Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Презентации / Открытый урок на тему Өсімдікке су және топырақ қажет
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Открытый урок на тему Өсімдікке су және топырақ қажет

библиотека
материалов

Дайындаған: Байдешева Жаңыл Жұмакелдіқызы
Сабақтың тақырыбы: Өсімдікке су және топырақ қажет
Сабақтың мақсаты: а)Топырақ түрлерімен таныстыру, құнарлылығын сақтау
жолдарын үйрету
.Топырақтың не екенін ұқтыру,
топырақтың негізгі қасиеттерін ажырату
ә) Өсімдіктер туралы әңгімелей отырып,айналадағы дүниені
танып білуге қызығушылығын дамыту.Оқушы ойын кеңейту. 
б) Табиғатты қорғауға,сүюге,табиғат заттарына
жанашырлықпен қарауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: суреттер, кестелер, интернет материалдары, ыдыстағы су, топырақтар.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі.
Сәлемдесу
Психологиялық дайындық.
Сыныпты білім ағашынан алма теру арқылы төрт топқа бөлемін.
II. Үй тапсырмасын тексеру
-өсімдік мүшелерін ата
Кез келген өсімдіктің мүшелері тамыр, сабақ, жапырақ, гүлі болады.
-өсімдік топтарын ата
Өсімдіктердің үш тобы бар.Олар: ағаштар, бұталар, шөптер.
-тамыр қандай қызмет атқарады?
Ағаш тамыры арқылы топыраққа бекиді. Тамыр өсімдікке қорек береді.
-сабақ қандай қызмет атқарады?
Сабақ өсімдіктің барлық мүшелерін байланыстырып қорек таратады.
-тұқымның түрлерін ата 
Тұқым түрлері құрғақ және шырынды болып екіге бөлінеді.
Мәдени өсімдіктер тақырыбындағы берілген мәтіннің мазмұнын 2 - 3 оқушыдан сұрау.
III.«Бірге ойлаймыз» әдісі бойынша берілген сұрақтар бойынша сәйкестендіру.
1 Өсімдікті неге тірі ағза деп атайды?
Өсімдік тірі ағза: қоректенеді, өседі, қурайды, көбейеді, тыныс алады
2 Өсімдіктің қандай пайдасы бар?
Өсімдік: Сусын, ем, ауа, тағам, жеміс, дәрі, кітап
3 Жапырақтың қызметі қандай?
Жапырақ: Өсімдік бойындағы суды буландырады, ауаны тазартады көмірқышқыл газын сіңіреді, оттегін шығарады, қант, крахмал жасалады, жапырақ арқылы өсімдік тыныс алады
4 Өсімдік қалай көбейеді?
Өсімдіктің көбеюі: тұқымнан, тамыр, сабақ, жапырақ, гүл, жеміс
IY. Жаңа сабақты меңгерту.
Өсімдік – тірі организм
Біз кімбіз? Біз – адамбыз. Адамның достары өте көп. Солардың қатарында өсімдіктер де бар. Олар бізге әрқашан қамқор болған, әрі қамқор бола береді. Егер әрине адамдар олардың достығын құрметтей білсе. Олар қамқорлығымен бірге бізге қуаныш, әдемілік, таза ауа сыйлайды. Біз оларды тірі табиғатқа жатқызамыз. Өйткені олар өседі, өнеді, көбейеді, уақыты келгенде немесе ауырса - солып, тіршілігін тоқтатады.
Өсімдіктер күнге қарап бой түзейді, тыныс алады. Оған өсуі үшін:
- күннің жылуы,
- таза ауа,
- су,
- қоректік заттар керек.
Мінекей, оларда адамдар сияқты. Күтімі жақсы болса жақсы өседі, әдемі болады. Күтімі нашар, жоқ болса қисық өседі, немесе қурап қалады. Біз бұдан өсімдіктің тірі организм екендігін білеміз.
Өсімдік мүшелері
Өсімдіктің әр мүшесінің атқаратын өз қызметі бар (суреттері беріледі).
Тамыр: Өсімдіктің топырақтағы бөлігі. Тамыр тереңге бойлай өседі. Өсімдікке су тасиды, әрі оны бекітіп ұстап тұрады. Тамыр әр түрлі болады: негізгі жуан тамыр, жанама тамыр, шашақ тамыр.
Сабақ: Өсімдіктердің сабағы жер бетінде өседі. Сабақта бұтақтар, жапырақтар. Гүлдері, жемістері орналасады.Тамырмен келген қоректік заттар сабақпен жоғары көтеріліп, керек жеріне жетеді. Гүлге, жемісіне барады. Сабақтар қатты. Жұмсақ, иілгіш, сынғыш болады. Қысқа немесе ұзын болуы мүмкін.
Жапырақ: Жапырақ сабақ пен бұтада орналасады. Жапырақ өсімдіктің тыныс алатын басты мүшесі. Жапырақ көмірқышқыл газын жұтады да таза оттегі бөліп шығарады.Жапырақтағы артық ылғал буланып, өсімдікті қатты ыстықтан сақтап тұрады. Жапырақта өсімдіктің өсуі үшін қажетті қоректік заттар: қант пен крахмал түзіледі. Топырақтағы су тамыр арқылы сабаққа келеді, сабақтан жапыраққа жетеді. Жапырақ сол судан қоректік заттар жасайды да өсімдікке береді. Жапыраққа қоректік заттар жасау үшін: күннің сәулесі, жылуы, ауа, су керек.Бұлардан басқа өсімдікте гүлі мен жемістері, тұқымы болады.Әуелі тұқым құнарлы жерге түседі. Қолайлы жағдай болса ғана сол тұқымнан тамыр пайда болады. Тамыр тереңге бойласа, сабағы күнге ұмтылады. Сабақта жапырақтар мен гүлдер пайда болады. Гүл ашылады, ашылғаннан кейін сол жерде жеміс пайда болады. Жемістің ішінде тұқым болады.
Өсімдікке су және топырақ керек. Ол өзіне керек қоректік заттарды топырақтан алады. Сондықтан құнарлы топырағы бар жерде өсімдік көп, әрі тез өседі. Топырақтың құнарлығын адамдар оған тыңайтқыштар қосып жақсартады.
Өсімдікке ауа, жарық, жылу керек.
Өсімдік ауаны тамыр арқылы да жапырағы арқылы да ала береді. Сондықтан топырақты қопсытып отырған дұрыс болады. Тығыз топырақ ауаны нашар өткізеді. Күннің жылуы көктемде жеткілікті бола бастайтындықтан өсімдіктер көктемде өсе бастайды. Көктем мен жаз өсімдіктің өсуі үшін өте қолайлы мезгілдер.
«Миға шабуыл» әдісі бойынша оқушыларға сұрақтар беремін.
Топырақ деген не?
Топырақ дегеніміз жердің өсімдік өсетін құнарлы, үстіңгі қабаты.
Топырақтың негізгі қасиеттерін ата.
Топырақта неғұрлым шірінді көп болса, соғұрлым ол құнарлы болады және өсімдік жақсы өседі. Топырақтың ең басты қасиеті құнарлылығы.
Су өсімдікке не арқылы келеді?
Топырақ арқылы.Топырақтағы қоректі заттар сумен араласып ериді. Өсімдіктің тамыры суды бойына сіңіріп, келесі мүшелеріне жібереді.Шіріндісі көп топырақ өсімдік өсуіне өте қолайлы.
-Шірінді қайдан пайда болады?
Жыл сайын қураған өсімдіктердің жапырақтары сумен араласып,оның құрамын байытады.
Барлық топырақта бірдей шірінді көп бола бермейді.Ондай топырақты қолдан тыңайтады. 
YI Мәтінмен жұмыс
Оқушыларға жеке - жеке оқытамын, тізбектеп оқытамын.
Қара топырақ орманды - дала және дала белдемдерінде көп жылдық шөпті өсімдіктер астында, негізінен, борпылдақ жыныстарда түзілген аса құнарлы топырақ.
Сор топырақ орманды дала, шөлейт және шөлді аймақтардағы құрғақ климат жағдайында топырақтың тұздануы нәтижесінде қалыптасады. Құрамында суға тез еритін тұздар көлемі көп болады.
«Ойлан бірік талқыла» әдісі бойынша топтық жұмыс.
1 Өсімдіктің өсуіне не қажет?

