Инфоурок Всеобщая история Другие методич. материалыОбразование и развитие Казахского ханства в XV - XVII веках

Образование и развитие Казахского ханства в XV - XVII веках

Скачать материал

 

Сабақ тақырыбы:   Қазақ хандығы құрылуының алғышарттары (XV – XVІІ  ғ.ғ)

 

Мақсаты: 

Білімділігі:  

           Қазақ хандығының құрылу тарихымен таныстыру, қазақ жеріндегі тұңғыш              дербес мемлекеттің мемлекеттік құрылымын анықтау

Дамытушылығы:

                     Білім алушыларды терең ойлап саралауға, жекелей және топта жұмыс                        жасауға дағдыландыру, шығармашылық қабілеттерін шыңдау Тәрбиелігі:  

           Қазақ мемлекетінің құрылуына негіз болған қоғам қайраткерлерінің еңбегін              дәріптеуге баулу, құрмет сезімін қалыптастыру. Адамгершілікке, ізгілікке,              отансүйгіштікке тәрбиелеу,

 

Сабақ типі:  Жаңа білімді меңгеру

 

Сабақ түрі:  Аралас сабақ

 

Оқыту әдісі: Түсіндіру,сұрақ – жауап, СТО, талдау,сараптау

 

Көрнекіліктер: Оқулық,анықтамалық,сызба,карта, «Қазақ хандығының 550 жылдығына»

                            арналған тарихи әдебиеттерден кітап кӛрмесі

 

Пәнаралық байланыс: Дүниежүзі тарихы,География,Қазақ әдебиеті,Мәдениеттану

 

Сабақ барысы мен мазмұны

 

І. Ұйымдастыру

 /Амандасу, аудиторияның сабаққа дайындығын қадағалау, білім алушылардың сабаққа қатысымын тексеру, назарларын сабаққа аудару/

 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру 

Кӛшпелілердің рухани мәдениеті 

 

І.«Блиц сұрау» әдісі арқылы сұрақтар қойылады

1.      Белгілі бір кезеңде ӛмір сүрген халықтың жан – дүниесінің кӛрінісі ?

2.      Рухани мәдениетке не жатады ?

3.      Фольклор дегеніміз не ?

4.      Ауыз әдебиетінде кең тараған ертегілерді атаңыз ?

5.      Ауыз әдебиетінің ертеден ел аузында айтылып келе жатқан ірі саласының бірі ?

6.      Қыпшақтар мен қияттардың қызылбастар мен қалмақтарға қарсы соғысын суреттейтін       эпостық жыр ?

7.      Алтын Орда ыдыраған кезде дүниеге келген тарихи батырлық жырларды атаңыз ?

8.      XIV – XV ғасырлар аралығында дамыған жазба әдебиеті қай тілде жазылды ?

9.      Халықаралық қарым – қатынастарда сӛздік ретінде пайдаланылған еңбек ?

10.  Алтын Орда дәуірінен бізге жеткен күй аңыздарды атаңыз ?

11.  XIV ғасырда Ӛзбек ханның тұсында кең таралған дін ?

12.  Ислам дінінің Қазақстанда орнап бітпегені туралы жазған тұңғыш ғалым ? 

12.  Шамандық наным – сенімнің сақталып келе жатқан түрі ?

13.  Тасаттық дегеніміз не ?

14.  Кӛз тиюге жасалып, жас балалардың мойнына тағатын бұйым ?

 

ІІ.Шығармашылық тапсырманы талдау

 

 «Ұрпақтар арасындағы мәдени сабақтастық» атты кесте бойынша жазғандарын талдау

 

Ұрпақтар арасындағы мәдени сабақтастық

КЕШЕ

БҮГІН

Қоғам ӛмірінде ер адамның үстемдігі жоғары болды;

Әдет – ғұрып жазалары, салт –дәстүрлердің сантүрлілігі: тас боран,  ӛлім жазасы, әмеңгерлік  т.б;

 

Гендерлік саясат;

 

Конституцияға сәйкес, адам құқығы қорғалады, гуманизмге жол берілген. 

 

 

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Қазақ хандығы құрылуының алғышарттары (XV – XVІІ  ғ.ғ)

 

Дәріс сұрақтары:

1.  Қазақ хандығының құрылуының тарихи алғышарттары мен заңдылықтары

2.  Қазақ хандығының құрылуы.Керей мен Жәнібек 

 

- Дәріс сұрақтарына кіріспес бұрын тақырыптық глосарийлар жазылады.

 

Тақырыптық глоссарий (Дәптермен жұмыс)

 

1.                  Хан –қоғамдағы тұрақтылықты, тәртіпті қамтамасыз ететін мемлекеттегі ең жоғарғы       лауазымдық билік иесі;

2.                  Би – ел арасындағы дау – дамайлар мен жанжалдарды әділ шешетін тӛреші; 3. Ықта – хандардың туысқандары мен жақындарына тарту етілетін жерлерден ӛз      пайдасына салық жинау құқығының берілуі;

4.  Сойырғал – хандардың туыстарына немесе шонжарларға сыйға берілетін жерлер;

5.  Айып – дәстүрлі заң жүйесі бойынша адам ӛлтірген жағдайда тӛленетін айыппұл. 

 

Дәрістің қысқаша мазмұны:

   XV ғасырда қалыптасқан саяси – тарихи жағдайлар қазақ халқының ұлттық мемлекет болып құрылуына елеулі ықпал етті. Әбілқайырға қарсы шыққан қалың қазақ тайпаларын бастап, Жетісуға, Моғолстанға қоныс аударды. Керей мен Жәнібек сұлтандар қазақтардың саяси тұрғыда бірігуіне, Қазақ хандығының құрылуына негіз қалады. Моғолстан ханы Есенбұға Керей, Жәнібек сұлтандарды Әбілхайыр ханға қарсы пайдалану үшін құшақ жая қарсы алды. Сұлтандарға Моғолстанның батыс аймағы Шу бойынан қоныс бӛліп берді. 1465 – 1466 жылдары Керей мен Жәнібек сұлтандар Есенбұға берген Батыс Жетісуды құтты мекен ете отырып, Шудағы Қозыбасына қазақ хандығының ұлттық туын тігіп, Қазақ хандығын құрады. Хан тағына Керей отырып, билік тізгінін қолға алды. Ақылдасар тірегі Жәнібек болды. Ақ Орданың соңғы ханы Барақ ханның ұрпақтарынан тараған Жәнібек хан – Барақ ханның бел баласы болса, Керей хан – Барақ ханның ағасы Болат сұлтанның баласы болды.   

XV ғасырдың 50 – 70 жылдарында Әбілқайыр ханның қол астынан 200 мыңдай адамның үдере кӛшіп, Керей мен Жәнібек хандардың қол астына келуі, сӛйтіп, Қазақ хандығы халқының санын, күш – қуатын еселеп арттырып, мәртебе – мерейін кӛтеру айқын дәлел болды. XV ғасырдың аяғында Қазақ хандығы экономикалық жағынан біршама нығайып, шаруашылығы дамып, бытырап жүрген қазақ тайпаларын ӛзіне қаратып алды.  

 

 

 

            Керей мен Жәнібек             сұлтандардың          Қазақ хандығын

             құруға ұмтылуы

 

 

 

                  Халықтың

            Әбілхайыр ханға     наразылығының

                     күшеюі

 

 

                  Әбілхайыр

            хандығындағы         ру – тайпалардың

              саяси жағдайы

 

 

 

   XIV-XVғ.ғ. орын алған шаруашылық үлгісінің ортақтығы, материалдық және рухани мәдениеттің жақындығы, тіл бірлігі Ақ Орда тұсында-ақ қалыптасып болған. Олай болса, Қазақстан аумағында біртұтас мемлекеттік Алтын Ордаға формальды түрде бағынып дербес мемлекет ретінде ӛмір сүрген Ақ Ордадан бастау алып, Қазақ хандығы құрылып, нығайғанға дейін жергілікті этникалық негізде қалыптасқан деуге толық негіз бар. Мұндай пікірді тарихшылар ӛткен ғасырдың 70-жылдарынан бері ұсынып келеді.Шығыс Дешті Қыпшақ жеріндегі кӛшпелі халық бұқарасы феодалдық қанаудың күшеюіне, соғыстар мен тартыстардың ӛршуіне, хандар мен феодалдардың қол астынан кӛшіп кетіп, қоныс аударумен жауап берді. Бұл оқиға «Тарих-и Рашидиде» былайша суреттеледі: «... Сол заманда Әбілқайыр ханның Дешті Қыпшақ даласына түгелдей билік жүргізіп отырған кезі еді. Жошы ұрпағының сұлтандары жорық жасап, Жәнібек хан мен Керей хан одан қашып, Моғолстанға кетіп қалған еді...».  Ол кезде Жетісуды билеген Моғолстан ханы Есенбұға (1433-1462-ж.ж.) бұлардың мұнда қоныс аударуына қарсы болмады. Ӛйткені оның да ӛз есебі бар еді. Есенбұға қазақ ру-тайпаларын ӛзінің ішкі және сыртқы саясатында, атап айтқанда, солтүстіктегі кӛршісі Әбілқайыр хандығына және шығыстан күшейіп келе жатқан ойраттар шапқыншылығына қарсы күресте, сондай-ақ хандықтың ӛз ішіндегі феодалдық алауыздық пен талас-тартысты тоқтату үшін пайдалануды кӛздеді. Керей мен Жәнібектің Жетісуға қоныс аударуы туралы М. Х. Дулати былай деп жазды: «...Есенбұға хан оларды құрметтеп қарсы алып, қоныстануға Моғолстанның батыс жағындағы Шу ӛзені алабындағы Қозыбасыны берді. Жұрттың кӛпшілігі Керей хан мен Жәнібек ханның жанына кетіп қалды. Олардың саны екі жүз мың адамға жетті, оларды ӛзбек казақ деп атай бастады.Жәнібек Барақ ханның ұлы, ал Керей- оның ағасы, Болат ханның баласы еді. Барақтан (Ақ Орда ханы) басталатын қазақтың дербес мемлекеттігі жолындағы күресті оның туған ұлы мен немересінің жалғастыруы табиғи құбылыс еді. Деректер мағлұматтары, фактілер мен пікірлерді салыстыру және талдау Қазақ хандығының XY ғасырдың 60-жылдарының ортасында Батыс Жетісуда құрылғандығын дәлелдейді, яғни бүгінгі Қазақстан тарих ғылымы осы мәселеде Мұхаммед Хайдар Дулати пікірін ұстанады.Соған қарамастан Қазақ хандығының құрылу мерзімі туралы пікірлер сан- алуан. Солардың кейбіріне тоқтала кетейік:қазақстандық тарихшылардың бірі

 

 

 К.Ақышев 1428 -жылы Әбілқайыр хандығының құрылуы ӛзбек және қазақ мемлекеттігінің қалыптасуының бастамасы болды десе,М. Тынышбаев, М. Мағауин, Қ. Салғарин, т.б. Керей мен Жәнібектің 1456- жылы кӛшуі, қазақ хандығының құрылған жылы деп есептейді. Келесі бір пікірдің авторы тарихшы Б.Кәрібаев, ол Қазақ хандығының құрылған жылы ретінде 1458 - жылды ұстанады. Тарихшы К. А. Пищулина «Қазақ хандығының құрылу мерзімі шамамен XΥғ. 60-жылдарының ортасы» деп Мұхаммед Хайдар Дулатимен келіседі. Тарихшы Т. И. Сұлтанов Қазақ хандығының құрылуын 1468- жылы Әбілқайырдың қайтыс болуымен, Керей мен Жәнібектің Жетісудан Дешті Қыпшаққа қайтуымен байланыстырады, яғни XΥ ғ. 70-жылдарынан ерте емес т.б.

Осылайша, Жетісуға қоныс аударған Керей мен Жәнібек сұлтандардың дербес мемлекет - Қазақ хандығының негізін қалаған мерзімін, К. А. Пищулина ӛзінің 1977 жылы жарық кӛрген «Юго-Восточный Казахстан в середине XІΥ-начале XΥІ в.в...» еңбегінде «Әбілқайыр хандығы құлағанға дейін-ақ қазақ сұлтандары ӛз замандастарына дербес хандықтың билеушілері ретінде танылды»,- деп кӛрсетуі бүгін де мәнін жойған жоқ. Егер жоғарыда кӛрсеткеніміздей М. Х. Дулати «Қазақ сұлтандарының алғаш билік жүргізуінің басы хижраның 870 (1465-1466жж.) жылынан басталады» десе, И.Орбелидің синхронды кестесі бойынша да хижраның 870 жылы 1465 жылдың 24 тамызында басталып ,1466- жылдың 11- тамызында аяқталады екен.

   Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан жерінен бірқатар рулардың ауа кӛшіп, Жәнібек пен Керейдің қол астына келуі Қазақ хандығын бұрынғыдан да күшейтті. Бұлар жаңадан құрылған Қазақ хандығының үкімет билігін нығайтып, оның беделі мен әскери-саяси күшқуатын арттыра түсті. Едәуір әскери күш жинаған және Жетісуда берік қорғанысы бар Жәнібек пен Керей Жошы әулетінен шыққан сұлтандардың Шығыс Дешті Қыпшақты билеу жолындағы күресіне қосылды. Бұл күрес 1468- жылы Әбілқайыр ӛлгеннен кейін қайтадан ӛршіді. Мұны қазақ хандары Керей мен Жәнібек тиімді пайдаланды. Олар бұрын ӛздері кӛшіп кеткен ата қонысы Дешті Қыпшаққа қайта оралып, билік үшін күреске араласты. Бұл күрестің барысында Әбілқайыр ханның орнына отырған мұрагер баласы Шайх Хайдар ӛлтірілді. Әбілқайыр ханның немерелері Мұхаммед Шайбани мен Махмұд сұлтан Астраханға барып паналады. Күресте жеңіске жеткен қазақ хандары 40 жыл Әбілқайыр билеген Шығыс Дешті Қыпшақ даласын және ондағы кӛшпелі тайпаларды ӛзіне қосып алды. Соның нәтижесінде XV ғ. 70 -жылдары Қазақ хандығының жері едәуір кеңейді. Қазақ хандығының құрылуы қазақ халқының тарихындағы аса маңызды оқиға болды. Ол ұлан-байтақ ӛңірді мекендеген қазақ ру-тайпаларының басын қосуда, қазақтың этникалық территориясын біріктіруде маңызды роль атқарды. Қазақтардың біртұтас мемлекеттігінің пайда болуы қазақ халқы қалыптасуының аяқталуының шешуші факторларының бірі болды.

 

ІV. Жаңа сабақ бойынша жұмыс түрлері 

 

Білім алушылармен топтық жұмыс түрлері жүргізіледі.

 

І тапсырма: «Фишбон» әдісі арқылы топтық жұмыстар жүргізу

 

«Қазақ хандығының» құрылу барысының себептерін дәлелдемелермен жазып, Қазақ хандығын құрудағы қиындықтар мен кедергілерді және оның нәтижесін анықтап, тұжырымдайды.Әр топ өз жұмысын аудиторияда презентациялайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мәселелі сұрақтар: 

 

1.      Неге Әбілқайыр ханның қол астындағы қазақ рулары Керей мен Жәнібек сұлтандарды жақтады ?

2.      Неге Керей мен Жәнібек сұлтандардың келуіне Моғолстан ханы Есенбұға қарсы болмады ?  

 

ІІ тапсырма: Картамен жұмыс

 

Картадан «Қазақ хандығының» қай жерде және қашан құрылғанын көрсету сауаттылығы бағаланады. 

 

І топ  - ХІV – ХV ғ.ғ қазақ тайпалары қай аймақтарды қоныстанды ?

/ Ертістен Жайыққа, Алтайдан Каспий мен Аралға, Сырдария, Тянь-Шаньннан Қаратауға дейін/ .

ІІ топ – Алғашқы Қазақ хандығының алып жатқан аумағын картадан кӛрсетіңіз. 

/ Қазақстанның батыс Жетісу жеріндегі Моғолстан хандығының жері Шу ӛзені бойындағы Қозыбасы/

 

 

ІV тапсырма: «Деректеме»

 

Деректемеден үзінді беріледі, ол қай дерек және оның авторы кім екенін анықтаған топ жеңіске жетеді. 

 

«...Есенбұға хан оларды құрметтеп қарсы алып, қоныстануға Моғолстанның батыс жағындағы Шу ӛзені алабындағы Қозыбасыны берді. Жұрттың кӛпшілігі Керей хан мен Жәнібек ханның жанынан кетіп қалды. Олардың саны екі жүз мың адамға жетті, оларды

«ӛзбек-казак» деп атай бастады. Қазақ сұлтандарының алғаш билік жүргізуінің басы 870 (1465 – 1466) жылдан басталады. Бәрін де бір Алла біледі»

 

(Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарихи Рашиди») 

 

 

 

 

 

V.  Жаңа тақырыпты бекіту 

 

«Ақпараттық журнал» жүргізіледі және талданады.

 

Болжам

Жаңа ақпарат

 

Тақырып бойынша бұрыннан не білемін?

Бұл туралы не білуім керек?

 

Бұл туралы не білдім? Қандай маңызды нәрселерді мен енді анықтадым?

 

 

 

VІ. Үйге  тапсырма

 

«Еркін жазу» әдісі немесе эссе жазу (білім алушылардың таңдау еркіне байланысты)

 

1.      «Қазақ хандығы және Тәуелсіз Қазақстан»;

2.      «Тәуелсіз елдің ұланымын!» ;

3.      «Тарих тағылымындағы тұғырлы тұлғалар» (Керей мен Жәнібек хан)

 

VІІ.Бағалау

 

/Білім алушыларды сабаққа қатысым деңгейіне қарай саралап бағалау, мадақтау/

 

VІІІ.Қорытындылау

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Образование и развитие Казахского ханства в XV - XVII веках"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Мастер зеленого хозяйства

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Сабақ тақырыбы: Қазақ хандығы құрылуының алғышарттары (XV – XVІІ ғ.ғ)

Мақсаты:

Білімділігі:

Қазақ хандығының құрылу тарихымен таныстыру, қазақ жеріндегі тұңғыш

дербес мемлекеттің мемлекеттік құрылымын анықтау

Дамытушылығы:

Білім алушыларды терең ойлап саралауға, жекелей және топта жұмыс

жасауға дағдыландыру, шығармашылық қабілеттерін шыңдау

Тәрбиелігі:

Қазақ мемлекетінің құрылуына негіз болған қоғам қайраткерлерінің еңбегін

дәріптеуге баулу, құрмет сезімін қалыптастыру. Адамгершілікке, ізгілікке,

отансүйгіштікке тәрбиелеу,

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 849 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.05.2015 642
    • PDF 307.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Rfy HHFf6 NNn,m. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Rfy HHFf6 NNn,m
    Rfy HHFf6 NNn,m
    • На сайте: 8 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 752
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 17 регионов

Курс повышения квалификации

Достижение эффективности в преподавании истории на основе осуществления положений историко-культурного стандарта

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 639 человек

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "История")

Учитель истории

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "История и обществознание")

Учитель истории и обществознания

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 53 человека

Мини-курс

Разнообразные методы и формы обучения в высшем образовании

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы налогообложения и формирования налогооблагаемых показателей

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Теория вероятности и комбинаторика в современной математике

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе