советфин соғысы басталып 1940 жылы 13 наурызда совет әскерлерінің жеңісімен аяқталғанын есітті. Міне 1941 жылдың 22 июнь айы да келіп жетті. Әбдіраш ағай үшін «соғыс» деген сөз жақсы сөз емес. Әрине оны есіткенде көз алдына қантөгіс, қырғын ажал атты қорқынышты көріністер елестегені анық. Я адамзат қауымы өмір сүрген уақыттың ішінде 14500 ден аса рет соғыс болған екен. Ал соның ХХ ғасырдағы ең қанды да қасіреттісі екінші дүниежүзілік соғыс екенін, сол уақытта көзі ашық, көкірегі ояу, ауылға беделді Әбдіраш ағай түсіндірді. Міне осы Ұлы Отан соғысына Кеңес Одағының Барлық халықтары неміс-фашистеріне қарсы күреске шықты. Солардың бірі болып 1941 жылдың қазан айында Әбдірашта майданға аттанды. Әбдіраш ағай мен қатар соғысқа алынғандар армия қатарында қызмет атқарған мылтық атуға машықтанған жауынгерлер еді, Финлияндия және оның одақтасы фашистік Германия бірігіп солтүстіктен совет еліне шабуылға шықты. Сібірдің қақаған қысына үйренген Әбдірашқа ауа-райы онша әсер еткен жоқ. Неміс – фин әскерлерінің тегеурінді шабуылдарына тойтарыс бере отырып, қарсы шабуылға шықты.

Қарсы шабуыл кезінде қалың орман ішінде, үлкен бір үйді көрдік, суықтан тоңып келе жатқан біздер үйге кіріп жылынбақшы болдық. Командиріміз үйге барлаушы жіберіп тексертіп, ешқандай күдіктенетіндей ештеңе жоқ екенін айтты. Үйге командиріміз бастап кіре берді, мен асықпай артынан кіремін дегенше болмады, кенет ішке бірінші кірген командиріміз қашыңдар деген айқайы шықты, ішке кірейін деп тұрған солдаттар кептеліп қалды. Дереу есімізді жиып үйден жүгіріп 50 метірдей шыққанымызда үйдің күлі-көкке ұшты. Үйден шыға алмай қалған 10 шақты солдат мерт болды.

1942 жылдың январь айында Батыс майдандағы немістердің шабуылы күшеюіне байланысты, барлық күшті батыс майданға төгіп, Румыния фин бағытында майдандарда қорғанысқа көшуге бұйрық жарияланды. Осы бұйрыққа байланысты 1943 жылдың январь айында 35-ші армияны Волхов майданындағы армия генералы Мерецков басқарған 2-ші екпінді армиясының құрамында, біздің 395 атқыштар полкін Белгород бағытында шабуыл жасап келе жатқан немістерді тоқтату үшін қорғанысқа көштік. 1943 жылы июльдің бас кезінде соғысқа араласып немістің орталық армисының шабуылын тоқтаттық. Біздің 35-ші армия бас штабтың резерві болғандықтан, июль айының аяғында Брянск-Орёл бағытында немістер шабуылының күшеюіне байланысты, әйгілі Курск доғасы шайқасына араласып кеттік. Орёл бағытына бізді көшіргенде жолда 12 июльде болған әйгілі танктер шайқасының екі жақтан 1200 танк қатысқан соғыста қираған танктер көрдік. Бұл Прохоровка селосындағы соғыста мұнда бір-бірімен бұқаша сүзіскен, бір-бірінің үстіне мініп кеткен танктер қирандысыбірнеше километр созылып жатқанын көрдік. Орёл бағытындағы Ока жағасындағы қорғаныста отырғанымызда бізге зам. Политіміз Брянск майданының қазақша «Жауды жоюға» газетін қазақ жігіттеріне таратты. Онда «Бәрі майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін»- деген тақырыппен Қызыл ту колхозының төрағасы КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты Қашақбай Пірімов 100 мың сом аударды – деген. Сол уақытта 1941-1945 жылдары майданда 20 шақты қазақ газеттері шығып тұрған. (ҚСЭ 7 том, 379 бет).

Біздің 35-ші армия Орёл қаласын азат ету кезінде Минск қаласының түбінде қоршауда қалған немістің 5000 адамын тұтқынға алдық. Қоршауда 195 полкі жағынан бұзу үшін немістер қатты қарсылық көрсетті. Менің қолымда автомат. Енгезердей неміс офицері пистолетін кезеп атып қалды, сол уақытта сол қолым тыз еие қалды, жараланғанымды білдім. Менде қарап қалмай автоматтан оқ жаудырдым. 35-ші армия бас қолбасшының резерві болғандықтан бізді соғыстан шығарып толықтыруға тылға алып кетті. Қыркүйектің аяғында бізге зам. политіміз саяси сабақ өткізді, Оралов-Курск бағытындағы ұрыстарда немістердің орталық тобының талқандағанын хабарлады. Осы жеңіске жеткізген Кеңес армиясының құрметіне арнап Мәскеу қаласында Ұлы Отан соғысындағы алғашқы салют берілді деп хабарлады. 1945 жыл біздің полкті және бүкіл 35-ші армияны Қиыр шығыстағы жапондармен соғысқа әкеліп салды. 1945 жыл августтің бас кезінде шабуылға шығып, Фунгдин қаласы үшін шайқаста «Банзайлап» ұмтылған жапон әскерлері қатты қарсылық көрсетті. Бірақ, рухы жоғары совет әскерлері жапон әскерлерін талқандап таптап өтті. Кейін білдік «Банзай» деген олардың ұраны, біздің урамыз сияқты екен. Сөйтіп Сунгари өзеніне келіп жеттік. Енді қол созым жерде жаудың Харбин қаласы тұрды. Біздің 395-ші полкке Сунгари өзенінің сол жағына өтіп барлауды тапсырды. Сунгари өзенінің жағасынан кенет бала көтерген 20 шақты әйелдерді көрдік. Совет жауынгерлеріне әйелдерге, балалрға, қарияларға қару жұмсамау туралы қатаң бұйрық бар. Бірақ маған жаңағы әйелдер тұрысы қолайсыздау болып көрінді. Өйткені әйелдер құндақтаулы баланы омырауға дейін көтеріп басын жоғары ұстауы керек еді, ал олар төмен салбыратып бір мылтық орап ұстап тұрғандай көрінді. Мен дереу автоматтан оқ жаудырдым. Жаңағы әйелдер де жата қалып оқ атты. Олар әйелше киінген самурайлар екен. Егер біз оларға әйел деп аяушылық жасап қасына барсық қырып салуы мүмкін екен. Осы ерлігім үшін Сталиннің алғыс хатымен марапатталып, соғысты 1945 жылы аяқтадым деген. Бұл естеліктерді 1980 жылы Әбдіраш ағай №90 мектептің бастауыш сынып мұғалімі болып жүргенде аудан бастауыш мектеп мұғалімдері жиналысында кездесіп, сонда өзінен есіткенмін. Ал, қосымша деректерді Әбдіраштың баласы Құдайберген Мараттан алып жазып отырмын.

Құдайбергенов Әбдіраш ағай Ұлы Отан соғысы кезінде көрсеткен ерліктері үшін бірнеше орден медальдармен марапатталды. Соның бірі екінші дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденімен Қиыр шығыста көрсеткен ерлігі үшін Сталиннін алғыс хатын алған 1937 -1945 жылдары аралығында Құдайберген Әбдіраш финдермен, неміс фашистермен, жапон самурайларымен болған соғыстарға қатысып «үш соғыс жауынгері» деген атаққа ие болған ардагер ұстаз.

Ұлы отан соғысы және еңбек ардагері Әбдіраш пен Жолды апай екеуі он екі ұл-қыз дүниеге әкеліп, балаларды қоғамға лайықты азамат етіп өсірді, Әбдіраш ағай 1990 жылы дүние салды.

Ал, Жолды апайымыз 32 немере, 10 шөберенің қызығына батқан бақытты ана, қазіргі кезде баласы Құдайберген Марат пен келіні Гүлназияның қолында. Балалары Бақытбек механик, Бақыткүл есепші,Марал тігінші дизайнер,Қанат теміржолшы,Гүлбану банк қызметкері, Нұрсұлу, Қолғанат, Динара мемлекеттік қызметкерлер. Ал әкесінің жолын қуған Бағымкүл, Марат,Жәмила,Үрсұлу,Мереке, Нұргүл білім саласында қызмет жасап келеді. Жеңістің 70 жылдығын тойлайын деп отырған сәтте жас ұрпақққа бейбіт өмірді тарту еткен ата-әжелеріміздің алдында бас иеміз.




57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 17.12.2015
Раздел История
Подраздел Конспекты
Просмотров123
Номер материала ДВ-265660
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх