- 13.05.2015
- 2263
- 4
Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
№39 жалпы орта білім беретін мектеп.
Ашық сабақ тақырыбы:
Тамыр бөлімдері.
Сыныбы: 6 «Г»
Биология пәнінің мұғалімі: Сыдыкова А.С
2014-2015 оқу жылы
Ашық сабаққа өзіндік талдау
Биология пәнінің мұғалімі: Сыдыкова А.С
Пән бірлестік жетекшісінің талдауы:
Ашық сабаққа 2 ұстаз қатысты. Сабақты интерактивті тақтада өткізді, мақсаты айтылды. Үй тапсырмасын «Сұрақ жауап», «Көкпар» ойыны арқылы тексерді
Жаңа сабақты көрнекілік арқылы оқушыларға жақсы түсіндірді, мұғалімнің білімінің жоғары екендігі байқалады. Сабақ жоспарының құрылымы жақсы. Оқушылардың ойлауына, есте сақтауына, пәнге қызығушылығына және шығармашылық ізденуіне көп көңіл бөледі. Сабақта пәнаралық байланыс болды.
Сабақты бекітуде оқушылардың алған білімдері тексерілді, тамыр бөлімдерін сызба-нұсқа арқылы бақылады. Сабаққа келген оқушылардың барлығы қамтылып, белсене қатысты. Үй тапсырмасы берілді, оқушыларға іздену үшін баяндама тақырыбы айтылды. Сабақ өте жоғары дәрежеде өтілді, мақсатына жетті. Мұғалімнің әдістемелік дәрежесі жақсы, білімді, білікті жас маман.
Бірлестік жетекшісі: Кисыкова Г.Т
Сабақтың жоспары:
Сабақтың тақырыбы: Тамыр бөлімдері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тамыр бөлімдері, атқаратын қызметтері туралы мағлұмат беру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау, біліктіліктерін жетілдіру, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, іздену, шығармашылық қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік: Жауапкершілікке, адамгершілікке, салауаттылыққа тәрбиелеу
Сабақтың көрнекіліктері: Компьютер, интерактивті тақта, суреттері, слайдтар
Сабақтың түрі: Білімді меңгерту, шығармашылық сабағы
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Интерактивті оқыту, түсіндіру, сызба-нұсқа, ойын, сұрақ-жауап, көрнекілік, Insert кестесі
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру
II Үй тапсырмасын сұрау
1-кезең: “Көкпар”
2-кезең: “Сұрақ жауап”
|
Кіндік тамырдың Шашақ тамырдың
атақаратын қызметі атақаратын қызметі
жататын өсімдіктер жататын өсімдіктер
III Жаңа сабақ
Тамыр оймақшасы | Бөліну | Созылу | Сору | Өткізгіш |
| Атқаратын қызметіне қарай сыртқы,ортаңғы,ішкі болып 3 қабаттан тұрады. Ең сыртқы қабатындағы жасушалар тамырдың мөлдір өңі мен оймақшасын түзеді.Ортаңғы қабатынан алғашқы қабық,ішкі қабаттан орталық цилиндр түзіледі.Жасушалары дамылсыз бөлініп,басқа бөлімдерінің қалыптасуына себепші болады. | Өсу бөлімінің жас жасушалары бөлінбейді.Ұзынынан созылып ұзарады.Тамыр ұшының топыраққа терең енуіне әсер етеді.Алғашықы өткізгіш ұлпалар осы бөлімде түзіле бастайды. | Қалың түктері бар бөлік.Тамыр түктері тамырдың сыртын қаптап жатқан жұқа өң қабықшасы жасушаларының созылуынан пайда болады.Тамыр түктерінің ұзындығы әр түрлі.Әрбір түк-жұқа қабықшасы,цитоплазмасы,ядросы және вакуольі бар жеке ұзын жасуша.Тірек қызметін атқарады. | Су мен онда еріген қоректік заттарды тамырдан өсімдіктің жер үсті мүшелеріне жеткізеді.Бұл бөлімде тамыр түктері болмайды,жанама тамырлар көп болады. |
Кіндік тамыр жүйесі | Шашақ тамыр жүйесі | ||||||||
| |||||||||
“Инсерт” түртіп алу жүйесі арқылы кестені толтыру
Білемін | Меңгердім | Нені түсінбедім? | Таңқалдырды |
V Бағалау
Бағалау парағы арқылы оқушылар алдымен өзіндік бағалауларын қойып шығады, одан соң мұғаліммен оқушының ортақ бағасы қойылады.
VI Үйге тапсырма беру
1. §6 оқу; Баяндама жазу:
Кестені толтыру.
Ұлпаның аты | Ұлпаның тамырдағы орны | Атқаратын қызметі |
6 669 357 материалов в базе
Настоящий материал опубликован пользователем СЫДЫКОВА АРАЙЛЫМ САБИТОВНА. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт
Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
Удалить материалВаша скидка на курсы
40%Курс повышения квалификации
36 ч. — 144 ч.
Курс повышения квалификации
36/72 ч.
Курс профессиональной переподготовки
300 ч. — 1200 ч.
Мини-курс
4 ч.
Мини-курс
6 ч.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.