Өсімдік тірі табиғатқа жататындықтан, оған тіршілік үшін су, ауа, жарық, жылу, құнарлы топырақ, қоректік заттар қажет
2 Топырақтың құрамына нелер жатады?
3 Өсімдіктер суды қайдан алады?
(адам қолдан суарады, арық қазып су жеткізеді,жаңбырдың суы,жер асты суларынан алады.)

Әр өсімдік өзі өсетін жердің табиғатына қарай бейімделеді. Олар ылғал сүйгіш немесе құрғақшылыққа төзімді болып келеді. Тіпті тасқа да шығатын өсімдіктер болады.
Үйге тапсырма: Оқып, түсінік айту
Бағалау.
Модуль бойынша тапсырмалар
Тест тапсырмалары
1.Өсімдікке тірі организм ретінде не керек?
а) ауа, жайлы жер, бөлме
б) ауа, жылу, жарық, су, топырақ
в) тамақ, су, топырақ
2. Өсімдік мүшелері
а) тамыр, жеміс, сабақ
б) тамыр, сабақ, жапырақ, гүл, жеміс, тұқым
в) тамыр, жапырақ
3.Тамыр қандай қызмет атқарады?
а) су әкеледі, қорек жасайды
б) су әкеледі, топырақта бекітіп ұстап тұрады
в) жарық , жылу береді
4.Судан қоректік заттар жасайтын өсімдіктің қай мүшесі?
а) тамыр
б) сабақ
в)жапырақ
5. Өсімдіктің өсуіне не қажет?
а) қосымша тамақ
б) тек қана су болса жеткілікті
в) су, ауа, жылу,топырақ, жарық
Сөз жұмбақ
Сөз жұмбақты дұрыс шешсең, жасырынған сөзді табасың.
1. Өсімдіктің жер астындағы бөлігі (тамыр)
2. Өсімдік тіршілігіне қажет нәрсе (ауа)
3. Өсімдіктің жер бетіндегі бөлігі (сабақ)
4. Шыршаның жапырағы не сияқты болады (ине)
5. Өсімдіктің діңі жуан, әрі мықты болатын тобы (ағаш)
6. Қант пен глюкоза түзетін өсімдік мүшесі (жапырақ)
7. Итмұрын қай топқа жатады (бұта)





Автор
Дата добавления 14.03.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Презентации
Просмотров172
Номер материала ДВ-525727
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх