Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Директору, завучу / Другие методич. материалы / Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру барысында оқу-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру барысында оқу-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


  • Директору, завучу

Поделитесь материалом с коллегами:

ОҚУШЫ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ БАРЫСЫНДА МЕКТЕПТЕ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

Умаров Абдурасул Мухамедраимович

«Шобанақ» жалпы орта мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары

Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласы



Тәуелсіз мемлекет болып қалыптасу барысында қандай ел болмасын барлық салада озық нәтижелерге қол жеткізген дамыған елдердің көп жылдық тәжірибесін үйренеді. Мемлекетті басқарудағы барлық салалар реформалауға жатады. Өтпелі кезеңді басынан өткеріп жатқан Қазақстан үшін де білім жүйесін реформалау жаңа құбылыс болып табылмайтынын атап өтуге болады. Бүгінгі күнде де басқа салалар секілді білім саласында да жан-жақты реформалар жүргізу үрдісі аяқталған жоқ. Мұндай реформалар керек те. Себебі олар білім жүйесінің жақсаруын, даму динамикасын, эволюциясын көрсетеді және әрдайым болып тұрады. Еліміз тәуелсіздік алғалы бері білім беру жүйесін реформалауда бірнеше бағдарламалар жүзеге асырылды және олардың табысты нәтиже бермегендері де бар. Алайда, елдің әлеуметтік, экономикалық жағдайы , елдің демографиялық жағдайы және білім саласын материалдық қамтамасыз ету, жаһандану үдерісі, ақпараттардың көбеюі, ақпараттық технологиялардың дамуы білім жүйесіне өзгерістер керектігін көрсетті. Бүгінгі күнде дамыған елдердің артықшылығы , бәсекелестік күш-қуаты олардың табиғи ресурстарымен емес, адам капиталымен, ел азаматтарының құзыреттілігі, инновациялық технологиялар, ақпараттарды дұрыс пайдалану, заманауи өндіріс технологияларын қолданумен болатыны анықталып отыр. Сондай екен елдің экономикалық және әлеуметтік, мәдени дамуының негізі - сапалы білім мен саналы тәрбие алған адам капиталында екені даусыз.

Оқушылардың алған білімін бағалау бойынша жүргізілген TIMS, PISA секілді халықаралық зерттеулерде балалардың алған білімін практикада қолдану , алынған нәтижелерді талдау және шешу қабілеттері зерделенді. Зерттеу нәтижесінде алынған деректер кейбір дамыған елдердегі білім беру сапасын тек алған білім деңгейі ғана емес , сол білімді күнделікті өмірде қолдана алу біліктілігі бойынша да салыстырылған.

Озық елдердегі оқушылардың білімін салыстырғанда, біздің оқушыларымыздың алған білімдерін күнделікті өмірде іс жүзінде қолдана білу , зерделенетін материалды бұрын алынған білімдерімен ұштастыру алу, білім нәтижелерін талдау және бағалау біліктері төмендеу болғаны анықталды. Оқушылар тек оқығанын қайталап, дайын білімді алып, дайын жауапты бере алады. Бұл оларға берілген білімнің пайдасыз екендігін көрсетеді. Оқушының алған білімін күнделікті өмірде іс жүзінде қолдана білуін , алған материалды бұрын алынған білімдерімен ұштастыру алуын , білім нәтижелерін талдауы және бағалай алу біліктерін - оның құзыреттілігі деп атауға болады. Бәсекеге қабілетті және жан-жақты құзыретті, адамгершілігі мол жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталып елімізде енгізіліп жатқан 12 жылдық білім беру жүйесінде оқушы құзыреттілігі пәндік құзыреттілік, ақпараттық құзыреттілік , коммуникативтік құзыреттілік, технологиялық құзыреттілік, жалпымәдени құзыреттілік, әлеуметтік құзыреттілік , құндылықты мәдени құзыреттілік т.б. болып бөлінеді. Аталған құзыреттіліктердің барлығы оқушының өмір сүре алуға қабілеттілігін қалыптастыруды көздейді. Осыған байланысты мектептерде оқу мен оқыту сапасын жетілдірудің негізгі бағыттарын анықтауда академиялық білім нәтижелері барған сайын білім сапасының басты көрсеткішінен алынып, оның орны ауқымы тек пәнмен ғана шектелмейтін , жоғары деңгейдегі оқу іс-әрекеті секілді әдіс-тәсілдер сияқты бала үшін маңызы зор , әрі өмірде қолдануға қажетті көрсеткіштермен ауысуда. Бүгінгі білім беруде оқушыдан аса көлемді ақпаратты игеру емес, оны нақты өмірде қолдана білу талап етіледі. Мектептегі оқыту сапасы мәселесі қазіргі қоғам талаптарымен де тығыз байланысты. Осы себепті талап етіп отырған білім мазмұны да өзгеріп, енді білім мазмұны деп оқыту үдерісінің түрлі кезеңінде оқушы өзінің жеке мүмкіндігіне , талпынысына және оқыту мақсатына сәйкес қол жеткізетін психикалық, дене , құлықтық, азаматтық дамудың белгілі бір деңгейіне жетуін түсінеміз.

Білім сапасының маңызды нәтижесі оқытудың білім, білік, дағды сияқты көрсеткіштерімен сипатталады. Білім сапасының келесі көрсеткіштеріне оқушының тұлғалық дамуы жатады. Оның тұлғалық әлеуетін көтеру мен оның тұлғасын дамыту -білім беру сапасын жетілдірудің ажырамас бөлігі.

Аталған түрдегі білім сапасын көтеруге жаңа ақпараттық технологияларды қолдану және оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін жетілдіру арқылы қол жеткізуге болады. Білім сапасынан күтілетін нәтижелер тұрғысынан жетілдірудің басты әдісметелік идеясы оқыту мен тәрбиелеу үрдісіндегі жаңа әдіс-тәсілдер жиынтығы болып табылады. Бұл орында оқыту барысында тұлғаның өзіндік ерекшелігін ескеруді, белсенді оқу-тәрбие ортасын құруды, оқушының шығармашылық іс-әрекетін , белсенділігі мен өзіндік ізденімпаздығын ескеру өте маңызды.

Жалпы оқушы бойында жоғарыда аталған құзыреттіліктердің барлығы қалыптасу керек. Мұны компетенттік тәсіл деп атауға да болады. Қазақстан Республикасының білім беруді дамыту тұжырымдамасында да білімге бағытталған мазмұнды компетенттік , яғни нәтижеге бағытталған білім мазмұнына алмасу қажеттігі айтылған. Компетенттік ұғымы «білім», «білік» және «дағды» деген ұғымдарды қамтиды. Компетенттілік оқыту нәтижесін ғана емес, сонымен бірге ол оқушылардың шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі мен құндылық бағдарларының жүйесін көрсетеді. Компетенттік бұл –құзыреттілік, ол алынған білімдер мен біліктерді іс-жүзінде күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық мәселелерді шешуге қолдана алу қабілеттілігі . Ол ең бірінші мектептегі оқыту үдерісімен қалыптасады.

Мектептегі осы оқыту үдерісінде бірнеше маңызды оқу-әдістемелік жұмыстарды жоспарлау және орындау қажет. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей бұл орында ең әуелі мұғалімдердің біліктілігін арттыру тұрады. Яғни мұғалімдердің бүгінгі таңда оқыту жүйесінде маңызды болған жаңа әдіс-тәсілдерден хабардар болып, оларды өздерінің сабақ процесіне енгізулері керек. Біздің мектепте соңғы үш жыл барысында барлық мұғалімдер жаңа оқыту технологиялары курсынан өтті. Педагогтердің 25 пайызы мұғалімдердің үш айлық деңгейлік курстарында өздерінің білімдерін жетілдірді. Олар құрған кәсіби қоғамдастық арқылы сындарлы оқыту технологиясын барлық ұжымға таныстыру жұмыстарын жүргізу жоспарланып, амалға асырылуда. Оқу жылы барысында оқушы құзыреттілігін қалыптастыруда нәтижеге бағытталған сабақтарды өту қолға алынды. Мұның үшін мұғалімдерге жүйелі түрде коучинг сабақтары ұйымдастырылды.

Сабақ формасын дәстүрлі түрден дәстүрлі емес түрге алмастыру- келесі орында жүргізілетін оқу-әдістемелік жұмысқа жатады. Оқушы құзылеттілігін қалыптастыруға бағытталған сабақ жоспарларын қысқа мерзімді , орта мерзімді және ұзақ мерзімді түрде жоспарлау қажет болған жұмыс. Қол жетімді мақсат қойылған қысқа мерзімді жоспарлау сабақ барысында оқушының компетенттік дағдыларын дамыту қажет. Жаңа технологияның маңызды құралы болған оқытудың жеті модулі орта мерзімді жоспарлау барысында қолданып , олар оқушының тыңдалым, оқылым, айтылым және жазылым дағдыларын жетілдіруі керек. Ағымдағы оқу жылы барысында мектептегі барлық мұғалімдердің күнделікті сабақ жоспарлары қысқа мерзімді жоспарлауға ауыстырылды.

Сабақ барысында оқу материалдарын өмірмен ұштастыру, сабақтағы есептер не жаттығулардың теориялық және практикалық тұрғыда құрылуы оқушының танымдық дағдысын дамытады. Сабақ барысындаға теориялық, практикалық және логикалық есептер оқушыны тек бір жақтама емес, оның жан-жақты дамуын көздейді. Мысалы: диктант жазу барысында оқушының шығармашылық не сөйлеу қабілетін тексеріп болмайды. Мұның үшін бақылау формаларын түрлендіріп, шығармашылық, өзіндік, тестілеу, диалог және монолог түрінде ұйымдастырған жөн. Осы тұрғыда ескерілетін жайт – тапсырмалардың жас ерекшелігіне сай болуы. Әрине әрбір тапсырмада оқушының физиологиялық және психологиялық сипаты да назардан тыс қалмауы керек.

«Құзыретті мұғалімнен - құзыретті оқушы» деген ұстанымға сүйене отырып бүгінгі таңда маңызды болған ақпараттық –коммуникациялық құралдарды пайдалану дағдысы алдымен ұстаздарда қалыптасқаны маңызды. Мектеп мұғалімдері ақпараттық технологияларды қолдану курсынан өткізіле отырып, интернет ресурстар, электрондық оқулықтар, мультимедиялық анықтамалар, сканерлер тағы басқа ақпараттық құрылғыларды қолдануды үйренді. Бұл өз орнында сабақ барысында қолданылып, оқушылар бойында да осы дағдылардың қалыптасуына септігін тигізеді. Ақпараттық құзыреттілік – тиісті ақпараттарды жылдам алудың негізгі дағдысы есептеледі. Қорытынды сабақтарда мұғалім және оқушылар электрондық тестілеу арқылы өз білімдерін жылдам әрі нақты тексере алады.

Сабақ барысында бірлескен оқуды ұйымдастыру жұптық, топтық жұмыстар арқылы амалға асырылады. Бұл өз орнында оқушылардың танымдық, эмоционалдық және әлеуметтік дағдыларын жетілдіреді. Жұптық және топтық жұмыс барысында бала топпен араласып, өзіне-өзі баға береді және өз ойын , пікірін білдіруге мүмкіндік алады. Құрдастарымен араласып , өз білімін жетілдіреді, оқушы достары арасында өз орнын табуға тырысады және олармен қарым-қатынасын нығайтады. Бұл өз орнында оқушы бойында білімді қалыптастырады. Мектеп мұғалімдері сабақты топтық формада өтуге дағдыланған.

Оқыту үдерісінде суммативті бағалаудан формативті бағалауға көшу жеке тұлғаны қалыптастырудағы және бір әдіс. Сабақ соңында не үй жұмысына қойылған баға оқушының оқудағы іс-әрекетін тежеп қоюы ықтимал. Ал сындарлы оқытуда оқушы ылғи да әрекетте және дамуда болуға тиіс. Біздің оқыту жүйеміз балдық бағалауға көшпесе де мұғалім күнделікті сабақ барысында аталған бағалау тәсілін қолдануы және оқу тоқсаны барысында оқушының күнделікті білімін формативті түрде бағалай отырып , тоқсан қорытындысында оны жинақтауына мүмкіндік бар. Бұл өз орнында оқушының әр уақытта әрекетте және ізденісте болуын қамтамасыз етеді.

Оқыту үдерісінде тек сабақпен шектелу оқушының шығармашылық және әлеуметтік қабілеттерін шектеп қоюы мүмкін. Сондықтан оқыту үдерісіне мүмкіндігінше сыныптан тыс шараларды енгізу қажет. Түрлі үйірмелер, элективті курстар ұйымдастырылып, мұнда оқушының таңдауы ескеріледі. Мектебімізде оқушының салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында түрлі спорттық үйірмелер жұмыс істейді. Ал оқушылардың өнерге болған қызығушылығын да назардан тыс қалдыруға болмайды. Оқушылардың интеллектуалдық қабілетін дамыту мақсатында танымдық сайыстарды ұйымдастыру олардың дарындық қабілеттерін шыңдай түседі. Мектебімізде осындай математикалық, физикалық, химиялық олимпиадалар мен жас ақындар, шығармалар , жас аспазшылар, жас суретшілер, жас өлкетанушылар , тағы басқа байқаулары өткізіледі.

9-11-сыныптарда кәсіптік бағдар жұмыстарын үйлестіру оқушылардың болашақ мамандығын айқындай түседі. Бүгінгі жастардың басым бөлігі мамандық таңдауда қателеседі. Кейбіреулері құрдастарына еліксе, кейбіреулері ата-аналардың қалауымен мамандық таңдайды. Сондықтан оқушыларға бүгінгі таңдағы ең қажет мамандықтар, сұраныстағы мамандықтар, жоғары оқу орындары , оларға түсу ұпайы, оқу грантының сандары және төлемақылар туралы мәліметтер беріледі.

Оқушылардың жеке тұлға болып қалыптасуында олармен психологиялық жұмыс жүргізу өте маңызды. 1-11-сыныптарда оқу жылы барысында психологиялық тренигтер мен сұхбаттар жүргізіліп, сауалнамалар алынады. Әрбір оқушыға жылына екі мәрте психологиялық мінездеме беріледі. Қауіпті топтағы оқушылар анықталып, олармен жекелеген жұмыстар жүргізіледі. 9,11-сынып оқушыларымен емтихандар мен тестілеуге байланысты жекелеген психологиялық жұмыстар жүргізіледі.

Бүгінгі таңда оқушы өмірінің маңызды бір белесі ұлттық бірыңғай тестілеу сынағы болып отыр. Ұлттық бірыңғай тестілеу оқушының он бір жылдық алған білімінің жемісі. Әрине бұл тестілеу оқушының танымдық , теориялық және практикалық білімін тексерудің және бақылаудың тиімді тәсілі. Мектептегі оқу үдерісінде оқушыларды аталған тестілеуге дайындау маңызды рөл атқарады. Ойлауға, ойлануға , салыстыруға, сәйкестендіруге , анықтауға, талдауға тағы басқа дағдыларды қалыптастыруға бағытталған тестілеу түрлерін бірінші сыныптан қолдану оқушылар бойында аталған дағдыларды қалыптастыра отырып келешекте алдына қойған мақсаттарына жетуге септігін тигізеді. Мектептегі ағымдағы бақылау тек бақылау жұмысымен шектелмей, әр тоқсанда 2-11-сыныптардан пәндік және логикалық тестер алу қолға алынған. 5-11-сыныптарда мамандық таңдау курстары ұйымдастырылған. Бұл жұмыстар өз орнында ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындықтың іргетасы болып табылады.

Біздер жоғарыда оқушы құзыреттілігін қалыптастырудағы бірнеше педагогикалық жұмыстарды сөз еттік. Осындай оқу-әдістемелік жұмыстар оқушының танымын дамытуды, практикалық білімді, өмірде өз орнын анықтау, өмір салтын, мәселелерді шешу тағы басқа өмірлік мәні бар біліктіліктерді қамтиды. Бір сөзбен айтқанда, оқушының өмір сүруге болған құзыреттілігін жетілдіреді. Сондықтан да, егер біз ұрпағымыздың бәсекеге қабілеттігін тілесек, онда орта білім берудің мазмұны мен талаптары мемлекеттің даму жоспарының , оның экономикасының , ғылым мен мәдениеттің , халықтың әл-ауқатын жақсартудың ажырамас бөлігіне айналуы тиіс. Бұл орында әрбір мектептегі оқу үдерісінің негізгі мақсаты жеке тұлғаны қалыптастырудағы нәтижеге бағытталған білім беру болып табылады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. «12 жылдық білім беру» республикалық ғылыми-әдістемелік және ақпараттық –талдамалық журнал. 2012 ж №1

  2. «Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы» республикалық ғылыми-әдістемелік журналы. 2013ж №5

  3. Назарбаев зияткерлік мектептері дербес білім беру ұйымдары және Кембридж университеті дайындаған мұғалімдердің деңгейлік бағдарламалары курстарының мұғалімдерге арналған нұсқаулықтары; 2015ж

  4. «Мектеп директорының орынбасары» республикалық ғылыми-әдістемелік журнал; 2013ж №6

  5. «Қазақстанның білім және ғылым әлемі» республикалық ғылыми-әдістемелік , педагогикалық журналы. 2009ж №12



Түйін (Аннотация)

Бұл мақалада заман талабына сай еліміздегі білім мазмұнын жаңарту барысында мектептегі оқу-әдістемелік жұмыстарды үйлестіру, мұның ішінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру барысында оқу-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру туралы баяндалған. Осы орайда мектеп тәжірибесінде жүргізілген жұмыстар және соның арқасында оқушы құзыреттілігін қалыптастыру жағдайы айтылған. Баяндама барысында аталған мақсатқа жету үшін оқушылармен, мұғалімдермен және ата-аналармен жүргізілетін жұмыстар тарқатып айтылып, олардың тиімді тұстары және күтілетін нәтижелер сөз болады. Мақалада оқушыларды өмірге бейімдеу және бүгінгі күннің талабы болып отырған ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындау барысындағы мектепте жүргізілген дайындық жұмыстары туралы да сөз болады.

Аннотация

В данной статье говорится о современном улучшенном виде мышления , оно стимулирует развития позновательных интересов учащихся, развития самостоятельности в обучении. Новое время выдвыгает перед учителем задачи поиска более совершенных способов для подготовки учащихся к жизни , строительству меняющегося мира. Развитие экономики , в которой основным ресурсом становится мобильный , высококвалификцированный , конкурентспособный человеческий капитал , требует достижения нового качества образования .

Учителя стремятся развивать компетентность учащихся , для этого сперва должна сформироваться компитентность учителя.

А также говорится о работе учителей с родителями и учениками чтобы достичь цели компитентносьти учащихся и о достигнутых результатах.



Summary

In this article the competence of pupils reveal. The pupils can use the Knowledge in their life which they get during the lessons.

The pupils can connect the new materials with the previous materials.

The main role of teaching are a pair of works , a group of works, assessment of each other , themselves.

In order to improve their work the teachers can use the new methods of teaching at the lessons.





7




57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 25.01.2016
Раздел Директору, завучу
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров165
Номер материала ДВ-376646
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх