Инфоурок Дошкольное образование КонспектыНаурыз мерекесіне арналған ертеңгілік

Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік

Скачать материал

Жүргізуші:

Армысың, Наурыз,

Мереке, ырыс, береке.

Қош келдің сені

Күтуде бүгін кең өлке.

Армысың, Наурыз,

Қуаныш болып кір төрлет.

Ел болып саған

Көрсетіп жатыр сый құрмет!

1 бала:

Играй, баян, звени домбра

Желаю счастья и добра.

Здоровья и терпение

Отличного настроения,

Чтобы мечты у всех сбылись

Здравствуй праздник наурыз!

 2 бала:

Уа, ағайын халайық,

Мұнда назар салайық!

Мерекесі халықтын

Наурыз тойын бастайық!

Құрметті  қонақтар,  сүйікті  балалар! Наурыз   мерекесі  құтты  болсын!  Күлімдеген шуақты  көктеммен  бірге  қазақ даласына жаңа жыл келді,  әр  адам келер  жылдан  үлкен  үміт күтіп,  оны  ақ тілекпен,  ақ ниетпен  қарсы  алады!

Ән: «Көктем келді»

Жүргізуші:Жер шарын мекендеген ұлттар мен ұлыстардың сан түрлі мейрамы бар.  Ал наурыз – қазақ халқының шын мағынасындағы ұлттық мейрамы. Бұл күн мен түн теңелетін мереке. Сондықтан халқымыз наурызды «Жыл басы», «Ұлыстың ұлы күні» деп атайды. Олай  болса, тіршілік атаулыны жаңартып, жақсартқан наурызға шын ниетпен  «Қош келдің, Әз Наурыз!» деп айтайық.

 

 

1 бала:  

Жыл басы – Наурыз мереке,

Ақ нұрға әлем боянды.

Наурыз тойы береке

Тіршілік жаңа оянды!                                      Ақбота

2 бала:  Наурыз – это праздник веселья

               Наурыз – это праздник Весны.              Әлижан

               Наурыз – это праздник цветения

               Наурыз – это праздник любви.

3 бала: Наурызды  халқымыз                                Балғын 

              Жыл басы деп санайды

              Көнермей  салтымыз

              Көп  елге  тарайды.

4  бала:  Праздник радостно встречаем

Мы в республике родной.

Весь народ мы  поздравляем

С  Наурызом  и весной.                                             Нұрхан

5 бала:

Жылдың басы Наурыз,

Жердің басы Наурыз.                                             Мансұр

Мерекеге арналсын

Бүгінгі жыр- әніміз.

Жүргізуші: Аналарымызды өтіп кеткен мерекесімен құттықтаймыз. «Жақсы көрем» әнін тарту етеміз.

Барлығы бірге:

Аналарды сүйеміз,

Сөзін ойға түйеміз.

Аналарды ардақтап,

Әдеппен бас иеміз.

Ән: «Жақсы көрем»

 

 

Жүргізуші: Балалар, сендерге Көктем жұмбақ дайындап келіпті. Жұмбақты мұқият тыңдайық:

Тырс-тырс тамады, сайға қарай ағады. / жаңбыр/

Жаңбыр жауып басылды,

Аспан шайдай ашылды.

Қызыл, сары, жасылды,

Көкте бір зат асылды.                  / кемпірқосақ/

Таңмен көзін ашады,

Әлемге нұрын шашады?     /күн/

Қар су еріп, сай-салаға толады,

Жер көгеріп, бүршік атып,

Жайлау малға толады.

Бұл қай кезде болады? /көктем/

Жүргізуші:

Мерекеде сызылтып ән салады,

Ән айтып би де билеп жан салады.

Бұл ұлы мерекеде ән салғанда,

Бүкіл ел шапалақтап қарсы алады.

Барлығы ду қол шапалақтайды. Осы кезде музыка ойнайды.
Қыс келеді.
Қыс: Қаттырақ,қатырақ! Маған қаттырақ қол шапалақтаңдар! Мені қарсы алыңдар.
Жүргізуші: Қыс? Біз бәріміз Наурызды тосып отырмыз!
Қыс: Наурызды тосып отырсыңдар ма? Ха-ха-ха! Олай болмайды!
Жүргізуші: Құрметті Қыс мырза!
Барлығымыз шана, шаңғы, және конькиімізді  шығарып  жақсы әндерімізді айтып құрметтеп, қуанып қарсы алғанбыз.Енді сенің қайтатын уақытың жетті.
Қыс: Сендер маған кет деп тұрсыңдар ма? Ондайды күтпеңдер! Қарды жапалақтатып, боранды соқтырып жер бетін аппақ етіп жауып тастаймын! Көктемді тосып отырсыңдар ма? Ақымақтар! Мен сендермен әрқашан бірге боламын!
Әдемі әуен естіледі. «Қазақ вальсі»
Қыс: Қандай жағымсыз әуен! Бұндай әуенді тыңдай алмаймын! Қәне, тезірек өшіріңдер! (құлағын жабады)
Залға Көктем келіп кіреді.
Қыс: Сен кімсің?
Наурыз: Мен-Наурыз.
Қыс: Сен мұнда неге келдің?
Наурыз: Мен қарды ертуге, жерді жылытуға, жерді гүлдерімен безендірілген мерекелік көйлек кигізуге келдім.
Қыс: Ал, Көктем айта қойшы сені осында кім күтіп отыр?
Наурыз: Адамдар! Мен адамдарға жылулық, қайырымдылық, ертеңгі күнге деген үміт сыйлағым келеді.

Қыс:  ( залда арлы берлі жүреді) Қандай ыстық, ауа жетпей барады! Жаман ән!
Қыс қашып кетеді.
Жүргізуші: Сау бол, Қыс! Келесі кездескенше! Ал Наурыз сенің кезегің келді!

Балаларымыз көңілді,

Шақырамыз ортаға.

Тойымызға сән беріп,

Би билейік тамаша.

Би: «Қызғалдақ»

1 бала:Көктем келді, балақай,                    Ханболат

Жасарды жер, алақай.

Наурыз тойын тойлайық,

Әсем әнге салайық.

2 бала:Наурыз тойы — тамаша,             Бекнұр

Наурыз тойы — жаңаша.

Табиғат та тамаша,

Тамылжып тұр жараса.

3 бала:

Наурыз келді - жыл келді          Нұрболат

Тірілтуге гүлдерді.

Сәнденеді аналар

Сәбилермен бірге енді.

4бала:

Наурыз тойым, Наурыз тойым.              Аруна

Құтты болсың халайық!

Қане, достар, қане, достар,

Шырқап әнге салайық.

5 бала:

Қыс өтіп, қар кетіп,

Шырайлы жаз жетіп,

Шаруаның кенелген

Мейрамы ежелден -

Құтты болсын, Наурыз!                               Айғаным

Жүргізуші: Балалар мен сендерге қызықты ойындар дайындадым.
Ойын «
Тақия тастамақ»

 

Логикалық әзіл сұрақтар.

Әлемде  ең үлкен алма қайда  өседі?   (Алма ағашында)

Бірінші төрт аяқты одан кейін екі аяқты содан үш аяқты? (Адам)

Лимонның жартысы неге ұқсайды?

Төрт қызметші, бір патша?

Теңізде қандай тас болмайды?

Жел соққанда тау ық бола ма?

Бұл санда қанша әріп болса сонша сан бар. Ол қай сан?

Жүргізуші:

 1 бала:Наурыз келдi елiме,    Айзере

Наурыз келдi жерiме.

Байлық, бақыт тiлеймiн,

Бүкiл қазақ елiне.

3 бала:Наурыз тойы — салтанат,          Айнұрай

Наурыз тойы — мархабат.

Әр жүректен ән тарап,

Шаттанады шартарап.

4 бала:Наурызбен құттықтап, Ернұр

Алыс жақын қауышты.

Көктемдегі жарқын сәт,

Көңілдерге ауысты.

5бала:

Наурыз тойы - елдің тойы,        Ерқанат

Көктем тойы - төлдің тойы.

Ән айтатын күні бойы

Жақсы көрем Наурыз тойын!

Ән: «Тұлпарым»

Ойын «Көтермек»

Жүргізуші : Наурыз - бұл  ежелгі  дәстүр  бойынша  Жаңа жылдың  басталуы  ғана емес, бұл сонымен  бірге  таңғажайып  көктем  мерекесі, табиғаттың  қайта  түлеп,  қайта  жаңғыруы.

Осы бір табиғат ана көгілдір көктемнің  жып-жылы шапағатымен  жайнап  тұрған  сәтте  сіз де зор қуаныштарға бөленгейсіз!

Жаныңыз  күн  нұрындай  жарқырап,  ал көңіліңіз мейірімділік пен  махаббат  сезімдеріне  тола берсін!

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Шеф-повар

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 123 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 30.05.2017 583
    • DOCX 20.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Аязбаева Жаннета Толеухановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Аязбаева Жаннета Толеухановна
    Аязбаева Жаннета Толеухановна
    • На сайте: 7 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 16017
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация услуги по воспитанию детей в специальной (коррекционной) школе-интернате

Специалист в области воспитания

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 10 регионов
  • Этот курс уже прошли 64 человека

Курс повышения квалификации

Организация образовательного процесса ребенка дошкольного возраста с особыми образовательными потребностями

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 341 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы организации безопасной среды в дошкольном образовании

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 41 человек

Мини-курс

Судебные процессы и взыскание убытков: правовые аспекты и процедуры

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 14 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Профессиональное развитие бизнеса: стратегии и инструменты

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Успешая команда: опросы, сторис

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе