Инфоурок Начальные классы Научные работыНоучны проект по теме "Су-тіршілік көзі"

Ноучны проект по теме "Су-тіршілік көзі"

Скачать материал

СҚО Тимиярязев ауданы Белоградов орта мектебі

Ғылыми жоба тақырыбы «Су-тіршілік көзі»

Зерттеуші: 2 сынып оқушысы Тилеубек Айберген

Жоба жетекшісі: Омарова Г.Ж.

 

 

Кіріспе

Су жүргізер тіршіліктің тамырын,

Су жоқ болса тіршілік тамам бауырым.

Судың біздер біле тұра маңызын,

Көп болған соң ұмытамыз қадірін.

 

Ғылыми жобаның тақырыбы: «Су – тіршілік көзі»

    

Тақырыптың өзектілігі:
        Адамдар бізді қоршаған  табиғатты керегінше пайдаланады, бірақ оны қорғауы төмен деңгейде. Сондықтан да өлі табиғаттың бірі, тіршілік көзі болып табылатын судың маңыздылығын, оны үнемдеп, қорғау керектігін, сусыз  тіршілік жоқ екенін зерттеп түсіндіру.

       Ғылыми жобаның басты мақсаты – судың адам өмірі үшін маңыздылығы мен қажеттілігі, пайдасы туралы түсінік бере отырып, суды үнемдеуге, қорғауға үйрету. Сусыз тіршілік жоқ екенін ұғымын дәлелдеу.
Мақсатқа жету жолында төмендегі міндеттерді шешуді алға қойдық:
-  су туралы ғылыми және әдеби материалдар жинақтап оқып білу, іздену.

- Судың жер бетіндегі тіршілік атаулыға маңызды, қажетті екендігін дәлелдеу
-  судың да сұрауы бар дегендей с
уды ұқыптап және оны тиімді пайдалану туралы түсінік беру.

       Ғылыми жобаның нысаны ретінде оқулықтар, газет-журналдар, түрлі әдебиеттер, фотолар, энциклопедия, интернет желісі пайдаланылды.
Тақырыптың теориялық және практикалық маңызы:
Жобадағы мәліметтерді , дүниетану, жаратылыстану, биология сабақтарында  сыныптан тыс жұмыстарда тақырыпқа сәйкес пайдалануға болады.
Жобаның құрылымы:
Ғылыми жоба кіріспеден, негізгі үш тараудан және қорытындыдан тұрады Соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.

 

Негізгі бөлім

      1.Су –ғажайып зат. Себебі судың үш күйі бар: су -сұйық, мұз -  қатты және бу - газ тәріздес.   Су – 0 градуста қатып , 100 градуста қайнайды.    Жер бетіндегі ең көп тараған зат – су. Глобусқа немесе жартышарлар картасына қарайықшы онда жершарының төрттен үш бөлігі көгілдір түске боялған. Ол – су: мұхиттар, теңіздер, өзендер көлдер. Судың біразы жер астына шоғырланған. Мұның бәрі – сұйық күйіндегі су.Мұздықтар мен айсбергтер де қатып қалған су болып табылады.Су атмосферада да аз емес, онда ол бұлт, тұман,бу және жаңбыр мен қар түрінде болады. Сондай-ақ, , бұршақ, шық, қырау, қылау, тұман және тағы басқалары да судың туыстары болып табылады.

         Суға сипаттама берсек: Судың дәмі, исі, түсі жоқ мөлдір сұйық зат. Су – адамның зейінін ашады. Ол көлемін сақтайды, пішінін сақтамайды. Химиялық формуласы Н2О. Жиырма екінші наурыз – су қорларын сақтау күні болып белгіленген.

     Табиғатта су қызған кезде көлемін ұлғайтады.Егер де ыдысқа  суды толтырып құйып, оны қыздырсақ, судың сыртына төгілгенін көреміз. Су суынған кезде сығылып, көлемі азаяды. Бірақ судың келесі ерекшелігі су суынғаннан кейін қататын болса, қайтадан көлемінұлғайтады. Міне сол үшін де іші суға толы, ауызы жабылған  шыны ыдыстарқатты аязда өз-өзінен сынып, құбырлар жарылып жатады.

      Судың келесі ерекшелігі бір күйден екінші күйге ауысқанда салмағының азайып көбейюі. Мұздың салмағы судан жеңіл болғандықтан мұз судың бетінде қалқып  жүреді. Су сұйық күйінде қалаған жағына аға алады, қалаған формасына ене алады. Яғни қандай ыдысқа құйсақ сондай формаға ене алады.

Судың тағы бір кереметтігі ол жер бетінде үнемі тынымсыз айналыста жүретіндігі.

    Су – бұл шексіз теңіздер мен мұхиттар, ағысты өзендер және мөлдір көлдер. Дегенмен су тек қана көре алатын, ыстық күндері сүңгіп кететін су айдындарында ғана болмайды. Судың көлемді бөлігі адам көзінен тыс жер астында жасырынған, бұндай су айдындары жер асты сулары деп аталады.

«Сулы жер – нулы жер» деп ата-бабамыз айтқандай, су бар жерде тіршілік бар.

   

2.      Судың маңызы.   Судың адам өмірінегі маңыздылығына  баға жетпейді. Сусыз тамақ піспейді, сусыз тазалықта болмайды. Су жолымен адам қатынайды , қайық , кеме жүзеді, жүк тасиды, ағаш ағызады. Судың күшімен су электр станцияларын  іске қосып, электр қуатын да алады. Су арқылы үйді жылытады. Бірде бір өндіріс орны сусыз жұмыс істей алмайды.

Сусыз тіршілік жоқ, ол бүкіл тірі жан иесінің бойында бар. Ағзалардың 50-90 пайызына дейін судан тұрады.70 кг адам денесінде 50 кг су бар. Адам су ішпей бір апта ғана шыдай алады. Су барлық өсімдіктер мен жануарлар ағзасының құрамына кіреді. Теңіз жәндігі медузаның бүкіл салмағының 99 проценті судан тұрады. Ал қарбыздың 98 проценті судан құралады екен.

Сусыз жан- жануарларда өмір сүре алмайды. Сусыз жер бетіне өсімдік өспейді жануарлар тіршілік ете алмайды. Өсімдік топырақтағы қоректік заттарды суда еріген ертінді күйінде ғана сіңіре алады. Табиғаттағы көптеген құбылыстар су арқылы болып жатады.

1 кг қартоп өсіруге 300 литр, 1кг бидай өсіруге 1200 литр су жұмсалады.  Екен. Ал қант қызылшасына, мақтаға, әсіресе күрішке, одан да көп су қажет.

Табиғаттағы ең күшті еріткіш –су. Еріткіш дегеніміз ол, кез-келген заттпен оңай араласып кететін затты айтамыз.Суда көптеген заттар белгілі бір мөлшерде ериді.Сусыз басқа тамақ өнімдерін дайындай алмаймызМысалға, шырынның жеміс-жидектердің, бау-бақша өнімдерінде.Өзімізге қажет деген суды сұйық күйінен басқа, кез- келген тамақ өнімдері арқылы да қабылдаймыз.

Яғни сусыз бірде-бір тірі организмдер өмір сүре алмайды.

 

3. Судың да сұрауы бар.

        Ата-әжелеріміз, ата-анамыздың үнемі айтып отыратын сөзін  еске түсірейікші-  «Судың да сұрауы бар».  Су – адам өміріне және өсімдіктерге өте қажет екенін жоғарыда айттық. Адамның тамағына және ішуіне тәулігіне 2 – 3 литр су керек. Адам тек тамақтанудың өзіне жылына 60 тонна су тұтынады.

        Адам суды өз қажетіне, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы үшін пайдаланады. Есептеулерге қарағанда қаланың бір адамы алуан түрлі қажеттігін өтеу үшін тәулігіне 700 литрге дейін таза суды пайдаланады. Пайдаланған су – шайынды суға айналады. Ол – ластанған су. 

       Суға құйылатын ластаушы заттар көп: өнеркәсіптің, шахтаның, кен орындарының, мұнай өнеркәсібінің, су, теміржол және автомобиль көліктерінің. Шайындылар арқылы суға тірі ағзалар қатты, сұйық, еріген газ күйіндегі қалдықтар барады. Олардан судағы майда ағзалар, жәндіктер, өсімдіктер, балықтар қырылады немесе ауру таратады. Шаруашылыққа орны толмас аса үлкен зиян келеді.

          Қазіргі уақытта Жер шарында жыл өткен сайын ауыз судың қадірі білініп, ауыз су тапшылығы артуда. . Жер бетінің үштен екісін су алып жатқанда «Бұл қалай ?» деген сұрақ туады. Себебебі жер бетіндегі сулардың барлығын ащы және тұщы су деп екіге бөлеміз. Жердегі әрбір 100 литр су қорының 98 литрі теңіз суының суы болса,  2 литрі ғана  адамдар тұтынатын тұщы судың үлесіне тиеді. Ол 2 литрге де түгелдей қол жете бермейді, көпшілігі суық аймақтар мен тау басындағы мұздықтар түрінде қатып жатады. Соңында адам 100 литр судың тек бір жарым стақанын ғана пайдалана алады.

          Сондай-ақ, адам табиғаттан суды таза күйінде алады да, ластанған күйінде қайтарады. Өзен көлдерге фабрикадан, зауыттардан және тұрғын үйжайлардан сарқынды сулар құйылады. Сондықтан көптеген өзендер мен көлдердің балығы және басқа жәндіктері қырылып қалады. Ондай су ішуге келмейді. Тіпті оған шомылудың өзі өмірге қауіп келтіреді. Міне сондықтан адамдар су қоймаларын таза сақталуын қадағалауы  керек.

        Алайда ішуге жарамды таза су Жер бетінде барған сайын азайып бара жатыр. Адамдар суды өнеркәсіп қажетіне көп пайдаланып, оны өндіріс қалдығымен ластауда. Инженерлер суды тазартудың алуан түрлі әдісін ойлап тапты.Елімізде ластанған сулар мен өнеркәсіп қалдықтарын өзен – көлдерге төгуге тиым салын
ған.

     Су қоры – халық байлығы, өкінішке орай жер бетіндегі тұщы судың қоры өте аз. Өзендер мен көлдегі тұщы сулардың қоры, гидросфера ресурсының бір пайызына да жетпейді екен. ҚР тұщы су қоры тапшы мемлекеттер қатарына жатады. Қазақстанда 1987 жылы халық шаруашылығына жұмаслған судың жалпы мөлшері 38 км кубке жетті.

       Су тамшылардан құралады.
Еліміздің кейбір елді мекендерінің  ауыз суы лас. Халықты қажетті мөлшерде, сапалы ауыз сумен тұрақты қамтамасыз ету мемлкет міндеті. Судың ластығын білетін жұртшылық алдын алу шараларын жасау керек. Себебі: тазартылмаған судан ішек, асқазан аурулары пайда болады.

     Су туралы мақал-мәтелдер:

Таулы жер бұлақсыз болмас,

Сулы жер құлақсыз болмас.

 

Су жүрген жер береке,

Ел жүрген жер мереке.

 

Сулы жер – нулы жер

 

Су патшасы – мұрап,

Түн патшасы – шырақ.

 

Су – ырыстың көзі,

Еңбек – кірістің көзі.

Судың да сұрауы бар

 

        Қорытынды

       Ал енді қорыта келгенде табиғат ана бізді аялап, қастерлеп, еш планетада жоқ суды бізге сыйлаған. Ата-бабамыздан қалған табиғи мұралардың ең бастысы су көзі болып табылатынын білген жөн. Су – бұл тіршілік көзі, тіршілік иелері үшін ауа қалай керек болса, су да сол сияқты үлкен маңызға ие. Жердің көп бөлігін су алып жатқандықтан жерді ғаламшардан қарағанда көк болып тұрады.Бұл жерде ғана тіршілік бар деген сөз.

       Егер де сен гүлге апталап су құймайтын болсаң, гүл солып

өліп қалады, егер де күн сайын бақылап су құятын болсаң, гүл құлпырып

өседі.Сол сияқты адам да су ішкен сайын өсіп жетіледі, дамып тіршілік етеді.

 

       Құрметті Қазақстандықтар суды аялап, оны қастерлеп күту керек екенін естен шығармаңыздар. Сусыз тіршілік көзінің жойылатыны айдан анық.

Ал қадірлі достарым,

Су – тіршілік көзі ғой.

Осы менің жоспарым,

Бар пейілмен зейін қой.

Суды қастерлеп,қорғап,  сақтап жүрейік.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

       Ұсыныс

       Біздің Белоградов ауылында халық өздері қазған құдық суын және арнайы су қоймасының суын пайдаланады. Айтайық дегеніміз судың сапасы төмен таза емес. Бұған дәлел су құйылған ыдыстар мен су қайнатылған әйнектердің түбінде қақтар қалады. Бұл дегеніңіз судың құрамында тұз мөлшерінің көп екендігін білдіреді. Мұндай сулар адам ағзасына зиянын тигізері сөзсіз. Ауылымыздағы тұрғындардың ..... пайызы бүйрек ауруымен ауыратындығы дәлелденіп отыр. Сондықтан да жоғарыдағы басшылыққа айтар тілегімізбен ұсынысымыз  ауылымыз таза ауыз суымен тезірек қамтылса екен.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1.     Асқарова Ұ.Б. «Экология және қоршаған ортаны қорғау»-  2005 жыл.

2.     К.Аймағамбетова «Дүниетану» оқулық – 2013жыл

3.     К.Жүнісқызы «Дүниетану» оқулық – 2011 жыл

4.      Ол кім? Бұл не?  Қазақ совет энциклопедиясының Бас редакциясы 1987 ж. ,  3 – том

5.     Қазақ совет энциклопедиясы.     Алматы 1973ж.

6.           Баешов Ә.Б. “Экология және таза су проблемалары” 2003 ж.

7.            Шілдебаев Ж. “Қызықты экология”.

8.          Бушман Л.Н. “Шөлімізді қандыра аламыз ба?” 2002 ж.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ноучны проект по теме "Су-тіршілік көзі""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 6 месяцев

Ректор

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 711 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.05.2016 1625
    • DOCX 29.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Далелхан Мейрамбек Далелхан. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Далелхан Мейрамбек Далелхан
    Далелхан Мейрамбек Далелхан
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 19355
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Математика: теория и методика преподавания в сфере начального общего образования

Учитель математики в начальной школе

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 127 человек из 43 регионов
  • Этот курс уже прошли 180 человек

Курс повышения квалификации

Инклюзивное и интегративное образование детей с ОВЗ в условиях введения и реализации ФГОС НОО ОВЗ

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 303 человека из 61 региона
  • Этот курс уже прошли 1 201 человек

Курс повышения квалификации

Стратегия формирования навыков смыслового чтения у младших школьников в условиях реализации ФГОС НОО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 140 человек из 40 регионов
  • Этот курс уже прошли 829 человек

Мини-курс

Подготовка менеджеров по продажам: аспекты телефонных переговоров

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологическое благополучие и успех в учебе: методы помощи детям на разных этапах развития

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 208 человек из 54 регионов
  • Этот курс уже прошли 131 человек

Мини-курс

Дизайн интерьера: от спектра услуг до эффективного управления временем

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе