Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Другие методич. материалы / Word қазақ тілінде "Елбасы"

Word қазақ тілінде "Елбасы"



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • История

Поделитесь материалом с коллегами:

Сыныбы: 10 « В»

Пәні: Қазақстан тарихы



Сабақтың тақырыбы : Елбасының қоғамға және мемлекетке сіңірген еңбегін
танытуда оқушылардың құзіреттілігін арттыру.

Сабақ мақсаты:

Білімділік: оқушыларға қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев туралы жан- жақты түсінік қалыптастыру, Елбасының қоғамға және мемлекетке сіңірген еңбегі, экономика мен саясаттағы реформаларына талдау жасау арқылы білімдерін толықтыру;

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін үнемі жетілдіру мақсатында сабақ мазмұнын дамыта отырып, тарихи оқиғаларды, фактілерді салыстырып, талдауға үйрету, білім алуға құштарлығын арттыру. Оқушылардың зерттеушілік және шығармашылық қабілетін дамыту:

Тәрбиелік: Елбасының халқына сіңірген еңбегін, ерлігін, жүргізген саясатын үлгі ету, оқушылар бойына демократиялық құндылықтарды сіңіріп толеранттылыққа бейімдеу. Туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.

а) . Ұлттық тәрбие беру;

ә) . саяси тәрбие беру;

б). Патриотизмге тәрбиелеу.



Сабақ түрі: Конференция сабақ.

Сабақ әдісі: Дөңгелек үстел түрінде. Ауызша баяндау, сұрақ- жауап әдісі, топпен жұмыс, диаграммалармен , кестелермен, тірек-сызбалармен жұмыс, топтастыру стратегиясы.

Сабақ көрнекілігі: Елбасының суреті, карта, кесте.

Пәнаралық байланыс: Жалпы тарих, қазақ әдебиеті, география, адам және қоғам.

Сабақ барысы: І Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сіәлемдесу, түгендеу, конферцияға дайындығын тексеру. Оқушыларды дөңгелек үстелге төрт топқа бөліп отырғызу.

  1. Тарихшылар тобы;

  2. Экономистер тобы;

  3. Саясаттанушылар тобы;

  4. Мәдениеттанушылар тобы;





ІІ . Сабаққа қызығушылығын ояту.

( Тақтадан Елбасы туралы бейне клип көрсетіледі)

Содан кейін сабаққа назарын аудару мақсатында сұрақтар беру.

  1. Қазақстан қай құрлықта орналасқан?

  2. Қазақстан жер көлемі жөнінен нешінші орында?

  3. Орта ғасырларда Қазақ хандығының астанасы қай қала болды?

  4. Қазақтар қай тілдес халық?

  5. Қазақстанда неше обылыс бар?

  6. Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев қай жерде туылған?

  7. Ұлттық валюта қай жылы енгізілді?

  8. Астана қаласы қай жылы Қазақстанның астанасы болды?

  9. Қазақ елімен көршілес елдерді ата?

  10. Қазақстан қай жылы БҰҰ – ның мүшесі болды?

  11. Конституциямыз қай жылы, қай айда қабылданды?

  12. Қазақстандағы саны жағынан ең үлкен партия

  13. Мәдени мұра қай жылы қабылдандыЭ

  14. 2030 стратегиялық бағдарламасы қай жылы қабылданды?

  15. Кезектен тыс Президенттік сайлау қай жылы, қай күні өткізіледі?

ІІІ. Конференция сабақты өткізу.

  1. Ой шақыру стратегиясы.

Мұғалім: Қазақстан республикасының алғашқы және қазіргі Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы назарбаев- тек қана біздің ел ғана емес, әлем таныған саяси тұлға. Елбасының көреген саясаты арқасында қазіргі кезде елімізде тыныштық пен татулық орнап отыр. Бүгінгі конференциямызда Елбасы туралы жан- жақты танысатын боламыз.

  1. Ой қозғау стратегиясы.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірі мен қызметі, саясаттағы, экономикадағы, мәдениеттегі атқарған істерін талдау үшін конференцияға қатысушыларға сөз кезегін береміз.

А)Тарихшылар: Н. Ә. Назарбаевтың өмір жолына тоқталып кетеді.

1940жылы

ҚРПрезиденті Н.Ә.Назарбаев дүниге келді

1958жылы .

Назарбаев орта мектепті бітіріп, Теміртау қаласына Қарағанды металлургия комбинатында жұмысқа тұрды.

1958жылы

Украйнаның Днепродзержинск қаласына техникалық училищеге оқуға түсті

1962-1965 жылы

Қарағанды политехникалық инситутында оқыды

1971-1984жылы

Қарағанды обылысында партия және комсомол ұйымдарының хатшысы болып жұмыс істеді

1984-1989 жылы

Назарбаев Қазақ КСР үкіметінің төрағасы болды

1989- 1990жылы

Қазақстан Коммунистік партиясының Бірінші хатшысы

1990жылы

Қазақ КСР жоғарғы Кеңесінің сайлауымен Н.Ә. назарбаев Қазақ КСР

Президенті болды

1991жылы

Бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде Назарбаев ҚРПрезиденті болды

1997ж

Н.Ә.Назарбаев « Қазақстан- 2030» стратегиялық бағдарламасын қабылдады

1999 жылы

Бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде Назарбаев тағы да мемлекеттік басшылығына сайланды

2005ж

Н.Ә.Назарбаев Президент болып сайланды

2008ж 6 маусым

Астана қаласының он жылдығы

2013ж

15 жылдық мерейтойы аталып өтті.

2015ж 26 сәуір

Бүкілхалықтық Президенттік сайлау



Тарихшылар тобына сұрақтар:

1.Елбасының « Қазақстан- 2030» стратегиясы неше басымдықтан тұрады?. 2. Ксро мемлекеті қай жылы құлап, ТМД ұйымы қай жылы құрылды? .3. Семей полигоны жабылған жыл? .4. Қазақтың алғашқы хандары кім? .5. Астанадағы Президент резиденциясы қалай аталады? .6.КСРО елін басқарған партия? 7. Парламент неше палатадан тұрады? 8.2012 жылы Қазақстан Республикасы халықаралық қандай көрме өткізуді ұтып алды?

Ә) Экономистер ортаға шығып өз жобаларын қорғайды.

Нарықтық экономикаға көшіру ( 90 жылдардағы реформалар)

Бағаны босату Жаңа салық саясаты

1992ж 4 желтоқсан « көп балалы отбасыларын әлеуметтік жағынан қолдау жөніндегі шаралар туралы»

1993ж 12 қаңтарда « Еңбекті қорғаудың құқықтық негізі» Заңы

2002ж « Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмегі туралы»заңы енгізілді

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту

Мақсаты: Қазақстанда дамыған нарықтық экономика құру

2009 ж « Жол картасы» - «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы






Экономистер тобына қойылатын сұрақтар:

  1. КСРО тұсында Қазақстан экономикасы қандай түрде болды?

  2. Елімізде экономикалық реформалар қай жылы басталды?

  3. Қазақстанда шетелдің қандай компаниялары жұмыс істейді?

  4. Импорт, Экспорт дегеніміз не?

  5. Ата заңымыз бойынша елімізде меншіктің қандай түрлеріне рұқсат етілген?

  6. Инвестиция, капитал дегеніміз не?

  7. Қазақстанда экономиканың қай саласы күшті дамыған?

  8. Еліміздің қандай банктерін білесіңдер?



Б) Ендігі кезекті саясатшылар тобына сөз кезегін береміз?

Ішкі саясат

Сыртқы саясат

  1. Ішкі саяси тұрақтылықты сақтау

  2. Ұлттар арасындағы келісім

  3. Мәдениетті, тілді өркендету

  4. Дінаралық келісімді орнату

  5. Қоғамды демократияландыру

  6. Нарықтық экономиканы одан әрі дамыту

  7. Басқару аппаратын жетілдіру

  8. Халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту

  9. Білім, денсаулық, экологияны жақсарту

  10. Құқықтық және зайырлы , әлеуетті артқан мемлекет орнату

  1. Бейбіт қатар өмір сүру

  2. Көпвекторлық саясат

  3. Шетел капиталын тарту

  4. Ядролық қарудан бас тарту

  5. Көрші елдермен достық қатынас

  6. Гуманитарлық байланыс

  7. Түркітілдес елдермен байланысты күшейту

  8. ТМД елдерімен кедендік және әскери одақ құру

  9. Әлемдік ұйымдарға мүше болу






Саясаттанушыларға тобына қойылатын сұрақтар:

  1. Қазақстанда қандай халықтар тұрады және қандай діндерді ұстанады?

  2. Орташа тап дегеніміз не?

  3. « Толеранттық», « көпвекторлық саясат», « демократия» деген сөздердің мағынасын түсіндір?

  4. Қазақстан қандай әлемдік ұйымдарға мүше болып отыр?

  5. Қазақстанның тәуелсіздігін ең бірінші қай ел таныды?

  6. Әлемде қандай діндер бар?

  7. ХХғ қазақ елінің астаналарын ата?

  8. Астанаға қай жылы « Бейбітшілік қаласы» мәртебесі берілді?



В) Мәдениеттанушылар:

Қазақстандағы тәуелсіздігін алғаннан кейінгі мәдениет саласындағы өзгерістер

Қазақ халқының тарихи тұлғаларының қайта оралуы. Ұлттың дамуы.

1993ж 11 қараша « Болашақ» халықаралық степендиясы енгізілді

Отаршылдық атаулардан арылу. Жер аттарының қазақшалануы

Ұлттық мәдениеттің жан- жақты дамуы. Дін мен тілдің өркендеуі

1997ж орта білім беру

жүйесін ақпараттандыру мемлекеттік бағдарламасы қабылданды.

2004ж

Мектептер аз уақыт ішінде компьютерлермен жабдықталды.

« Атамұра», «Мектеп» баспалардан жаңа буын оқулықтар мен оқу- әдістемелік кешендер әзірленіп, басылып шықты

2011ж

« Қазақстан барысы»


2015 ж

« Мәңгілік ел» идеясы


Мәдениеттанушыларға қойылатын сұрақтар:

1.Елбасының өзі шығарған қандай әндерін білесіңдер?

2.Астана қаласында қандай мәдени орындар бар?

3.ХХғ өмір сүрген қазақ жазушылары ?

4. « Мәдени мұра» бағдарламасы деген не?

5.Ежелгі қазақ қалаларын ата? 6. Тұңғыш қазақ киносы? 7. Елбасының биылғы Жолдауы қалай аталады? 8. Доктрина дегеніміз не?



ІҮ . Бекіту сұрақтары:

« Елі сүйген Елбасы» атты эссе жазу 2-3 мин.

Әлем елдерінің көшбасшылары Елбасы туралы пікірі ( бейне клип көрсету)

10 «в» сынып оқушысы Қаракесек Бейбарыс « Елбасыға арнау» ( өз туындысын оқиды)

Сабақты қорыту : Оқушыларды бағалау, конференция жұмысын қорытындылау.





















Әйтеке би кенті







Тақырыбы: Елбасының қоғамға және мемлекетке сіңірген
танытуда оқушылардың құзіреттілігін арттыру.



Пәні: Қазақстан тарихы

Пән мұғалімі: Қаржаубай А.Ш

Мектебі: № 266 мектеп- лицей

























2015-2016 оқу жылы



















57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 13.01.2016
Раздел История
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров124
Номер материала ДВ-335105
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх