Инфоурок Начальные классы КонспектыОйлы болсаң,озып көр сайыс-сабақ (2сынып)

Ойлы болсаң,озып көр сайыс-сабақ (2сынып)

Скачать материал

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Тақырыбы: «Ойлы болсаң, озып көр!»

Мақсаты: Оқушылардың білімдерін сайысқа түсіріп, білімді, жан-жақты болуға, логикалық ойлауларын қалыптастыру, өзіне деген сенімділік қасиеттерін қалыптастыруға бейімдеу, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.

Барысы: 1.Мұғалімнің сөзі

- Балалар, бүгін біздің сынып оқушыларының арасында «Ойлы болсаң,озып көр!» атты зияткерлік білім сайысы өткізіліп отыр. Осы сайысқа сынып оқушылары ішінде екі топ құрылып, өзара білімдерімен сынға түспек. Ендеше сайысқа түсер екі топпен танысайық.

а)Топтармен танысу: ортаға бүгінгі зияткерлік сайысымыздың сайыскерлері «Зерде» және «Зейін» топтарын шақырайық.

ә) Әділ-қазы мүшелерін сайлау

Қазылар орнықтырар әділдікті

Кімдердің жауаптары кәлім шықты.

 Білім мен тапқырлықтың жарысында

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты,

-дей отыра әділ-қазы мүшелерімен таныстырып өтейін.

Әділ қазы мүшелерімен таныстыру.

2. «Ойлы болсаң, озып көр» зияткерлік ойынының өткізілу жоспарымен таныстырып өтейін:

1-айналым: «Білгенге маржан» деп аталады. Бұл айналымда оқу бағдарламасының аясында сұрақтар қойылады. Дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.

2- айналым: «Математик» деп аталады. Топтар кезекпен 3 минут уақыт аралығында математикалық амалдарды дұрыс орындай отыра барынша көп есеп шығаруы керек. Дұрыс шығарған есептері бойынша ұпай санын жинаған топ жеңімпаз болады.

3-айналым: Құрастырма сурет.

Бұл айналымда топтарға сурет бөліктері геометриялық фигуралар түрінде беріледі. Топтар сол геометриялық фигуралар бөліктерді құрастыру арқылы  жасырынған суретті тауып алулары керек. Қай топ бөліктерден бірінші болып суретті табатын болса, сол топ жеңімпаз атанады.

4-айналым: «Кім жылдам» ойыны.

Қазақ тілінен сөз беріледі. Берілген уақыт аралығында топтар өздеріне берілген сөзден бірнеше сөз құрастыруы керек. Әр сөзге 1 ұпайдан беріледі. Ең көп сөз құрастырған топ жеңімпаз атанады.

5-айналым: «Тапқыр болсаң, тауып көр» деп аталады. Сөзжұмбақты шешу арқылы жеңімпаз топ анықталады.6-айналым: «Анықтама бюросы» деп аталады. Бұл айналымда топтарға әдебиеттік оқу пәнінен тапсырма беріледі, яғни топтар берілген мәтін үзіндісін тыңдай отыра бұл мәтін қалай аталатыны, мәтін кейіпкелерін атау, мәтін мазмұнын қысқаша айтып беру ұсынылады. Дұрыс жауаптың әрқайсысына 5 ұпай, дұрыс болмаса ұпай берілмейді.

Қорытынды: зияткерлік сайыстың нәтижесін анықтау үшін әділ-қазыларға сөз кезегі беріледі.

-         Ал енді балалар, сайысымызды бастайық, бірінші бүгінгі сайыскерлерімізбен танысып өтейік. Сөз кезегін топтарға берсек.Топтардың танысуы.

1-топ: «Зерде» тобы

Ұраны: Қалың қауым амансың ба?

«Зерде» тобы алдыңызда.

Білімімізді көрсетеміз,

Бүгінгі білім жарысында.

2-топ: «Зейін» тобы

Ұраны: Көрген, білген, түйгенін

Көкірегінде сақтайтын.

«Зейін» тобы біздерміз,

Білім сайысында қалыспайтын.

Мұғалім: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!

Сайыстан тыс қалмаңыздар.

Мұнда қызық табылар

Білім нұры шашылар

Ақыл,тілі дамыған

Үлгі алайық баладан

1-айналым: «Білгенге маржан».Сұрақтарға жауап беру

1-топқа:

1.Өлең жазатын адам                  (ақын )

2.Сиырдың төлі                                   (бұзау)

3.Ас атасы не?                                      (нан)

4.Аптаның екінші күні                        (сейсенбі)

5.Оқушының сабақ кестесі,үй жұмысы және     (күнделік)

білімін бағалайтын оқу құралы

6.Қазақтың ұлы ақыны                          (Абай)

7.Барлық қабырғалары тең төртбұрышты қалай атаймыз?       (шаршы)

2-топқа

1.Қой төлі                                                            (қозы)                                                 

2.Ән айтатын адам                                             (әнші)

3.5 ондықтан тұратын сан                                 (елу)

4.Аптаның үшінші күні                                    (сәрсенбі)

5.Дүниедегі ең қадірлі адам                              (ана)

6.Үш қабырғасы,үш төбесі,үш бұрышы бар геметриялық фигура     (үшбұрыш)

7.Қазақтың ұлттық аспабы                                (домбыра)

2-айналым: «Математик»

Математика пәнінен бірнеше есептердің шешімін табу ұсынылады.

Ойланайық азырақ, уақытымызды үнемдеп,

Кім шығады кәнекей, жауабын мен білем деп.

1-топқа: 1) Бірінші қосылғыш -43, екінші қосылғыш -35.Қосынды нешеге тең?

2)97 мен 23 сандарының айырмасы нещеге тең?

3)Бақта 19 алма ағашы бар,ал алмұрт ағашы одан 28-і артық.Бақта барлығы неше ағаш бар?

4)1ғасырда неше жыл бар?

5)49-ға 26-ны қос.

2-топқа:1)Бірінші қосылғыш-28,екінші қосылғыш-41 қосынды нешеге тең болады?

2)Азайғыш-49,азайтқыш-30. Айырманыңмәні нешеге тең?

3)Бақтан 70 кг алма жиналды.Алманың бір бөлігі жәшіктерге салынғанда,тағы

18 кг алма қалды.Жәшіктерге неше кг алма салынды?

4)1 тәулікте неше сағат бар?

5)50-ден 26-ны азайт.

3-айналым: «Құрастырма сурет»

Мұғалім: Тауды биік деме сен

Талаптансаң шығарсың.

Жауды мықты деме сен,-

 дей келе, келесі «Құрастырма сурет» атты айналым тапсырмасына назар аударайық. Сурет нұсқасы алдымен сайыскерлеге көрсетіледі, суретте ненің бейнесі берілгендігі анықталады, соңынан берілген фигуралардың көмегімен сайыскерлер сол суреттің бейнесін шығару керек.

4-айналым: «Кім жылдам» ойыны.

Берілген сөзден бірнеше сөз құрастыру керек. Әр сөзге 1 ұпайдан беріледі. Ең көп құрастырған топ жеңімпаз атанады. «Қызғалдақ» -1 топ, «Жауқазын» - 2 топ. «Қызғалдақ» - қыз, ал ,дақ, ақ, қақ, ала, дала, қала, зал, ыза, аға, қаз, лақ.

«Жауқазын» - жау, ау, қаз, аз, ана, жақ, қауын, жауын, жаза, науа, қазан, қазу, жазу, уыз, жақын.

5-айналым: «Тапқыр болсаң,тауып көр»

Топтарға сөзжұмбақ беріледі. 2 минут аралығында берілген сөзжұмбақ шешімін дұрыс таба отыра жеңімпаз топты анықтаймыз. Әр дұрыс жауапқа1 ұпайдан беріледі.

1-топқа:

1)Сұйық тамақ ішетін ыдыс                           (қасық)

2)сызық түрі                                                     (қисық)

3)4 ондықтан құралған сан                             (қырық)

4)Сүттен жасалған тамақ                                (қаймақ)

5)Бас киім                                                         (қалпақ)

6)Балық аулайтын құрал                                 (қармақ)

2-топқа:

1)Су көлігі                                                            (кеме)

2)Баста орналасқан дене мүшесі                       (мұрын)

3)Ұлт                                                                     (қазақ)

4)Су алатын терең қазылған жер                       (құдық)

5)Көкөніс атауы                                                   (қызанақ)

6)Пышақ қайрауға арналған құрал                    (қайрақ)

Мұғалім: -Ал балалар біздің сайыскерлеріміз бұл тапсырманы орындап болғанша сендерге мынандай сұрақтар қойылады.

Көрермендерге сұрақ қою:

1.Қазақ алфавитінде неше әріп бар?

2.Біздің мемлекетіміздің туының түсі?

3.Жуан дауыстыларды ата

4.1аптада неше күн бар?

5.Зат есімнің сұрақтары

6. «Күнделік»сөзінде неше буын бар?

7.Табиғат нешеге бөлінеді?

8.Аналар мерекесі қашан тойланады?

9.Жыл мезгілдерін ата

10.1сағатта неше минут бар?

6-айналым: «Анықтама бюросы»

Білімменен тәнті етеді тектілер,

Мұратына білім ғана жеткізер.

Бар ізгілік тек біліммен алынар,

Білімменен аспанға жол салынар, - дей келесі айналымның тапсырмаларына назар аударайық.

«Зерде» тобына:

«Әлима апай сыныпқа кіргенде,оқушылар орындарынан дүр етіп тұрып,ізет көрсетті.Апай журналды ашып,оқушыларды түгендей бастады.-Сыныпта кім жоқ? –Бейсенбаев Әмір жоқ. Ол   аурып жатыр.....»

(«Әмірдің қулығы»мәтіні,Әмір әжесіне өтірік айтып,сабаққа келмеді,оның сабаққа өтірік айтып келмегенін сыныптасы Сәлім айтып қойды.)

 

«Алтынгүл адасқан бала - Жомартты үйіне әкелді. Анасы базарда адасып қалған баласын қайдан іздеймін деп, қиналып отыр екен. Жомартты қуана қарсы алып, бауырына басты.....»

(«Қамқорлық»мәтіні, Алтынгүл сабақтан ертерек шығып әжесінің үйіне баруға уәделескен еді, бірақ көше қиылысында адасып келе жатқан Жомартпен кездесіп қалып оны үйіне дейін шығарып салған еді, кішкентай балаға қамқор болу - үлкен парызекендігі жайлы туралы жазылған мәтін.)

«Зейін»тобына:

«Кедей бұл балтаны үйге әкелген күннен бастап, құлшына еңбек етеді. Алтын балта сиқырлы балта екен, кедей отынды да өндіре жарады. Сөйтіп, ісі оңға басады. ................»   («Алтын балта» мәтіні, кейіпкерлері кедей және бай, диірменші шал. Адал еңбегінің арқасындакедей жақсы өмір сүрсе, кедейді көре алмай, ішқұса болған бай өмірі туралы жазылған шығарма.)

Қорытынды: - Сонымен балалар, бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті. Бұл сайыстың қорытындысы бойынша жеңіске жеткен тобымызды анықтау үшін әділ-қазыларға сөз кезегін берейік.

Жеңімпаздарды хабарлау, мадақтамалар тапсыру.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ойлы болсаң,озып көр сайыс-сабақ (2сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Заведующий филиалом музея

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 379 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 26.12.2015 4526
    • DOCX 89 кбайт
    • 51 скачивание
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шамиганова Райхан Манапқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Шамиганова Райхан Манапқызы
    Шамиганова Райхан Манапқызы
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 52360
    • Всего материалов: 16

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Дислексия, дисграфия, дискалькулия у младших школьников: нейропсихологическая диагностика и коррекция

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1179 человек из 82 регионов
  • Этот курс уже прошли 4 576 человек

Курс повышения квалификации

Каллиграфия. Искусство красивого почерка

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1471 человек из 84 регионов
  • Этот курс уже прошли 4 800 человек

Курс профессиональной переподготовки

Инклюзивное образование в начальной школе

Тьютор

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 51 человек из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 159 человек

Мини-курс

Теоретические аспекты трекинга и менторства

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Экономика и управление

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методика образовательных игр с детьми раннего возраста

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 36 человек