Инфоурок Школьному психологу Другие методич. материалыОқу мотивациясы төмен оқушылармен жұмыс

Оқу мотивациясы төмен оқушылармен жұмыс

Скачать материал

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

1.Үлгірмеуші оқушыны зерттеу

2.Оқушының үлгірмеу себептері

3.Үлгірмеушімен жүргізілетін жұмыстар

ІІІ. Қорытынды

 

І. Кіріспе

Орыстың ойшыл ғалымы Д.И.Менделеев: «Мұғалімнің бүкіл мақтанышы – шәкіртінде, өзі шашқан ұрпағының өсіп өнуінде» – деген екен. Және халықта «Әуелі тұқым, содан соң күтім» деген асыл сөз де бар. Сондықтан тұлғаның өсіп өнуінің сәтті болуы рухани күтімге байланысты. Баланың жанына ақыл-білім дәнін сеуіп, аялап, көңілін табатын да – ұстаз.

«Бүгінгі ұстаздың бірінші міндеті – оқушыға бүкіл өміріне азық ете алатындай жан-жақты білім беру» – деген президентіміз Н.Ә.Назарбаев өз жолдауында.

Қазіргі білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты әрі жан-жақты ұрпақ шығару мүмкін емес.

Оқыту технологиясының негізгі мақсаты – оқушыны өз бетінше ізденуге үйрету, олардың танымдық және шығармашылық икемділігін дамыту.

Оқу үрдісінде оқыту жүйесінің бір ерекшеліктері  «жаман» деп бөлмей, барлық баланың дамуы үшін қолайлы жағдай туғызуды мақсат тұтуы. Нашар оқушыны өз шамасы келгенше, қабілеті жеткен жерге дейін еңбек етуі ойластырылған. Оған мұғалім тарапынан көрсетілген сабырлылық, шыдамдылық осы оқушыдан үміт болады-ау деген сенім болуы керек. Яғни мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас ынтымақтастыққа, сыйластыққа, өз ойын қорықпай, сеніммен айта алатындай ахуал туады.

І. Негізгі бөлім

  1. Үлгірмеуші оқушыны зерттеу

 

Үлгірімі төмен, яғни үлгірмеуші оқушы қайдан шығады? Алдымен оларды сынып жетекшілері мектепке келген бойдан жан-жақты зерттеп алу керек.

Баланы зерттеу мынадай түрде жүргізіледі:

Баланы зерттеу: 1. Физиологиялық (медицина), 2. Психологиялық      

3. Педагогикалық

 Физиологиялық зерттеуге – дәрігерлер, психологиялық зерттеуге – психолог мамандар, педагогикалық зерттеуге – мұғалімдер қатыса алады.

Физиологиялық зерттеу

Мысалы, бала шыр етіп дүниеге келгенде, ананың босану процесіне байланысты баланың денсаулығына  кері әсерін тигізеді. (Басының қысылып қалуы, қол-аяғының кемтар болуы, т.б.) Өсе келе баланың даму заңдылығының бұзылуына әкеп соғады. Осы орайда баланың физиологиялық картасы жасалып, мұғалім + медицина қызметкерлерімен тығыз байланыста болу керек.

Психологиялық зерттеу

Психологиялық зерттеулер бойынша біз баланың таным процесі, зейін, ес, қабылдау мониторингін жасаймыз.

Менің сыныбымда қабілеті өте төмен екі оқушы болатын. Олар:Қарабек Өмірбек, Бекназар Перизат. Оларға психологиялық, физиологиялық зерттеулер жасадым.

Оқушының психологиялық даму заңдылығына сәйкес еместігі анықталған күннен                   бастап – ақ ол баланың қызығушылығы дамытатын әр  түрлі педагогикалық технологияларды пайдалан отырып, барлық пәннен үзіліссіз жұмыстар жүргіземін.

1-сыныпқа келген оқушыдан Кэрн Эрасик тестін алып, баланың төмен-жоғары, оң-сол, сандарды тану, білу, жазу, сызу қабілеттерінің қаншалықты екенін айқындап алу керек. Қаламсапты ұстатып, одан баланың оңқай, солақай екенін білеміз.

Дәптер бетіне нүкте қойып, сол нүктеден жоғары бір тор көз, оңға, төмен қарай, солға, екі тор көзден қорша деген сияқты нұсқауларды бере отырып, оқушының қабілеттерін айқындаймыз.

Ал мен 4-сынып оқушыларына былай тапсырмалар бердім. Өзің білетін ақын өлеңін жатқа жаз және мына сөйлемді сөйлем мүшелеріне талдаңдар:

Қоңырау соғылды, мұғалім сыныпқа кірді.

            Бұл – педагогикалық-психологиялық әрекетте баланың қызығушылығы артып, өзінің танымының жоғарылауына септігін тигізеді. Осындай неше түрлі фигураларды сыздыруға болады. Балада «мен» деген категория қалыптасып, «Менің қолымнан келеді», «Өзім жасай аламын» деген сенім пайда болады.

Педагогикалық зерттеу

Бұл зерттеуді мұғалім жүргізеді. Оларға әр пән бойынша білім дағдыларын қалыптастыру жатады.

Сөйлеу қабілетін байқау: Суреттегі заттардың атын атау, сурет бойынша сөйлем құрау, заттардың жекеше, көпше түрлерін атау, әріптерді тану.

Жазу қабілеті: Әріп элементтерін жазып көрсету

Қазақ тілі мен пәні бойынша: Көркем жазу, анықтама, мәтінді меңгеру, талдау

Осы зерттеулерді жүргізу арқылы оқушылардың қабілеттерін анықтап аламыз. Осыдан сабақ үрдісінде оқушылардың сабаққа қабілеттері, ынтасы ашыла бастайды.

  1. Оқушының үлгірмеу себептері?

Үлгірмеуші оқушы деген кім? Ол не себепті үлгірмейді? Оларға нендей факторлар әсер етеді? – деген сұрақтар туады, енді соны анықтауымыз керек. Үлгірмеуші оқушының ата-тегіне, тұқым қуалау себептері бар ма, нағашы жұртына, отбасы жағдайы, ата-анасына баласының еліктеуі, отбасындағы тәрбие соларды зерттеуіміз керек. «Тәрбие – отбасынан басталады» деген нақыл сөздің мағынасына тереңірек үңілетін болсақ, оқушы тәрбиесі – отбасы тағылымына байланысты деген ұғымға да тірелеміз.

Отбасы – Ата-бабасы – Ата-анасы – Нағашы жұрты –   Бала 

Оқушының үлгірмеу себептері мынадай жағдайларда болуы мүмкін:

1.Оқушының денсаулығының нашарлығы (жазылмайтын дерт, туа бітті,  кейін пайда болған              ауру т.б.)

2.Отбасындағы жағдайлар:

- анасының болмау себебі (қайтыс болуы, ажырасуы)

- әкесінің болмау себебі (қайтыс болуы, ажырасуы)

- ата-анасының ішімдікке салынуы

- әлеуметтік жағдайының төмен болуы

- отбасындағы қайғы-қасірет

- баланың қамқоршысының қолында болуы.

3.Алыстан келіп оқитын балалар.

- жатқан үйінің жайсыздығы;

- жатқан үйіне үйреніспеу.

4.Достарының әсері:

- досының ауқатты тұруы;

- досымен қарым-қатынас жасай алмауы т.б.

Міне, осы жұмыстардың бәрі зерттеліп, қабілеті төмен балаларға психологиялық, педагогикалық, физиологиялық талдау жасап, оларды дамытуға, тәрбиелеуге жағдай жасап отырылу керек.

Үлгірмеуші ата-аналардың кейбіреулерінің баласына, ұстазына деген көзқарастары да сан алуан. Оқушының үлгіріміне тек мұғалім ғана емес «Отбасы + оқушы + мектеп», яғни үштік одақ бірлесе отырып шешуге ықпал етуіміз керек. Бұл – үлгірмеуші баланы болдырмаудың бір жолы.

  1. Үлгірмеуші оқушымен жүргізілетін жұмыс түрлері

Үлгірмеуші оқушымен жүргізілетін жұмыстың түрлері өте көп. Оларды оқушының қабілетіне байланысты материалды жеңілдетіп, күші жететіндей етіп беру керек. Олар:

1.  Тестің түрлері (жеңілдетіп алуға болады). Мысалы, өтілген материалға байланысты «Толықтыру тестін» былай алдым.

Қазақ тілі 4-сынып – Жат жерде көзге _____________өлгенше, мұз да болса, анамның тапқан жерінде өлемін!  (Қалған сөзін – «түрткі болып» деген сөзді орнына қояды).

2.  Ана тілі:  Шаруаның бір түлік пірі – ………….

Келтірмей, қу, пір ата, қойға топан.

Қойды аңдыған бәленің бәрі құрып,

……………………., үні өшсін қасқыр апан… (Шопан, Бықпырт тиіп)

4.Сурет бойынша сөйлемдер жазу, шағын әңгімелер құрастыру.

5.Жазу коллеграфиясына да назар аудару (көшіріп жазу, жатқа жазу т.б)

6.Үйге тапсырма бергенде де қабілетіне  байланысты беріп, оны күнделікті қадағалап отырсақ, үй жұмысын орындауға оқушы тыңғылықты дағдыланады.

7.Сабақта ойын түрлерінің де маңызы ерекше (дидактикалық ойын, рөлдік ойын, қимыл-қозғалыс ойындары). Ойынның бала дамуына, мінез-құлқына, физикалық даму ерекшелігіне және эстетикалық тәрбиесіне үлкен әсерін тигізеді.

 К.Д.Ушинский: «Ойын балалар үшін шындық. Бала ойын әлемінде өмір сүреді, дамиды» – деп баланың сағатқа қызығушылығы ойын арқылы дамитындығын дәлелдеген. Бір ойын түрі ойлау және қабылдай білуін жетілдірсе, ал екінші бір ойын есте сақтау қабілетін жетілдіреді.

ІІІ. Қорытынды

 А.Байтұрсынұлы: «Қазақ ісіндегі неше түрлі кемшіліктің көбі түзелгенде – оқумен түзеледі» – дегендей оқушыны зерттеу онымен жұмыс жүргізу, үлгірмеушіні болдырмау – оқу, іздену, еңбектену арқылы келетіні дәлелденіп отыр. Үлгірмеушіні болдырмау үшін мұғалім үзіліссіз бірінші сыныптан бастап жұмыс істеу керек. Ал мен 4- сынып тан бастадым. Мұндай оқушыны бір сәт те назардан шығармауымыз керек. Сонда ғана жазылмайтын, туа біткен дерті болмаса нәтиже берері анық. Оқушы бойында әйтеуір бір жарық сәуле болуы мүмкін. Соны үлкен нұрлы шуаққа айналдыру мұғалімнің үлесінде деп ойлаймын. Мысалы, Бекназар Перизит та, Қарабек Өмірбек те бастауыштан келгеннен ертегіні айтуға, түсінгенін, естігенін айтуға шебер. Ал, жазу коллеграфиялары төмен болатын. Түрлі жұмыс дәптерлері мен көркем жаздыру арқылы, оқыған шшағын  шығармаларын талдауға үйрету арқылы қазір екі оқушының оқуға қабілетіндігінің артқанын айта аламын. Осындай дәрежеге олар көп жұмыс жүргізу арқылы келді. Дегенмен, олар әлі де тынымсыз жұмыс жүргізуді қажет етеді.

Ең бірінші мұғалім тарапынан оқушыға деген үлкен сенім керек. «Сен жасай аласың», «Оқи аласың», «Әлі-ақ үйреніп кетесің» – деген сенімді сөздерді оқушы бойына дарытып, қиыннан емес жеңілден қиынға қарай ауысу жолын қажет деп ойлаймын. Сол кезде білімге деген қызығушылық пайда болады.

Сөзімді қорыта келе, өз тәжірибемде әріпті таныған бала ақыл-есі дұрыс болса, әрі қарай ол баладан үміт күтуге болады екен. Ал кей балалардың қабілеті баяу дамитыны да болады. Олармен де тынымсыз жұмыс жүргізіп, күдер үзбей, ерінбей жалықпай іздену, үлгірмеушіні болдырмау – ұстаздың міндеті. Және сыныпта үлгірмеушінің болмауы – ұстаз бақыты, – дер едім.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1. «Жаңа мектепке – жаңа мұғалім». 12 жылдық білім беру  журналы. №6.2005 – 4 бет

2. Дамыта оқыту технологиялары. Авторы: Б.А.Тұрғынбаева. – 2000 ж

3.Әдебиет. Жалпы білім беретін мектептің 5-сыныбына  арналған оқулық/ Ә. Дайыр,

    Қ.Айтқалиев, Ш.Беркімбаева,  Г.ҚҰрманбай . Алматы: Атамұра, 2005.

4.Морфологияны дамыта оқытуға арналған жаттығулар жүйесі. Авторы: Н.Құрманова – 2006 жыл

5.«Психология в школе». Журнал «12 летнее  образование» – №6,2005 (Стр 66)

6.Оқыту процесіндегі инновациялық ізденістер (Ақтөбе. Облыстық кадр біліктілігі) – 2001 ж

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқу мотивациясы төмен оқушылармен жұмыс

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Оқу мотивациясы төмен оқушылармен жұмыс"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Логопед

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 348 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 26.11.2015 2632
    • DOCX 25.8 кбайт
    • 47 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем САДЫКОВ Едгор Жаппарович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    САДЫКОВ Едгор Жаппарович
    САДЫКОВ Едгор Жаппарович
    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4207
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Логотерапия в семейном консультировании. Практический подход в работе с утратой смысла жизни

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 40 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 144 человека

Курс повышения квалификации

Базовый курс по нарративному подходу в психологии

36 ч. — 180 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 46 человек

Курс профессиональной переподготовки

Психологическое консультирование, психокоррекция, психотерапия

Психолог-консультант

300/600 ч.

от 6500 руб. от 3600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1015 человек из 78 регионов
  • Этот курс уже прошли 952 человека

Мини-курс

Эффективное управление запасами

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы управления проектами

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология детей и подростков с дромоманией

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 14 человек